С. Жүнісов шығармалары тілінің көркемдік ерекшеліктері



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

КІРІСПЕ

І С. Жүнісов шығармалары тілінің көркемдік ерекшеліктері
1.1 С.Жүнісов шығармаларындағы көркемдеуіш құралдардың қолданылу сипаты
1.2 Сәкеннің Ақан серісі

ІІ Метафора түсінігі
2.1 Метафораның түрлері және тілдегі қызметі
2.2Ақан сері романындағы тілдік метафоралар

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Тіл - адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы ғана емес, халықтың тарихи дамуының, дүниетанымы мен мәдени байлығының көрінісі. Адам танымын зерделей отырып, жазушы шығармаларына танымдық тұрғыдан баға беруде, ұлттық танымдық болмысы мен тілдік табиғатына, яғни шығармаларының тілдік ерекшеліктеріне талдау жасауды жөн санадық. Себебі шығармалардағы тілдік бірліктердің қолданыс даралығын танымдық үлгі (модель) қалыптастырушы таңба, ақиқат дүниенің көрінісін белгілейтін нысандар ретінде қарастырамыз. Көркем әдебиеттердегі кейіпкердің тілдік ерекшелігі мен сөз қолданысы, эстетикалық таным деңгейіне сай символдық таңбалардың қалыптасуының өзіндік ерекшелігі де бар. Осы орайда, жекелеген ақын-жазушылардың тілдік тұлғасын қарастырған зерттеу еңбектері болғанымен, белгілі бір кезеңге тән шығармалардағы кейіпкердің тілдік ерекшелігін, ой-танымы мен болмыс-бітімін біріктіре отырып, оны антропоцентристік аспектіде, ұлт психологиясына сай адам танымын этностың танымдық дүниесімен тығыз байланыстыра зерттеу қазақ тіл біліміндегі когнитивтік лингвистикада көп қарастырыла қоймаған. Осыған байланысты таным - мәдениет - тілүштігінің принциптері негізінде, С.Жүнісов шығармаларындағы кейіпкерлердің танымдық ерекшелігін тілдік фактілер арқылы танымдық (когнитивтік) құрылым тұрғысынан ғылыми талдау жасау өзекті мәселе болып табылады.
Иісі қазақ атына қанық, бейнелеп айтсақ, еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін есімін елі жақсы білетін, туған халқы үкілеп Сәкен сері деп атаған, әдеби туындыларымен кең танылған, көрікті сөз бен көркем ойымыздың аса көрнекті өкілдерінің бірі, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәкен Жүнісов - шығармашылық бақыттың шынайы биігіне көтерілген суреткер болды. Сәкен Жүнісов - сан қырлы тұлға. Ол - әдебиетші, жазушы, ақын, ұстаз, журналист, драматург, аудармашы.Өзіндік үні, айшықты кестелі тілі, ауқымды тақырыбымен қазақ әдебиетінің қос тізгіні - проза мен драматургияны қатар ұстаған, кең тынысты, қуаты мол, қарымды, дарынды қаламгер Сәкен Жүнісов кейіпкерлерін сол кездегі дәуір тілімен сөйлетіп, қоршаған дүниені сол кездің санасына сай бере білген. Ұлттық дүиетанымды тарихи кезеңдік тұрғыдан берудің үлгісін жазушы С.Жүнісовтің прозалық шығармаларынан байқай аламыз.
Метафораны жасау немесе жасай алмау бұл ойлаушы, сөйлеуші адамды сипаттайтын критерийлердің бірі ретінде танылады. Зерттеушілер сөзімен айтқанда, метафора әлемнің жеке тілдік көрінісін бейнелейді, себебі ндивидуальдылық жеке адамның белгілі тілдік құралдарды таңдауына байланысты, яғни әр адамға, сөз суретшісіне, арнайы тек соғанғана тән қасиет бар.
Қазіргі кезде ғылыми парадигманың ауысуына байланысты, яғни өзінің дүниетанымы мен санасы бар адам орталығындағы тілдің "жансыз" жүйесіне қарсы тұрған, метафораға деген көзқарас қауырт өзгеріп, қызығушылық арта түсті.
Метафора адамның терең ойлауының ерекшеліктеріне қатысты туындайды. Егер ойды басқалай, әдейі өзгертіп айтса, онда метафора қажет болғандықтан емес, онсыз болмайтындықтан пайда болады, ол адамның ойлау қабілеті мен тіліне тән деп айтуға болады. Ал ақындар "қажеттілікті ізгілікке" айналдыра отырып, өз шығармашылығында қолданып пайда табады.
Ғалымдардың пайымдауынша, ойлау қабілетінің арқасында метафораларды күннен күнге жандандырады. Егер метафораны ойыны ретінде қарастырсақ, ол (метафора) белгілі бір мағынаның көмегімен оған арналмаған басқа мағынаны жеткізеді. Бұл айтылған қасиет метафораның бір құбылыс арқылы басқа мағына білдіруі
Курстық жұмыстың нысаны көрнекті жазушы С.Жүнісовтің Ақан сері романы тілдік тұрғысынан талдауға түсті.
Курстық жұмыстың негізгі әдістері мен тәсілдері. Курстық жұмыстың мақсаты мен тақырып ерекшелігіне байланысты сипаттама, салыстырмалы талдау мен жинақтау, концептілік талдау, жүйелеу және оны түсіндіру, аналитикалық талдау әдістері қолданылды.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты - Сәкен Жүнісовтің тілдік тұлға ретінде танытатын ұлттық құндылықтарды оның көркем туындыларында сөз қолдану даралығын анықтау арқылы көрсету. Қазіргі антропоцентристік бағыттың ғылыми теориялық қағидаларына сәйкес шығармадағы кейіпкердің дүниетанымы мен болмысын, тілдік қолданысын этностың ұлттық танымымен байланысты концептілік құрылым ретінде тұжырымдау, сондай-ақ курстық жұмыста жазушының Ақан сері романындағы тілдік ерекшеліктерді талдау. Заттық метафораларды саралау.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І С. Жүнісов шығармалары тілінің көркемдік ерекшеліктері

0.1 С.Жүнісов шығармаларындағы көркемдеуіш құралдардың қолданылу сипаты

Сәкен Жүнісовтің шығармалары тіліндегі тілдік құралдар мен олардың семантика-стилистикалық жақтары бүтіндей лингвистикалық талдауға түскен жоқ. С.Жүнісов прозасындағы тілдік құралдар лексикалық деңгей элементтері мен одан жоғарғы тілдік қабаттардағы бірліктермен шектелмей, жүйелік құрылымдағы барлығы тілдік деңгей элементтері мен дыбыстың көркем әдебиеттегі поэтикалық қызметімен де ұштастырылады.
Сәкен Жүнісов шығармаларындағы тілдік құралдардың қолдану мақсатын айқындау, шығарма шырайын кіргізетін сөздердің экспрессивтік-эмоноциалдық бояуын көрсете отырып, олардың көркемдік-стилистикалық қызметін саралау, соның негізінде шығармалары тілінің көркемдік ерекшеліктерін көрсету, сол арқылы қаламгердің көркем шығармаларының басқа суреткерлерден ерекшеленетін стильдік қолтаңбасын анықтау, үшін біраз прозалық шығармаларын салыстыра талдағанымызда көркем шығармадағы лингвомәдени тілдік бірліктерді айқындап, олардағы ұлттық сипаттық басымдығы, метафораның фразеологиялық тіркестермен арақатынасы фразеологияның бейнелігін тудырудағы метафораның орны және оның жазушы тіліндегі қолданыс ерекшеліктері байқалды.
Жазушы шығармаларының тілдік ерекшелігі кейіпкер тіліндегі берілу жолдары, тілдік құралдардың қолданыс мақсаты, троп түрлерінің стильдік қызметтері, жазушы шығармаларындағы кірме сөздердегі өзгерістерді көрсету үшін қоғам, ондағы адам келбетін таныту мақсатында алынған бірліктер болып табылады.
Қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған дара тұлғалардың бірі, әйгілі әнші, сазгер Ақан серінің аңызға парапар, әрі қиын тағдыры Сәкен серіні о бастан-ақ қызықтырған. Сөйтіп, жазушы ізденісінің, зерттеулерінің өзекті арнасына айналған. Сал-серіге тән қадір-қасиетті бір бойына құйып алған Сәкен сері Жүнісовтің қаламынан туған Ақан сері атты дилогиясы (Ақан сері. Роман. - Алматы: Жазушы, 1971, 1977, 1981, 2002 ж.ж.) қазақ әдебиетінің қорына інжу-маржан болып қосылды [1, 56].
Жас жазушының Сонарда деп аталатын балаларға арнап жазған алғашқы кітабы 1959 жылы жарық көрді. Бұдан соң жас жеткіншектер үшін жазған Әжем мен емші және дәрігер (1961 жыл), Кімнің мекені жақсы (1962 жыл), Сақау бәтеңке (1983 жыл), Алдыңғы вагон (1984 жыл) кітаптары жарық көрсе, 1968 жылы бүгінгі өмір тынысын өзек еткен Өшпейтін іздер атты хикаяты жарияланды.
С.Жүнісовтің ұлттық әдебиет әлемінде үлкен із қалдырған туындыларының бірі - Жапандағы жалғыз үй романы (Алматы: Жазушы, 1973, 1990 ж.ж.). Роман қазақтың сайын даласына тың игеру сынды ұлы дүбір, қызу науқанның келген тұстарын суреттейді. Ғасырлар бойы тылсым тыныштықта жатқан жер ананың құйқалы қыртысына ұстара түскен, кең даланың еркесі ақбөкен мен киікті үркітіп, мөлдір айна көлдерді қанатымен аялаған аққу, қазды бездіріп жіберген, даланың айбарлы сақшысы, топ-тобыменен жан иесін үркіткен, ит, құсты бездіруге мәжбүр еткен, ал адамдардың санасында түбегейлі өзгерістер жасап, жазираның өмірін түбірінен өзгерткен тыңның мәні менен мағынасын әркім әрқилы бағамдайды.
Қаламгер С.Жүнісов те уақыт шындығын суреткерлік таразының ақиқат безбені тұрғысынан келістіре суреттеген. Басты кейіпкер Қарасай бейнесі кезінде талай талас әңгімеге арқау болғаны аян. Жан-жақты сурет тапқан бұл образдан қазақ шаруасы өз арасында жүрген тағдыр талайы қиын замандастарын көрді. Тың көтеруге келдік дегенді желеу етіп, жергілікті халық арасында сойқанын салып баққан кейбір басбұзар, бұзақылардың бейнесін романға кіргізіп, шынайы суреттеген.
Жазушының Заманай мен Аманай хикаяты (повесть) (Алматы: Жазушы, 1985 ж.) ұжымдастыру (коллективтендіру) дәуірінің қилы кезеңдері жайында әңгімелейді [2, 87].
Көркем әдебиет өзінің айтайын деген ойын образ арқылы береді. Оның негізгі құралы көркем сөз, сол арқылы адам бейнесін жасап, өмірдің, өмір құбылысының қилы қырын жан-жақты алып суреттейді. Көркем әдебиеттің басты құралы сөз болғандықтан да әрбір жазушы ұлттық тілдің сөздік қорын жете пайдаланып, оны шебер келістіріп қолдануға талпынады, соның нәтижесінде ғана көркем суреттеулер жасай алады. Көркем шығарма болу үшін, бірінші шарт - суреттілік, образдылық, яғни күндегі көріп жүрген адамдарымыздай өзіндік қимылы бар, ой парасаты, киім киісі, жүріс-тұрысы бар жанды адамдар болуы керек; екіншіден, сол образ типтік образ болуы тиіс, яғни қоғамдық тәрбие бере алатындай бір топ адамдардың басындағы жақсы не жаман қасиеттерді бір адамның басына жинақтап, оны нанымды етіп беру қажет; үшіншіден, шындық пен суреттілік бір-бірімен ұласып жатуы, яғни жазушының суреттеп отырған образы сол кездің шындығына сыйымды болуы керек; төртіншіден, ол шығарманың туу тарихы, өмірге келу себебі, яғни жазушы туындысының жазылу мақсаты болсын; бесіншіден, халықтық сипатта жазылған болуы керек; алтыншыдан, көркем әдебиеттің оқырманына тәлім-тәрбие бере алатындай дәрежеде, жамандықтан жирендіріп, жақсылыққа қарай жетелей алатындай қасиеті - қоғамдық мәні болуы шарт т.б. міне, осы тұрғыдан алғанда, С.Жүнісов шығармалары - адамдар образы арқылы оқырманының эстетикалық сезіміне әсер ететін, әдемілікті түсінуге, мінез-құлықтарын жақсартуға көмектесетін, адамдар арасындағы әр түрлі қайшылықтарды көрсетіп, шындықтың бетін айқындайтын құрал.
Тіл мен таным сабақтастығының ерекше қызметі негізінде көркем тілде қалыптасқан тұрақты белгілерді зерттеу қазақ тіл білімінің жаңа бағыттарымен үндесіп, өзекті мәселелер ретінде сиптталады. С.Жүнісовтің шығармашлығы Е.Молдасановтың С.Жүнісовтің Ақан сері романы тілінің көркемдік ерекшеліктері, Н.Нығметованың С.Жүнісов драмалық шығармалары тілінің көркемдік ерекшелігі атты ғылыми жұмыстарында жазушының Ақан сері романы мен драмалық шығармалары тілінің тілі көркем әдеби тіл тұрғысынан зерттеліп, сөз болған.
Тілімізде қаламгердің өзіндік қолтаңбасын танытатын, авторлық түйсінуден хабар беретін метафораны индивидуалды, жеке қолданыстағы метафора деп атаймыз. Авторлық метафораның өзге тілдік бірліктерден айырмашылығы - шығарушы авторларының болуында, олардың өзіндік бейнелі ойын көрсететіндігіде. Мысалы, С. Жүнісов шығармаларынан автордың өзіндік қолтаңбасын бейнелейтін мынадай метафоралы тіркестерді атап көрсетуге болады: Күннің алтын құйрығы, Мамырдың май тоңғысыз мамық түні, Тыныштық - сезімнің шалқар дариясы, Тыныштық - шексіз ойдың ошағы, Жастық - көктемгі өткінші жауын екен, қарттық - қуарған күзгі ағаш. Бұл сөйлемдердегі күннің алты құйрығы, мамырдың май тоңғысыз мамық түні, сезімнің дариясы, ойдың ошағы деген тіркестер автордың өзіндік қолтаңбасын бейнелейтін тілдік бірліктер. Сөз мағынасының ауысуы арқылы пайда болған тілдік бірліктер жазушының тілдік танымын аңғартып, шығармаларының жаңашыл бағытта жазылғандығын көрсетеді. Қолданылған сөздердің тура мағынадан ауыспалы мағынаға көшуінің бірден-бір жолы контекст құрамындағы мағыналық байланыс арқылы айқындалады. Мағыналық өзгеріске ұшыраған тілдік бірліктер қолданыс барысында ойға қатысты ақпараттарды дәл көрсетуге септігін тигізеді.
Метафоралардың концептуалды өзегіне - ойдың ұшқырлығы мен сөздің образдылығы, сөз мағынасының кеңеюі мен бағалағыштық мәні ғана жатпайды. Сонымен қатар метафоралардың болмысын тануда тілдегі бейнеліліктің сезімге әсер етуі, санадағы ерекше орнығуына эмоционалды-экспрессивтік қызметінің қатар жүретіндігін баса айтуға болады. Метафоралардың сезімге әсер етуі, санадағы ерекше орнығуына эмоционалды-экспрессивтік стилистикалық сипаты мен танымдық табиғатына қатысты С. Қоянбекова: Сөз байлығын арттыруда жеке қолданыстағы дербес-авторлық метафоралардың мәні ерекше. Метафора нақты мәтінде белгілі бір образды неғұрлым бейнелі, көркем суреттеу үшін ғана емес, автордың жалпы дүниетанымдық мәнге ие, концептуалды маңызға ие көзқарастар жүйесін жинақтап ұстап тұратын қасиетке де ие болып келеді - дегенді айтады.
Танымдық әрекеттің негізінде пайда болған метафоралық тіркестер нысанаға алынған тілдік бірліктен бастау ала отырып, жалпыхалықтық бейнелілікке немесе ұжымдық мүлікке айналады. Демек, бұлар қолданыла-қолданыла келе көпшіліктің меншігіне айналады. Бұл жағдайда тілтаным нәтижелері қанша уақыт бойы сақталып келген қазынаның, ұрпақтан-ұрпаққа берілер халықтық мұраның көзі ретінде танылады. Және тіл де, таным да үздіксіз дамудың негізінде толығып отыратындықтан, олар субьективті қабылдаудың да арнасынан сусындайды.

0.2 Сәкеннің Ақан серісі
Қазақ даласы қашаннан дарындытұлғаларға бай халық екеніне ешқандай шүбәкелтіруге болмас. Кешегі Ақан сері, Біржан сал, Балуан шолақтардан берірек, Мұхтар Әуезов, Ілияс Жансүгіров, Ғабит Мүсіреповтердей алтындардың сынығы іспеттес ХХ ғасырдың екінші жартысында қазақ әдебиетіне тың жаңалық, соны ой әкелген ірі тұлға, ол - Сәкен сері Жүнісов еді.Киелі Көкше жерінде дүниеге келген Қазақстанның халық жазушысы, драматург, дарынды талант иесінің қалымынан туған туындылар қазақ әдебиетінетың жаңалықтар әкелгені сөзсіз [1, 79].
Жазушының қай шығармасы болмасын әрқайсысын жеке-жеке сөз етуге тұрарлық қомақты дүниелер. Бірақ солай бола тұрса да Сәкен сері шығармаларының арасында ғана емес, қазақ әдебиетінде ерекше орын алатын Ақан сері романы екендігі даусыз.Бұл роман жазушының ізденісін, аталмыш тақырыпқа мол дайындықпен келгенін аңғартады. Басты кейіпкер - Ақан серінің мінез қырлары, оның ақындық, шешендік толғамды тектілігі, өзіне ғана тән ірі кісілік қасиеттері, аңшылық, саятшылығы, әнші-серілігі бәрі-бәрі де қамтылған. Автордың бұл туындыны жазудакейіпкерлердің әрқайсысының мінез-құлқын тайға таңба басқандай көрсетуі, жазушының адам жан дүниесіне еркін бойлайтын дарынды психолог екендігін де айқын аңғартады.
Жазушы Ақанның жоғарыда айтылған қасиеттерін көптеген жиын-тойларға, қоғамдық талас-тартыстарға араластыра отырып айқындап көрсетеді. Ақанның ел арасындағы беделін, халқының қалай құрметтейтіндігінің дәлелі ретінде Әлтай ақсақалдың серіге көрсеткен құрметінен байқауға болады.
Ақан сері - қазақ әдебиетінен орнын ойып тұрып алған өнерпаз. Ақан сері туралы қалам тартқан бірнеше ақын-жазушылардың проза, поэзия, драма жанрларында жазылған көлемді туындылары бар. Атап айтқанда, Ілияс Жансүгіровтің Құлагер поэмасы, Мағжан Жұмабаевтың Ақан сері очергі сияқты ірі туындыларымен қатар, Қ.Бекхожин, Т.Әлімқұловтың баға жетпес мұраларына Сәкен серінің Ақан сері романы қосылып отыр. Бұлар тек Ақанның өмірі ғана емес, кешегі көшпенді қазақ даласының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын кейінгі ұрпаққа насихаттаудың таптырмас құралы болып табылатын туындылар [3, 114].
Жазушының образсомдаудағы, сөз саптаудағы шеберлігі, романның оқырман жүрегінен еркін жол табуының бірден бір себебі. Ол Құлагер бейнесін суреттеуде, оған дейінгі жазылған Ілияс Жансүгіровтің, Мағжан Жұмабаевтың суреттеулерін қайталамауға тырысқан. Өзіндік сөз саптауымен, өзіндік сарынымен, көркемдік айшығымен Құлагер бейнесін суреттеуде жаңа бір серпін берген.
"Ақан сері" романында сонау бұлыңғыр заманда өмір сүрген дарынды өнер иесін айқын бейнелеген.Ақансолбір кереғар заманда дүниеге келсе де, өмірдің ащы сынағына малтығып жүрген ел-жұртын, өзінің ерекше серілік, саятшылық, әншілік дарынымен емдеп, мұңын домбыраның шанағынан шыққан әсем үнмен тарқатып отырған. Бұл романда Ақан қазақ даласына, қазақ еліне нағыз керек кезінде туғандай болып көрінеді. Осы бір кереғар замандағы бай-қожалардың көзсіз іс-әрекеттерінің кесірінен, серінің қанаты, жан досы, алтынға да айырбастамас асылы Құлагерден айырылады. Дәл сол сәттегі ұлы ақынның жан күйзелісін Сәкен сері бар болмысымен сезініп шынайы суреттеген. Романда бұл оқиғаныоқыған қандай оқырман болмасын өне бойы шымыр етпей қоймас.
Міне, осындай ұлы тұлғаны суреттеуіне сүйсінген және автордың бойынан жоғарыда айтылған қасиеттердің барлығы дерлік бар екеніне сүйене отырып, академик Ғабит Мүсірепов:"Бойындағы қасиеттері, жазушылығына қосымша әншілік, домбырашылық өнеріне, мінез тіршілік әрекетіне орай мен Сәкенді Біздің Сәкен серідеп атағаным бар",-еді деген.
Сәкеннің Ақаны жайында қаламгер Төлеген Қажыбай былай дейді: "Бұл тақырыпқа Сәкен Жүнісовтің баруы кездейсоқтық па, әлде көбіміз біле бермейтін бір заңдылық бар ма деген сауалдарға жауап іздеп көрелікші. Меніңше, заңдылық бар, бұл заңдылық Сәкеннің ішкі творчестволық таным-түйсігімен Ақанға біртабан жақын характерлік үйлесімділігі дер едім". Кезінде заңғар жазушымыз Ғабит Мүсірепов Сәкенге "Мен Ақан сері- Ақтоқты" пьесасын жаздым. Енді бұл тақырыпты сен жалғастырып, Ақан серіні жазсаң қайтеді" деген көрінеді. Сәкен бұл аманатты қал-қадерінше ақтауға тырысқан. Өйткені, Сәкенге "сері" деген атауды да берген Ғабең көрінеді. Өзі де сегіз қырлы бір сырлы, өлең де айтып, ән шығара алатын, домбыра тартып күй шертетін, сөйлесе шешен, Сәкеннің өзі де айтса айтқандай, сері болатын. Өкінішке орай, Сәкен бұл көлемді кесек туындының соңғы кітабын аяқтай алмады, нағыз шығармашылық кемел шағында өмірден озды. Жазушы өнерде жарқын із қалдырған ақын, әнші-композитор Ақан сері Қорамсаұлының әдебиеттегі көркем образын сомдаған бұл дилогияда шығармашылық адамның қоғамдағы жеке трагедиясына ғана бойлап қоймай, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамындағы әлеуметтік қарым-қатынастарды терең қопара көрсетіп берді.
Сәкеннің суреттеуіндегі Ақан -- қазақтың ән өнері аспанында зор даусымен асқақатата жыр нөсерін ақтарып ондағы тамаша таланттың айқын көрінісі есепті сегіз қырлы, бір сырлы ардагер азамат. өзі өмір сүрген дәуір шындығын ән-музыка, өлең -- жыр туындылары арқылы бейнелей білген, ұлы суреткер, компазитор. Ойлы, сырлы ғажайып шығармаларын өз даусымен орындап, қалың елге кең таратып, тыңдаушының құлақ құрышын қандырған топшысы болат дауылпаз. өмір сүрген ортасынан озат шығып, асыл өнерімен де, жеке бас әдет-мінездерімен де, жүріс -- тұрыс, киім киіс, сән-салтанатымен де даралана көзге түскен қазықтың ең қадірлі серісі. Асып-таспай, жабырқап жасымай әр кез арын таза ұстай білген, жақсылық пен әділеттік жолына белін бекем буған, ақыл-парасаты биік саналы гуманист.

ІІ Метафора түсінігі

2.1 Метафораның түрлері және тілдегі қызметі

Метафора адамның терең ойлауының ерекшеліктеріне қатысты туындайды. Егер ойды білдіруде оны әдейі өзгертіп айтса, онда метафора қажет болғаннан емес, онсыз болмайтындықтан пайда болады, сондықтан да ол адамның ойлау қабілеті мен тіліне тән деп айтуға болады.
Белгілерінің ұқсастығына қарай бір заттың не құбылыстың екінші бір зат не құбылыс атауымен аталуының негізінде сөз мағынасының ауысуын метафора деп атаймыз. Метафора құбылысының сөздің мағынасынан орын тепкені және әбден үйреншікті болып кеткені соншалық, метафораның негізінде туған қосымша мағынаның көп жағдайда туынды, келтірінді мағына екені бірден аңғарыла бермейді [1, 115].
Әлемдік тіл білімінде метафора мәселесі ерте кезден басталған. Грек ойшылы Аристотель метафораға өзіндік ғылыми көзқарасын былай деп береді: Метафора сөз мағынасының тектен түрге, түрден текке, немесе түрден түрге, я ұқсату негізінде өзгеруі[2].
Метафораны тіл білімінде зерттелуін қарастырғанда, олардың әр бағытта жазылғанын көруге болады. Батыстың лингвистикалық бағытында субститутивтік, салыстармалы, интеракционистік және когнитивтік метафора теориясын атайды. Қазақ тіліндегі метафораның жай күйі, оның жасалу механизмі, тілді, ойды дамытудағы қызметі, жалпы қазақ метафораларының зерттелуі, сипатталуы, ғылым тіліндегі танымдық, термин жасау қызметі теориялық тұрғыдан терең зерттеуді қажет етеді [3, 29].
Алғаш рет қазақ тіл білімінде метафора мәселесі Р. Барлыбаевтың Қазақ тілінде сөз мағынасының кеңеюі мен тарылуы атты кандидаттық диссертациясында (1963) және Б. Хасановтың Қазақ тілінде сөздердің метафоралы қолданылуы (1966) атты кандидаттық диссертациясында сөз етілді. Бұл еңбектердің қазақ тіл білімінде метафораны жан-жақты қарастырып, зерттеуге айрықша үлес қосқан еңбектер деп тануға болады. Алайда бұл еңбектердің жарық көргеніне отыз жылдан астам уақыт өтті. Осыншама уақыт ішінде қоғамда болған көптеген түбегейлі өзгерістер қалықтың ой-санасына, тіл ғылымына, сөз мағынасы мен оның қолданысына әсерін тигізбей қоймады. Бұл өзгерістер сөздердің метафоралық қолданылуынан да байқалады. Сондықтан да қазіргі тіл біліміндегі метафоралық қолданыстағы өзгерістерді және ерекшеліктерді анықтап, талдау, әсіресе метафоралардың ұлттық ғылым тілін қалыптастырудағы маңызы мен үлесін теориялық тұрғыдан зерттеу аса маңызды іс.
Метафора тіл білімі мен әдебиеттану теориясына ортақ болғанымен, өзіндік жасалу және қолдану ерекшеліктерімен жеке-жеке бөлінеді.
Қазақ тіл білімінде метафора тілдегі қолдану сипатына қарай:
1) тілдік метафора;
2) тұрақты метафора;
3) жеке қолданыстағы метафора деген түрлерге бөлінеді.
Ал әдебиет теориясында көркемдің (троптық) қызметіне қарай:
1) күрделі метафора;
2) ұлғайған метафора;
3) поэтикалық метафора түрлеріне ажыратылып талданады [3,59].
Әр ғалым метафораны әр түрлі жіктейді. Мысалы, ғалым Б. Хасанов қазақ метафораларын екіге бөледі: әдеби және тілдік тұрғыдан біріктіріп қарасақ, метафораның екі түрі бар деуге болады: бірі - белгілі бір шешеннің сөз саптауынан болған индивидуалдық метафора, екіншісі - халықтық сипат алған дәстүрлі метафоралар. Бірақ бұл екеуінің ашық ара жігі жоқ, өйткені жеке авторлар жасаған метафоралар көбіне халықтық дәстүрлі метафоралардың ізімен жасалады және олардың көпшілікке кең тарауы да мүмкін. Дегенмен бұл екі түрінің айырмашылықтары да бар[3,136].
Ғалым А. Айғабылұлы былай дейді: Көркем әдебиетте қолданылатын метафоралар образдылығымен қатар тұрақты метафора және индивидуалдық метафора деп екіге бөлінеді. Сонымен қазақ тіліндегі метафора арқылы ауыспалы мағына туғызу тәсілі үш түрге бөлінеді: тілдік метафора, тұрақты метафора және индивидуалдық метафора [4,14]. Олардың әрқайсысына мынадай анықтамалар береді: 1. Тілдік метафора жалпы халық тілінде: сөйлеу, жазу, оның ішінде әдеби шығармаларда да кең қолданылады. Бірақ олар әдебиетте көркем образ, суреттеу құралы ретінде емес, стильаралық лексика түрінде қолданылады. Мысалы, таудың басы, өзеннің басы, қос басы, шөп басы, сөз басы, әскер басы; кітап беті, істің беті, судың беті, жердің беті, т.б. 2. Тұрақты метафоралар - жалпы халық тілінде қолданылатын, бірақ суреттеу құралы ретінде образдылығымен ерекшеленетін ауыспалы мағыналы сөздер. Мысалы, сары алтын (бидай), қара алтын (көмір), ақ алтын (мақта), көгілдір экран (теледидар), жасыл алаң (футбол), барқыт түн, алтын күз, сөз маржаны т.б. 3. Индивидуальдық метафора. Бұл топқа сөз шеберлерінің метафора тәсілі арқылы қолданылған көпшіліктің қолданысында жоқ метафоралар енеді. Мысалы:
Жақсылық жауып,
Дүниені мынау селт етсе,
Жауыздықтардың,
Жамандықтардың барлығын,
Көрге алып кетем керексе (М. Мақатаев)
Сыпай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көркем образ жасаудағы кейіпкер тілі туралы
Жазушы қолданған бейнелеу-мәнерлеу тәсілдері
Дисфемизмдер және олардың зерттелуі
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет
Қақақ прозасындағы сал-серілер образы
Түркі тілдерінен енген сөздер
Балалар әдебиетінің үлгілері
Қазақ прозасындағы сал-серілер образы
С.ЖҮНІСОВТІҢ ДРАМАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІГІ
Қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани мұрасы
Пәндер