Реферат-СӨЖ жұмысы ретіндегі ерекшелігі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Экономика және бизнес жоғарғы мектебі

Қаржы кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: «Реферат-СӨЖ жұмысы ретіндегі ерекшелігі»

Орындаған: Әшірәлі Ш. Б.

Тексерген: Даулиева Г. Р, э. ғ. к., доцент

Алматы, 2016 жыл

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  • Реферат жазу ерекшеліктері
  • Рефераттың құрылымы
  • Реферат жазу барысында ғылыми-зерттеудің қандай әдістері қолданылады
  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Реферат" сөзі латын тілінен шыққан және оны сөзбе-сөз аударатын болсақ, ол "баяндау, хабарлау" деген мағына береді. Іс жүзінде барлық сөздіктер бұл сөдің мағынасын бірдей ашады. Реферат - жазбаша түрдегі кітаптың мазмұнының, ғылыми мәселелердің, жаттығулардың, ғылыми зерттеу нәтижелернің қысқаша мазмұндалуы, белгілі тақырыпқа баяндама, әдебиет тізімі мен басқа да көздерге шолу жасайтын белгілі бір тақырыптағы баяндама.

Реферат студенттің өз бетінше бірнеше әдебиет көздерін шолу түріндегі дайындаған жұмысы болып табылады.

Рефератпен жұмыс жасаудың 4 негізгі бағыты көрсетіледі:

1. Рефератпен жұмыс істеудің негізгі кезеңдері

2. Рефераттың құрылымы

3. Рефератты ресімдеудегі талаптар

4. Рефератты қорғау

Рефератты орындағанда келесі ережелерді сақтау керек:

  • жұмыстың мақсатқа бағытталуы;
  • жұмыстың нақтылығы;
  • мәліметтерді жүйелі түрде және өз бетінше баяндау;
  • көрсетілген бөлім сұрақтарының мазмұнын толық ашу;
  • қорытындының дәлелділігі және ұсыныстардың негізділігі;
  • рефераттың талаптарға сай рәсімделуі;
  • мәліметтер алынған көздерге сілтеме жасау қажет (оқулық, оқу құралы, мерзімдік басылымдар) ;

Рефератпен жұмыс істеудің негізгі кезеңдері

- тақырыпты таңдап онымен танысу;

- реферат тақырыбы бойынша ақпарат көздерін табу

- әдебиттерді зерттеу

- жиналған материалдың жүйелілігі

- рефератты жазу

Рефератты жазудағы ең басты кезеңнің бірі - тақырыпты таңдау. Реферат тақырыбын таңдаған кезде барынша дербестік көрсеткен дұрыс. Сіздің қызығушылығыңыз бен икемділігіңізге келетін тақырып таңдалып, сол тақырыпқа сай жұмыс жасалғанда, оның нәтижесі әсерлі болады. Алайда, сіз тапсырманы формальды түрде емес, адал орындайтын болсаңыз, әдіскер ұсынған тақырып та сізді қанағаттандыра, қызықтыра алады. Реферат сәтті болуы үшін қажетті материалдар мен әдебиттерді іздеп табу керек. Бұл үшін ақпаратты алудың негізгі көздерімен танысқан дұрыс: анықтамалық және библиографиялық басылымдармен және кітапхананың мерзімдік басылымдарымен.

Әдебиеттерді зерттеуді тақырып атауынан бастау керек. Әдебиетті зерттеген кезде оларға кейін көңіл аудару үшін негізгі ойлар мен ережелерді, дәлелдерді, дәлелдемелерді, тұжырымдамаларды белгілеп алу керек. Келтірілген деректер мен маңызды тұжырымдамаларға көңіл бөліңіз, ыңғайлы болу үшін оларды карточкаларға жазып қойыңыз. Толық библиографиялық басылымды карточкада көрсетуді ұмытпаңыз. Әдебиет көздерін зерттеп біткеннен кейін жиналған материалды жүйелеу мен талдау жұмысы басталады. Карточкалар мен конспекттерді қарап шығу нәтижесінде қажетті мәлімет рефераттың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес жіктеледі. Осы кезеңде жұмыстың соңғы жоспары анықталып, материалдың ой салуымен жаңа сюжеттер пайда болады. Егжей-тегжейлы жоспар жасау қажет. Сол уақытта рефераттың негізгі бөлігінің жалпы құрылымы анықталады.
Материалды топтастыру - техникалық жұмыс емес. Деректерді іріктеудің өзі жұмыс болжамдарын әзірлеуді көздейді. Бұл ретте барлық тарау толығымен материалмен қаматамасыз етілмеуі мүмкін. Ол карточкаларды тараулар бойынша жіктеген кезде анықталады. Мұндай жағдайда дереккөздерді қайтадан қараған немесе рефераттың жалпы құрылымын не жеке бөліктерін қарап шыққан дұрыс. Материалды жүйелеудің соңғы нәтижесі бір мағыналы қатаң тексерілген тұжырымдама жасау болып табылады.
Рефератты жазу - соңғы кезең болып табылады. Әрбір тармағы материалмен қамтамасыз етілген, жақсы ойластырылған жоспар болса, реферат жазу қиындық әкелмейді. Рефератты кіріспеден емес, негізгі бөлімнен бастап жазған дұрыс. Негізгі бөліммен жұмыс жасау барысында ғана әдебиеттер мен дереккөздерді түсінуге болады. Шығармашылық үдерісі нәзік әрі дара болып келеді. Барлық авторларға ортақ мынадай ережелер бар:

- жұмыстың жүйелілігі

- тиянақтылық

- асығыстықтың болмауы

Рефераттың құрылымы.

Рефераттың белгілі бір тақырыпты зерттеу нәтижесінің жазбаша түрдегі қысқаша баяндауы ретінде белгілі бір құрылымы бар.

- рефераттың жоспары (бөлімдер мен тармақтарды көрсету керек)

- кіріспе (тақырыптың өзектілігі, рефераттың жазудың мақсаты)

- негізгі бөлім

- қорытынды (нақты, қысқаша 1-2 бет болуы керек )

- пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе мен қорытынды негізгі бөлім бойынша жасалған жұмысты түсіндіруі керек.

Кіріспе - рефераттың міндетті және маңызды бөлігі. Ол арқылы жасалған жұмыс деңгейін, рефераттың мақсатының түсіндірілуін және оның жұмыста қаншалықты дербес екенін анықтауға болады. Кіріспеде дәйекті түрде тақырыптың өзектілігі айтылады (дәлелдеу) . Не себепті берілген сұрақ ғылыми қызығушылық тудыратындығын көрсету және ұсынылатын материал мен қазіргі заманның байланысы бар ма екендігін айту.
Кіріспе құрылымды келесі сөздермен "Реферат кіріспеден, тараудан, қорытындыдан тұрады. Кіріспеде жұмыстың негізгі идеялары көрсетілген. Қорытындыда негізгі тұжырымдар көрсетіледі" сипаттаумен аяқталады.

Негізгі бөлім берілген тақырыпты зерттеуге арналған. Бұл бөліктің атауы реферат атауымен аталады. Бұл бөлік ең үлкен болып, жұмыстың 3/2 бөлігін алуы керек. Барлық тараулар мен тармақшаларда қысқаша әрі нақты атау болу керек. Материалды баяндауда қисынды сақтау керек. Рефераттың негізгі бөлімінде түрлі дереккөздерінен алынған мәліметтерден басқа келтірілген деректерге сүйенетін, яғни жұмысты толық немесе оның кез келген жеке тармақшасын құруға арналған міндет - зерттеме - қорытынды формуласын пайдалану арқылы өзіңіздің пікірлеріңіз бен қисынға келтірілген тұжырымдарыңыз болғаны дұрыс.

Қорытынды негізгі бөлімнен шығып нақты әрі қысқаша болуы керек. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі - тақырыпқа байланысты бүкіл әдебиеттердің емес, осы рефератты жазуда пайдаланылған ақпарат көздерінің тізімі болып табылады. Оған сілтемеде көрсетілген әдебиеттер де кіреді.

Рефератты рәсімдеудегі талаптар: Көлемі 10 беттен кем емес, А4 форматында, шрифті - 14 Times New Roman немесе 12 Arial KZ, интервалы 1, 0. Рефератпен жұмыс жасаған кезде ақпарат көздеріне сілтеме жасап, сонымен қоса оларды дұрыс ресімдеу керек. Сілтемені:

- дәйексөздерде

- сандарды, деректерді, атауларды көрсеткенде

- ұйғарымдарды анықтаған кезде жазу керек.

Сілтемелер түрлі тәсілдермен ресімделеді. Мысалы: жолма-жол әр беттегі келтірілген сандар мен дәйексөздер "1-ден бастап әрі қарай" сандармен белгіленеді немесе саны артатын "жұлдызшалармен" белгіленеді, мәтіннің төменгі жағындағы әр беттік сілтеме негізгі бөліктен 3-4 см. сызықпен бөлінеді, сызықтың астында сілтеменің номері мен библиографиялық сипаттама көрсетіледі.

Рефератты қорғау.

Қорғау кезінде оның негізгі бөлігін айтудың қажеті жоқ. Сол кездің өзінде рефератты қорғау сұрақ-жауап кешіне айналмауы керек, ол бәрін айтып шығуға мүмкіндік бермейді. 5-15 мин ішінде рефераттың өзектілігі жайлы, қойылған мақсат пен міндеттер туралы, зерттелген материал, негізгі бөлімнің құрылымы жөнінде, жұмыс барысында жасалған тұжырымдарды айтып үлгеру маңызды.

Нәтижесінде реферат бірнеше мәселе бойынша бағаланады:

- рефератқа қойылатын ресімді талаптардың сақталуы;

- тақырыпты сауатты ашу;

- ұсынылған реферат туралы айқын айта білу;

- қойылатын сұрақтарды түсіну қабілеті мен оларға нақты жауаптар таба білу.
Реферат төмендегілерді қамтуы керек:

-оларға сүйеніп жазылған әдеби көз(дер) ді (монография, мақала, мақалалар жинағы, т с. с. басылып шығу деректеріне сілтемемен бірге),

-автор(лар) туралы деректер,

-рефератталатын дереккөзде қойылған негізгі мәселелер,

-мәселенің ұсынылған шешімі,

-ұсынылған шешімді негіздейтін дәйектер,

-автор(лар) пайдаланған деректердің сипаттамасы.

Реферат жазу барысында қолданатын ғылыми-зерттеудің әдістері

Әдістер - белгілі бір мақсатқа қол жеткізу үшін қолданылатын іс-әрекеттер. Реферат жазудың барысында ғылыми зерттеулердің түрлі әдістері қолданылады, олардың ішінде көп кездесетіндері:

Талдау - зерттеулердің ең танымал әдісі, белгілі бір құбылыстың немесе процесстің құрамдас компоненттерге бөлінуін көрсетеді.

Аналогия - кейбір белгілері бойынша ұқсас, сәйкес келетін объекттерді зерттеу әдісі. Объекттердің ұқсас белгілері арқылы басқа объект түрінің ұқсастықтары бойынша қорытынды жасайды, (гр. analogіa - сәйкестік, ұқсастық ) - әр түрлі объектілердегі кейбір қасиеттердің ұқсастығы. Логикада дедукция, индукциямен қатар қолданылатын ой тұжырымы. Аналогияда ой өрісі жекеден жекеге немесе жалпыдан жалпыға қарай ойысады. Адам өз ойын тұжырымдай отырып, кейбір белгілердің ұқсастығынан сол нәрселердің басқа белгілеріндегі ұқсастық туралы қорытынды жасайды. Аналогиялық тұжырым жасау адамзат енді-енді қауымдаса бастаған шақтың өзінде-ақ қолданыс тапқан. Мысалы, адамдар алғаш қауымдаса бастаған кезеңде табиғат заңдылықтарын әлі жете меңгере алмаса да, аң аулауда, басқа да тіршілік салаларында аналогиялық тәсілді стихиялы түрде қолданды.

Дедукция - талданып отырған объектінің жалпы қасиеттеріне жеке қасиеттерінің негізінде қорытынды жасалатын зерттеу әдісінің бір түрі. Ол -жалпыдан жекеге қарай дамитын ой қорытындысы, логикалық ойлау формасы.

Индукция - дедукцияға қарама-қарсы келетін зерттеу әдісі, жекеден жалпыға қарай дамитын ой қорытындысы.

Жіктелу (классификация) - қандай да бір қасиеттеріне байланысты зерттеліп отырған объекттерді түрге жіктеу.

Модельдеу - түп нұсқасына дәлме-дәл келетін зерттеліп отырған объектінің көшірмесін немесе моделін талдау. Модель объектінің қасиеттерін толық өз бойында иемденуі қажет, бірақ түп нұсқадан кейбір белгілері бойынша айырмашылық жасауы керек, бұл талданып отырған объектінің сапалы түрде зерттелуіне жағдай жасайды.

Бақылау - талданып отырған объектінің қасиеттері туралы ақпарат алуға бағытталған бірқатар іс-шаралардан тұратын зерттеу жүргізудің әдісі.

Жалпылау әдісі - зерттелінетін объектінің жалпы қасиеттері туралы қорытынды алу әдісі.

Болжау әдісі - талданатын объектінің болашақ даму сатыларын болжау әдісі.

Синтездеу - реферат жазу барысында көп өолданылатын әдістердің бірі. Зерттеліп отырған объектінің бірнеше қасиеттерін бір компонентке жинақтауды білдіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептің оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырушылық- әдістемелік басшылығы
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнін оқытудың әдістері
Өзіндік жұмыс арқылы студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру
БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақ тілі синтаксисін қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың ғылыми- әдістемелік негіздері (ЖОО филолог мамандықтары үшін)
Педагогиканы оқыту әдістемесі Оқу құралы
Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша әдістемелік нұсқаулар
Жоғары оқу орындарында Қазақ диалектологиясы пәнін модульдік технология арқылы оқыту
Педагогиканың жалпы негіздері
Оқу-әдістемелік кешен “Сулы жүйелер географиясы” пәні бойынша
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz