Психодиагностқа қойылатын талаптар


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

СӨЖ

Тақырыбы: Психодиагностқа қойылатын талаптар

Психодиагностика -жеке адамның даралық-психологиялық ерекшеліктерін анықтайтын және өлшейтін психология ғылымының бір саласы. Теория мен тәжірибе арасындағы және сол сияқты тұлға туралы академиялық концепциялар мен оларды іс жүзінде зерттеу арасындағы үзілісті жеңіп шығу - бұл психодиагностиканың негізгі міндеттерінің бірі.

Психодиагностика үшін математикалық-статистикалық амалдар өте маңызды, соның ішінде әсіресе корреляциялық талдау. Психометрия мүмкіндіктерін қолдану психодиагностиканың тәжірибелік нәтижелігіне маңызды ісерін тігізеді.

Психодиагностика негіздерін білу психолог маманына психологияның математикалық апаратын дұрыс пайдалануға, психодиагностиканың теориялық концепцияларын орынды қолданып, зерттеудің мақсатттарына және міндеттеріне сәйкес келетін әдістерді дұрыс таңдауға, зерттеуді ұйымдастырып жүргізуге, нәтижелерді өңдеуге және интерпретациялауға мүмкіндік береді.

http://sluhi.com.ua/images/news/689-11082125383594.jpg

Психодиагностика білімдерін меңгерген психолог маманы өзі үшін жаңа немесе жаңадан шығарылған тестті тәжірибелік немесе ғылыми зерттеуге сәйкестігін тексеру үшін қандай көрсеткіштер бойынша талдау жасау керек екендігін; қандай да болмасын тесттің құрылымы, интерпретация ерекшеліктері туралы, сонымен қоса, нақты сол тест қандай парадигма шеңберінде шығарлып, пайдалануға ұсынылып отырғанын біледі.

Сондықтан, практикалық психолог мамандығын меңгеруде «Психодиагностика негіздері» дәрісі негізгі дәрістердің бірі болып есептеледі. Психодиагностика тесттердің психологиялық мәнісін түсіндіруге және олардың математика тұрғысынан өңдеу, интерпретациялауға бағытталған.

Психодиагностика адамдардың тіршілік әрекетттерінің әр түрлі нақты салаларында қолданылады: денсаулық сақтау саласында, спорт, оқыту саласында, өндірісте, психологиялық кеңес беру саласында т. с. с Осы салалардың әр қайсысында психодиагностикалық құралдарды пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері, арнайы психодиагностикалық міндеттері және әдістері болдаы. Осындай жеке мәселелерден басқа, психодиагностикада жалпы, әмбебап сұрақтарды қарастыратын жалпы психодиагностика бар.

Психологиялық қызмет көрсету жүйесіндегі психодиагностиканың маңыздылығы мынада: біріншіден, тез арада шешімін қажет ететін нақты мәселелер түйінін тарқату; екіншіден, психодиагностика психологтың барлық жұмысының негізі болып табылады; диагностика мәліметтерінің негізінде түзету, дамыту жұмыстары жүзеге асырылады; психопрофилактикалық жұмыстарды атқару барысын қадағалау диагностика арқылы өтеді.

Л. С. Высотский адам қылықтары туралы оқиғаларды жеке дара қарастыру арқылы адам табиғатын барынша түсіну мүмкін еместігін, кез-келген оқиғаны адамның бүкіл өмір сүру барысымен байланыстыра қарастыру арқылы ғана іздеген сұрақ шешімін табуға болатынын атап көрсетті. «Қазіргі уақыттағы кез келген дамудың іргетасы өткендегі даму және бұл екеуі бірігіп, болашақтағы дамуға негіз болады», - деп жазды Л. С. Высотский.

Сондықтан қандай да бір даралық ерекшелігін анықтау ісін бір ғана зерттеу әдістемесін жүргізу барысында алынған нәтиже мәліметімен өлшемей, клиенттің өмірін біртұтас қарастырып, саралау арқылы белгілі қорытындылар жасау қажет.

Психодиагностика - клиентті психологиялық зерттеу әдістерін, арнайы зерттеу әдістерін кәсіби игеруді талап етеді. Практик-психолог жұмысының мазмұны психодиагностика арқылы негізделіп, клиенттің психологиясын және мінез-құлқын бағалау, сонымен қатар психологиялық зерттеулер бойынша алынған сенімді мәліметтерге сүйене отырып, оларға тән психологиялық мінездеме беру. Кәсіби әрекеттің бұл түрімен айналысатын психолог психодиагностикалық зерттеулердің практикада қолданылуын ғана біліп қоймай, сонымен қатар олардың негізделген және жетілдірілген теориясын білуі қажет.

http://ray-of-life.ru/images/psydiag.jpg

Диагностикамен айналысатын психолог - қажет болған жағдайда зерттеу әдістерін бейімдеп, қайта жасап, тексере білуі шарт. Сонымен қатар әдістердің сенімділік және беріктілік сияқты ғылыми бағалау тәсілдерін шартты түрде меңгеруі қажет. Практикалық психодиагностика - психологтардың кәсіби іс-әрекетіндегі өте күрделі және жауапты бөлім.

Психодиагност білімді, кәсіби шебер және жауапты болуы керек. Аталған талаптарға орай психологтарға бірқатар әлеуметтік-этикалық талаптар ұсынылады. Олардың бірқатары практик-психологтың әдептік кодексіне енгізілген, ал қалғандары қосымша талқылауды қажет етеді. Олардың ішінде :

  • психодиагностика құпияларын сақтау;
  • психодиагностикалық әдістемелердің ғылыми негізделуі;
  • сыналушыларға зиян келтірмеу;
  • тұжырымдардың нақтылығы ;
  • ұсынылған практикалық сипаттамалардың өнімділігі.

Осы аталған талаптарды психодиагностиканың ұстанымдары түрінде қарастырайық. Құпияны сақтау ұстанымы - сыналушының келісімсіз диагностика нәтижелерін жарияламау. Бұл ұстаным көбінесе ересек адамдарға қатысты.

Егер зерттелушінің кәмелетке жасы толмаған болса, мысалы мектеп жасындағы балалар, онда психодиагностикалық зерттеу нәтижелерін жариялау үшін міндетті түрде ата-аналарының немесе олардың орнына жауапты тұлғалардың келісімдері қажет. Тек ғылыми мақсат бойынша ғана эксперименталды зерттеудің бір бөлімі ретінде психодиагностикалық зерттеу нәтижелерін жариялауға болады, бірақ бұл жағдайда да басылымдарда сыналушылардың нақты аты-жөндерін көрсетіп сипаттауға болмайды.

Психодиагностикалық әдістемелердің ғылыми негізделуі туралы ұстаным зерттеу әдістерінің неғұрлым берік және сенімді болуын талап етеді.

Зиян келтірмеу ұстанымы бойынша жүргізілетін тесттердің нәтижелері ғылыми негізделуді талап етеді, яғни тұжырымдардың қандай да бір субъектінің пікірі емес, керісінше нақты бір сенімді және берік әдістеме қорытындысы болуы керек.

Өнімділік ұстанымы. Психодиагностикалық зерттеу көрсеткіштері бойынша сыналушыларға берілген міндетті түрде пайдалы болуы тиіс. Психодиагностикамен айналысатын адамдарға ерекше квалификациялық талаптар қойылады. Олардың негізгілері:

  • жақсы теориялық даярлық;
  • психодиагностикалық әдістемелер және оларды пайдалану ережелерін тыңғылықты білу.

Психодиагностиканың бір ғаысрдан астам уақыты ішін-дегі даму барысында психологиылқ әдістемелерді қолданудың негізгі аймақтары қалыптасты, оларды жалпы психодиагностиканың салалары деп атауға болады.

Білім берудегі психодиагностика - оқу материалын тиімді игеруді өлшеу үшін қолданылады.

Клиникалық психодиагностика - науқастың жеке-дара психологиялық ерекшеліктерінің психикалық соматикалық аурулардың (тұлғаның құрылымдық, динамикалық ерекшеліктері, ауруға қатынасы, психологиялық қорғаныс тетіктері және т. б. ) пайда болуы мен ағымына тигізетін әсерін зерттеуге бағытталған.

Кәсіби психодиагностика - кәсіби іріктеу мен кәсіби бағдарлау үшін диагностикалық әдістемелерді қолдану.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психодиагностика әдістерінің жалпы сипаттамасы
Педагогикалық диагностиканың ғылыми-теориялық негізі
Психодиагностика ұғымы
Педагогикалық-психологиялық диагностикалау
Диагностика жүйесінің дәйектілігі мен сабақтастығы
Психологиялық кеңес берудің мақсаты
Жүйені тексеруге қойылатын талаптар
Е-қаржымині жүйесіне қойылатын жалпы талаптар
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Экологиялық талаптар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz