АҚШ банк жүйесі


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Экономика және бизнес жоғарғы мектебі

Қаржы кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: АҚШ банк жүйесі

Орындаған:

Тексерген:

Алматы, 2016 жыл

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  • Федералды резервтік жүйенің ұйымдастырылуы және қалыптасуы
  • Федералды резервтік жүйенің құрылымы
  • АҚШ-тың қаржылық мекемелері
  • АҚШ-тың коммерциялық банктері
  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер

Әр түрлі мемлекеттік мәселелерді шешу үшін үкіметке банк секілді қаржылық агенттің көмегі қажет болды. Сондықтан да, көптеген тарихшы-экономистердің ойынша ФРЖ секілді орталық банкты құрудың ең негізгі мәні үкіметтің қажеттілігінен туды. ФРЖ қалыптасуына қысқаша шолу:

  1. АҚШ-тың алғашқы банкі 1791 жылдан 1811 жылға дейін жұмыс жасады. АҚШ Конгресі алғашқы банк чартерін ұзартуға келісімін бермеді.
  2. Орталық банктің болмауы елдің 1812 жылы орын алған соғыста әскери іс-қимылдарды қаржыландыруда мемлекеттің мүмкіндігін азайтты. Бұл тәжірибе сол уақыттағы көптеген лидерлер үшін АҚШ-тың екінші банкіне 1816-1836 жылдар аралығында чартер беру туралы ұсынысын қолдау қажеттілігіне көз жеткізуіне бірден бір себеп болды.
  3. Президент Эндрю Джексон мен АҚШ-тың екінші банкінің саяси жақтаушылары арасындағы «банктік соғыс» нәтижесінде 1836 жылдан бастап банк чартері ұзартылмады. Екінші банктің жабылуымен көлемді экономикалық және қаржылық қиыншылықтар туды.
  4. 1837 жылдан бастап азаматтық соғысқа дейін АҚШ федералды үкіметінің банк қызметіне минималды араласуына байланысты «ерікті банктер» кезеңін бастан кешірді.
  5. Азаматтық соғыстың аяқталуына қарай, 1864 жылы Конгресс елдің банктік жүйесін құрған Орталық банктер туралы Заңын қабылдады. Банкноталарды эмиссиялауға салық салуды енгізуіне байланысты көптеген штат банктері федералды үкіметтен чартер алуына тура келді. Кейіннен штат банктері қайта ашыла бастауымен екі деңгейлі банк жүйесі құрылды.
  6. Үкімет шығарған ұлттық валюта - гринбектердің айналысқа енуі соғыстың соңғы жылдары метал ақшаларды жақтаушылар мен қағаз ақшаның айналысын жақтаушылар арасында қарсыластық пайда болды. Бұл «гринбектер эрасы» деп аталып, 1879 жылы алтын стандартқа қайта көшумен аяқталды.
  7. Гринбектерді жақтаушылар орнына популисттік қозғалыспен біріккен күміс монеталарды тәуелсіз түрде басып шығаруды қолдайтын топ келді. Олар АҚШ-та биметалдық ақша стандартын енгізу туралы ұсынысын алға қойды. 1890-1893 жылдар аралығында АҚШ-та аз уақытта болса да биметаллизм орын алды.
  8. 1890 жылдары АҚШ экономикалық түсу мен банктік қобалжуларды бастан өткерді. 1900 жылдардан бастап экономиканың өсуі 1907 жылғы дағдарыстан соң қайта төмендей түсті. 1908 жылы Конгресс дағдарыс кезінде үкіметтің қосымша әрекеттер жасауына рұқсат беретін Олдрич-Риланд Заңын қабылдады.
  9. Орталық банкті құру туралы көптеген жобалардың ұсынылуына байланысты 7 жылдан соң 1913 жылы Конгресс Федералды резервтік жүйе туралы Заң қабылдады. Осы Заңға байланысты 12 округта орналасқан мүше банктері бар ФРЖ құрылып, оның негізгі қадағалау органы - Федералды резервтік кеңесі Вашингтонда орналасты.
  10. ФРЖ-ның заманауи құрылымы мен құқықтары 1935 жылы қабылданған банктер туралы Заңға, 1951 жылы ФРЖ мен Қазынашылық арасындағы келісіммен, 1980 жылы қабылданған ақша айналысын бақылау мен депозиттік ұйымдарды реттеу туралы Заңға сәйкес жүзеге асады. [1]

1833-1913 жылдар арасында АҚШ-та заңды түрдегі орталық банк болған жоқ. 1907 жылы болған дағдарыстан соң, 1908 жылы ақша айналысына байланысты Ұлттық комиссияның ұсынысына қарамастан көпшілік орталық банк құруға қарсы болды. Орталық банкті құру мәселесі алға қойылған соң оны кім басқаруы керек деген сұрақ туды. Басқаруды федералды үкімет пен кәсіпкерлік сектор, яғни әлеуетті мүше банктер өз қолдарына алғысы келді. Оуэннің заң жобасы осы екі топ арасындағы мәселені шешуде үлкен роль атқарды. Кейіннен Федералды резервтік жүйе туралы Заң деген атқа ие болған Гласс-Оуэннің соңғы заң жобасының аясында федералды үкімет пен кәсіпкерлер, яғни мүше банктер орталық банктің басқару органында бірдей мәртебеде көрсетілетін болды. 12 федералды резервтік банк пен Вашингтондағы федералды үкімет арасында басқару өкілеттілігі бірдей бөлінді.

Осы мақсатта 1913 жылы құрамында 7 мүшеден: Президент сайлауымен және Сенаттың мақұлдауымен белгіленген Қаржы министрі, ақша айналысын реттеуші мен 5 мүшеден тұратын Федералды резервтік кеңес құрылды.

Бұл Заң жобасына 1913 жылы 23 желтоқсанда АҚШ Президенті Вудро Вильсон қол қойған болатын. Алғашқы құру кезіндегі ой бойынша ФРЖ федералды үкімет, банктер, кәсіпкерлер мен тұтынушыларды біріктіретін орган болды. ФРЖ экономикалық мақсаттарға жету үшін ақша ұсынысын өзгертуші институт ретінде емес, ақшаға сұранысқа байланысты ақша ұсынысын реттеуші ұйым ретінде құрылған болатын. Яғни, оның басты қызметі ақша массасын, пайыздық ставкаларды, несиелеу көлемін реттеу болып табылған жоқ. Бастысы банктік резервтер мен ақшаға икемділік беру қызметін атқару болды. Ақша икемділігі дисконттау мен несиелеу механизмі арқасында іске асуы қажет болды. Осы механизм көмегімен ФРЖ-ға мүше банктерге белгіленген мерзімге ссуда алуға рұқсат берілді. Заңға сәйкес бірінші сыныптағы өздігінен өтелетін коммерциялық қағаздар дисконттауды қамтамасыз етуші актив болып саналды. 1916 жылдан бастап ФРЖ мүшелеріне банктер өздерінің мемлекеттік облигациялармен немесе тиісті бағалы қағаздарымен қамтамасыз етілген 15 күндік міндеттемелері есебінен де ссуда алу мүмкіндігіне ие болды. 1932 жылдан бастап ФРЖ кез келген актив түрін кепілге қою арқылы ссуда алатын болды. Тек тиісті округтағы федералды резервке мүше банктер депозитері ғана ФРЖ резерві ретінде анықталды.

ФРЖ қызметтері ішіне клирингтік қызмет, чектер инкассациясы, ФРЖ-ға мүше банктер операцияларын реттеу және ақша эмиссиясы ғана кірді. Яғни, алғашында оның қызметі аясына ақша-несие саясаты кірген жоқ.

Федералды резервтік банктердің капитализациясы мәселесі. Бірінші және Екінші банктер АҚШ-тың федералды үкіметінің 20% акциясы көлемінде меншігінде болды, ал қалған бөлігі жеке меншік сектор үлесіне тиді. Көпшілік осы құрылымды қолдауды келіссе, кейбірі бүкіл акцияны қоғамға сатып жіберуді дұрыс деп санады. Ал үшіншілері болса акцияларды тек федералды жүйеге мүше банктерге сату қажеттігін алға тартты. Нәтижесінде, әр округта орналасқан мүше банктер акцияларды сатып алуға қол қойды. Банктің 3% капиталы көлемінде міндетті түрде акцияларды сатып алып, тағы да өз капиталының 3%-ы көлемінде ФРЖ талабы бойынша төлеуі қажет болды.

1913 жылы қабылданған Заңда 12 федералды резервтік банк пен Федералды резервтік Кеңес (1935 жылғы заң бойынша ФРЖ Басқару кеңесі) қарым-қатынасын айқындап берген жоқ болатын. Жалпы федералды резервтік банктер өз округтары бойынша операцияларын бір-бірінің қатысынсыз жүзеге асыра берді. Сол уақытта Нью-Йорк федералды резервтік банкі ең маңызды орынға ие болған. Себебі, ФРЖ резерві құрамындағы ең көп үлесті құрайтын еді.

Бірінші дүниежүзілік соғыс және ФРЖ. Европа елдерінде соғыстың басталуымен Халықаралық алтын стандарт жойылып, бұл өз кезегінде АҚШ-тың қаржы және сауда нарығына кері әсерін тигізді. 1914 жылы тамыз айында Қаржы министрі Уильям Макаду Олдрич-Риланд Заңы бойынша штат банктері мен ұлттық банктердің банкнота эмиссиялауына санкция қойды. Ақша массасы 1914 жыл мен соғыстың 1918 жылы қараша айында аяқталуы арасында 70%-ға өсті, ал баға деңгейі екі есе өскен болатын.

Конгресс жоспары бойынша ФРЖ федералды үкіметтен толықтай тәуелсіз болады дегенмен соғыстың басталуымен билік Қаржы миниcтрі У. Макадуға тиесілі болды. Кеңестің басқа мүшелері әскери іс-қимылды қаржыландыру үшін бағасын жасанды түрде түсіру арқылы қазынашылық облигацияларды сатып алуға қарсы болды. Сол кезде У. Макаду бүкіл АҚШ банк жүйесінің резервтеріне бақылауды аса қажеттілік туған жағдайда жедел түрде өз қолына алуға мүмкіндік беретін заң жобасын іске асыру арқылы қатаң ескерту жасады. Нәтижесінде ол бүкіл билікті өз қолына алды.

1922 жылға дейін ФРЖ-ның саясатын 12 резервтік банктің ресми өкілдері анықтап отырды. Ең көп беделге Нью-Йорк резервтік банктің басшысы Бенджамин Стронг ие болатын. Осы уақытта Федералды резервтік Кеңес пен 12 федералды резервтік банктер арасында саясатты дайындау өкілеттілігіне байланысты келіспеушілік туды.

Үлкен тоқырау кезеңі. ФРЖ тарихындағы құлдырау кезеңі болып 1929 жылы басталған үлкен тоқырау саналады. Оның себебі ретінде көптеген экономистер ФРЖ-ның ең негізгі қызметі дағдарыс кезінде экономикалық қажеттілік туғанда икемді ақшамен қамтамасыз етуін орындай алмауын көрсетеді. Биржаның құлдырауы банктік жүйенің дағдарысына алып келді. ФРЖ дағдарысқа банктік жүйенің резервтерін босату арқылы жауап берді. 1929-1933 жылдары коммерциялық банктердің 1/3 бөлігі өз жұмысын тоқтатты, ақша массасы 1/3-ке төмендеді. Қазірде көптеген бақылаушылар 1930 жылдары Кеңес мүшелерінің қабылдаған шешімдерінде үлкен қателік жіберді деген пікір қалдырады.

1935, 1951 және 1980 жылдар. Үлкен тоқырау ФРЖ-ны құру туралы реформаға күмәнмен қарауға әкелді. 1830 жылы Екінші банктің қателігі нәтижесінде оның жабылуын және ақша және банк жүйесін орталықсыздандыруды талап етсе, 1930 жылғы шешім бойынша, керісінше, ФРЖ-ны басқаруды орталықтандыру туралы заңды шығару керегі қабылданды. 1935 жылы банктер туралы Заңда қазіргі ФРЖ-ның құрылымы айқындалды. Ол бойынша:

  1. Федералды резервтік жүйенің басқару Кеңесі деп аталып, мүшелері ресми түрде жүйенің басқарушылары атанды. Ал федералды резервтік банктердің басқарушылары президент атағына ие болды.
  2. Конгресс Кеңес мүшелігінен Қаржы министрі мен ақша айналысын реттеушіні шығарып тастады. Енді Президент сайлауымен бір партия өкілінен 4-тен аспайтын еңбегі сіңген кандидаттарды сайлатын болды.
  3. 1935 жылғы Заң Кеңес мүшелері өкілеттілігін 14 жылға ұзартты, алғашында олар 10 жылға сайланатын. Әр 2 жыл сайын 1 Кеңес мүшесі ауысып тұратын болды. Кеңес төрағасын Президент 4 жылға сайлайды.
  4. 1935 жылғы Заң басқарушы Кеңеске Конгресс бекіткен резервтер нормасы шегінде өзгертуге рұқсат берді. Бұл өкілеттілік федералды резервтік банк Президенттерінде болған жоқ.
  5. Федералды банктердің есептік ставкаларын бекіткен жағдайда соңғы дауыс ФРЖ Баскарушылар Кеңесіне тиесілі болды.

ФРЖ мемлекеттік бағалы қағаздармен қызметтер көрсету үшін құрамында 12 мүшесі бар Конгресс ФРЖ-ның ашық нарықтағы операциялар бойынша комитетін құрды. Мүшелікке Басқарушылар Кеңесінің мүшелері және 5 Федералды резервтік банктер Президенттері кірді.

Екінші дүние жүзілік соғыс кезінде Марринер Эклстың басшылығымен(1934-1948жж) ФРЖ-ның Басқарушылар Кеңесі ресми емес түрде АҚШ-тың қазынашылығының оң қолы болып тағайындалды. ФРЖ бағалы қағаздарды белгілі бір көлемде сату және сатып алу арқылы қазынашылық вексельдер бойынша пайыздық ставканы біршама төмен деңгейде ұстап тұрды. Соғыс кезінде қазынашылықпен бірігіп қызмет ету нәтижесінде ФРЖ-ның саяси ортада имиджін құрауына көмектесті. 1940 жылдары соңына қарай бұл ынтымақтастық оның тәуелсіздігіне қауіп төндірді. 1951 жылы ФРЖ Қазынашылықпен достық келісімге келіп, тәуелсіздігін сақтап қалды.

1980 жылы қабылданған депозиттік ұйымдарды қайта реттеу туралы Заң ФРЖ құрылымына бірқатар өзгерістер әкелді. 1980 жылға дейін тек ұлттық коммерциялық банктер мен штаттың жекелеген банктері ғана ФРЖ-ға мүше банктер статусын алған болатын. ФРЖ-ға мүше болу олардан ФРЖ акцияларын сатып алу, өз резервтерін федералды резервтік банкте сақтау, ФРЖ тарапынан жүйелі қадағалауды талап етті. Штаттың билік органдары қалған ФРЖ-ға мүше емес коммерциялық банктердің қызметтерін реттеп отырды. 1980 жылғы Заң бойынша барлық депозиттік ұйымдар ФРЖ-ның резервтік талаптарына сай болуы қажет болды. Сол арқылы ФРЖ банктік жүйенің резервін бақылау аясын кеңейтіп, ақша ұсынысына әсерін жоғарылатты. [2]

Қазіргі таңдағы ФРЖ құрылымы. ФРЖ-ның орталық басқару органы болып Вашингтонда орналасқан Басқару Кеңесі саналады. ФРЖ құрылымы:

  1. Басқару Кеңесі
  2. 12 округта орналасқан аймақтық федералды резервтік банктер
  3. ФРЖ-ға мүше банктер
  4. ФРЖ-ға мүше емес депозиттік мекемелер

ФРЖ аясында келесідей маңызды органдар бар:

  1. ФРЖ-ның ашық нарықтағы операциялары бойынша Комитеті
  2. Федералды кеңес беру Кеңесі
  3. ФРЖ аппараты

Басқару Кеңесі. 1935 жылғы Заң бойынша Кеңес мүшесіне кірген тұлғалар қайта мүшелікке ене алмайды. Федералды резервтік банктерден бір уақытта тек бір ғана өкіл Кеңеске мүше бола алады. Кеңес төрағасы 4 жылға сайланады. 12 федералды резервтік банктердің операциялары нәтижесінде түскен пайданы алуда Басқару Кеңесі Конгресске бағынбайды. ФРЖ 3 деңгейлі тәуелсіздікке ие:

  1. Кеңестің тәуелсіз түсетін пайда көзі
  2. Өкілеттіліктің сатылы мерзім түрінде берілуі
  3. Бюджеттік бақылаудың Бас басқармасының бақылауынан босатылуы

Федералды резервтік банктер. 1913 жылғы Заң бойынша 12 округтық федералды резервтік банктер мен олардың 25 филиалынан тұрады. Әрбір федералды резервтік банк федералды үкіметтен алған чартері бар корпорация болып табылады. Оның акционерлері, директор және президенті бар. Әр федералды резервтік банктердің акционерлері болып ФРЖ-ға мүше банктер саналады. Олар банктің 9 директорының ішінде 6-ын сайлайды. Әр ФРЖ-ға мүше банк өз капиталының 3%-ы көлемінде акцияны сатып алуы тиіс, капиталы өскен жағдайда қосымша тағы акциялар сатып алып отыруы қажет. Федералды резервтік банктердің 9 директоры 3 бөлімшеге бөлінеді: бірінші ранг директорлары (class A) - банктік саланың өкілдері, екінші рангтегі (class В) - өндірістік саланың өкілдері, үшінші ранг (class С) - мемлекеттік орган мен қоғамның өкілдері. Бірінші ранг директорларын ФРЖ-ға мүше банктер сайлады және олардың бірі - шағын банк, екіншісі - орта банк, үшіншісі - ірі банктің өкілдері болуы тиіс. ФРЖ-ға мүше банктер екінші ранг директорларын да сайлайды және олар өндірістік және аграрлық саланың танымал өкілдері болуы шарт. Ал үшінші ранг директорларын Басқару Кеңесі сайлайды. Олар мемлекеттік сектордағы кез келген банктің басқарушысы болуы қажет. Әр директор 3 жылға сайланады. Директорлар Кеңесінің төрағасы мен орынбасарын үшінші ранг директорлары ішінен ФРЖ-ның Басқару Кеңесі тағайындап отырады.

Федералды резервтік банктер ФРЖ-ға мүше банктер қызметіне қадағалау жүргізіп, Басқару Кеңесі әзірлеген ақша-несие саясатын іске асыруы қажет.

ФРЖ-ға мүше банктер. АҚШ банк жүйесі федералды үкімет чартерімен және штат үкіметінің чартерімен жұмыс істейтін банктерден тұрады. Барлық ұлттық банктер ФРЖ-ға мүше болуы тиіс, ал штат банктері өз қалауымен мүшелікке ене алады. 1980 жылғы Заңға дейін ФРЖ мүшелігіне ену тиімді болған. Оларға клирингтік чек қызметін, банкаралық есеп-айырысуда телеграфтық ақша аудару жүйесін пайдалануға рұқсат берілген болатын. Қазынашылықтың депозитарийі болуы үшін банк ФРЖ-ға мүше болуы қажет болған. 1981 жылдан бастап барлық депозиттік мекемелерге ФРЖ қызметін пайдалануға рұқсат берілді. Тек өзінің округтық федералды резервтік банкінде еш пайда әкелмейтін резерв сақтауы қажет болды.

ФРЖ-ға мүше емес депозиттік мекемелер. Бұл мекемелер ФРЖ құрылымында ресми мәні болмағандықтан көрсетілмейді. Бірақ олар өз резервтерін федералды резервтік банктеде сақтауы қажет.

ФРЖ-ның ашық нарықтағы операциялары бойынша Комитеті. 1935 жылғы Заң бойынша мемлекеттік бағалы қағаздарды сату-сатып алу және ақша-несие саясаты мақсатына жету үшін оның іске асырылу стратегиясын әзірлеу мақсатында құрылған болатын. Комитеттің 12 мүшесінің ішінде 7-еуі Басқару Кеңесінен болғандықтан оның маңыздылығын одан әрі арттырды. Басқару Кеңесінің төрағасы Комитеттің төрағасы болды. Нью-Йорк федералды резервтік банкінің Президенті Комитет төрағасының орынбасары болды және ол тұрақты мүше болып табылады. Қалған 4 мүшесі басқа федералды резервтік банктер Президенттері арасынан тағайындалады. Жиналыс жылына 8 реттен Вашингтонда болады.

Федералды кеңес беру Кеңесі. 1913 жылғы Заң бойынша құрылды. Федералды резервтік банктер өкілінен 12 мүше құралған. Кеңес консультациялық қызмет көрсетіп, әр квартал сайын ФРЖ-ның Басқару кеңесімен бірге жиналыс өткізіп тұрады.

ФРЖ аппараты. Олардың қызметіне экономикалық жағдайларды талдау және ақша-несие саясатын әсер етуі мүмкін өзгерістерді болжау кіреді. Аппарат қызметкерлері ондаған жылдар бойы тұрақты жұмыс жасаған аналитиктерден тұрады. Кейбірі Басқару Кеңесінің мүшесі де болған. Аппарат ФРЖ-ның ашық нарықтағы операциялар Комитетінің әр жиналысы сайын экономика мен саяси жағдайларға байланысты жазбаша және ауызша баяндама өткізіп тұрады. Аппарат қызметі жалпы ФРЖ құрылымында үлкен маңызға ие болып табылады. [3]

АҚШ-та қаржылық мекемелердің көптеген түрлері бар. Оларды 3 топқа бөліп қарастырады: депозиттік мекемелер, депозиттік емес мекемелер мен федералды үкіметтің қаржылық мекемелері.

Депозиттік мекемелер - депозит деп аталатын қарыз құралдарын шығаратын қаржылық делдалдар. Бұл депозиттерге чектік депозиттер, мысалға, ақшаның рөлінде қызмет ететін талап етуге дейінгі депозиттер мен NOW шоты жатады. Депозиттік мекемелердің маңызды сипаты ақша массасының негізгі көрсеткіштері М1 секілді ақша агрегатына жататын және айналыс құралы ретінде қызмет ететін қарыз құралдарын шығару болып табылады. Депозиттік мекемелер шет ел валютасындағы евровалюта деп аталатын депозиттерді де жасайды. Ал депозиттік емес мекемелер депозит қабылдамайтын жеке меншік қаржылық институттар болып табылады. Депозиттік мекемелер екі негізгі типке бөлінеді: коммерциялық банктер және жинақ мекемелері, оған ссуда-жинақ ассоциациясы мен жинақ банктері, несие одақтары жатады. Бұл мекемелердің барлығы чектік, жинақ және жедел депозит қабылдау өкілеттілігіне ие.

Депозиттік емес мекемелер. Депозиттік емес мекемелердің түрлері өте көп.

Сақтандыру компаниялары. Оның құрамына өмірді сақтандыру компаниялары мен мүлікті және жазатайым оқиғадан сақтандыру компаниялары кіреді. Активтер көлеміне байланысты өмірді сақтандыру компаниялары үшінші орынды иеленеді және өлім жағдайына байланысты сақтандыруда қолданылатын төлемдер есебінен пайда алынады. Статистикалық көрсеткіштер көмегімен компаниялар жыл сайынғы өлім көрсеткішін және соған байланысты төлемдер сомасын ұзақ уақытқа болжап отырады. Сол себепті олар ұзақ мерзімді активтерді иеленеді. Мүлікті және жазатайым оқиғалардан сақтандыру компаниялары өрт немесе тоналу қаупінен үй иелерін және жол апатына немесе ұрлану қаупінен автокөлік иелерін сақтандыруды жүзеге асырады. Олар өзінің жыл сайынғы төлемдерін ұзақ уақытқа болжай алмайтындықтан оларда қысқа мерзімді активтер көлемі үлкен болып келеді.

Зейнетақы қорлары. Бұлар өмірді сақтандыру компаниялары секілді жыл сайынғы төлемдерін болашаққа ұзақ уақытқа болжай алады. Олар қаржы құралдарын ұзақ мерзімді корпоративтік облигациялар мен бірінші сыныптағы акцияларға, үлкен көлемді жедел депозиттерге салып отырады.

Өзара қайтарымды қорлар. Бұларға қордың жалпы активтерінде көлемді үлесі бар өтелетін бағалы қағаздарды шығаратын инвестициялық компаниялар жатады. Бұл активтер негізінде акция, облигация, мемлекеттік бағалы қағаздар мен ипотекалық пул секілді активтермен қамтамасыз етілген бағалы қағаздардан тұрады. Бұл қорлар салыстырмалы түрде шағын жинақ ұйымдарына түрлі қаржылық құралдар бойынша кең түрде әртараптандырылған активтер үлесін иемденуге мүмкіндік береді.

Қаржылық компаниялар. Олар негізінде шағын ссуда және несиелік қоғамдар болып табылады. Және де жеке тұлғалар мен шағын фирмаларға берілетін шағын ссудаларды қаржыландыруға арналған түрлі қаржы құралдарын шығарады.

Ломбардтар - аз ғана уақытқа шағын ссудамен қамтамасыз ететін қаржылық мекемелер. Бұл ссудалар қарыз алушының жеке меншік затын кепілге қою арқылы қамтамасыз етіледі. Олардың пайыздық ставкалары депозиттік мекемелерге қарағанда әлдеқайда жоғары болып келеді. Жыл ішінде оның көрсеткіші 30%-дан 240% арасында болған.

Федералды үкіметтің қаржылық мекемелері.

Федералды қаржыландыру банкі. 1974 жылдан бастап қызмет ететін бюджеттен тыс қаржылық мекеме болып табылады. 3 түрлі әдіспен ссуда береді:

  1. Бюджеттік және бюджеттен тыс агенттіктердің қарыздық міндеттемелерін;
  2. Қарыз және қарыздық активтерді;
  3. Қарыздардың кепілдемесін алады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақш- тың банк жүйесі
АҚШ және Германия банк жүйесінің қалыптасуы
БАТЫС ЕЛДЕРІНІҢ ОРТАЛЫҚ БАНКТЕРІ
АҚШ-тың банктік жүйесі
Дамыған елдердің банк жүйесі
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердегі банктік маркетинг
Несие жүйесінің экономикалық мәні және маңызы
Еуразия банк АК
Қазақстан Республикасының ақша-несие жүйесінің қазіргі жағдайы және оның ерекшеліктері
Сыртық экономикалық банкі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz