Кредиттік оқыту технологиясы сипаттама
Реферат
Тақырыбы: Кредиттік оқыту технологиясы
Жоспар:
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Кредиттік оқыту технологиясына сипаттама.
2. Кредиттік оқыту технологиясын қарастырған ғалымдар.
3. Кредиттік оқыту технологиясының ерекшелігі.
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Елімізде жоғары білім жүйесін дамыту талаптарына сай студенттерге терең білім және тәрбие беру, оларды жан - жақты дамыту бүгінгі күннің басты мәселесі. Білім және тәрбие беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз ететін үздіксіз үдеріс.
Білім беру жүйесіндегі жаңа білім парадигмасы білім, білік, дағды жиынтығын толық меңгерген, қоғам өміріне белсене араласатын, шығармашылықпен ойлайтын, өзін-өзі көрсете алатын, өздігінен ақпаратты іздеп, талдайтын және оны дамытуға қабілетті, кәсіби құзыретті жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.
Жоғары оқу орындарындағы білім беру мен тәрбие жұмыстарының талапқа сай жетілдірілуі студенттердің болашақ кәсіби құзыретті маман болып қалыптасуына зор ықпал етеді. Осы тұрғыда республикамыздың жоғары білім беру жүйесі кәсіби мамандар даярлауда оқытудың кредиттік жүйесіне көшуді қолға алды.
Себебі, бүгінде халықаралық жоғары білім беру тәжірибесін ескермей, қазіргі заманға сай білім алуға қол жеткізу мүмкін емес.
Алғаш рет кредиттік-сағаттық жүйе АҚШ-та пайда болып, дамыды. Кредиттік-сағаттық ұғымын 1869 жылы Гарвард университетінің Президенті, атақты америкалық білім беру қызметкері Чарльз Элиот енгізді. Нәтижесінде 1870-1880 жылдары кредит-сағаттар арқылы өлшеуге болатын пәндердің көлемін шешетін жүйе енгізілген еді. 1892 жылы кредиттік-сағаттық жүйе дамуының екінші кезеңі басталды. АҚШ ұлттық білім беру комитеті колледж-мектеп құрылымын жетілдіру мақсатында, орта мектептерде оқыту бағдарламасын стандарттауда кредит ұғымын тек колледждерде ғана емес, мектептерге, білім берудің магистрлік және докторлық деңгейлеріне бакалаврлық бағдарламаның мазмұнын бағалау үшін кредиттік жүйені енгізді [2].
1999 жылы 19 маусымда Италияның Болон қаласында 29 Еуропа елдерінің өкілдері қатысуымен өткен басқосуда Болон Декларациясы қабылданған еді. Бұл Декларацияда Еуропада жоғары білім беру жүйесі бойынша реформалық бастамалардың нақты мақсаттары айқындалды. Декларацияға сәйкес болашақта Еуропада ортақ жоғары білім беру жүйесін құру белгіленді. Осылайша Болон үдерісі басталды. Қазақстан Республикасы Болон үдерісіне 2010 жылдың наурыз айында қосылды.
Болон Декларациясына бұған дейін біртұтас Еуропада жоғары білім беру мәселесін шешу бойынша қабылданған бірқатар құжаттар негіз болды. Атап айтатын болсақ, олар: 1988 жылы басқа Болон Декларациясы- Университеттер Ұлы Хартиясы және 1998 жылғы 25 мамырда қабылданған Сорбон Декларациясы [3].
Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіне Еуропалық кредиттік жүйе (ESTS) енгізілді. Еуропалық кредиттік жүйе бойынша Франция, Германия, Испания, Италия, Ұлыбритания және т.б. елдерде білім беріледі [4].
Негізгі бөлім
Қазіргі таңдағы ғылыми техникалық прогресс пен өркениетті даму дәуіріне бет бұру кезеңінде жаңа қоғамға лайықты саналы, білімді жеке тұлғаны қалыптастыру бүгінгі қоғамның алдында тұрған негізгі міндет. Сондықтан, қандайда бір мелекеттің білім жүйесінің халықаралық дейгейдегі кредиттік жүйеге өтуінің маңызы ерекше.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында Кредиттік оқыту жүйесі (технологиясы) - білім алушының және оқытушының оқу жұмысының көлемін өлшеудің сәйкестендірілген бірлігі ретінде кредитті пайдалана отырып, білім алушылардың пәндерді оқып зерделеу дәйектілігін таңдауы және дербес жоспарлауы негізіндегі оқыту деп көрсетіледі [5].
Жоғары оқу орындарының кредиттік оқыту жүйесіне көшуінің басты мақсаты - білім жүйесін әлемдік білім кеңістігімен кіріктіру және өндіріс пен нарықтық жағдайдың өзгеруіне тез бейімделе алатын кәсіби мамандардың әлемдік сұранысқа, бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік жасау болып табылады.
Оқытудың кредиттік жүйесі - білім берудің демократиялығымен сипатталады және әр студенттің жеке бас ерекшелігі мен қабілеттерін дамытуға жағдай жасайды. Бұл жүйенің негізгі ерекшелігі - студенттердің білім кеңістігін қалыптастыру еркіндігі, яғни, жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарттарының мамандар дайындаудың сапасына қоятын талаптарына сәйкес, білім алудағы өзінің ерекшелігі мен қалауына сай ұйымдастыра алады.
Елімізде кредиттік оқыту жүйесін теориялық және ғылыми-қолданбалы бағыттары бойынша зерттегендер Г.К.Ахметова, С.Б.Әбдіғаппарова, С.Ә.Әбдіманапов, Б.С.Әбдірәсілов, Ж.Д.Дадабаев, А.А.Құсайынов, С.М.Өмірбаев, Б.З.Андасова және басқалар кредиттік жүйенің жоғары білім беру жүйесіне ендірілуіне үлес қосты [6].
Кредиттік оқыту жүйесі сызықтық емес оқыту жүйесіне жатады. Осы тұрғыда кредиттік оқыту жүйесінің дәстүрлі сызықты оқыту жүйесінен ерекшеліктерін атап өтуге болады:
- дәстүрлі жүйеде оқытудың мақсаты ақпарат пен нақты білім беру болса, кредиттік жүйеде нақты білімнің негізінде өзіндік шешім қабылдай білу, талдау, қорыту дағдыларын жетілдіру, яғни шығармашылық әрекет пен өздігінен танып-білуді және кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру;
- студенттердің оқу жоспарындағы қамтылған пәндерді таңдау еркіндігі, әр студенттің өз жеке оқу жоспарын жасауға тікелей өзі қатысуы, оқыту бағдарламасының ыңғайлылығы;
- студенттердің оқытушыларды таңдаудағы еркіндігі;
- "студент-оқытушы" қарым-қатынасының "субъект- субъект" болып өзгеріп, оқытушының ұйымдастырушылық және қосалқы рөл атқаруы;
- студенттерге пән таңдауда, оқу траекториясын таңдауда көмектесетін академиялық консультанттардың енуі;
- оқу үдерісін ұйымдастыруда факультеттердің еркіндігі, оқу үдерісін қажетті әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету қажеттігі;
- әр студенттің эдвайзер көмегімен оқу пәндерін меңгеру үшін білім беру траекториясын таңдау арқылы оқытудың жекелендірілуі;
- студенттің өзіндік жұмысының үлесінің артуы, оның оқытушы қатысуынсыз жүргізілетін және оқытушы жетекшілігімен жүргізілетін болып бөлінуі;
- студенттің меңгерген білім сапасының аралық бақылау мен емтиханда бағаланып, сынақтың болмауы;
- шетелде оқу мүмкіндігі;
- оқыту үдерісінде интербелсенді әдістерді кеңінен қолдану мүмкіндігі;
- бағалау жүйесінде дәстүрлі бағалаудан ерекше пайыздық бағалау жүйесінің енгізілуі.
Кредиттік оқыту технологиясы дегеніміз - білім алушы мен оқытушының оқу жұмысының көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын өз бетінше жоспарлауы негізінде оқыту.
Кредиттік оқыту жүйесі қолданылған оқыту үдерісі келесі формаларда ұйымдастырылған: аудиториялық сабақтар (дәрістер, тәжірибелік сабақтар), зертханалық сабақтар, студиялық сабақтар.
Кредиттік оқыту жүйесін енгізудің мақсаты - студенттердің кәсіби дайындық деңгейін арттыру, олардың жеке шығармашылық қабілеттіліктерін жан-жақты дамыту, қажет болған жағдайда студенттерге жақын және алыс шетел жоғары оқу орындарына кедергісіз ауысу мүмкіндігін беру.
Оқу жылы академиялық мерзімдерден, аралық бақылау кезеңдерінен, іс-тәжірибе және демалыстардан тұрады. Бітіретін курста оқу жылына қорытынды бақылау мерзімі қосылады. Университеттегі академиялық мерзім ұзақтығы 15 аптадан тұратын семестр болып табылады.
Оқу жылы ережеге сәйкес, 35 аптадан тұрады:
30 - теориялық оқу,
5 - қорытынды бақылау.
Дегенмен күндізгі бөлім студентеріне жылына екі рет, ұзақтығы 7 аптадан кем емес демалыстар бекітілген.Оқу жылының басы 1 қыркүйектен басталады. Жазғы семестр (бітіру курстарын қоспағанда) өткізіледі, оқу мерзмі 6 аптаға дейін, оның 4-5 аптасы теориялық оқу, 1 аптасы - қорытынды бақылау (емтихандық сессия).
Оқу сабақтары көбінесе белсенді шығармашылық түрде (тренингтер, іскерлік ойындар, диспуттар, дөңгелек үстелдер, семинарлар) жүргізіледі.
Оқу сабақтары:
1) Күндізгі бөлім студентері үшін бір немесе екі аусымдық сабақ 8,00-18.30 сағатқа дейін жалғасады.
2) Сырттай оқу бөлімінің студенттері үшін еркін аудиториялық қордың болуына байланысты сабақтар 8.00 -20.00 сағатқа жалғасады [6].
Шетелдегі түрлі кредиттік оқыту жүйелерін зерттеу нәтижесінде төмендегідей тұжырымдар жасауға болады:
1) көптеген елдердің оқыту жүйелері сырттай қарағанда ұқсас келеді;
2) жаңа жүйені ендіру біртіндеп және оқу сапасын жоғалтпай жүргізілуде;
3) факультеттер мен кафедралардың және студент- тердің оқу үрдісін ұйымдастыруда құқықтары мен жауап- кершіліктері артты;
4) жаңа жүйе сапаны арттыруды және экономикалық тиімділікті белсендіреді;
5) кредиттердің ұлттық жүйесінің құрамына кредиттерді жинау мен ауыстыру кіреді, соның негізінде
- ЖОО-ның автономиялығын сақтау;
- халықаралық білім беру жүйесінің айқындығын арттыру;
- кез келген басқа ұлттық білім беру жүйелеріне сәй- кес келе алуы;
- жоғары білім берудің барлық формалары мен бағдарламаларына қолдануға болатындығы;
- ECTS жүйесінің негіздерін: кредиттерді, сынақтық ауыстыру, ақпараттық пакет, білімдерді бағалауды тіркеу және т.б. іске асты;
6) жалпыеуропалық Дипломдардың қосымша-сына (Diploma Supplement) сәйкес болуы, бұл жоғары білім берудің академиялық және кәсіби біліктілігін айқын етеді.
Кредиттік оқыту жүйесінің жақсы жақтарымен қатар, кемшіліктері де бар:
- білім беру стандарттарын орнатуда мемлекеттің реттеушілік рөлі аздап кемиді;
- барлық кредиттік жүйелерде студентке шектен тыс еркіндіктің берілуі;
Алайда, аналитикалық талдаудан алынған деректер нәтижесінде кредиттік оқыту жүйесінің беретін мүмкіндіктерінің төмендегідей артықшылықтары даусыз:
- Кредиттер жүйесінің (мысалы, ECTS) ендірілуі әртүрлі елдердің білім беру жүйелерін бір-бірлеріне ашық етуге мүмкіндік берді.
- Кредиттік жүйе студенттерге олардың оқуын ше- телде академиялық танылуына кепілдеме береді. Сол арқы- лы студенттің басқа оқу орнының толыққанды оқу курс- тарына және академиялық өміріне қолы жетеді.34
- Бұл технологияда оқу үрдісіне қатысушы барлық субъектілердің нақты әрекеттері айқын түрде сипатталған.
- Оқу үрдісінің экономикалық тиімділігін белсен- діреді.
- Шетелдегі оқуын аяқтаған соң өз оқу орнына қайта келмей, сол қабылдаған оқу орнында қажетті біліктілікті алу үшін қалуына болады (мысалы, ECTS жүйесі). Шетелдегі кредиттік жүйені зерттеу барысында алынған және Ресей жоғары оқу орнындағы (РУДН) сынақ (кредит) бірлігін қолдану тәжірибесінің нәтижелерінен оқытушы мен студенттің оқу үрдісіндегі іс-әрекетінің өзгеретінін анықталды [26].
Атап айтқанда, студенттер үшін:
- Оқу жылы бойы жүйелі түрде оқу жұмыстарын жасау қажет болды.
- Оқытудың жеке траекториясын таңдау мүмкіндігі берілді, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz