Педагогиканың әдістемелік негіздері
Реферат
Тақырыбы: Педагогиканың әдістемелік негіздері
Педагогиканың әдістемелік негіздері
Жоспар.
1. Педагогикалық зерттеудің әдіснамасы.
2. Педагогиканың ғылыми зертеу әдістерінің жіктелуі
1. Әдіснама (методология:грек. мethodos - зерттеу жолы, теория, логия‐ілім) - 1) ғылыми таным әдісі;
2) ғылымда қолданылатын негізгі принциптер. Педагогика теориясына лайықты танымның ұстанымы, әдісі, нысаны мен таным амалдары арқылы педагогикалық болмысты өзгеріске түсіру. Зерттеуші педагогиканың нәтижеге жетуі оның ғылыми-құрал жабдықтармен қарулануымен қатар, түрлі тәсілдерді әдіснама қорынан таңдап алуына байланысты;
3) дүниенің, қоғамның обьективті заңдылықтары мен құбылыстарын практика және теория жүзінде игеруге және өзгертуге бағытталған таным принциптерінің жиынтығы.
Әдіснама - әдістер туралы ілім, әдістер теориясы. Зерттелетін обьекті жөніндегі мәліметтерді және ғылыми жаңалықтарды бір ізге келтіру тәсілдерінің жүйесі; ғылыми әдістің негізгі мақсаты - обьективтік ақиқатты ашу. Әдіснаманың негізіне белгілі бір білімдер (ұғымдар мен заңдар) жүйесі жатады. Ғылыми теория мен әдіснама өте тығыз байланысты. Теория - обьективтік шындықтың идеялық бейнесі.Ғылыми әдіснаманың негізін Гегель салған. Әдіснаманы меңгеру арқылы дүниетанымдық көзқарас, ұстаным қолданылды, ол кейін зерттеу нәтижесінде жасалған ғылыми идеяларды кәсіби тәжірибелік іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Ғылыми білімнің жалпы моделі философиялық алғышарттар негізінде жасалады.
Педагогика ғылымының әдіснамасы - қоғамның даму жағдайында үнемі өзгеріп отыратын педагогикалық шындықты шынайы, дұрыс көрсететін білімді табудың ыңғайы мен тәсілдері туралы қағидалардың, педагогикалық теорияның негіздері және құрылымы, бастапқы қағидалары туралы білімдер жүйесі.
Əрқандай əдіснама қалыпты көрсетпе-нұсқау жəне реттестіру қызметтерін атқарады. Дегенмен, əдіснамалық білім екі күйде іске асырылуы мүмкін: дескриптивтік, прескриптивтік.
Дескриптивтік - ғылыми білімдердің құрылымы мен ғылыми таным заңдылықтары жөніндегі білім ретінде зерттеу процесіне бағыт-бағдар береді, ал прескриптивтік əдіснама - зерттеу іс-əрекеттерін реттеп барудың жол жобасын белгілеп, көрсетеді. Дəстүрлі əдіснамалық талдауда ғылыми іс-əрекеттерді жүзеге асыру тиімділігімен танылған ұсыныстары жəне ережелеріне байланысты құрастыру міндеттері басымдау болса, ал дескриптивті талдауда ғылыми таным процесінде іске асырылған зерттеу əрекеттерін қайталап баяндау, түсіндіру қызметтері атқарылады.
Əдіснамалық білімдер тобы төрт деңгейлі келеді (Э.Г. Юдин): философиялық, жалпы білімдік, нақты ғылымдық жəне технологиялық. Əдіснаманың ең жоғары философиялық деңгейі танымның жалпы принциптері мен бүкіл ғылымның категориялар құрылымын негіздейді. Осыдан философиялық білімдердің барша жүйесі əдіснамалық қызмет атқарады. Екінші - жалпы ғылымдық - əдіснама деңгейінде ғылымдардың баршасында не көпшілігінде қолданылуы мүмкін теориялық тұжырымдарды белгілейді. Үшінші деңгей - нақты ғылым əдіснамасы қандай да нақты ғылыми пəн аймағында қолданылатын зерттеу əдістері мен принциптерінің жиынтығын құрайды. Нақты ғылым əдіснамасы белгілі саладағы ғылыми тануға тəн болған проблемаларды, сондай-ақ жоғарылау келген əдіснамалық деңгейлерге байланысты алға тартылатын мəселелерді де қамтиды, мысалы: педагогикалық зерттеулердегі жүйелестіру мен жобалау (моделдеу) проблемалары. Төртінші деңгей - технологиялық əдіснама - зерттеу əдістері мен техникасын белгілеп, деректі эмпирикалық материалдарды жинақтап, алғашқы өңдеуден өткізіп, кейін оларды ғылыми білімдер өрісіне қосу қызметтерінен хабар береді. Бұл деңгейдегі əдіснамалық білім нақты көрсетпе-нұсқау сипатына ие. Əдіснаманың барша деңгейлері күрделі жүйеде бірігіп, өзара сабақтастықпен байланысты келеді. Ал əрқандай əдіснамалық деп танылған білімнің мазмұндық негізі философиялық деңгейден іздестіріледі, себебі таным процесі мен болмысты қайта жасау əрекеттерінің дүниетаным, көзқарас бағдары осы философиямен айқындалады.
Зерттеу әдісі - ғылыми зерттеу мақсатын шешетін амалдар; құбылыстарды зерттеуге және алуан түрлі ғылыми мәселелерді шешуге арналған әдіс-тәсілдердің жиынтығы.
Зерттеу әдістерін үш топқа біріктіреді: педагогикалық тәжірибені зерттеу әдісі, теориялық зерттеу әдісі және математикалық статистикалық әдіс.
Педагогика ғылымының әдіснамасы-бұл таным процесі, формасы, әдістері, принциптері туралы ілім және педагогикалық құбылыстарды бейнелейтін білімдерді іздестіру мен оған әр тұрғыдан келу жүйесі.
Әдіс дегеніміз- нақты бір міндетті шешуге арналған әрекетті практикалық не теориялық тұрғыдан игерудің біршама біркелкі тәсілдерінің, операцияларының жиынтығы. Педагогикада білім беру мен тәрбие әдістерін жасау мен оларды жіктеу проблемасы негізгілердің бірі болып табылады
Ғылыми-зерттеу әдістері теориялық және эмпирикалық әдістерге бөлінеді. Теориялық:ғылыми педагогикалық әдебиеттерді талдау; индукция; дедукция; модельдеу; аналогия; салыстыру; анализ және синтез;
Эмпирикалық:мәлметтерді жинау (бақылау, әңгіме, сауалнама, тест); тексеру және өлшеу; мәліметтерді өңдеу; математиткалық; статистикалық; графикалық; баға беру әдістері (өзін өзі бағалау, рейтинг); зерттеу нәтиежелерін тәжірибеге енгізу (эксперимент).
Əдістер көп түрлі де сан қилы, бірақ жүйелестіре келгенде , бұлардың бəрі үш топқа ажыралады :
1) педагогикалық тəжірибені зерттеу əдістері;
2) теориялық зерттеу əдістері,
3) математикалық əдістер.
Педагогикалық тəжірибені зерттеу əдістері - білім беру процесін ұйымдастырудың көз алдымызда қалыптасқан тəжірибесін зерттеудің жолдары. Зерттеуге озат тəжірибе, яғни танымал мұғалімдер мен қатардағы тəлімгерлер қызметтері бірдей алынады. Олардың жұмыстарында кезігетін қиындықтар педагогикалық процесс қайшылықтарымен, пайда болған не енді туындауы мүмкін проблемалармен байланысты келеді . Педагогикалық тəжірибені зерттеу барысында келесідей əдістер қолданылады : бақылау, əңгімелесу, интервью, анкета, оқушылардың жазба, графикалық жəне шығарма жұмыстарын көзден өткеру, педагогикалық құжаттармен танысу.
Бақылау - белгілі бір педагогикалық құбылыстардың өту ерекшеліктерін, оларда тұлғаның, ұжымның, адамдар топтарының көрінуінің, алынатын нәтижелердің тән сипаттарын жүйелі түрде мақсаткерлікпен тіркеп отыру. Бақылау әдісі тұтас және іріктеме, қосылымды және жай, бақыланытын және бақылауға келмейтін, далалық және лабараториялық және т.б. түрлерге бөлінеді.
Бақылау барысы жазып алынады. Бақылау алдын алы құрылған жоспар, таңдалған обьектілермен жүргізіледі.
Бақылау кезеңдері:
- мақсат-міндеттерін белгілеу (бақылау не үшін жүргізіледі);
- обьектіні, пәнді, ситуацияны таңдау (нені бақылау керек);
- зерттелетін обьектіге әсері неғұрлым аз және қажетті ақпаратты жинақтауды қамтамасыз ететін бақылау тәсілін таңдау (қалай бақылау керек);
- бақыланатын нәрсені тіркеу тәсілін таңдау (жазбаны қандай формада жүргізу керек);
- алынған мәліметтерді өңдеу және интерпретациялау (нәтижесі қандай.).
Бақылау түрлері:араласа бақылау - ізденуші зерттеу жүргізіп жатқан топтың мүшесі ретінде қатысады; сырттай бақылау - зерттеуші ізденіс жұмыстарына тікелей араласпайды; ашық жəне жасырын бақылау; тұтастай жəне таңдамалы бақылау.Бақылау - орындалуы тұрғысынан ең оңай əдіс, бірақ өзіндік кемшілігі де жоқ емес: көп жағдайларда бақылау барысындағы не соңғы нəтижеге зерттеушінің тұлғалық -əлеуметтік жеке - дара бітістері (көзқарасы, мүддесі, жан толғанысы) ықпал жасап, оның қандай да шынайылылықтан ауытқуына себепші болуы мүмкін. Ұжымдық бақылау кезінде біріншісі ̶ зерттеуші мұғалімнің іс‐әрекетін, екіншісі ̶ оқушылардың, үшіншісі ̶ жекелеген оқушылардың іс‐әрекетін белгілейді. Өзін‐өзі бақылау, мысалы: бастауыш сынып оқушылары зерттеушінің сұрауымен өзіндік жұмысты орындауға кеткен уақытты, үй тапсырмасын қалай орындап жүргендерін жазады. Үздіксіз бақылау педагогикалық процесті басынан аяғына дейін толық жүргізу. Мысалы: сабақ, тәрбиелік іс‐шара, т.б.объектілері үзіліссіз қаралады. Монографиялық бақылау арқылы алуан түрлі педагогикалық құбылыстар бақыланады. Мысалы: биыл бірінші сыныпқа қабылданған оқушыларды зерттеу. Объектілері ̶ оқушының мәдениеттілігі, ой‐өрісі, мінезі, т.б.Күнделікті бақылау мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бақылаудың бұл түрі оқушылардың сынып немесе үй тапсырмаларын өз бетінше орындауға деген ниеттері мен берілген тапсырманы орындауға деген олардың қызығушылығы және жауапкершілдік сезімін ынталандыруда үлкен манызға ие болады.Тақырыптық бақылау - оқу бағдарламаларындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері негізінде оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Сонымен бірге, мұғалім жаңа тақырыптың кейбір басты мәселелерін өткен сабақтардағы оқу материалдарымен толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми ережелерді оқушы-лардың есіне салады.
Қорытынды бақылау - барлық пәндер бойынша жыл аяғында өткізіледі. Бақылау процесінде тақырыптық және тарау бойынша бақылау нәтижелері есепке алынады. Оқушылардың жыл бойында алған теориялық және тәжірибелік білімдері анықталады.
Сұхбат əдісі - қажетті ақпаратты алу немесе бақылау барысында түсініксіздеу болған құбылыстың мəнін аша түсу мақсатымен дербес не қосымша қолданылатын зерттеу тəсілі. Сұхбат айқындалуы тиіс нақты сұрақтар бойынша күні ілгері түзілген жоспармен орындалады. Əңгімелесу еркін жүргізіліп, сұхбаттас кісінің жауаптары хатталмайды. Сұхбаттасудың екінші бір түрі педагогикаға əлеуметтану саласынан енген - интервью алу. Бұл əдісте сұрақтар алдын ала түзіліп, бірізділікпен қойылып барады. Интервью жауаптары анық жазылып , хатталады. Сұхбаттасу екі түрге бөлінеді:
1) еркін сұхбаттасу - тақырып, әңгіме түрі реттелмеген;
2) нысаны алдын ала әзірленген сұрақтарға негізделетін сұхбаттасу
Интервью -- көсемсөз жанры, журналистіңбір не бірнешеадамменқандай да бірөзектімәселетөңірегіндесұхбатжүр гізуі. Интервью барысындабелгілібіроқиғаның, құбылыстыңмән-мазмұнымаманәңгімелес ушініңтүсіндіруі, айтуыбойыншатереңашылады. Интервью жанры, негізінен, хабарламалы интервью жәнетүсіңдірмелі интервью болыпекігебөлінеді. Олардыңөзііштейжіктеледі.
Хабарламалы интервьютүріне -- тілші мен әңгімелесушіекеуініңсұрақ-жауаптүрі ндегі диалог интервью тілшініңбірғанасұрауберіп, оғанәңгімелесушініңұзақтаужауабымон олог интервью, әңгімелесушіайтқаныныңмазмұнығанатү йіліпберілетінмазмұндама интервью жатады. Бұлардатүсіндіруталдауболмайды, сұхбаттыңесебіретіндеғанатанылады.
Түсіндірмелі интервью түрлеріне -- интервью суреттеме, баспасөзмаслихаттықдөңгелекүстелбас ыңдағыәңгіме, брифинг, анкета жатады. Бұлардадерек, оқиға, құбылысхабарланыпқанақоймайды, олардыңқыр-сыры кеңіректүсіндіріліп, күрделіжайттарғатүсіндірмеберіледі.
Әңгімелесу әдісі. Бұл әдісті қолданғанда мақсатын алдын-ала анықтау қажет. Негізгі сұрақтарды дайындау қажет. Әңгіменің негізгі мазмұнын, мәнін сақтай отырып, берілген жауаптарға сәйкес оларды түрлендіру қажет. Әңгіменің бүкіл барысында жайма-шумақ ықыласты сақтау керек.
Әңгімелесу -- пікір алысу, сұхбаттасу, әлеуметтік ғылымдарда қолданылатын зерттеу әдістерінің бірі. Педагогикадағы әңгімелесу -- оқушылардың ойы мен тілін дамыту үшін қолданылатын оқыту әдісінің бір түрі. Әңгімелесу кезінде оқушы мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беру арқылы оқу материалын пысықтап, ой қорытады. Әңгімелесу әдісі -- оқушыларға эмоциялық, эстетикалық әсер ететін тиімді әдістердің бірі. Оның сапасы оқытушының тәжірибесіне, әдістемелік шеберлігіне байланысты. 2.Лос-Анжелес университетінің профессоры Альберт Меробянның зерттеуі бойынша теледидар ақпараты "әңгімелесу" хабарының өзінде 7% сөз арқылы, 38% интонация мен дауыс, 55%-ы адамдардың бетінің кескіні мен ишарасына байланысты беріледі екен.
Тест (англ. test) -- сынау, тексеру, талдау. Тест - психология мен педагогикада сыналушының білімін, біліктілігін және дағдысын, сонымен қатар психофизиологиялық және өзіндік мінездемелерін стандартталған тапсырмалардың орындалу қорытындысы бойынша өлшеу.
Педагогикалық тест деп белгілі мазмұны бар, ерекше формадағы тапсырмалардың жүйесін атайды. Тест сынаққа түскендердің бір пән бойынша білімінің құрамы мен құрылымын анықтайды. Басқа сынақ жұмыстарымен салыстырғанда, тесттің артықшылығы -- оның объективті, сенімді, көп варианттылығы болып табылады. Тесттің міндетті түрде бірнеше варианты болуы керек. Бұл тексеру кезіндегі тиімділікті арттырады, өйткені мұнша тапсырманың барлығын жаттап алу, есте ұстау немесе көшіріп алу мүмкін емес. Тест тапсырмалары тек бақылау ретінде емес, оқушыларды үйрету, машықтандыру үшін де тиімді. Педагогикалық тест арқылы әрбір оқушының білім деңгейін нақты және тез анықтауға болады.Педагогикалық тест нәтижелі болу үшін оның қорытындысын міндетті түрде статистикалық өңдеуден өткізу керек.Педагогикалық тестіні құрастыру күрделі іс болып табылады, бірақ мектеп мұғалімі тест тапсырмаларының комплектісін жасай алады. Ал, тест тапсырмалары сабақ барысында оқушылардың білімін тексерудің қатаң формасын машықтандырады.Жалпы педагогикада тестік бақылау бір -- бірімен тығыз байланысты 3 қызметті орындайды: диагностикалық, оқыту және тәрбиелік.
Диагностикалық қызмет бұл тестілеудің ең негізгі және ең айқын атқаратын қызметі, оқушының білім деңгейін, пән бойынша тақырыпты қалай меңгергенін анықтайды. Оқушының білім, білік дағдыларының деңгейін анықтау болып табылады. Диагностиканың объективтілігі, ауқымы және жылдамдығы бойынша, тестілеу педагогикалық бақылаудың барлық қалған үлгілерінен асып түседі.Объективтілігі жағынан тест педагогикада үлкен орын алады.
Оқыту қызметі оқушылардың оқу материалдарын меңгеруге деген белсенділігін арттыру. Оқыту функциясының ролін арттыру үшін қосымша сұрақтар қайталауға арналған, өз бетімен оқуға арналған тақырыптарды, ұқсас тесттердің, орындалған тесттің қорытындысын талдау болып табылады.
Тәрбиелеу қызметі оқушылардың есте сақтау, қайталау, белгілі уақытта тапсырманы орындап үлгеру ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz