Қытай Халық Республикасының қаржы нарығы



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Экономика және бизнес жоғарғы мектебі
Қаржы кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы: Қытай Халық Республикасының қаржы нарығы.

Орындаған:
Тексерген:

Алматы, 2016 жыл
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Қытайдағы банк жүйесінің дамуы
- Қытайдың қор нарығы
- Қытай Халық Республикасының сақтандыру нарығы
- Қытайдағы зейнетақы нарығы
ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қытай - Қытай Халық Республикасы қазіргі замандағы әлемдегі ең қуатты мемлекеттердің бірі болып саналады. Қытайдың әлемдік аренада осындай маңызды орынға XX ғасырдың 70-ші жылдарының соңында басталған қоғамдық реформа арқылы жеткендігі белгілі. Сондықтан болар Қытайдың социалистік жүйеге жүргізген реформасына әр ел ғалымдары үлкен қызығушылық танытуда, отандық политологтар Қытай реформасын зерттеуде.
ҚХР құрылғаннан соң, алғашқы үш жылда ол бар күшін азаматтық соғыс салдарын жоюға салды. Сондай-ақ ҚХР экономикасын қалпына келтіру Екінші Дүниежүзілік соғыстың салдарынан құлдыраған экономиканы ретке келтіруден басталды. 1937 жылмен салыстырғанда 1949 жылы ауыл шаруашылығы өндірісі 20-25%-дан аса төмендеді, өнеркәсіп өндірісі 50-56%-ға азайды, ал жеңіл өнеркәсіп 30%-ға кеміді. Халықтың 90 %-ы ауылда тұрды, ал ауыр шаруашылығының даму деңгейі өте төмен болды. 1949 жылы жанбасына шаққандағы табыс 54 долларды немесе 66 юаньді құрады. Халық саны 541,7 млн. адамды құрады. Әуелбастан Қытайдың жаңа басшылығы кеңестік экономикалық модельді қолға алды. Экономиканы қалпына келтіру кезеңінде 1949-1952 жылдары ауыл шаруашылығы жылына 14,1%-ға, өнеркәсіп 40,7%-ға жетті. Бұл көрсеткіштер 1937 жылғы деңгейге қайта келуін көрсетеді. 1952 жылы Қытайдың ЖІӨ-і 67,9 млрд. юаньді құрады немесе жан басына шаққанда 119 юаньді құрады.
1976 жылы Мао Цзэ-Дунның өлімінен кейін және 1978 жылы билікке Дэн Сяо-Пиннің келуімен елдегі бүкіл қаржы нарығы өзгеріске ұшырады. Оған елдің экономикасының құрылымы мен әлемдегі оның орны әсер етті. ЖІӨ-нің орташа жылдық өсу қарқыны өткен кезең үшін 9,5%-ды құрап, ЖІӨ көлемі бойынша әлемде екінші орында көрсетті. Қытай сыртқы тауар айналымы бойынша әлемде АҚШ пен Германиядан кейінгі үшінші орынды иеленеді.
Жеке сектор үлесіне ЖІӨ үлесіне 70% тиеді. 25 қытайлық компания The Financial Times (2008 год) газетінің қорытындысы бойынша капитализациясы бойынша ірі әлемдегі 500 компания құрамына енеді. Екінші және алтыншы орынды сәйкесінше PetroChina және Промышленноторговый банк Китая (ICBC) компаниялары иеленеді.
1980 жылдары Қытайда ауыл шаруашылық реформаларымен қатар оның қаржы жүйесінде де бірқатар өзгерістер орын алды. Басқа салалармен салыстырғанда қаржы саласындағы үлкен рольді мемлекет алды.

Қытайдағы банк жүйесінің қалыптасуы.
Қазіргі заманғы Қытайдың банк жүйесі айтарлықтай жас. Оның қалыптасуын төрт кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең (1848-1911). Соңғы империя әулетінің билігі кезінде, Қытайда Цин (1644-1911) билігі түсында бір уақытта дәстүрлі және қазіргі заманғы банк жүйесі болды. Дәстүрлі банк жүйесі(Шаньси банктері) көп ғасырлық тарихқа ие болып,бірақ толық түрде феодалдық болған.Осы банк жүйесіне кірген 1900 жылға дейінгі банктер ежелгі әдет-ғұрыптарға негізделіп, банк операцияларының көп бөлігін жүргізген және вексельдерді кең көлемде қолдануға құқықтары болған.
Қытайдағы қазіргі заманғы банк жүйесі ХІХ ғасырда шет ел банк филиалдарының желі пайда болуымен байланысты қалыптаса бастады.Алғашқы шет ел банктері - ағлышын Kontiental Banking - 1848 жылы , германялық- 1889 жылы, жапонялық - 1892 жылы,ресейлік - 1895 жылы,америкалық банктер - 1902 жылы ашылған.. 1860 жылдың аяғына қарай Қытайда онға жақын еуропалық және америкалық банктер пайда болды. Ал 1890 жылдың өзінде ағлышын банктерінің өзі 30 болған.Шет ел банктері осы кезеңде Қытай банк жүйесінде жетекші орынды иеледі,банк ісінде олар өздерінің талаптарын қоя алды және банк бизнесін басқарып отырды. Ұлттық банктер шет ел банкерінің ережелері бойынша жұмыс атқарды,бұл кезеңде Қытай экономикасында ұлттық банктердің рөлі бәсең болды.
1897 жылы алғашқы Қытай Император банкі темір жол құрылысын қаржыландыру мақсатында ашылды,одан әрі Қытай коммерциялық банкі деп өзгертірілген.1905 жылы "Ни Ви"(кейінгі атауы Да Цин ) мемлекеттік банктің негізі қаланды,кейінрек - Bank of Chine. Почтаға,телеграф,темір жолға қызмет көрсету үшін Қытайда ұлттық банк қолданылған - Communication Bank.
Екінші кезең (1912-1948) Қытай ұлттық банкінің рөлі жоғарылаумен сипатталады. Елде 164 банк қызмет көрсетіп,төрт Қытай банкі (Қытай орталық банкі,коммуникация банкі, Да Цин банкі,Қытай шаруа банкі) "үлкен төрттік" құрып жалпы ұлттық қаржы нарығын бақылайтын саясат жүргізді. 1911 жылғы ревалюциядан соң Қытай үкіметі Коммуникация банкі мен Да Цин банкін қолдап отырды. 1928 жылы Қытайдың бірігуінен соң ұлттық банк секторын нығайту үшін Коммуникация банкінің міндеттеріне қытай өнеркәсібімен саудасына қызмет көрсету енгізілді.Осы жылы Қытай орталық банкі пайда болды. Оның банкнота,монета,мемлекеттік қазынашылық билеттерді шығаруға, ішкі және сыртқы зайымдармен есеп жүргізуге,ұлттық қорларды пайдалануға және басқаруға құқығы болды.
Сыртқы саудаға мамандана бастаған Қытай банкі бірте-бірте коммерциялық банк топтарының орталығына айналды. Сонымен бірге,Қытай орталық банкі коммерциялық банктердің көптеген қызметтерін атқара бастады,тек мемлекеттің мүддесін емес "төрт билеуші отбасы" ның мүдделерінеде негізделіп жұмыс атқарды: Чан Кайши,Х.Х.Кун,Т.В. Сун және аға-іні Чэньдер.
Қытай шаруа банкі 1935 жылы ауыл шаруашылығына қызмет көрсету бойынша облыс фермерлері банкінің негізінде құрылған.Екінші кезеңде мемлекеттің банк жүйесі ешқандай денгейге бөлінбеген,ретсіз және кедей болды.
Үшінші кезең(1949-1978) Қытай банк жүйесі бұл кезеңде дамыды және кеңес моделіне ұқсас жұмыс атқара бастады.
1948 жылы Солтүстік Қытай банкі,Солтүстік теңіз банкі және Солтүстік-батыс фермерлер банктерінің бірігуінен Қытай Халық банкінің негізі қаланды. 1949 жылы,ҚХР - ның құрылуынан соң,мемлекет тереториясында жұмыс атқарушы қытай және шет ел банктерінің қызметтерін ҚХБ-і монополяландырып алған. 1949 жылдан 1957 жылға дейін барлық жеке банктер ыдырады, ҚХБ-і орталық банктің және ұлттық қазынашылықтың қызметін,кредиттер үстінен бақылау,үкіметтік зайымдарды орналастыру және шет ел валюталары мен бағалы металлдармен болатын операцияларың үстінен бақылау қызметтерін атқара бастады.
ҚХБ - нің бақылауында үш мамандандырылған банк қалды: Қытай ауылшаруашылық банкі- 1957 жылы жабылды, Қытай Ұлттық құрылыс банкі - мемлекетті және сыртқы саудаға қызмет көрсетуші Қытай банкіне инвестициялауды қамтамасыз етті. ҚХБ сонымен бірге банктік емес қаржылық институттарды және сақтандыру компанияларының қызметін бақылап отырды. 1970 жылғы "мәдени ревалюциядан" соң ҚХБ-ның мемлекеттегі барлық бөлімдері Қаржы және банк министерлігінің жүйесіне енгізілді,кейінгі жылдары кредиттік және бақылау функциясын қаржы органдарының құралдары арқылы орындады.
Төртінші кезең (1979 жылдан - қазіргі күнге дейін) Қытай банк жүйесінің дамуы 1979 жылғы экономикалық реформалардың шеңберінде болып отыр.Банк жүйесінің қайта құрылуы қолданыстағы екі деңгейлі банк жүйесінің кредиттік жүйенің бір бөлігі ретінде қалыптасуына мүмкіндік жасады.Бірінші денгейлі банк болып орталық банк табылса, екінші денгейлі банктерге мемлекеттік банктер және коммерциялық банктердің кең желісі кіреді.
Қытай банк жүйесі қазіргі күнде екі деңгейлі болып: ол мемлекеттің орталық банкіннен және коммерциялық банктерден,мемлекеттік банктерден,аралас және жеке (ұлттық және аймақтық) банктерден тұрады.Сонымен бірге "саяси банктер" атты Қытай экономикалық саясатын қаржыландырушы және кредиттік кооператив банктер бар болып табылады.
Орталық банк - бұл Қытай Халық Банкі.1948 жылы құрылған болып оның атқаратын қызметтері өзгеріп отырған, 1983 жылы қыркүйекте Орталық Халық басқаруы - ҚХР Мемлекет кеңесінің шешімімен - Қытай Халық Банкі ҚХР - ның орталық банк қызметін атқарады және салымдарды қабылдау мен өнеркәсіп-саудаға кредит берумен айналыса алмайды.
ҚХБ-нің жұмысын директор басқарады.Директорды тағайындау ҚХР-ның жоғары заң органымен - Қытай Халық конгресінің Мемлекеттік Кеңесінің Премьер-Министрінің ұсынысы бойынша тағайындалады.Қытай Халық конгресінің сессиялар арасындағы үзілістерде шешімді тұрақты комитет қабылдайды.Мұндай жағдайларда ҚХБ - нің директорын тағайындауды және жұмысынан алуды ҚХР Президенті жүзеге асырады.
Қытай Халық Банкі мынандай қызметтерді атқарады:
+ Ақша - несие саясатын бекітеді және оны жүргізеді;
+ Ұлттық валюта айналысын реттейді және ақша эмиссиялайды;
+ Ақша айналысын бақылауды және басқаруды жүргізеді;
+ Ақша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының қазіргі жағдайы
Қазақстан Республикасы сақтандыру нарығының жағдайы
Қытай Халық Республикасының сақтандыру нарығы
Сақтандыру ісінің қалыптасу кезеңдері, экономикалық мәні және функциялары
Сақтандыру қызметін ұйымдастыру мен оның бәсекеге қабілеттілігіне талдау жасау негізінде оны арттыру жолдары
Сақтандыру нарығының теориялық негіздері
Шет елдердегі сақтандыру жағдайы
Сақтандыру нарығының сипаттамасы
Қытай Халық Республикасының сақтандыру дамуының жағдайы
Бағалы қағаздар нарығындағы дағдарыстар
Пәндер