Қазақ балалар поэзиясының көрнектi өкiлi - Жақан Смақов



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Реферат
Пәні: Қазақ балалар әдебиеті
Тақырыбы: Қазақ балалар поэзиясының көрнектi
өкiлi - Жақан Смақов

Жоспар:
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Бөбек жүректi, балажан жыршы.
2. Ақын Жақан Смақов поэзиясының тәрбиелік мәні.
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланған әдебиеттер.

Кіріспе
Жақан Смақов (1932-1974) - қазақ балалар поэзиясының көрнектi өкiлi, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ынталы ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын 1955 жылы Талдықорған облыстық газетінде бастайды. Одан кейін Қазақстан пионері, Коммунизм таңы назеттерінде істейді. 1958 жылы Алматы теледидары ашылысымен сонда қызметке ауысады. Теледидар хабарларының жаңа түрлерін ойлап табады. Ерденнің ертегісі, Кешкі ертегі, Спать пора малышам, Алдардың айласы, Жан-жануарлар дүниесі, Бұл сенің әнің, Ал сурет салайық сияқты тұрақты көрсетулер ұйымдастырады. Тамшы, Бұршақ туралы ертегі, Кім күшті, кім мықты, Аю қалай адасты сияқты шығармаларын әуелі теледидарға арнап, кейіннен кітаптарына енгізеді. Оның Құсбегі телефильмі бүкіл одақтық экранға шығады.
Өткен ғасырдың 50-60 жылдары Сыйлық, Қаз-қаз бас, Жастық сыры, Ақтауық, Бақ-бақ, Сылдырмақ, Жүз бір жұмбақ, Қарақат, Тамшы деген өлең жинақтары басылады. Бұлардан басқа Біздің апай Түсекең, Менің бөпем, Ғажайып бұлттар, Саяхат деген суретті кітаптарын шығарады. Жақанның туып өскен, балалар ақыны екендігін танытқан Жаңғырық атты таңдамалы өлеңдер жинағы болды. Ал Талапай атты кітабы қазақ балалар әдебиетінің тамаша жаңалығы ретінде қабылданды. Бұлардан басқа Сәбилерге сәлемдеме (1959), Біздің тақпақ, жұмбақтар (1961), Күлдірген (1962), Погремушка (1964), Мың махаббат және Намыс (1964) кітаптары жарық көрді.
Сонымен қатар Ж.Смақов бірнеше ән мәтіндерінің авторы. Белқараған әні қазақ радиосынан жиі беріліп тұрады.
Жақанның туып өскен, балалық, жігіттік шағы өткен Қарағаш өңірі айтулы адамдар, өнер қайраткерлері көп шыққан өңір. Ол жастайынан Телғозының Шоңы, Төлебай салдың, Маймақ, Жолдыкей ақынның өлең-жырларын, әңгімелерін тыңдап, жаттап өсті. 1942-1945 жылдар аралығында Ынталы орталау мектебінде мұғалім болған Серік Қирабаев, Асан Жұмаділдиннен сабақ алды.
Аяулы ақын 1974 жылы Алматы қаласында қайтыс болды. Өзі оқыған Ынталы орта мектебіне Жақан Смақовтың аты берілген.

Бөбек жүректi, балажан жыршы
Қарапайым жырларымен-ақ жеткiншектер жүрегiне нұр сеуiп, қыруар iс атқарған көрнектi балалар ақыны Жақан Смақов үстіміздегі жылы 80 жасқа толды. Сондай биiк тұлғаларды бiлiктi деген әдебиетшiлерiмiздiң өзi көзден таса қалдыра бастағаны жабырқатпай қоймайды. Айталық, қаламгерлердiң көпшiлiгi, әдетте Қазақ балалар поэзиясының көрнектi өкiлдерi Сапарғали Бегалин, Мұзафар Әлiмбаев, Совет Әлiмқұлов, Әдiбай Табылдиев, Қастек Баянбаев, Сұлтан Қалиев, Өтепберген Ақыпбеков деп келедi де, Жақаңдай айтулы ақындарды еске де алмай өте бередi. Әрине, кезiнде осы аталған аға әрiптестерiнiң бiрi М.Әлiмбаев ертеректе: Әдебиеттегi тұсаукестi тұңғыш қадамынан бастап, бiр өңкей балаларға арнап жазатын ақындарымыздың саны өте аз. Өтебай Тұрманжанов, Мүбәрак Жаманбалинов, Нұрхан Жанаев, Ескен Елубаев, Ермек Өтетiлеуов... Осы аталғандардың қалың ортасында сақалды сәби деп атауға лайық бала жанды, бөбек жүректi ақын Жақан Смақов бар едi. Ол ерте дүние салды. Ол артында шағын-шағын он бес кiтап қана қалдырды. Өнер санымен ғана өлшенбейдi, оның үлкен таразысы - сапасы. Бұл тұрғыдан алғанда, Жақан жұлдызды жiгiт деп жазғаны бар. Бiрақ мұндай пiкiрлер бүгiнде мүлде айтылмайды десек, жаңылысқандық болмас...
Мұны қозғау себебiмiз, Есi кiрген ел ескi - сiн iздейдi демекшi, ұлттық идея қалып - тастыруға ұмтылған халық жас ұрпақ санасына iзгiлiк дәнiн сепкен Жақан Смақовтай дарынды перзенттерiнiң де еңбектерiн тиiмдi пайдалануы қажеттiгi туралы ой ғана.
Әдебиеттiң балаларды сан алуан қасиет - терге баулитыны белгiлi. Үлкен өмiрге аяқ басқан әр сәби дүниетанымын көркем безен - дiрiл - ген басылымдар арқылы кеңейтiп, iз - де - нуге, қоршаған ортаның сырын түсiнуге, таби - ғат - ты сүюге ұмтылады. Сөйтiп, жалпы адам бала - сына тән жақсы әдеттерге жақындай бе - редi. Яғни кiтап баланың жан әлемiн қалып - тастырады. Сәби соның арқасында армандайды, қиялын ұштайды, келе-келе өзi де шы - ғар - машылық өмiрге араласа бастайды. Бiртiндеп шеберлiгiн шыңдайды. Талғамы тереңдеп, дүниетанымы кеңейiп, нағыз жан-жақты, көкiрегi ояу азамат бола бастайды.
Балалар әдебиетiнiң бiр кереметi - ақын ешкiмге ұрыспай-ақ, әлдекiмдердi кемсiтпей-ақ оқуға жеп-жеңiл, айналасы жұп-жұмыр ғана қысқа өлеңiмен жас өскiндi өрескел қасиеттерден аулақ жүруге немесе әр тiршiлiк иесiнiң тек өзiне ғана лайықты мiндетi болатыны туралы ойлануға бастап отырады. Мұндайдан кейiн жас адам бiртiндеп үлкен азаматтық толғамдарға құлаш ұрмақшы. Мысалы:
Шыр-шыр еткен торғайды,
Қорғамасаң болмайды.
Кiп-кiшкене торғайлар,
Ағаштарды қорғайды.
Таспен атып торғайды,
Ұя бұзған оңбайды.
Құс өкпелеп кетедi,
Бақшамызға қонбайды. (Ж.Смақов. Торғай ағаш қорғайды).

Осы өлеңде бәлендей бiр асқақ сөз жоқ. Ешкiмге көл-көсiр ақыл да айтылмайды. Тек жүрекке жайлы тиетiн жып-жылы леп пен санаға сiңе кететiн сұлу сурет қана бар. Немесе:
Байлаулы ит
Қазға:
- Сен неге үрмейсiң? - дедi.
Қаз:
- Сен суда неге жүзбейсiң? - дедi.
- Ендеше жүр, -
Менiң орныма тұр! -
Ит қазды шынжырлап матады,
Ал өзi өзенге түсiп жатады...
Осындай өлеңдi оқығаннан кейiн бала түгiлi ересек адамның өзi ойланып қалатыны анық.
Жалпы, кезiнде тұстастары жоғары бағала - ған Ж.Смақов шығармашылығына ең қажеттi екi асылдың қосындысы тән екенiн байқаймыз. Оның бiрi - халық ауыз әдебиетi де, екiншiсi - сол бiлiмге кейiнгi профессионал поэзия мәдениетiнiң ұштасуы. Бұған қоса сәбилердiң таным-түйсiгiн тамыршыдай тап баса бiлетiн сезiмтал ақын әрбiр туындысын таңғы шықтай мөлдiретiп, ұғымға мейлiнше қонымды болуына ерекше мән бередi. Оның өлеңдерiнiң өте табиғи, нанымды, әбден тартымды шығу себебi де содан болса керек.
Ғафу Қайырбеков Бесiкке қайта оралу немесе балалар әдебиетi туралы ойлар мақаласында Жазушыға керегi екi нәрсе - бiрi суретшiлiк талант, екiншiсi әдемi көркем тiл ... Бiрi болмаса бiрi жоқ, - деп жазған екен. Осы қасиеттердi Жақан Смақов шығар - ма - шы - лығынан молынан ұшыратуға болады. Сөзi - мiздiң дәлелiндей, Ғафаңнан да өзге за - ман - дастарының бiрқатары: ...Жақаң балалар әдебиетiнiң аса талантты ақыны едi, өйт - кенi бұл жолда оны өте қиын жазылатын ба - ла - лар жырын қазақ әдебиетiнде асқақ жыр - - лауымен даралануын айтқан жөн. Қам - шының сабындай ғана қысқа ғұмырында ол өте керемет жырларын жас ұрпақ еншiсiнде молынан ұсынды - деген мазмұнда дүркiн-дүркiн мойындап отырған. Кей қатар - лас - тарының айтуынша, Жақаңның өзi де кейде көңiлi түскенде өзiнiң шығармашылық лабораториясынан сыр ашып: Балаларға арнап жазу қиын... Ал нашар жазу күнә! дейдi екен.
Кейiнде балаларға арналған өлең-жырлар - дың басым көпшiлiгiнiң тiлi ауыр, қабылдауға күрделi келетiнi жасырын емес. Керiсiнше, түсiнiксiз сөздердiң шоғыры секiлдi немесе мағынасыз жаңылтпаш iспеттi тақпақ-сымақ - тар қаптап кеттi. Бiрден көкейге қонып, санаға сiңiп кететiндей ойнақы жазылмайды. Болмаса тақпақтардың көбi үлкен адамдарға арнал - ғандай, тым салмақты сөйлейдi. Немесе жаңа заманғы өлеңдер әдебиет теориясында айтылатын жан-жақты техникадан жұрдай. Себебi, балалар поэзиясы мiндетiн ат - қару жас жеткiншектерге арналған басылымдарда еңбек ететiн қатардағы журналис - терге сенiп тапсырылған!.
Мiне, осындайда ерiксiзден ойға анау Тiлi, дiлi қазақ және өз идеологиясы бар мемлекеттi қашан құрамыз? Осыны жиырма жыл бойы шулатып айтып келемiз деген уәж оралады. Бiз айтар едiк, осы Жақан Смақовтай асылдарымызды мiсе тұтпай, қастерлi мiндеттi көл - де - нең көк аттылардың көмегiмен атқарамыз десек, тағы бiр жиырма жыл шулауымыз да ғажап емес. Сондықтан дәл қазiр балалар поэзия - сы аяғынан тiк тұрып, сол Жақан Сма - қов, Өтебай Тұрманжанов, Мүбәрак Жаманбалинов, Нұрхан Жанаев, Ермек Өтетiлеуов, Әнуарбек Дүйсенбиев бастаған лектiң шығармашылығы деңгейiне қайта көтерiл - генше осылардың туындыларын қайта басу қажет пе деген де ой келедi. Әйтпесе, айталық, қазiр Ж.Смақовтың:
- Сабаққа бардың ба?
- Иә!..
- Сабақтан қалдың ба?
- Иә!..
- Мұғалiм ұрысты ма?
- Иә...
- Жауап бер, дұрыс тұр да!
- Иә...
- Бетiң неге сия?
- Иә...
- Жауабының барлығы - иә,
Мiне, осындай бiздiң Зия...
дейтiндей, айтуға жеңiл, көңiлге қонымды өлеңдер мүлде сиреп кеткенi жасырын емес.
Ал Жақан Смақовтың анау қарапайым ғана Қаймақбай бала немесе Қисыбай секiлдi әрбiр өлеңi әлемдiк классикаға телiне - тiн осындай туындылардан бiр де кем емес екенi анық көрiнiп тұрар едi!

Сақтағанда еш айып жоқ, жатпайды,
Басқа теуiп жатсаң-дағы қаппайды, -
Майлыаяқты атам солай мақтайды,
Сендiре алмай қойдым, бiрақ, Ақтайды.

Ақтай, мiне, осыны айтсам көнбейдi,
Итiм түгiл, өзiме де сенбейдi.
- Басқа тебу дегенiңдi атама,
Кет дегенге кете қойса жөн! - дейдi.

- Олай болса, көзiң анық жетсiн деп,
Қақ маңдайдан Майлыаяқты тептiм кеп.
Мақтауымды айтып, тiптi болмай-ақ,
Арс еттi де, ала түстi Майлыаяқ!
- Басқа тепсе, демеп пе едi, қаппайды,
Түсiнбеймiн, неге бұлай мақтайды?!
Сатиралық сарыны бар мұндай өлеңдердi ересектер де қызыға оқитын болар. Ж.Смақов туындыларының қатарында балалардың өтiрiк айтуын, мақтаншақтығын, есерлiгiн, сөзi мен iсiнiң арасындағы алшақтықты әдемi астармен әжуалайтын шығармалар да көптеп кездесiп отырады. Мұның бәрi таптырмас тәрбие құралы екенi де анық.
Сол секiлдi Смақов шығармашылығында сәбилердiң танымдық өрiсiн кеңейтуге бағытталған Көкпек пен бидай, Теңiз ұлуы, Орман, орман!, Инелiк, Бұлт-шегiртке, Тамшы, Өткiншi секiлдi сан алуан өлеңдерi - нiң қай-қайсы да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Смақов Жақан
Бала тілі поэзиясы
Балаларға арнап жазған өлеңдері
Жақан Сыздықов поэмаларындағы ақын шеберлігі және тіл көркемдігі
Балалар поэзиясының әдеби-көркемдік және тағылымдық-тәрбиелік мақсаттарды ұштастырушы сипаттарын теориялық негіздеу
Балалар ақыны Әнуарбек Дүйсенбиев туралы толғаныс
«Адасқандар». романнан повестке
Сәбилік ғұрып жыры
Мектеп жасына дейінгі балаларға көркем шығарма арқылы эстетикалық талғамын қалыптастыру
Әдебиетті оқыту әдістемесінің ғылыми пән ретіндегі мазмұны
Пәндер