Диалект сөздер
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Диалект сөздер
Тілтанымдық іс - тәжірибенің өзектілігі: Біз қарастырып отырған тілтанымдық іс - тәжірибенің тақырыбы - Диалект сөздер. Әдеби тілде қолданылмайтын, тек белгілі бір территорияда тұратын халық тілінде ғана кездесетін сөздер диалект деп аталады. Мысалы, жәкенші (Жамбыл, Мерке) - жәрдемші, көмекші; қанау (Ақтөбе, Ырғыз) - үлкен арық, канал, сектену; сектену (Қостанай, Аман) - сезіктену. Диалект сөздер әдеби тілге қатысына қарай бірнеше түрге бөлінеді: 1) лексикалық диалектизимдер; 2) лексика-фонетикалық диалектизмдер; 3) семантикалық диалектизмдер.
Тілтанымдық іс - тәжірибенің мақсаты: Құбылыстар мен заттардың бәрі де белгілі бір сөздермен аталады. Атаусыз сөз жоқ, сөз болмаған жерде атау да жоқ. Сондықтан, сөз тарихы тіл тарихымен, тіл тарихы халық тарихымен, халық тарихы қоғам тарихымен тығыз байланысты. Адам баласы өзінің жаратылысынан белгілі қоғамда өмір сүріп келеді. Өмір сүруге қажетті заттарды өндіруде де олар бірлесіп атқарады. Осындай бірлесіп атқарған еңбектің өзі адамзатты ойлай білуге, сөйлеуге мәжбүр еткен.
Тілтанымдық іс - тәжірибенің міндеттері: Тіл адам баласының қол жеткен табыстарын сөздер арқылы көрсетеді. Әрбір тілдің сөздік құрамындағы сөздер халықтың басынан өткен ұзақ сонар тарихын, оның саяси-әлеуметтік өмірін, тұрмыс-салтын, күнкөріс-тіршілігін, мәдени-рухани өмірін, бүкіл экономикасын айнытпай айқын бейнелеп береді.
Тілтанымдық іс - тәжірибенің құрылымы: Сөз қайда және қашан қолданылса да, даяр күйіндегі тұтас дүние ретінде пайдаланылады. Еркін сөз тіркесі мен сөйлеу нақ сөйлеу үстінде құрастырылады. Ал сөз, керісінше, тілде бұрыннан бар даяр қалпында сөйлем мен еркін сөз тіркесінің құрамына кіреді.
Диалект сөздер
Әдеби тілде қолданылмайтын, тек белгілі бір территорияда тұратын халық тілінде ғана кездесетін сөздер диалект деп аталады. Мысалы, жәкенші (Жамбыл, Мерке) - жәрдемші, көмекші; қанау (Ақтөбе, Ырғыз) - үлкен арық, канал, сектену; сектену (Қостанай, Аман) - сезіктену.
Диалект сөздер әдеби тілге қатысына қарай бірнеше түрге бөлінеді: 1) лексикалық диалектизимдер; 2) лексика-фонетикалық диалектизмдер; 3) семантикалық диалектизмдер.
1. Лексикалық диалектизмдер деп аңғантатын ұғым жалпы халық тілінде басқа сөздермен аталатын, әдеби тілде кездеспейтін түбір сөздерді айтады.
Мысалы, Сәйпіл (Алматы, Кеген) - қорған, қамал; Сеймет (Қызылорда, Арал) - өмілдірік; ұтыр (Шымкент, Қызылорда) - қисын, рет және т.б.
2. Лексика-фонетикалық диалектизмдерге әдеби тілдегі сөздердің жергілікті жерлерде фонетикалық өзгерістерге айтылатын сөздер жатады. Мысалы, оұ сәйкестігінен сұрақты-сорақы, сұнар-сонар, дұмалау-домалау; аы сәйкестігінен шырлау-шарлау, тымтық-тамтық, қимықпай-қаймықпай; аә сәйкестігінен дәнә-дана, кәте-қате, кәйтейін-қайтейін, зәлім-залым, уәйім-уайым т.б.
3. Туынды диалектизмдер деп әдеби тілдегі сөздерге диалектизмге тән жұрнақтар жалғану арқылы жасалған диалектизмдерді айтады. Мысалы, шәйгөн-шайнек, жүрдемел-жүрдек, сұрамжал-сұраншақ, мейманқос-меймандос, тұзды-тұздық, еңку-еңіс т.б.
4. Лексика - семантикалық диалектизм деп жалпыхалық тіліне тән бола тұрып, әдеби тілге жат мағынаға ие сөздерді айтады. Мысалы, бел - ашабылған шөптің ізі, жолы; баспа - ілгек; баспахана - ққастық, дұшпандық; шалысу - тырысу; сона - сырғаның бір түрі; сес - әдейі; сәл - құм, қуат; дерек - керек; деректі - жауапты; долы - бұршық.
Диалектизм әдеби тлдегі құбылыс, дегенмен оның әдеби тілді толықтыруға, байытуға үлесі мол. Халық тұрмысында ғылым мен техниканың дамуына байланысты көптеген жаңа ұғымдарға атау табу қажеттігі туғанда халық қазынасы ретінде пайдалатын сөздеріміз - диалектизм. Мысалы, марля сөзінің баламасы ретінде - дәке, минералды су мағынасында арасан сөздері әдеби тілге диалект қатарынан ауысты. Әрине, диалектизмнен әдеби тіл қатарына өткен сөздер мағынасын кейде өзгеріп, кеңейтуі мүмкін. Мысалы, мердігер сөзі Солтүстік Қазақстан халықтары сөзінде жалданып жұмыс істеуші деген мағынада қолданылады. Ал, әдеби тілге енгенде жеке басқамын күйттеуші емес, қоғамдық еңбекке негізделген шарт негізінде атқарылатын ұғымдық еңбекке айтылатын болды.
Диалектизм тіл-тілде бір тілде сөйлейтін халықтың өз арақатынасының аздығынан пайда болады. Қазіргі кезде жастардың мектепте оқуы, бәрі бірдей әдеби тілде жазылған оқулықты пайдалануы, газет, журнал, көркем әдебиет, халыққа тең тарап, радио, теледидарды тегіс тыңдап, көріп отыруы әдеби тілде сөйлеушілердің санын көбейтіп, диалектизм бірте-бірте азайып келеді.
Диалектизмнің қолданылуы. Диалектизмдер жергілікті жерде ауызша қолданылатындықтан, жазба әдебиеттерде оны пайдаланудың қажеті жоқ. Әсіресе, ғылыми, іс-қағаздары, публицистикалық стильдерде қолданылған диалектизм тілді шұбарлайды, тексті түсініксіз күйге түсіреді.
Ал, көркем әдебиетте диалектизмді қолдануға болады, бірақ өз орнын, мақсатын түсініп алу керек. Егер автор өз кейіпкерінің қай аймақта тұратынын, жас шамасын, білімін көрсету үшін ауызша диалектизмді салып, сол арқылы оның өзіндік ерекшелігін сомдауға әрекет жасайды. Мұндай жағдайда диалектизмнің қолданылуы орынды болады.
Ал, автор сөзінде диалектизмнің кездесуі орынды бола бермейді.
Тек әдеби тілдің баю мүмкіндігіне себебі тиетін, қажет сөздер болмаса, жалпыхалық тілінде баламасы бар сөзге үйір болмау керек.
Мысалы, М.Әуезов Жетісу өңіріндегі оқиғаға құрған өзінің Қилы заманында мұттайым, сұрау, демегін сияқты сөздерді әдейі қолданады. Арызымыз тыңдалмай, ақ-қарамыз тексерілмей, өле беретін болған соң, бізде бір, белгілі мұттайым кісі де бір болғаны ғой. Ел сұраған ұлығы бұлай десе, қоялық...-Қой, олай демесін...-деп, ақырып басып қойды. Қонағы жоқ асбұзыл жұтағандай қаңырап тұр. (М.Әуезов).
Келтірілген мысалдардағы мұттайым сөзі қу, бұзық, сұрау сөзі билей, басқару, демегін сөзі деме мағыналарын ьілдіріп, кейіпкерлердің аузынан естіліп, сол жергілікті тұрғынның мінез-құлқын ашуға себін тигізіп тұр.
Қазақ диалектологиясы - тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда кейін пайда болған, ірге тасы кейінірек қаланған сала. Қазақ диалектологиясының ғылыми мәселелрі туралы пікір айту, оның объектісі - говорларды зерттеу ісі 1940 жылдардан бастап қана қолға алына бастады. Бұл салада алғашқы еңбек жазғандар С.А.Аманжолов пен Ж.Д.Досқараев болатын. Қазақ диалектология ғылымының ірге тасын қалаған екі ұстаз ғалымдарымыз алғаш рет материал жиып, оларды бір ізге түсіріп, диалектологиялық сөздік жасаумен ғана шектелмей, қазақ диалектілерінің классификациясы, әдеби тіл негізі т.б. теориялық мәселелер жөнінде өз пікірлерін айтқан еді. Олардың еңбектір қазақ диалектологиясының әрі қарай дамуына, кемелденуіне өор әсер етті. Кейінгі зерттеулерге мұрындық болды. Қазақ диалектологиясының жеке ғылым болып қалыптасуына көп еңбек сіңірген С.А.Аманжолов болды. Ол ұзақ жылдар бойы жоғары оқу орындарында осы пәннен лекцияоқып, кадр дайындау ісіне мол үлес қосты. Диалектологиялық экспедициялар ұйымдастыруға тікелей араласып ат салысты. Революциядан бұрынғы нұсқаулардан аудандық, халық ақындары мен қазақ тілінде шығара бастаған аудандық газеттерден қыруар лексикалық материал жинауда зор еңбек сіңірді. Қазақ диалектологиясы жайында күрделі еңбектер де жазды. Лексикалық материалдар, әсіресе, С.Аманжоловтың монографиялық еңбегінің соңында берілген диалектологиялық сөздігінде мол қамтылған. Бұл сөздік 4000 сөзді қамтиды. Реестрдегі әрбір сөз орыс тіліне аударылуы және жеке тіркестердің реестрлік сөз ретінде алынуы сөздіктің құнын арттыратыны сөзсіз. Бірақ сөздердің 2000-ға жуығы қай жерден алынғандығы белгісіз болғандықтан 1969 жылы жарық көрген диалектологиялық сөздікте пайдаланылмады.
Диалектизмге көп еңбегі сіңген тіл мамандарының бірі - филология ғылымының кандидаты Ж.Досқараев. ол диалектологиядан тұңғыш рет мақала жазып, монографиялық еңбек шығарған ғалым. Ж.Досқараевтың 1955 жылы Ғылым баспасынан жарық көрген Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері атты сөздігінде 2000-ға жуық сөз қамтылып, мағынасы ашылғаг. Автор сөздердің тек қана мағынасын түсіндірмей, олардың басқа тілдердегі баламаларын тауып, салыстырмалы-тарихи әдіс тұрғысынан қарастырады, көптеген сөздердің этимологиясын ашып, көп мағыналылығын сөз етеді. Біраз сөздердің шығу төркіні жайлы да қызықты деректер бар.
С.А.Аманжолов пен Ж.Досқараевтың сөздіктері қазақ диалектологиясы ғана емес, бүкіл түркология ғылымындағы алғашқы диалектологиялық сөздіктер болғандықтан, кейбір оқулықтарға мән бермей отырмыз.Мысалы, Ж.Досқараев сөздігінде омонимия мен полисемияны ажыратуға дәйексіздік, бір диалектілік сөзді екінші бір диалектілік сөздермен түсіндіру фактілері кездеседі. С.Аманжоловтың сөздігінде бірақ материалдардың жергілікті сөйлеу тілінен алынбай революцияға дейінгі жазба нұсқалардан алынғаны, сөздікке енгізілген сөздердің тең жартысы қай аудан, қай облыста айтылатыны жөнінде мәлімет берілмегендігі, қарапайым сөздер, кітаби лексика және диалектизмдердің арасына шек қойылмағандығы, сөздікке кітаби, қарапайым сөздер де еніп кеткені байқалады. Бірақ бұл кемшіліктер аймақтық лексикография саласындағы алғашқы еңбектер санатына жататын сөздіктердің сапасына ақау келтіре алмайды.
Қазақ диалектологтары говорлардың әрбіреуінің ерекшеліктерін сипаттап, сандық құрамын да көрсетіп берді. Одан әрі диалектологтардың кәсіби сөздерді зерттеу, говорлар құрамындағы кірме элементтерін анықтау, қазақ говорлардың түрлерін ажырату, аймақтық лексикография теориясын жасау, говорларды лингвистикалық география әдісімен зерттеу жолында да табыстары аз емес.
Говорлардың лексикасын арнайы зерттеуге арналған еңбектердің бірі - Т.Айдаровтың монографияс. Бұл еңбекте сөздерді лексика-семантикалық топқа бөлу, көнерген, кірме, омоним, синоним сөздер сипатталумен қатар жергілікті сөздердің фразеологиялық тіркестер, қосалқы есімдер құраудағы ерекшеліктері сөз етіледі.
Ә.Нұрмағамбетов 1985 жылы жарық көрген Жергілікті тіл ерекшеліктерінің төркіні атты сөздігінде 220 астам сөздердің тарихын, шығу тегін, төркінін, бастапқы мағынасын ашуға тырысқан. Автор диалектілік сөздердің этимологиясы жайлы едәуір мәлімет береді. Мұның өзі түркологиядағы алғашқы тәжірибе әрі талпыныс болып саналады.
Сөйтіп, бұл қысқаша щолудан диалектологиялық еңбектерде говорлардың ерекшеліктердің зерттелуіне едәуір көңіл бөлгенін көреміз.
Диалектизм деген атауды түсінуде, оған анықтама беруде ғылыми әдебитте бірізділік жоқ. Диалектизм болу үшін екі шарт болу керек:
1) Әдеби тілде қолданылмайтын, тек белгілі бір говорға, диалектіге тән сөз болу керек;
2) Диалектизмнің өзінің таралу шегі болу керек. Мұндай шарт, өлшем-талапты негізге аламасақ, онда диалектизмдерді варваризмдерден, кітаби лексикадан, тосын сөздерден ажырата алмай қалу қаупі туады.
Қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктерді әр тұрғыдан топтауға болады. Мысалы, олар тарихи тұрғыдан, түп-төркіні жағынан немесе ерте не кеш пайда болу жағынан да диалектизмдерді топ-топқа бөліп жіктеуге болады.
Диалектологиялық әдебиттерде жергілікті ерекшеліктердің төмендегі түрлері көрсетіліп жүр.
1. Фонетикалық ерекшеліктер. Бұл ерекшеліктер әдетте кейбір дыбыстардың өзара алмасуымен, сөздердің жуан-жіңішке айтылуымен немесе кейбір дыбыстардың түсіріліп не қосылып айтылуымен байланысты болады. Мысалы, полат (болат), пысқан тамақ (піскен тамақ), құлдану (қолдану), үйдің егесі (үйдің иесі) т.б.
2. Грамматикалық ерекшеліктер. Бұл топқа жататын ерекшеліктер, әсіресе, сөздердің формаларымен, олардың түрленуімен немесе сөздердің тіркесімдік ерекшеліктерімен байланысты. Мысалы, Оңтүстік аймақтарында бұйрық райдың барғын, келгін тұлғалары кездеседі. Батыс аймақтарында жіктік жалғаудың - сыңыз, сіңіз (барасыңыз-барасыз, келесіңіз-келесіз) сияқты тұлғалары кездеседі. Оңтүстік аймақтарда әдеби тілдегі барғым келеді, барғым келмейді сияқты қалау рай тұлғаларымен қатар барғым жоқ, ұйықтағым бар, ұйықтағым жоқ сияқты формалар бар.
3. Лексикалық ерекшеліктер. Қазақ говорларында бұл ең мол, жиі кездесетін ерекшеліктер. Бұл ерекшеліктер әдетте бір нәрсенің атауы не оның сын, сапа-қимылының әр жерде әр түрлі аталуымен байланысты болады. Мысалы, шелекпен су әкелетін иінағашты республикамыздың түкпір-түкпірінде 7-8 түрлі атайды: иінағаш су ағаш әкпіш күйенде күйенте құрамыс мойынағаш т.б. Мысалды төмендегі сөздермен жалғастыруға болады: жар (үйдің қабырғасы), ашық-шашық (топса), таға (нағашы), қоңсы (көрші), буызы (ұрпақ) т.б. Семантикалық сипаттағы ерекшеліктер әдетте белгілі бір сөздің әр жерде әр түрлі мағынада жұмсалуымен байланысты болады. Мысалы, леген ләгөн сөзі оңтүстік аймақтарда ет салатын табақ мағынасында жұмсалса, солтүстік аймақтарда шылапшын (ор,тазик) мағынасында жұмсалады. Ал, Орал облысының батыс жақ аудандарында бұл сөз самауырдың астына қоятын поднос мағынасын білдіреді. Пиялапиялай сөзі оңтүстікте кесе, солтүстікте шамның шынысы мағынасында жұмсалады. Сол сияқты тіліміздегі аққала, там, әжептәуір, әке сөздері барлық жерде бірдей мағынада қолданылмайды.
Құрамына қарай диалектілік лексиканы төмендегі топтарға бөлуге болады:
1. Түбірлі диалектизмдер. Сой (тұқым), лұт (өте), тәр (дәстүр), сүген (балықтың түрі), пес (сараң), нән (зор, үлкен) т.б.
2. Туынды диалектизмдер. Бұл топтағы сөөзер диалектілік немесе әдеби сөздердің негізінде жұрнақ жалғау арқылы жасалады. Жасалу жағынан олар ішінара екіге бөлінеді:
а) Диалектілік сөз+әдеби жұрнақ. Мысалы, шек+кі (таразы), нөкөс+тік (ақымақтық, есуастық), көпене+ші (шөмеле жиятын адам) т.б.;
б) Әдеби сөз+әдеби жұрнақ. Мысалы, теп+пе (баспалдақ), жар+ла (жар салу, жарияла), жұмыс+та (жұмыс істе) т.б.
3. Тіркестік диалектизмдер. Олар екі түрлі болады:
а) құрамында диалектілік сөзі бар тіркесім. Мысалы, дәрпі кету (әйгілі болу), тырпысын шығару (тас-талқанын шығару) т.б.
б) құрамында диалектілік сөз жоқ, тұтас әдеби тілдегі сөздердің өзара тіркесі арқылы жасалған тіркестер. Мысалы, жұмыс жасау (жұмыс істеу), бір мойын жер (ширек гектар жер), жер шығып кетті (жер құрғап кетті) т.б.
4. Семантикалық диалектизмдер. Бұл топқа әдеби тілдле бір мағынада, жерде екінші мағынада немесе әдеби тіл мағынасын сақтай отырып, диалектілік мағынада жұмсалатын сөздер жатады. Мысалы, әке сөзі әдеби тіл мағынасын сақтай отырып, Жетісуда және Семей облысының кейбір аудандарында шырағым, қарағым мағынасында қолданылады. Әдеби тілдегі жағымды мағынада қолданылатын әжептәуір сөзі Орал облысының Орда, Жәнібек аудандарында нашар мағынасында қолданылады.
5. Лексика-фонетикалық диалектизмдер. Бұл топқа құрамында фонетикалық ерекшеліктері белгілі бір заңдылыққа бағынбайтын, тек сол сөздің қара басында ғана кездесетін ерекшеліктер жатады. Мысалы, диуалдуал (балшықтан қаланған қоршау), ашты (ащы), кеуіл (көңіл) т.б.
6. Жиілік диалектизмдер. Бұл топқа Қазақстанның бір өңірінде жиі, екінші өңірде сирегірек айтылатын сөздер жатады. Мысалы, оңды деген сөз оңтүстік өңірінен гөрі орталық-солтүстік говорларда жиірек айтылады (оңды болды, оңды адам). Говорларда сөз тұлғасымен байланысты бір ерекшелік бар. Ол әдеби тілде тұлғасын толық сақтай айтылатын кейбір сөздердің говорларда қысқартылып, ықшамдалып айтылуы. Мұндай сөздердің ықшамдалып айтылуы бірде қосымшаның түсіріліп айтылуымен байланысты болса, бірде сөз құрамындағы бір-екі буынның ьүсіріліп айтылуымен байланысты болады. Мысалы, кілең (кіл), ерекше (ерек), жолшыбай (жолай), бостандық (бостан), көзілдірік (көздік) т.б.
Бұл мысалдарда әдеби тілдегі сөздер говорларда ықшамдалып қолданылса, төмендегі мысалдарда, керісінше, говордағы сөз әдеби тілде ықшамдалған күйде қолданылады. Мысалы, кем (кемшіл), жай (жайын), тал түс (талма түс), жатқан (жатырған) т.б.
Диалектілік ерекшеліктерді тарихи даму жағынан, пайда болу, шығу төркіні тұрғысынан алып қарағанда оның құрамында көне тілдің сарқыншағы ретіндесақталып қалған ертедегі тайпа тілдерінің қалдықтарын, көнеленген қат-қабаттарын табамыз. Бұдан басқа қазақ халқының әр түрлі дәуірде көрші халықтармен қарым-қатынас жасаудың нәтижесінде, ауыс-түйістен пайда болған кірме сөздер де бар. Сол көне мен кірме қабаттардан басқа Совет өкіметі тұсында пайда болған элементтерді де кездестіреміз. Осыған орай оларды дәстүрлі және дәстүрсіз ерекшеліктер деп екі топқа бөліп қарастыруға болады.
1. Дәстүрлі диалектілік құбылыстар. Бұл топқа ертеден келе жатқан, көне тайпа тілдерінің қалдығы ретінде сақталып қалған ерекшеліктер жатады. Мысалы, жандық (ұсақ мал), тайөгіз (тайынша), үріптес (туыстас), сой (тұқым) т.б.
2. Дәстүрсіз диалектілік құбылыстар. Бұл топқа говорларда кейінгі замандарда пайда болған, қоспа ретенде басқа тілдерден енген не кейін жұрнақ пен тіркес арқылы жасалған сөздер жатады. Оларды ішінара екі топқа бөлуге болады:
а) Кірме сөздер. Мысалы, шиша, дәліз, әғлоп, пірнәбес т.б.
б) Қоғамдық-әлеуметтік өмірдегі, мәдениет, ғылым, тұрмысымыздағы өзгерістердің ықпалымен тіліміздегі бар материалдар негізінде жасалған сөздер мен тіркестер. Мысалы, тапсырыс (тапсырма), көрсетпе, жатыс күні (жексенбі), шара көру (шара қолдану) т.б.
Диалектілік ерекшеліктердің әдеби тілге қатысы бірдей емес. Кейбір ерекшеліктердің әдеби тіл қабылдап өз кәдесіне жаратады да, кейбірін қабылдамай, олар тек диалектілік деңгейде қалып қояды. Енді бірқатар ерекшеліктер бір-біріне вариант, дублеттік сыңар құрып, әдеби тілде қатар қолданылып, диалектілік пен әдеби категорияларының арасында аралық топ құрайтын ерекшеліктер. Мысалы, әр сыңары әр говорда қолданылып жүрген мына төмендегі вариант сыңарларының әдеби мен бейәдеби вариантын ажыратып, арасына меже қою қиын: әтешқораз, палуанбалуан, әтір иіс су иіс май т.б. Бұл дублеттік қатардағы сыңарлары әдеби тілде қатар қолданылып жүр. Демек, диалектілік ерекшеліктердің әдеби тілге қатысты сөз еткенде олардың құрамында таза диалектілік ерекшеліктерден басқа әдеби тілден өзге сөздермен қатар тең жағдайда қолданылатын құбылыстардың да орын алатынын ескеру керек.
Жергілікті ерекшеліктердің диалекттердің диалекаралық қатысы тұрғысынан алып қарағанда, яғни бір ерекшеліктердің басқа говорларда балама сыңарының болу-болмауы, бір-біріне сәйкес құбылыстардың бар-жоғына қарай екі топқа бөлуге болады:
1) Сәйкесті диалектизмдер. Бұл топтағы сөздер - әр түрлі говордағы бір затты немесе бір ұғымды түрліше атаудан пайда болатын сөздер. Мысалы, шегені суыратын құралды оңтүстік аймақтарында кемпірауыз десе, батыс аймақтарында атауыз, солтүстік аймақтарында тістеуік дейді. Етке салатын нан атауының 5-6 варианты бар (нан, қамыр, жұқа нан). Бұл сөздердің тұлғасы әр түрлі болғанымен, мағыналары бір-біріне барабар, яғни әр түрлі говорда бір-біріне ұғым жағынан сәйкес сөздер.
2) Сәйкессіз диалектизмдер. Белгілі бір говорда қолданылатын сөздің түрлі географиялық немесе шаруашылық, әдет-ғұрып жағдайларына байланысты басқа говорларда ұғым жағынан сәйкес сөзі болмауы мүмкін. Мысалы, егінді суғару системасы дамыған оңтүстік аймақтарында кездесетін қарық, қоларық, қазына арық, көл арық, көтерме арық сияқты ирригациямен байланысты арық атаулары солтүстік қазақстарының тілінде жоқ.
Бұл екі топтағы құбылыстар территория жағынан бірдей дәрежеде тараған жоқ. Біршама сөздер бірнеше аудан көлемінде ғана айтылса, енді бірқатарлары бір не бірнеше облыс көлемінде қолданылады. Қазақстан территориясын екіге бөліп тұрған құбылыстар да аз емес.
Таралу аймағының ауқымына қарай лексикалық ерекшеліктерді бірнеше топқа бөлдік:
1. Кең аумақты сипаттағы диалектілік құбылыстар. Бұл топқа Қазақстанның жарты территориясында не төрт-бес облыс көлемінде ғана айтылатын ерекшеліктер жатады. Мысалы, кемпірауыз атауыз тістеуік, әтеш қораз маңлай т.б.
2. Орта аумақты сипаттағы ерекшеліктер. Бұл топқа бір облыс, әрі кетсе екі облыс көлемінде айтылатын құбылыстар жатады. Мысалы, шама сама шәмбе шамба, тағанағашы, жандық(ұсақ мал), ақа (аға), әпке тәте т.б.
3. Шағын аумақты сипаттағы ерекшеліктер. Бұл топқа бір не бірнеше аудан көлемінде ғана қолданылатын ерекшеліктер жатады. Мысалы, боташық (картоп), ілеген (поднос), ныштар (бәкі) т.б.
Аймақтық лексика, оның өзіндік ерекше - ліктері тілші ғалымдар тарапынан едәуір зерттелген мәселе. Оған тіл білімінің диалектология саласын арнайы зерттеген С. Аманжолов, Ж. Досқараев, Ш. Сарыбаев, Ә. Нұрмағанбетов, С. Омарбеков, О. Нақысбеков, Н. Жүнісов, Ғ. Қалиев, Т. Айдаров, Ж. Болатов сияқты ғалым - дардың еңбектері куә.
Диалект деген термин тілінде жалпы - халықтық сипат алмаған, белгілі бір жерде ғана қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығын, өзіне ғана тән ерекшеліктері тілдік бар жекелеген аймақ, территорияны білдіреді. Бұл мағынада диалект халық не ұлт тілінің қүрамды бөлігі болып табылады.
Әдеби тіл нормасынан өзгеше ерекшеліктері болса ғана диалект бола алады. Диалектіде әдеби тілдегі жалпыға бірдей сөз басқаша айтылуы мүмкін. Мысалы, жергілікті жерде әдеби тілдегідей зардабы, салдары деудің орнына зарпы; тегі, заты деудің орнына сойы; талаушы - шабаған, беймаза - бейана, кебек - буыз болып айтылады.
Жергілікті халық тілінде әдеби тілдегі кейбір сөздердің бірнеше нұсқасы кездеседі: сіріңке - кеуірт, күкірт, шырпы, шағар, ши, оттық, шақпақ; шылапшын - ләген, жам, кірлен, шылаужан, тас, т.б. Жеке сөздердің мағыналарында бұл сияқты лексикалық өзгешеліктер кездеседі. Әдеби тілде де, диалектіде де кейде сөздердің айтылуы бірдей болады да, мағыналары әр түрлі болып келеді, мысалы, көрім деген сөз бір жерде жақсы деген мағынада, бір жерде жаман деген мағынада қолданылады. Сол сияқты там деген сөз үй және мола деген мағынада әр жерде әртүрлі мағынада үғынылады. Тәте бір жерде әке, бір жерде аға, кейде апа, әпке мағынасында қолданылады. Тәртіп - қаулы, бұрыштама, нұсқау, бұйрық мағыналарында айтыла береді.
Диалект сөздер бүкілұлттық лексиканың құрамына кіреді, бірақ олар жалпыхалықтық болып есептелмейді. Өйткені, олардың басым көпшілігінің жалпыхалықтық тілде баршаға түсінікті баламалары бар. Диалектілік лексиканы Ш.Сарыбаев сәйкесті диалектизмдер, сәйкесссіз диалектизмдер, семантикалық диалектизмдер деп үшке жіктейді. Ғ. Қалиев құрамы жағынан нағыз лексикалық диалектизмдер, лексика-семантикалық диалектизмдер, этнографиялық диалектизмдер деп бөледі. Ғалым диалектілік сөздер негізінен әдеби тіл лексикасына кірмейтінін дәлелдей отырып, оларды белгілі бір ұғымды білдіретін сөздер әдеби тілде жоқ болған жағдайда әдеби тілге енгізу керектігін ескереді.
Қазақ терминологиясында диалектілік лексиканың терминденуі арқылы жасалған терминдер тым жиі болмаса да кездеседі. Мәселен, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында қолданылатын төп сөзі биология терминдерінің қатарынан орын алған. Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігінде бұл сөзге - сүйектен жасалған ботқа, каша. Көженің қоюы деген түсініктеме беріл - се, 1988 ж. жарық көрген биология арнаулы сөздігінде төп (барда) терминіне - малға жем ретінде пайдаланылатын спирт өндіргенде қалатын қоймалжың қалдық деген анық - тама берілген. Сондай-ақ, кен ісі және ме - таллургия саласының түсіндірме сөздігінде кеуек сөзіне мынадай анықтама берліген: біртұтас материалдардың ішіндегі 0,01 мм-ден бірнеше мм-ге дейін түйіршік тәріздес саңылау. Тұйық немесе бір-бірімен өзара жанасатын қуыстары бар табиғи және жасанды материалдар. Қуыстардың көлемі 30-80 пайызға жететін материалдарды кеуекті материалдар дейді. Диалектологиялық сөздікте кеуек (Гур., Маңғ., Түрікм., Таш.) - 1. тау үңгірі (Маңғ.); Кеуек болмағанда ұрыларды ұстар едік. 2. құдық түбіндегі балшықтың құлауынан пайда болған қуыс деп анықтама берілген.
Байқап отырғанымыздай диалекті сөздің білдіретін ұғымы мен терминдік ұғымның ұқсастығына (қою, қоймалжың және азықтық, қуыс, түзілімдер, батпақ, тоқтау су) орай термин жасалынған. Осы сынды Алматы облысының Нарынқол, Кеген аудандарында қолданылатын құжат сөзі қазір өз мағынасында жұмсалатын терминком ресми бекіткен терминдердің қата - рында екені белгілі.
Биология саласының түнек термині диалект сөздің терминденуі арқылы жасалған. Диалектологиялық сөздікте түнек сөзіне жайлаудағы қой түнеп өтетін орын деген мағынаны білдереді. Терминологиялық сөздікте бұл терминге тұрақты баспанасы жоқ жануарлардың тынығатын орны деген анықтама берілген. Екі анықтамадан аңғарылған айырмашылық - жергілікті қолданыстағы түнек сөзі баспанасы бар жа - нуар - лардың түнеп өтетін орны деген ұғымды біл - дірсе, терминологиядағы түнек керісінше ондай тұрақты баспанасы жоқ жануарлардың түнейтін жері. Дегенмен, айырмашылықтарына қарағанда бұл ұғымдардың ұқсас жақтары көбірек. Ең алдымен, екеуі де жануарлардың түнеп шығатын орны; екіншіден, екеуі де уақытша баспана, үшіншіден, екеуі де жайлауда, тауда т.б. елді мекеннен тыс жерде болады. Бұл жерде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz