Махамбеттің әдеби дүниетанымы



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Махамбеттің әдеби дүниетанымы

Мазмұны
Кіріспе
1. Негізгі бөлім. Махамбет Өтемісұлының шығармашылығының әдеби- рухани үйлесімі;
1.1. Махамбет Өтемісұлының ұлт азаттық идеясының сипаты ;
1.2. Адам- Махамбет дүниетанымындағы өзекті мәселе;
1.3. Ұлт- азаттық қозғалысындағы қазақ рухының тәуелсіздікке жетудегі тарихи көріністері;
1.4. Махамбет Өтемісұлының жыр- толғауларындағы Мен- адамгершілік-рухани ұстанымы;
Әлеуметтік сауалнама. Слайдтар. Диаграмма.
Қорытынды. Практикалық ұсыныстар.
Әдебиеттер

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі:
Қазақ халқының бай тарихы мен әдебиеті, жалпы дүниетанымы ұлы тұлғаларсыз, ойшылдарсыз, ақындарсыз көзге елестету мүмкін емес. Себебі ықылым заманнан бері ықпалына ерген халқын өрге сүйреп, бостандық пен азаттық жолымен алға бастаған да, сенімді ақтамай орға жығып, азап пен қайғыға душар еткен де жеке тұлғалар болған. Бүгін біз олардың бірінің іс- әрекетін құрметтепеске алсақ, екіншісіне өкінішпен бас шайқаймыз. Ал, әңгіме әдебиет, мәдениет, поэзия мен өнер жайына ауысқанда данышпан адамдарды ауызға алмау мүлде мүмкін емес. Кез келген поэзиялық және дүниетанымдық еңбек, мәдениет пен өнер туындысы жеке адамның ғана көкірегінен қайнап шығып пайда болады.
Кең байтақ даламыздағы өркениет өн бойынан қадау- қадау шыңдар тәрізді уақыт өткен сайын бейнелері асқақтай түскен осынау айрықша ойлау дүниетанымдық стилі бар тарихи тұлғалардың мұрасы кейінгі қоғамдық ойдың даму барысына орасан зор ықпал жасағандықтан халық жадында мәңгі бақи сақталған. Жақсы туындының дүниетанымдық астары да айтарлықтай тереңде жатады. Махамбеттің төрт томдық шығармаларын герменевтикалық талдау арқылы ғана философиялық ойын аршып алуға мүмкін болады. Ендеше, қазақ поэзиясы философиялық ойдың бірден- бір өмір сүру формасы. Осы тұрғыдан келгенде әлеуметтік- танымдық және әдеби- этикалық идеялары бар тарихи тұлғалардың қатарына әйгілі ойшыл ақын Махамбет Өтемісұлы да жатады.Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның жастарына өте қажетті құндылықтардың бірі патриоттық сезім, оны жастар бойына сіңіруде әдеби-тарихи тұлғаларымыздың шығармаларының маңызы ерекше. Ұлттық рух, тәуелсіздік идеялары Махамбет шығармаларының өзекті мәселесі.
Мақсаты: Махамбет Өтемісұлының әдеби шығармаларының негізгі идеясының ұлт-азаттық қозғалыстағы көрінісін тәуелсіздікпен тікелей байланыстыру.
Міндеттері:
1) Махамбет Өтемісұлының дүниетанымының мәні мен мағынасын оның әдеби шығармалары арқылы жастар бойына адамгершілік ұстаным ретінде қалыптастыру;
2) Ұлт-азаттық қозғалыстың негізгі идеясын ашу;
3) Махамбет шығармашылығындағы адамның бостандық,батырлық, ой еркіндіндігі сияқты қасиеттерінің көрініс табуы;
4) Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуына Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісті тарихи-рухани құндылық деп анықтау;
5) Мен ұстанымының адамгершілік- психологиялық ерекшелігін Махамбеттің жыр-толғаулары арқылы айқындау;
Әдістанамасы: Талдау(герменевтика), жүйелеу, сабақтастық, пән аралық байланыс(синтез: әдебиет, тарих, психология, педагогика, саясаттану), салыстыру(компаративистика), әдеби теңеулер.
Жаңашылдығы: Махамбет Өтемісұлының әдеби шығармалары арқылы ұлт- азаттық көтерілістің идеялық сипатын ашу;
Болжам: Махамбет Өтемісұлының әдеби шығармалары арқылы ұлт -азаттық қозғалыстың адамгершілік, рухани және тарихи қырларын ашу;

1. Дүниетанымдық және рухани- адамгершілік астары тереңде жатқан Махамбеттің ақындық мұрасын игерген кез келген қазақ баласының неге делебесі қозып, көзі от шаша бастайды. Ол халқының қалғып бара жатқан рухын дүр сілкіндіре оятып, артында ұрпақтан- ұрпаққа жететін шоқ тастап кетті. Сондықтан Махамбеттің дүниетанымы бүгінгі күндегі өзекті мәселе болып табылады
Ақынның 80- дей шығармалары Асан қайғы мен Қазтуған, Доспамбет пен Шалкиіз жырларымен іштей үндесіп жатады. Іштей ұлттық идеяны сақтай отырып, азат елдігін, еркін өзіндік тұрмысын аңсаумен болған халық Махамбет өлеңдерінен бойына қуат, жанына медет, үмітіне рухани тірек тапты. Сөйтіп, ақынның өлең- жырларының өшпес батырлық, ерлік, жігерлілік, табандылық, парасаттылық үні ұланғайыр сарынға, азаттық пен тәуелсіздік идеясына айналды. Махамбет дүниетанымы және философиясы арнай зерттеуден өтпеген тың тақырып.
Махамбет заманы Ресей империясы өзінің озбырлық отарлау саясатын жүргізу барысында тәуелсіз қазақ мемлекетін жойылып, өзіне бағынышты өз мүддесін қорғайтын және халықты барыншы екі жақтант Жәңгір ханның іс- әрекетімен сипатталады. Осындай қайшылық пен дау- жанжалға, әділетсіздік пен зорлық- зомбылыққа толы заман Ресейдің отарлау саясатына қарсы бағытталған ұлт- азаттық идеясын өмірге алып келді. Профессор Сейіт Қасқабасовтың қонымды пікірі бойынша, XIX ғасырдан қазақ қоғамы үшін енді сыртқы жаудан қоғану емес, қазақ мемлекетін жойып, халықты отарлаған Ресей қақпанынан құтылу- ең зәру мәселе болып, әдебиетте ұлт- азаттық идеясы орнықты [1].
Махамбеттің өлең- жырларының қадір- қасиеті, мәні мен маңызы уақыт өткен сайын бедерлене түсетіні белгілі. Та рихи тұлғаның туған халқы мен адамзат өркениеті алдында сіңірген еңбегі де солай- ғасырдан ғасыр озған сайын өркештене түседі. Ал, тағдырдың ең бір қиын бұралаңдарында халқының бойына қуат берген, жігерін жанумен болған Махамбеттің жалынды өлеңдері келер ғасырлардағы толқын- толқын талай ұрпаққа ата- бабаларының мұңы мен шерін, арманы мен рухын ұмыттырмай, үнемі құлағына құюмен болатнын анық. Жер бетінде қазақ елі тұрғанда, осынау мәңгілік сарын да ешуақытты үзілмейді.
Қазақ хадқы өнер біткеннің ішінен сөз бен сазды жоғары қойған. Осы екі өнердің бір- бірімен бітістірсе, ажырамас тұтастық та дамыта отырып, бойындағы барша рухани қуатын соған сіңіре білген. Қазіргінің талай елін қайран қалдыратын осынау байтақ кеңістікті кернеген поэзиялық әлем,- деп жазды Қазақсытан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің Тарих толқынында аталатын кітабында,- тек сұлулық пен сезімнің шеңберінде шектелмеген. ОЛ жаңашылдықтың жалынын лаулата да білген. Содан да болар, қазақтың поэзиялық шығармашылығында мейлінше терең танымдық қасиеттер бар. Сондықтан да қазақтың дәстүрлі поэзиясы ұдайы философиямен шеңдесіп жатады. Осы философиялық астары тереңде жатқан екі мыңжылдық дала жырын мазмұны мен бояуын төмендетпей өзге тілдерге, әсіресе, ағылшын тіліне аударып, әлем жұртшылығына таныта алсақ, қазіргі қазақ мәдениетінің иәлемдік мәдени арнаға қосар кәусар бұлағының басы сол болар еді. тоның күәсі ретінде Махамбеттің ұлттық рухы биік жалынды өлең- жырлары қомақты еңбек болары анық [2].
2. Адам- Махамбет дүниетанымындағы өзекті де негізгі мәселе болып есептеледі. Ол өзінің Арғымақ, сені сақтадым атты толғауыда:
Жақсыменен дос болсаң
Айрылмас күні қос болсаң,
Басыңа қиын іс түссе,
Алдыңнан шығар өбектеп,
Жаныңа не керек деп,
Жаманменен дос болсаң,
Айрылмас күні қос болсаң,
Басыңа қиын іс түссе,
Басқа қатер бөлек деп,
Қолдан берер есептеп,
Сыртыңнан жүрер өсектеп ... , [3].
деп жақсы мен жаман адам жайында ойын тереңірек тұжырымдайды. Әсіресе, Махамбеттің халықты әділеттілікке, адалдыққа, ізгіліккке, бірлікке шақыруы қазіргі заманда да өзекті де маңызды болып отыр. Еңселігім екі елі атты толғауында:
Дұшпанына келгенде,
Тартынбай сөйлер асылмын.
Құла бір сұлу ат мінген,
Құйрық, жалын шарт түйген,
Құм сағыздай созылған.
Дулығалы бас кескен,
Ту түбінен ту алған,
Жазуды көріп қуанған,
Мен Өтемістің баласы
Махамбет атты батырмын,
деп, өз-өзінің іс- қимылы арқылы батыр адам мен оның тұлпарының тамаша поэзиялық бейнесін береді. Исатай- басшы, мен- қосшы деп өзінің Соғыс өлеңдірінде екеуінің арасындағы ынтымақтық пен достық, далдық пен адамгершілік қатынастар туралы ойларын ортаға салады.
Профессор Сейіт Қасқабасов айқандай, Махамбет шығармашылығының төртінші кезеңіндегі Мұнар күн, Қайда бар?,Абайламай айырылдым Істеген істім кетті далаға, Өлең айтып, толғадым, Қаршыға деген бір құс бар, Қолы кілем, қара нан сияқты жыр-толғаулары адам, оның адалдығы, бостандығы, батырлығы, ой еркіндігі, азаматтығы, мұң-арманы, күйні- тарығуы жайлы терең философиялық- этикалық және эстетикалық ойларға толы. Әсіресе әлеуметтік жаттану мәселесі туралы Өзіңнен туған жас бала Сақалы шығып жат болмай дей келіп, әлеуметтік жалғызыққа (Жалғаздық адамға жараспайды, Аллаға ғана жарасады) тап болған Махамбет өхінің іштей терең рухани- психологиялық күйзеліске ұшыраған жағдайын бірнеше жырларының арқау етеді [?].
Махамбет кейбір адамдардың бойындағы опасыздық, екіжүзділік, сатқындық, зұлымдық, сияқты жаман қасиеттерді көре білді. Сонымен қатар адам болмысы мен сана- сезімі, жақсы адам мен жаман адам, өлім мен өмір, әке мен бала, жалғыздық пен көптік сияқты мәңгілік философиялық- аксиологиялық мәселелеріді өз дәуіріне лайықтап поэзиялық формада күн тәртібіне ұсынды. Махамбет дүниетанымы өмірлік, жыраулық, халықтық сипатта болды. Оның поэзиясында қазақтың ұлттық идеясы, ұлт- азаттық идеясы жақсы көрініс тапты.
Махамбет дүниетанымындағы құндылықтар жүйесі әділеттілік, азаттық, сөз бостандығы (бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ), ерлік, адалдық, батырлық, халыққа шынайы қызмет ету, жауапкершілік пен бостандық сияқты құндылықтардан тұрады. Сонымен Махамбет әлеуметтік әділеттік пен қайырымдылық жаршысы, және ол өз шығармашылығы арқылы әділетті, іштей үйлесімді жаңа қазақ қоғамын орнатуды меңзеді. Бұл оның шығармашылығының әлеуметтік- әдеби өзегі болатын.
3. Махамбеттің жалынды өлең- толғаулары халық рухын оятудың қажетті құралы болды. Ұлт- азаттық, ұлттық идеяны басшылыққа ала отырып, ол халықтың азаттығы мен бостандығына қарулы көтеріліс арқылы ғана жетуге болатынына әбден сенді. Бірақ сенім ақталмады, көтеріліс жеңіліске ұшырады. Ресей империясының отарлау саясаты шарықтап тұрған кезде Еуразия кеңістінің қақ ортасында ұлт- азатық көтерілістің бас идеологы болуының болуының өзі Махамбеттің үлкен ерлігі мен батырлығы, ойшылдығы мен даналығы болатын. Егер осы көтеріліс болмаса, онда қазақ халқының ғасырлар бойғы үздіксіз ұлт- азаттық қозғалысының қажетті бір буыны болмас еді. Махамбет жырлары ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып, 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан көтерілісіне ұласып, тәуелсіздік пен дербес дамуды аңсаған азаматтар рухын шыңдаумен болды. Бізді бүгінігі тәуелсіз ел болуға жеткізіп отырған да сол рух.
Ал, енді тарихи тұлғаның философиялық көзқарасын пайымдауларға да елімізде талпыныстар бар екенін де жасыра алмаймыз. Бірақ Махамбет Өтемісұлы жайында кеңірек, тереңірек философиялық- дүниетанымдық зерттеулер қажет. Өйткені, Махамбет дүниетанымын түсіну, мұрасын игеру арқылы біз халқымыздың тарихи ой- санасына, ұлттық діліне, этникалық ойлау мәдениетіне бойлау түсеміз, яғни сол арқылы жаңа пайымдауларға жол аша аламыз, кемшілігімізді зерделеп, жетістігімізді жетілдіре түсеміз. Міне, сондықтан Махамбетті жан- жақты кешенді зерттеудің маңыздылығы жоғары деуге болады. Өйткені, тарихи тұлғалар іс- әрекетінде қоғамдық дамудың сипаты айқын көрініс табады.
Халықтың қамын ойлап, қоғамда әлеуметтік теңдік жетекші рөл атқарсын деген идеяны ұстануымен және оны практика жүзінде іске асыруға талаптануымен тарихта аты қалған Махамбет Өтемісұлының дүниеге көзқарасы қазақ қоғамының ХІХ ғасырдың басындағы жағдайының өзіндік айнасы болып табылады. Оның ақындығы мен батырлығы, даналығы мен кемеңгерлігі бір- бірімен астасып, алдыңғы ғасырлардағы халық дәстүрінің ұлы жалғасындай көрініс береді. Жауынгерлік рухты қастерленген, қақтығыста қаза табуды о дүниеге өтудің мәртебелі өткелі санаған дәстүрлі қоғамдағы ұлттық ділдің сипаты дала ақынының шығармашылығында анық байқалады.
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен дүниетанымы, жеке шығармашылығы өткен ғасырда елімізде негізінен таптық идеология тұрғысынан талдау жасалып, сарапталынып келді. Әрине, бұл тәсілмен қарастырудың сыңаржақтылығы жөнінде соңғы уақытта көп айтылып келгені белгілі. Дегенмен, хан мен қараның арасындағы қайшылық пен күремтің болғаны тарихи шындық болатын. Махамбет өзінің досы Исатай Таймановтың жанында жүріп, осы халық күресінің бел ортасында жүргені де шындық. Бірақ Махамбеттің тұлғалық күрделі сипаты жауынгерлік рухтың шеңберімен шектелмейді, ол өзіндік саяси- философиялық пайымдауларымен көмкерілген. Оның әлемге жеткізілуі, көркем тілмен рауаждануы, яғни жыр жолдарымен паш етілген, жария болған. Бұл ғаламдағы, әсіресе әлеуметтік дүниедегі әрбір әлеуметтік субьектінің өзіндік міндет- мақсаттары, өмірде алатын орны және басқалар алдында жауапкершілігі бар екеніне ақынның сенетіндігін Махамбеттің төмендегідей жыр жолдарынан байқаймыз.
Ақ жұмыртқа сары уыз
Әлпештеп қолда өсірген,
Туған ұлдан не пайда
Қолына найза алмаса,
Атаңнын жолын қумаса.
Алаштың байлығынан не пайда?
Құланнан басқа ел таппай,
Қонарына жер таппай,
Маңқиған сары далада,
Екіндіде құлаған,
Тарығып келген ерлерге
Қайнары оның болмаса
Алтын тақты хандардың
Хандығынан не пайда?
Ғаріп пенен қасерге
Туралық ісі болмаса?! [?].
Бұл өлең жолдарынан қазақ қоғамына тән бірнеше дүниетанымдық әмбебаптардың өзара байланысын, қатынасын білдіретін айшықтардың жиынтығы және оларға ақынның берген тұлғалық қысқа түсініктемелерін байқай аламыз. Мәселен, әке мен бала қатынасында негізгі бағдар болып тұрған ұрпақтар сабақтастығы туындайды. Махамбет өз заманының талаптарына сәйкес қолына найза алмаған балаға риза болмаса, материалдық байлықтың қайырын көрмесе халыққа одан не пайда дей келіп, туралық ісі болмаса, хандықтан не пайда? деп әлеуметтік әділеттілік мәселесін көтереді. Міне, жоғарыда қозғалған мәселелер тек қана философиялық зерделеулермен шектелмей, саясаттану, социалогия, этнопеадгогика, әлеуметтік психология, мәдениеттану пәндерінің нысанына айналары хақ. Сондықтан Махамбет сан қырлы ойшыл философ- ақын санатына жатады.
Әрбір жеке дүниетанының ең өзекті тұсы болып Жаратушыға деген қатынас болып табылады. Жалпы Адам- Әлем қатынасының барлық құрылымдық бөліктері, бағыттары осы жүйені сипатына тәуелді болып келеді. Діни көзқарастың әртүрлі болары анық. Махамбетті діншіл тұлға деп айта алмасақ та, дүниедегі барлық процестердің ерекше бір тылсым күшке бағынатына меңзейді. Ол өзінің шығармаларында Тәңір, Алла деген ұғымдарды синоним ретінде қолданады және қанша өмірде әділеттік іздегенмен тек Тәңірінің жазғаны болатынын мойындайды. Халықта осы ұлы күшке деген сенім онша терең емес екеніне Махамбет қатты қапаланады және оны былайша жырларында суреттейді:
Мұсылманшылық кімде жоқ
Тілде бар да, дінде жоқ, -
деп нағыз дінге сенушіліктің үлгісін көре алмағандығын суреттейді [?].
Ал, енді шынымен де барлық ғасырлардың ең үлкен мәселесі осы шынайы дінге сенушіліктің болмауы еді. Қанша өзін белгілі бір конфессияның өкілімін деп, салт- дәстүрдің көбісін сақтағанымен нағыз дінге сенушінің деңгейіне көтерушілер ілеуде біреу екені белгілі. Өкінішке орай тарихта көппен көрген ұлы той дегендей сыртқы көрінісі ғана басқалар сияқты дінді жақтаушы болғандар қаншама десеңізші. Шын мәнінде дінге сену деген- Ақиқатқа, үйлесілімділікке, өмірдің әдептілігіне сену, үнемі қайырымдылық жасаудан жаңылмау.
Туған жерге деген махаббат, отан сүйгіштік Махамбет жырларында оның саяси- құқықтық мұраттарымен астасып жататынын профессор С. Өзбекұлы жақсы көрсеткен болатын.* Әрине далалық демократияның дамуы деңгейіне сәйкес кемшілігі де жетістігі болары анық. Бірақ Махамбет заманында әлеуметтік әділетті қоғам деген стихиялық ұмтылыс өз нәтижесін беруі екіталай еді және әділеттілікті орнатудың бір ғана жолы бар деген түсінік жетекші рөд атқарған уақыт болатын. Ол, негізінен, күшке қарсы күш қолдану деген принцип. Дегенмен ежелден бұл әрекеттер өзінің тиімді нәтижелерін әлеумет үшін берілмегенін тарихтан білеміз. Әр елдегі көтерілісшілердің (сонау Спартактан бастап орыстың Е. Пугачевына дейін, Париж коммунасы мен социалистік революция болсын) діттегені біреу- ақ болатын- ол қоғамда белгілі адами түсінік деңгейіндегі әлеуметтік әділетті қоғамда құру болатын. Бірақ бұл талпыныстардың бәрінің нәтижесі кереғар болып шықты. Осыдан заңды сұрақ туындайды: Әлеуметтік өмірде адам үшін әділеттілік деген болуға тиісті ме? Әлде үнемі күштілердің мерейі үстем бола бермек пе? Адами тұрғыдағы әділеттілік ешқашанда абсолютті ақиқаттың, қасиетті рухтың, әлемдік дамудың соқпағына пара- пар болатын әділеттікпен тең және дәлме- дәл келе бермейді. Халықтың өзін- өзі, өзінің даму жолын анықтау, құқы әлемдегі бір мемлекеттің басқа мемлекеттерге басымдық көрсетпеуінің бірден- бір формасы. Адами әділеттіліктегі кемшілік оның рухани жетілмеулерінен, зерделік үстірттікпен астасып жатады. Дегенмен тарихи тұлғалардың артында қалдырған рухани іздерінде кейінгі ұрпаққа деген үлкен сабақ бар. Міне содан үйрену арқылы жаңа бағдарламалар жасауға, әлемді танудағы, оны игерудегі жаңа қырларду ашуға болады. Мәселен, әлеуметтік дүниені өзгертудің сан түрлі жолы бар. Соның ішіндегі ең жемістісі, жасампазы - қырғын қан төккен көтеріліс емес, өмірді шығармашылық арқылы игеру болып табылады. Махамбеттің тарихта ең қастерленетін, құрметтелетін еңбегі өзінің дүниетанымын көркем сөздермен, жыр жолдары арқылы жеткізе білетінінде және сол тарихи кезеңге сәйкес келетін қайшылықтар нұсқасын таратып беруге талпынысы болып табылады. Әрине, халық әдетте әділеттілік іздеген жанға өзінің сипаттамасын білдіреді. Дегенмен дүниені үйлесімдендірудің негізгі қайнар көзі адамның бойында жатқанын айта кету керек. Адам өзін- өзі үздіксіз рухани жетілдіру жолына түсу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихи лексиканың мазмұндық құрылымындағы коннотаттық компоненттер
Ә. КЕКІЛБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ МАХАМБЕТ БЕЙНЕСІ
Халел Досмұхамедов ойларымен қандай үндес
ХІХ ғасыр қазақ әдебиетінің зерттелуі
Махамбет ақын туралы әр жылдары жазылған мақалалар, алғы сөздер және баяндамалар
Әдебиет - сөз өнері
Берқайыр Аманшиннің шығармашылық ізденіс саласы
Қазіргі қазақ поэзиясындағы жалғыздық концепциясының көрініс табуы
Қазіргі қазақ прозасындағы тақырыптық, жанрлық ізденістер. (эссе) көркем шығармадағы психологизм.(реферат) тарихи тақырыптағы қазақ романдары
Халел Досмұхамедұлының әдеби мұрасы
Пәндер