Нарықтық шаруашылықтың жалпы сипаттамасы. Нарықтың мәні және түрлері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Реферат

Тақырыбы: Нарықтық шаруашылықтың жалпы сипаттамасы

Жоспар:

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім.

а) Нарықтың мәні және түрлері.

б) Нарық механизімінің негізгі элементтері: сұраныс, ұсыныс, баға, бәсеке қабілеттілігі.

в) Нарықтың атқаратын қызметтері. Нарықты экономиканың артықшылықтары мен кемшіліктері.

ІІІ. Қорытынды.

ІV. Пайдаланған әдебиеттер.


І. Кіріспе.

Кез -келген қоғам, ең басты проблеманы - яғни, адамдардың әр түрлі қажеттіліктерін толық қанағаттандыру үшін сирек кездесетін, шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану проблемасын үнемі шешіп отыру тиіс. Ол үшін қоғам экономиканың негізгі сұрағын: нені өндіру керек? деген мәселелерді шешуі керек. Нені өндіру керек деген мәселені шешу үшін қандай тауарларды, қандай мөлшерде өндіру керектігін анықтап алу қажет. Сонымен қатар, қандай технологияны, шаруашылықты ұйымдастыруың қандай әдістерін, ресурстардың қай түрін пайдаланғанда ғана ең жоғары әлеуметтік және экономикалық тиімділікке жетуге болатындығын анықтау қажет. Сондай - ақ, қоғам өндірілген өнімдерді, табыстарды кімдердің мүдделері үшін және қалай бөлінетіндегін де ескеруі керек.

Міне, осы күрделі және көп жақты проблемаларды шешу барысында қоғам экономикалық өсуді, халықты толық жұмыспен қамтуды, баға тұрақтылығын, экономиканы еркіндікті, табыстарды әділдікпен бөлуді, ауруларға, қарт адамдарға, халықтың әл - ауқаты нашар бөлігіне әлеуметтік көмек көрсетуді мақсат етеді.

Енді, осы проблемалардың қазіргі нарықтық экономикада қалай шешілетіндігіне қарамастан бұрын, біз ең алдымен нарық ұғымына жалпы анықтама берейік. Себебі, нарық көпжақты, соған байланысты оны әр түрлі жағынан зерттеуге болады. Сондықтан да, экономикалық әдебиеттерде оның көптеген анықтамалары бар.

Олардың біріне мына анықтамаларды келтіруге болады. Нарық-тауар өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы қатынастарды қамтитын процесс немесе нарық-сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекет ететін сферасы.

Үшіншілері, нарықты шаруашылық субектілерінің арасындағы қоғамдық байланыс формасы ретінде көрсетеді.

Нарықтық қатынастардың мәнін анықтау барысында, нарық ұғымының мағынасы екі жақты екенін ескеру керек. Біріншіден, нарық айналыс, айырбас сферасындағы тауарлардың өтімін жүзеге асыру процесі, ал екіншіден, нарық - адамдар арасындағы өндіру, бөлу, айырбас, тұтыну процестерін қамтитын экономикалық қатынастар жүйесін білдіреді.

ІІ. Негізгі бөлім.

Нарыққа бір ғана анықтама беру жеткіліксіз. Нарық - бұл экономикалық проблемаларды тиімді шешуді қамтамасыз ететін тауарларды өндіру мен оларды ақша көмегімен айырбастау процесінде туындайтын экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы, шаруашылықты ұйымдастыру формасы. Нарық - қоғамдық еңбек бөлінісімен келісілген және шаруашылық субъектілерімен шектелген тауарлы өндіріс дамуының табиғи- тарихи процесі нәтижесі.

Тауар өндірісінің дамуымен қатар рынок та дамиды және күрделене түседі және оны экономистердің талдауы да тереңдейді.

Нарық көпжақты, оны әр түрлі жағынан зерттеуге болады сондықтан да экономикалық әдебиеттерде оның көптеген анықтамалары бар.

- сатып алу және сату көзқарасы бойынша нарық сұраныс пен ұсыныстың, өндіруші мен тұтынушының өзара әрекетін қарастырады.

- экономиканы ұйымдастыру формасына қарай - нарықты экономиканың іс- әрекет етуінің қоғамдық формасы деп атайды.

- рыноктық қатысушы позициясы бойынша нарықты шаруашылық тұлғаларының арасындағы қоғамдық формасы.

Рынок ( нарық ) - бұл ұдайы өндірістің барлық буынында: өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну және сатумен сатып алу арқылы жүзеге асырлатын ұйымдық- экономикалық қатынастардың жүйесі.

Нарықтың субъектілеріне жататындар: сатушылар мен сатып алушылар (үй шаруашылығы, фирмалар, мекемелер, мемлекет) . Нарық объектілеріне жататындар: тауарлар мен ақшалар. Тауарларға жататындар: өндірілген өнім мен қатар өндіріс факторлары (еңбек, жер, капитал) мен көрсетілетін қызметтер.

Нарық мынадай негізгі қызметтерді атқарады:

1. Ақпараттық қызмет - нарық экономика жағдайы туралы мәліметтер таратады. Яғни нарық арқылы өнімді өндіруге кеткен шығындарды есептеу жүргізіледі. Егер өнім өндіру шығыны жоғары болса, онда оның бағасы жоғары болады, ал оны ешкім сатып ала алмайды және болашақта ол өндірілмейді, сондықтан нарыққа шығыстарын жабатын баға бойынша сатылытын өнімдер ғана түседі. Осы жағдайлардың барлығы ақпарат арқылы жүзеге асады.

2. Делдалдық қызмет - нарық жағдайында тұтынушы өзіне қолайлы тауар сатушыны тауып, өндіруші (сатушы) өзіне пайдалы тауарды алушыны таңдауға мүмкіндік алады. Яғни нарық арқылы өндірушілер мен тұтынушылар байланысы бекітіледі. Нарықтың әр бір қатысушысы бір уақытта сатушы да сатып алушы да болып табылады

3. Баға белгілеу қызметі - нарықтың өзі тек қоғамға қажетті шығындарды қабылдайды және соларды ғана төлейді. Нарық арқылы өнімдер мен қызметтерге баға белгілеуге болады. Баға ұсыныс пен сұраныстың әсерінен ауытқып отырады. Егер нарықта бір тауардың саны сұраныстан асып кетсе, оған баға түседі және керісінше

4. Реттеушілік қызметі капиталдың пайдасыз салалардан пайдалы салаға көшуі арқылы болашағы мол салалардың дамуына жағдай жасайды. Яғни нарық арқылы қоғамдық өндірісті реттеуді іске асыруда нені, қалай, кім үшін деген сұрақтарға жауап береді.

5. Санациялық қызмет - бәсеке қоғамдық өндірісті әлсіз, икемсіз және қабілетсіз кәсіпкерлерден тазартатын белсенділер мен тапқырларға жол береді.

Нарықтық жүйенің негізгі белгілірі мыналар:

- өндіріс құрал жабдықтарының жеке меншіктің қолында болуы;

- кәсіпкерлік еркіндіктің болуы;

- экономикалық байланыстарда тек соңғы пайданың көзделуі;

- экономикалық коньюктураға байланысты нарықтың өзін- өзі реттеуі;

- өндірушілер жұмысына мемлекет тарапынан мейлінше аз араласу.

Артықшылығы

- өзгеретін жағдайларға тез бейімделу және икемделу;

- шығындарды азайту және пайданы көбейту мақсатымен жаңа технологияларды оперативті қолдану;

- шешім қабылдауда, келісім жасауда өндірушілер мен тұтынушылардың тәуелсіздігі;

- әр түрлі қажеттіліктерді керекті мөлшерде және жоғары сапамен қанағаттандыру қабылеті.

Кемшіліктері

- нарық еңбек пен табысқа құқықтық кепіл бермейді;

- қоғамда теңсіздікті туғызады;

- тауарлар мен қызметтерді ұжымдасқан түрде өндіруге ынта тудырамайды;

- нарық әлеуметтік қажетті тауарларды өндіруге емес, ол ақшасы бар елдің қажетін қанағаттандыруа бағытталған.

Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық тауар биржаларының көтерме және бөлшек саудаларынан құралып, қызмет етуін талап етеді. Нарық экономикасының әрекеттерінің механизмі үш басты принциптерге негізделеді.

- маржиналық (шекті) талдау

- балама таңдау шығындарына

- экономикалық рационалдыққа

Маржиналық талдау принципі негізінде нарық субъектілерінің іс қимылы жүріп отырады. Олардың әрекетіне әсер ететін орташа емес, шекті шамалар. Осының нәтижесінде нақты тауарлармен толық қамтылу, нарықтық бағаның өзгеруі, т. б. Яғни бұл принцип нарықтық ортаның үздіксіз қызмет етуін, сұраныс пен ұсыныстың көлемінің тұрақты сақталуын, өндіруші мен тұтынушы арасындағы тепе - теңдіктің орнауына жол ашады.

Баламалы таңдау шығынының принциптері - бұл тікелей және ресурстарды пайдаланудың, немесе, кәсіптік әрекеттердің осыдан басқа, өзгеше әдістерінен бас тартудың салдарынан түспеген табыстың және шығындардың жиынтығы жатады.

Ерекшелігі барынша қолданылмаған мүмкіндіктердің ішінен ең тиімдісін және күмәнсіз орындай алатын вариантын таңдап алу.

Экономикалық рационалды принципі - табыс пен шығындарды салыстыру негізінде қалыптасады. Рационалдық таңдау өзгеріп тұратын варианттардан тұрады, яғни ең аз көлемде пайда әкелетін варианттың жүзеге асуы. Аталған принциптер нарық болмысының тепе-теңдігіне қол жеткізуге жол ашады. Нарықтың құрамы өте күрделі, ол экономиканың барлық сфераларына әсер етеді.

Нарықтың экономикалық құрылысы мынадай жағдайлармен белгіленеді:

- меншік формалары бойынша: (мемлекеттік, жеке, ұжымдық, аралас) ;

- шаруашылық субъектілернің әр түрлі формаларының экономикадағы үлес салмағына байланысты тауар өндірушілердің құрылымы (мемлекеттік, арендалық, кооперативтік, жеке меншік кәсіпорындары) ;

- тауар айналымы сферасының ерекшеліктерімен;

- шаруашылықтың құрылымдық бөлімдерінің мемлекет иелігінен алыну және жекелендіру дәрежесімен;

- осы мемлекеттің қолданатын сауданың түрлерімен.

Құрылымы жағынан нарықты мынадай критерилерге бөлуге болады:

1. Нарық қатынастары объектілерінің атқаратын экономикалық қызметі бойынша:

- игіліктер мен қызметтернарығы;

- ;

- ғылыми-техникалық құралдар нарығы;

- құнды қағаздар нарығы;

- жұмыс күші нарығы.

2. Нарықтарды тауарлы топтар бойынша жіктеуге болады.

- өндірістік қызметке бағытталатын тауарлар нарығы;

- халық тұтынатын тауарлар нарығы;

- шикізат пен материалдар нарығы.

3. Кеңестік критериі бойынша мынадай нарықтар болады.

- аймақтарішіндегі;

- аймақтараралық;

- республикалық;

- республикааралық;

- халықаралық (әлемдік) нарықтыр.

4. Бәсекенің шектеулі дәрежесі бойынша мынадай нарықтар болады:

- монополиялық;

- олигополиялық;

- салааралық нарықтыр.

5. Нарық қатынастарының субъектілері бойынша мынадай нарықтырболады:

- көтерме сауда нарықтары;

- бөлшек сауда нарықтары;

- ауылшаруашылық өнімдерін мемлекеттік сатып алу нарықтары.

6. Экономикада заңдылықты сақтау жағынан мынадай нарықтар болады:

- заңды, ресми нарықтар;

- заңды емес, көлеңкеленген нарықтар.

Нарықтың құрылымдық түрлеріне байланысты.

Тауарлар мен қызметтер нарығы

- тұтыну тауарларының нарығы - азық - түлік және азық - түлік емес тауарларының нарығы;

- қызметтер нарығы;

- тұрғын үй және өндірістік емес ғимараттар нарығы.

Өндіріс факторының нарығы

- жылжымайтын мүліктер нарығы;

- еңбек құрылымдарының нарығы;

- шикізат пен материалдар нарығы;

- қуат ресурстарының нарығы;

- пайдалы қазбалар нарығы.

Қаржы нарығы

- капиталдар нарығы немесе инвестициялық нарықтар;

- несие нарықтары;

- құнды қағаздар нарығы (акция, облигация, т. б. ) ;

- валюта, ақша нарықтары.

Интелектуалды өнімдер нарығы - иновацияландыру, ойлап табудағы информациялық қызметтердің, әдебиет және еңбектерінің нарықтары. Жұмыс күші нарығы - бұл еңбек ресурстары қозғалысының экономикалық формасы. Бұнда нарық экономикасы заңдарына сәйкес жұмыс күші миграция жасап отырады. Аймақтық нарықтар - жергілікті, ішкіұлттық, сыртқы, халықаралық нарықтар.

Экономикалық теориядағы жасырын экономика - әр түрлі себептермен ресми түрде статистика арқылы есепке және бақылауға алынбаған өндіріс, айырбас және материалдық игіліктерді бөлу процестері. Нарықты өмірде жасырын экономика факторын есепке алмау қоғам мүддесіне қайшы келетін өте ауыр әлеуметтік экономикалық салаларға лауазымдық қызметкерлердің қылмысының өсуіне және басқа да әр түрліқылмыстық істерге әкеліп соқтырады.

Нарық механизмінің негізгі элементтеріне жататындар : баға, сұраныс пен ұсыныс, бәсеке . Сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасының өзгерістеріне байланысты бағалар қалыптасады.

Бәсеке - нарықта реттеушілік қызметін атқарады. А. Смит - бәсекені нарықтың - «Көрінбейтін қолы» деп атаған. Бәсеке арқылы нарықтық субъектілері өз пайдасына қарай әрекет етіп, тұтасболғанда қоғам үшін тиімділіктің негізін қалайды. Осы айтылған элементтердің өзара қатынасы арқылы нарық қалыптасады. Бәсеке - нарық субъектілерінің пайданы барынша ұлғайтуға, яғни қойылған мақсатты жүзеге асыру жолында өндірістің аса қолайлы жағдайлары үшін кәсіпкерлердің өзара күрес қатынастар ретінде көрінетін экономикалық жарысы.

Бәсекені бірнеше белгілері бойынша мынадай тұрлерге бөлуге болады:

1. Даму масштабы бойынша:

1. 1. Жеке бәсеке - жеке бір қатысушы нарықтың аса қолайлы жағдайларын таңдап алуға талаптанады.

1. 2. Жергіліктібәсеке - жергілікті қайсыбір территорядағы тауар иелерінің жарысы.

1. 3. Сала ішіндегі бәсеке - сала ішіндегі жарыс.

1. 4. Сала арасындағы бәсеке - әр түрлі сала субъектілерінің жарысы.

1. 5. Ұлттық бәсеке - ел ішіндегі жарыс.

1. 6. Ғаламдық бәсеке - әр түрлі мемлекет субъектілерінің жарысы.

2. Жүргізу әсеріне қарай:

2. 1. Бағалық бәсеке - бағаны төмендету арқылы

2. 2. Бағасыз бәсеке - тауар сапасы, жарнама, қызмет көрсету арқылы.

3. Ниет тәсілдерібойынша:

3. 1. Адал ниеттілік бәсеке

3. 2. Ниетсіз бәсеке - нарықтық ережелерін бұзу, жалған жарнаманы қолдану жәнет. б. арқылы.

4. Бәсеке даму сипатына қарай:

4. 1. Жетілген бәсеке

4. 2. Жетілмеген бәсеке (олигополия, монополия, монополистік бәсеке) .

Осы айтылғандарға сәйкес нарық былай бөлінеді: жетілген бәсеке нарығы және жетілмеген бәсеке нарығы.

Жетілген бәсеке нарығы - кез келген ұқсас (бір-бірін ауыстыратын) тауарларды сататын сатушылар мен сатып алушылардың көптеген құрамынан туады. Бірде бір сатып алушы мен сатушы жеке дара сұранысты, нарыққа тауардың түсуін немесе оның бағасын бақылай алмайды. Сатушы бағанын арықтық бағадан жоғары қоюға дәрмені жетпейді. Себебі, сатып алушы өзіне қажетті мөлшерде тауардын арықтық бағамен еркін ала алады. Әрбір сатушы бір ғана тауар өнімін сатады. Бұл нарыққа кіру де шығу да жеңіл.

Жетілмеген бәсеке қандай да тауарлар мен қызмет түрін өндірудегі ерекше өндірушінің пайда болуы. Жетілмеген бәсекенің бірнеше түрлері бар: монополия, олигополия, монополистікбәсеке.

Нарық үлгілерінің сипаты

Жетілген бәсеке
Жетілмеген бәсеке
Таза бәсеке

Монополис

тік бәсеке

Олигополия

Таза

монополия

:

Анықта

масы

Жетілген бәсеке: Нарықта сатушы формалардың саны көп бір-тектес тауар, бірде бір фирма бағаға ықпалын жүргізе алмайды
Жетілмеген бәсеке: Нарықта сату-шылардың саны көп, тауарлары әр тектес
Нарықта бірнеше ірі фирмалар билік жүргі-зеді. (егерде екеу болса дуополия)
Нарықта бір ғана сатушы билік жүргізеді, бағаға ықпалы өте күшті
:

Фирмалар

дың саны

Жетілген бәсеке: Өте көп
Жетілмеген бәсеке: Көп
Бірнеше
Бір ғана
: Тауардыңтүрі
Жетілген бәсеке: Біртектес
Жетілмеген бәсеке: Әр тектес
Жеке дара

Алмастыра

тыны жоқ бір тектес

: Бағаға бақылау
Жетілген бәсеке: Болмайды
Жетілмеген бәсеке: Орташа
Орташа
Мемлекет тарапынан бақылау болады.
:

Салаға кіруге кедергі

лер

Жетілген бәсеке: Ешқандай қиыншылықжоқ
Жетілмеген бәсеке: Ешқандай қиыншығы жоқ
Салаға кіруге кейбір қиын-шылықтар болады
Кіру өте қиын
: Бағалық бәсеке
Жетілген бәсеке: Болмайды
Жетілмеген бәсеке: Өте жоғары деңгейде болады
Орташа деңгейде болады.
Болмайды

Монополия - ерекше тауардың бір ғана сатушысы, монопсопия - тауарды бір ғана сатып алушының болуы. Сипатына және пайда болу себептеріне байланысты монополияны бөлуге болады:

1. Табиғи монополия - сирек кездесетін және өндірілмейтін өндіріс факторына биіктеу жағдайында пайда болады (тұтынушыларға - су отын, энергия қуатын, газ беру жәнет. б. фирмалар) .

2. Жасанды монополия - фирмалардың бірігу және келісу нәтижесінде пайда болады.

3. Кездейсоқ монополия - өз шеңберіндегі тұтынушылардың сұраныстың ұсыныстан уақытша артуы жағдайында пайда болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда тауар нарығының дамуын басқару жолдары
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары мен кемшіліктері
НАРЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Дәрістер тезисі
Нарық әлеуметтануы пәні мен әдістері
НАРЫҚТЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ. Нарықтың мәні мен пайда болу жағдайлары
Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері туралы
Нарықтың инфрақұрылымы мәні және негізгі элементтері
Натуралды және тауарлы шаруашылықтың пайда болуы мен дамуының негізгі факторлары
Нарықтың пайда болу шарттары. Нарықтың атқаратын қызметтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz