Экономикалық монографияға талдау жасау



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Экономика және бизнес жоғарғы мектебі
Қаржы кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы: Экономикалық монографияға талдау жасау

Орындаған:
Тексерген:

Алматы, 2016 жыл
Монография (грекше monos - біртұтас, grapho - жазу) - белгілі бір тақырыпты жан-жақты зерттейтін ғылыми еңбек. Онда нақты сала бойынша күрделі мәселе мақсатты түрде сөз етіліп, оның дамуына ықпал ететін ой-пікірлер айтылады. Монографияны жеке қаламгер шығармашылығына немесе жалпы ауқымды мәселеге арнап бір кейде бірнеше зерттеуші бірігіп жазуы мүмкін. Монографиялық еңбек библиография көрсеткіштермен, жылнамалық тізім, ескертпе-түсініктермен толықтырылады. Мұндай еңбектерде бірнеше мәселе қамтылып, тақырып әр қырынан баяндалады.
Талдау үшін келесі монографияларды таңдап алдым:
+ Бекетова Қ.Н. Тұрғын үй құрылысында инвестициялық жобалауды басқару: монография - Қызылорда, 2014. -145 б.
+ Тинасилов М.Д. Уркумбаева А.Р. Баймолдаева М.Т. Инновация налоговой системы в Таможенном Союзе (на примере Беларусь, Казахстан и Россия): теория, методология, практика. Алматы, 2013 - с.148.
+ Нурумов А.А Налоги и финансы рыночной экономики. Астана:Елорда, 2004.-304с.
+ Ермекбаева Б.Ж. Проблемы развития налоговой системы Республики Казахстан в условиях глобализации экономики. - Алматы: Қазақ университеті, 2007.- 138с.

Алғашқы монографияда құрылыс саласын экономикалық жағынан басқарудың қазіргі таңда заманауи мәселелерін талдау жүргізілген. Мұнда тұрғын үй құрылысын жобалауды экономикалық негіздеу, құрылысқа инвестиция салу, оған тәуекелділік деңгейі, тәуекелділікті төмендету, шығындар, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру әдістері және тұрғын үй нарығын басқару мен реттеудің негізгі бағыттары анықталып көрсетілген. Тұрғын үй саласы жобаларын бағалау механизмін жетілдірудің қаржылық, статистикалық, сақтандыру, ұйымдық-салалық және экономикалық негіздерін одан әрі зерттеу, тиімділікті арттыру шарттарын қалыптастыру және оларды шаруашылық субъектілерін басқаруда қолдану қажеттілігі айқындалған. Тұрғын үй құрылысы жалпыұлттық мазмқндағы маңызды міндеттердің қатарында Қазақстанныі 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясының басым бағыттарының бірі болып саналады және де халықтың басым бөлігін 2020 жылға дейін қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге арналған тұрғын үй құрылысын дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру - еліміздің әлеуметтік бағытта қарқынды дамуының нақты белгісі деп автор атап өткен.
Алғашқы бөлімінде автор статистикалық мәліметтерге анализ жасай отырып, осы кезең аралығында құрылыс-монтаж көлемі 60%-ға, мердігерлік ұйым жұмысы 70%-ы зиянмен жұмыс істеген, азаматтық нысандар салу мерзімі 1,5-3 есеге созылған, аяқталмаған құрылыс деңгейі 4-5 есе көбейіп, сапасы күн сайын төмендегенін анықтаған. Ол индукция әдісін қолдана отырып, Республиканың құрылыс кешені салалары ұзақ жылдар бойы(1991-1999жж) төмен құлдырағауға ұшырағанын көрсеткен. Автор 1.2-бөлімінде тұрғын үй саласы нысандарының тиімділігіне бірнеше факторлар әсер етеді дей келе,классификациялау әдісімен 4 үлкен топқа жіктеп көрсеткен, олардың әрқайсысы өз ішінде бірнеше жіктелімнен тұратынын айқындаған. Сондай-ақ, 1995 жылы қабылданған екі құжатты атай отырып, оларды салыстыру жасап өткен. 1.3-бөлімінде автор Қазақстандағы тұрғын үй саласын шетелдік тәжірибемен салыстыру жүргізіп өткен. Мұнда АҚШ, Швеция, Қытай, Канада, т.б. елдердің тұрғын үй саласын инвестициялаудағы жағдайына статистикалық мәліметтерге анализ жасай отырып, қорытындыға келген. 2-бөлімінде автор ағымдағы жағдайды талдай келе өткен жылдардың нәтижелерін бақылау арқылы алдағы кезеңге болжау жасаған. Мұнда қабылданған заңдар мен Президент жолдауларына сүйенген. Сондай-ақ, тұрғын үй құрылысына инвестициялар көлеміне анализ жасап, инвестициялардың 2006-2010ж аралығында 3,7есеге артқанын анықтаған.
2.2-бөлімінеде тәжірибелік әдісті қолдану арқылы Қызылорда облысындағы тұрғын үй нарығының балансын жасап, қорытындыға келген. Сондай-ақ, тұрғын үй нарығындағы компаниялар жұмысын талдай келе, аналитикалық әдісті қолдана отырып, математикалық есептеулер жүргізіп, шешім шығару арқылы объектінің жұмысын жақсарту туралы ұсыныстар жасалған. 2.3-бөлімін тұрғын үй саласын инвестициялаудағы нормативтік-құқықтық базаны талдау жүргізген.
3-бөлімінде автор тұрғын үй құрылысын дамыту бағыттарын айқындап өткен. Аналитикалық әдісті қолдана отырып, математикалық есептеулер жүргізген және де модельдеу әдісін пайдалана отырып, дамудың жалпы моделін құрастырған. Тұрғын үй құрылысын инвестициялауды болжау әдісі арқылы даму бағыттарын анықтаған.

Екінші монографияда инновациялық экономика жағдайында ЕврАзЭС елдерінің инновациялық салық жүйесінің қалыптасу негіздері мен жұмыс істеу приниптері, Кедендік одақтың даму тиімділігі қарастырылған. Инновациялық салық жүйесінің дамуының алғышарттары мен шектеулері, қалыптасуының негізгі бағыттары жайлы ұсыныстар жасалған. Салық жүйесінің ғылыми-инновациялық секторы айқындалып, ол ЕврАзЭС елдерінің экономикасы контекстінде кедендік одақтың инновациялық дамуы негізінде экономикалық өсу мен бәсекеге қабілеттілікті жоғарылатудың маңызды факторы ретінде қарастырылған. Авторлар Беларусь, Қазақстан, Ресей және өзге ТМД елдері мысалында инновациялық салық жүйесінің тиімділігін бағалау және оны дамыту бойынша ұсыныстар жасауда зерттеу нәтижелері негізгі ғылыми база ретінде алынды. Монографияның алғашқы бөлімінде Кедендік одақтың мәні және негізгі бағыттары, ондағы салық жүйесінің қалыптасуы және елдегі салық жүйесінің тиімділігі мен принциптеріне тоқталған. Мұнда авторлар елдер арасындағы келісімшарттар мен нормативтік-құқықтық базаны талдау арқылы негізгі түсініктемелер беріп өткен. Сондай-ақ, 2012 жыл үшін салықтық төлемдерге байланысты салықтық түсімдердің құрылымы бойынша 3 елді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Президенттің Интеллектуалды ұлт-2020 бағдарламасы және оның маңызы
Президенттің Интеллектуалды ұлт - 2020 бағдарламасы және оның маңызы Қазіргі білім беру моделі
Алдыңғы, ағымдағы, кейінге қалдыру және қорытынды бақылау
САЛ - СЕРІЛЕР ПОЭЗИЯСЫ ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР
С.Мұқановтың ғылыми зерттеу еңбектері
Нарық жағдайында шағын кәсіпкерліктің дамуы
Тілім деп соққан жүрегі
ЖШС “Меркур Строй Сервис” экономикалық және кәсіпкерлік белсенділігін талдау
Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің құрылуының ерекшеліктері
Клиентке магазин класының деңгейінде қызмет ету
Пәндер