Ақыл-ой кемтарлығына ұшыраған балалардың психикалық дамуының ерекшеліктері



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
кезеңдерінде орын алады (2-3 жастан кейін) және ақыл-ой кемтарлығының кейінгі формасы ретінде орын алады.
Сондықтан да дементті бала белгілі уақыт бойында нормаға сәйкес дамиды, ол оның дефектісіне орын толтыру болып табылады.
Одан бөлек, егер олигофренияда кемтарлық тоталды, яғни психикалық іс-әрекеттердің бүкілі бұзылған болса, деменция кезінде мозайка тәріздес, яғни бас сүйек-мидың белгілі бөліктері ғана зардап шегеді. Егер олигофренияда эволютивті оң даму динамикасы байқалса, яғни уақыт өте келе жағдай жақсарады, ал деменцияның кей түрлерінде кемтарлық одан сайын ұлғая түседі.
Клиникалық бет-бейне баланың жасына, зардаптың дәрежесі мен орналасу орнына және дефектінің сипатына байланысты. Деменция кезіндегі интеллектуалды бұзылу өзіндік спицификасына ие. Балалар өзінің нормалды интеллектуалды іс-әрекетке ие кезінде көптеген білім иегері болуы мүмкін, алайда олар оны қолдана алмайды, жоғарғы психикалық үдерістердің бұзылуынан қабылдау,назар, жад (көп зардап шегетіні қысқа мерзімді есте сақтау жүйесі) және ойлау үдерістері дұрыс іске аспайды. Жад бұзылыстары мен қабылдау жүйесінде орын алғанда қоршаған жерде және уақытта дезориентация байқалады.

4.4. Ақыл-ой кемтарлығына ұшыраған балалардың психикалық дамуының ерекшеліктері

Интеллект пен ақыл-ой кемтарлығының арақатынасы

IQ
DSM (халықаралық)
БҰҰ қабылданған жүйе
70-79
Нормамен шекаралық интеллектуалды даму
50-70
Болмашы ақыл-ой кемістігі, оқудағы қиындықтар
Дебилділік
35-49
Бірқалыпты ақыл-ой кемістігі, оқудағы қиындықтар
Имбецилділік
25-39
Ауыр ақыл-ой кемістігі, оқудағы айтарлықтай қиындықтар
Идиотия
24-тен төмен
Терең ақыл-ой кемістігі

Дебилділік (лат. debilis - әлсіз) Бұл терминді ХІХ ғасырдың ортасында француз психиатры Лесаж ұсынған. Олигофренияның жеңіл әрі көп кездесетін түрі (имбецилділік пен идиотияға қарағанда). Бұл ұғым 1905 ж. Француз психологы А. Бине және дәрігер Т.Симонның айтуымен енгізілген, басты мақсаты: адамның ақыл-ой кемістігінің дәрежесін дәлірек анықтау. Мұндай балалар коррекцияландыру білім беру мектептерінде оқыған, олардың VIII түрі бар. Дебилдер дұрыс оқыту мен білім беру, тәрбие алған кезеңде әлеуметтік ортаға сіңісу мүмкіндігі жоғары. Олар қиын емес мамандықтар иесі бола алады, осындай кәсіптер арқылы олар қоғамға бейімделе алады және өзіндік өмір сүре алады.
Дебилдер өндірістерде, қызмет көрсету орындарында Дебилдер өндірістерде, қызмет көрсету орындарында жұмыс атқара алады, алайда түрлі жаңалықтар енгізуге құзырсыз. Кей кездері олардың өлең айту мен сурет салуға қабілеті байқалады. Мұндай балалар жоғары иланушылықпен көзге түседі. Негативті ықпалға түскен жағдайда олар заңды оңай бұзуға барады. Сондықтан олар заң алдында жауапты болады, өйткені олар өз іс-әрекетіне жауап бере алатын адамдар қатарына қосылады.
Имбецилділік (лат. imbecillus - мардымсыз). Терминді француз психиатры Д.Бурневил ХІХ ғасырдың соңында ұсынған. Олигофренияның күрделірек фомасы, өзінің бойында нақты психофизикалық дамудағы бұзылыстар, бас сүйек қалыптасуындағы аномалиялар байқалады. Қабылдаудың күрделі теріс көріністері, жад, ойлау, сөйлеудің коммуникативті функциясында, эмойионалды-еріктік іс-әрекеттердің бұзылу кесірінен, арнайы мектептер мен мектеп-интернаттара оқуға мардымсыздығымен ерекшеленеді.
Ойлау іс-әрекетінің басты типтері көрнектілік-практикалық болады. Сөздік қоры дебилдермен салыстырғанда төмен. Олар өзін қоршаған ортадағы заттардың атын жаттап алуға, көп қолданысқа ие сөздерді, сөз тіркестерді қолдануға мардымды. Барлығында сөйлеу дефектілері (шолжаңдық, тіл мүкістігі, кекештік) көрініс табады. Кей имбицил балалар белгілі оқулармен, біліммен көзге түседі, оны оларға бағытталған бағдарлама бойынша оқытады.
Бұл бағдарлама оқу, жазу және есептеудің элементарлы түрін үйретеді. Балалар буындап немесе әріптеп оқуды, өзінің аты-жөні, тегін, туған жылын, мекен-жайын, 5-6 жай сөйлемдерді жазуды, арифметикалық қосу мен алуды 20 санына дейін жуықтап есептей алады; бөлу мен көбейту оларға берілмейді. Имбицил балалар терең ауытқуы бар балаларға арналған үй-интернаттарда оқытылады. Ол еңбек және әлеуметтік даму миистрлігінің қарамағында. Кей балалар мектептің интеграцияланған оқу формасы бар арнайы сыныптарда оқытылуы мүмкін.
Идиотия (лат. idioteia - білімсіздік). Терминді француз психиатры Эскиролем Ж.-Э.-Д. ХІХ ғасырда ұсынған. Олигофренияның анағұрлым терең деңгейі өзінің көрінісін психикалық және физикалық дамуының бұзылыстарымен, эндокриндік, бас-сүйек қаңқасының, тұла бой қаңқасының деформайияларымен ерекшеленеді. Көптеген идиот балаларда жүру тұру қиындықтары, кей кездері ритмикалық қозғалыстар байқалады. Моториканың бұзылуы (майда моторика), праксис пен қозғалысты коордиациялау, қоршаған ортада бағдарлану қиын болады. Осындай бұзылыстар балалар өміріне қиындықтар әкелгені үшін олар төсектен тұрмай өмір сүреді. Ауру вегетативті өмір сүруге мәжбүр етеді, сөйлеу тек қана айқай және мыңғырлаумен шектеледі. Қоршаған заттарды ойластыру оларға қолжетімсіз, өзіне-өзі қызмеи ете алмайды, қалыптаспайды. Идиотияның жеңіл түрлерінде балалар сөздер мен сөз тіркестерін айта алады. Сөйлеу функциялары өте жай дамиды, кей сөздер түсініксіз айтылады. Идиотиямен ауыратын балалардың перцептивті реакциялары мүлдем болмайды немесе тым жоғары. Соңғы жағдайда бала сыртқы өмірдің барлық тітіркендіргіштеріне жауап береді, алайда назарын ұстап тұра алмайды.
Психиканың барлық жақтары байланысты және олардың дамуы өзара келісілген. Сенсорлық дамуға сезімнің дамуы, қабылдау, т.б. көріністер жатады. Сондықтан да ақыл-ой кемістігі бар балаларда мұндпй сезімдер нашар дамиды.
Ақыл-ойы кем мектеп балалардың бағдарларлы іс-әрекет, белсенділігі төмен, оторикасы бұзылған, мотивтері мен қалауы төмен деңгейде болады. Назардың жеткіліксіздігі, ойдың біркелкілігінің төмендігі, көріністердің тұрақсыздығы мен байланыссыздығы, жадтың төмендеуі байқалады.
Сөйлеудің фоентика-фонематикалық, лексика-грамматикалық бар компоненттері дұрыс жетілмеген. Одан бөлек ақыл-есі төмен балаларда сөйлеу бұзылыстарының интеллектуалдық дефектілерге бастау болатын кездері бар. Механикалық дислалия, ринолалия, дизартрия , алалия, афазия, кекешену болуы мүмкін. Ақыл-ойы кем балаларда бас-ми қаңқасының дұрыс жетілмеуі есебінен сөздік жай дамиды., жалпылау түсініктері күрделі дамиды, олардың сөйлеуі жаттанды сөздермен шектеледі. Бала ұзақ уақыт бойы тек сұрақ-жауап тұрғысында құрылады, контекстілі сөйлеу қиын құрылады. Өзіндік әңгімелер тек қана суретте орналасқан заттарды атап шығып, қимылдарын айтумен шектеледі. Өзіндік сөйлеуіне деген назар төмен, назар аударылмайды.
Басқа балалардан сурет салу, конструкциялап құрау, жабыстырудан әлдеқайла қалып кетеді. Мұндай балалар ойындары тек қана ұқсастыққа, қайталауға сүйенеді, стереотипті қимылдардан құралады. Ақыл есі кемтар балалар жаңа мағлұматтарды жай қабылдайды. Эмоционалды реакциялар инфантилді болып келеді. Көптеген жағдайда өз қатарластарынан физикалық тұрғыда да қалып отырады.
Интеллект пен сөйлеудің кемістігі көп түрлі. Ол үлкен диапазонда көрінуі мүмкін, терең кемтарлық, өзінің сөзін де түсіне алмайтын жағдайда (импресивті және экспресивті сөз) және мардымсыз кемтарлық, төменгі норма, шекаралық жағдай деп айтуға болады.
Сөйлеу кемтарлығы кезінде баладағы сөйлеудегі кемтарлық дәрежесін Р.Е. Левина көрсеткен дианостикалау (дебилділік дәрежесіндегі олигофрения) қиын. Бала басқа құрбыларынан кішкене ғана айырмашылық көрсетеді және оның дұрыс қалыптаспауын дұрыс емес берілген тәрбие деп байқаса болады.
Кей кезде дұрыс сөйлей алмаудың жалғыз көрсеткіші болып табылады, алайда өсе келе оның басқа симптомдары да көріне бастайды. Балада қоршаған ортадағы тітіркендіргіштерге дұрыс жауа қайтара алмау, басқа заттар мен іс-әрекеттердің басты айырмашылықтарын айыра алмау, оларды дифференциалдай алмауы, мұның барлығы ақыл-ой кемтарлығы бар екендігінің белгілері болып табылады. Оларда түс, форма, үлкендік пен сан категориялары қалыптаспайды. Қозғалыстағы специфика байқалады. Интеллектуалдық, сенсорлық, эмоционалдық, сөйлеудегі кемтарлықтар бас сүйектің дұрыс дамымау есебінен болады.
Ақыл-ой кемтарлығы бар балаларда байқалатын сөйлеудегі бұзылыстар екі топқа бөлінеді:
Сөйлеудің дұрыс қалыптаспауы олигофрения синдромының белгісі ретінде.
Балада назардың, қабылдаудың жеткіліксіздігі, төмен жад, өзінді іс-қимылдарына, сөздеріне деген бақылаудың аздығы фонетикалық-фонематикалық және лексикалық-грамматикалық тұрақсыздық пен дұрыс дамымағандық кемтарлықтың көрсетіштері болып табылады.
Сөйлеуде кеткен түрлі қателіктер оның ақыл-ой кемтарлығымен қоса интеллектуалдық кемтарлық та қатар келеді. Бүкіл сөйлеуде келетін кемтарлықтар ақыл-есі кем балаларда көбірек кездеседі.Алалия мен олигофрения ара-жігін ажырата білу маңызды. Алғашқы сөйлеу дамымағандық (мидың дұрыс дамымауымен болған сөйлеу кемістігі) пен ақыл-ес кемтарлығын ажырата білу өте маңызды. Басты диагнотикалық белгілер бойынша, алалиясы бар бала олигофрен балаға қарағанда көбірек біледі. Тұрмыста, түрлі жағдайлардағы өзгертулерге назар аударады. Алалиясы бар бала олигофрен балаға қарағанда көбірек түсінеді, басқа балалар сияқты сөйлеуге ұмтылады. Ондай балаға қарағанда ақыл-ес кемтарлығы байқалатын балалар өз кемістігін түсінбейді, оған назар аудармайды, өзінің жағдайын түсінбейді. Ақыл-ойы кемтар бала өзінің сөйлеуін жөндегісі келмейді.
Э.Сегеннің айтуы бойынша, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психикалық дамуында тежелуі бар балалармен педагогпсихологтың түзету іс әрекеті
Дефектология негіздері пәнінен лекция тезистері
Балалық шақ адамның бастапқы өмірінің белгілі бір бөлігі
Қалыпты балалардың зейінінің ерекшеліктері
Кемтар балаларға психологиялық көмек көрсету мәселесі
Көше балаларының пайда болуы және олардың құқығын қорғау
Арнайы педагогиканың сыныптамалары
АҚЫЛ-ЕСІ КЕМ АДАМНЫҢ ҚҰРАН ОҚУДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІГІ
Олигофренияның топтастырылуы
Әлеуметтік педагогтың жетім балалармен жұмысы
Пәндер