Әлеуметтік – экологиялық проблемалар және өзекті мәселелері



Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І Тарау. Әлеуметтік . экологиялық проблемалар және
өзекті мәселелері.
1.1. Ғаламдық экологиялық проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

ІІ Тарау. Озон қабатының таусылу проблемалары және
топырақ экологиясы.
2.1 Биологиялық әр алуандықта ғаламдық өзгерістер ... ... ... ... ... ... ...11
2.2 ХХІ ғасыр артықшылығымен ғаламдық
экологиялық проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
КІРІСПЕ

Қазіргі кезде адамзаттың қоршаған ортаның қарым-қатынасын түсінудегі маңызына байланысты экология бастапқы пәнаралық синтезделген ғылым болып кетті. Ғылыми-техникалық үдеудің экологиялық керіс салдары техникалық және экологиялық саяси мәселелерді шешудегі қателіктерден, антропогендік әсерлердің экологиялық салдарын және экономикалық шығынды дұрыс бағаламау себептерінен туады. Экологияның көптеген қолданбалы аспектілері (химиялық экология, географиялық экология, өндірістік экология, өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер экологиясы және т.б.) болғанымен, қазіргі экологияның барлық бағыттары - тірі организмдер мен қоршаған ортаның қарым-қатынасы - іргелі биологиялық идеяларға негізделген. Іргелі ғылыми білімдерден басқа бұл курста экологиялық тәрбие беру туралы да айтылады.
Қазіргі табиғи ортаға тиетін антропогендік престің ұлғаю кезеңінде студенттердің экологиялық білім алуының қажеттілігі артады. Болашақ мамандар өздерінің кәсіптік білімдерін экологиялық мәселерді шешуде пайдалана алады, сондықтанда "Жалпы экология" курсын оқу барысында оның қолданбалы аспектілерін қарастыру қажет.
Бұл оқу құралының мақсаты студенттердің ой-саналарын экологияландыру, қоршаған ортаға жауаптылықпен қарауға тәрбиелеу, биосфераның компоненттерінің бір-бірімен әрекеттері заңдылықтарын, әсіресе табиғатты пайдаланудың үдеу жағдайын білуін, қоғам мен биосфераның арақатынасындағы практикалық мәселелерді шешуді игеру.
Оқу құралы биологиялық мамандықтар бойынша сырттай оқитын студенттерге және гуманитарлық факультеттерге арналған.
Оқу құралы туралы пікірлеріңізді авторлар ризашылықпен қабылдайды.















І Тарау. Әлеуметтік – экологиялық проблемалар және
өзекті мәселелері.
1.1 Ғаламдық экологиялық проблемалар
Әлемді тұтас қамтитын табиғи-антропогенді, немесе антропогендік әсерден ірі көлемде табиғи процестерді өзгертетін проблемалар әлемдік экологиялық проблемалар деп аталады. Оған төменгілер жатады: климаттық өзгерістер, озон қабатының жұқаруы, қышқыл жаңбырлар, шөлдену, биологиялық әртүрліліктің азаюы, радиактивтік ластану, әлеуметтік-экологиялық проблемалар.
Климаттық өзгерістер (парникті эффект) атмосферада әр түрлі газтәрізді заттардың мөлшерінің ұлғаюы, әсіресе газтәрізді қоспалардың, инфрасәулелердің шағылуы және Жер бетінен кетірілуі жағдайларын (жылылық таралу) нашарлатты. Жылулық сәулелердің ғарыш кеңістігіне кері кетуіне әсер етеді. Олар өте алмай жиналады да ауаның температурасын артуына (парниктік эффект) әкеледі.
Мәліметтер бойынша соңғы жүз жылдықта Жер бетінде температура 0,3-0,6 градусқа жылынды. Ауа райының әрі қарай жылуы терістіктегі мұздықтарды ерітіп Әлем Мұхитының деңгейін көтереді. Оның әсерінен Мұхит жағалауындағы ойпаң жерлерді су басып, көптеген елді мекендерге зиян келтіреді. Сонымен қатар жазғы жауын-шашын 15-20 пайыз кеміп, шөлдену процесі ұлғаяды.
Мұндай қауіптер 1990 жылы климаттық өзгерістер бойынша баяндамада Халықаралық Пленумда айтылған. Оны 125 мемлекеттің 170 беделді мамандары дайындаған. Мамандардың болжамы бойынша 2035 жылға дейін климаттың әлемдік жылуы орта есеппен 2,5 градусқа көтеріледі, ал мұхиттың деңгейінің көтерілуі 29 см, 2100 жылы - 65 см болады. Климаттық өзгерістердің қатерлі салдарын азайту үшін шығарылатын көмірқышқыл газының, азот оксидтер, хлорфтор көміртектердің көлемін 60 пайызға төмендету, метанды - 20 пайызға төмендету ұсынылады.
Егерде адамзат бұрын суықпен күрессе, енді жылумен күресуді бастады. 1990 жылы парникті газдардың шығарылған қосындысы әр мемлекет бойынша төмендегі көрсеткіштерге жеткен: АҚШ - 35, Ресей - 17, Жапон - 8, Алмания - 7, Великобритания 4 пайыз. Евроодақ жалпы - 24 пайыз. 1992 жылы климаттың өзгеруі туралы Конвенция қабылданған. 1997жылы осы Конвенция шешуін жақтаушылар Конференциясында дамыған елдер үшін 2008-2012 жж, парникті газдардың шығару көлемі анықталған. Бұл мемлекеттер 1990 жылмен салыстырғанда шығарылатын газдар көлемін 5 пайыз төмендетуге міндеттелді. Батыс Еуропа елдері

Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І Тарау. Әлеуметтік – экологиялық проблемалар және
өзекті мәселелері.
1.1. Ғаламдық экологиялық
проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

ІІ Тарау. Озон қабатының таусылу проблемалары және
топырақ экологиясы.
2.1 Биологиялық әр алуандықта ғаламдық
өзгерістер ... ... ... ... ... ... . ..11
2.2 ХХІ ғасыр артықшылығымен ғаламдық
экологиялық
проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде адамзаттың қоршаған ортаның қарым-қатынасын түсінудегі
маңызына байланысты экология бастапқы пәнаралық синтезделген ғылым болып
кетті. Ғылыми-техникалық үдеудің экологиялық керіс салдары техникалық және
экологиялық саяси мәселелерді шешудегі қателіктерден, антропогендік
әсерлердің экологиялық салдарын және экономикалық шығынды дұрыс бағаламау
себептерінен туады. Экологияның көптеген қолданбалы аспектілері (химиялық
экология, географиялық экология, өндірістік экология, өсімдіктер,
жануарлар, микроорганизмдер экологиясы және т.б.) болғанымен, қазіргі
экологияның барлық бағыттары - тірі организмдер мен қоршаған ортаның қарым-
қатынасы - іргелі биологиялық идеяларға негізделген. Іргелі ғылыми
білімдерден басқа бұл курста экологиялық тәрбие беру туралы да айтылады.
Қазіргі табиғи ортаға тиетін антропогендік престің ұлғаю кезеңінде
студенттердің экологиялық білім алуының қажеттілігі артады. Болашақ
мамандар өздерінің кәсіптік білімдерін экологиялық мәселерді шешуде
пайдалана алады, сондықтанда "Жалпы экология" курсын оқу барысында оның
қолданбалы аспектілерін қарастыру қажет.
Бұл оқу құралының мақсаты студенттердің ой-саналарын экологияландыру,
қоршаған ортаға жауаптылықпен қарауға тәрбиелеу, биосфераның
компоненттерінің бір-бірімен әрекеттері заңдылықтарын, әсіресе табиғатты
пайдаланудың үдеу жағдайын білуін, қоғам мен биосфераның арақатынасындағы
практикалық мәселелерді шешуді игеру.
Оқу құралы биологиялық мамандықтар бойынша сырттай оқитын
студенттерге және гуманитарлық факультеттерге арналған.
Оқу құралы туралы пікірлеріңізді авторлар ризашылықпен қабылдайды.

І Тарау. Әлеуметтік – экологиялық проблемалар және
өзекті мәселелері.
1.1 Ғаламдық экологиялық проблемалар
Әлемді тұтас қамтитын табиғи-антропогенді, немесе антропогендік
әсерден ірі көлемде табиғи процестерді өзгертетін проблемалар әлемдік
экологиялық проблемалар деп аталады. Оған төменгілер жатады: климаттық
өзгерістер, озон қабатының жұқаруы, қышқыл жаңбырлар, шөлдену, биологиялық
әртүрліліктің азаюы, радиактивтік ластану, әлеуметтік-экологиялық
проблемалар.
Климаттық өзгерістер (парникті эффект) атмосферада әр түрлі
газтәрізді заттардың мөлшерінің ұлғаюы, әсіресе газтәрізді қоспалардың,
инфрасәулелердің шағылуы және Жер бетінен кетірілуі жағдайларын (жылылық
таралу) нашарлатты. Жылулық сәулелердің ғарыш кеңістігіне кері кетуіне әсер
етеді. Олар өте алмай жиналады да ауаның температурасын артуына (парниктік
эффект) әкеледі.
Мәліметтер бойынша соңғы жүз жылдықта Жер бетінде температура 0,3-
0,6 градусқа жылынды. Ауа райының әрі қарай жылуы терістіктегі
мұздықтарды ерітіп Әлем Мұхитының деңгейін көтереді. Оның әсерінен Мұхит
жағалауындағы ойпаң жерлерді су басып, көптеген елді мекендерге зиян
келтіреді. Сонымен қатар жазғы жауын-шашын 15-20 пайыз кеміп, шөлдену
процесі ұлғаяды.
Мұндай қауіптер 1990 жылы климаттық өзгерістер бойынша баяндамада
Халықаралық Пленумда айтылған. Оны 125 мемлекеттің 170 беделді мамандары
дайындаған. Мамандардың болжамы бойынша 2035 жылға дейін климаттың әлемдік
жылуы орта есеппен 2,5 градусқа көтеріледі, ал мұхиттың деңгейінің
көтерілуі 29 см, 2100 жылы - 65 см болады. Климаттық өзгерістердің қатерлі
салдарын азайту үшін шығарылатын көмірқышқыл газының, азот оксидтер,
хлорфтор көміртектердің көлемін 60 пайызға төмендету, метанды - 20 пайызға
төмендету ұсынылады.
Егерде адамзат бұрын суықпен күрессе, енді жылумен күресуді бастады.
1990 жылы парникті газдардың шығарылған қосындысы әр мемлекет бойынша
төмендегі көрсеткіштерге жеткен: АҚШ - 35, Ресей - 17, Жапон - 8, Алмания -
7, Великобритания 4 пайыз. Евроодақ жалпы - 24 пайыз. 1992 жылы климаттың
өзгеруі туралы Конвенция қабылданған. 1997жылы осы Конвенция шешуін
жақтаушылар Конференциясында дамыған елдер үшін 2008-2012 жж, парникті
газдардың шығару көлемі анықталған. Бұл мемлекеттер 1990 жылмен
салыстырғанда шығарылатын газдар көлемін 5 пайыз төмендетуге міндеттелді.
Батыс Еуропа елдері (Евроодақ) өздерінің шығаратын газдарын 8, Жапон 6, АҚШ
- 7 пайызға азайтады. Ал, Ресей, Жаңа Зеландия және Украина шығындыларды
тұрақты деңгейде ұстауы міндеттелді. Шығындыларды азайту жолдарының бірі -
энергоресурстарды тиімді пайдалану, энергетикалық кешендерді
техникалық қайта жабдықтау, экологиялық таза отындарды пайдалану. Киота
протоколына сәйкес дамыған елдер шығындылардың квотасын сатуларына рұқсат
етеді. Бұл схема бойынша қатысушы елдер, шығындылары келіскен минималды
деңгейден аз елдерден құқықтарын сатып алуына болады.
Озон қабатының жұқаруы. Үшатомды оттегі (О3) - озон, атомосферада аз
мөлшерде болсачда, оның атмосфералық процестер мен құбылыстағы ролі өте
маңызды. Ал, атмосфералық озон мөлшері көп болатын қабаты 20-25 км
биіктікте орналасқан, ол - озоносфера. Мұнда озонның концентраңиясы Жер
бетіне қарағанда 10 есе көп болады. Ол барлық тірі организмдерге әсер
ететін ғарыштық сәулеленудің (оның ішінде ультракүлгін радиациясы да бар)
едәуір мөлшерін тұтып қалады. Соңғы кездері озон қабатының жұқаруы
биосферада елеулі өзгерістер туғызуы мүмкін. Жердің озон қабатының бұзылуы
жер бетіне ультракүлгін сәулелер ағынының мол түсуіне алып келеді. Ол әрине
планетадағы барлық тіршілікке қауіп тудырады. Сондықтанда атмосфералық
озонды зерттеулер жүргізілуде.1980 жылы Антарктидадағы ғылыми станцияларда
жүргізілген зерттеулерден атмосферадағы озон құрамының төмендегені
байқалған. Осы құбылыс озон тесігі деп аталды. 1987ж көктемде Антарктида
үстіндегі озон тесігінің үлкейгені анықталды. Осындай құбылыс 1992 жылы
қайталанған. Ғаламшардың озон қабатында бұзылу процесінің басталу себептері
антропогендік факторлардың салдарынан атмосфераға суытқыштар (фреондар) мен
азот оксиді (космостық аппараттар және ұшақтардың органикалық отынының
толық жанбаған өнімі) шығарындыларының көп бөлінуі.
1974 жылы Калифорния университетінің ғалымдары Ш.Роуленд және
М.Молино хлорфторкөміртектерді озон қабатын бұзатынын көрсетті. Осы
заттектердің ыдырау кезінде 1 хлор молекуласы ультракүлгін сәулелердің
әсерінен 100000 озон молекуласын бұзады.
Озон қабатындағы өзгерістерге әсер ететін заттектер мен процестерді
зерттеуде, озон қабатында қолайсыз субстрат болатын әрекетті бақылайтындай
шараларды белгілеу мен қолдану саласында жұмыстар кешенді зерттеулерді
талап етеді.
Қышқыл жаңбырлар. Антропогендік факгорлардың әсерінен ауаға көптеген
зиянды агенттер мен зеттектер енеді. Соның ішінде кең тараған ластағыштар
күкіртті газ, азот оксидтері, көміртек оксидтері күн сәулесінің әсерінен
жаңа қосылыстар - күкірт, азот қышқылдарын түзеді, олар жауын-шашынмен жер
бетіне түседі (қышқыл жаңбырлар). Өсімдіктер мен гидробионттар өлімінің
басты себебінің бірі - осы қышқыл жаңбырлар.
Бұл проблема алғаш рет Батыс Еуропада жөне Солтүстік Америкада 50-ші
жылдардың соңында пайда болды. Соңғы жылдары бұл проблема өлемдік
проблемалардың біріне айналды. Себебі соңғы жылдары күкірт, азот
оксидтерінің сонымен қатар аммиак және басқа ұшатын органикалық
қосылыстар шығындылары көбейеді. Қышқыл жаңбырлар аумақты аралыққа
жылжиды, мысалы АҚШ-тан Канадаға, Англиядан - Алманияға - Скандинав
елдеріне. Қышқыл жаңбырлардың зиянды әсерін сезінген алғашқы экологиялық
қатер - балық қорларын жоғалту: Скандинавия және Британия, аралдарының
жүздеген көлдері балықсыз қалды. 1979 ж. Нью-Иорк штатында 264
көл зерттеліп, ондағы балықтардың өліп қалғаны анықталды. Қышқыл
жаңбырлар топырақ, өсімдіктер жамылғыларына зиянды әсерін тигізеді.
Шөлдену. Шөлдену процесі - адамның шаруашылық әрекетінің ықпалымен
өсімдік жамылғысы сирек шөлге ұқсас ландшафттардың пайда болуы. Шелдену
кезінде биологиялық өнім мен түрлер молдығы азайып, топырақтардың құнарлығы
кемиді. Шөлдену процесіне барлық континенттер шалдыққан, әсіресе Африка
елдерінде қауірт жүруде. Судан-Сахель зонасында 1968-1973 жж. болған
құрғақшылық мыңдаған адам өмірін алып кетті, миллиондаған жабайы және үй
жануарлары құрыды. 1983-1988 жж. болып көрмеген құрғақшылыққа 150 млн халқы
бар 34 Африка елдері шалдықты. Шөлдің өнімді жерлерді басуы жылына 60 мың
шаршы км қарқынмен жүреді. Шөлдену себебі тек құрғақшылық емес, ол
ормандардың жойылуы, ағаш өсімдіктердің деградациясына әкеледі,
жайылымдарды артық пайдаланудан шөпті жамылғылар да жойылды. Қазіргі кезде
жер бетінің өнімді жерлерінің 7 пайызы құнарсызданды.
Әлеуметтік-экологиялық проблемалар. Әлеуметтік-экологиялық
проблемалардың жалпы себебі адамның техникалық мүмкіндігімен өмір сүру
стратегиясының өте қарапайымдылық алшақтықтарымен түсіндіріледі. Мұнда
көбею тұрақтылықтан басым, ал халықтың саны оның сапасынан басым.
Әлеуметтік-экологиялық проблемалар халықтың өсуімен, ресурс дағдарысымен
және генофондының өзгеруімен түсіндіріледі.
Халық санының өсуі. Жерді мекендеген халық саны соңғы 2000 жыл
бойында өсуде, соның ішінде соңғы 200 жыл ішінде жедел қарқынмен өсуде. Ол
басты кептеген мемлекеттерде өлімнің күрт азаюымен түсіндіріледі. Көпшілік
халық өлімінің азаюын дәрігерлердің жетістіктері деп саналса, дегенмен бұл
мәселеде маңызды ролді, көп байқала бермейтін тамақтанудың жөне санитарлық-
гигиеналық жағдайлардың жақсаруынан деп ойлауға болды. Мысалы, АҚШ-та
адамзаттық соғыс кезінде жарақаттан 92 мың адам қайтыс болса, бөртпелі
сүзектен - 190 мың адам өлген (бөртпелі сүзектің қоздырушысы киімдегі және
бастағы биттер болған).
Қазіргі кездері Жердегі халық күніне 250 мыңға көбейсе аптасына 1 млн
750 мыңға, айына 7,5 млн-ға, ал жылына 90 млн-ға көбеюде. 1650 жылғы 500
млн халық 1987 жылы 5 млрд-қа, ал 2000 жылы 6 млрд-тан асты. Халық санының
екі еселенуі (1 млрд-тан 2 млрд-қа) 100 жылға созылса, 2 млрд-тан 4 млрд-қа
жетуі үшін 70 жыл, ал келесі екі еселенуі үшін 50 жылдан аз уақытты керек
етті. Мұндай жер шарындағы халықтың тез өсуін "демографиялық жарылыс" деп
атайды. БҰҰ мәліметтері бойынша негізгі халықтың өсуі дамушы елдер
үлесіне тиеді. Бұл елдердегі халықтың өсуі - экологиялық және әлеуметтік
проблемаларды шиеленістіреді. Дамушы елдердегі халықтар саны планета
халқының 34 түзеп, жалпы әлемдік өнімдердің тек 13 бөлігін тұтынады,
бұл тұтыну алшақтығы адам басына шаққанда әрі қарай жалғасуда. Бір
американдық көпшілік баспасы біздің планетамыздағы 6 млрд халықты бір
ағашқа 100 адам етіп сыйдырып, олардың қазіргі жағдайдағы адамдық қарым-
қатынастарын көрсеткен. Сонда төмендегідей көрініс анықталған:
- онда 57 азиат, 21 еуропалық, 14 Терістік, Орталық және Оңтүстік Америка
мен 8 Африка халық өкілдері болған;
- 50 пайыз барлық байлық 6 адамның қолында, олардың барлығы АҚШ
азаматтары;
- 70 адам оқи алмайды;
- 50 адам тойып тамақ ішпейді;
- 80 адам тұруға ыңғайсыз жайларда тұрып жатыр;
- тек қана 1 адамның университеттік білімі бар.
Жер бетінде адам санының көбеюі әр адам қажетті ресурстардан өз
үлесін ала алмаған жағдайда тоқталуы қажет. Сондай қажетті өмірлік
ресурстардың бірі - тамақ, оның жетіспеушілігінің кейбір елдерде халықтың
өсуін тежей бастады. Күн сайын әлемде аштықтан 12 мың адам өледі, 10 млн
баланың дұрыс тамақтанбаудан өмірлері қауіпті жағдайда. Тек қана Үнді
елінде толық тамақтанбағандықтан жыл сайын 1 млн бала өледі. Есеп бойынша,
гектарынан әр адамға 1 тонна астық жинаған жағдайда аштық проблемасы
болмайды. Сонда планетадағы 6 млрд-тың халыққа 6 млрд тонна астық керек, ал
жиналатыны тек 1,5 млрд тонна астық. Мұның себебі әлемдегі өр адамға тек
0,28 гектар ғана жыртылған жер келеді. Сонымен қатар, өлемде қарқынды түрде
шөлдену процесі жүріп, жыртылған жерлер қүнары төмендеуде. Тарихи кезеңде
адамзат 2 млрд гектар өнімді жерлерді жоғалтты. Адам әрекетінен пайда
болған шөлдер көлемі 10 млн шаршы км, немесе құрғақ жердің 5,7 пайызына
тең. Шөлдену процесі жылына 6,9 млн га жылдамдықпен жүруде.
Адамзат, сандар пирамида заңдылығы сәйкес, тамақтану тізбегінің
жоғарғы қабатынан орын ала отырып, жалпы биосферадағы тірі заттар
биомассасынан, көп төмен биомассаны түзуі мүмкін. М.Е.Виноградов (1994)
бойынша, биосфера өзінің орнықтылығын (тұрақтылығын) сақтайды, егерде әрбір
адам басына жылына гектарына 250 тонна тірі заттар өндірілсе. Биосфераның
барлық өнімдері (құрлық пен мұхиттардың) жылына 5x10 23 тонна түзеді.
Сондықтан биосферада оның тұрақтылығын бұзбай, тек 3-4 млрд адамның өмір
сүруі мүмкін. Қазіргі әлемдік экологиялық проблемалардың пайда болуы, әлем
халқының осы көрсеткіштен көп өсуімен байланысты болуы мүмкін.
Генофондтың өзгеруі. Адамның шаруашылық әрекеттерінің нәтижесінде
өмір сүруші ортаның өзгеруі - адам популяциясына кері, көп жағдайда
ыңғайсыз әсер етеді. Қоршаған ортадағы ыңғайсыз өзгерістер, қорытындылай
келгенде генофондының өзгеруіне әкеп соғады, бұл жағдай әлемдік
масштабта байқалады. Мутация (гендік өзгеруі), мейлі олар физикалық
әсерлермен (иондық сәулеленудің барлық түрлері); мейлі олар химиялық
қосылыстар әсерлерінен пайда болсын, көбінесе теріс сипатта болады.Ортаға
тұрмыстық және өндірістік ыластағыш қосылыстар ретінде түсетін жүздеген мың
әр түрлі химиялық қосылыстардың, тек 20 пайызы мутагендік белсенділік
көрсетеді. Нәтижесінде генетикалық салмақ көбейіп (теріс мутациялардың
жиналуы), тұқым қуалайтын аурулар түрлерінің көбеюіне әкеледі.
Қазақстанның экологиялық проблемалары
Қазақстандағы экологиялық жағдай қанағаттандырарлықтан көп алыс.
Республикамыздағы қазіргі табиғи ортаның экологиялық жагдайларына шешуші
әсер ететін шаруашылық (салаларымен негізгі антропогендік факторларды
қарастырайық. Мұнай өнімдерімен, табиғи газдармен, атомдық отынмен
жұмыс істейтін қуаты әр түрлі көптеген электростанциялар мен жылу
орталықтары көп көлемді аймақты алып жатыр. Олар газбен, шаңмен ауаны,
топырақты ыластайды, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне көп зиян келтіреді.
Ақтау қаласындағы атом реакторымен жұмыс істеп теңіз суын тұщытатын
қондырғы Қазақстанның қоршаған ортасына энергетиканың жаңа сапалық әсерін
көрсетеді. Пайдалы қазба орындарындағы өндірістер жиі ғылыми-техникалық
ережені бұзып жұмыс істейтіндіктен оны қазу, байыту және тасымалдау
кездерінде шикі заттардың ысырап болуына әкеп соғады (Сарбай-Соколов кен
басқармасы, Жезқазған кен байыту комбинаты, Қарағанды көмір бассейні,
Балхаш мыс қорыту комбинаты т.б.). Көптеген карьерлер, кендер, шахталар,
ойылып түскен аңғарлар, қазылған бос үйінділер мен карьерлерден желмен
ұшып ауа ластанады, табиғи флоралар мен фауналар құрып, жұмысшылар мен
жергілікті халық ішінде сырқаттану көбейеді. Мұнайды алу кезінде жерасты
және ыза суларының деңгейі төмендеп топырақ-өсімдіктер тұтастығы жойылады.
Маңғыстау түбегіндегі бұрғылау қондырғыларына апаратын тәртіпсіз
салынған қара жолдар топырақ эрозиясына ұшырайды. Мұнай қорларын ашық
шұңқырларда сақтау - топырақ - өсімдік жамылғысының толық жойылуына себеп
болады. Жербеті және жерасты сулары мұнаймен былғанып, халық пайдаланатын
су қоймаларына құйылады. Батыс Қазақстанның кейбір өндірістерінде табиғи
газдар мұнай ұңғыларында жанып, ауаны толық жанбаған көмірсутегі
өнімдерімен ластайды. Қара жөне түсті металлургия мекемелері суды көп
мөлшерде пайдаланады. (Өсксмен титан-магний, Лениногор, Зырян, Ульба,
Балхаш мыс қорыту т.б.). Құрамында көптеген көлемде әр түрлі майлар,
фенолдар ағын сулары өзендерге, су қоймаларына құйылады, ал ауаға көп
мөлшерде күкіртті газбен шаңдар шығарылады. Түсті металлургияда 1 толна
металл алу үшін байыту фабрикаларында 50-100 т руданы өңдейді, сондықтан
өте мол бос тау жыныстары үйіндіге жиналып, көптеген аймақты былғайды.
Минералды тыңайтқыштарды көп көлемде өндіру үшін күкірт қышқылы
пайдаланылады, ал оның қалдықтары өндірістік қалдықтармен қоршаған ортаға
түседі. Дегенмен экологиялық көп зияи атмосфераны ластайтын газды заттардан
түзіледі (Атырау, Жамбыл, Павлодар, Шымкент т.б. қалалар). Адамның ретсіз
шаруашылық әрекеттерінен топырақ жамылғысы бұзылады, жел және су эрозиясына
шалдығады, топырақтар өндірістік және тұрмыстық қалдықтармен ластанады.
Топырақ экологиясы
Қазақстанның барлық жер көлемі 2724,9 мың км2. Жер қорымыздың көлемі
өте үлкен болғанымен оның санасы соңғы жылдары күрт нашарлап отыр. Жерді
дұрыс пайдаланбау салдарына топырақ деградацияға ұшырап, құнарсыздану,
шөлге айналу процестері күшейе түсуде. Соңғы мәліметтер бойынша Республика
жерінің 180 млн.га немесе 60 % шөлге айналған. Барлық жердің 115 млн. га
жазық жерлерді, 185 млн. га жайылым және 34 млн. таулы аймақтарды га
жерді алып жатыр.
Жоғарыда аталған 235 млн.га құнарлы жердің 180 млн.га жер жарамсыз
жерлерге ұшырап, оның 30 млн.га топырақ эрозиясы, 60 млн.га тұздану, 10
млн.га химиялық және радиоактипті заттармен ластанған. Республиканың 30
млн.га жерлерін өнеркәсіп, транспорт, байланыс, елді мекендер алып жатыр.
Солтүстік облыстарда тың игеру науқанына байланысты және бірегей
бидай дақылын егу топырақ қарашірігінің 25-30 % жоғалтты.
Батыс Қазақстан аймағында мұнай-газ өнеркәсібінің қарқыннан дамуы
1000 га астам жерді қамтыса, топырақтың техногенді бүлінуі 2,5 млн-га, ал
тозған жайылым 3 млн. га жерді алып жатыр. Сол сияқты Азғыр мен Тайсойған
сынақ полигондарының игілігіне 1,4 млн.га жер бұйырған. Оның үстіне Каспий
теңізінің көтерілуі болашақта осы аймақтың шамамен 2,8 млн.га жерін су
жасады деп болжам жасалуда.
Экологиялык құйын жағдай Орталық Қазақстан жерлерін де қамтып отар.
Мұнда жердің техногенді бүлінуі, өнеркәсіптік қалдықтармен ластану, ауыр
металдардың жинақталуы, радиоактивті элементтердің және ракета-ғарыштық
қоқыстардың (Бетпақ дала) шоғырлануы тұрақты жағдайға айналған. Кейбір
аймақтарда топырақтың тозуы, бүлінуі және шөлге айналуы Ертіс, Әмудария мен
Сырдария өзендерінің су бассейінінің азаюы, Арал, теңізінің тартылуымен
тікелей байланысты болып отыр.
Балқаш-Алакөл және Шу-Мойынқұм аймақтарындағы өзгерістер, Іле өзеніне
Қапшағай су қоймасының салынып, судың жасанды реттелуі табиғатқа көп
зардаптар әкелді. Су деңгейінің 1,5-2,0 метрге төмендеуі Іле атырабы
бойынша топырақтың құрғап, бүлініп, сорланып, тозып кетуіне жол берді.
Әсіресе, Іле-Балқаш бассейіні жер жаннаты аталған Жетісу өңіріне
экологиялық апатты да ала келді, Іле бойындағы ит тұмсығы өтпейтін тоғай,
тораңғы орманы, Шарын өзенінің қайталанбас сұлу табиғаты мен каньондары
тозып, жағалаудағы шұрайлы жайылымдар құлазыған сары далаға, шөлге айналып
бара жатыр. Ендігі жерде Іле суының 10-15 % Қытай халық республикасының
алуы бұл өңірдің табиғатын тұл етері анық.
Қазақстандағы егістікке пайдаланатын жерлердің де экологиялық жағдайы
нашар. Ол жерлер республика бойынша 26610,7 мың га. алып жатыр. Соңғы
жылдары байқалып отырған әлемдік климаттың өзгеруі Қазақстанның шөл-
шөлейтті белдемдеріне әсерін тигізіп, ондағы егіс алқаптарының сапасын
төмендетіп жіберді. Бұл жерлерде топырақтың құнарсыздануы, бүлінуі және
шөлге айналуы прогрессивті түрде жүруде. Оның үстіне топырақты қорғаудың
агротехникалық шаралары, қар тоқтату, органикалық және минералдық
тыңайтқыштар беру, гербицидтер мен пестицидтерді қолданбаудан арамшөптердің
қаулап өсуі, шегіртке тәрізді зиянкестердің шексіз көбеюіне жол беріліп,
жердің сапасын төмендетті. Республика территориясында ірі ракеталық
полигондар Атырау облысының "Тайсойған", Балхаш көлі маңында "Ташкен - 4"
және "Байқоңыр" ғарыш айлағы орналасқан. Бұл жерлерде топырақ беті өте
қауіпті улы гептил жанармайы мен және ракета "қоқыстарымен" ластанған.
Гептил улы зат болғандықтан адамдардың окис тыныс жолдарына, нерв жүйесіне
әсер етіп, бүйрек, бауыр мүшелерін зақымдайтыны анықталған. Сол
сияқты ракета, космос корабльдерінің ұшуы "қышқыл жауындар" жаудырып
ортаның бірі комплексінің 3-50% биомассасмын жойып жіберді. Қазіргі кезде
Қазақстан жерінің 33,6 млн.га жері соғыс полигондарының кесірінен
бүлінгені анықталды. Сол сияқты республика аймағына барлығы 16 млрд. тонна
радиоактивті қалдық жинақталған. Ол қалдықтар Ақмола облысының - 800 га,
Жамбыл облысының - 190 га, Жезқазған облысының - 25 га, Қызылорда облысының
- 3,0, Оңтүстік Қазақстан облысының - 2 гектар жерін алып жатыр.
Нәтижесінде, бүгінгі таңда Қазақстанда радиациялық апат аймақтары мен
ондағы қазіргі қалыптасқан жағдайларда келтірілген фактілер арқылы көруге
болады.
Қазақстанның құрғақ климаты жағдайында радионуклидтер топырақта баяу
қозғалып, ұзақ сақталып, экожүйелерді бүлдіреді. Осылайша топырақ негізгі
ластану көзі ретінде радионуклидтерді өсімдіктерге одан жан-жануарларға,
адамға жеткізіп отырады. Ал, адам баласы өз кезегінде генетикалық,
соматикалық, онкологиялық ауруларға ұшырап, зардап шегеді. Қазірдің өзінде
Қазақстанда 2,6 млн. адам мутагенез ауруымен есепте тұрады. Атырау
облысында 32 мың адам анемии, сүйек рагі, тубуркулез, жүйке ауруларымен
ауырып зардап шегуде.

ІІ Тарау. Озон қабатының таусылу проблемалары және
топырақ экологиясы.
2.1 Биологиялық әр алуандықта ғаламдық өзгерістер.
Озон тесігінің ұлғаюы жайында ғалымдардың айтқан болжамдары
шындыққа айналуда, Ньюсуик журналының хабарламасында Американың ұлттық
аэронавтика мен ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі басқарма мамандары соңғы
кезде атмосферада шоғырланған химиялық затгардың аса көп мөлшері туралы
айтады. Олар жердің озон қабатын бұзып, барлық тіршілік иелеріне
ультракүлгін сәулелердің өтуіне ықпал етуде. Бұрын озон тесігі адам аз
қоныстанған жерде болса, енді халық жиі тұратын аймақтарда да пайда бола
бастады.
Озонның үлесі өте аз - атмосфера көлемінен бірнеше ондаған миллион
үлесіндей ғана. Күннің қатқыл ультракүлгін сәулелерінен ол барлық тіршілік
иелерін қорғайды. Озон қабатында тесіктің пайда болуы - адамдарда тері рагы
және көзді шел басу ауруларының өсуімен қауіпті болуда. БҰҰ-ның ресми
мәліметтеріне сәйкес озон қабаты 1%-ке қысқарса, әлемде 100 мың адамның
көзін шел басып (катаракт), 10 мың адам тері рагы ауруына ұшырайды екен.
АҚШ мамандарының пікірінше атмосферадағы озонның әрбір процентке азайып
кетуі, экватор аймағындағы халықтың (барлық тіршілік иелерінің) 4-5%
иммунитетін төмендетіп, ауру-сырқауды асқындырып жібереді. Мысалы, соңғы 7
жылда АҚШ-та тері рагының қауіпті түрі маленомамен ауыратындар саны 3-7%-ке
артып отыр.
Денсаулыққа әсер етумен қатар, озон қабатының азайып, кеміп кетуі
жылыжай әсерін күшейтіп, егін шығымы түседі, топырақ бұзылады, жалпы
қоршаған ортаның ластануы етек алады. Атмосферадағы озонның азайып кетуіне
не себеп болды? Бұл сұрақ оңтүстік полярдағы Антарктида үстінде байқалған
Озон тесігі, яғни, осы аймақта көктем кезінде озон - екі есеге дейін
кемігені туралы жарияланған кезде пайда болады. Ол тесіктің көлемі АҚШ
аумағындай болды. 50 ж. соңына таман халықаралық геофизика жылында озон
қабаты ғалымдардың назарын аударған еді. Содан бері қарай жүйелі зерттеулер
жасалып келеді. Оның табиғи өзгергіштігі туралы, озон қабатының
геофизикалық бөлінулері тұрғысында көп білуге мүмкіндік туды. 70 ж. басында
озонға деген қызығушылық бұрқ ете қалды. озон тесігі өте жүйрік Конкорд
(ағылшын-француз фирмасы) пен ТУ-144 ұшақтарының әсерінен деген болжамдар
айтылды. Яғни, олардан шыққан газдар озон қабатының бұзылуына әкелуде,
десті мамандар. Бірақ, ол айтқан болжамдар кейіннен дәлелденбеді. 70ж.
екінші жартысында жаңа идея айтылды. Озон қабатын фреондар (хлор-фторлы
көмірсутектілер) бұзады десті. Бұл заттар тұрмыста қолданылады:
тоңазытқыштар мен кондиционерлер, аэрозолдар. Тегі фреондар улы емес,
бірақта өте тұрақты және ерте ме, кеш пе құйын тәрізді ауаның қозғалысымен
атмосфераға түседі. 20-25 км биіктікте озон барынша көп, фреондар күннің
ультракүлгін сәулелерінен ыдырап, еркін хлорға айналады. Содан, ол озонның
табиғи бұзылу процесін күшейте түседі. Хлордың бір молекуласы озонның 10
мың молекуласын бұзуға жеткілікті дейді. Жер серігі арқылы және ұшақтардан
жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, Антарктиданың үстіңгі қабатында
көктемде 12-13 және 25 км деңгейде түгелге жуық озон бұзылады.
Төменгі температурада фреонның радикалдары қатып бұлтқа айналады
да, көктемде күн жылынған кезде бұлттан ажырап озондарды бұзады.
Антарктидадағы ауа қозғалысының әлсіздігі салдарынан (орта кеңістікпен
салыстырғанда континент 3-4 км көтеріңкі) көлемді озон тесігі пайда болады.
Жазда орта және тропикалық кеңістіктен келетін ауа ағыны атмосферадағы
озонның құрамын қалпына келтіреді.
70 ж. соңына таман әлемдік фреон өндірісінің көлемін және атмосфераға
түсуін есептеген мамандар: егер де осындай қарқынмен жүре берсек, онда біз
озон қабатының жұқару проблемасына тап боламыз деген қорытындыға келді.
Болуы мүмкін апаттың көлемін түсінген Норвегия, Швеция, АҚШ, Финляндия
елдері - фреонды аэрозолды буып-түйетін заттарды мүлдем қолданбауға шешім
шығарды. Өкінішке қарай, КСРО-ның бұрынғы басшылары бұл мәселеге немқұрайлы
қарады. Үкіметке осы жайлы ешкім де ұсыныс жасаған жоқ. 1985 ж. Венада озон
қабатын қоргау жөнінде Конвенция қабылдамаса, 1987 ж. Монреалда озонды
бұзатын заттектілерді, атап айтқанда фреондардың ауаға шоғырлануын қысқарту
туралы халықаралық хаттамаға қол қойылды. Хаттаманы толық бекіткен
жағдайдың өзінде ЕЭҚ-тағы басты елдерді қамтамасыз ете алмайды. Ол тек
жалпы әлемдік фреои тұтынудың 23-ін ғана қамтиды.
Әлем қауымдастығының Вена конвенциясының және Монреал хаттамасының
шектеулі шараларына қарамастан, озон қабаты жыл сайын біртіндеп азайып
барады. Ол жылына жалпы мөлшерінен 0,5-0,7% шегінде азаюда. Жекелеген
аудандарда, атап айтқанда, Антарктидада 1979-1992 жж. кезеңінде шамамен 50%-
ке қысқарды (1% азаю ультракүлгін сәулелердің жер бетіндегі сәулелену
қарқынын 1,5%-ке жеткізеді).
1995 ж. жетімсіздік деңгейі бойынша және Ресей аумағын көлемді
қамтыған таңдаусыз озон аномалиясы орын алды. Росгидрометтің мәліметі
бойынша 1995 жылдың ақпанында солтүстік жарты шардың жоғарғы жағынан бәрі,
әсіресе Оралға дейін, Шығыс Сібірдің үстінде озонның шоғырлануы рекорд
дәрежесіне жетіп, 40% болып, 25 тәулік бойына сақталды. Наурыздың ортасына
таман кейбір аудандарда 50%-ке жетті.
1995 жылдың сәуір мен желтоқсан айларында климаттың мөлшерден тыс
ауытқулары 15% болды. Соңғы он шақты жыл ішінде салыстырып, қарағанда ТМД-
ның батыс облыстарынан Сібірге және Якутияға қарай озонның біршама жылжуы
байқалды. Оңтүстік жарты шардағы озон тесігінің 1995 ж. көлемі 10 млн км2
құрап, Еуропаның аумағымен бірдей болды. Үлгіні бағалау көрсеткендей озон
қабатын бүлдіругс әкелген хлоринді (галогенді көмірсутектерді енді осылай
атайды) келесі онжылдықта күтуге болады.
Бұдан ары қарай да озон қабатының бұзылуы жалғаса береді, әсіресе,
атмосферада төменгі температура болған кездерде. Шұғыл шараларды қолданудың
қажеттілігі жоқ, өйткені солтүстік және орта ендікте күн өте төмен және
аспанды үнемі бұлт жауып тұрады — деп көпшілігі айтады. Соған қарамастан,
Монреал хаттамасын орындау бойынша ынтымақтастық жалғасуда. Халықаралық
түрлі бағдарлама бойынша зерттеулер үнемі жүргізілуде. 1988-89 жж. АҚШ
ұлттық ғарыш агенттігі екі үлкен бағдарлама шеңберінде зерттеулер
жүргізеді. Нәтижесінде Арктикада озон тесігі байқалмады, керісінше,
көктемде озонның азайғаны анық байкалды. Оның ең төменгі деңгейі 1994 ж.
ақпанның жартысында, ал өте кең озон тесігі Антарктидада қаңтарда байқалды.
Сол жылы солтүстік орта ендікте, негізінен Сібірдің үстінде және Еуропа
бағытына қарай жақта озон қабатының төмен деңгейі анықталды. Сібірдің
үстіндегі озон қабаты 470-410 м. (атм-см) нормасынан 25%, 250-270 м (атм-
см) дейін қысқарды. Ал, Еуропа үстіндегі қысқарған озон қабатың 10-12%
құрады, бұл қалыпты ауытқудың статистикалық шегіне жақын деген сөз.
1994ж. озон деңгейінің төмен болуына 1991ж. Пинатуба жанартауының
атқылауы себеп болды деген болжамдар айтылады. Бірақ та, 1994 ж.
жанартаудың қалдықтары ауа тозаңынан табылған жоқ. Озон қабатының таусылу
себептері сол баяғыдай химиялық бұзылудан деп тұжырымдалуда. Сонымен қатар,
хлоринді Артикадан күн көп түсетін 60-45° солтүстік ендік аралығында,
стратосфераның температурасы қалыпты жағдайдан 8-10°С төмен болу себебінен
болып отыр, Озон қабатына бай экваторлық стратосферадан, басқа да табиғи
маңызды процестерге байланысты ауысулардың қиындығынан да болып отыр.
Озон қабатының экватордан оңтүстікке қарай 1994 ж. қысқаруы БҰҰ
бағдарламасына сай зерттеу нәтижесінде 1-13%-ті құрады (аймақ бойынша).
Көбірек зардап шеккен Бразилияның оңтүстік штаты болды (7-13%), онда тері
рагімен ауырғандар 65%-ке артып отыр.
Соңғы жылдары Ресей, АҚШ, Германия, Жапон және өзге елдердің
ғалымдары озон қабатын сақтап, қорғаудың жолдарын іздестіруде. Олар
стратосфераға химиялық және физика-химиялық әдістермен белсенді түрде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамзат өзекті мәселелері және БАҚ
Экологиялық проблемалардың салдары
Ұлттық экологиялық проблемалар
Мұхитты экологиялық қорғау жолдары
Экологиялық мәселенің мәні
Әлемдік мәселелердің экономикалық жақтары
Жергілікті экологиялық проблемалар
Экологиялық білім беру сатысы
Қазақстандағы ауаның ластануы
Қазақстан мен Өзбекстан экономикалық байланыстары
Пәндер