Исламдық қаржы және оның Қазақстанда дамуы


Әшірәлі Ш. Б. 3-курс, Даулиева Г. Р. э. ғ. к., доцент
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Қазақстан, Алматы
Исламдық қаржы және оның Қазақстанда дамуы.
Ислам экономикасы мен исламдық банк жүйесі әлемдегі қаржылық жағдайдағы байланысты көптеген экономистер мен саясаткерлердің экономикада дағдарыстың болдырмауын көздейтін жаңа құралдар мен қағидаларды құруда маңызды роль атқарады. Батыс елдерінде, соның ішінде ең көп исламдық банктер АҚШ пен Ұлыбританияда таралды. Көптеген эксперттер ресми діні Ислам саналатын елдердегі банк ісін жүргізу тәсілдеріне өз назарын аударды. Олардың ережесі бойынша қандай да бір пайызды алу не беруге рұқсат етілмеген, бірақ исламдық банктер өз қызметін көрсетіп, одан әрі дамып жоғары көрсеткіштерге жетуде, ал дәстүрлі банктер болса әрең дағдарыстан өтті. [1]
Қазірде исламдық институттар әлемнің 75 елінде қызмет етіп келеді. Оның ішінде мұсылман емес, Батыс Европа елдері мен АҚШ та бар. Мәліметтер бойынша әлемде 400-дей исламдық банктер бар. Standars & Poor’s рейтингтік агенттігінің бағалауы бойынша исламдық қаржылық институттардың активтері 2014 жыл соңына 1, 8 трлн. долларды құрады. Соңғы 15 жылда 15%, соңғы 10 жылда 20%-ке өскен, 2015 жыл соңында исламдық банктер активі 2, 8 трлн. долларға шақ келді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы отандық қор рыногын жұмыс істеуге мәжбүрлеп, ол 2020 жылы ТМД мен Орталық Азиядағы ислам банкингінің өңірлік орталығына айналуы және Азиядағы жетекші қаржы орталықтарының ондығына енуі тиіс екендігін айқындаған. [2]
Исламдық қаржылық құралдарды дамыту, шетелдік исламдық қаржылық институттармен серіктестікті, исламдық қаржыландыруға байланысты халықаралық стандарттар мен қадағалау бойынша мониторинг және анализ жүргізу, исламдық қаржыландыруға сәйкес заңнамалық актілерді бекіту, исламдық қаржыландыру туралы аналитикалық материалдарды жариялау, ақпараттық оқыту семинарларын жүргізу, исламдық қаржыландыру нарығының қатысушыларымен жұмыс жасау және т. б. жұмыстарды алға қойған.
Заңнамалық негізге келер болсақ, 2009жылы алғаш рет ТМД және Орталық Азия ішінде Қазақстан исламдық қаржыландыруға байланысты заң қабылдады. 2011 жылы ҚР исламдық бағалы қағаздарды шығаруға келісім беру туралы заңнаманы бекітті. 2012 жылы 29 наурызда исламдық қаржыландыруды дамытуға байланысты «Бизнестің жол картасы -2020» жоспары қабылданды. 2015 жылы исламдық сақтандыру мен банкинг, лизингтік мәселелерді қамтитын заң шықты. 2015 жылы ҚР-да исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру туралы заңнамалық актілерге қоса исламдық бағалы қағаздарды шығару және дәстүрлі банктерді исламдық банктерге конвертациялау туралы жоба жасалды.
Қазақстан Ұлттық Банкі Islamic Financial Services Board (Совет по предоставлению исламских финансовых услуг) (IFSB) 2011 жылы мүше болып кірді. 2014 жылдың желтоқсан айында Accounting and Auditing Organization for Islamic Financial Institutions (AAOIFI) мүшелікке енді. Сол айда International Islamic Financial Market (IIFM) мүшесі атанды. Сондай-ақ, елімізде Ислам Даму банкі құрылып, оның қаржыландыру көлемі 1, 3 млрд доллар құрады. Исламдық банктердің ішінде «Al-Hilal» Ислам Банкі» АҚ 2010ж наурыз айында ашылды. 2011 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ құрылып, 2015жылы 800млн. тг көлемінде қаржыландырулар жүргізді. 2011 жылы Исламдық инвестициялық фонд, NewFinance исламдық микроқаржыландыру ұйымы 2007 жылы алғаш құрылып, 2014 жылдың қаңтарынан бастап исламдық сауда-қаржылық ұйымына айналды. Исламдық банк Заман, Исламдық лизингтік компания ICD өз қызметін жүргізуде. 2009жылы Исламдық қаржыландыруды дамыту ассоциациясы құрылды. 2010жылы Исламдық сақтандыру компаниясы «Такафул» өз қызметін бастады.
2020 жылға қарай ислам банктерінің үлесі Қазақстан Республикасының банктік жүйесі активтері көлемінің 3-5 %-ын, ал 2025 жылға қарай 10%-ын құрайды деп күтілуде.
2020 жылы банктік активтердің 5%-ы 9, 4 млрд. долларды, 1 исламдық банктің банктік активтері 2, 3 млрд. долларды құрайды. Салыстырмалы түрде: ҚР ірі банктері: Казкоммерцбанк - 15 млрд доллар, Халық банк - 15 млрд доллар, Банк Центркредит - 6 млрд доллар, Қазақстандағы 1 исламдық банк активі - 0, 1 млрд доллар, Түркиядағы 1 исламдық банк активі - 7-12 млрд доллар. Исламдық қаржыландырудың жиынтық активтері 2025 жылға қарай 46 млрд долларды құрайды деп күтілуде. [3]
Қазақстан Республикасында «Al Hilal» ислам банкі жұмыс істейді, оның активтерінің көлемі Қазақстан Республикасындағы банк секторы активтері жалпы көлемінің 0, 09%-ын құрайды. Бұл банктің 19 филиалы, 90 банкоматы бар. Сауд Арабиясындағы 29 банктің арасында Аль-Хилал банкі клиенттерді қанағаттандыру бойынша 10-орында, 2008 жылы «Ең мықты жаңа банк» премиясына ие болған еді.
Қазақстанда бас кеңсесі Алматы қаласында және 2 филиалы Астана және Шымкент қаласында орналасқан. Банктің бастапқы жарғылық капиталы 27 млн. доллар құрады, барлығын араб инвесторлары жабдықтады. [4]
Аль-Хилал банктің өтімділігі мен тұрақтылығын сипаттайтын негізгі қаржылық көрсеткіштерін төмендегідей сипаттап жазуға болады:
1-график. . "Al Hilal" Ислам Банкі" АҚ қаржылық көрсеткіштері.
*График банктің қаржылық көрсеткіштері негізінде автормен құрастырылған.
Графикте банктің қаржылық көрсеткіштеріне 2 жылға салыстырмалы түрде талдау жүргізілген. Мәліметтерге сүйенсек, банк активтері 2016 жылы 2015 жылдың 1 қаңтарына қарағанда 92, 68%-ке өсімді көрсеткен. Банктің меншікті капиталы 2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылдың қаңтар айына 10, 87%-ға өскенін байқаймыз.
1-кесте. "Al Hilal" Ислам Банкі" АҚ Кірістер мен шығыстар жөніндегі есебі.
*Кестелік мәліметтер "Al Hilal" Ислам Банкі" АҚ жылдық есебінен алынған. (2014, 2015, 2016(3квартал) ) http://www. alhilalbank. kz/
Кест мәліметтеріне сүйенсек, банктің таза табысы 2015 жылға қарағанда 2016 жылы 120, 03%-ға ұлғайған. Оның ішінде сыйақы түріндегі таза табыстары 26, 94%-ға, таза комиссиялық табысы 275, 91%-ға, операциялық табыстары 555, 52%-ға, таза табысы 120, 03%-ға артып отқанын көреміз.
Графикте көріп отырғанымыздай, банк капиталы соңғы 3 жылда қарқынды өсуді көрсетіп отыр. Жалпы капитал 2014 жылы 4%-ға, 2015 жылы 2014-ке қарағанда 5, 28%-ға, 2016 жыл басына 14, 01%-дық өсімді құрап отыр.
2-график. "Al Hilal" Ислам Банкі" АҚ капитал көлемінің өзгерісі.
*График банктің қаржылық көрсеткіштері негізінде автормен құрастырылған. [5]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz