Венчурлық кәсіпкерлік және оның Қазақстандағы даму қарқыны


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Факультет : ЭжБЖМ
Кафедра: Қаржы
РЕФЕРАТИВТІК ШОЛУ
Тақырыбы: « Венчурлық кәсіпкерлік және оның Қазақстандағы даму қарқыны»
Орындаған:
Тексерген:
Алматы, 2016
«Венчурлық кәсіпкерлік және оның Қазақстандағы даму қарқыны»
Оқырман назарына отандық, шетелдік және ТМД елдеріндегі авторлардың венчурлық кәсіпкерлік тақырыбында жазылған мақалаларға реферативтік шолу ұсынылады. Реферативтік шолу мына мақалаларға жасалды:
- Р. У. Унербаева, М. Д. Шарапиева. Венчурлық бизнесті ұйымдастыру мен басқарудағы ерекшеліктер//Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ//ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. №3 (97) . 2013
- Г. Д. Берікболова. Венчурлік бизнес-тәуекелге негізделген бизнес// Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Астана қ., Қазақстан Республикасы//2010 жыл
- М. А. Каликов, экономика магистрі. Инновациялық экономиканы құрудағы даму институттарының ролі//Қазақстан, Алматы қ. //2015 жыл
- Профессор-Ө. Қ. Шеденов, А. Н. Алтынбекова, А. Н. Жұмабекова-«Менеджмент» мамандығының магистранттары. Шетелдік тәжірибенің негізінде венчурлық бизнесті ұйымдастыру// Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қаласы//2015 жыл
- Алексанян Г. М., аспирант, Академия социально-экономического развития (институт) . Сущность и экономические основы венчурного предпринимательства// transport business in russia//2008 г
- Палагин А. В. аспирант факультета экономики Московского института права. Благоприятные условия для венчурного бизнеса условия, необходимые для развития венчурного предпринимательства// российское предпринимательство, 2009, № 12 (1)
- Ю. Мичурина., В. Вранович. Экономическая сущность венчурного инвестирования// ISSN 2073-5537. Вестник АГТУ. Сер:Экономика. 2015. №3
- Т. Л. Безрукова, Ю. Н. Степанова, И. И. Шанин, А. В. Чеснокова. Венчурное финансирование стартапов// ФГБОУ ВПО «Воронежская государственная лесотехническая академия», Воронеж// Advances in current natural sciences, №1, 2015 г
- Reporting by Heather Somerville, . Editing by Sue Horton and Bill Rigby. Venture capital investments rebound for tech startups// 12 of july, 2016
- James Bowen. Q&A. What do investors look for in a business venture// August 2014
Аталған мақалаларда басты мәселе венчурлық кәсіпкерлік пен қаржыландырудың мәнін түсіну әрі оны дамыту жолдары болып табылады. Мәселен, «Венчурлық бизнесті ұйымдастыру мен басқарудағы ерекшеліктер» атты мақалада венчурлық бизнесті ұйымдастыру ерекшеліктерін талдауға арналған. Венчур сөзі, бір жағынан, кəсіпорын, екінші жағынан, тəуекел деген сөзді білдіреді. Бұның мəні - нарықта бұрын-соңды болмаған өнім жасайтын кəсіпорынға үлкен ақша қаражаттарын салу, бұл тəуекелі өте жоғары қадам екені белгілі. Венчурлық бизнес тәуекелділік дәрежесі жоғары ғылыми -техникалық немесе технологиялық бизнес. Венчурлық бизнес іргелі және қолданбалы ғылымнан туындаған және экономикалық дамуда, ғылым мен өндірістің арасындағы буын қажеттілігі ретінде өмірге келді. Бүгінгі таңда, венчурлық бизнес Қазақстанда құрылу фазасында болып отыр. Венчурлық бизнестің басты мақсаты - бір кəсіпкердің қаржылық капиталын жəне екінші кəсіпкердің интеллектуалдық мүмкіндіктерін нақты экономикалық секторда бизнес арқылы қоса отырып, болашақта жаңа компанияның екі кəсіпкерге де пайда əкелуі. Ал, «Инновациялық экономиканы құрудағы даму институттарының ролі» мақаласында мәселе экономиканы тек шикізат емес, сонымен қатар инновациялық жобармен де дамыту керектігі айтылады. Әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей, шикiзат ресурстарына бай кейбiр дамушы елдер тұрақты экономикалық дамуға қол жеткiзбей, тек шикiзатты әлемдiк тауар рыноктарында экспорттап отыр. Біз экономикамызды әртараптандырып, өнеркәсібіміз бен өндірісімізді дамытып инновациялық экономика құрмасақ, әлемдік жаһандану үрдісінде өзінің бірегей орнымен ерекшеленетін ұлттық экономикамызды қалыптастыра алмаймыз делінген.
Реферативтік шолу жасалғандағы негізгі өзекті мәселе Қазақстандағы венчурлық кәсіпкерліктің дамыту жағдайларын қарастыру. Сол себептен «Шетелдік тәжірибенің негізінде венчурлы бизнесті ұйымдастыру» деген мақалада автор осыған айрықша көңіл бөлген, Қазақстанда ең алғашқы венчурлық қорлар 2004 жылы пайда болды. Еліміздің венчурлық инфрақұрылымын құруға бастамашы болған мемлекеттің өзі еді. Оны дамытудың көкейкестілігі Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық- инновациялық даму стратегиясы мен Ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру және дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасында да жазылған. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Отандық кәсіпкерлік жаңа экономикалық бағыттың қозғаушы күші болып табылады. Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең аз дегенде, екі есе өсуге тиіс»-деп анық көрсетті. Яғни елімізде қауіптілігі жоғары болсада ұзақ мерзімге арналған венчурлық бизнестің дамуына қолайлы орта тудыруымыз қажет екендігін автор атап көрсетті.
Венчурлы бизнес дамыған және бәсекеге қабілетті экономиканы құруда үлкен рөл атқарады. Венчур есебінен пайда болған жоғары технологиялар дамушы экономикасы бар елге дамыған елдер қатарына қосылуға мүмкіндік береді. Мысалы, әлем елдерінің ішінен ауыл шаруашылығы жөнінен алғашқы орында тұрған Жаңа Зеландия ЖІӨ жөнінен соңғы орында тұр. Ал, өз алдына даму негізі ретінде инновациялық венчурлы бизнесті қойған Сингапур ЖІӨ жөнінен дамыған елдердің көрсеткіштеріне жақын тұр. Венчурлы бизнес толқынды инновациялық процестің креативті бөлігі ретінде де, және оның жүйелі ядросы ретінде де белгілі. Сол себепті Қазақстанның индустриалды-инновациялық жолға түсуінде маңызды бөлік болып табылатын венчурлы бизнестің ұйымдастырылуына шолу жасау-мақаланың өзектілігі болып табылады-деп Ө. Қ. Шеденов сараптаған.
Палагиннің «Благоприятные условия для венчурного бизнеса условия, необходимые для развития венчурного предпринимательства»- мақаласында айтылған мына бір ой венчурлық кәсіпкерліті дамыту өзектілігін көрсетіп отыр: «Венчурлық кәсіпкерліктің ел экономикасының дамуына елеулі үлес қосатыны бәрімізге аян. Бизнестің бұл түрі сіз бен бізге жаңалық емес. Тек оған қалтамыздағы артық ақша қаражатымызды жоғалтып аламыз деп қорықпай, батыл шешім қабылдау арқылы оларды тәуекелі жоғары жобаларға сала алатындай батыл болсақ болғаны. Бұл саланың дамуына кедергі келтіріп отырған тағы бір фактор- инновациялық идеяларды насихаттау құралдарының тиімсіздігі, сол себептен де көптеген инновациялық жаңалықтарымызды алыс-жақын шет мемлекеттер сатып алып кетуде. Сонымен қатар, венчурлық қорлар мен ғалымдар арасын байланыстыратын білікті мамандардың жеткіліксіздігі де бизнестің өркендеуіне тұсау болғандай. »
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz