Әлеуметтік интеллект мінезіндегі гендерлік айырмашылық



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Әлеуметтік интеллект мінезіндегі гендерлік айырмашылық.

Интеллект - адам миының қызметі, ақылының қолданылуы кезінде, танымдық-логикалық ҥдерісте, қоршаған ортада тіршілік ету барысында жиналған білім-тәжірибені пайдалануда, іске асыруда көрініс табатын ұғым-белгі. Интеллектінің мәнін бір ғана ғылыми бағытта айқындау мҥмкін емес.
Гендерлік интеллект - ер мен әйелдің табиғи жаратылысына, менталитетіне, нәсіліне, қоғамдық-әлеуметтік жағдайына байланысты қалыптасқан ақыл-ой, парасат көрсеткіші, таным белгілері. Гендерлік интеллект адамның (ер және әйелдің) өмір сҥру барысындағы танымдық білімі мен тәжірибесінен көрініс табады.
Әлеуметтік интеллект - адамның қарапайым тіршілікте өзіне қажетті орнын таба білу және кез келген уақытта бағыт-бағдарын өзгерте алу қабілеті. Мәселен, біз өмірде бала немесе ересек, оқытушы немесе студент, басқарушы немесе оның қарамағындағы жұмысшы бола аламыз. Кей кездері кім болатынымызды өзіміз таңдай аламыз, кейде біз үшін біреу таңдайды.

Әлеуметтік интеллектісі қалыптасқан адам - өзініңқоғамдағы орынын лайықты таңдай білетін, өмірлік бағытын дұрыс басқара алатын адам.
Әлеуметтік интеллект мәселесі шетелдік және отандық ғалымдар еңбектерінде теориялық және тәжірибелік тұрғыдан жан-жақты зерттелді. Олардың басым бөлігінде әлеуметтік интеллектіге адамның өзінің және өзгелердің мінез-құлқын адекватты түсіну және бағалау қабілеті деген анықтама беріледі. Бұл қабілет тиімді тұлғааралық байланыстарды орнату және табысты бейімделу мәселелерін шешеді. Ол қазіргі заманда сұранысқа ие педагог-психолог мамандарға кәсіби тұлғааралық өзара әрекетті орнатуда аса қажет болып табылады.
Әлеуметтік интеллект, эмоционалды ашықтық, шынай педагогикалық ізгілік, әлеуметтік-кәсіби жауапкершілік, ерікті батыл әрекеттерге қабілеттілік, коммуникативтілік педагог-психолог тұлғасының кәсіби маңызды сапаларына жатады.
Әлеуметтік интеллект туралы алғашқы зерттеулер шетел ғалымдарының (Дж.Гилфорд, Н.Кэнтор, М.Саливен, Р.Стернберг) еңбектерінде кездеседі. Ресейлік (Н.А.Аминов, Ю.Н.Емельянов, В.Н.Куницина, О.Б.Чеснокова, А.Л.Южанинова) және отандық психологияда бұл мәселе тек ХХ ғ.
соңында ғана зерттеле бастаған, салыстырмалы түрде жаңа бағыттағы зерттеулер қатарына жатады.
Н.Куницина зерттеулерінде әлеуметтік интеллекттің негізгі төрт аспектісі сипатталады:
1. Коммуникативті-тұлғалық потенциал: қарым-қатынасты жеңілдететін немесе қиындататын қасиеттер кешені, олардың негізінде
психологиялық байланыс орнату сыйымдылық сияқты интегралды коммуникативті сапалар қалыптасады; бұл әлеуметтік нтеллекттің
негізгі құрамасы;
2. Өзіндік сананың көрсеткіштері - өзін құрметтеу сезімі, қысымдағы импульстардан, теріс тұжырымдардан, сенімсіздіктен еркін болу, жаңа идеяларға ашық болу;
3. Әлеуметтік перцепция, әлеуметтік ойлау, әлеуметтік қиял: әлеуметтік құбылыстарды түсіну және модельдеуге, адамдар мен олардың мінез-құлық мотивтерін түсінуге қабілеттілік;
4. Энергетикалық көрсеткіштер: психикалық және денелік төзімділік, белсенділік және қажу.
Ю.Н.Емельянов, А.Л.Южанинова зерттеулерінде әлеуметтік интеллекттің сипатталған:
- коммуникативті-құндылықты функция, қоршаған адамдарды түсінуге
түсіністігіне қажеттілікпен байланысты;
- танымдық-бағалаушы функция, адамның шынайы қоршаған ортасына қатынасын анықтауға және қоршаған орта құбылыстарына өз тұрғысын анықтауға мүмкіндік береді;
- рефлексивті-түзетушілік функция, өзін-өзі тану және өзінің іс-әрекетінің табыстары мен кемшіліктерін ұғынуда көрініс табады.
Сонымен, әлеуметтік интеллект - айналадағылармен өнімді іс-әрекетке түсуді анықтайтын және әлеуметтік-психологиялық қатынастарды бейнелеумен байланысты танымдық процестерді реттейтін қабілет.
Н.А.Аминов және М.В.Молоканов талапкерлер мен студенттердің қабілеттерінің психологиялық алғышарттарын эксперименталды зерттеу нәтижесінде әлеуметтік интеллектінің даму деңгейі талапкерлер мен студенттердің тәжірибелік және зерттеушілік қызметке икемділігін анықтайтын арнайы қабілеттер шарттарының бірі болып табылатындығын дәлелдеген.
Бұл саладағы зерттеулер көрсеткендей әлеуметтік интеллект тұлғаның коммуникативті қабілеттерінің танымдық құрамасы болып табылады, ол өзін-өзі тану, өздігінен білім алу, тұлғааралық жағдайлардың дамуын болжай және жоспарлай алу білігін, яғни коммуникативті құзыреттілікті қамтамасыз етеді.
Педагог-психологтың коммуникативті құзыреттілігі коммуникативті процестің тиімді жүруін қамтамасыз ететін қалыптасқан кәсіби білімдер, коммуникативті және ұйымдастырушылық қабілеттер, эмпатияға қабілет, өзін-өзі басқару, өзара әрекеттесудің вербальді және вербальді емес мәдениетінің жиынтығымен сипатталады. Басқаша айтқанда, әлеуметтік-коммуникативті құзыреттілік - тұлғалық-бағдарлы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖАСТА СТРЕССТІ ЖЕҢУДІҢ ГЕНДЕРЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
Гендерлік теңсіздік
Адамның әлеуметтік құндылығы. Ер, әйел және стресс
Дифференциалды психология бойынша оқу-әдістемелік материалдар
Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаттың ерекшеліктері
Эмпатия деңгейін диагностикалау әдістемесі
Жетекші әйелдердің психологиялық ерекшеліктеріне жетекшілік қызметтің әсері
Қазақстандағы гендерлік саясат
25-30 ЖАСТА СТРЕССТІ ЖЕҢУДІҢ ГЕНДЕРЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Индивидуалдылық теориясы адам индивидуалдылығын зерттеудің жүйелі моделі
Пәндер