ХІХ ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай
Реферат
Тақырыбы: ХІХ ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай
Жоспар:
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. ХІХ ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай және әдебиет.
2.Зар заман ақындарының шығармашылығындағы отаршылдыққа қарсы күрес, ерлік, еркіндік сарыны, шығармаларындағы реализм мен халықтық сипат.
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланған әдебиеттер.
І. Кіріспе
Қазақ халқының ХІХ ғасырдағы әдебиетінің шынайы рухы, ұлттың азаттығы мен елдің тәуелсіздігі жолындағы өзекті арқауы, көкейкесті мүддесі патшалық Ресейдің отаршылдығы тұсында да, Советтік саясат жылдарында да жеткілікті деңгейде ашылмай, айтылмай келген еді. Бірқатар ақындардың шығармашылығы кеңестік идеология қалыбымен жаңсақ бағаланып отырды. Бұл кітапта қазақ әдебиетінің ерекше тегеуірінді, рухы асқақ, идеялық-көркемдік шарықтау дәуірі - ХІХ ғасырдағы ішкі жаңғыру заңдылықтары тарихи шындық тұрғысынан сараланып отыр. Көркем әдебиет пен қоғамдық-әлеуметтік құбылыстардың сабақтастығы, сонымен қатар ұлттық әдебиеттің халықтық қасиеті тұңғыш рет ғылыми түрде негізделіп, басты сипаттары мен заңдылықтары дәйектелді. Көптеген ақындардың мұралары қайта қаралды, архивтерде тұмшаланып жатқан деректер назарға алынды, жаңа көзқарас тұрғысынан бағаланды. Тәуелсіздік алғанға дейін әдебиет тарихындағы орны жете сараланбай келген Көтеш Райымбекұлы, Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы сынды бірнеше ірі ақындардың шығармашылығына назар аударылды. Шал Құлекеұлы, Махамбет Өтемісұлынан бастап бірқатар көрнекті тұлғалардың туындылары арнайы талданды.
ХІХ ғасырда қазақ халқының жаңа әдебиеті қалыптаса бастады, әдебиет жанрлық, көркемдік шеберлік тұрғыдан іштей түлеп, тақырып аясын барынша кеңейтті, қоғамның тарихи құбылыстарына қарай күрделі көркемдік сипат алды. Әдеби процестің осындай заңдылықтары қазақ қауымының қоғамдық-әлеуметтік жағдайларымен бірегей сабақтастықта қарастырылды.
Қазақ әдебиеті тарихының ең бір құнарлы, дәстүрі берік, мазмұны бай кезеңі ХІХ ғасыр. Бұл ғасыр үлкен-үлкен құбылысты оқиғаларға да, күрделі де шиеленісті әлеуметтік тартыстарға да толы болғандығы дүние тарихының парақтарынан да белгілі. Ондай тарихи кезең құбылыстары қазақ даласына соқпай өткен жоқ. Қазақ елі бұл кезеңде де ауыр күндерді басынан кешті. Он сегізінші ғасырдың аласапыран дәуірінің зардаптары жалғаса түсті. "Ақтабан шұбырынды" атанған зарлы заманнан өткен қазақ жұрты, қазақ хандығы тағы да бір қилы заман, қиын кезеңге аяқ басты. Сол дәуірдің оқиғалары мен тарихи шындығы, негізінен, қазақ әдебиеті шығармаларында көрініс тапты.
ХІХ ғасырдағы қазақтың ұлттық әдебиетін дәуір шындығынан бөліп қарау мүмкін емес. Бұл кезеңде әдебиет пен халық тарихы біте қайнасып, кірігіп кеткендей еді. Соған орай әдебиет те жаңа сапалық деңгейге көтерілді. Қазіргі әдебиеттануда "жаңа дәуір әдебиеті" деп атала бастаған бұл кезеңдегі әдебиет шынында да тарихи алғышарттары мен себеп-салдарларына орай дәстүрлі арнадан шығып жаңа сипаттарға ие бола бастады. Жыраулық әдебиеттің мектептері, әдеби дәстүр уақыт талаптарына сәйкес соны көркемдік соқпақтарға ойысты. Қоғамдық-әлеуметтік мәселелер, саяси тақырыптар, күнделікті қауым тірлігіндегі жақсылы-жаманды көріністер тікелей әдеби шығармалардың өзекжарды саздарына, көкейкесті сөзіне ұласып отырды.
ІІ. Негізгі бөлім

ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің заңдылықтарын сол кезеңдердегі қазақ халқының тарихымен сабақтастықта қарау қажеттігі осындай әу бастан жаратылысы бір көркемдік құбылыстардың ішкі бірлігінен туындайды. Тарихи шындық пен көркемдік шындық арасындағы сабақтастық бұрынғыдан да айқын көрінді.
Осы кезеңдегі елдік құрылымдық күйреу қазақ халқының қоғамдық-әлеуметтік өмірін біржола басқа арнаға бұрған еді. ХІХ ғасырдағы Евразия кеңістігіндегі тарихи реформалар қазақ әдебиетінің де болмысына бетбұрысты өзгерістер әкелген.
Қазақ даласында ХІХ ғасырда патшалы ресей отарлаушылары жүргізген саяси-әлеуметтік өктемдік пен басқару жүйесіндегі реформалардың себеп-салдарлары сол кезеңдегі қазақ әдебиеті шығармаларынан да жан-жақты көрініс тапты. Көкірегі ояу ақын-жырау, сөз ұстаған би, шешендер ұлттың мұңын, ұлттың келешегін болжаған күңіреністі көзқарастарын толғады. Хандық басқару жүйесі ыдырағаннан кейін, үздік-создық ұлт-азаттық қозғалысына ұласқан наразылық жалпыхалықтық қуатты күшке айналып кетуге түрлі ішкі-сыртқы жағдаяттар кедергі болса да, халықтың мұң-мүддесі тарихи жыр, дастан, толғауларда буырқанып көрінді. Бұрқ етіп басталып, езіп-жаншылып, қайта бас көтеріп өршіп отырған ұлт-азаттық қозғалыс тарихының ұзақ мерзімді кезеңдерінде ақындардың сөзі, ұлттық әдебиет мұраты ғана өз жолынан да, жүрісінен де жаңылған жоқ.
Осы аласапыран кезеңдердегі қазақ әдебиетінің шығармаларын тереңдеп талдап тану, ұлттық әдебиеттің жаңа дәуірінің қалыптасуы мен даму заңдылықтарын тарихи сабақтастықта зерттеу ел тарихының қастерлі беттерін ашады. ХІХ ғасыр әдебиеті өткен ғасырлардағы ұлттық сөз өнерінің өрнегін, дәстүрін сақтаумен бірге көркемдік құралдарын байытты, жаңа сипаттар дарытты. Әдеби шығармалар жанрлық жағынан да, көркемдік бітімі турасында да, идеялық мазмұны жөнінен де көп ілгеріледі. Зерттеу барысында осы дәуірдегі көптеген әдеби мұралар жаңа қырынан қарастырылды, бұрын белгісіз болып келген, әлде арнайы талдауға түрлі себептермен мүмкіндік болмаған шығармалар мен ақын-жазушылар мұралары ғылыми айналымға қосылды. Дулат, Шортанбай мұраларына қазақ халқы тәуелсіздік алғаннан кейін ғана тереңдеп үңіліп, ашық жазуға мүмкіндік туды.
Соған орай қазақ әдебиеті тарихының ең бір тынысты, мазмұнға бай кезеңі - ХІХ ғасыр шығармаларын шартты түрде екі кезеңге бөліп қарауға тура келеді. Демек, ХІХ ғасырды еңсеріп ХХ ғасырдың советтік дәуіріне аяқ басқан алғашқы ширегін қамтитын ұлттық әдебиеттің жаңа дәуір әдебиеті кезеңі үш дәуірге сұрыпталып қарастырылмақшы.
Бірінші кезең - ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет, екінші кезең - ғасырдың екінші жартысындағы әдебиет те, үшінші кезеңі ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі әдебиет деп желіленді. Ұлттық әдебиеттің бұл үш белесі негізінен қазақ ақын-жазушыларының, зиялы қауым өкілдерінің елдік құрылымды, мемлекеттік тәуелсіздікті, елдік әдебиетті көксеп, сол жолда жанын салып ізденіп жұмыс істеген, ашық саяси күреске бел шешіп кірген тұсы. Бір ғасыр бойы жүрген ұлт-азаттық күресі мен ұлттық азаттық аңсары ХХ ғасырдың басындағы Алаш қайраткерлерінің қозғалысына барып ұласты. Қазақ әдебиеті мен қазақ елінің тарихында бұрын-соңды мұндай азаматтық-саяси бағыты айқын тегеуірінді дәуір болған емес. Алашорда қайраткерлерінің саяси күресі есіл кетіп, қазақ елінің кейінгі тағдыры советтік заманға жалғасқандығы мәлім.
Қазақ әдебиеті тарихының төртінші томындағы зерттеулер мен талдаулар ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы (1800-1850 жылдар аралығындағы) әдебиеттің даму заңдылықтарын қамтиды. "ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті" атты шолу мақала осы кезеңдегі әдебиет тынысына сараптама жасап, негізгі бағыттары мен көркемдік ерекшеліктерін көрсетуге арналды. ХVІІІ ғасырдың соңында дүниеге келіп шығармашылық ізденістері ХІХ ғасырда көрінген ақын-жыраулар мен ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүріп, әдеби шығармалар жазған тарихи тұлғалардың өмір жолы мен әдеби қызметі ғылыми айналымға ұсынылды. Отыздан аса ақын-жыраулар мұралары қарастырылды. Сол кезеңдегі әдебиеттің даму тынысының өзіндік ерекшеліктері сипатталып, негізгі заңдылықтары зерделенді, он бес ірі суреткерлердің шығармашылық портреттері жасалды.
ХІХ ғасырдан бастап қазақтың жазба әдебиетi -- әлеумет халiн ұғып, ел қамын жақтауға кiрiсiп, өлең бұрынғыша, қызық, сауық сияқты ермек емес, қауым қызметiн атқара бастады, елдiң саяси пiкiрi мен тiлек, мақсат, мұң, зар сияқты сезiмдердiң басын қосып, жаңадан ой негiзiн, салт санасын құрауға кiрiстi, бұл уақытқа шейiн болмаған әлеуметшiлдiк сарыны, азаматтық нысанасы бой көрсеттi. Осындай әлеуметшiлдiк сарынды көбейткен тарихи оқиғалар бұл дәуiрде орыс отаршылдығымен байланысты туды. Ресей империясына бодан болу, сонымен байланысты туған ел iшiндегi өзгерiстер, қанаудың күшеюi, халықтың тiршiлiк ету аясының тарылуы, ұлттық намыстың тапталуы қазақ ақындары шығармаларында кеңiнен бейнелендi. Осы өзгерiске қарсы анық наразылық Махамбет Өтемiсұлы өлеңдерiнен айқын көрiнедi. Махамбет жырлары Исатай Тайманов бастаған көтерiлiстiң (1836-37) ұраны, үнi. Мұнда көтерiлiстiң мақсат-мұраты (Қорлықта жүрген халқыма бостандық алып берем деп), оған қатысатын ерлердiң сипаты (Ереуiл атқа ер салмай), соғыс суретттерi (Соғыс), Исатайдың батырлығы мен оны жоқтауға арналған жырлар (Тарланым, Мұнар күн), ақынның өз жайына, көңiл-күйiне (Баймағамбет сұлтанға айтқаны, Қызғыш құс) байланысты өлеңдерiне жалғасып, тұтастай көтерiлiс тарихын, сол кезеңдегi әлеум. жағдайды бейнелейдi. Исатай-Махамбет көтерiлiсiне тiлектес ақындар қатарындағы Шернияз Жарылғасұлы-ның Исатайды мадақтап, Баймағамбеттi даттайтын өлеңдерi батылдығымен, тапқырлығымен бағалы. Исатай-Махамбет көтерiлiсiне жалғас туған Кенесары-Наурызбай бастаған ұлт-азаттық қозғалысы да (1837 -47) өзiне тiлектес әдебиет тудырды (Наурызбай -Қаншайым, Топ жарған, Жасауыл қырғыны,Нысанбай Жаманқұлұлы-ның Кенесары-Наурызбай жыры). Сыр бойында, Батыс Қазақстанда өткен патша отаршылдығына қарсы көтерiлiстер кезiнде жаңа жырлар туды (Бекет батыр, Жанқожа батыр). Отаршылдыққа қарсы күрес поэзиясы қазақ көркем сөзiнiң дамуында озық идеясымен, халықтық мазмұнымен жаңа белес саналады. Билеушiлерге қарсы наразылықты ашық айтқан шыншыл поэзия туды, адамды суреттеудiң жаңа тәсiлдерi қолданылды. Осы қатардағы ақындар iшiнде Жанақ Сағындықұлы, Шөже Қаржаубайұлы, Сүйiнбай Аронұлы елеулi орын алады. Отаршылдық дәуiр әдебиетiнiң ақындары шығармаларында ел байлығының талауға түсiп, халықтың кедейшiлiкке ұрынып, қоныстың тарылуы, зорлық-зомбылықтың күшеюi, парақорлықтың етек жаюы, адамдар мiнез-құлқының өзгерiп, ұсақталып, берекесiздiкке түсуi, дiн шарттарының еленбеуi, т.б. жағдайлар кең қамтылып, көркем бейнелендi. Оларды заман қайғысы, өткендi ойлап торығу, алдағы өмiрден шошыну зары бiрiктiрдi. Бұл сарынның көрнектi ақындары - Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Кердерi Әбубәкiр Шоқанұлы, т.б. халықтық поэзияның түрлерiн жетiлдiрдi. Оны заман шындығын бейнелеумен шебер байланыстыруда, реализмдi байытып, адам психологиясындағы өзгерiстердi жарқын суреттеуде, тiл өрнегiнде сан алуан жаңалықтар табуда осы топтағы ақындардың еңбегi үлкен. Олардың бiразы отарлаушыларға шошына қарады, дегенмен шығыс әдебиетiмен, дiни әдебиет үлгiлерiмен жете таныс болуы арқасында көркемдiк құндылығы жоғары туындылар жасады.
2. Зар заман ақындарының шығармашылығындағы отаршылдыққа қарсы күрес, ерлік, еркіндік сарыны, шығармаларындағы реализм мен халықтық сипат.
Зар Заман Ақындары - қазақ әдебиеттану ғылымына алғаш рет (1927 жылғы Әдебиет тарихы оқулығына енген) М.Әуезов енгізген термин, зар заман кезеңінде ғұмыр кешіп, отарлық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң-зармен жырлаған ақындар шоғыры.
Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілдері: Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері, Албан Асан, т.б. Әуезов Зар заман ақындары дәуірін Абылай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып, Нарманбетпен аяқтайды. Зар заман ақындары тұсынан қазақ әдебиеті жазбаша сипат алатынын атап көрсетеді.
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құндылықтардың өзгеруі, елді басқару жүйесінің басқа сипатқа ауысуы, отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі Зар заман ақындарын тарих сахнасына шығарған. Зар заман ақындары халқының жай-күйін ойлаған ұлт қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шығармалары халықтық салт-дәстүрлерді қаймағы бұзылмаған қалпында сақтауға, ұлттық болмыс-бітімнен ажырамауға үндейді.
Еркіндік пен бостандықтың, дәстүр мен европалық метрополиядан еңген жаңа тәртіптердің шегінен шиеленісуі Шортанбай, Дулат және Мурат сияқты зар - заман ағымы ақындарының шығармалары арқылы қабылдады. Олар ХІХ ғасырдағы қазақ өміріне тән барлық құбылыстарды аяусыз сынайды. Әлеуметтік, үйлесімділік уақыты ретінде өткен дәуірді идеяландыра отырып , бүгінгі заманның келешегінен де үмітін үзіп, түңіледі, қауіп жұбататын ешнәрсе таппаған Зар - заман ақындарының кеудесін кернеген мұң, зар , шер әбден күнәға батқан замандастарының құлағына жете қоймайды. Қазақ халқының шырайлы жерлерін алып, аздырып, діннен аулақтату сияқты империялық пиғылдар жүзеге асуына қарсыласы қозғалысы Зар - заман ақындарының қайраткерлік поэзиясын өмірге әкелді. Бұрынғы жыраулар поэзиясын үндесіп өршіл рух, әсіресе, Мұрат Мөнкеұлының ( 1843 - 1906 ) жырларынан айқын байқалады ( 3,38 ). Зар - заман ақындарының шығармаларындағы ұлттық болмысы , қазақы қадір - қасиеті сақап қалуға үндеген , ой - пікірлер жанаймен шарасыздықпен соңғы төзімді сарқа айтылғандығымен ерекшеленеді. Мұндай өлеңдермен болжамдықтың бұғауына бас игісі келмеген ұлт қайраткерлерінің өршіл үні айқын аңғарылады. Зар - заман ақындарының шығармаларында сары уайымға салыну, қайғы - мұңға берілу сарыны да байқалады. Бұл кезең ақындары келер күннен үміт жоқтығын налыйды, тығырықтан шығатын жол таппай қыйналады. Олар елдің барлық түсінен Нәубетті ақыр заманың келгені деп ұғады. Зар - заман мектебінің аса ірі өкілдерінің бірі - Шортанбай Қанайұлы ( 1818 - 1881 ) зар - заман атауы да ақынның сол дәуір халін жырлаған өлеңдерінің бірінің атынан алынған. Концерватор ақын қасиетті Түркістан маңында дүниеге келіп, қарқаралы өңірінде өмір сүреді. Ол патша өкіметінің отарлау саясатының қазақ халқының болмыс тіршілігіне кері әсер еткенін , көптеген қайшылықтарды алып келгенін, заманның азғанын , әдеп-ғұрыптың тозғанын, ел - жұртта береке қалмағанын шығармаларының басты тақырыбы етіп алады. Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы мен тұрмыс салтына едәуір ықпал еткен капиталистік қатынастарды қабылдамаған ақын халық өмірінде болып жатқан өзгерістерге сын көзбен қарады.
Шортанбай адамдарының әлеуметтік топқа бөлінуі олардың шыққан тегіне сәйкес болу керек деп есептеді.
Заманның бұзалғанына назары болған ақын әуелгі заманның енді қайта келмейтіндігіне құдасы жоқ құлдың , қонысы жоқ байдың озатынына , байдың тілін жарлы алмай, ханның тілі қара алмай өздері де жөнін біле алмайтынына қынжылыс білдіреді. заман оңайлар еді, бірақ оған әуелден бас білдірдің деп осы жағдайға душар еткендерді ренішін айтады (4,29).
Елде ұрлық пен парақорлықтың , өсек пен жалақорлықтың көбейін, ұлы атасын сыйламаған , атасы батасын бермеген әлеуметтік құбылысты заманақырға теңеген шортанбай оның себебін патша өкіметінің отарлау саясатынан іздейді. Шортанбай ақырзаманды бүкіл адамзат ұрпағының жойылуы деп ұқпайды. Оның ойынша , ақырзаман бұрынғы әдет - ғұрыптың бұзылуы адамдар арасындағы сыйластық байырмалдықтың азаюы әркімнің өз басын күйттеуі, қазақ халқының өз еркіндігінен айырылуы , орысқа бодан болуы. Хандық билікті аңсаған ақын Жандарал ұлығың , майыр сынғаның болды , кәпірді піріндей тілмәшті жеңгендей дуанды үйіндей көрдің , енді сені күтіп абақты тұр қасында , қазылған қара көріндей (5,60 ) деп сақтандырады.
Шортанбай басқа халықтың заңдары мен тұрмыс ерекшеліктерінің екінші халыққа күшпен енгізілуінің қаншалықты қатерлі екендігін түсіндіреді. Ғасырлар бойы қалыптасқан биліктің, әдеп - ғұрыптың кенеттен өзгеріске ұшырауын ол халықтың адамгершілік нормаларын бұзатын құбылыс ретінде бағалады. Патшалық Ресейдің отаршылдық саясатын батыл айыптады, бұл жағдайдан шығудың жолдарын іздеп арпалысты.
Зар - заман ақындарының өлең - жырларында елмен қоштасу , туған жердің өткенін аңсау сарыңы орын алған. Жалпы алға көшу, қонысты бастау ұғымы көптеген халықтардың фольклорлық шығармаларына тән. Таласуға түскен елден кетіп, жайлы жер , ыңғайлы қоныс іздеу идеясы еркіндікке , бостандыққа ұмытылу мұраттарымен орайлас келеді. Туған жердің табиғатына қарап тұрып , өткен күннің елесін іздеу, жастық дәуреннің еске алу үрдісі ата қоныстың бүліншілікке түсіп , өзгенің ойранына айналған сәтте туындаған мұң - шермен астасып жатады. Ақындардың бір қатары жұтаған жер мен көшкен елге қайырылып сөз айтып тұрып, басқыншылық пиғыл мен зорлықшыл әрекеттерді зорлана жырға қосады.
Зар - заман ақындарының көпшілігіне тән ерекшелік - келешекті көрегендікпен болжап , алдағы уақыттағы ел сипатының өзгерісін қолмен ұстап, көзбен көргендей бейнелеп айтуы. Мұндай болжам өлеңдер Зар - заман ақындарының шығармашылығын алғашқы бастапқы кезеңінде, яғни отарлаушылардың ойранынан бұрынырақ айтылғандығымен құнды. Бүгінгі көз тұрғысынан қарасақ, олардың ойлаған қауіпі расқа айналғанына куә боламыз. Бұл ақындардың ішінде өлең - жырдың бар қуатын пайдаланып, ата - баба дәстүрімен астарлай айтып, батыс пен шығыстан келетін кесапатты бірдей болжап бергені. Дулат Бабатайұлы (1802 - 1874). (6,169).
Зар - заман ақындарының қайраткерлік биікке көтерілуі отаршылдықдықтың белең алунан басталады. Жыр жүйріктерін бар құдреті бар қабілеті ел жұртының санасын оятуға жұмсалды. Олар қатерді, зорлық - зомбылықты , алдын - ала ескертті, зардаптарын күнілгері таңба басқандай айтып берді. Елдің берекетін кетірген отарлаушылардың құбыжық кейпіндегі бейнесін жасады. Солардың ойранына жол ашқан өз халқының кейбір жандайшаптарын айаусыз сынға алды , кей тұста ел бірлігінің келместігін де түйреп өтті. Зар-заманның бүкпесіз баяндалған оқиғаларын кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырды. Зар-заман ақындарының шоғырының белгілі өкілі - Дулат Бабатайұлы қазақ халқының дәстүрлі жыр үлгісін түр жағынан өзгертіп, өлеңді көркемдеп кестенің жаңа үлгісін жасады. Аталған ақындардың қай қайсысында ұлттық поэзиямыздың мазмұны жағынан байытуға үлес қосты. Кеңес идеология үстемдік еткен кезде Зар - заман ақындардың шығармаларын насихатттауға тиым салынды , олар барлық оқулықтардан алынып тасталды. Соған қарамастан зар - заман ақындарының шығармалары әр жылдарда зерттеу нысанасына айналды. Қазақ әдебиетін тариқын оқып - үйренуге арналған ғылыми жинақтарда олардың кейбір олең тұлғаулары жарық көрген тұстарында болды. Мысалы , 1978 жылы Ленингратта басылып шыққан , Поэты Казахстана жинағында - (құрастырған М.Мағауин ) ( 7 ,149 б. ) Зар - заман ақындарын отаршылдыққа қарсы жазылған бір қатар өлеңдері орыс тілінде жарық көрді.
ХХ ғасырдың соңынан бастап Зар - заманның тарихи сипаты , Зар - заманның ақындарының шоғырының белгілі өкілдері, әдеби ағым ретіндегі ерекшеліктері , көркемдік кестелері туралы бір қатар еңбектері жазылды. Зар - заман шығармаларының - жаңалығы мол, өзгеше дәстүрі бар күрделі құбылыс ретінде әдебиеттану ғылымының тұрақты зерттеу нысанасы болып қала бермек.
Дулат Бабатайұлы - қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс қалпын өктем зорлықпен бұзған XIX ғасырдың ақыны. Отарлық озбырлықтың күшейгенін халықтың бұрынғы еркін өмірінің еткенін, адамдардың мінез-құлқы мен психологиясында, ойсанасында сахара салты мен түсінігіне жат өзгерістер орын алғанын - бәр-бәрін тумысынан жаны сергек Дулат көзімен көріп, жүрегімен сезініп өсті. Барлық билікті патша қолына алып, қазақтан қойылған билеушілер оның қолшоқпарына, шабарманына айналғаны, ел жайлы қоныс, құнарлы жерлерінен ығыстырылып, бағыныштының кейпіне түскені азамат Дулаттың ойынан шықпайтын қайғы-шері болды. Сахараның ергіндік сүйініш рухы мен даналығын бойына молынан дарытқан, жаратылысынан ерекше дарынды Дулат, міне, осы тарихи жаңа дәуірдің жыршысына, отаршылдықтың айыптаушысына, еркіндік, ынтымақ-бірлігін жоғалта бастаған халқының жоқшысына айналды. Дулат мұндай масқара жағдай ел басшыларының жағымпаздығынан, өз ойлап, халықты ұмытқандығынан болды деп, соларға катты шүйлікті. "Тегімді менің сұрасаң" - деген өлеңінде:
Аға сұлтан, қазының
Ел сілкінді ісінен.
Ауылдың атқа мінері -
Жемтікке қонған күшіген...
Майырдың алса бұйрығын,
Борбайға қысып құйрығын,
Ел пысығы жортады.
Ұлығының бұйрығын алысымен, құйрығын борбайына қысып, безіп бара жатқан ит сияқты пысықтың күлкілі де жексұрын сұрқы оқырман (тыңдаушылар) көз алдына айқын елестейді. "Өзі елді қорқытып, одан өзі қорқатын" бейшараның қылығы кісі жиренетіндей.
Бұл тарихи шындыққа сай типтік бейне екендігін кейін 80-жылдары ұлы Абай күлкі еткен болыстың образымен айны қатесі жоқ ұқсастығынан да көруге болады.
Қазақтан шыққан әкімдердің қылықтарын ақын жалпылама, аты-жөнсіз ғана сипаттап қоймайды. Дулат ондай әкімдердің мінін бетпе-бет, кеп адамның алдында айтады. Оның "Бараққа", "Кеңесбайға", "Ешенге", "Ақтанға" деген арнау өлеңдері ақынның батылдығын көрсететін шығармалар болып табылады.
Мысалы, Барақ төремен кездескенде, оның халықты патша әкімдерімен қосыла талап, жәбір көрсеткенін тайынбай бетіне басады.
О, Барақ жас, Барақ жас,
Жегенге тоқ, ішсең мас.
Жақсы болса ұлығы,
Өз елін жаудай таламас.
Қасқыр тартып, қан шықса,
Жаман ит жұлып жей берер,
Алды-артына қарамас.
Азғын елдің бектері
Қан шықса, елін жұлмалар
Қасқырменен аралас...
Сендер атқа мінген соң,
Тандыр болып суалды
Шалқар көлдей несібем, - деп күйінеді.
Ақын "Кеңесбайға" деген арнауын да әңгімені осы сарында өрбіте келіп:
Ыдысысың параның;
Қотара құйса толмайтын.
Ашылған әбден араның -
Түйені жұтсаң түгімен,
Биені жұтсаң бүгімен,
Қақалмай-ақ толғайтын, - деп, екіжүзділігін, араны ашылған парақорлығын айтады.
Әділ, турашыл Дулат өз тұсындағы қазақтан шыққан әкім-төренің арасында бірен-саран болса да жұртының жайын ойлайтындары барын жоққа шығармайды. "Сүлейменге" өлеңінде Сүлеймен төрені адалдыры, әділдігі, еліне күйінетіндігі, дұшпанға қаһарлы, қаттылығы, мінезінің сабаз, салтанатының сәнділігі үшін марапаттап, шабытты жырын төгеді. Мұнда төренің көңілін аулап, жағынушылық жоқ. Егер ақын Сүлейменнің бойынан мін көрсе, Барақ, Кеңесбай төрелер, Ешен қазы сияқты, бетіне айтқызбайтындай ерекше себеп жоқ - Екіншіден, бұл арнауда да Дулат жаңағы төрелердің міндерін айтып шағынады. Егер бұл міндер Сүлейменнің бойында да болса, онда бұлар жайында сөз қозғамас еді. Үшіншіден, өз көзінің атқамінерлерінің елде итше ырылдасып, патша шенеуніктерінің алдында "қыздай қылышты" бола кететін куыс кеуде құнсыздықтарын:
Орыстың көрсе ұлығын,
Қыздан-дағы қылықты.
Ұлық кетсе, қазаққа
Қорқау қасқыр құлықты, - деп шенеп, күлкі етеді.
Шортанбай Қанайұлы (1808, қазіргі Жамбыл облысы Қаратау өңірі - 1881, қазіргі Қарағанды облысы Шет ауданы) - ақын, діни қайраткер. Ол Түркістан жерінде Қаратауды жайлаған шаруа Қанайдың отбасында дүниеге келген. Жас шағынан мұсылманша оқып замандастары қатарлы білім алмаған. Қиялына қанат бітіріп, өнер-білім биігіне талпыған алғашқы тәлім-тәрбие ұясындай ізгі әсер еткен, парасатты ақыл иелеріне жақын жүріп, жақсылар қатарына ерте ілескен. Көзі ашық, сауатты, білімге құштар жасқа үлгі-өнер боларлық ойлы орта, тәлімге - ұстаздар да кезіксе керек-ті. Жас талап тұстастарының бірі аллатағала әмірімен, діни түсіністіктермен баланыстырса, екіншісі Яссауи қалдырған парасат сөздерін тақпақтап, ауызға-өсиетке негізделген"Диуани Хикметтен" үзінділер келтіріп, көкеге ой салар сырлы сөз жинағын ауызға алар еді. Мұсылмандық жолындағы оқудың нәтижесі оның қолын ишандық дәрежеге жеткізді. Бұл жолда қызмет атқару үшін Түркістаннан Арқаға, Қарақаралыға қарасты Бесата жайлаған Жамантай төренің мекеніне қоныс аударуға тура келеді.Одан кейін Аюлы-Ақсу бойын қоныстанған Жанғұтты бидің қарамағанан шағын мешіт салдырып, медресе ашады. Өле-өлгенше осы биді төңіректеп, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz