Психокоррекция түрлері



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Психокоррекция түрлері.

Психологиялық коррекция - баланың әлеуетті мүмкіншілігін ынталандыру мен дамытуға бағытталған әдістер жиынтығы Тәжірибелі психолог маман психодиагностикалық өңдеу көрсеткішінен алынған нәтижені негіге ала отырып, жеке бас дамуын қалыптастыруға коррекциялық жаттығуларын қолданады. Психолог маман жұмысының тиімділігін талдау, балалармен нақты өзара әрекетті ұйымдастыру және оны жүзеге асыру болып табылады.

Психокоррекциялық жұмыста коррекция терминінің кең қолданымға енуі ХХ ғасырдың жетпісінші жылдарынан басталды, тура аудармасы исправление-түзету деген мағынаны береді. Психолог жеке тұлғаның мінез-құлқы мен сапаларына, белгілі әсер етуде түзету жұмысына бағдарлама құрады. Бағдарлама құрылымы психологиялық және педагогикалық екі бөлімде қарастырылады. Психологиялық бөлімінде психолог жеке жұмыс жопарын жасап, оны жүзеге асырады. Ал педагогикалық бөлімінде психолог басқа мамандармен - мұғалім, тәрбиеші және ата-анамен бірігеотырып, психологиялық ұсыныстар құрастырады. Р.С. Немовтың пікірінше психокоррекция ерекшелігі - психикасы сау адамның мінез-құлқын реттеуге әсе ету және оның жетіспейтін тұстарын жетілдіруде психологтың қолданатын психологиялық тәсілдерінің жиынтығы.

Психокоррекциялық мақсат үш бағытқа негізделеді:
Әлеуметтік даму жағын ықшамдау.
Балада іс-әрекет түрлерін дамыту.
Жас және психологиялық жаңа білімді қалыптасытыру.
Психокоррекцияның негізгі міндеттері:
Жеке бас дамуына қажетті когнитивті (ақыл-ой), эмоционалды және мінез-құлық өрістер бірге қарастырылып, субъектінің мәдени және жас ерекшелігі ескере отырып, ішкі ресурстарды белсенділеу болып табылады. Психокоррекциялық жұмыстарды жүргізу жағымды тәжірибе жинақтау мақсатында құрылуы және жүзеге асырылуы қажет.
Психокоррекция адамның мінез-құлқы мен психологиялық қасиеттерін өзгерту мақсатымен оған арнайы әсер етіп, оның шытырман жағдайдағы өзін-өзі ұстау стилінің ыңғайсыздығын көрсетіп, бұл жағдайдан шығу жолын бірге іздеп табу.

Психологиялық коррекцияны ұйымдастыруға және психотерапия жүрізуге пайдаланылатын әдіс-тәсілдер өте көп. Қазіргі кезде жеке тұлғалық қасиеттерді коррекцияау тренинг топтарында жүргізіледі. Тренингке қатысушылардың алдында тұрған, шешуін талап етіп отырған психологиялық проблемаларына байланысты психокоррекциялық топтар әр түрде болады. Оларды іріктеп алу және пайдалану клиенттің алдында тұрған проблемаларға және психологтың қай ғылыми ағымды қолдайтынына байланысты.
Дені сау клиенттермен коррекциялық жұмыс жүргізгенде оны тренинг тобы деп атайды. Осы топты ұйымдастыру түрлері оған қатысушылардың негізгі проблемаларына байланысты анықталады. Олар кейде коррекция жүргізу тәсілдері деп аталады.

Психокоррекция - бағыты индевидтің бүтіндік дамуы мен қызметіне психологиялық әсер ету болып табылады. Жеке бас дамуына әсер ету жас және дара психологиялық ерекшелігіне (танымдық, эмоционалды - еріктік, қалыпты мінез-құлық және қасиеттеріне ) қарай жүретін қалыпты үрдіс.
Оқу құралының құрылымы теориялық деңгейде мазмұн бере отырып, жас ерекшелігіне байланысты қолданылуы, сапасы ретінде психикалық жаңа білім беру қарастырылды
Психокоррекция бағытының ерекше сипатталуы:
психикасы сау адамның да шешілмеген мәселесі болады, психологиялық қиындықты сезеді, ашуланса оған шағым жасайды, ал екіншіден өзін жақсы сезінетін, сондай-ақ, жеке бас дамуын талпыныста ұстап, өзгеруге дайындық деңгейдегі индивидке жүргізіледі .
мінез-құлықтағы ерекшелікке коррекциялық жұмыс жүргізгенде, психикалық саулығы ескеріледі.
психокоррекция жұмысы жеке тұлғада нақты шамада бүгін және ертеңге бағытталады.
орта мерзімде көмек беруге бағытталған (индивидті қабылдаудағы психологиялық көмек 15- реттен аспайды).
психологтың жұмысы индивидтің құндылық қорына негізделе құрылады.
әсер ету деңгейі индивидтің жеке бас дамуы мен мінез-құлық өзгеруіне бағытталады.
Психокоррекциялық жұмыстың мақсаты - психиканың даму заңдылығын түсінетін, үлкенмен серіктестікте жүргізілетін белсенді әрекет түрі.

Психокоррекцияның түрлері:
- сипатына қарай: симптомды (ауру белгісі ) және каузалды (себеп ) деп бөлініп, дер кезінде дамудағы кедергіні анықтайды.
- ұзақтығына қарай: тым қысқа , қысқа және ұзақ, тым ұзақ болып келеді.
-өзекті мәселені шешуіне қарай: бір немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психокоррекция туралы мәліметтер
Мұғалімнің этникалық өзіндік санасы және оның оқушылар психологиясына әсері
Психокоррекцияны және психологиялық кеңес беруді жүргізу әдістемелері (жеткіншек жас кезеңі)
АГРЕССИВТІ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ПСИХОКОРРЕКЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР
«Топтық коррекция»
Мінез құлқы ауытқыған жеткіншек балалар туралы түсінік және ‐ мінез құлықтың ауытқу себептері
Қиын бала кім
Дамытушы және қалыпқа келтіруші жұмыстардың модельдері
Консультанттың клиентпен жұмыс істеуі және қолданылатын техникалары
Гуманистік отбасы
Пәндер