Айқындауыш мүше, тыныс белгілері
Реферат
Тақырыбы: Айқындауыш мүше, тыныс белгілері
Жоспар:
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Айқындауыш мүше және оның түрлері.
2. Айқындауыштық қатынастағы құрмалас сөйлемдер.
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланған әдебиеттер.
Кіріспе
Тілімізде өзінен бұрын айтылған мүшені басқа сөзбен айқындап түсіндіретін тұлғалар да жиі кездеседі. Мұндай сөздер айқындауыш мүше деп аталады. Мысалы: Біздерге, қарттарға, жастар сияқты өмір сүруге тура келеді (Островский). Абай барлық айналадағы кең дүниеге, әсіресе, мынау өзі тұрған сахара, өлке белдеріне, соншалық бір туысқандық ыстық сезіммен қарайды. Абай былтыр боқырауда, күзем үстінде, қалаға оқуға кеткенде дәл осы қоныстан, Есенбайдан, кеткен болатын (М. Әуезов).
Бірінші, екінші жақ есімдіктен болған бастауышты түсіндіретін айқындауыш мүше ғана онымен қиыспайды. Бұдан басқа жағдайда айқындауыш мүше өзі түсіндіретін сөзімен қиысып айтылады.
Сонымен белгілі сөйлемдік тізбектегі өзінен бұрынғы мүшені анықтап, түсіндіріп тұрған сөзді айқындауыш мүше деп атаймыз. Айқындауыш мүше, көбінесе, есім сөздерден жасалады. Айқындауыш мүше өзінен кейінгі сөзбен кәдімгі, қалыпты мүшелердей-ақ байланысады.
Айқындауышты анықтауыштың ерекше бір түрі деп қараймыз. Бірақ оның анықтауыштан кейбір елеулі ерекшеліктері де бар. Анықтауыш өзі анықтайтын сөзінен бұрын тұрса, айқындауыш одан кейін тұрады. Айқындауыш өзі анықтайтын, түсіндіретін сөзінің мағынасын дәлелдейді, нақтылап, ерекшелей көрсетеді.
Айқындауыштың айтылу интонациясы жағынан болсын, айқындайтын сөзімен байланысуы жағынан болсын қалыпты анықтауыштардан елеулі ерекшелігі бар. Оның айқындауыш деп аталуы да соған байланысты. Айқындауыш сөйлемдегі басқа сөздерден интонация арқылы бөлініп айтылады, сөйлем ішінде мағыналық дербестікке ие болады.
Айқындауыш заттың, нәрсенің елеулі ерекшелігін, назар аударарлық белгісін, сыртқы көрінісін, ішкі дүниесін, әлеуметтік орнын көрсетеді.
Айқындауыш мүше және оның түрлері
Сөйлемнің грамматикалық құрылымында тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерден басқа, сол мүшелерді мағыналық жағынан айқындай, нақтылай, дәлдей түсетін мүшелер де болады. Қалыптасқан дәстүр бойынша, бұларды айқындауыш мүшелер деп атайды. Айқындауыш - анықтауыштың ерекше бір түрі. Сөйлемде белгілі бір мүшенің заттық, мекендік, мезгілдік т.б. мағынасын басқа сөзбен түсіндіріп, нақтылап көрсететін сөз я сөз тіркесі. Айқындауыш айқындайтын сөздерімен тұлғалас, қызметтес болып келеді. Айқындауыш мүшелердің анықтауыш мүшеден елеулі айырмашылықтары, өзіне тән ерекше сипаттары бар.
Біріншіден, анықтауыш өздері анықтайтын сөзінің алдында келсе, айқындауыш соңынан келеді.
Екіншіден, анықтауыш өзі анықтайтын сөзімен синтаксистік қатынастағы тіркес құраса, айқындауыш өзі айқындайтын сөзімен тіркес құрамайды, оны тек мағыналық жағымен нақтылайды, айқындайды.
Үшіншіден, анықтауыш сөйлемнің бір тұрлаусыз мүшесі қызметін атқарса, айқындауыш өзі айқындайтын мүшемен тұлғалас келіп, сол мүше тәрізді қызмет атқарады.
Төртіншіден, анықтауыш өзі анықтайтын сөздерімен ұласпалы интонацияда айтылатын болса, айқындауыш мүшелердің өзіне тән ерекше үні, екпіні болады, соған сай жазуда арнайы тыныс белгілері қойылады [1, 656-657].
Айқындауыш сөйлем мүшелерінің қай-қайсысына болса да тән болып, соған бағынып айтыла береді. Айқындауыш мүше ерекше екпінмен, айрықша үнмен айтылады да, сөйлемнің басқа мүшелерінен оқшауланып, оңашаланып тұрады. Ол басқа сөйлем мүшелерінен пауза арқылы жекеленіп, бөлініп айтылады. Айқындауыш сөйлемге қосымша, үстеме мағына береді. Ол мағына, көбінесе, бағыныңқы сөйлем мәнімен, мазмұнымен тең түседі.
Айқындауыштың кейбір өзіндік белгілері мен ерекшелігі де болады, олар мыналар:
а) Сөйлемдегі сөздердің дағдылы, қалыпты тәртібі онда болмайды. Анықтауыш анықталушыдан кейін, толықтауыш баяндауыштан кейін келеді.
ә) Айқыңдауыштың өзіне тән, өз маңына топтанып үйірілетін сөздері болады [2, 174].
Сөйлемнің құрылымдық-семантикалық компоненті ретіндегі айқындауышқа тән белгілер:
1) зат есімнен жасалады;
2 ) айқындайтын сөзінен кейін орналасады;
3) айқындайтын сөзімен сөз тіркесін құрамайды, оны мағыналық жағынан нақтылайды;
4) сөйлемдегі қызметі нақты емес, өзі айқындап тұрған сөзбен тұлғалас келіп, сол мүшенің кызметін бірге атқарады;
5) сөйлемнің тема және рема бөлігіңде кездеседі [3, 88-89].
Айқындауыш сөйлемнің басқа мүшелерінен үтір, сызықша, қос нүкте, жақша арқылы бөлініп жазылады. Мысалы: Олардың бірі - сары сақал, арық, боз - өз ойының жүйріктігін көрсетуге тырысады. Ахмет ағай, аш, жалаңаш, арық, ауылға қарай кетіп бара жатты (Соц. Қаз. газеті).
Айқындауыш жалпылау мәнді сөзден кейін келеді. Мысалы: Біз, жасы үлкендер, бұл туралы ойлануымыз керек (газеттен).
Айқындауыш мүшенің алдында соның ішінде, яғни, басқаша айтқанда, мәселен, яки сияқты т. б. сөздер айтылған ойды нақтылай, дәлдей түсетін сөздер келеді: Бәрі де, соның ішінде, шешем де бұл жағдайға қатты өкінді. Ең жақын адамым, басқаша айтқанда, әкем де, менің бұл қылығымды ұнатпады (газеттен).
Осыдан кейін мен Көлқайнарға - өзімнің туған жеріме - баруға қаймығатын болдым. Той жұмыс біткен кезде, яғни январьдың басында, болуға тиіс.
Бойынша, қарай, қарсы, сай, сәйкес, сияқты т. б. сөздер айқындауыштық тіркес құрамында жиі қолданылады: Абай, шешелеріне берген уәдесі бойынша, Бөжей ауылына баруға асығып жүр еді (М. Әуезов). Олар, қарлығаш балапандары, сияқты, мойнын соза берді (газеттен).
Айқындауыш өзі анықтайтын сөзіне жаңадан ат береді. Ол анықталушыны кәсібі, мамандығы, жасы, атағы, ұлты т. б. жағынан айқындайды: Менің әкем хирург-дәрігерлердің съезіне қатысты.
Студент-қазақтар орыс тілін зейін қоя табандылықпен үйренуде. Колхозшы-шопандар өз міндеттеріне барынша жауапты қарауда (Соц. Қаз.).
Айқындауыш жалқы есімнен де, жалпы есімнен де жасала береді: Комсомол Асқаров Калинин атындағы стипендия алады. Пионер Тыныбаев Алғырбай сабақты үздік оқиды (Л. жас газ.).
Орыс тіліндегі айқындауыш қазақ тіліне аударылғанда, ондағы сөз табы сол қалпында сақтала бермейді. Басқаша айтқанда, орыс тілінде айқындауыш зат есімнен жасалса, ол қазақ тіліне аударылғанда да зат есім күйінде берілуі шарт емес. Оның мағынасы ғана дәл, дұрыс берілсе жеткілікті.
Айқындауыш сөйлемнің барлық мүшесін де айқындай береді, мысалы: Отарбай, жас мұғалім, сабақты жақсы өткізуге тырысты. Бұл мысалға айқындауыш бастауышты айқындап, оның мағынасын екінші жағынан дәлдеп тұр.
Сіздерге, алдыңғы қатарлы малшыларға, жалынды сәлем! Алматыға, бізді күтіп отырған жолдастарға, келу қандай қуанышты! Осындағы бірінші сөйлемде айқындауыш толықтауышты айқындап тұрса, екіншісінде ол пысықтауышты айқындап тұр.
Орыс тілінде сөйлемнің баяндауышын айқындайтын кездері де жиі кездеседі: Алматы - Қазақстанның астанасы, әкімшілік орталығы.
Орыс тілінде товарищ Иванов, академик Петров, профессор Николаев деген сөз тіркестеріндегі кісі фамилиялары айқындауыш. Олар қазақ тіліне аударылғанда орны ауысып қолданылуы мүмкін: Иванов жолдас, Петров академик, Николаев профессор. Мұнда да фамилиялар - айқындауыш та, жолдас, академик, профессор - анықталушы сөздер.
Айқындауышты арнайы сөз ету - сөйлем мүшелеріне тән біраз заңдылықты ашуға себепші болады, сонымен бірге, ол тыныс белгілеріне байланысты мәселені біраз реттеуге де пайдалы.
Айқындауыш анықтауышты айқындағанда онымен предикаттық байланыста тұрады. Бірақ айқындауыштың предикаттығы сөйлем шеңберінде екінші орында болады. Бұл жағынан бірінші орында сөйлемнің баяндауышы тұрады.
Айқындауыш құрылысына қарай жай және күрделі болып екі топқа бөлінеді.
Айқындауыштың сөз тіркесінде салмақты, басым элемент грамматикалық қатынасты білдіреді, оған бағынышты сөз негізгі лексикалық мағынада айтылады. Ол лексикалық мағынасы жағынан бірінші элемент болса, грамматикалық жағынан олай емес. Грамматикалық мағына жағынан бірінші элемент көмекші сөз болып табылады.
Қазіргі қазақ әдеби тілінде жай, жалаң айқындауышқа қарағанда, оның күрделі түрі анағұрлым жиі, басым қолданылады. Оның себебі айқындауыштың күрделі түрі айтылмақ ойды дәл және жан-жақты көрсетеді: Біздер, коммунист партиясының мүшелері, партияның XXIII съезінің қарарларын іске асыруда алдыңғы қатарда болайық. Коммунистік партияның туы астында біздер ұлы мақсатқа қарай, елімізде коммунизмнің толық жеңуіне қарай, мықты сеніммен алға баса береміз (Соц. Қаз. газ.).
Кейде бірнеше айқындауыш қатар, жарысып келе береді. Оларды бірыңғай, кейде сатылы айқындауыштар деуге болады. Мысалы: Баласы, дәл әкесіне тартқан, бірақ одан сәл аласалау, өз орнынан атып тұрды.
Айқындауыш өзі айқындайтын мүшемен берік байланысады. Яғни, айқындалатын мүше қай септік жалғауында тұрса, айқындауыш та сол септікте тұрады. Айқындалатын мүшемен ол жекеше, көпше тұлғада да жақтасады, қиысады.
Айқындауыш мүшелер құрылысына қарай өзара үш топқа жіктеледі:
1. Қосалқы айкындауыш.
2. Қосарлы айқындауыш.
3. Оңашаланған айқындауыш.
Қосалқы айқындауыш зат есімнің қосымша сыны ретінде қолданылады. Олар анықтауыштардай анықтайтын сөзбен тікелей, тығыз байланысты болмайды. Тек анықталатын сөздің қосымша сапасын көрсетеді. Солай болғандықтан да, оның орны анықтауыштардай берік болмайды. Оларды анықталатын сөздің артынан алдына шығарғаннан сөйлем мағынасы ешбір өзгермейді: Құрманғазы күйші, Әсет ақын, Біржан сал, Асқар мұғалім.
Қосалқы айқындауыш сөйлемде анықтайтын сөзімен қосылып барып, бір-ақ, күрделі мүшенің қызметін атқарады. Олар сөйлемнің келесі мүшесімен айқындауыш арқылы байланысады. Басқаша айтқанда, грамматикалық қосымшалар соған ғана жалғанады, мысалы: Бұл үйде Сара бар ма, келсін бері, Іздеген келіп тұрмын Біржан сері (Біржан-Сара). Оң жағында Мырзаш бригадир, сол жағында Ұлбосын комсомолка-бригадир (С.Ерубаев). Әйел-ана барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, көзді бұлақ емес пе? (Ғ.Мүсірепов). Жақия ақсақалмен дойбы ойнайын деп едім (М.Иманжанов).
Қосалқы айқындауыштар қызметін қалқам, қарағым, шырағым, жаным, сұлу, батыр, мырза, мерген, ұста сияқты сөздер атқарады. Олар өзі анықтайтын сөзімен бірігіп барып, сөйлемнің күрделі бір-ақ мүшесінің қызметін атқарады: Сейдехан болыс Құрбан ұстаны әулетімен осы Шеңгелдіге асырып көшірген (А.Тоқмағамбетов). Төлеген мырза Қыз Жібекті көрді (фольк.).
Қосарлы айқындауыш деп анықтайтын сөзінен кейін қосақталып тұрып, тіркесе келіп, оның мән-мазмұнын дәлдеп, нақтылай түсіндіріп тұратын сөзді айтамыз, мысалы: Ауыл адамы бұл үйді хата-лаборатория деп атайды (М.Иманжанов). Оңтүстік жақтағы үлкен барактағы кабинетте стулде, алып-шахта құрылысының началънигі Шектібай отыр (С.Ерубаев).
Сондай-ақ қосарлы айқындауыш болатын тағы біраз сөздер бар. Олар мыналар: инженер-технолог, батыр-ұшқыш, ұшқыш-космонавт, телефон-автомат, Алматы-бірінші т.б. Қосарланған осындай айқындауыштар қазақ тілінің өзіне тән байырғы категориясы емес. Соңғы кезде, өміріміздің, техниканың қарыштап дамуына байланысты орыс тілінің әсері арқылы пайда болған құбылыс. Ол қазір қазак, әдеби тілінің нормасына айналып, одан берік орын теуіп келеді. Бұл - болашағы мол құбылыс. Мұндай айқындауыш мүшелер өзі анықтайтын сөзінен сызықша арқылы бөлініп жазылады.
Оңашаланған айқындауыш деп өзі қатысты сөзден кейін тұрып ерекше дауыс ырғағымен, өзгеше екпінмен айтылатын сөзді айтамыз. Ол анықтайтын сөзінің мағынасын дәлдеп, нақтылай түсіндіріп тұрады. Олар өзінен бұрынғы, кейінгі мүшелерден ерекше әуен арқылы бөлініп айтылса, жазуда алды-артынан үтір арқылы бөлініп, оңашаланып жазылады. Не алдынан сызықша, соңынан үтір қойылады.
Оңашаланған мүше белгілі бір ұғымды көтере көрсетіп, оған ой екпінін сала айту керек болғанда, сол сөзден кейін іле-шала келеді, мысалы: Сәуірдің жиырмалары кездерінде, қызыл жұмыртқа, мейрамының кездерінде, жау жағымен бірінші рет кездестік. Олар, Чапаевшылар, Чапаевпен істес болғандығы үшін, өздерін бақытты деп санайды (Д.Фурманов).
Оңашаланған айқындауыштар өзі айқындайтын сөзімен тұлғалас, мағына жағынан әуендес, қарайлас болып келеді.
Оңашаланған мүше сөйлемдегі басқа сөздерден екпін арқылы бөлініп айтылады. Сонымен бірге ол басқа мүшелерден дауыс кідірісі арқылы ажыратылады. Айқындауыш мүшеде сөйлемдегі белгілі сөздің қосымша, үстеме мағынасы болады, мысалы: Мен саған өзімше, кочегарша, айтайын (М.Горький). Өзім ұшырған қыраныма, Нұрланыма, жұрт жапқан жалаға мен де сеніп жүр деп қалып па ең? (М.Әбішев).
Оңашаланған айқындауыш қазақ тілінде бұрыннан бар. Ол соңғы кезде, тіпті, молайып кетті. Қазаң тіліне орыс тілінің игілікті әсері осы категориядан да анық көрінеді.
Сөйлем мүшелерінің оңашалануы тілімізде бұрыннан бар. Олар көне түркі жазуларында да жиі кездеседі: Бән сизима кадашыма сизә огланым... Мен сіздерге, менің жолдастарыма, сіздерге, менің ұлдарыма... Эшимэ сизэ эшимә... Менің достарыма, сіздерге, менің достарыма... Мұнда қадашыма, эшимэ сөздері оңашаланып тұр. Бұл оңашаланған мүшенің түркі тілдерінде өте ертеден бар құбылыс екендігін көрсетеді.
Сөйлем мүшелерінің оңашалануы қазақ тілінде де бұрыннан бар. Оны біз оңашаланған айқындауыштың революциядан бұрын басылып шыққан нұсқаларда жиі кездесетіндігінен де анық көреміз.
Оңашаланған айқындауыш бағыныңқы сөйлемге азды-көпті ұқсайды. Сол себепті, оны орыс тілін зерттеуші ғалымдар А. X. Востоков, И. И. Давыдов, Ф. И. Буслаев ықшамдалған бағыныңқы сөйлем деп атаған. Осындай көзқарастың айтылуын - түркі тілін зерттеуші ғалымдар тарапынан да байқаймыз. Мысалы, М. Кұрбанғалиев пен X. Хисматуллиннің 1953 жылы басылып шыққан татар тілінің грамматикасында оңашаланған айқындауыш осылай анықталады. Оңашаланған айқындауыш онда ықшамдалған, қысқарған бағыныңқы сөйлем деп қаралады. Бірақ оңашаланған айқындауыш бағыныңқы сөйлемге ұқсағанымен, онымен бірдей, тең емес. Бағыныңқы сөйлемнің өзіне тән дербес бастауышы болады. Ал, бастауыш оңашаланған айқындауышта болмайды. Оның өзі сол сөйлемнің негізгі бастауышына бағынады.
Айқындауыш мүшелердің тыныс белгілері:
+ Оңашаланған айқындауыш өзі құрамына енген сөйлемнің бастауышына тән болып айтылады.Үтір белгісі оңашаланған айқындауыштың екі жағынан қойылады. Мысалы: Біздің мектептің оқушылары, әсіресе, 9 сынып және 10 сыныптары, әрдайым аудан сайыстарына қатысуда.
+ Бірнеше және бірыңғай мүше болып келсе, үтірдің орнына сызықша белгісі қойылады. Мысалы: Бұларсыз - жем-шөпсіз, қорасыз, жайылымсыз - малды қыстан күйлі шығарам деген бос сөз.
+ Оңашаланған айқындауыш жалпылауыш мүшені де айқындауы мүмкін. Онда жалпылауыш сөзден кейін қос нүкте, ал айқындауыштан кейін сызықша немесе үтір қойылады. Мысалы: Еуропаның теңіздері: Азов, Солтүстік және Баренц теңіздері - балыққа бай.
+ Қосалқы айқындауыштар анықтайтын сөздерінің алдында келсе де, соңында келсе де, ешбір тыныс белгісіз байланысады. Мысалы: Әнші Ермек Серкебаев түрік еліне танымалы тұлға.
+ Қосарлы айқындауыш өзі анықтайтын сөзімен дефис арқылы байланысады.
Мысалы: Т.Әубәкіров - әлемге танымал ұшқыш-ғарышкер [4, 117-119].
Айқындауыштық қатынастағы құрмалас сөйлемдер
Құрмалас сөйлем өзінің құрамындағы компоненттері арасында орнайтын белгілі бір функционалдық (жұмсалымдық), грамматикалық, семантикалық қатынасқа негізделген күрделі синтаксистік бірлік ретінде танылады. Қазак тіл біліміндегі құрмалас сөйлемді топтастыруға қатысты пікірлерді жинақтай келе, компоненттер арасындағы қатынасты жұмсалымдық-грамматикалық сипатына қарай айқындауыштык (субьект-предикаттық, атрибутивтік, нысандық, адвербиалдық) және теңдік қатынастағы құрмаластар деп сараладық.
Айқындауыштық қатынастағы құрмалас сөйлем компоненттері арақатынасының ерекшеліктері қазақ тілінде құрмалас сөйлемдердің аталған типін бөліп шығаруға себеп болып отыр. Айқындайтын компонент пен айқындалатын компонентой немесе берілген типті құрмалас сөйлем компоненттерінің жеке мүшелерінің арақатынасына қарай оларды екіге белуге болады: екінші компонент бірінші компонентті толығымен айқындайтын сөйлемдер және екінші компонент бірінші компонентгің бір ғана мүшесін айқындайтын сөйлемдер.
Айкындауыштық қатынастағы құрмалас сөйлемдердің басты ерекшелігі қос компонентгің бірінде айтылған ойдың мәні екінші компонент арқылы айқындалып тұрады, соның нәтижесінде бірі екіншісінің субъектісі не предикаты, атрибуты, нысаны тәрізді жұмсалымдық сапаға ие болады.
Осыған орай, айқындауыштык қатынастағы құрмалас сөйлемдерді өз ішінде төмендегіше топтастырамыз:
1) субьект-предикаттық қатынастағы құрмаластар;
2) атрибутивтік қатынастағы құрмаластар;
3) нысандық қатынастағы құрмаластар.
1. Субъект-предикатгық қатынастағы құрмалас сөйлемдер. Субъект- предикаттық қатынас - сөйлемді ұйымдастырушы негізгі синтаксистік амал, ой білдірудің, мазмұнның және тема-ремалық мүшеленудің ұйытқысы. Құрмалас сөйлемдер компоненттері арасында мұндай қатынастың көрініс табуын қазак тіл білімі үшін тосын жаңалық деп тануға болмайды. Кезінде А.Байтұрсынұлы бастауыш бағыныңқылы, Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев баяндауыш бағыныңқылы деп таныған құрмалас сөйлемдер бүгінгі тіліміз үшін де жат құбылыс емес. Аталған құрылымның түркі тілдері грамматикаларына (мысалы, өзбек, ұйғыр тілі синтаксисіне арналған зерттеулерде) бастауыш бағыныңкы, баяндауыш бағыныңқы деген атаумен енгендігі белгілі. Аталған қатынастағы сөйлемдер өзіндік құрылымдарға ие.
1) Мұндай сөйлемдердің субъектісі не предикаты сұрау есімдіктерінен жасалады:
Кім сүйіспеншілікпен жұмыс істесе, сол кез келген жұмысқа поэзия ендіреді (Н.Г. Чернышевский). Кім тер төксе, сол алады.
- Шіркін, Жетісудың табиғаты қандай, тay да, өзен-көл де, көк те, шөп те көп ("Парасат").
Мұнда алғашқы компонент бастауышы не баяндауышы сұрау есімдіктерінен жасалып, екінші компонентте сұралған мүшенің жауабы баяндалады.
Ауызекі тілде экспрессивті компонентті не көп күрделі құрылымы кең тараған. Бұндай компоненттің сөйлем құрамына енуі әдеттегіден тыс көрініс болғанымен, ол ойды эмоционалды білдіруде қолданылады. Мысалы: Не көп, тор жайған аңшы көп (Ә.Тәжібаев). Осы күні ауылда не көп, жігіт көп (С.Мұқанов). Екінші компонентте алғашкы компонентте сұралған, ізделген субъектінің жауабы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz