Олигофрения мен ПУТ-ын дифференциалды диагностикалау


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Олигофрения мен ПУТ-ын дифференциалды диагностикалау

Олигофрения (грек. olіgos - аз және phren - ақыл) - ақыл-ойдың кемдігі; іштен туа біткен не алғашқы 3 жыл өмірінде дамымай қалған психиканың әр түрлі формалары.

Аурудың пайда болуына әр түрлі себептер:

  • тұқым қуалайтын аурулар салдарынан организмдегі генетикалық ауытқулар;
  • кейбір заттардың, мыс, амин қышқылдарының (фенилкетонурия), көмірсулардың(галактоземия) т. б. алмасу процесінің бұзылуынан болатын аурулар;
  • жатырдағы ұрыққа не іштегі нәрестеге зақым келуі (ана бойындағы вирусты инфекция, токсоплазмоз, мерез) не сәбидің 3 жасқа дейінгі алған жарақаттары (мысалы, бас сүйек-ми зақымы, т. б. ) әсер етеді.

Олигофренияның ең негізгі белгісі адамның танымдық әрекетінің, атап айтқанда, ойлау және сол ойды қорыту қабілетінің нашар дамуымен сипатталады. Сондай-ақ олигофрения кезінде адамның есі, назар аударуы, сөйлеуі, т. б. психика әрекеттерінде тежелу байқалады. Науқастардың көпшілігінде сезім органдарында, қимыл-қозғалысында, тіпті жекелеген мүшелерінде де ауытқулар (бойының өспеуі, дене бітімінің диспропорциясы, т. б. ) болады.

Ақыл-ой қабілетінің мешеулік дәрежесіне қарай олигофрения: идиотиялық олигофрения, имбециалдық олигофрения және дебильдік олигофрения деп бөлінеді.

Картинки по запросу олигофрения

Идиотиялық олигофрения (грек. іdіoteіa - надан) - олигофренияның ауыр түрі; ақыл-ойдың мүлдем дамымауы. Бұл жағдайда ойлау, сөйлеу қабілеті дамымайды; науқас міңгірлеген дыбыстар ғана шығарады, оларға айтылған сөздің мағынасын түсінбейді.

Имбециалдық (лат. іmbecіllus - ақыл-ойы әлсіз) олигофрения - олигофренияның орташа түрі; алдыңғы жағдаймен салыстырғанда, науқас қарапайым сөздерді анық айтып, аздап санай да біледі.

Дебильдік (лат. debіlіs - әлсіз) олигофрения - олигофренияның әлсіз түрі; орташа түріне қарағанда науқастың сөйлеу қабілеті біраз дамыған, бірақ сөз қоры аз, көбіне жаттап алған сөздерін айтады.

Олигофрениямен ауырған науқастардың барлығы да психиатрдың бақылауында болады, негізінен оларға психикалық ой-өрісінің дамуына себепші болатын емдік шаралар жүргізіледі.

Қазіргі таңда ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдердің мінез- құлықтары жалпы дамуында айрықша орын алады. Осы кезеңде даму -үрдісінің қалыптасуының жеткіліксіз деңгейлерінің нәтижесінде мінез -құлқында қиындығы бар балалар мен психикалық дамуы тежелген балалардың еркін дамып жетілмеуі оның іс-әрекетін, мінез- құлқын бақылап, басқарып отыруға кедергі болады, яғни өзінің іс - әрекетіне қойылатын талап пен мінез-құлқын үйлестіре алмайды.

Кез келген мемлекеттің өркендеуі онда өмір сүретін халықтың білім деңгейі және денсаулығымен бағаланады.

Картинки по запросу умственная отсталость Дамуы тежелген - туа біткен, тұқым қуалаған, жүре пайда болған денсаулығының бұзылуы немесе жарақаттардың салдарынан дене немесе психикалық дамуы кешеуілдеген балалар. Бұл балалар ерекше топқа кіреді - психикалық дамуының тежелуі бар балалар. Берілген бұзылулар олигофрения мен интеллектінің қалыпты дамудың арасындағы аралық орын алады.

Психикалық дамуы тежелген балалардың тек қана психикасы бұзылған деп қарамау керек, сонымен қатар олардың дене мүшелері мен тілдерінде де дамымаушылық кездеседі. Әдетте психикалық дамуы тежелген балалардың тілінде кемістік болады. Бірақ бұл жағдай да түрлі сөйлеу патологоиясымен байланысты.

Дамуы тежелген балалардың мәселесі психологтарда және басқа да ғылымдар да әліде зерттеулерді қажет ететін өзекті мәселенің бірі. Әлеуметтік норма түсінігімен терминінің кездесетіні мәселені күрделендіреді, себебі норманың шектері шартты түрде берілген, ал адам барлық көрсеткіштері бойынша қалыпты болуы мүмкін емес. Көптеген көзқарастар дамуы тежелген балалардың мінез-құлығының диагностикасы және әлеуметтік- психологиялық көмекпен игеруі ретінде практикалық тапсырмаларды шешуде қалыптасады.

http://files.studfiles.ru/2706/19/html_XQc9hQ66u2.kR6u/htmlconvd-fisRxl_html_m21421a40.jpg

Бүгінгі таңда көптеген себептермен мүмкіндігі шектеулі жандардың саны күн санап өсуде. Балаларда кез келген кемістіктің пайда болуы әртүрлі себептерге байланысты. Соныі ішінде: екіқабат әйелдің екіқабат кезінде түрлі жұқпалы аурулармен ауруы, туу сәтіндегі оқыс жағдайлар (асфиксия, гипоксия, жарақат), нәрестенің өмірінің бірінші жылында түрлі жұқпалы аурулармен (тұмау, қызылша, желшешек) ауруы, баланың қатты жарақат алуы, ана мен баланың қан тобының келіспеушілігі, әлеуметтік қолайсыз жағдайлар.

Туа біткен және ерте балалық шақта болған орталық жүйке жүйесінің зақымдануынан баланың психологиялық дамуы, оның интеллектуалдық

мүмкіндіктері шектеледі. Ақыл ойы кешеуілдеген балалардың дамуын психологиялық диагностика арқылы көптеген әдістер бар.

В. И. Лубовский негізгі үш мақсатты айрықша бөліп көрсетті:

- Медициналық педагогикалық комиссияда баланы қарауда оның ең басты интеллектуалдық деңгейі туралы және психикалық дамуының ерекшеліктері туралы тексеру. Бұл оқыту мекемесін анықтауға және баланы оқыту әдістерін белгілеуге мүмкіндік береді ;

- Баланың жеке психологиялық ерекшеліктерін анықтау ;

- Оқытудың құралдарын, әдістерін, мазмұнын анықтау үшін даму мүмкіндігі шектеулі баланың психодиагностикасының тәсілдерін талдау.

В. И. Лубовскийдің ойынша, бұл мақсаттарға жету үшін эксперименталды оқытудың басында және аяғында психикалық дамудың қандай да бір өлшемдері керек. Ол өлшемді тест әдістерімен орындаған дұрыс, баланың интеллектуалды деңгейінің дамуын анықтау медициналық - педагогикалық комиссияның кеңес беруші мамандары үшін қиындыққа түседі.

1838 жылы француз психиаторы Жан Эскироль психикалық дамудағы ақыл есі кемдіктің ауыр формасын анықтады. Жан Итар даму мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мүмкін екендігін дәлелдеді. Ал Эдуард Сеган ақыл ойы кешеуілдеген балаларды зерттей отырып, диагностиканың принциптерін құрып, әйгілі «Сеган тақтасын» жасады. Бұл тәсіл күні бүгінге дейін диагностикалық-коррекциялық әдістеме ретінде пайдаланылып келеді.

Даму мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жұмыс жүргізген кезде, балалардың есте сақтау, онан кейін жатталатын материалды қайта жаңғыртқанда қалай қиналатынын көрген мұғалім, интеллектісі бұзылған және психикалық дамуы тежелген балалардың есте сақтануын дамытуға оңтайлы 2 әсер ететін түрлі жаттығуларды топтастырып, дамытуға көңіл бөлу керек.

Жылдың басында оқушылардың табиғи және мәдени есте сақтаудың диогностикасын өткізген тиімді. Мұғалімнің міндеті - балаға мәдени есте сақтауға көмектесу. Олардың қорытындысы арқылы балалардың есте сақтау қабілетінің өзгерісін көрсетеді.

Психикалық дамуы тежелген балалармен жұмыс жасаудың сан алуан жолдары бар. Ең алдымен балалармен дұрыс тіл табысып, сөйлесе білу керек. Психикалық дамуы шектелген балалардың ерекшеліктерін білу - олармен жұмыс жүргізу кезінде өте маңызды. Жақсы беделге ие болған мұғалімнің жеке өнегесі қандай оқушыға болса да күшті әсер етеді. Көмек көрсететін психологтар баланың ішкі жан дүниесін алыстан көріп білуі шарт. Психикалық дамуы тежелген оқушыны ешқандай ұжым өмірінен, қоғамдық пайдалы еңбектен тыс қалдыруға болмайды, олар барлық үйірме жұмысына, басқа да шараларға қатысуы керек.

Табиғаты эндогендi олигофрениялар .

Хромосомды-генетикалық бұзылыс нәтижесiнде дамитын осы олигофрениялар iшiнде кең тараған формасы Даун синдромы болып табылады. Бұл синдром кезінде хромосомалар санында өзгерістер болады ( қалыпты адамда олардың саны 46), артық 47 хромосома болуымен ерекшеленеді.

Даун ауруы кезінде интеллектуальды жетiспеушiлiк көп жағдайда имбецильдік дәрежесімен жүреді, сирек идиотия және одан да сирек жағдайда дебильдiк дәрежесіне жетуі мүмкін.

Науқастардың сыртқы әлпеті өздеріне тән: көз сызықтары қиғаш, көздердің iшкi бұрышындағы терi қатпары (үшiншi қабақ, эпикант), нұрлы қабат перифериясындағы депигментация аймақтары, ұшы қызарған жалпақ бет, кiшкентай мұрын және кішкентай жоғарғы жақ. Тiлi мен жоғарғы еріннің ұлғаюы байқалады, тiлiнiң жүлгелері терең. Тiстерi майда және сирек, Аузы кішкентай, ашық күйде, жиі саливация бақыланады. Басы кiшкентай, шүйдесi тығыздалған. Саусақтары тырсиған, қысқа. Iшкi мүшелерінде даму ақаулары бар.

Картинки по запросу олигофрения

Нағыз микроцефалия . Табиғаты эндогендi олигофренияның бiр түрi болып табылады. Олигофренияның бұл формасының негiзiнде бас миының жетiлмеуi, бiрiншi кезекте оның жарты шарларының жетiлмеуі жатыр: жарты шарлар мишықты жаппайды, жүлгелері мен иiрiмдерi нашар дамыған және әрқашан анықтала бермейді. Әсiресе маңдай бөлiктері дұрыс дамымаған. Кемақылдық жиі идиотия сатысында болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЗИЯТЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ҮРДІСІНІҢ ТҮЗЕТУШІЛІК БАҒЫТЫ
Сөйлеу мен мектеп дағдыларының спецификалық бұзылыстары
Медициналық психология пәні
Есту қабілеті бұзылған балаларды оқыту жағдайлары
Олигофренияның топтастырылуы
Психологиядан дәрістер жайлы
Зияты зақымданған балалар
Зияты зақымдалған балалар
Ақыл - ойы бұзылған бастауыш сынып оқушыларының қызығушылықтарын қалыптастырудың ерекшеліктері
Тұқымқуалайтын аурулардың лабараториялы – диагностикалық және алдыны алу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz