Аударма кезіндегі трансформация



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Реферат

Тақырыбы: Аударма кезіндегі трансформация

Жоспар:
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Аударма процесіндегі трансформалау әдісі
2. Аудармадағы грамматикалық және лексикалық трансформация
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланған әдебиеттер.

Кіріспе
Аударма деп біз жалпы алғанда, бір тілден, яғни түпнұсқа тілінен белгілі бір хабарды екінші бір тілге, яғни аударма тіліне жеткізу үдерісін түсінеміз. А. В. Федоровтың пайымдауы бойынша, аудару дегеніміз - тілдік құралдар көмегімен қандай да бір ойды бір тілден екінші бір басқа тілде толыққанды жеткізіп беру және ондай ой басқа тілде соның тілдік құралдарымен бұрынырақта айтылып, жарыққа шыққан, демек, аудару үдерісінің нәтижесі аударма тілі үшін еш жаңалық емес. Ең маңыздысы, ойды дәл, толық, дұрыс жеткізу. Ал, А. Т. Казакованың ойынша, дәлме-дәл аударманың болуы мүмкін емес, себебі, тіпті, әр қилы мәдениетті сөз етпегеннің өзінде олардың қарапайым ғана грамматикалық құрылымдары мен сөздік қорларында елеулі айырмашылықтар зор болады.
Болашақ аудармашылар кез келген аударма үдерісі кезінде сөздіктерде берілген баламаларды сәтті, орынды қолдану жүзеге аспай жататын жағдайларға жиі ұшырап жүреді. Себебі контекстінің шарттары қатаң орындалуы тиіс. Мұндай жағдайда аудармашылар аударманың трансформациялық үлгісіне жүгінуіне мәжбүр болады және бұл мәжбүрлік түпнұсқа мен аударма тілдерінің арақатынасы нәтижесінде туындаған заңдылыққа бағынады. Аударма теориясының негізгі әдістеріне, аударманың негізгі үлгілері ретінде денотативтік, семантикалық және трансформациялық модельдер жатады. Трансформациялық құбылыстар кейде бір тілдің ішінен де көрініс табады. Трансформациялық модель трансформациялық грамматика идеяларының негізінде қалыптасқан. Бұл модельді жасауда аударманы бірінші тілдің мәтінін аударылатын тілдің мәтініне ауыстыру деп түсінеміз. Аудармашы түпнұсқаны қабылдап, санасында бірнеше тіларалық трансформация жасайды да, дайын аударма шығарады. Алайда аударматанушылар көбінесе, Л.С.Бархударов та аударма трансформацияларын негізгі сипаттары жағынан төрт топқа жіктеген теориясымен санасады: Орын алмастыру; сөз қосу; ауыстыру; түсіріп тастау (опущения) . Орын алмастыру.Бұл - аудару үстінде түпнұсқа тілдегі элементтердің орналасу тәртібін аударма тесксте өзгертіп беру. Сөзбе-сөз аудару тәсілі түпнұсқа тіліндегі мәтінді аударылатын тілдегі мәтінге семантикалық-құрылымдық жағынан алғандағы қарапайым және ең жақын нұсқасымен алмастыру деп қаралады.

Аударма процесіндегі трансформалау әдісі

Аударма объектісі дерексіз жүйе емес, осыған орай нақты тілдік мәтін екеніне назар аударып, зейін қойып отырған жөн. Аудармашының жұмысы осы нақты мәтіннің тіліне байланысты істелетін нақты әрекеттерден тұратынын дәйім ескеріп отырған ұтады. Ол нақты әрекеттер қандай? Ендігі сөз солар туралы.
Аудармада бара-барлыққа жету аудармашыдан әрқилы тіларалық өзгертулер жасай білуді талап етеді. Мұндай өзгертулер аударматануда трансформалау (трансформация) деп аталып жүр. Мұндай трансформалаулар көбінесе түпнұсқа тіліндегі хабар, мағлұматтарды, ақпаратты, мазмұнды аударма тіл нормаларын сақтай отырып жеткізу мақсатына бағындырылады.
Ал осы деңгейлердегі аударма процесінде қолданылатын техникалық әдістердің негізгілеріне төмендегілер жатады:
1) орын тәртібі (сөйлем құрылысындағы сөздер мен сөз тіркестерінің орын тәртібі);
2) ауыстыру (сөздерді, сөз таптарын, сөйлем мүшелерін ауыстыру; құрмалас сөйлемдегі синтаксистік ауыстырулар; тілдік және контекстік нақтылау; генерализация; антономиялық аударма; компенсация);
3) қосу;
4) түсіру
Осы негізгі техникалық әдіс-тәсілдерді қолдану шеберлігіне қарай аударма түпнұсқаға дәл келмейтін (недоперевод) және түпнұсқадан әлдеқайда артық (көркем, түсінікті, әсерлі, ғылыми) көрінетін (сверхперевод) нұсқа ретінде бағаланады.
Бұлай бөлуді, айта кету керек, шартты бөлу деп санаған дұрыс. Өйткені көбіне бұлар аудару үстінде бір-бірімен қоса жарыса, бірігіп, араласып келіп отырады.
1. Орын алмастыру. Бұл - аудару үстінде түпнұсқа тілдегі элементтердің орналасу тәртібін аударма мәтінде өзгертіп жіберу. Алмастырылатын, әдетте, сөздер, сөз тіркестері, құрмалас сөйлемдерді құрастырушы сыңарлардың орын тәртібі, дербес сөйлемдердің тіркестегі орны.
Аудару үстінде неғұрлым көп кездесетін жайт - түпнұсқа мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерінің орын тәртібінің аударма мәтінде өзгеріске ұшырауы. Мысалы, орыс тілінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі еркін, ал қазақ тілінде қалыптасқан, тұрақты. Бір мысал:

Не послушался стрелец своего коня, поднял перо жар-птицы, привез и подносит царю в дар.
Мерген тұлпардың айтқанына көнбепті, зымыран құстың қауырсынын әкеп, патшаға тартыпты.

(Ауд. - М.Әлімбаевтікі). Бұл аудармада орын алмастыру бір сөйлемнің ішінде болып тұр.
Кейде түпнұсқада белгілі бір сөйлемде тұрған сөзді аударма мәтінде бұл сөйлемнен келесі бір сөйлемге көшіріп аударуға тура келеді. Мысалы:

Мен базардан сатып алған телпекті кидім. Бұл - ұзын күнқағары бар, аңшының қызыл телпегі еді.
Я надел красную шапку, которую утром купил в базаре. Это была охотничья шапка, с очень-очень длинным козырьком.

Бұл аудармада орын ауыстыруға мүмкіндік беріп тұрған нәрсе - телпек сөзінің екі сөйлемде де қайталануы.
Құрмаластың компоненттерінің аударуда орын өзгертуі - заңды құбылыс. Бір мысал: Я в отчаянье, если бы Вы на то не согласислись. - Егер сіз бұған келіспесеңіз, мен өкініп қалар едім.
Түпнұсқа мәтін құрамындағы аяқталған сөйлемдердің аударма мәтінде орын тәртібінің, яғни мәтіндегі орнының өзгеруі немесе басқа абзацқа көшуі мүмкін. Бұған мысалды М.Әуезовтің Джек Лондонның Волк әңгімесін аударуынан келтіруге болады: Аударма мәтіндегі ең алғашқы тұрған екі сөйлем:
- Қасқыр! Қасқыр! Кә! Кә! Қасқыр! - деп Медж итін шақырып тұр еді. Ирвин екі саусағын аузына сұғып тұрып, қатты ысқырып жіберді.
Мұндағы бірінші сөйлем түпнұсқада алтыншы абзацта тұр:
- Волк! Волк! Сюда! - позвала Медж.
Ал екінші сөйлем сегізінші абзацта тұр:
Ирвин сунул себе в рот оба мизинца, и его пронзительный свист присоединился к зову Медж.
Бір қараған адамға бұл ауыстыруда мән жоқ сияқты болып көрінуі мүмкін, бірақ аудармашының байқампаздығы сонда, ол кейінгі сөйлемдегі ... свист присоединился к зову Медж деген бөліктің қасқырды шақырумен ілесіп тұруының заңды екенін, аударма мәтінге табиғилық сипат беретіндігін жасампаздықпен түйсінген (Бұл айғақтар Джек Лондонның Алматы, Жалын баспасынан 1991 жылы Екі тілде еркін сөйлейміз айдарымен шыққан Қасқыр - Волк атты кітабының 1, 2-беттерінен алынды).
2. Ауыстыру. Түпнұсқа мәтіндегі сөз формаларын, сөз таптарын, сөйлемшелерді, синтаксистік байланыс түрлерін т.с.с. ауыстыру.
Кейде түпнұсқаның сөйлеміндегі нақты атаулар аудармада есімдік арқылы беріледі, кейде керісінше болуы да мүмкін. Бұл - бір сөзді қайталай бермеу мақсатынан туған әрекеттер болады.
Түпнұсқадағы зат есім аудармада етістік түрінде беріле алады. Мысалы: Свист его сильным. - Ол қатты ысқырды. Бұл жерде оның ысқырығы қатты болды деп аударса, түпнұсқа мәні өзгеріп, оны қазақша ашуы қатты болды деп екіұшты түсініп қалуымыз мүмкін.
Орыс тілінен қазақ тіліне аударуда сын есімдердің зат есімге ауысып отыруы - жиі кездесетін құбылыс. Мысалы: Английское Правительство. - Ағылшын Үкіметі; серебряная ложка - күміс қасық; мамино пальто - шешемнің пальтосы т.с.с.
Кейде орыс тіліндегі предлогі бар зат есімдер қазақ тіліне сын есім түрінде де беріледі. Мысалы: Девушка из города. - Қалалық қыз; человек с характером - мінезді адам т.с.с.
Сөйлем мүшелерін ауыстыру. Ауыстырудың бұл түрі орыс тілі мен қазақ тілі мысалында алсақ, мынадай тұстарда кездесетінін байқадық: Книга прочитана мною. - Мен кітапты оқып шықтым. Бұл аударуда толықтауыш бастауышқа ауыстырылып тұр, өйткені ырықсыз (пассив) құрылым қазақ тіліне сол түрде аударылмайды.
Орыс сөйлеміндегі пысықтауыш қазақ тіліне бастауыш түрінде аударыла алады. Мысалы: В комнате стояла жара. - Бөлме қапырық болып тұр еді. Бұл ауысуға себеп -- орыс тіліндегі бастауыш пен баяндауыштың арасындағы мағыналық байланыс, қатынас қазақ тіліне сәйкес келмеуінен.
Сөйлем мүшелерін ауыстыруда сөйлемдегі коммуникативтік мүддені еске ұстаған жөн болар еді. Мәселен, У них был долгий, душевный разговор деген сөйлемді былайша екі түрде аударуға болар еді: 1) Олар ұзақ, шын жүректен әңгімелесті; 2) Олардың әңгімесі ашық та ұзақ болды. Егер түпнұсқа авторы әңгіменің өткендігіне ден қойып отырған болса, бірінші нұсқа дұрыс болар еді де, ал егер өткен әңгіменің сипатын көрсетуді мақсат тұтса, екінші нұсқа ұтымды болып шығар еді.
Құрмалас сөйлем көлеміндегі ауыстырулар. Құрмалас сөйлем құрылысына байланысты синтаксистік трансформалаулардың төмендегідей түрлері орыс тілінен қазақ тіліне аудару процесінде жиі кездеседі екен:
1. Жай сөйлемді құрмалас сөйлем етіп аудару;
2. Құрмалас сөйлемді жай сөйлем етіп аудару;
3. Басыңқы сөйлемді бағыныңқы етіп немесе бағыныңқыны басыңқы етіп аудару;
4. Сабақтастық байланысты салалас байланыс етіп немесе салалас байланысты сабақтас байланыс түрінде жеткізу;
5. Жалғаулықты байланысты жалғаулықсыз етіп не, керісінше, жалғаулықсыз байланысты жалғаулықпен жеткізу.
Бұл трансформалаулардың бірінші түрі орыс тілінен қазақ тіліне аударуда өте сирек кездесетіні, ал қазақ тілінен орыс тіліне аударуда жиі кездесетіні байқалады. Мысалы: Тың жерді игерудің не екенін білемісің? - Ты знаешь, что такое освоение целины? (М.И.)
Құрмалас сөйлемді жай сөйлем етіп аудару орыс тілінен қазақ тіліне аударуда молынан кездеседі, әсіресе, орыс тіліндегі который, что т.с.с. жалғаулықтар арқылы байланысқан құрмалас қазақ тіліне көбіне жай сөйлем түрінде жеткізіледі. Мысалы: В моей небольшой библиотеке сохраняются лишь те книги, к которым я постоянно возвращаюсь(О.Сулейменов. Аз и Я). - Менің шағын кітапханамда мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілінен қазақ тіліне аударғанда лексикалық және грамматикалық трансформацияның түрлерін талдау
Лексиканы аудару ерекшеліктері
Инверсияны ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару анализі
Аударма кезіндегі сөйлем құрылымын түгелдей өзгерту
Ырықсыз етістің топтастырылуы
Аударманың трансформациясы және оның түрлері
Аудармадағы лексикалық трансформациялық үлгісі
Ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің қазақ тілінде берілу процесіндегі аударма теориясының негіздерін анықтау
Аударма барысындығы сөйлем мүшелерін өзгерту
Ағылшын тіліндегі қажеттілік пен міндеттілікті білдіру құралдары
Пәндер