Ақша, несие, банктер пәнін оқып-үйренудің студенттер үшін маңызы



Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Әшірәлі Ш.Б. Қаржы 3-курс, Ф14К1
Ақша, несие, банктер пәнін оқып-үйренудің студенттер үшін маңызы
Ақша, несие, банктер пәнін оқытудың маңызы туралы айтар болсақ, ең алдымен бұл пәннің ЖОО-дарында білім алып жүрген студенттер үшін, ол тіпті экономика саласында жұмыс жасайтын мамандықтарда оқымайтын болса да маңызы өте зор екенін көреміз. Себебі, қазіргі нарықтық даму жағдайында кез келген жоғары білімді азаматтың экономика саласынан белгілі бір деңгейде білімі болуы қажет. Бұл - нарықтың қалауы, қазіргі адамзаттың болашағының кепілі.
Ақша, несие, банктер пәні болашақ қаржыгерлер мен банкирлерді кең профильді және жоғары тәжірибелі маман ретінде дайындаудың алғышарттарын көрсетеді. Себебі, бұл пән экономика саласындағы барлық ауқымды оқу процесінде кездесетін білімнің бастамасы болып табылады. Және де экономика маманы ретінде дайындауда студенттердің жоғары білімінің іргетасын қалауда үлкен негізге ие болатыны сөзсіз. Бұл пән экономикалық теория, макроэкономика және микроэкономика, қаржы, аудит, менеджмент, бухгалтерлік есеп, т.с.с. басқа да оқу процесіндегі теориялық пәндермен өте тығыз байланысты. Ақша, несие, банктер теориясын үйрену нәтижесінде студенттер келесідей жетістіктерге қол жеткізеді:
- студенттер ақша, несие және банктердің теориялық аспектілерін үйреніп қана қоймай, ақша және несие жүйесін, халықаралық несие, сондай-ақ, есептік және валюталық қатынастар, бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру секілді негізді білімге ие болады;
- студенттер ақшаның, оның айналымының, банктік және биржалық қызмет туралы, оның маңызын және т.с.с. ақпараттарды игеруге мүмкіндік алады;
- экономикаға байланысты барлық кездесетін терминологиялардың бастамасы болып табылатын Ақша, несие, банктер пәні арқылы оларды түсініп, сол түсініктердің өзара байланысын, сондай-ақ, олардың ішкі логикасын аша отырып, жете түсінуге жол ашады.
Кез келген нарықтық қоғамда, оның өмір сүруі үшін ең маңызды қажет ресурстардың бірі болып ақша саналады. Ақша, несие, банктер пәнін оқытудың барысында ең алдымен ақшаның негізгі теориясын үйренуден бастау алады. Яғни, біріншіден, ақшаға түсінік беріледі, оның шығу тарихы мен дамуына тоқталып, қазіргі ақша түрлері мен нарықта айналыста жүрген ақшаның түрлі нысандарына түсінік беріп өтеді. Ақшаның ең алғаш пайда болуына әсер еткен сауданың дамуы, тауар айырбастың дамуы туралы сөз қозғай келе адамдардың барлық тауарға, оның құнын білдіретін бірыңғай эквивалент қажеттігі туындағанын көрсете келе, ақшаның өте ерте замандарда пайдаланылған түрлі формаларына тоқталып өтеді.
Күнделікті өмірде біз ақшамен байланысты түрлі операцияларды орындайтынымыз белгілі. Сондай-ақ, банкте болсын, қандай да бір дүкендерде, сауда орындарында, жұмыста, тіпті мектепте де жүрген кезімізде ақшаны пайдалана отырып түрлі іс-әрекеттер жасап отырамыз. Осы операциялар кезінде біз ақшаның түрлі функцияларды іске асыратынын байқаймыз. Мысалға айтар болсақ, кез келген адам ақшаны жинауға ұмтылады, тіпті оқушылар немесе кішкентай балалар болсын белгілі мөлшерде ата-аналарының берген ақшаларын жинақтап жүреді. Осы мысал турасында біз ақшаның қор және қорлану функциясының айрықша белгілерін көре аламыз. Ақша, несие, банктер пәнінде осы функциямен қоса ақшаның өзге де атқаратын қызметтеріне жеке-жеке тоқталып, әрқайсысының негізгі ерекшеліктерін, қандай жағдайларда көрініс табатынын біліп қана қоймай, оны ұтымды пайдаланудың негізгі бағыттарын көрсетеді.
Ақшаға қызықпайтын адам жоқ шығар? Кез келген адам үшін ақша туралы оқып білу, оның қыр-сырын түсіну, ол туралы қызықты ақпараттарды танып-білу, ақшаның тарихы мен оның түрлерін жетік меңгеру маңызды деп білемін. Ақша, несие, банктер пәнінде осы туралы ақпараттардың барлығы студенттің қызығушылығын қанағанттандыру үшін берілген. Ақшаның қағаз түріндегі немесе монета ретіндегі түрлерін күнделікті өмірде пайдаланып отырғанымыз баршамызға мәлім. Осы пәнді оқу барысында ақшаның метал түрінің дамуын, ертеден алтын, күміс секілді бағалы металдардан монеталарды пайдалана отырып қалай есеп айырысқанын, қазіргі қағаз ақшаларының дамуы қай кезеңнен бастау алғанын, сондай-ақ, оның елдің экономикасы дамуы үшін қандай септігін тигізгені жайлы жалпы осы курста үйреніп білуге болады.
Әр түрлі елдердің дамуымен байланысты экономиканың да дамуы ерекшеленіп, осыған байланысты ақша да түрлі өзгерістерге тап болды. Олардың көпшілік себебі, ақшаның құнына байланысты туындады. Сол себептен елдер ақша реформаларын жүргізуге мұқтаж болды. Ақша, несие, банктер пәні арқылы дамыған елдердің ақша реформаларын және де Қазақстанның қандай ақша реформаларын жүзеге асырғанын, олардың қандай нәтижелерге әкелгенін талдай отырып, еліміздің дамуы үшін қажетті қандай іс-шараларды жүргізу мүмкіндігіміздің бар екендігін болжауға қол жеткізе аламыз.
Қазіргі дамыған қоғамда елдің көркеюі оның экономикасының өсуімен байланысты екенін айта аламыз. Кез келген экономиканың негізін ақша қатынастары құрайтыны белгілі. Күнделікті өмірде жаңалықтардан, газет-журналдардан, радиодан естіп, т.б. сонымен бірге, жұмыс орындарында, әсіресе, банктерде, кәсіпорындарда, компанияларда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк банктік жүйенің элементі ретінде
«МАКРОЭКОНОМИКА» ПӘНІ КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Мамандықтың пәндер каталогы
Банк несиелерінің кәсіпорын экономикасына әсері
Рейтингтік бағалау жүйесі
Студенттердің оқу жетістіктерін бағалау жүйелері
Банктік қызмет көрсету шарты
Банк ісінің сенімділігі мен тұрақтылығы
Банктік құқық және банк жүйесінің теориялық аспектілері
Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту
Пәндер