Еңбек нарығы жұмыссыздық


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 5

І. Жұмыссыздықтың теориялық негізідері . . . 7

1. 1Жұмыссыздықтың мәні, пайда болу себептері мен түрлері . . . 7

1. 2Жұмыссыздық деңгеймен Оукен Оукен заңы . . . 10

1. 3Жұмыссыздықтық әлеуметтік экономикалық салдары . . . 11

ІІ Жұмыспен қамтуды мемлекеттік талдау . . . 12

2. 1Мемлекетін жұмыспен қамтудағы бағдарламалары . . . 12

2. 2. Еңбек нарығы және оның еңбек биржаларының қызметтері. 17

ІІІ ҚР-ғы еңбек нарығы және халықты жұмыспен қамту . . . 21

3. 1КР-ғы халықты жұмыспен қамту бағдарламалары . . . 21

3. 2 ҚР-ғы еңбек нарығының қалыптасуы және оның қызыметтері . . . 24

Қорытынды . . . 30

Әдебиеттер тізімі . . . 32

Кіріспе.

Адамзат тарихының тәжірибесі, адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы, яғни, талаптануы, тек нарық, оның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асатыкдығын көрсетті. Еңбек нарығы дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным, Әрине, бұл тым ерекше, өзгеше нарық. Жұмыс күшін реттеуде оны әкімшілдік-әміршілдік әдіске қарама-қарсы әдіс деп қарауға болады. Еркін еңбек - бұл тиімді экономиканың негізі.

Осы уақытқа дейін біздің елімізде еңбек нарыға болмады. Мамандарды қайта дайындаудың тым қарапайым жүйесінің болуы -тұрғындарды толық бірақ тиімсіз түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызды өмір сүру ресурстарын бөлуде теңгермешілдікке жол берді, ал ол белгілі бір дәрежеде қоғамның өндіргіш күштерінің дамуым тежеді. Әкімшілдік-әміршілдік басқару жүйесі жағдайыңда мемлекет, жұмыспен толық қамту мәселесін өндіргіш күштерді орналастыру бағдарламасына сайкес орталықтанған жоспар бойынша өндіріс салалары мен аймақтарына бөлу арқылы шешіп отырды. Жаңа жұмыс орындарын жасау еңбек етуге қабылеті бар тұрғындардың санына асыл кетіп отырды, ал өз кезегінде жұмыс күшінің тапшылығын тудырды. Және де, бұл қардарлық экстенсивті типтегі шаруашылық мехамизмінен қолдау тауып отырды: кәсіпорынның жалақы қоры жұмыскерлердің санынан тәуелді болды, олардың санының өзгеріп отыруы еңбек өнімділігінің төмендігінің және жұмыскерлерді өндірістегі негізгі жұмыстарынан ауыл шаруашылық және басқа жұмыстарға пайдаланудың орнын толтыруға тиіс еді.

Оның есесіне жұмыскерге, белгілі бір жұмыс орнына ие балуға нақты кепілдік беретін және оны жұмыстан шығару іс жүзінде мүмкін болмады, Соның нәтижесінде жұмыс күшіне деген сұраным еркіндігі мен ұсыным еркіндігі қатаң шектелді. Мемлекет жұмыскерлердің белсенділігі мен қозғалысына қатаң бақылау жасап отрды, олардың өздерінің жұмыс күшін қолданумна тек қана мемлекет белгілеген еңбек нысандарының шеңберінде ғана рұқсат етілді.

Кадрларды тұрақтандыруда "жас маман" институты, белгілі бір кезеңге мерзімдік шартқа қол қою сияқты тікелей әдістер, тиісті жұмыс уақыты өтелгеннен кейін потер беруге уеде ету, бір кәсіпорыңда істеген үзіліссіз жұмыс стажын жоғалту қатері сияқты қанама әдістер де қолданылды. Өздерінің қабілетін талығырақ көрсетуге және лайықты өмір қалпын қамтамасыз етуге мүмкіңдік беретін жұмыс іздеу ұмтылысы - қалада төлқұжат тәртібі түрінде, елде керісінше колхозшыларға төлқұжат бермеу, жұмыстан шығуға кедергі жасау, пәтер алу қиындықтары сияқты әкімшілік механизмі кедергілеріне тірелетін. Бір орында ұзақ уақыт жұмыс істеу экономикалық тұрғыдан да және әлеуметтік тұрғыдан да ынталандырылды. Соның натижесіңде еңбекті ауыстырудың экономикалық заңы бұзылды. Оның мәні - адам өзінің зкономикалық жағдайын жақсарту үшін белсене жұмыс істеуі керек ал ол, үнемі өзін-өзі жетілдіруді қажет етеді, соған сәйкес жұмыс істейтін өмірінің барлық кезеңі бойына еңбек ету нысанын ауыстырып отырады.

Мысалы, американдықтар еңбек ететін өмірі бойына, орта есеппен 7, 5 рет жұмысын ауыстырады. Жапонияда, бір бөлегі өмірілік жолдаумен қамтылған жұмысшылар 2, 6 рет жұмысын ауыстырады екен. Батыс Европада бұл көрсеткіш Жапонияға қарағанда жоғары, бірақ АҚШ-тағыдан төмен. Бұл процесс, нарықтық принциптерге көшіп жатқан эконмикаға тән көрініс. Мысалы Финляндияда өндірісте және басқа салаларда жұмыс істейтіндердің үштен бірі мамандықтарын ауыстырады немесе басқа жұмысқа ауысады.

Бұл жағдайлар, қазірде нарықты экономикаға өту кезеңін басынан кешіріп жатқан біздің елімізге де тән бола бастады. Атап өту керек - бұл процесс өте шиеленісті жағдайда өтуде. Мемлекетсіздендіру мен жекешелендірудің нәтижесінде көп укладты экономика орнығуда, ал ол, өз кезегіндр мемлекеттік секторда жұмыс пен тұрақты түрде қамтылған жұмыскерлердің босауын жеделдетуде. Кәсіпкерліктің және басқа да шаруашылық нысандарынын баяу қалыптасуы, жұмыстан босап қалған жұмыскерлерді жұмыс пен қамтуға мүмкіндік бермей отыр. Қалыптасқан шаруашылық байланыстардың үзілуі, соның салдарынан шикізаттың және жабдықтардың қардарлыры өндіріс қуатының толық пайдаланылмауына, көптеген кәсіпорындардың банкротқа ұшырауына әкеліп соқтыруда. Корыта айтқанда жұмыссыздық нарықты экономикаға тән құбылыс болып табылады. Бірақ оның әр елдің ішкі жағдайын
байланысты белгілі бір мөлшері болады, Егер жұмыссыздар сол мөлшерден асып немесе кеміп кетсе нарықты экономикаға залалын келтіреді. Ал қажетті деңгейде тұрса, онда экономиканың тиімді дамуыма қолайлы жағдай жасайды. ;

Қазіргі танда Қазақстанда жұмыспен қамтамасыз ету шамамен қандай? Біздің елде еңбек ресурстары 2005 жылы 9, 4 миллион адамға жетті, немесе халықтың жалпы санынын (17 млн. адам) 55 процентін құрады. Халық шаруашылығы қызметінің барлық салаларында 7, 4 миллиои адам жұмыспен қамтылған. Олардың 6 миллионға таяуы немесе 81 проценті экономиканың-мемлекеттік секторында жұмыс істейді. Бұл мемлексттік кәсіпорынлардың әлі де басым екендігін, яғни нарық механизміне тән еңбекпен қамту қатынастарының қалыптасуы өте баяу жүріп жатқандығын көрсетеді.

І. Жұмыссыздықтың теориялық негізідері.

1. 1Жұмыссыздықтың мәні, пайда болу себептері мен түрлері.

Қазірде жұмыспен қамту саласында, өндіріске қажетті жұмыс күші мен олардың жұмыстың жағдайына қоятын талабы арасында елеулі қайншлықтар бар. Оның шиеленісуі - кадрлардың тұқсыздығанан көрінеді. Миллиондаған адамдар, өздерінің эконо микалық және әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында орнын ауыстырам деп біраз уақыт жұмыссыз қалады. Ол көбінесе 2 айдан 6 айға дейін созылады. Сонымен бірге миллиондаған дипломы бар мамандар да ондай дайындық деңгейін талап етпейтін қызметтерде жұмыс жасайды, ал бұл құрылымдық, яки салалық жұмыссыздықтың орын алып отырғаның көрсетеді.

Сонымен қатар қазіргі еңбекпен қамту қатынастары, әкімшілдік экономмка жағдайында қалыптасқан жұмыспен қамтамасыз ету қатынастарының терең дағдарысын керсетіп отыр, Біздің қоғам әкімшілдік басқару жүйесі жағдайында халықты толық, әсіресе тиімді снбекпен қамту мәселесін шеше алмады. Бұл ұғымдар туралы біз нені түсінеміз. "Еңбекпен толық қамту дегеніміз, ол халық шаруашылығы көлемінде еңбекке деген қабілеті бар халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету. Ал тиімді еңбекпен қамту дегеніміз қоғамдық қажеттіліктерді минималды еңбек шығындарымен қанағаттандыру.

Толық жұмысбастылық ұғымына анықтама берудің алдында біз жұмыссыздықтың 3 түрімен танысуымыз керек: уақытша, құрылымдық және циклдік.

Уақытша жұмыссыздық

Кейбір адамдар өз мамандықтары бойынша қызмет түрлерін таңцау мүмкіншіліктері бар кезде "жұмысаралық" жағдайда қалады. Кейбіреулерін жұмыстан шығарып жіберіп, олар басқа жұмыс орнын іздеп жүреді. Басқа біреулер тұрақты жұмысын жоғалтқандықтан уақытша жұмыссыз болады (мысалы, құрылыстағы қолайсыз ауа райы жағдайы) . Сонымен қатар жастар арасында алғаш рет жұмыс іздеп жүрген адамдар санаты болады.

Осы жұмыссыз адамдар жаңа жұмыс орнына немесе уақытша жоғалтқан жұмысқа қайтып келген кезде, олардың орнын басқа жұмыссыздар басады. Сондықтан, әр түрлі себептермен жұмыссыз қалған адамдар санаты құрамын өзгертсе де, осы жұмыссыздық типі қала береді. Жұмыс іздеп жүрген немесе жұмыс орнын алуын күтіп отырған адамдарға экономистер "уақытша жұмыссыздар" деген термин қолданады (Ол жұмыстың қайта жаңғыруымен немесе іздеумен байланысты) .

Уақытша деген анықтама бұл құбылыс мәнін нақты көрсетеді: еңбек нарығында жұмыс орны мен жұмыс күші арасында сәйкестілік орнамайды. Уақытша жұмыссыздар еңбек нарығына ұсынатын "білімдері" бар деп есептелінеді.

Уақытша жұмыссыздық міндетті және ерікті болып болінеді. Жұмысшылардың көпшілігі жұмысаралық жағдайға өз еркімен түседі, олар - өздерінің төмен жалақылы жұмыстарын жоғары төлемақылы жұмысқа ауыстырады. Бұл жұмысшылардың өздеріне үлкен табыс әкеледі жоне еңбек ресурстарының ұтымды пайдасын арттыру дегенді білдіреді. Яғни, жалпы экономикадағы нақты өндіріс көлемінің ұлғаюы.

Құрылымдық жұмыссыздық

Уақытша жұмыссыздық ақырындап "Құрылымдық жұмыссыздық" деп аталатын екінші санатқа ауысады. Экономистер "құрылымдық" терминін құрамдық деген мағынада қолданады. Уақыт өте келе технология мен сұраныс құрылымында өзгерістер болады, олар өз алдына еңбек күшіне жиынтық сұраныс құрылымын өзгертеді. Осы өзгерістердің нәтижесінде кейбір мамандықтарға деген сұраныс азаяды немесе мүлде жойылады. Басқа мамандықтарға, соның ішінде жаңаларына сұраныс көбейеді. Бұл жағдайда еңбек күші еңбек орындарының құрылымындағы жаңа өзгерістерге бірден және толық жауап бере алмағандықтан жұмыссыздық пайда болады. Кейбір қызметкерлердің өздерінің мамандық тәжірибелері нарық сұранысына сәйкес келмейтініне көздері жетеді; олардың тәжірибесі мен іскерлігі технология мен сұраныс сипатында болған өзгерістерге байланысты ескіріп, керексіз болып қалады. Сонымен қатар жұмысбастылықтың географиялық құрылымы әрдайым өзгеріп тұрады. Бұған соңғы 10 жылда байқалған жұмыс орындарының "қысқы белдеуден" - "жазғы белдеуге" миграциясы мысал бола алады.

Уақытша және құрылымдық жұмыссыздық арасындағы айырмашылық анық емес. Уақытша жұмыссыздарда "сатуға" болатын тәжірибе бар, ал құрылымдық жұмыссыздар жаңа жұмыс орнына орналасуы үшін арнайы оқу курсын өтуі керек, ал кейде тұрғын жерін де ауыстыруы керек. Уақытша жұмыссыздық қысқа мерзімді, ал құрылымдық жұмыссыздық ұзақ мерзімді, сондықтан ол қауіпті болып саналады.

Циклдік жұмыссыздық

Циклдік жұмыссыздық құлдырау кезеңінде, яғни жалпы немесе жиынтық шығындардың жетіспеушілігімен сипатталатын кезеңце пайда болады. Тауарлар мен қызметтерге жиынтық сұраныс азайғанда, жұмысбастылық төмендейді жұмыссыздық өседі. Сол себепті циклдік жұмысыздық "сұраныс тапшылығына байланысты жұмыссыздық" деп атайды.

Толық жұмысбастылық ұғымы.

Толық жұмысбастылық жұмыссыздықтың мүлдем жоқтығы немесе Экономистер уақытша және құрылымдық жұмыссыздықты І болмай қоймайды деп санайды, осыдан толық жұмысбастылық ұғымы еңбек күшінің 100%-нен аз бөлігін қамтитын жұмысбастылық болып саналады. Дәлірек айтқанда, толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі уақытша және құрьшымдық жұмыссыздық деңгейлерінің қосындысына тең.

Басқа сөзбен айтқанда, толық жұмысбастылық кезінде жұмыссыздық деңгейі циклдік жұмыссыздық нөльге тең болғай жағдайға ғана жетеді. Толық жұмысбастылық кезінде жұмыссыздықты "жұмыссыздықтың табиғи (шынайы) Деңгейі" деп те атайды. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейімен қосарланған ішкі өнімнің нақты көлемі экономиканың өндірістік әлуеті" деп аталады. Бұл толық жұмысбастылық кезіндегі экономика ендіре алатын өнімнің нақты (шынайы) көлемі. Толық жұмысбастылық кезеңіндегі жұмыссыздық деңгейі немесе жұмыссыздық табиғи деңгейі еңбек күші нарықтары тепе-теңдік кезеңінде болғаңца, яғни жұмыс іздеушілер мен жүмыс орындардың саны сәйкес келген жағдайда орналады. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі дегеніміз өлшем, өйткені уақытша жұмыссыздарға сәйкес бос орындарды табу үшін уақыт керек. Құрылымдық жұмыссыздарға да жұмысқа орналасу үшін оқу курстарын өтуге немесе басқа жерге көшу үшін уақыт керек. Басқа жағынан қарағанда, жиынтық сұранысы артық болған жағдайда, жұмыс күшінің жетіспеушілігі байқалады, яғни бос жұмыс орындардың саны жұмыс іздеп жүрген адамдар санынан артық болады. Мұндай жағдайда жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейінен темен болады. Еңбек күші нарықтарындағы мұндай тапшылық инфлшдиямен қатар болады.

1. 2 Жұмыссыздық деңгеймен Оукен Оукен заңы.

Жұмыссыздық пен нақты ЖҰӨ көлемі арасыңда қандай тәуелділік бар? Жұмыс істейтіндер өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызмет түрлеріне байланысты жұмыстарды атқарады, ал жүмыссыздар - атқармайды, осыған байланысты жұмыссыздық деңгейінің жоғарылауы нақты ЖҰӨ көлемінің төмендеуіне әсерін тигізеді Бұл жұмыссыздық деңгейі мен ЖҰӨ көлемі арасындағы жағымсыз тәуелділік, бірінші болып осы тәуелділжті зергтеуші, экономист Артур Оукеннің есімімен Оукен заңы деген ат алды.

Жұмыссыздық деңгейімің қозғалысы

сурет. Оукен заңы. Сурет пиктограмма болып табылады, мұнда горизонталь ось бойынша жұмыссыздық деңгейінің өзгерісі көрсетілген, ал вертикаль ось бойынша - нақты ЖҰӨ көлемінің өзгерісі пайыз түрінде көрсетілген. Әрбір нүкте белгілі бір жылға сәйкес. Осы екі ауыспалылардың арасында теріс тәуелділік әр түрлі бағытты көрсетеді, ол әрбір жұмыссыздықтың нақты ЖҰӨ көлемінің төмендеуімен байланысты екендігін көрсетеді.

Суретте Оукен заңы Құрама Штаттар деректері бойынша көрсетіледі. Сурет пиктограмма болып табылады, ондағы әрбір нүкте бір бақылаудың нәтижесі болып табылады (бұл жағдайда - белгілі бір жыл бойынша) . Горизонталь ось бойынша өткен жылмен салыстырылған жұмыссыздық деңгейінің өзгерісі көрсетілген, ал вертикаль ось бойынша - пайыз түріндегі нақты ЖҰӨ көлемінің өсім қарқыны көрсетілген. Суретте жұмыссыздық деңгейінің өзгерісі нақты ЖҰӨ көлемімен тығыз байланысты екендігі анық көрсетілген.

Жұмыссыздықтың өзгермейтін деңгейінде заң өлшемділігі болады, яғни мұнда нақты ЖҰӨ көлемінің өсім қарқыны тұрғы халықтың өсімімен, капиталдың жиналуымен және ғылыми-техникалық профестің өсімімен белгіленіп, 30%-ды құрайды. Сонымен қатар, әрбір жұмыссыздық деңгейінің жоғарьшауын 1%-ға, нақты ЖҰӨ көлемінің өсім қарқынын 2%-ға төмендетеді. Сол себепті, жұмыссыздық деңгейінің 6 және 8%-ға өсімі нақты ЖҰӨ көлемінің өсімін былай қүрайды: 3 - 2 х (8 - 6) = -7%.

Осыған байланысты, Оукен заңы бойынша, экономиканың төмендеуімен нақты ЖҰӨ көлемі 1%-ға төмендейді.

Оукен заңы жұмыссыздық деңгейі мен ЖҰӨ арасындағы байланысты көрсетеді.

Қорытынды: экономикалық статистикадан экономикалық үлгілерге

Осы тарауда қаралған 3 статистикалық көрсеткіш жалпы ұлттық өнім тұтыну, қүн индексі, жұмыссыздық деңгейі - экономика жағдайын сандық түрде бағалауға мүмкіндік береді. Бұл көрсеткіштер жеке тұлғалардың шешім қабылдау үрдісінде қолданылады, сонымен бірге мемлекеттік экономика үшін, экономикалық саясатты талдау үшін қолданылады. Экономистер бүл көрсеткіштерді экономиканы дамыту теорияларын жасау және тексеру үшін қолданады. Келесі тарауларда біз осы теорияларды қарастырамыз. Бұл көрсеткіштерді анықтайтын жаңа факторларды алу үшін және экономикалық саясаттың осы көрсеткіштерге әсер етуін білу үшін біз әр түрлі үлгілер құрамыз.

1. 3Жұмыссыздықтық әлеуметтік экономикалық салдары.

Тұрақты жұмыссыздар қатарының болуы бір нәрсені ана куәландырады, еңбек рыногында бәсекеге қатысы жоқ факторлар бар, олар жалақының тепе-теңдік жағдайынан жоғары көтерілуін қалайды, соған итермелейді. Жоғарыда айтылғавдай осы кезде еңбекшілердің біраз бөлігі жұмыссыздықтарды кебейтеді. Мұндай бәсекеге қатысы жоқ факторлардың барлығы мынадан көрінеді: соңғы он жылдықта жұмыссыздықтың көбеюі.

Ірі кориорациялар, әдетте, жалақы ставкасының уақыты жағынан тұрақты, стандартты болуын жақтайды, оларды еңбек рыногындағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты қайта қараудан бас тартады.

Бұл тарауда жұмыспен, еңбекпен қамтамасыз етудің классикалық теориясъшьің негізгі бағыттары қаралады. Дж. М. Кейнстің еңбектерінде бұл теория сынға ұшырап, ол біраз езгертілді. Жұмыспен қамтамасыз ету теориясының өкілдерімен пікір таластыра отырып, ол жетілдірілген бәсеке тұсындағы ішкі бейімделгін механизмге қарсы болды. Бұл механизмнің нәтижесінде толық жұмыспен қамтылған кезде рынокта тепе-теңдік болады дегенге күмәнданады. Дж. М. Кейнсте еңбек қатынастарына мемлекеттің белсенді қатысуын жақтап, тек қатаң тұрақты жалақы ғана тепе-теңдік жағдайды қамтамасыз етеді деп есептеді. Мұнда да оның пікірінше жинақтық сұраныстың жеткіліксіздігінен амалсыз жұмыссыздық болады. Бірақ жетілдірілген бәсеке жүйесіне тән тұрақсыздық жойылады. Қазіргі неоконсерватизмнің жақтаушылары жаппай жұмыссыздықтың негізінде рыноктық бәсекеден тыс факторлардың әсерінен болатын жалақының қатаң жүйесін жояды. Жұмыссыздық өз еркімен де болуы мүмкін, жұмыс орны болса да жұмысшыға жалақы деңгейі ұнамайды, немесе еңбек сипаты көңілдегідей емес (ауыр, қызықты емес), еңбектің маңыздылығы төмен. Амалсыздан, болатын-жұмыссыздық жалақы белгілеудегі рыноктық тепе-теңдіктің сатысын белгілеумен байланысты, мұнда жұмысшы күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың арасында алшақтық болады.

Қазіргі экономикалық теория жұмыссыздықтың үш түрін ерекше бөледі.

Фрикциондық жұмыссыздық, жұмыс күшінің аймақтылық, кәсіптік және жасына қатысты қозғалысымен (жаңа орынға көшуі, басқа кәсіпке бейімделуі, оқуы, бала бағу) байланысты. Өзінің мазмұны жағынан фрикциондық жұмыссыздықты өз еркімен болатын жұмыссыздарға жатқызуға болады.

ІІ. Жұмыспен қамтуды мемлекеттік талдау.

2. 1Мемлекетін жұмыспен қамтудағы бағдарламалары.

Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасыңда тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қызмет пен кәсіп түрлерін еркін таңдауға бірдей мүмкіндіктерді, әділ де қолайлы еңбек жағдайларын, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге;

  1. нәтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, жұмыссыздықты азайтуға, жұмыс орындарын ашуға;
  2. білім беру жүйесін еңбек рыногының қажеттеріне және иивестициялық саясатты ескере отырып, оның даму перспективасына сай кадрлар даярлау ісіне бағдарлауға;
  3. азаматтардың зандарға сәйкес жүзеге асыратын еңбек және кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға, олардың өнімді және шығармашылық еңбекке қабілетін дамытута жәрдемдесуге;
  4. бар жұмыс орындарын сақтаған және жаңа жұмыс орындарын, оның ішінде нысаналы топтарға арналған жұмыс орындарын ашатын жұмыс берушілерді ынталандыруға;
  5. уәкілетті орган және жеке жұмыспен қамту агенттігі арқылы еңбек делдаддығыы ұйымдастыруға;
  6. шетелдік жұмыс күшін тартуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшін шығаруға байланысты қызметті лицензиялауға;

7) жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі республикалық іс-шараларды жергілікті атқарушы органдар қолданатын шаралармен ұштастыруға;

8) халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметті экономикалық және әлеуметтік саясаттың басқа да бағыттарымен үйлестіруге;

9) еңбек рыногының бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруға;

10) мемлекеттік органдардың халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етілетін шараларды әзірлеу мен іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіріп, реттеп отыруға және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;

11) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдегі және шетелдіктердің Қазақстан Республикасының аумағындағы еңбек қызметіне байланысты мәселелерді шешуді қоса алғанда, халықты жұмыспен қамту проблемаларын шешуде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыруға;

12) жұмыс берушілер, қызметкерлер және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын әзірлеу мен іске асыруға қатысуын қамтамасыз етуге;

13) жұмыспен қамту саясатымен үйлестірілген, қосымша жұмыс орындарын ашу ісін ынталандыруды қолдайтын қаржы, салық және инвестиция саясатын жүргізуге бағытталған.

Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктер

1. Мемлекет азаматтарға халықты жұмыспен қамту саласында:

  1. кемсітушіліктің кез келген нысанынан қорғауға және кәсіп пен жұмысқа ие болуда бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге;
  1. жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға;
  1. уәкілетті органдардың делдалдығы арқылы жұмыс таңдау мен жұмысқа орналасуда жәрдемдесуте кепілдік береді.

2. Мемлекет халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді.

Нысаналы топтарға:

табысы аз адамдар:

21 жасқа дейінгі жастар;

балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар;

кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;

Қазақстан Респупубликасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтізуі. Көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;

зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығығуға екі жыл қалған) ; мүгедектер;

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар.

Орталық атқарушы орган қызметінің тәртібін, оның құқықтық мәртебесін және құзыретін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Орталық атқарушы орган өз қүзыреті шегінде:

  1. уәкілетті органдарға әдістемелік және ұйымдық басшылықты жүзеге асыруға;
  2. еңбек рыногының бірыңғай ақпараттық базасын құру негізінде жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдауға, болжауға және халық пен Қазақстан Республикасының Үкіметіне еңбек рыногының жай-күйі туралы хабарлап отыруға;
  1. халықты жұмыспен қамтудың Республикалық бағдарламасын әзірлеуге;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы жұмыспен қамту бағдарламалары және нәтижелері
Еңбек нарығы әлеуметтік жағдайды қалыптастыратын фактор ретінде
Еңбек нарығының қызметтері
Жүмыссыздық туралы жалпы түсінік және оның теориялары
НАРЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНДА ЕҢБЕК НАРЫҒЫНЫҢ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстан өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін көтеру резервтері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖУМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ
Жұмысссыздық және экономикалық өсуге тигізетін әсері
Еңбек нарығы және халықты жұмыспен қамту
Ұмыссыздықтың теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz