Баян Сұлу АҚ мысалында кәсіпорынның есептілігі негізінде банкроттықты анықтау және басқару шешімдерін қабылдау


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Экономика және бизнес жоғары мектебі
Қаржы кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: «Баян Сұлу» АҚ мысалында кәсіпорынның есептілігі негізінде банкроттықты анықтау және басқару шешімдерін қабылдау
Орындаған:
Тексерген:
Алматы, 2017 жыл
Кәсіпорынның есептілігі негізінде банкроттықты анықтау және басқару шешімдерін қабылдау
«Баян Сұлу» АҚ 2015 жылға арналған жылдық есептілігі негізінде банкроттықты анықтау үшін келесідей модельдерді қолдандым:
- екі факторлы модель;
- Альтманның бес факторлы моделі;
- төрт факторлы R моделі.
Альтманның Z есебі.
Белгілі американ экономисі Э. Альтман ұсынған Z үлгісі банкроттық ықтималдығын бағалаудың анағұрлым көп қолданылатын әдісі болып табылады.
Бұл факторлық үлгілер дискриминанттық талдау әдістері көмегімен жасалған. Дискриминанттық талдау - бұл факторлық статистикалық талдауда көптеген нысандар топтастырғыш қызмет көмегімен сыныптарға бөлінеді. Бұл жағдайда екі сыныпқа - банкроттыққа ұшырайтын және банкроттықтан құтыла алатын болып бөлінеді. Үлгідегі несиені төлеуге қабілеттілік индексі деп аталатын нәтижелі көрсеткіштік банкроттыққа ұшырау мүмкіндігінің дәрежесін көрсетеді. Ал факторлық көрсеткіштер - бұл баланс құрылымын және қаржылық-шаруашылық қызметтің нәтижесін сипаттайтын қаржылық коэффициенттер болып табылады.
Осылардың ішіндегі ең қарапайымы - екіфакторлы үлгі болып табылады.
Ол екі негізгі көрсеткіштерден тұрады.
Бұл көрсеткіштер тәжірибелік жолмен табылған коэффициенттердің салмақтық мәніне көбейтіледі және нәтижелері бұдан кейін тәжірибелік статистикалық әдіспен алынған тұрақты көлеммен есептеледі. Егер Z нәтижесі жағымсыз болса, банкроттық ықтималдығы үлкен емес. Z жағымды мәні банкроттықтың жоғары ықтималдығын көрсетеді. Американдық тәжірибеде коэффициенттердің төмендегі салмақтық мәндері қолданылады:
- ағымдық өтімділік көрсеткіштері үшін - (-1, 0736) ;
- баланс пассивіндегі қарыз қаражатының үлес салмағы көрсеткіші үшін (Кз) (+0, 0579) ;
- тұрақты көлем - (-0, 3877) .
Осыдан есеп формуласы Z төмендегідей түрде болады:
Z = - 0, 3877+ АӨК* (-1, 0736) + ҚТК*0, 0579
мұнда АӨК -ағымдағы өтімділік коэффициенті;
АӨК = ағымдағы активтер
ағымдағы міндетемелер
АӨК(2015) = 12 477 813/ 6 776 568 = 1, 8413
АӨК (2014) = 8 914 423 / 2 970 675 = 3, 0008
ҚТК- қаржылық тәуелділік коэффициенті;
ҚТК = қарыздық қаражат (міндеттемелер)
Қаржы көздерінің жалпы көлемі
ҚТК(2015) = 10 699 385 / 25 413 375 = 0, 421
ҚТК(2014) = 5 948 008 / 19 355 930 = 0, 307
Z(2015) = - 0, 3877 + 1, 8413* (-1, 0736) + 0, 421*0, 0579 = -2, 34
Z(2014) = - 0, 3877 + 3, 0008* (-1, 0736) + 0, 307*0, 0579 = -3, 59
Z=0 кәсіпорындар үшін банкроттыққа ұшырау ықтималдығы 50%. Егер Z<0, болса онда банкроттыққа ұшырау ықтималдығы 50%-дан кем және әрі қарай Z азаюы бойынша төмендейді. Егер Z>0 болса, онда банкротыққа ұшырау ықтималдығы 50%-дан көп, және Z өсуімен артады.
Қарапайымдылығы, оны кәсіпорын туралы ақпарат көлемін шектеу жағдайында қолдану мүмкіндігі бұл үлгінің жетістігі болып табылады.
Банкроттық ықтималдығына нақты болжам жасау үшін Альтманның бесфакторлы және жетіфакторлы үлгілерін қолдануға болады. Бұл үлгі бір жылға 90%-ға, екі жылға 83%-ға, ал бес жыл ішінде 70%-дық нақтылықпен бақылауға мүмкіндік береді.
Бесфакторлы үлгі 1968 жылы әзірленген.
Бесфакторлы үлгіні құру үшін Э. Альтман 1946 жылдан 1965 жылға дейінгі кезеңдегі банкроттыққа ұшыраған 33, оған ұқсас, бірақ жұмыс жасап жатқан 33 компанияны зерттеді. 22 коэффициент талданып, олрдың ішінен анағұрлым маңызды 5-уі іріктеліп алынып, Z жаңа мәні алынды.
Z=1, 2 Х 1 + 1, 4Х 2 + 3, 3Х 3 +0, 6Х 4 + 0, 99Х 5
Мұнда Х 1 = (айналымдық капитал/активтер) ;
Х 1 (2015) = 12 477 813 / 25 413 375 = 0, 491
Х 1 (2014) = 8 914 423 / 19 355 930 = 0, 4605
Х 2 = (бөлінбеген кіріс/ активтер) ;
Х 2 (2015) = 5 088 005 / 25 413 375 = 0, 2
Х 2 (2014) = 3 781 937 / 19 355 930 = 0, 195
Х 3 =(салық пайызын төлегенге дейінгі кіріс/ активтер) ;
Х 3 (2015) = 2 267 919 / 25 413 375 = 0, 0892
Х 3 (2014) = 742 692 / 19 355 930 =0, 0384
Х 4 = (нарықтық құн бойынша меншік капитал/ қарыздық капитал) ;
Х 4 (2015) = 14 713 990 / 10 699 385 = 1, 375
Х 4 (2014) = 13 407 922 / 5 948 008 = 2, 254
Х 5 = сату мөлшері/активтер.
Х 5 (2015) = 19 155 417 / 25 413 375 = 0, 754
Х 5 (2014) = 19 546 831 / 19 355 930 = 1, 00986
Алынған нәтижені 4 кесте мәліметтерімен салыстырады.
Z(2015) =1, 2*0, 491 + 1, 4*0, 2 + 3, 3*0, 0892+0, 6*1, 375 + 0, 99*0, 754= 5, 38426
Z(2014) =1, 2 *0, 4605+ 1, 4*0, 195 + 3, 3*0, 0384+0, 6*2, 254 + 0, 99*1, 00986=3, 3045
Бұл интегралданған көрсеткіштің мәні шартты, оларды жағдайдың жалпы индикаторы ретінде ғана қарастыруға болады. Қазақстан Республикасы экономикалық ортасының ерекшелігі (салықтық заңнама, қор нарығының дамымауы, кәсіпорынның есептік саясатының тұрақсыздығы және т. с. с) объективтік бағалауды бұрмалауы мүмкін.
Кесте 4
Z есеп шотының мәнін түсіндіру
Иркутск мемлекеттік экономика академиясының 4 факторлы моделі:
Модель R.
Z = 8, 38K1 + K2 + 0, 054K3 + 0, 63K4,
К1 - оборотный капитал/актив = айналым капиталы / актив.
К 1 (2015) = 12 477 813 / 25 413 375 = 0, 491
К 1 (2014) = 8 914 423 / 19 355 930 = 0, 4605
К2 - чистая прибыль/собственный капитал = таза пайда / меншікті капитал.
К 2 (2015) = 1 752 668 / 14 713 990 = 0, 119
К 2 (2014) = 470 678 / 13 407 922 = 0, 035
К3 - выручка от реализации/актив = сату мөлшері / актив.
К 3 (2015) = 19 155 417 / 25 413 375 = 0, 754
К 3 (2014) = 19 546 831 / 19 355 930 = 1, 00986
К4 - чистая прибыль/интегральные затраты = таза пайда / интегралды шығын
К 4 (2015) = 1 752 668 /21 096 993 = 0, 083
К 4 (2014) = 470 678 / 19 122 360 = 0, 0246
Z(2015) = 8, 38*0, 491 + 0, 119+ 0, 054* 0, 754 + 0, 63*0, 083 = 4, 326
Z(2014) = 8, 38*0, 4305 + 0, 035 + 0, 054* 1, 00986 + 0, 63* 0, 0246 = 3, 7126
Банкроттықты болжау коэффициенті = (айналым активтері - қысқа мерзімді міндеттемелер) / баланс валютасы
Кбб(2015) = (12 477 813 - 6 776 568 ) / 25 413 375 = 0, 224
Кбб(2014) = (8 914 423 - 2 970 675) / 19 355 930 = 0, 307
Оптималды мәні - 0. 0-ден жоғары болған сайын банкроттық қаупі азая береді.
Қорытындылай келе, «Баян Сұлу» АҚ қызметінің банкроттық қаупі минималды екенін анықтадым.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz