Психикалық дамудың тежелуі балалардың психикалық ерекшеліктері



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ақпарат жетіспеушілігіне себепші болады, өмірлік маңызды психикалық қызметтің құрылуы тежеледі. Созылмалы физикалық және психикалық астения іс-әрекеттің белсенділігінің дамуын төмендетеді, өз күшіне деген сенімсіздік, жасқаншақтық, қорқақтық сияқты мінез-құлық сипаттары қалыптасуына әкеледі. Ал бұл қасиеттер ауру немесе физикалық әлсіреген бала үшін тыйымдар мен шектеулер режимінің құрылуына себепші болады. Осылайша, ауру себебінен туындаған құбылысқа қосымша гиперопека салдарынан туындаған жасанды инфантилизация қосылады. Мұндай балаларды қатарластарынан оңай ажыратуға болады: олар өздеріне қойылған қарапайым сұрақтарға өз бетінше жауап беруге тырыспайды, ал егер жауап берсе, әр уақытта анасына қарайлаумен болады, анасының өз жауабын мақұлдауына мән береді.
Психогендік ПДТ тәрбиенің қолайсыз жағдайымен байланысты туындайды. Бұл даму аномалиясының әлеуметтік генезисі оның патологиялық сипатын жоққа шығармайды. Психотравмалық факторлардың ерте туындауы және ұзақ уақыт әсерінен баланың жүйке-психикалық сферасында өзгерістер туындауы мүмкін екендігі белгілі, ал бұл тұлға бойында патологияның туындауына себепші болады. Осылайша, қараусыздық әсерінен психикалық ауытқушылығы бар тұлғаның патологиялық дамуы қалыптасуы мүмкін: өзінің эмоциясы мен қалауын тежей алмау, импульсивтілік, жауапкершілік және борыш сезімін сезіне алмау.
Гиперопека (шектен тыс қамқорлық) жағдайында эмоционалды дамудың психогенді тежелуі эгоцентрландырылған мақсат, еңбекке, жігер беріктігіне қабілетсіздіктің қалыптасуынан байқалады. Тәрбиенің психотравмалық жағдайында, яғни қатыгездік немесе дөрекі авторитарлық басым болғанда, тұлғаның невротикалық дамуы жиірек қалыптасады, бұл кезде ПДТ инициативаны және өзіндік әрекет етудің жоқтығымен, жасқаншақтықпен, ұялшақтықпен көрініс береді.
Церебральды-органикалық ПДТ арнайы психология үшін аса маңызды болып табылады, бұл оның айқын көрінісі мен психология-педагогикалық коррекцияның арнайы әдістерін жиі қолдануға қажеттілікке байланысты. ПДТ-ның бұл түрінің негізгі себебі болып: жүктілік және босану патологиясы, инфекция, интоксикация, алғашқы өмір жылындағы жүйке жүйесінің жарақаттары табылады. Бұл ПДТ ттүрінің олигрофрениямен ұқсастығы ОЖЖ (орталық жүйке жүйесінің) онтогенездің ерте кезеңдеріндегі органикалық зақымдануына байланысты. Диагноз жарақат деңгейі мен көлемділігіне байланысты болады. Өзге де факторы болып зақым алу мерзімі болып табылады. ПДТ жиі мидың экзогенді зақымдарымен (ми жүйелерінің дифференциациясы алға жылжыған және даму ауытқуы пайда болуға ешқандай қауіп жоқ кезде әсер ететін) де байланысты. Соған қарамастан Л. Тарнополь және өзге де ғалымдар генетикалық этиология мүмкіндіктерін де болжайды. ПДТ - ның негізгі себептерін қарастырып, ПДТ балалардың психикасының ерекшеліктеріне тоқталайық.

5.2. Психикалық дамудың тежелуі балалардың психикалық ерекшеліктері.
Психикалық дамудың тежелуі әртүрлі себептерге байланысты туындайды. Осыған орай, осы категорияға жататын балалардың танымдық іс-әрекеті мен тұлғалық дамуында ортақ өзіндік ерекшеліктері бар. Ғалым дәрігерлердің анықтауы бойынша, мұндай балалардың ми қабығында жеңіл органикалық зақым бар екендігі көрсетіледі. Енді осы балалардың психикалық даму ерекшеліктеріне тоқталайық.
Психикалық дамуы тежелген барлық балалардың мектепте оқуға дайындығы қалыптаспаған. Бұл орталық жүйке жүйесінің функциональдық құрылымының бұзылыстарынан көрінеді (қозу және тежелу үдерістерінің әлсіздігі, күрделі шартты байланыстардың құрылуындағы қиындықтар, анализаторлар арасында байланыстардың түзілуіндегі артта қалушылық) және балалардың оқу мен жазда тап болатын қиындықтарының , жазылуы бойынша ұқсас әріптерді шатастыруының, мәтінді оқудағы қиындықтарының жиі негізгі себебі болып есептеледі.
Мектепке дайындықты айтқан кезде біз ең бірінші баланың толыққанды бағдарламалық материалды меңгеруге қабілетті психикалық үдерістері деңгейінің қалыптасуына мән береміз. ПДТ балалар ақыл-ой еңбегіне қабілеттіліктің төмендігімен ерекшеленеді. Бұл бұзылысты тудырған себептің бірі ретінде созылмалы аурулар да саналады. Созылмалы аурулар жалпы денсаулықтың әлсіреуімен қатар, айқын нейродинамикалық бұзылыстарға алып келуі мүмкін.
Психикалық дамуы тежелген барлық балаларға зейін аударудың төмендігі тән. Г.И.Жаренкованың берген мәліметі бойынша, зейінін бір арнаға шоғырландырудың төмендігі әртүрлі сипат алуы мүмкін: жұмыстың алғашқы жартысында зейінін максималды түрде жұмсау және соңына қарай оның төмендеуі; жұмыстың кейбір кезеңдерінде ғана зейінін шоғырландыра алуы; зейін аударудың ауысып отыруы және оның барлық жұмыс барысында төмендеуі.
5.3. ПДТ балаларды коррекциялық-дамытушылық оқытудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері.
Оқуында қиындығы бар балаларға көмек көрсету мәселесімен педагогтар көптеген онжылдықтар бойы айналысып келеді. Теңестіру, компенсациялық оқыту, коррекция, педагогикалық қолдау, адаптация, денсаулық және тағы басқа сыныптар - осы барлық ұйымдастырушылық формалар оқушылардың физикалық және психикалық мүмкіндіктеріне адекватты шарттар іздестірілгенін айғақтайды. Теңестіру сыныптары оқытудың бірінші жылдарынан құрылған, қалған формалар - негізінен, оқытудың екінші баспалдағынан, яғни 5 сыныптан басталады.
Оқытудың мазмұнын өзгертуге талпыныстар да болған: жаңа курстар ашылды, үйренуге қалай үйрету керек, Бақылау жұмысына қалай дайындалу керек секілді тараулар енгізілді, математика, физика курстары қысқартылды, бірақ білімге ие болудағы айтарлықтай эффективтілік, әсіресе оқуында тұрақты қиындықтары бар балаларда, байқалады.
Компенсациялық оқыту сыныптарында жұмыс істейтін мұғалімдерден 1991-1993 жылдары алынған сауалнама көрсеткендей, педагогтер өз жұмысына қанағаттанбайды: олар балалардың психологиялық ерекшеліктерін білмейді, медициналық диагностика балалардың үлгермеушілігіне толықтай диагноз қойып, олармен жұмыс істеу тәсілін таңдауға көмектесе алмайды, арнайы әдістемелер, жаңа технологиялар жоқ, ал тиімді жаңалықтар мектептік тәжірибеге аз енгізіледі.
Осының барлығы көптеген мектептердің осындай сыныптарды тек қана оқушылардың аздығынан сақтап отыратындығына алып келді. Соңғы жылдарда мектептерді қаржыландырудың жаңа жүйесі енгізілгеннен кейін жалпы білім беретін мекемелерде осындай сыныптарды құру мүлдем мүмкін емес болып шықты.
Коррекциялық-дамытушылық оқытудың жүйесі - оқуында және мектепке бейімделуінде қиындықтары бар балаларға заманауи белсенді көмек берудің міндеттерін орындауға мүмкіндік беретін білім беруді дифференциациялау формасы. Бұл диффференциациялау формасы оқыту-тәрбиелеу үдерісін әдеттегідей дәстүрлі тұрғыда ұйымдастыруда мүмкін болады, бірақ - дамытушылық оқытудың арнайы сыныптарын құрған кезде неғұрлым тиімді саналады. Олар оқуында қиындығы бар және соматикалық, жүйке-психикалық денсаулығында қиындықтары бар балаларға оңтайлы педагогикалық жағдайлар (шарттар) жасауға мүмкіндік береді. Дәл осы сыныптарда диагностикалық-консультациялық, Коррекциялық-дамытушылық, оқыту-профилактикалық және әлеуметтік-еңбектік іс-әрекет бағыттарының дәйекті түрде әрекеттестігі мүмкін болып табылады.
Коррекция сыныптарында оқытудың ерекшеліктерін атап өтейік. Әрбір сабақ өткен сабақтың жалғасы болып табылады. Егер тақырыптың негізгі сұрақтарын белгілеп алып оларды әрбір сабақта қайталап отырса, қорытынды сабақта барлық балалар тақырыпты игеріп алады. Негізгі материалды қайта-қайта қайталау - жұмыс тәсілдерінің бірі. Оңтайлы және репродуктивті әдістер, себебі олар балаларға оқытылып отырған материалда негізгіні көріп, жүйелеуге, шаблон бойынша қайталауға мүмкіндік береді.
Коррекциялық сыныптардағы жұмыстың ерекшелігі оқушылардың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыру болып табылады.
Кез-келген оқу тапсырмасын орындау бірінші кезекте жоспарланады, содан соң өзіндік ретінде ұсынылады. Бала тапсырманы өзіндік тұрғыдан орындауға мүмкіндігі жоқ болғанда ғана көмек көрсетеді. Көмектің өзі мөлшерленеді және оның берілуі минимальдыдан масимальдыға принципі бойынша беріледі. Осылай ұйымдастырылудың мақсаты: балаға тапсырманы орындауға, түсінуге көмектесу. Көмектің формасы әртүрлі болуы мүмкін.
Көмектің ынталандырушы түрі бала тапсырманы алғаннан кейін оған кіріспегенде немесе тапсырманы дұрыс емес орындағанда ғана көрсетіледі. Бірінші жағдайда мұғалім баланың жанына келіп, оған өзін ұйымдастыруға көмектеседі, жігерлендіреді, оның жұмысты орындауда өз күшіне сенімділігін оятады. Екінші жағдайда ол жұмыста қателіктің барына көңілін аудартады және тексеруін сұрайды. Бағыттаушылық көмек бала бірінші қадамды жасауға және одан кейінгі қадамдарды жасауға қиындығы туған кезде қарастырылады. Мұғалім баланың көңілін ұқсас тапсырманы орындауға қаратады немесе әрекет жоспарын құруға көмектеседі. Жаттықтыратын (үйрететін) көмек оқу тапсырмасын орындау үшін нені қалай істеу керектігін көрсету және жіберілген қателікті түзеу үшін қажет. Көптеген зерттеушілердің анықтауынша ПДТ балалар жеке тапсырмаларды орындай алмауының себебі олар іс-әрекет барысында өздерін ұйымдастыра алмайды, дегенмен интеллектуалды жағдайы бойынша ол тапсырманы оп-оңай орындай алатындығы жайлы айтылады. Сыныпта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психикалық дамуы тежелген балалар мінездемесі
Жалпы сөйлеу қабілетінің дамымауы бар мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту ерекшеліктері
Психикалық дамуында тежелуі бар балалармен педагогпсихологтың түзету іс әрекеті
Психикалық дамудың конституцуялық тежелуі
Психикалық дамудың тежелуі
Психикалық дамуы тежелген баланың ерекше білім беру қажеттіліктері
Психикалық дамуы тежелген балалардың жалпы тіл кемістіктерінің ерекшеліктері
Психикалық дамуы тежелген баланың ерекшеліктері
Ерекше білімді қажет ететін баланың жеке оқу бағдарламасын жобалау
Дамуында психикалық тежелуі бар балаларға психологиялық кеңес
Пәндер