Жасөспірімдердің акцентуациялық және психопатиялық мінез-құлықтарын диагностикалау



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Жасөспірімдердің акцентуациялық және психопатиялық мінез-құлықтарын диагностикалау.

Адамдарды бір-бірінен тек туа біткен жеке даралық қасиеттері ғана емес, сонымен қатар, олардың өмір ағысымен байланысқан дамуындағы өзгешеліктер де ажыратады. Адамның мінез құлқы, жүріс- тұрысы, оның қандай отбасында өскеніне, қандай мектепте оқығанына, мамандығына, қарым-қатынас жасайтын ортасына тікелей байланысты. Алғашқыда шынайы, бір- бірімен ұқсас екі адам кейін келе бір-бірімен байланысы мүлдем болмаған адамдарға айналуы мүмкін, ал екінші жағынан ӛмір жағдайларының ұқсастығы, түбінде әртүрлі адамдар арасында ұқсас қырларын тудыру мүмкін. Адамдардың бір-бірінен ерекшеленуі мұндай өзгешеліктердің пайда болуы жолдарына қатысты емес. Бір адам екіншісінен сыртқы келбеті жағынан қалай ерекшеленсе, сол сияқты әр адамның психикасы да басқалардыкінен дәл солай ерекшеленеді.

Жеткіншектер және жасөспірімдердің суицидуалды қауіптілігінің аса маңызды факторы болып мінез бітісінің акцентуациясы және жоғарғы мазасыздық табылады. Шет ел (Оtto) және кеңес психологы (А.Е.Личко) акцентуацияланған типтердің кейбіреуінің басым көрсеткішті болуы және жасөспірімдердігі тұлғалық және жағдайлық мазасызданулар суицидті әрекетке баруда жоғары қауіптілікті көрсететінін айтады. Адам болмысын түсіну үшін көрсетілген орталардың, адамға тән әртүрлі қырларына мұқият көз салу қажет. Акцентуацияланған тұлғаны қалыптастыратын қырлармен адам жеке даралығының нұсқасын анықтайтын қырлары арасын бөлетін нақты сызықты көрсету оңай емес.
Жасөспірімдік шақта кездесетін негізгі қиындықтардың бірі - құрбы-құрдастарымен өзара қарым-қатынасы. Достарымен қарым-қатынас жасөспірімнің негізгі назарында болады,сол арқылы оның тәртібі,іс-әрекеті анықталады, жасөспірімнің осы шақтағы тұлға қалыптары мен әлеуметтік жағынан қалыптасуына ықпал етеді. Жасөспірім мінезінің акцентуациялары көбіне келіспеушіліктерге апарады, оқу үдерісіне кедергі келтіреді және өзара қарым-қатынастарда қиындық тудырады. Психологиялық әдебиеттерде жасөспірімнің өзара қатынасының тақырыбы толық зерттелмеген , зерттеу тақырыбы қысқаша баяндалады. Жасөспірімдердің өзара қатынастарындағы мінез акцентуациясының ықпалын байқау алдымызға маңызды мақсаттар қояды, оны анықтай отырып, мектептегі оқушылар арасында психологиялық ахуалды жақсартуда тәжірибелік іс-шара ұйымдастыруға мүмкіндік жасауға болады.

Жасөспірімдік кезең - бұл тұлғаның қалыптасуы, оның мінезінің айқындалу сипатына ие болуы, бағыттылығының айқындалуы және темперамент типінің тұрақталу кезеңі. Осы шақта, жасөспіріммен ортақ тіл табысу педагогтарға және психологтерге, тіпті ата-анасына да қиындық тудырады. Адамның келешегі, осы аралыққа тәуелді болады, кластастары арасында өзін қай орынға қояды. Жасөспірім үшін өз ортасында белгілі орын алуы маңызды. Бірақ кез келген жасөспірімнің мұндай жетістікке жетуіне мінезіндегі кейбір ерекшеліктері кедергі келтіруі мүмкін. Кейде жасөспірім өзін дұрыс бағаламайды,мінезіндегі ерекшеліктерді мойындағысы келмейді сондықтан өзін еркін сезінетін,өзі үшін қолайлы референтті топты таба алмайды.
Өкінішке орай, әрбір сыныпта еленбейтін назардан тыс қалатын балалар болады, олардың пайызы да жоғары. Бұл балалар өздерін тең ұстай алмайды, эпилептоидты (қояншық), истероидты (қозба,ашушаң) және тұрақсыз мінез акцентуациясы басым болады. Олар үнемі ашушаң, ұшқалақ, қоғамға қарсы әрекет жасауға бейім болады. Осындай әрекеттерімен олар өз құрбыларының назарын өзіне аудартуға тырысады, бірақ керісінше олар құрбыларынан алыстай береді. Жасөспірімнің осы тобының белгілері: өзіндік жоғары бағалау, көшбасшы (лидер) болуға ұмтылу. Мұндай балалардың құрбыларымен қатынасындағы қиындықтар топтағы өзіндік орнының болмауынан туындайды. Оқшауланған балалардың ішінде өздеріне сенімсіз, өздерін төмен бағалайтын, үрейлі болады.
Акцентуацияның үлгісі мінездің әлсіз жерлеріне деген нұсқайды және дезадаптацияға апаратын психогенді реакцияларды шақырады - сол арқылы психопрофилактикаға жаңа міндеттер жүктейді. Жасөспірімнің мінез-құлқын білмеу оның дамуындағы бұзылулар мен жанұялық проблемаларды шешуде қиындық тудырады. Әрбір ата-ана өзінің жасөспірім қызы не ұлының мінез акцентуациясын білмеуі салдарынан, олармен дұрыс қарым-қатынас жасай алмайды,талапты дұрыс қоя алмайды, содан барып өзара түсініспеушілік және келіспеушілік туындайды.
Жеткіншек жас кезеңі өтпелі кезең, қиын жас, пубертаттық жас деген аттармен аталып, осы кезде балалардың ересектіккке өтуіндегі проблемалары көрсетіледі. Бұл проблемалардың барлығы осы жас кезеңінде өтетін психофизиологиялық өзгерістер, жыныстық жетілу процестерімен байланысты. Мектеп психологтары осы қиындықтардың теориялық негіздеріне қанық болғанымен, әр баланың алдында тұрған проблемаларды ескере отырып, оларға дәл және тиімді көмек көрсетуге, әр баланың проблемасының ерекшеліктеріне толық түсінуге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жас даму психологиясы жас өспірімдік кезеңінің қалыптасуы
Жастардын, жат қылықтарының профилактикасымен күресу жолдары
Зерттеу пәні жасөспірімдердің мінез акцентуациясы
Жасөспірімдердің мінез акцентуациясы мен қасиетінің даму ерекшеліктері
Мектеп оқушыларының мінез - құлық қасиеттерінің психологиялық ерекшеліктері
Қиын балалар ұғымының мәні
Тұлғаның акцентуациялық мінез бітісі, оның суицидтік жүріс-тұрысқа қатері
Қазақстандағы жастардың девианттық мінез - құлықының статистикалық мәліметтері
Психиканың даму және қалыптасу заңдылығы
Агрессивті мінез - құлыққа жасөспірімдердің бейімділігі
Пәндер