Еуразиялық Экономикалық Одақ мемлекеттеріндегі банк секторының ағымдағы жағдайына талдау


Еуразиялық Экономикалық Одақ мемлекеттеріндегі банк секторының ағымдағы жағдайына талдау
Әшірәлі Ш. Б.
Экономика және бизнес жоғарғы
мектебінің 3-курс студенті
Жетекшісі:
Аннотация:
Бұл мақалада Еуразиялық Экономикалық Одақ мемлекеттеріндегі банк секторының ағымдағы жағдайына талдау жасалған. Соңғы 5 жыл мәліметтеріне негізінде банктердің санының өсу динамикасына, активтер мен міндеттемелері талданып, қорытынды көрсетілген
Тірек сөздер:
экономикалық одақ, интеграция, талдау, банк секторы
Еуразиялық Экономикалық Одақ- 2015 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген Ресей, Қазақстан, Беларусь, Армения және Қырғыз мемлекеттері арасында тауар, қызмет, капитал, еңбек күшінің еркін қозғалысын рәсімдейтін халықаралық аймақтық экономикалық интеграциялық ұйым.
Еуразиялық Экономикалық Одақтың негізгі мақсаттары:
- мүше мемлекеттер халқының өмір сүру деңгейін арттыру мүддесіне орай олардың экономикаларының тұрақты дамуы үшін жағдай жасау;
- одақ шеңберінде тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, капиталдың және еңбек ресурстарының бірыңғай нарығын қалыптастыруға ұмтылу;
- жаһандық экономика жағдайында ұлттық экономикаларды жан-жақты жаңғырту, кооперациялау және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.
2014 жылы қабылданған « Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау» туралы заңның XVI бөлімінің 70 бабында қаржы нарықтарын реттеудің негізгі мақсаттары мен қағидаттары көрсетілген. Сол заңда банк және сақтандыру секторларындағы, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында көрсетілетін қызметтер секторындағы бір мүше мемлекеттің уәкілетті органдары берген лицензиялардың басқа мүше мемлекеттер аумақтарында өзара мойындалуы үшін жағдай жасау туралы көрсетілген. [1]
Кез келген елдің банк секторы ол ауқымы жағынан да, экономикалық жағынан да маңызды сала болып табылады. Себебі банк секторының құлдырауы немесе банк секторында дағдарыс орын алса, ол елдің толықтай қаржы жүйесіне ғана емес, толықтай экономикасына өзінің кері әсерін береді. Сол үшін де, банк секторын қатаң қадағалау кез келген мемлекеттің негізгі міндеттері болып табылады.
Еуразиялық Экономикалық Одақ 2025 жылға қарай ортақ қаржы нарығын қалыптастыруды көздеп отыр. Соған байланысты бұл мемлекеттердің банк секторында да біршама өзгерістер болатыны сөзсіз. Ортақ қаржы нарығын қалыптастырмас бұрын, ағымдағы жағдайда бұл мемлекеттердің банк жүйесінде өзекті мәселелер көп болып табылады.
Қазіргі таңда бұл мемлекеттер ортақ нарықты қалыптастыруына байланысты, банктері бәсекеге қабілетті, қаржылық тұрақтылығы жоғары болуды көздеуі тиіс. Себебі қаржылық дағдарыс, ұйымға мүше мемлекеттердің ДСҰ-на кіруіне байланысты, банктер арасындағы жоғарғы бәсекелестікке төтеп бере алуы қажет. Соған байланысты ЕЭО мемлекеттері Базель комитетінің 3 стандартынан 4 жаңа стандартына көшіруді көздеп отыр.
Жаңа қауіптер мен қатерлерге қарсы тұруға одақ мемлекеттерінің банктері дайын ба және олардың ағымдағы жағдайына өткен жылдар көрсеткішіне салыстырмалы түрде талдау жұмысын жүргізіп көрейік.
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің коммерциялық банктердің саны. (бірлік)
Дерек көзі: http://www. eurasiancommission. org/ мәліметтері негізінде автормен құрастырылған. [2]
Графикте көріп отырғанымыздай, 2016 жылдың алғашқы жартысы үшін берілген мәліметтер бойынша Беларусь банктерінің саны 2012 жылдан бері 6 данаға азайған. Яғни 18, 75%-ға түскен. Қырғызстан банктері 2 данаға ұлғайып, 25-ті құрады.
.
Дерек көзі: http://www. eurasiancommission. org/ мәліметтері негізінде автормен құрастырылған. [7]
ЕЭО-қа мүше елдердің ішінде саны бойынша Ресей елі алға шығады. 2016 жылдың алғашқы жартысы үшін Ресей банктері 680 бірлікті құрап, жалпы ЕЭО бойынша банктер саны жөнінен 86, 4% үлесін алып отыр. Одан кейінгі орынды Қазақстан 4, 4% үлесін иемденіп отыр. Жалпы Ресей банктері 2012 жылдан бері үлкен қысқартуларға ұшыраған. Диаграммада көріп отырғанымыздай, 956 бірліктен 680-ге келіп түсті. Яғни, Ресей банктер саны 28, 9%-ға төмендеген болатын. Оған әсер етуші фактор ретінде Ресей экономикасына салынған санкциялар нәтижесінде пайда болған қаржылық дағдарыс, әлемдегі қаржылық дағдарысты атасақ болады
2016 жылдың алғашқы жартыжылдығы үшін банктердің активтері мен міндеттемелері . (млрд. АҚШ доллары)
Дерек көзі: http://www. eurasiancommission. org/ мәліметтері негізінде автормен құрастырылған.
ЕЭО-ға мүше елдер ішінде банктерінің активтер көлемі бойынша талдайтын болсақ, диаграммада көріп отырғанымыздай банк активтерінің көп үлесін Ресей 91, 5%-бен иемденіп отыр. Одан кейінгі орында Қазақстан 5, 3%-ын, Беларусь 2, 4%-ын алып отыр.
№9 диаграмма. 2016 жылдың алғашқы жартыжылдығы үшін банктердің активтері мен міндеттемелері бойынша талдау. (млрд. АҚШ доллары)
Дерек көзі: Центральный Банк Российской Федерации. https://www. cbr. ru/
Центральный Банк Республики Армения. https://www. cba. am
Национальный Банк Кыргыской Республики. http://www. nbkr. kg/
Национальный Банк Республики Беларусь. https://www. nbrb. by
Қ. Р Ұлттық банкі http://www. nationalbank. kz/ әдебиет мәліметтері негізінде автормен құрастырылған.
Банк міндеттемелер көлемі бойынша да Ресей алда, яғни жалпы көлемінің 91, 01% үлесін алып отыр. Екінші орында Қазақстан банктерінің міндеттемелері 5, 7%-ды құрап, елеулі үлесін иемденіп отыр. Үшінші орында Беларусь банктері 2, 55%-ына ие болып отыр.
ЕЭО-қа мүше елдердің банк активтері мен міндеттемелерінің жылдар бойынша өзгерісі. (млрд. АҚШ доллары)
Дерек көзі: http://www. eurasiancommission. org/ мәліметтері негізінде автормен құрастырылған. [2]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz