АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

З.Б. Мадалиева
Б.А. Әрінова

АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ
Оқу құралы

Алматы
Қазақ университеті
2016
КІРІСПЕ

Қазіргі уақыттағы әлемдік қауымдастықта инклюзивті білім беру мәселесі әртүрлі мәдениетте өзектілік танытып, оның жасөспірімдер мен балаларды оқытудың басқа түрлерінің алдындағы маңыздылығы мен басымдылығы туралы пікірталастар да көбейіп отыр.
Біздің мемлекетімізде 1990 жылдардың ортасынан басталған демократиялық және әлеуметтік өзгерістер қоғамды ізгілендірудің бірқатар өзекті мәселелерін, яғни адамның басты құндылық екендігін және қоғам оған қамқорлық таныту демократиялық мемлекеттің басты міндеті деп саналатын қажеттілікті түйсінуді алғы шығарды.
Қазақстанда әрбір тұлғаның құқығы мен еркіндігіне кепілдеме беру арқылы тұлға қызығушылығын қоғам қызығушылығынан жоғары қоятын басымдылық ұстанымы жарияланған. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қатынас мүмкіндігі шектеулі жандардың максималды өз бетімен әрекет ету және қоғамдағы тәуелсіздігіне қол жеткізуді көздейтін әлеуметтік қайта оңалту идеясына негізделеді.
Білім алу құқығы - бұл әрбір адамның құқығы. Ал балалардың білім алуы - олардың әлеуметтенуі, қоғамдық өмірге толыққанды араласуының негізгі және бөлінбейтін шарты. Осыған орай, Қазақстанда инклюзивті білім беруді бірте-бірте дамыту мәселесі 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамыту бағдарламасы шеңберінде мүмкіндігі шектеулі балалардың толыққанды білім алуы және олардың басқалармен бірдей білім алу мүмкіндіктеріне шын мәнінде ие болуымен бірлікте қарастырылған.
Әлеуметтік бейімделу - Қазақстандағы инклюзивті білім берудің өзекті бағыты. Қоғам мен мемлекеттың ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдарға деген қарым-қатынасты қайта өзгертуі Қазақстандық білім беруді модернизациялау жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға бейімделу стратегияларының механизмін құрастырудың заңды кезеңі болып табылады.
Қазіргі кезде біздің мемлекет нақты инклюзивті білім берудің тек бастапқы сатысында ғана тұр және инклюзивті білім беруді жүзеге асыру мен ұйымдастыру мәселесі ұйымдастырушылық - құқықтық бағыттағы ғана емес, сонымен бірге ғылыми - әдістемелік бағыттағы шешімдерді де қажет етеді. Осыған сәйкес дамыдуда ауытқушылықтары бар балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту, түзету, әлеуметтендіру және оларды қоғаммен ықпалдастыру мәселесінде туындаған ғылыми қызығушылық та қу құралының өзектілігін анықтай түседі.
Оқу құралының басты мақсаты студенттердің Арнайы педагогика және психология негіздері пәнін меңгерулеріне көмек көрсету болып табылады. Педагогикалық мамандықтар бойыгша әртүрлі факультеттерде білім алатын барлық ЖОО студенттері міндетті түрде Арнайы педагогика және психология негіздері курсын оқиды, алайда мамандыққа байланысты курстың атының өзгеруі де мүмкін, мәселен, Коррекциялық педагогика және арнайы психология, Арнайы (коррекциялық) педагогика, Арнайы педагогика және психология негіздері, Дамуында бұзылушылықтары бар балаларды оқыту және тәрбиелеу және т.б.
Сіздердың назарларыңызға ұсынылып отырған бұл оқу құралы дамуында бұзылушылықтары бар балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту, түзету, әлеуметтендіру және олардың қоғамға кіріктірулеріне (интеграциясы) қатысты мәселелерге арнылғын көптеген әдебиет көздері мен авторлардың жеке педагогикалық тәжірибесінен алынған жинақтаудан тұрады. Баяндалған теориялық материалдар курстың барлық бөлімдерін, атап айтқанда, акыл-ой тежелуін оқыту тарихы, алигрофренопедагогика, сурдопедагогика, тифлопедагогика, емдік педагогика, патопсихология, коррекциялық педагогика, және т.б. жан-жақты, толыө деңгейде қарастырылады.
Мұнда арнайы педагогика мен психологияның негізгі категориялары мен түсініктері берілген, оқу курсының пәні, мақсаты және міндеттері айқындалған. Сол сияқты оқу құралында коррекциялық-педагогикалық қызметтің орны, оның негізгі компоненттері мен құрылымы көрсетіліп, оқытушының кәсіби қызметінің мәнін сипаттауға барынша назар аударылған.
Оқу құралында арнайы педагогика мен психология бойынша оқытылатын әрбір тақырыптағы жетекші мәселелер нақты көрсетіледі, негізгі идеялар сипатталып, олардың шешімін табудың ұстанымдары беріледі, ұйымдастырушылық-педагогикалық негіздері және нормативтік-құқықтық базасы анықталады, дамуында және мінез-құлқында кемшіліктері бар балалармен жүргізілетін түзету педагогикалық жұмыстарының формалары мен әдістері қарастырылады.
Оқу құралының әрбір тақырыбы өзін-өзі бақылауға және тексеруге арналған сұрақтармен қамтылған. Оқу құралында оқытушының педагогикалық тәжірибесінде кездесетін арнайы терминдердің қысқаша сөздігі берілген. Оқу құралының соңында аталған курсты оқытуға қажетті негізгі түсініктерден тұратын глоссарий ұсынылған.
Пәндік түсініктердің дәоісткері де барынша көп көлемде қамтылуына байланысты глоссарий мазмұнында тек теориялық материалдарда жоқ терминдер ғана беріледі. Әрбір параграф соңында осы курс бойынша ҚазҰУ-да басылып шыққан негізгі әдебиеттер оқу құралдары, әдістемелік ұсыныстар және қосымша ұсынылатын әдебиеттер тізімі көрсетіледі.
Аталған курсты оқу барысында мақсатты түрде ең алдымен теориялық материалды мұқият әрі зер салып оқып, содан соң өз бетімен орындауға арналған тақырыптарды талқылау қажет(қажеттілікке қарай, таңдау бойынша да болады).
Теориялық материалдарды меңгеру деңгейін тексеру үшін бақылау сұрақтарын немесе курс бойынша ұсынылатын тапсырмаларды, сол сияқты меңгерілген материал бойынша өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі талдауға аттестациялық есептеуші материалдарды(тест тапсырмалары, емтихан сұрақтары және бөлімдерді) қолдануға да болады.
Аталған пән бойынша негізгі сұқрақтарды талдауды жеңілдетіп және қажетті әдебиетті іздеуде көп уақыт жоғалтпауда бұл оқу құралы, әсіресе сырттай оқитын студенттер үшін өте пайдалы.
1.АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1.Арнайы педагогикалың мақсаты мен міндеттері.
1.2.Арнайы педагокиканың қалыптасуы.
1.3.Арнайы педагогиканың пәндік аймақтары.
1.4.Арнайы психология мақсаты мен міндеттері.
1.5.Арнайы психлогияның пәндік аймақтары

1.1.Арнайы педагогиканың мақсаты мен міндеттері
Дамуы артта қалған балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселесі ұзақ жылдар бойы дефектолгияда қарастырылып келді.Психологиялық дамуында ауытқушылық дефектологиялық зерттеулерге сәйкес клиникалық,психологиялық және педагогикалық тұрғыдан зерттелді.
ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап екі ғылыми бағыт - арнайы арнайы педагогика мен арнайы психологияның өзіндік және жеке саласы дами бастады.
Арнайы педагогика - бұл мәдениетпен анықталатын қарапайым педагогикалық жағдайларда білім алу қиындық туғызатын немесе дамуында физикалық және психикалық ақауы бар тұлғаларға жалпы педагогикалық әдістер мен құралдар арқылы арнайы білім берудің теориясы мен тәжірибесі
Арнайы педагогика - педагогиканың бір саласы.Ғылыми пән ретінде жалпы педагогикалық терминдермен қарат оның арнайы өзіндік түсіндермелі аппараты қолданылады.
Арнайы педагогикажәне арнайы білім берутерминдері заманауи халықаралық теориялар мен тәжірибелердегі жалпы қабылданған ұғымдармен сәйкес келеді.
АҚШ-та special education түсінігі жалпы нрма бойынша ерекшелінетін барлық балаларға ,оның ішінде дарында балаларға да қолданылады.
Арнайы педагогика медицина мен арнайы психология салаларымен тағыз байланыста болатын педагогиканың жеке саласы ретінде өарастырыла бастады.
Арнайы психология психикалық дамудағы ауытқушылықтың себеперін,мәнін,заңдылықтарын,балал ардың танымдық әрекетінің және эмоционалды-еріктік аясының ,тұлғалық дамуының психологиялық ерекшеліктерін қарастырады.
Арнайы педагогика мәдениетпен анықталатын қарапайым педагогикалық жағдайларда білім алу қиындық туғызатын немесе мүмкін емес физикалық және психикалық дамуында ауытқушылық бар балаларға арнайы білім беру мен тәрбиелеудің теорилық және қолданбалы аспектілірін әзірлейтін педагогиканың құрылымды бөлігі,саласы.
Арнайы педагогикажәне арнайы білім беру ұғымдар қазіргі уақытта әлемдік білім беру жүйесіндегі халықаралық педагогикалық теория мен тәжірибегі заманауи гуманистік бағдарлармен сипатталады.Special (ерекше,индивидуалды) ұғымның ағылшынша тібірі осы педагогика саласындағы тұлғалық бағдарды атап көрсетеді.Арнайы педагогиканың объектісі ерекше білім беруді қажет ететін адамдарға арналған арнайы білім беру үдерісі болып табылады.
Арнайы педагогика пәнін арнайы оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен тәжірибесі ; қоғамға әлеуметтік бейімделу мен ықпалдасу мақсаты бойынша баланы дамутудағы кемшіліктерін жеңуге бағытталған коррекциялық педагогика жұмысының әдңстері ,мазмүны мен үстанымсдары құрайды.Ол мүмкіндігі шектеулі адамдардың дамуы мен білім алу ерекшеліктерін ,олардың тұлғалық қалыптасуы және әлеуметтену заңдылықтарын зерттейді.
Арнайы педагогиканың нысаны арнайы оқыту,білім алуда ерекше қажеттіліктерді бар тұлғаларға арнайы білім беруді педагогикалық феномен ретінде қарастыру және кемтал тұлғаның бідім алу мәселесін шешцге бағытталған.
Арнайы білім берудың субъектісі - мүмкіндіктері шектеулі тұлға. Арнайы педагогиканың негізгі мақсаты - дамушы тұлғаны әлеуметтенуге және өзін-өзі қызмет көосетуге үйретуді кһздей отырып ,мүмкіндігі шектеулі тұлға үшін маңызды болып саланатын тәуелсіз және өз бетімен өмір сүру және әлеуметтенудің жоғары деңгейіне өол жеткізу.
Арнайы педагогика мақсатына қол жеткізу үшін ждамудағы ақаулықты түзету және теңестіру; орнын ьолықтыру;реабилитация(ерте жас кезеңі үшін)-әлеуметтік ортаға әлі бейімделмеген ерте жас кезеңінде болатын патологиялық жағдайлардың алдын алуға қажетті емдік-педагогикалық шаралар жүйесін жүзеге асыру қажет.
Арнайы педагогиканың міндеттері
Теорилық міндеттері:
oo арнайы оқыту мен тәрбиелеу теориялыө және әдістемелік әзірлеу;
oo дамуында ауытқушылықтары бар балаларды оқуты мен тәрбиелеудың мазмұны мен әдістерін ,ұстанымдарын айқындау;
oo арнайы білім беруді қажет ететін адамдарға педагогикалық білім беруді айқындау;
oo балалардың дамуындағы ауытқулардың алдын алу және еркерту үшін педагогикалық құралдарды зерттеу ,әзірлеу және жүзеге асыру .
Тәжірибелік міндеттері:
oo түрлі арнайы білім беру мекемелеріндегі педагогикалық үдерісті ұйымдастыру жолдарын ,әдіс-тәсілдерін анықтау;
oo арнайы педагогикалық технологияларды жасап ,дайындау;
oo арнайы
oo даму мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік-еңбектік бейімдеу үшін кәсіптік бағдарлау бағдарламаларын әзірлеу;
oo арнайы білім беру жүйесіндегі озат педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату.

1.2.Арнайы педагогиканың қалыптасуы
Антикалық дәуірде және орта ғасырларда дамуында ауытқушылығы бар балалардың көзін жойып отырған .Қайта өрлеу дәуңрңнде философия,медицина,педагогика салаларында (Эразм Ротердамский,Ян Амос Коменский ,Филипп Пинель,Ж.Э.Д. Эскирль)гуманистік бағыт қалыптаса бастады.
Дамуында әртүрлә ауытұушылықтары бар балаларға деген қоғамдық қатынастардың тарихына үңілетін болсақ инфантицид (балаларды шетінету) кезінен бастап - ақ эгоистәк және өзін-өзі жақсы жағынан көрсету қатынасының ұзақ уақыт бойы өзіндік ізін қалдырған.Антикалық дәуір тарихында баллардыжаппай шетінету қолданылған бұл кезең(біздің эрамызға дейінгі ІV ғ.)осылай аталған еді.Физикалақ немесе ақыл - есі кем әр бала терең шыңырауға лақтырылды.Бұл дәстүр Еуропаның кейбір жерлерінде орта ғасырларда да сақталып келді.
XVI-XVIII ғасырларда адам өмірін байлық деп түсінушілік қалыптасып ,кемістігі бар балаларға деген гумандық көзқарас орнықты ,сөйтіп,олардың өоғамға араласуының жолдарын іздестіру басталды.
Әлеуметтік өмірге икемсіз ,қарқаусыз,тұрмыстық жағдайға бейімделмеген ,әртірлі ғажайыптар туралы түсінігі бар өзімен-өзі болатын болатын адамдардың өзіндік ерекше өабілеттіліктеріне деген құрмет пайда бола бастады.Орыс мәдениетінде ноқайлардың бейнесі құрметті орынды иеленді.
Халық даналығындағы Иванушка-нақұрыс атты кейіпкердің әлеуметтік жағдайларға икемделген аөылды адамдардың өтірік айтып ,шындықты жасыруын көре алмауы (Никольская О.С.)кездейсоқ емес.
Кейінірек мұндай адамдарды әртүрлі кәсіпке ,өнерге баулу және оларды тәрбиелеп емдету туралы ойлану басталды.Аномальды балларды емдеу ісінің басында француз ағартушысы және дәрігер Ж.Итар (1775-1838) мен оның отандасы Сеген (1812-1880)тұрды.Олар дұрыс емдеуді тәрбиемен ұштастыру арқылы орындың дамуына мүмкіндік тудыруға болады деп санады.
Арнайы педагогика курсы аталған мәселе бойынша педагогикалық-психологиялық бәләмнәі интеграциялануым ұсынады.
Аталған пәннің құрамдас бөлімдеріне тоқталайық.Арнайы психологияның психология ғылымы мен тәжірибесінің жеке саласы ретінде шығеы өткен жұзжылдықтың 60-жылдарымен байланысты қарастырылады.Бұл уақытқа дейін ол адам дамуында кемістектердің болу механизмдерін қарастыратын дефектология ғылымының бір бөлігі болып келген .
Арнайы психология аноомальді балалардың психофизтологиялық ерекшеліртерін ,оларды тәрбиелеу заңдылықтарын оқытуды ,дамуында ауытқушылық бар әртүрлә категориядағы балалардың әлеуметтік бейімделуіне дайындығын және қайта оңалтуын зерттейді.
Арнайы педагогика - физикалық және психикалық дамуында кемістігі бар адамдардың қатарындағы педагогикалық жағдайда білім алуы қиын немесе мүмкін еместігінің қалыптасқан мәдениетпен анықталған,педагогикалық әдістер құралдар негізінде арнайы білім алудың теориясы мен тәжірибесі.
Бұл бағыттағы ғылымның дамуы Л.С.Выготский ,Т.А.Власова,И.И. Данюшевский,Л.В. Занков,Р.Е.Левин,Н.М. Морозова,И.А. Соколянский,В.Г. Петрова және т.б. ғалымдардың есімдерімен тығыз байланысты.
Аталған курстың ғылымдармен өзара қатыстылығын пәннің зерттеу мәселесінің ,нысанынң,мақсат және міндеттеріннің анықталу тарихынан байқауға болады.
Кеңестік дәуірде біздің елімізде дефектология термині дамуында кемістігі бар балалардың арнайы білім алуының теориялық және тәжірибелік саласы ретінде қолданылады.
Оған ғылымда параллельді түрде арнайы пелагогика және арнайы психология сияқты қзара тығыз байланысқан өзара тығыз екі термин қолданылды.Дефектология терминінің пайда болуы мен бекуі КСРО-да педагогиканың қарышты дамуымен сабақтас болды.
Баланың тұлғалық дамуын ,сонымен қатар өсіп келе жатқан адамның физиологиялық,психологиялық және әлеуметтік аспектілерін жан-жақты зерттеу қажеттілігін айқындап әрі педогогикалық үдерісте олардың өзіндік ерекшеліктерін есепке алуды жүйелі қарастыру педагогиканың жетістіктері болып саналады.
1936 жылғы ОК БКП(б) Халық ағарту комиссариаты жүйесіндегі педологиялық бұрмалауатты қаулысына сәйкес педология және соған байланысты барлық мәлелелер (педологиялық мамандықтар ,оқулықтар және ғылыми еңбектер)жойылды және көрнекті ғалымдар қуғынға ұшырады.Мысалы,Л.С.Выготскийдің еңбектерін қолдануға 30 жыл бойы тыйм салынды.Дефектология педологиядан бөлініп шықты ,алайда дефектологияның проблемалық аясы аяқталмай сол қалпында қалды.
Бұл бағыттардың дамуы,сақталуы және қорғалуында КСРО ПҒА дефектология ғылымы зерттеу институтының И.И.Данюшевский ,А.И.Дьячков,Т.А.Власова,В.И.Лубовс кий сияқты әр кездегі басшылардың маңызы зор болды.
Білім берудегі гуманистік парадигмасындағы дефектология терминінің диагноздық маңызы 90-жылдардың басынан бастап әлемдік педагогикалық қауысмдастық және шетелдердегі педагогикалыө тәжірибелік байланыстардың дамуында көрініс тапты.
Дефектология термині сияқты коррекциялық педагогиканың да диагноз ретте терминологиялық анықталуында (дефект)нысанды тек оған қатысты (керрекция )терминімен алмастыру ғана қарастырылған.
Тұтастай алғанда, арнайы білімдік қызмет ретінде денсаулығында шектеулі мүмкіндіктері бар адамның немесе оның ата-анасының өмірлік жағдайында бұларды таңдауы, қолдануы немесе қабылдамауы туралы адамға, тұлғаға қатысты қолданылатын педагогикалық көмек қана сөз болады.
Коррекция термині мұндай арнайы педагогикалық көмектің жеке технологиялық компоненті болуы мүмкін немесе ол мүмкіндігі шектеулі адамдардың ортасында қолданылуға құқылы болады.
Арнайы педагогика атауы әлемдік білім берудегі қазіргі гуманистік бағыттағы сәйкестелген: адамды кемсітуге жол бермеу, сыпайылық, таңбаның жоқтығы сияқты жалпы ұғымдық халықаралық педагогикалық термин ретінде қолданылады.
Special(ерекше, жеке-даралық) деп айтылатын ағылшын түпнұсқасында түсінікте педагогиканың бұл саласының тұлғаға бағытталғандығы, сонымен қатар нақты бір адамның білімденуіндегі қиын жеке-даралық мәселесін шеше алу қабілеттілігі атап көрсетіледі.
Аранйы педагогика мүмкіндігі шектеулі адамның білімдену мәселесінің барлық өміріндегі өлшеусіз спектрін дарынды балаларға қарағанда кеңірек қамтиды.
Аталған курс нысандарының аталу сәселесі біркелкі емес. Соңғы уақыттағы отандық құқықтық құжаттарда бұл атау денсаулығында шектеулі мүмкіндігі бар тұлғалар деп те көрсетіліп жүр. Осы мәселемен айналысатын ғылымның өзінің нақты терминдері болмағандықтан, аномальды (балалар, адамдар және т.б.), дамуында патологиясы бар (адамдар), кемістігі бар, дамуында ауытқушылығы бар және т.б. медициналық контекстегі ұсынылатын терминалогияны қолданады.
Бұл мағынада 70-жылдардың аяғында ағылшын мамандары ұсынған ерекше білім беруді қажет ететін балалар (адамдар) деген термин басқаларға қарағанда тиімдірек деп танылады.
Қазіргі ғылым адамның дамуындағы жетіспеушілік, ауытқушылық туралы айтқанда сол адамның қай жерінде және қандай мүмкіәндіктерінде сәйкессіздік бар екенін (соның ішінде балада) жалпы қабылданған әлеуметтік жағдайларда, мектептік., білімділік, табыстылық нормативтерінде, қоғамда орнатылған қарым-қатынас пен тәртіп нормаларында, яғни әлеуметтік мүмкіндіктің шектеулілігінің көзге көрініп тұрған жерін айтуға болады деп түсіндіреді. Сөйтіп арнайы психологияның арнайы педпгогика үшін маңыздылығы оның негізіне психологиялық дамуында әртүрлі бұзылушылықтың байқалуы бар адмдардың әлеуметтік бейімделуі мен тәртібі, оқытудың барынша тиімді әдңстерінің таңдап алынуы және кәсіби кеңкес беру мен бағдарлау жүйесінің құрылуымен анықталады.
1.3. Арнайы педагогиканың пәндік аймақтары
Арнайы педагогика келесідей ғылыми және тәжірибелік білімнің өзіндің сферасын кіріктіреді:
- тифлопедагогика - соқыр және нашар көретіндерді оқыту мен тәрбиелеу пәні;
- сурдопедагогика - саңырау, нашар еститіндерді оқыту мен тәрбиелеу:
- тифлосурдопедагогика - көзі көрмитін, құлағы естімейтін адамдарды тәрбиелеу мен оқыту;
- логопедия - сөйлеу қабілетінің нашарлауы;
- олигофренопедагогика - интеллектісі нашар адамдарды оқыту мен тәрбиелеу;
- тірек қимыл жүйесі нашар адамдарға арнайы білім беру;
- эмоционалды және ерікті қабілеті нашар адамдарға арнайы білім беру;
- созылмалы ауруға шалдыққан, қиын және бірнеше мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін педагогикалық көмек көрсету.
Арнайы педагогика саласының жаңа салалары дамиды. Арнайы педагогика педагогиканың құрамды бөлігі және жалпы педагогикалық термин ретінде қоданылады. Сонымен қатар арнайы білім берудің ерекшелігін көрсететін өз терминологиясы бар.
Қазақстан Республикасының заңдарында адам құқығы саласында негізге алатын халықаралық құжаттарға сәйкес бүкіл әлем балаларының білім алуға құқығының теңдік принципі қарастырылады. Балалардың білім алуға құқығының кепілдік Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының балалар құқығы туралы, мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогика қолдау көрсету туралы, Қазасқтан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңдарында көрсетілген. Бұл құжаттарда арнайы білім беру саласында қолданылатын бірнеше терминдерге келесідей анықмата берілген.
Арнайы білім беруде мүмкіндігі шектеулі балаларға мектепке бейінгі жалпы және кәсіби білім беру үшін арнайы жағдайлар жасалады. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар деп физикалық және психикалық ауытқушыдықтары бар адамдарды айтады.
Жетыспеушілік - балаларға қатысты психикалық-медициналық-педагогикалы қ комиссия және ересектерге қатысты медициналық-эксперттык комиссия құптаған физикалық және психикалық ауытқушылық.
Физикалық жетіспеушілік - енгізілген тәртіп бойынша расталған адамның мүшесінің жұмыс істеуінде және дамуындағы уақытша немесе тұрақты жетіспеушілік немесе хроникалық соматикалық немесе жұқпалы ауру.
Психикалық жетіспеушілік - сөйлеу мен эмоционалды ерікті аясында (онымен қоса аутизм) бұзылуынан, мидың зақымдануының салдарынан (сонымен қатар ақыл-ой кемтарлығы, психикалық дамудағы тежеу) пайда болған оқуда қиындық туғызатын адамның психикалық дамуында енгізілген тәртіп бойынша расталған уақытша немесе тұрақты жетіспеушілік.
Күрделі жетіспеукшілік - физикалық және психикалық жетіспеушідіктердің жиынтығы.
Ауыр жетіспеушілік - мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес оқыту қиын және білім алу мүмкіндіктері қоршаған әлемді тану білімінің элементтерін, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын игеру, кішігірім тұрмыстық ермек дағдыларын меңгеру немесе қарапайым кәсіби дайындықты алумен шектелетін физикалық және психикалық жетіспеушілік.
Арнайы(коррекциялық) білім беру мекемесі - денсаулығы бойынша мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған білім беру мекемесі.
Арнайы білім беру жағдайлары - олардың көмегінсіз мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың жалпы білім беру және кәсіби бағдарламаларды меңгеруі мүмкін емес немесе өте қиын болатын оқыту мент әрбиелеу жағдайлары.
Психикалық функциялардың орын басу (компенсациясы) - психикалық функциялардың бұзылуын немесе жетіспеушілігін бұрынғы сақталған немесе бұзыл,ан функцияларды қайта құру арқылы орнын толтыру. Мысалы, туылғаннан көрмитын балаларды көру анализаторының орнына таным қабілеті, қимыл-қозғалыс және тері анализаторлары жақсы дамыған.
Коррекция термині қандай да жетіспеушіліктердің алдын алу үшін жекелеген технологиялық компонент ретінде арнайы педагогикалық көмек те қолданылады (мысалы, балалар жазуының бұзылуын коррекциялау) немес әлеуметтік және білім беру ортасында (мысалы, коррекциялық-дамытушылық оқыту).
Соңғы уақытта арнайы педагогиканы медицинамен байланыста қарауға болатын жеткілікті дәрежеде емдеу педагогикасы танымал болды.
Арнайы педагогикада ерте жастағы балаларды артта қалушылықта жиі қолданылатын реабилитация терминінің мәні бұзылған функцияларды оңалту мақсатындағы білім берудегі әлеуметтік кешенді медициналық өлшеммен сипатталады.
Арнайы педагогикалық көмек - арнайы педагогтердің педагогикалық жағдаяттарға құрылған қызметі (дамыту ортасы, ерекше құрылымы, оқыту мен тәрбиелеу формалары мен әдістері), ол баланың білім алуындағы қажеттіліктерінің дамуын қамтамасыз етеді.
Дефектологияда ұзақ уақыт бойы аномальды даму, аномальды бала термині қолданылып келді.
Қазіргі уақытта мүмкіндігі шектеулі тұлғалар келесідей категорияларға жіктеледі:
oo есту қабілеті бұзылған тұлға: саңырау, нашар еститін, кеш еститін;
oo көру қабілеті бұзылған тұлға: көрмейтін, нашар көретін;
oo тілдік сөйлеу қабілеті бұзылған тұлға;
oo тірек-қимыл аппараты бұзылған тұлға;
oo психикалық дамуда артта қалған балалар;
oo таным қабілеті бұзылған тұлға;
oo эмоциялық-тіректік қабілеті бұзылған тұлға;
oo дамуында жетіспеушіліктер бар тұлға.
1.4. Арнайы психология мақсаты мен міндеттері
Арнайы психология - психикалық және дене бітімі жағынан кемістіктері бар ересек адамдар мен балалардың психикалық даму заңдылықтарын және психикалық қызметтерінің өзіндік ерекшеліктерін зерттейтін психология ғылымының дербес саласы. Сонымен қатар дамуында ауытқуы бар балалардың түрлі реабилитациялық категориясы және әлеуметтік бейімделу дайындығы мен білім алу, тәрбие, даму бөлімдерінің психологиялық заңдылықтары. Аталмыш ауытқулар туыла немесе жүре келе жүйке жүйесінің зақымдалуынан пайда болған. Психилогия ғылымында арнайы психологияның орны бөлек.
Арнайы психологияның көптеген синонимдері бар: коррекциялық психология, аномальды даму психологиясы, дамуында ауытқуы бар балалардың психолгогиясы.
Арнайы психология пәні ерекше оқытуды қажет ететін балалардың психикалық дамуы болып табылады.
Арнайы психология объектісі - туа біткен және жүре пайда болған психикалық және дене бітімі дамуында ауытқуы бар балалар.
Оқыту мен тәрбиелеудегі арнайы әдіс-тәсілдерді қолданудың нәтижесінде адекватты жеке тұлғаны дамыту барысында өзгеріске ұшыраған функциялардың өтемақысын қалыптастыру арнайы психологияның басты мақсаты болып табылады. Дамуында түрлі ауытқуы бар тұлғалардың әлеуметтік бейімделуі мен тәрбиесі, білім алу жүйелері арнайы психология негізінде құралады. Сонымен қатар арнайы психология арқылы осы категориядағы тұлғаларды оқыту жолдары мен кәсіби кеңес, кәсіби бағдар жүйелері құралады. Дамуында ауытқуы бар тұл,һғаларды ұзақ тәжірибелік зерттеу кезінде нақты психологиялық білім жиынтығы жинақталған. Арнайы психология дамуының бастапқы кезеңінде өзііндік термин сөздер болмаған, олар көбінесе медицина ғылымынынан енгізіп отырған. Мұндай термин сөздер осы категориядағы анатом-физиологиялық ауытқуларды білдіретін болған. Сөйтіп, кемшілік, аномалия, диагностика, соқыр, саңырау, мылқау, түзету және де т.б. сөздер медицина ғылымынан енген деп саналады.
Психологиялық және физикалық дамуда этиология және симптоматика ауытқуларының орнығуы арнайы психологияның ұйымдық-категориялық аппараты құрылымының басталуына түрткі болды. Психологиялық даму арнайы психологияның негізгі мағыналарының бірі болып есептеледі.
Адамның уақыт шеңберіндегі жүйелі түрде психикалық үдерісінің өзгеруі тұлғаның сапалық, сандық және құрылымдық тұрғыдан психикалық дамуына негізделіп отырады. Атақты психолог Л.С.Выгоцкий аномальды баланың психологиялық дамуы калыпты баланың дамуындағы заңдылықтарға бағынатының пайымдайды. Аномальды даму баланың жалпы дамуы психологиялық немесе физикалық ауытқулары салдарынан бұзылуымен түсіндіріледі.
Заманауи арнайы психологияның объектісі дамуында ауытқуы бар тұлғаны зерттеу. Дамуында ауытқуы бар тұлғаны зерттеу арнайы психологияның маңызды тапсырмаларының бірі болып есептеледі. Бұл психодиагностикалық әдістерді ойластыруға, аномальды дамудағы дифференциалдық диагоностикаларға теңдесі жоқ құжаттар енгізеді. Дамуында ауытқуы бар тұлғаны зерттеу барысында мынадай көптеген ұстанымдар туындайды: баланы зерттеудегі кешенді тәсіл ұстанымы, толықтай зерттеу ұстанымы, баланы зерттеудегі динамикалық ұстаным, психологиялық дамудағы сандық және сапалық жақындастық ұстанымы және т.б.
Арнайы психологияный пәндік зерттеуі ғылыми таным ретіндегі ауытқуы бар балалар немесе аномальды балалар болып табылады. Аномальды категориясына психологиялық немесе физиологиялық ауытқуы салдарынан жалпы даму үдерісінде кемшіліктер байқалған балалар жатқызылады. Аномальды дамуы бар балаларға естуінде, көруінде, сөйлеу дамуында ауытқушылықтары бар және интеллектаулдық дамуында ауытқуы бар, психофизиологиялық дамуында кешенді ауытқуы бар және тірек-қимыл аппараты зақымданған балалар жатады.
Дамуында ауытқушылықтары бар балалардың жоғарыда атап өткен топтардан бөлек басқа да топтары: психо-патоподтық мінез-құлық нысаны кездесетін балалар, мектепке үйрене алмайтын балалар, дарында балалар, психолог пен педагог тарапынан аса көп көңіл бөлінуі тиіс мектептік неврозға шалдыққан балалар да кездеседі.
Ағза жүйесіндегі кейбір өзгерістеріне сәйкес аталмыш категориялар тобы негізінде құралған жалпылама сынптары бар:
oo соматикалық ауытқулар (туғаннан пайда болған аурулар, іс аппаратының ауытқуы және т.б.);
oo сенсорлық ауытқулар (есту және көру);
oo ми қызметінің ауытқуы (психикалық тапшылық, іс-әрекетіндегі ауытқу, психикалық және сөйлеудегі ауытқу).
Дамуында ауытқуы бар балалардың мінез-құлқында күрделі өзгерістер болады. Баланың даму барысында кездескен түрлі қиыншылықтар немесе ауытқулар оның күнделікті жүріс-тұрысына, қызметіне, тіпті, мүмкіндігіне, ал баланың психикалық, физикалық дамуындағы ауытқулар оның танымдық қызметіне тікелей әсер етеді.
Арнайы психологияның тәжірибелік және ғылыми бағытының мазмұны төмендегідей біріктіріледі:
oo жалпы ғылыми-теориялық мәселелер;
oo аномальды бала және қалыпты баланың психикалық дамуындағы жалпылама заңдылықтарының ашылуы;
oo аномальды балалардың барлық топтарына тән жалпылама заңдылықтарының ашылуы;
oo түрлі топтағы аномальды балалардың психикасының дамуындағы ерекше заңдылықтарын зерттеу;
oo адамның табиғи мінез-құлқынан аномальды қызметінің мөлшерін анықтау.
1. Түрлі топтағы аномальды балалардың психикалық қызметінің дамуындағы нақты кескіннің ауытқуын анықтап, зерттеу.
2. Психикалық үдерістің түрлері мен жалпы тұлғаның дамуындағы ауытқулардың компенсациялық жолдарын табу. Кез келген кемшіліктің компенсациясы - ол жартылай зақымдалған функцияларды жаңадан құрастыру немесе жетілмеген функцияларды мида сақталған функциялармен алмастыру. Сезімталдығы өшкен немесе зақымдалған функциялардың орнына бұрын басқа функциялар қызметін атқарған жаңа құрылымды қолдануға болады.
3. Аномальды балаларға білім беру түрлері мен топтарын құрастыру.
4. Психологиялық дамуында ауытқуы бар топтардың диагностикалық әдістемесін, психологиялық коррекциялық түрлерін құрастыру. Сапалы диагностика психологиялық коррекцияның негізі болып табылады. Дегенмен көптеген диагностикалық әдістеме мен психологиялық түзету әдістері арнайы психологияның міндеттеріне сай келмейді. Сол себепті жаңа әдістердің енгізілуі тиіс.
5. Психологиялық дамуында ауытқулары бар ересектер мен балалардың дамуын түзетеіндей психологиялық әдістер тобы.
6. Интегративті білімді және психологияның интергациялық проблемасын зерттеу. Дамуында кемшілігі бар тұлғаның интеграциялануы қоғамда өткізілетін барлық әлеуметтік іс-шараларға басқа да қалыпты адамдармен қатар қатысуына мүмкіндкітер туғызады. Білім алудағы интеграция дамуында ауытқуы бар адамдарға арнайы мектеппен қатар жалпы мектептерде де білім алуына мүмкіндік береді.
7. Арнайы психологияның негізгі мазмұнында психологиялық білім, қағида, әдіс технологиялары жүзеге асырылуы тиіс.
8. Арнайы психологияның басқа да ғылымдармен қарым-қатынасы, соның ішінде ең тығыз жалпы психология мен арнайы педагогикамен байланысты.
1.5 Арнайы психологияның пәндік аймақтары

Арнайы психологияның басқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Артпедагогика
КӘСІПТІК ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Педагогикалық және мұғалімдер институттары
Оқушыларын оқыту, тәрбиелеу үрдісі үстінде психикалық процестері мен танымдық қасиеттерін халық дидактикалық тұрғыдан меңгертіп дамыту
Жалпы білім беру пәндер циклы
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша ЭЛЕКТИВТІК ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ
Пихология гылымының қалыптасуы мен дамуы
Педагогика ғылымының салалары мен міндеттері
Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру жолдары
Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру
Пәндер