Құқықтық тәрбие. Құқықтың тәрбиенің мақсаты, міндеттері


Реферат
Тақырыбы: Құқықтық тәрбие
Жоспар:
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Құқықтың тәрбиенің мақсаты, міндеттері.
2. Құқықтьщ тәрбиенің қалыптасуына әсер етуші факторлар.
3. Құқықтьщ тәрбиенің формалары мен әдістері.
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланған әдебиеттер.
І. Кіріспе
Құқықтық тәрбие құқықтық білімді, құқықтық тәжірибені, құқықтық мәдениетті және қоғамның құқықтық мұраттарын ұрпақтан ұрпаққа жеткізу бойынша мақсатты қызметті білдіреді. Құқықтық тәрбиенің мақсаты - жеке адамның да, жалпы алғанда, қоғамның да құқықтық санасын және құқықтық мәдениетін қалыптастыру. Жеке тұлғаны құқықтық әлеуметтену ісіндегі құқықтық тәрбие мәнінің көрсеткіші ҚР мемлекеттік егемендігі қалыптасуының алғашқы жылдарында еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша «Қазақстандағы оқушы жастардың құқықтық тәрбиесінің тұжырымдамасын» (Президенттің 1995ж. 21 маусымдағы жарлығымен бекітілген) әзірлеу болды. Тұжырымдама «жоғары құқықтық сана мен заңдарға құрмет дәстүрлерін қалыптастыруды», «заңға саналы түрде құрмет көрсету мен оны өмірлік тәжірибеде белсенді пайдалана білуді» құқықтық тәрбиенің басты мақсаты ретінде белгіледі. Сөйтіп, жоғары оқу орнындағы құқықтық тәрбиенің мақсаты құқық бұзушылықтың алдын алу және таңдалған еңбек қызметіне даярлау процесінде арнайы құқықтық білімді беру ғана емес, сонымен бірге жеке тұлғаның дүниетанымдық көзқарасын, оның адамгершілік-құқықтық қасиеттерін, ал атап айтқанда: адамның жоғары азаматтылығын, оның жалпы құқықтық мәдениетін және әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру мәселесі болуы тиіс. Н. Ә. Назарбаев Конституция күніне арнап, сөйлеген сөзінде атап өткендей, «Біздің ортақ парызымыз - Ата заңды құрметтеу, оны өз Отанымызды, өз Тарихымызды құрметтегендей қадір тұту» (Казахстанская правда, 2009, 31 тамыз) . Бұл Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР-дағы адам мен азаматтың негізгі конституциялық құқықтары мен міндеттерін, жеке тұлғаның девиантты тәртібінен туындаған құқықтық жауапкершілігі мәселелерін зерделеуді міндет етеді. Сонымен қатар, Президент Н. Ә. Назарбаевтың қазақстандық қоғамды әрі қарай демократияландыру және саяси жаңарту бойынша бастамалары сияқты маңызды мәселеге ерекше назар аударылуы тиіс. Осы, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтары жүйесінің демократияның негізгі принциптеріне, атап айтқанда «Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясына» сәйкестігін сезінуі қазақстандық отаншылдықты қалыптастыру факторларының бірі болуы тиіс. Ұсынылып отырған жинақта Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің оқытушылары дайындаған, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам туралы, Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтары мен бостандықтары туралы, құқық бұзушылықтар мен құқықтық жауапкершілік түрлері туралы, сондай-ақ еңбек, отбасы және басқа заңнамалар негіздері туралы түсінік берілген мақалалар бар. Олар «Құқықтық тәрбие негіздері» тақырыбы бойынша куратор сағаттарын дайындау және өткізу кезінде кураторларға ақпараттық көмек көрсете алады.
1. Құқықтық тәрбие - оқушылардың адам құқығы туралы, Конституция міндеттері мен еркіндігі туралы және құқық бұзушыларға, жауыздық пен зорлыққа деген қарым-қатынас туралы білімді қалыптастырады.
Мақсаты: Өскелең жас ұрпақты қоғамның заңдары мен нормаларын бұлжытпай орындау және Ата заңымызды сыйлау рухында тәрбиелеу, мемлкет пен қоғам ісіне саналы түрде белсенділікпен қатысып, өз Отанын әрқашан қорғауға дайын болуға тәрбиелеу.
Тәрбиелік міндеттері:
- Оқушыларға мемлекет құрылым және құқық, құқықтық нормалар жайында жан-жақты білімдерін меңгерту;
- Мемлекет пен мемлекеттік заңдарға құрметпен қарау сезімдерін тәрбиелеу;
- Өз іс-әрекеті үшін жауап беру мен мінез-құлқын түсіндіре алу қабілеттерін қалыптастыру;
- Жеткіншектердің мінез-құлықтары мен жүріс тұрыстарын заң талаптарына сай қалыптастырып, адамгершілікті әдет-дағдыға тәрбиелеу;
- Құқықтық нормалар мен жалпы адамзаттық құныдылықтарын байланысы жайлы түсініктерін қалыптастыру;
- Адам құқығын сақтау қажеттілігін түсіндіру қабілеттерін қалыптастыру;
- Жасөспірімдердің азаматтық белсенділігін қалыптастыру, заңды бұзушылыққа қарсы күресу.
Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында әр жыл сайын айлық іс-шара жоспары жасалынып бекітіледі.
2. Құқықтың тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялык пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады. Мемлекетіміз жастарға құқықтың тәрбие беру ісіне үнемі маңыз беріп келеді. Қазақстан заңдарына терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және орындау -ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі. Көбіне құқықтық сананың төмендегі, материалдық және рухани игіліктердің не екенін жөнді түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызады. Сондықтан да әр оқушының санасына құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана өоймай оның күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықтық тәрбиенің міндеті болып табылады.
Құқықтың тәрбие негізі
отбасынан
басталады. Қоғамдағы тәртіпсіздік пен қылмыстың көзі - маскүнемдік. Азғындықтың құзына итермелейтін жағдайлардың алғышарты осыдан басталады. Мектеп жасындағы жастар арасында бұл теріс құбылыстың орын алып отырғаны жасырын емес.
Оқушылардың тәртіп бұзуының бір жағы отбасында жатыр. Бізде отбасы әр қилы: маскүнемдікпен күн өткізетін, ұрыс-керістен көз ашпайтын, басқалардың, мемлекеттің есебінен арам жолға барып қалғысы келетін отбасылары бар. Осындай отбасында өскен баланың оқуға, еңбекке қалай қарайтыны өз-өзінен түсінікті емес пе? Мұндай отбасында тәрбиеленген бала қылмыс жасауға бір табан жақын тұрады. Арамтамақтық өмірді жақсы көреді, өзімшіл болады.
Құқықтың тәрбиенің бір ұшы
жыныстық тәрбиеге
де байланысты екені даусыз. Көңілі сүйген адамына үйлену, отбасы құрау, бала сүю және оны бағып-қағуға қамқорлық, айырылысқан жағдайда балаларға жәрдем көрсету - бәрі де жастардың жете түсінуін, ұғынуын қажет ететін заңдар мен міндеттер. Қазіргі студент - ертеңгі маман, өндіріс жетекшісі, басшы. Демек, кәсіптік оқу орнын тәмамдаған оған кәсіби мамандықпен қатар құқықтың тәрбие де ете керек. Педагогика мен тәрбиенің халықтық ұстанымын ғылыми тұжырымдаған орыс педагогы
К. Д. Ушинскийдің:
"өмірде де, ғылымда да барлық халықтарға бірдей тура келетін тәрбие жүйесі жоқ. Әр халықтың ұлттық тәрбие жүйесі әр-түрлі. Өз еліне басқа елдің тәрбие жүйесін енгізу мүмкін емес, себебі халықтардың өмір сүру моделі де, тәлім-тәрбие моделі де әр басқа" дегенін қайда қоймақпыз.
Ауыл жастарының арасында құқықтық тәрбие жұмысын ұйымдастыруда олқылықтар бар. Жастар арасындағы насихат пен құқықтың тәрбие мәселесі жөнінде жоғары ұйымдары таранынан белгіленген шаралар жүзеге асырылып, қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру қажет.
Мектептер жаңа компьютерлермен жабдықталған, құқықтық тәрбие де өз жүйесін тапқандай. Мәдени шаралар жүргізуге арналған саз, құрал-жабдықтары бар.
Құқықтың тәрбие тура жолмен жүруге үйрететін әділеттілік әдістеріне сүйенеді. Адам мұндай жағдайда өзінің ар-ұятына жүгінеді. Оқушы өзінің айналасындағы адамдарды, әлеуметтік игіліктерді қате бағалауы мүмкін. Мұның өзі оның көбіне көп құқықтың тәрбиені бұзуына әкеліп соқтырады.
Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан - 2030" стратегиялық бағдарламасында Отан қорғау мен оның қауіпсіздігіне ерекше мөн бергені мәлім. Қарулы күштерінің бір тармағы ретінде ішкі әскердің де іргетасы қаланды. Ішкі әскер барлық қазақстандықтардың, қарапайым азаматтардың мүддесін қорғаушы - құқықтың тәртіп әскері. Бұл мектеп, отбасы және қоғам жұртшылығының құқықтық тәрбие жұмысын жүргізудегі басты бағытының бірі - оқушылар арасында заң тәртібін бұзушылықтың алдын алу шараларын жүргізуге кең жол ашып отыр.
Құқықтың мәселелерді сөз ету, оны тыңдаушысына жеткізіп бере білу аса қиын өнер. Бүған тек қана білімді болу жеткіліксіз, сонымен бірге тәжірибелі, көпті көрген, адамдардық жүрегіне барар кілтті таба білер тәрбиеші болу маңызды.
Оқушылардың
мектептегі өмірі
тұлғаның азаматтық қалыптасуының шешуші кезеңі болып табылады. Осы жылдары адамгершілігі, дүниетанымы, сенімдері, ұжымшылдығы, тәртіптілігі, өзіне және басқаға талап қоюы, адалдығы мен шыншылдығы, қайырымдылығы мен ұстамдылығы, жігерлілігі мен батылдығы қалыптасады.
Бұлардың мазмұнына мемлекет заңдары және қоғамда өмір сүру ерекшеліктерін құрметтеу, қоғам заңдылықтарын бұзуға төзімсіздік, қоғамдьщ тәртілті сақтау да енеді.
Оқушылар арасында құқықтық тәртіпті бұзушылықтың алдын-алу үшін жүргізілетін
шаралар
:
-тәртіп бұзушының теріс мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал ететін жағдайды жою;
-оқушының тәрбиесін, өмір жағдайын, ортасын сауықтыру;
-оқу, еңбек іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру;
-Отан қорғау, туған елдің күш-қуатын молайту, сөз, баспасөз бостандығы мәселелері жөнінде тәрбиелік іс-шараларды өткізу.
Адамның құқықтық мәдениеті дегеніміз - орынды тәртіп пен мінез-құлық, жан-жақты құқықтың білімдерімен заңды құрметтеу, құқықты қорғау іс-әрекетінің терең бірлігі.
Саналы тәртіп пен мінез-құлықтарды
құқықтың мәдениеттің іргетасы деп қарасақ, ол көркемөнер мәдениетімен қатынастар, сезімдер деңгейінде тікелей байланысады. Сезімдер әлемі эстетикалық қатынастарда негізгі рөл ойнайды. Әдебиет пен өнер бізге көркем бейнелерімен әсер етеді, оларды сезім арқылы қабылдаймыз. Өнердің көмегімен, әсіресе, өдебиет арқылы әлемді, қоғамдық қатынастарды танимыз.
Құқықтың мәдениеттің осы екі деңгейіне көтерілген, яғни құқықтың білімді меңгерген, заңды құрметтейтін адам заңға қайшы келетін әрекеттерден аулаң болады. Тек қана заңға сәйкес жүру дағдысы пайда болады. Мұны заңға мойынсүнушы-лық дейді. Бұл деңгейлік сатыда ішкі қозғаушы күш - адамның үяты, ар-ожданы. Ұят, ар-ождан және сенімдер адамның мәдениеті тек қана заңға мойынсұну емес, заңды қорғау үшін тұрақты белсенді әрекетке қатысуға дайын тұру.
Құқықты құрметтеу, әділдікті, борышты, жауапкершілікті, заңдылықты, сезіну - адам тұлғасының жоғарыдан көрінуі. Осыдан келіп заңдылықты сезіну құқықтық мәдениеттің құрамы екендігін түсіну қиын емес.
Қазіргі кезеңде қоғамның бірте-бірте демократиялық дамуы жалпы білім беретін орта мектептерде мектеп басшыларынан, мұғалімдерден құқықтық тәрбиені зор шеберлікпен, шығармашылықпен іске асыруды талап етеді.
Құқықтық мәдениет
екі тұрғыдан қаралады:
1. Құқықтық мәселелер, құқықтық қатынастар, құқықтық мекемелер әрекетін оқушының білуі.
2. Тұлғаның педагогикалық және психологиялық мәнінің құқықтық санаға әсері.
Адамның құқықтың мәдениеті күрделі. Әңгіме адам, оның санасы, мінез-құлқы, жүріс-тұрысы туралы болғанда, көптеген сұрақтар туындайды.
Құқықтық қоғам демократиялық принциптерге сүйене отырып, әр адамның шығармашылық күштерін, ниетін, ойын, сезімі, ұмтылысын толық және еркін жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Демократияны жетілдіру мемлекеттік және қоғамдық өмірдің құқықтық негізін бекітуге тікелей тәуелді. Мемлекет және қоғпм өмірінің құқықтық негізін бекіту процесі төмендегідей маңызды шараларды жүзеге асыруды қажет етеді:
- заңдылықтарды үздіксіз жетілдіру;
- заңның орындалуын бекіту;
- қоғамдық тәртіп орнатуға әрбір азаматтың қатынасуы.
Бұдан заңдылық пен құқықтық тәртіптің бекітілуіне қамқорлық тікелей мемлекет мойынында болу қажеттігі шығады.
Адамның жалпы мәдениеті мен оның құқықтық мәдениетінің арасында тығыз байланыс бар. Сондықтан да құқықтық тәрбиені адамгершілік тәрбиесі теориясының құрамды бөлігі ретінде қарастырамыз.
Қоғамдық қайта құру кезеңінде құқықтың мәдениетті қалыптастыру барысындағы кемшіліктерді жеңу орын алады.
Құқық қоғам мен қоғамның өрбір мүшесінің бүкіл өмірін қамтып жатады. Құқықтық мәдениеті төмен дамыған адам тек заңның өрескел бұзылған жағдайында ғана оған зейін аударады да, құқықтық талаптарды мойындамаған көп жағдайларды байқамайды.
Заңды білмеу - құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен қүтқармайды. Бұл жерде оқушы заң және құқықтық мәдениет ұғымын шатастырмау керек. Құқықтық мәдениет оқушыдан жан-жақты құқықтық білімдерді талап етеді.
Адамның құқықтық мәдениеті - күрделі психологиялық құбылыс. Бұл құбылыс қоғамның, мемлекеттің көптеген маңызды салаларында көрінеді. Ең бастысы адамгершілікті адам тұлғасының сапалық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал жасайтын тәрбие құралдарының бірі - орынды тәртіп және мінез-құлық тәрбиесінің жоғары деңгейінде болуы.
3. Құқықтың тәрбиені заман талаптарына сай жүргізу үшін ең алдымен сынып жетекшілерінің және мектептердің озат тәжірибесін терең зерттеп, нәтижесін оқу және тәрбие жұмыстарында ұтымды, жинақты етіп пайдаланып, оңтайлы формалар, әдістер мен тәсілдерді іздестіру қажет.
Құқықтық тәрбиенің формалары:
Құқықтық лекториялар.
Мектептерде жоғары сыныптар оқушылары үшін ұйымдастырылады. Лекторийлердің
мақсаты
- жеткіншектер мен жасөспірімдерді еліміздің заңдарына және халқына құрмет сезімін тәрбиелеу, құқықтық біліммен қаруландыру, оны насихаттау.
Лекториялардың жоспары бір жылға жасалып, онда лекциялар тақырыптары көрсетіледі.
Кинолекториялар
- әр түрлі жастағы балалар үшін ұйымдастырылады. Оқушыларға жас ерекшеліктеріне байланысты түрлі көркемдік, хроникалық-құжаттық, ғылыми фильмдер, кино-фильмдер көрсетуге болады.
Жасөспірімдердің заң тану мектептері.
Мұндай мектептерді жастар сарайы, жалпы білім беретін орта мектептердің жанынан ұйымдастыруға болады.
Негізгі мақсаты
- жас түлектерді құқық және еңбек, азаматтық және заңдары жайлы біліммен қаруландыру.
Мектептердегі құқықтық тәрбиенің басқа
формалары:
құқықтық білім факультативтері, дәріс, баяндама, әңгіме, пікір-талас, олимпиада, кештер, сайыстар, т. б.
Тәрбиенің жалпы
әдістері
негізінде құқықтың тәрбие әдістері үш топқа бөлінеді:
Сөздік ақпараттық әдістері
: дәріс, әңгіме, әңгімелесу, өнеге, түсіндіру, дәлелдеу, насихаттау, бекерге шығару.
Бұл әдістің тиімділігі нақты материалды оқушыларға түсінікті тілде мазмұндай білуге байланысты.
Ұқтыру, машықтандыру әдістері
: үйрету, тапсырма, жаттықтыру, талап.
Бұл әдістер оқушылардың іс-әрекеттері мотивтерінің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Ынталандыру және тежелу әдістері тобы:
ынталандыру әдістері, тежелу әдістері (жазалаудық түрлері) .
Сонымен топтарда көрсетілген әдістердің бірлігі жалпы тәрбие жүйесінде болымды нәтиже береді.
Құқықтық тәрбиені оқушы бойында қалыптастыру жолдары:
Құқықтық тәрбиені бұқаралық ақпарат құралдарымен насихаттау : журналдар, радио, телевидение т. б.
Заң проблематикасы бойынша әдебиеттер басып шығару: танымал брошюралар, заңдар мен құқықтық практика туралы пікірлер және т. б.
Ауызша құқықтық насихаттау жұмыстарын жүргізу: тәрбие сағаттары, әңгімелесулер, консультациялар, сұрақ-жауап кештері және т. б.
Құқықтық білім беру : азаматтардың заңдарды жалпы білім беретін мектептерде, колледждер, техникумдар мен жоғары оқу орындарында оқуы.
Көрнекі құқықтық ақпараттандыру: стендтер, құқық бұзушылардың фотосуреттері, қабырға газеттері, жауынгерлік парақшалар және т. б.
Құқықтық проблемаларға арналған әдебиет және өнер туындыларын насихаттау: кинофильмдер, театр қойылымдары, қазақстандық және шетелдік жазушылардың романдары мен повестерінің оқушыға әсері.
Тұлғаны жан - жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі - құқықтық тәрбие. Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдары аса жауапкершілікпен орындап отыруы талаптарымен тығыз байланысты. Әсіресе, оның елімізде жүріп жатқан жариялық, құқықтық және зайырлы қоғам орнату про -цесімен байланысының маңызы ерекше. Ол үшін адамзаттық сан ғасыр уақытта жасап шығарған жалпы адамзаттық негіздегі моральдық нормаларын қоғамның әрбір өскелең жастарының сана- сезімімен, күнделікті мінез - құлықтарына қалыптастыру қажет. Бұл талапты іс жүзіне асыру, әсіресе елдің әлеуметтік - экономикалық жағдайын дамыту кезеңінде, ең бірінші кезекте құқықтық сананы тәрбиелеу мен мемлекеттік заңдарды жетілдіру процесінде жанадандыру айрықша міндетті іс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz