Зейнетақы нарығы бойынша көрсеткіштерді 3 жылға талдау


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Экономика және бизнес жоғарғы мектебі
Қаржы кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Зейнетақы нарығы бойынша көрсеткіштерді 3 жылға талдау.
Орындаған:
Тексерген:
Алматы, 2016 жыл
Жоспар
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары
- Республика экономикасындағы зейнетақы секторының рөлі
- БЖЗҚ зейнетақы активтерінің құрылымы
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Зейнетақы нарығы - бұл зейнетақы активтерін жинақтау, сақтау және оларды орналастыру және басқарумен байланысты экономикалық қатынастар жиынтығы білдіреді.
Қазақстанның зейнетақы рыногы бүгінгі таңда еліміздің әлеуметтік-экономикалық жүйесінде неғұрлым қарқынды дамып отырғандардың бірі. . Олардың ішінде: еңбектен кейінгі кезеңде қалыпты өмір жағдайын қамтамасыз ету үшін зейнеткерлердің жинақ қаражаттарының жеткіліксіздігі, индерлік проблемалардың (өмір ұзақтығының әр түрлілігі, еңбек ақысындағы соның салдарынан еркектер мен әйелдердің зейнетақы мөлшеріндегі теңсіздік) ; өндірістік мүгедектік және т. б. проблемалардың шешімін таппауы сонымен қатар мемлекет пен зейнетақымен қамсыздандыру проблемаларын жетілдіру шаралары қарастырылуда.
1-кесте. Қазақстан Республикасы Зейнетақы нарығының құрылымы
2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1 бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және 9 жинақтаушы зейнетақы қорлары жұмыс істейді.
Бүгінгі күнде БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және ерікті зейнетақы жарналарын тартуды жүзеге асыратын жалғыз ұйым болып табылады.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналарын тартуға құқылы, алайда қазіргі кезде ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыруға лицензиялар берілген жоқ.
2015 жылғы 1 қаңтарда бір немесе бірнеше ЖЗҚ-та міндетті зейнетақы жарналары бойынша бір салымшыларға (алушыларға) ашылған қайталанатын жеке зейнетақы шоттарының жабылуына байланысты салымшылар (алушылар) шоттарының саны - 72 338 немесе 0, 77%-ға, ерікті кәсіби зейнетақы жарналарын қоса алғанда, ерікті зейнетақы жарналары бойынша - 7 199 немесе 15, 27%-ға азайғаны байқалады.
2016 жылғы 1 қаңтарда жаңа салымшыларға (алушыларға) зейнетақы шоттары ашылуына байланысты жылдың басымен салыстырғанда салымшылар (алушылар) шоттарының саны міндетті зейнетақы жарналары бойынша 97 126 бірлікке немесе 1, 0%-ға және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша 44 784 бірлікке немесе 13, 6%-ға ұлғаюы байқалады. Нөлдік қалдықтарымен жеке зейнетақы шоттарының жабылуына және салымшылардың Қазақстан Республикасы шегінен тысқары шығуына орай зейнетақы төлемдерін жүргізуіне байланысты жылдың басынан салымшылар (алушылар) шоттарының саны ерікті зейнетақы жарналары бойынша 889 бірлікке немесе 2, 12%-ға төмендеді және есепті күні 39 045 бірлік болды.
2-кесте. БЖЗҚ-ның салымшылары (алушылары)
2015 жылғы 1 қаңтарда міндетті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтары 12 айда 20, 31%-ға ұлғайды, ал ерікті кәсіби зейнетақы жарналарын қоса алғанда, ерікті жарналар бойынша -0, 66%-ға азайды.
2016 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетақы жинақтары міндетті зейнетақы жарналары бойынша 1 272, 0 млрд. теңгеге (28, 33%), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша 145, 25%-ға, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын қоса алғанда, ерікті жарналар бойынша 13, 33%-ға ұлғайды.
3-кесте. Зейнетақы жарналары.
Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары 2014 жылдың басынан бері 21, 01%-ға ұлғайып, 2015 жылғы 1 қаңтарда 4 517, 8 млрд. теңге болды.
Келесі кестеден көріп отырғанымыздай, салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары 2015 жылдың басынан бастап 29, 01%-ға ұлғайып және 2016 жылғы 1 қаңтарда 5 828, 2 млрд. теңге болды. 12 айда «таза инвестициялық кірістің» өсімі 76, 87 % болды.
4-кесте. Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары.
1-график. Зейнетақы жинақтарының көлемінің 3 жылда өзгеру көрсеткіштері.
3-кесте. Зейнетақы төлемдері. (млрд. теңге)
Кесте мәліметтеріне сүйенсек, зейнетақы төлемдері 2014 жылға қарағанда 2015 жылдың 1 қаңтарында 24, 99%-ға өскенін көреміз, ал оның ішінде, зейнетақы аннуитеті шартына сәйкес алушылардың зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымдарына аудару 16, 31%-ға ұлғайған.
Зейнетақы төлемдері 2015 жылғы 12 айда 141, 1 млрд. теңгеге немесе 26, 64%-ға ұлғайып және 2016 жылғы 1 қаңтарда 670, 7 млрд. теңге болды, ал оның ішінде, зейнетақы аннуитеті шартына сәйкес алушылардың зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымдарына аудару 24, 95%-ға ұлғайған.
4-кесте. Республика экономикасындағы зейнетақы секторының ролін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіштердің динамикасы.
Жалпы елде 2014 жылға қарағанда 2015 жылы 1 қаңтарына ЖІӨ мөлшері 4571, 90 млрд. тг-ге ұлғайған. Ал 2016 жылдың 1 қаңтарына 2015 жылға қарағанда ол көрсеткіш 2595, 70 млрд. тг-ге өскен. Осы көрсеткіштер бойынша 2015 жылы ЖІӨ ішінде Зейнетақы жинақтарның үлесі 11, 7%-ға өсіп, 2016 жылы ол көрсеткіш 14, 1%-ға дейін ұлғайған. «Таза» инвестициялық кірістің үлесі 2015 жылға қарағанда 2016 жылдың 1 қаңтарына 4, 2%-ын құрап, 1, 6-ға өскенін кестеден көре аламыз. Келесі графикте зейнетақы секторының ЖІӨ-ге қатынасын 3 жыл бойынша нақты өзгерістері көрсетілген.
5-кесте. БЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфелі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz