Презентация жасау талаптары


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Экономика және бизнес жоғарғы мектебі
Қаржы кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Презентация жасау талаптары
Орындаған:
Тексерген:
Алматы, 2016 жыл
Презентация жасау талаптары
Слайд дегеніміз - тақырыптарды, мәтінді, кестелерді, графикалық объектілерді, ұйым схемаларын, дыбыстық үзінділерді, бейнеклиптерді және гиперсілтемелерді іске қоса алатын күрделі объект. Әр слайдқа жазбалар беттері беріледі, оған жасау кезінде де, көрсету кезінде де түсіндірме мәтінді енгізуге болады. Бұл мәтін презентацияның (тұсаукесердің) негізгі сәттерін және оларға қатысты жағдайларды түсіру үшін қолданылады. Жазбалар беттерін слайдтардың кез келген саны үшін құруға, мысалы, оларға презентацияда сүйемелдейтін сценарийді жазуға болады.
Әдетте, белгілі тақырып бойынша бірыңғай стильде безендірілген слайдтардың және тиісті жолдама материалдарға (презентация жоспарына, баяндамашы ескертпелеріне, тыңдаушыларға үлестірілетін материалдарға) сәйкес келетін слайдтардың жиынтығы презентация деп аталады.
Презентацияны әзірлеу кезінде төмендегідей ережелерді сақтау керек:
- презентацияны алдын ала жоспарлау қажет - оның мақсаты мен жалпы мазмұнын нақты білу керек;
- презентацияның әрбір слайды мазмұнды әрі есте сақталатындай болуы тиіс;
- слайдта ақпарат ықшам және қарапайым болуы керек;
- импортталатын бейненің қалыбын (форматын) таңдау кезінде көрсетілім құралының мүмкіндігін ескерту қажет;
- бейнелеудегі объект фоннан түсі бойынша ерекшелеуі тиіс;
- фото бейнені редакциялау үшін арнайы программаны пайдалану қажет;
- слайдты безендіру үшін констрастілік және үйлесімді түсті таңдап алу керек;
- аудиторияны презентацияның жекелеген сәттеріне назарын аудару үшін анимациялық ауысулар, бейне дыбыс және басқа құралдар пайдалану ұсынылады;
- кейбір жағдайларда дайын материалдарды пайдаланған жөн, өйткені, бейне материалды және анимациялық клипті әзірлеу қиын әрі қымбат.
Слайд деп көзге көрінетін күрделі объектті айтамыз. Оның құрамына тақырыптар, мәтін, кестелер, графикалық кескіндемелер, ұйымдастыру схемалары, дыбыс үзінділері, бейнеклиптер мен гиперсілтемелер кіреді. [1]
Бас жобалау ережелері
Көптеген дизайнерлер презентация жасауда қандай да бір ереже немесе заңның қажет еместігін мәлімдейді. Презентация жасауда кеңестер, әдістемелік нұсқаулықтар, әдістерге сүйене отырып жасауға болады. Преентация жасауда келесідей әдістемелік нұсқаулықтар бар.
Қаріпті жобалау ережелері.
- Баспахана қаріпінен гөрі кертілген қаріптер оңай оқылады.
- Негізгі мәтінді жазуда тек бас әріптерді қолдану ұсынылмайды
- Қаріптік контрастты оның өлшеміне, қалыңдығына, бағыты, түсіне, стиль, пішініне қарай жасап алуға болады.
Түстерді дұрыс таңдау ережелері.
- Түстік гамма 2 немесе 3 түстен аспауы қажет.
- Бір-бірімен үйлеспейтін түстердің бар екендігін есте сақтау қажет.
- Қара түстің негативті (теріс) астары бар екендігін білу маңызды.
- Қара түсті фонда ақ түсті мәтін қиын оқылады.
Жалпы композиция ережелері.
- Бір жолақта 7-ден астам маңызды объектілер көрсетілмеуі қажет, себебі, адам бір реттен 7 пункттен көп ақпаратты есте сақтауы қиын.
- Жолақ ішінде логотип сол жақ жоғары шетінде немесе оң жақ төменгі шетінде орналасуы қажет.
- Логотип қарапайым және қысқа нысанды болғаны дұрыс.
- Дизайн-қарапайым, ал мәтін қысқа болуы керек.
- Үй жануарлары, балалардың, әйелдердің суреттері жағымды образдар болып саналады.
- Кез келген композиция ішінде үлкен объектілерді қою дұрыс көрініс жасамайды.
- Тақырыптарда бүкіл экранды алып тұратын, енгезердей, өте үлкен әріптер дизайнға профессионалды келбет бермейді.
Бұл ережелерді сақтауда оған қарсы пікірде болатын көптеген мысалдар бар екенін ұмытпағанымыз жөн. Сондықтан да, аталып өткен ережелерді жалпы немсе әмбебап деп қарастыруымыз дұрыс емес.
Презентация дизайны бойынша ұсыныстар.
Тыңдаушыларға презентацияның дұрыс әрі оңай түсінікті болуы үшін оны сәндеудің белгілі бір ережелерін сақтаған жөн. Презентация ішінде көптеген элементтерді қолданамыз: мәтін, графикалық суреттер, музыкалды және дыбыстық эффектілер, анимациялар және видеофрагменттер. Сондықтан да, олардың әрқайсысының қасиетіне қарай дұрыс үйлестіре білу қажет. Мысалға, мәтіндік ақпараттар үшін қаріп таңдауы, графикалық суретке - оның түсі және қанықтығы, және олардың оңай қабылдануы үшін слайдта орналасуы да маңызды болып есептелінеді. Олардың әрқайсысына толықтай тоқтаып өтсек.
Мәтіндік ақпарат.
- Мәтін тақырыбы үшін қаріп өлшемі 24-54пт, жай мәтін үшін 18-36пт аспау қажет.
- Қаріп түсі мен фон түсі бір бірімен қарама-қайшы түстерде болғаны дұрыс, мәтін оңай оқылуы қажет. (көзге еш зиян келтірмей)
- Қаріп типі: негізгі мәтін үшін Arial, Tahoma, Verdana т. с. с. пайдаланған дұрыс, ал мәтін тақырыбы үшін жақсы оқылатын декоративті қаріптерді пайдалану қажет.
- курсив, асты сызылған, қалың қаріп, бас әріптер мәтін ішінде қандай да бір сөзді мағынасы жағынан ерекшелеу үшін ғана қолдану қажет.
Графикалық суреттер.
- суреттер, фотография, диаграммалар мәтіндік ақпаратты толықтырылған күйде көрстеуде таптырмас құрал болып табылады.
- презентацияларда мағынасы жағынан сәйкес келмейтін суреттерді қолданбаған жөн.
- графикалық суреттердің түстері слайдтың жалпы фонына қарама-қайшы келмеуі қажет.
- егер графикалық суреттер басты фон ретінде алынған болса, бұл фонда мәтін оңай оқылуы қажет.
Анимация.
Анимациялық эффектілер тыңдаушылардың назарын аударуға, қандай да бір құбылыс не процестің дамуын көрсетуде маңызды. Мұндай жағдайларда анимацияларды қолдану дұрыс болып есептелінеді, бірақ презентацияда ондай элементтерді артық пайдалану негативті реакция тұдыруы мүмкін екенін естен шығармау қажет.
Дыбыс.
- дыбысты қолдану слайд, презентация тақырыбының мән мағынасына сай болуы қажет.
- дыбыс тыңдаушыларға естілетіндей оптималды көлемін таңдау қажет.
- егер бұл фондық музыка болса, ол тыңдаушылардың назарын өзгеге аудармай, презентацияны хабарлап отырған адамның даусынан қатты болмауы қажет.
Жалпы стильдік сәндеу.
- стиль белгілі бір қаріп типін, оның түсін, көлемін, сондай-ақ, фон түсін немесе фон суретін, декоративті элемент, т. б. нысандардан тұрады.
- стильдік сәндеуде 3 типті қаріптен немесе 3 түстен артық қолданудың қажеті жоқ.
- слайд сәні тыңдаушылардың оның басты мағынасынан ауытқып кетуіне әкелмеуі қажет.
- слайдтың барлық бөлігі бір стильде сәнделуі қажет. [4]
Ақпараттық блоктардың орналасуы мен мазмұны.
- ақпараттық блоктар саны 3-6 аспауы қажет.
- бір блоктың көлемі слайдтың ½ аспауы қажет.
- слайдта бір бірін толықтырып тұратын әр түрлі ақпараттың болуы тиімді (мәтін, графика, диаграмма, таблица, суреттер)
- ақпараттық блоктардағы маңызды сөздерді ерекшелеп қойған дұрыс.
- ақпараттық блоктарды көлденең орналастырған жөн, бір бірімен байланыстырылған ақпараттарды сол жақтан оң жаққа қарай көрсету қажет.
- ең маңызды ақпаратты слайд ортасына орналастырған дұрыс.
Мәтіндік блоктардың дұрыс орналасуынан бөлек, негізгі мәтіннің мазмұнын ұмытпау қажет. Онда ешқандай орфографиялық қате болмауы тиіс. Сондай-ақ, мәтінді сәндеуді жалпы ережелерін сақтау қажет. Презентация құрып, оны сәндеуден соң оның көрсетілімін қайталаудан өткізу қажет. [6]
Презентация мазмұнына талаптар:
- Мазмұны толық және қатаң түрде ғылыми болуы керек.
- Графика, музыка, видео, т. с. с. элементтер мәтінге сай таңдап алынған, және оның мағынасын толықтай ашуда сай қолданылған.
- Орфографиялық, пунктуалдық, стилистикалық қателері болмауы тиіс.
- Сандық мәліметтер графика, диаграмма арқылы безендіріліп, нақтыланып көрсетілген.
- Ақпарат қазіргі таңда актуалды және заманауи.
- Мәтіндегі негізгі ақпараттар ерекшеленіп тұруы тиіс. [5]
Презентация - бұл ауқымды да көлемді жұмысты қысқа да түсінікті түрде және қызықты етіп көрсету. Жақсы презентация жасау үшін нақты бір тақырыпты таңдап алу керек, оны өңдеп (немесе түрлі көздерден бір құрылымдағы компазиция жасау, яғни бір жүйеге келтіру) және ауызша нысанда көпшілік алдына шығару керек. Презентацияның сценариі ретінде барлық көздерден алынатын ақпараттарды пайдалану қажет; олардың негізінде жинақталған материалдар жазбаша түрде форматқа түсірілуі керек (түрлі кестелер ретінде, қабылдауға ыңғайлы сызба түрінде болуы мүмкін) . Жұмыстың соңғы нәтижесі ауызша айтып берумен қорытындыланады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz