Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (39-шығарылым)
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2013 жылғы
____________
№ ___
бұйрығымен
бекітілген
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің
бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (39-шығарылым)
1- бөлім. Жалпы ережелер
1. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай анықтамалығының
(бұдан әрі - БТБА) 39 шығарылымы: Целлюлоза, қағаз, картон және олардан
бұйым өндіру бөлімінен тұрады.
2. Жұмыс разрядтары еңбек жағдайы ескерілмей (еңбектің күрделілік
деңгейіне әсер етуші және орындаушының біліктілігіне қойылатын талаптарды
арттырушы айрықша жағдайларды қоспағанда), олардың күрделілігіне бойынша
белгіленді.
3. Әр кәсіп бойынша тарифтік-біліктілік сипаттаманың екі бөлімі бар.
Жұмыс сипаттамасы бөлімі жұмысшы орындай білуге тиіс жұмыстардың
сипаттамасын қамтиды. Білуге тиіс бөлімінде арнаулы білімге, сондай-ақ
ережелерді, нұсқаулықтар мен басшы материалдарды, жұмысшы қолдануға тиісті
әдістер мен құралдарды білуіне қатысты жұмысшыға қойылатын негізгі
талаптар қамтылған.
4. Білуге тиіс бөлімінде қамтылған теориялық және практикалық
білімдермен қатар, жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария мен
өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі ереже мен нормаларды; жеке қорғану
құралдарын пайдалану ережесін; орындалатын жұмыс (қызмет) сапасына
қойылатын талаптарды; жарамсыздықтың түрлері мен оның алдын алу және жоюдың
тәсілдерін; өндірістік дабылдатқышты; жұмыс орнында еңбекті ұтымды
ұйымдастыру жөніндегі талаптарды білуге тиіс.
5. Тарифтік-біліктілік сипаттамаларында көзделген жұмыстардан басқа,
жұмысшы ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, айлабұйымдарды,
құралдарды жинастыру, сондай-ақ оларды тиісінше ұстау, белгіленген
техникалық құжаттаманы жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындауға тиіс.
6. Тарифтік-біліктілік сипаттама алты разрядтық тарифтік кестеге орай
әзірленді.
7. Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды толтырған кезде,
сондай-ақ тарифтік разряды өзгерген кезде, оның кәсібінің атауы БТБА-ға
сәйкес жазылады.
8. Тарифтік-біліктілік сипаттамалар ерекше айтылған жағдайлардан
басқа, осы бөлімде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдарда,
меншік және ұйымдық-құықтық нысанына қарамастан, жұмыстарды тарифтеу және
жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру кезінде қолданылады.
9. Қолданылуға ыңғайлы болу мақсатында, БТБА-да алфавиттік көрсеткіш
қосымшасында көзделген, онда жұмысшылар кәсіптерінің атауы, разрядтардың
диапазондары және беттердің нөмірленуі қарастырылған.
10. Целлюлоза, қағаз, картон және олардан бұйым өндіру бөлімінде
қарастырылған жұмысшы кәсіптері атауларының, олардың БТБА
39 - шығарылымы бойынша қолданыстағы атаулары көрсетілген тізбесі
1985 жылғы редакциясында берілген.
2 – бөлім. Целлюлоза, қағаз, картон және олардан бұйым өндіру
1. Картонажды өндіріс автоматшысы
Параграф 1. Картонажды өндіріс автоматшысы, 1-разряд
11. Жұмыс сипаттамасы:
агрегатқа (машинаға) қызмет көрсету кезінде анағұрлым қарапайым
операцияларды орындау;
материалдарды картонаж өндірісі автоматтарына салу, қалау;
қораптарды пішу, парақтардың шетін ию, этикеткаларды желімдеу;
жасалатын бұйымдарды алу және ақауларын шығару;
даяр өнімді қалау.
12. Білуге тиіс:
қызмет көрсететін жекелеген тораптардың құрылымы, материалдарды салу
және даяр өнімді қалау ережесі;
жасалатын бөлшектер мен бұйымдардың мөлшері;
дайындамалар мен бұйымдардың түрлері.
Параграф 2. Картонажды өндіріс автоматшысы, 2-разряд
13. Жұмыс сипаттамасы:
түрлі жүйедегі автоматтар мен жартылай автоматтарда ішкі пакеттерін
жасау, манжетін, түбін құрастыру және оларды орау;
манжеттер мен түптерін формаларға қолмен ілу;
картоп қораптар мен қорап кесетін машиналар жасау жөніндегі
агрегаттарға қызмет көрсету;
картон орамын жайма пішетін машинаға салу, июге, формалауға және
қақпағы бар қораптарды желімдеуге арналған жаймаларды кейіннен толтыру;
даяр өнімдерді жәшіктерден алу, қоймалау;
гофрленген картоннан жасалған жәшіктерді тігетін автоматтарда тігу;
гильза кесетін автоматқа қызмет көрсету;
шикізаттың тығыздығына және сымның кесілуіне қарай сымның созылуын,
тігу аппараттарын реттеу;
жетек станогында жинамалы қораптарды орау;
даярланатын бұйымдардың сапасын қадағалау;
даяр бұйымдардың сапасын бақылау.
14. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;
агрегат және машина бөлшектері мен тораптарының қызметі және өзара іс-
әрекеті, жасалатын қораптардың өлшемі;
қолданылатын материалдардың негізгі қасиеті;
жасалатын бұйымның түр-түрі;
даяр бұйымның сапасына қойылатын талаптар.
Параграф 3. Картонажды өндіріс автоматшысы, 3-разряд
15. Жұмыс сипаттамасы:
түрлі жүйедегі автоматтарда көркем қораптар, қаттамалы футляр, сыртқы
пакет кешенін жасау;
қағаз ұстағандарды және бөтелкелерді түбімен және корпусын құрастыру;
қақпақтың немесе түбінің қабырғаларын бүктеу және желімдеу;
қағаз корпустан жасалған құрастырмалы қораптарды және металл
бөлшектерді түрлі жүйедегі автоматтарда және жартылай автоматтарда орау;
орама қағаздан жағатын-орайтын және кесетін агрегатта гильза жасау;
көркем қорап жасау жөніндегі автоматты желіге қызмет көрсету:
қораптарды этикеткалау, құрастыру және кептіру;
қағаз жайманың созылуын, дайындамалар мен бұйымдарды жіберу
жылдамдығын, кептіру камерасының температурасын, кесу тазалығын реттеу;
баспа формасының суретін салу;
бояу, желім, поливинил-ацетатты эмульсия құрастыру және жасау;
біліктер мен пышақтарды орнату;
автоматтар мен жартылай автоматты баптау және реттеу.
16. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, баптау және реттеу тәсілі;
қолданылатын материалдардың негізгі қасиеті және түр-түрі, бояу,
желім, эмульсия жасау және құрастыру тәсілдері, жасалатын бұйымның сапасына
қойылатын талаптар.
Параграф 4. Картонажды өндіріс автоматшысы, 4-разряд
17. Жұмыс сипаттамасы:
бір немесе екі плинтусты қораптар жасау;
плинтусты түбіне немесе қақпағына жапсыру;
түрлі күрделіктегі жайылмалы плинтус қораптардың түбін немесе қақпағын
автоматтарда құрастыру;
автоматы агрегатта қағаз гильзаларды кешенді жасау: жағу, кесу,
этикеткалау және кептіру;
кептіру камерасының температуралық режимін, кесу тазалығын, өзі
орағышқа ауа жіберу, желім немесе эмульсия дайындамалары мен бөлшектеріне
жағу қабатының қалыңдығын, дайындамаларды жіберу жылдамдығын реттеу;
тайындамаларды жіберетін дүкендерді, тізбектерді олардың мөлшеріне
қарай есептеу және орнату;
поливинилацетатты эмульсияны рецептура бойынша жасау;
дайындалатын бұйымдардың сапасын қадағалау;
автомат жұмыстарын баптау және реттеу.
18. Білуге тиіс:
автоматтардың құрылысы, баптау және реттеу тәсілдері;
біліктер мен пышақтардың мөлшері;
жасалатын бұйымдардың түр-түрі;
қолданылатын материалдардың негізгі қасиеті, ақаулық себептері мен
оларды жою шаралары;
жасалатын бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар.
2. Фибра сілтілеу жөніндегі аппаратшы
Параграф 1. Фибра сілтілеу жөніндегі аппаратшы, 2-разряд
19. Жұмыс сипаттамасы:
түтікшелі және жайма фибраларды диффузорға салуға дайындау;
жайма фибраны пачкаларға қалау және оларды айылбастармен немесе
қысқыштармен ілу;
түтікті фибраны кесік жерге орнату;
диффузорларға салу, хлорлы мырыш ерітінділерін айдау және сілтілеу
процесінде фибраларды іріктеу;
диффузорларды босату.
20. Білуге тиіс:
түрлі маркадағы және қалыңдықтағы фибраларды салу нормасы мен
шарттары;
фибра және ерітінділердің температуралық шарттары, жабысып қалуды
болдырмау үшін фибраларды іріктеу режимі.
Параграф 2. Фибра сілтілеу жөніндегі аппаратшы, 4-разряд
21. Жұмыс сипаттамасы:
фибраны сілтілеу процесін жүргізу;
диффузорларды салуға дайындау;
диффузорларға хлорлы мырыш құрамына байланысты қышқылдарға құю;
фибрада көбіктің болмауы үшін диффузор батареяларда сілтілеу процесін,
концентрацияны және ерітіндіні төмендету жылдамдығын бақылау;
жайма және түтіктерді желімдеудің алдын алу үшін және біркелкі
сілтілеу үшін диффузорлардағы фибраның жай-күйін қадағалау;
хлорлы мырыш ерітінділерді айдау;
диффузорлардан концентрациялау ерітіндісін іріктеу және оны булауға
жіберу;
диффузорларды толтыру және түсіруге қатысу.
22. Білуге тиіс:
қызмет көрсету жабдықтарының, коммуникация жай-күйінің құрылымы мен
жұмыс принципі;
фибраны сілтілеу процесі, фибраға қойылатын талаптар;
диффузорлар дайындау ережесі.
3. Алюминий тотығын жасау жөніндегі аппаратшы
Параграф 1. Алюминий тотығын жасау жөніндегі аппаратшы, 3-разряд
23. Жұмыс сипаттамасы:
анағұрлым жоғары білікті аппаратшының басшылығымен күкірт қышқылын
және нефелинді алюминий тотығын өндіру процесін жүргізу;
гидратты ұсақтау;
күкірт қышқылын және алюминий гидрат тотығын жеткізу және мөлшерлеу;
шикіқұрамды қазандыққа салу;
сынама алу;
алюминий тотығын лотоктарға жіберу, суытылған алюминий тотығын бөлу
және оны тасымалдау.
24. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы, алюминий тотығын жасаудың
технологиялық процесі;
шикізат және химикаттардың шығу нормасы;
алюминий тотығының сапалық көрсеткіштері, күкірт қышқыл алюминий
тотығын қатайту шарттары.
Параграф 2. Алюминий тотығын жасау жөніндегі аппаратшы, 4-разряд
25. Жұмыс сипаттамасы:
күкірт қышқылын және нефелинді алюминий тотығын өндіру процесін
жүргізу. ерітінді және қышқыл концентрациясын айқындау;
процестің температуралық режимін қадағалау;
алюминий тотығын кристалдау реакциясының аяқталуын айқындау;
жабдықтың жұмысын жөндеуге қатысу;
шикізат, химикат және даяр өнім шығарылымын есептеуді жүргізу.
26. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтардың және бақылау-өлшеу аспаптарының
құрылысы, коммуникация тәсімін;
алюминий тотығын жасаудың технологиялық режимі;

күкірт қышқылының, алюминий тотығы гидраты мен даяр өнімнің негізгі
қасиеттері мен сапасына қойылатын талаптар.
4. Скипидар құрылғысы аппаратшысы
Параграф 1. Скипидар құрылғысы аппаратшысы, 2-разряд
27. Жұмыс сипаттамасы:
анағұрлым жоғары білікті аппаратшының басшылығымен скипидарды
ректификациялау процесін жүргізу;
флорентиналарға бак тұндырғышқа және бөлгішке қызмет көрсету;
ректификациялау жолымен немесе басқа да тәсілмен скипидарды тазалау;
шикі скипидарды ыдысқа құю;
өңделген скипидарды есептеу;
скипидардың сапасын, түсін, ара салмағын бақылау;
пісіру бөлімінен шикі скипидарды қабылдау, шикі скипидарды түсіру,
цистерналардағы скипидарды шаю, сүзгілеу және қайта сығу.
28. Білуге тиіс:
скипидар құрылғыларды қолдану принципі, шикі скипидарға қойылатын
талаптар мен скипидарды тазарту процесі.
Параграф 2. Скипидар құрылғысы аппаратшысы, 3-разряд
29. Жұмыс сипаттамасы:
үздіксіз істейтін ректификациялау құрылғысында скипидарды
ректификациялау процесін жүргізу;
иіссіздендірілген скипидардың түсуін бақылау;
құрылғыға скипидарды жіберу;
өңделетін өнімнің: пинен, карен немесе иіссіздендірілген скипидардың
сапасын бақылау;
химиялық талдау жүргізу.
30. Білуге тиіс:
құрылғының, реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылымы;
ректификациялау процесі;
тазаланған скипидарға, пиненге, Каренге қойылатын талаптар;
химиялық талдау жүргізу әдістері.
5. Таллоль құрылғысы аппаратшысы
Параграф 1. Таллоль құрылғысы аппаратшысы, 2-разряд
31. Жұмыс сипаттамасы:
сульфатты сабынды жинақтау жәшігіне жинау;
сабынды қазандыққа айдау;
күкірт қышқылын араластыру және оны сабынды ажыратуға жіберу;
қара сілтіні ажыратуға, таллольді пісіруге және пісірілген таллольді
декантациялауға қатысу;
сульфатты сабынды қоюлату және ыдысқа салу;
бисульфат және инкрусты түсіру, таллольді кептіруге арналған бакқа
қайта жіберу;
төмендеу білікті аппаратшының басшылығымен жұмыстарды орындау.
32. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылғысы, таллоль майын өндіру
технологиялық режимі, сабынның сапасына қойылатын талаптар.
Параграф 2. Таллоль құрылғысы аппаратшысы, 3-разряд
33. Жұмыс сипаттамасы:
тәулігіне 20 т-ға дейін өндіретін құрылғыларда таллоль майын алу
процесін жүргізу;
таллольды пісіру, пісірілген таллольді декантациялау;
пісіру режимін реттеу, қазандықтағы қышқылдың күштілігін, қысымды және
температураны қадағалау.
34. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы мен қолдану принципі, таллоль
пісіру режимі;
одан әрі өңдеуге жіберілетін таллоль майының сапасына қойылатын
талаптар.
Параграф 3. Таллоль құрылғысы аппаратшысы, 4-разряд
35. Жұмыс сипаттамасы:
тәулігіне 40 т-ға дейін өндіретін құрылғыларда таллоль майын екі
сатылы пісіру және декантациялау процесін жүргізу;
пісірудің технологиялық режимін реттеу. Жинақтау багына сульфатты
сабынды жинау;
булау станциясына сұйықтықты айдай отырып қара сілтіні ажырату;
таллоль майын шаю және кептіру, сақтау бактарына айдау;
ағымдағы зертханалық талдауларды орындау;
жабдықтардың, коммуникациялар мен бақылау-өлшеу аппаратурасының
жұмысын қадағалау;
анағұрлым жоғары білікті аппаратшының басшылығымен таллоль майын
алудың үздіксіз процесін жүргізу.
36. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың, коммуникациялар мен бақылау-өлшеу
аппаратурасының құрылымы, таллоль шикі майын алудың технологиялық процесі;
сабынның және таллоль майының сапасына қойылатын талаптар;
химикаттар мен шикізаттардың шығу нормалары;
зертханалық талдау жүргізу әдістері.
Параграф 4. Таллоль құрылғысы аппаратшысы, 5-разряд
37. Жұмыс сипаттамасы:
тәулігіне 40 т-дан жоғары өндіретін құрылғыларда таллоль майын
үздіксіз алу процесін жүргізу. сульфат сабынын тұндыру, оған кейіннен
сүзгілей отырып ыстық су араластыру, сабынға күкірт қышқылын салу;
сульфат сабынын, күкірт қышқылын, су, сода ерітіндісін, натрий
бисульфатты мөлшерлеуді реттеу;
бақылау-өлшеу аспаптарының және талдау нәтижелері бойынша
температуралық режимді, қысымды және басқа да көрсеткіштерді бақылау.
жартылай фабрикаттардың шығу нормасын сақтау;

жұмысын қадағалау.
38. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы және кинематикалық тәсімдері,

зертханалық талдау жүргізу әдістері, бақылау-өлшеу аспаптары мен
құралдарын теңшеу және реттеу ережесі.
6. Арматуралаушы
Параграф 1. Арматуралаушы, 3-разряд
39. Жұмыс сипаттамасы:
катушка цилиндрлерінің жоғарғы және төменгі саңылауларын металл
арматурамен ажыратып, керновкалап және біліктей отырып арматуралау
жөніндегі арматуралау немесе сығымдау машиналарында қағаз патрондарды,
конустар мен цилиндрлерді арматуралау;
патрондарды, цилиндрлер мен сақиналарды машинаға жақындату;
металл сақиналарды салу және қағаз патрондарды немесе цилиндрлерді
машиналардың қоректендіру бункерлеріне немесе лотоктарға қалау;
сақиналарды, патрондарды және цилиндрлерді механикалық түрде реттеу;
арматуралау үшін сақиналарды сұрыптау;
қызмет көрсететін машиналар мен жекелеген тораптардың жұмысын
қадағалау;
жабдықтың жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жою;
техникалық бекітілген шарттарға немесе мемлекеттік стандарттарға
сәйкес шығарылатын бұйымдардың сапасын бақылау.
40. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы;
шығарылатын бұйымның техникалық шарттары немесе мемлекеттік
стандарттары;
ақаулық түрлері, себептері және олардың алдын алу тәсілдері.
7. Фибра түтіктерді біліктеуші
Параграф 1. Фибра түтіктерді біліктеуші, 3-разряд
41. Жұмыс сипаттамасы:
фибра түтіктерді біліктеу процесін жүргізу;
түтіктердің берілген партиясы үшін калибрлерді таңдай отырып илемдеу
біліктері арқылы оларды бірнеше рет өткізіп түтіктерді өңдеу және
калибрлеу;
түтіктердің мөлшеріне және сапасына қарай булау режимін таңдай отырып
оларды булау жолымен түтіктерді пластификациялау;
түтіктерді калибрленген болат өзекшелерге кигізу;
біліктеу кезінде түтіктердің шығуына қарай илемдеу білігін реттеу және
түтіктерден өзекшелерді алу;
біліктеу процесінде түтіктердің мөлшерін, формасын және сапасын
бақылау.
42. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы мен жұмыс принципі, түтіктердің
мөлшері және сапалық көрсеткіштері;
фибраны бумен пластификациялаудың технологиялық процесі, өзекшелердегі
түтіктерді біліктеу режимдері;
даяр түтіктердің техникалық шарттары.
8. Талшық шикізатын қайнатушы
Параграф 1. Талшық шикізатын қайнатушы, 2-разряд
43. Жұмыс сипаттамасы:
орама жабын және оқшаулау материалдарды өңдеуге арналған берілген
режимге сәйкес талшықты шикізатты пісіру процесін жүргізу;
шар тәрізді пісіру қазандығына шикізатты салу;
химикаттарды мөлшерлеу, бөлу және қазандыққа құю;
бу қысымын реттеу;
қазандықты босату;
қазандықты келесі пісіруге дайындау.
44. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдық құрылымы;
пісірудің технологиялық режимі;
шикізат және даяр массаның сапалық көрсеткіштері.
9. Балауыз, желім массасын және сіңдіру қоспасын қайнатушы
Параграф 1. Балауыз, желім массасын және сіңдіру қоспасын
қайнатушы, 1-разряд
45. Жұмыс сипаттамасы:
анағұрлым жоғары білікті пісірушінің басшылығымен балауыз және желім
массасын пісіру процесін жүргізу;
балауыз және желім массасының қажетті температурасын қолдау.
46. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы туралы негізгі мәліметтер;
балауыз, желім және сіңдіру қоспасын пісіру тәсілі.
Параграф 2. Балауыз, желім массасын және сіңдіру қоспасын
қайнатушы, 3-разряд
47. Жұмыс сипаттамасы:
блгіленген рецептураға сәйкес балауыз және желім массасын пісіру
процесін жүргізу;
химикат алу, оларды рецептура бойынша өлшеу, пісіру қазандығында
араластыру және салу;
пісіру сапасын бақылау және температуралық режимді реттеу;
қазандықтарды келесі пісіруге дайындау. Ерітіндіні сіңдіру агрегатына
айдау;
қоспа деңгейін реттеу. жабдықтың, желдеткіш құрылғысының және
коммуникацияларының жұмысын қадағалау;
агрегатты тазалау және майлау.
48. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы; құбыржолдар мен
бақылау-өлшеу аппаратурасы жүйесі;
негіз қағаздың, химикаттардың қасиеті;
балауыз желім массасын және сіңдіру қоспасын пісіру рецептурасы;
сіңдіру ерітіндісін жасау технологиясы, балауыз және желім массасының
сапалық көрсеткіштері.
10. Шүберек қайнатушы
Параграф 1. Шүберек қайнатушы, 2-разряд
49. Жұмыс сипаттамасы:
шүберекті, зығыр өңдеу қалдықтары процесін жүргізу;
қазандықтарды пісіруге дайындау;
шүберек және зығыр қалдықтарын салу;
массаның дайындық деңгейін бақылау және оны қазандықтан алу;
жабдықтардың, коммуникациялар мен автоматты және бақылау-өлшеу
аппаратураның жай-күйін қадағалау;
жұмыстағы ақаулықтарды жою.
50. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы;
шүберектің технологиялық процесі мен пісіру режимі, массаның сапасына
қойылатын талаптар.
11. Химиялық ағаш масса қайнатушы
Параграф 1. Химиялық ағаш масса қайнатушы, 2-разряд
51. Жұмыс сипаттамасы:
анағұрлым жоғары білікті пісірушінің басшылығымен химиялық ағаш
массасын пісіру;
қазандықтарға баланс салу;
ол сіңгеннен кейін қазандықтан алу және қазандықтарды келесі пісіруге
дайындау;
сіңдіру ерітіндісін жасау және ерітіндіні қазандыққа тасымалдау.
52. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылымы мен жұмыс істеу принципі,
баланс салу және түсіру ережесі;
сіңдіру ерітіндісін жасау тәсілдері.
Параграф 2. Химиялық ағаш масса қайнатушы, 4-разряд
53. Жұмыс сипаттамасы:
балансты сіңдіру пісіру процесін жүргізу;
балансты вагоншаны сіңдіру қазандығына салу, сіңдіру ерітіндісін
айдау;
сіңдіру сапасын айқындау;
қазандықтан балансты шығару;
қазандықты келесі пісіруге дайындау және байқау. өңделген ерітіндіні
түсіру;
химиялық ағаш массаның шығуын қамтамасыз ету;
қазандықтарды келесі пісіруге дайындауға қарау.
54. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтардың, коммуникациялардың құрылымы, сіңдіру
ерітіндісінің химиялық құрамы, сіңдірілген баланстың сапалық көрсеткіштері,
ағашқа сіңдіру процесіне әсер ететін факторлар, және химиялық ағаш
массасының сапалық көрсеткіштері.
12. Мақта қайнатушы
Параграф 1. Мақта қайнатушы, 2-разряд
55. Жұмыс сипаттамасы:
анағұрлым жоғары білікті қайнатушының басшылығымен мақта қайнату;
қазандықтарды қайнатуға дайындау жұмысына қатысу;
мақта және ерітінділерді салу;
қазандықтарды босату. өнімнің сапасын бақылау, жабдықтардың жай-күйін
қадағалау.
56. Білуге тиіс:
ерітінді жасау технологиялық процесі және химикаттарды қазандыққа салу
нормасы;
жартылай масса сапалық көрсеткіштері.
Параграф 2. Мақта қайнатушы, 2-разряд
57. Жұмыс сипаттамасы:
сілтілерді ажыратуды есептеу;
қазандыққа сілті, қара сілті және су құю;
өлшегіштердің, құбыржолдардың, элеваторлардың, конденсаторлардың,
транспортерлер мен шнекті тығыздағыштың жай-күйін қадағалау;
қазандық қақпақтарын жабу;
талшықты материалдарды дайындау құрылғыларында брикет жасау.
58. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылымы мен коммуникациялардың
тәсімі;
қайнату, ағарту және шаю режимі, қайнату және ағартуда талшықтың
химикаттарға әсері;
мөлшерлегіш құрылғылармен пайдалану ережесі;
қайнату ерітінділерінің концентрациясын айқындау тәртібі.
Параграф 3. Мақта қайнатушы, 3-разряд
59. Жұмыс сипаттамасы:
анағұрлым жоғары білікті қайнатушының басшылығымен мақта материалдарын
қайнату және ағарту технологиялық процесін жүргізу және реттеу;
қазандықтарды немесе қайнату-ағарту аппараттарын қайнатуға дайындау;
жұмысшы ерітінділерді дайындау;
мақта материалдарын салу, ерітінділерді құю, берілген температуралық
режимге шығу;
жартылай массаның даярлық деңгейін және оның сапасын бақылау;
материалдардың, химикаттардың, бу, су, электр энергияның берілген шығу
нормасын сақтау;
жабдықтардың және коммуникациялардың, автоматты және
бақылау-өлшеу аппаратурасының жай-күйін қадағалау;
жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жою.
60. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтардың, реттейтін және бақылау-өлшеу
аппаратурасының құрылымы;
мақта материалдарының, химикаттардың негізгі қасиеті және олардың
қайнату және ағарту процесіне әсері.
Параграф 4. Мақта қайнатушы, 5-разряд
61. Жұмыс сипаттамасы:
шар тәрізді қайнату қазандықтарында қысыммен мақта материалдарын
қайнату немесе ақша немесе қағаздың арнайы түрлерін жасауға арналған
қайнату ағарту аппараттарында қайнату, ағарту және шаю;
сапасы бойынша біркелкі талшық материалдар алу;
қайнату, ағарту, шаю технологиялық режимін, материалдардың,
химикаттардың, бу, су және электр энергиясының шығу нормаларын сақтау;
түсетін шикізаттың, химикаттардың және даяр жартылай фабрикаттардың
сапасын бақылау;
өңдеуді есептеу;
жабдықтың жай-күйін қадағалау және күту.
62. Білуге тиіс:

қайнату және ағартуда туындайтын химиялық процестері, сілті және басқа
да ерітінділердің концентрациясын айқындау әдістемесі;
жартылай фабрикаттың сапасын төмендету себептері мен оларды жою
тәсілдері, қайнату және ағарту процесін бақылау әдісі.
13. Целлюлоза қайнатушы
Параграф 1. Целлюлоза қайнатушы, 3-разряд
63. Жұмыс сипаттамасы:
анағұрлым жоғары білікті қайнатушының басшылығымен тәулігіне
100-ден 250 т-ға дейін целлюлоза және жартылай целлюлоза өндіретін
үздіксіз істейтін қайнату қазандықтары мен аппараттарына жоңқа, жарманың
түсуін реттеу;
қайнату бөлімі коммуникацияларына қызмет көрсету, жабдықты күту;

100-т-ға дейін үздіксіз істейтін қайнату қазандықтарына мен аппараттарына
жоңқа, жарма салу және тығыздау;
қышқыл, сілті толтыру, бу жіберу;
циркуляциямен қамтамасыз ету, қысымды көтеру, ретімен қайнату процесін
жүргізу, сынама алу және қазандықты үрлеу;
жабдықтың, коммуникациялардың, арматура және бақылау-өлшеу
аспаптарының жай-күйін және дұрыс пайдаланылуын қадағалау;
сапалық көрсеткіштердің мемлекеттік стандартқа сәйкес сақталуы.
64. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың, коммуникациялардың, реттейтін және
бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылымы;
қазандықтарды толтыру ережесі, жоңқа, жармалардың сапалық
көрсеткіштері.
Параграф 2. Целлюлоза қайнатушы, 4-разряд
65. Жұмыс сипаттамасы:
анағұрлым жоғары білікті қайнатушының басшылығымен тәулігіне 250 т-
ға дейін целлюлоза және жартылай целлюлоза өндіретін үздіксіз істейтін
қайнату қазандықтары мен аппараттарына жоңқа, жарманың түсуін реттеу;

100-т-дан 250-т-ға дейін үздіксіз істейтін қайнату қазандықтарына мен
аппараттарына жоңқа, жарма салу және тығыздау;

66. Білуге тиіс:

көрсеткіштері;
қайнату технологиялық режимдері мен целлюлозаның сапасын көрсететін
факторлар.
Химиялық өңдеуге арналған целлюлозаны өңдеуде және электр оқшаулау
қағазын өңдеуде 1 разрядтан жоғары разряд тарифтеледі.
Параграф 3. Целлюлоза қайнатушы, 5-разряд
67. Жұмыс сипаттамасы:

дан асатын целлюлоза және жартылай целлюлоза өндіретін үздіксіз істейтін

сапалық көрсеткіштердің мемлекеттік стандартқа сәйкес сақталуы;

тәжірибелік құрылғыларға қызмет көрсету;
бақылау-өлшеу аппаратурасының көрсеткіштері бойынша қайнатуды бақылау;
жоңқаны, қамысты, сабанды, қышқыл, сілті, буды мөлшерлеу;
қазандықтағы қысым мен температураны реттеу;
газды кезең-кезеңімен үрлеу, қазандықтан сілтіні іріктеу;
қайнату режимінің барлық көрсеткіштерін сақтау;
жұмыс барысындағы техникалық ақаулықтарды анықтау және жою;

басқару пультынан жабдықты қосу.
68. Білуге тиіс:
қайнату цехы жабдықтарын басқару пультынан қосу, олардың қызметі мен
қосу ережесі;
өндіріс сатылары бойынша қайнату процесін автоматты реттеу және
бақылау тәсімін және су, бу, қышқыл, предгидролизат, сорғы, вентиль, қорғау
клапандарының тәсімдері;
қазандықта болатын химиялық процестері;
целлюлозаның сапасын төмендететін күю және басқа да кемшіліктердің
болу себептері;
сілтінің түсіне қарай қайнатуды бақылау әдістері, ағаштың шығуының
шекті нормасы, мемлекеттік стандарт бойынша өнімнің көрсеткіштері.

Параграф 4. Целлюлоза қайнатушы, 6-разряд
69. Жұмыс сипаттамасы:

100 т-дан асатын целлюлоза және жартылай целлюлоза өндіретін үздіксіз
істейтін қайнату қазандықтары мен аппараттарына жоңқа, жарманың түсуін
реттеу;
реттейтін аппаратураның жұмысын қадағалау және бақылау-өлшеу
аппаратурасының көрсеткіштері бойынша қайнатуды бақылау;

мемлекеттік стандартқа сәйкес жоспарланатын өнімнің шығуын қамтамасыз
ету;
төмендеу білікті қайнатушыны басқару.
70. Білуге тиіс:

шекті нормасы, мемлекеттік стандарт бойынша өнімнің сапалық көрсеткіштері.
71. Орта арнайы білім талап етіледі.
14. Сілті булаушы
Параграф 1. Сілті булаушы,2-разряд
72. Жұмыс сипаттамасы:
анағұрлым жоғары білікті булаушының басшылығымен өнімділігі тәулігіне
100 т-ға дейін жартылай целлюлоза өндіретін зауыттардағы булау
құрылғыларында сілтілер мен бардыларды булау процесін жүргізу;
сорғыларды, коммуникацияларды, сілті жинағыштардың қалыпты жұмыс
істеуін қамтамасыз ету;
сілтіні айдау процесін қадағалау;
сілті деңгейін реттеу.
73. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтардың, коммуникациялар мен
бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылымы;
булау құрылғысының технологиялық режимі.
Параграф 2. Сілті булаушы, 3-разряд
74. Жұмыс сипаттамасы:

100 т-ға дейін целлюлоза және тәулігіне 100-т-дан 250 т-ға дейін жартылай
целлюлоза өндіретін зауыттардағы булау құрылғыларында сілтілер мен
бардыларды булау процесін жүргізу;

сілті деңгейін реттеу;
зауыттың басқа да цехтарымен байланысты жүзеге асыру;
реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасының көмегімен өнімділігі
тәулігіне 100 т-ға дейін жартылай целлюлоза өндірісі бойынша булау
құрылғыларында сілтілер мен бардыларды булау;
қара сілтінің, барды, бу және судың конденсаторға жіберілуін реттеу;
корпустағы будың, температура мен қысымды бақылау;
сілті іріктеу және оның тығыздығын тексеру;
буланған сілтінің қажетті санын содорегенерациялық бөлумен қамтамасыз
ету.
75. Білуге тиіс:

сульфатты целлюлоза өндірісінің жалпы тәсімі;
булау құрылғысы жұмысының технологиялық режимі;
сода балқыту пешінің жұмысына сілті тығыздығының әсері, әлсіз және
қатты сілтілердің құрамы, булауды оңтайлы жүргізу шарттары;
сілті, барды, бу, су, электр энергиясының шекті нормалары.
Параграф 3. Сілті булаушы, 4-разряд
76. Жұмыс сипаттамасы:

100 т-дан 250 т-ға дейін целлюлоза және тәулігіне 250 т-дан асатын жартылай

тәулігіне 100 т-ға дейін жартылай целлюлоза өндірісі бойынша реттейтін
және бақылау-өлшеу аппаратураның көмегімен сілтілер мен бардыларды булау;

сілті, барды, бу, су, электр энергиясының белгіленген шығу нормаларын
сақтау;
конденсаттың тазалығын және оны булау аппараттарынан шығаруды бақылау.
жабдықтардың, коммуникациялардың, реттейтін және бақылау-өлшеу
аппаратурасының жай-күйін және қалыпты жұмыс істеуін қадағалау;
жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жою.
77. Білуге тиіс:

Параграф 4. Сілті булаушы, 5-разряд
78. Жұмыс сипаттамасы:

250 т-дан жоғары целлюлоза өндіретін зауыттардағы булау құрылғыларында
сілтілер мен бардыларды булау процесін жүргізу;
сорғылардың, коммуникациялардың, сілті жинағыштардың қалыпты жұмыс

тәулігіне 100 т-дан 250 т-ға дейін жартылай целлюлоза өндірісі бойынша
реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратураның көмегімен тәулігіне 250 т-дан
жоғары жартылай целлюлоза өндіретін сілтілер мен бардыларды булау;

конденсаттың тазалығын және оны булау аппараттарынан шығаруды бақылау,

79. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтардың, коммуникациялардың, реттейтін және

Параграф 5. Сілті булаушы, 6-разряд
80. Жұмыс сипаттамасы:
өнімділігі тәулігіне 250 т-дан жоғары целлюлоза өндіретін
зауыттардағы булау құрылғыларында сілтілер мен бардыларды булау процесін
жүргізу;

сілтіні айдау процесін, сорғылардың, коммуникациялардың, сілті
жинағыштардың қалыпты жұмыс істеуін қадағалау;
жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жою;
зауыттың басқа да цехтарымен байланысты жүзеге асыру.төмендеу білікті
булаушыны басқару.
81. Білуге тиіс:

82. Орта арнайы білім талап етіледі.
15. Фибра июші
Параграф 1. Фибра июші, 3-разряд
83. Жұмыс сипаттамасы:
фибраны станокта ию;
фибра дайындамаларын қалыңдығы мен сапасына қарай іріктеу;
крандарды айлабұйымдарда ию;
бұлауды жұмысқа дайындау;
бұлауға жіберу және шылапшынның фибра корпусын қыздыру;
корпустың шетін сулау;
фибра корпустың ернеуін станокта ию, мойнына сым қою;
даярланатын өнімнің сапасын бақылау;
станокты баптау және реттеу.
84. Білуге тиіс:
станок пен бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылымы мен жұмыс істеу
принципі, шылапшын, шабадан және иілген қораптар жасау технологиялық
режимі, фибраның сұрыптары, ақау себептері мен оларды жою тәсілдері.
16. Білік оюшы
Параграф 1. Білік оюшы, 3-разряд
85. Жұмыс сипаттамасы:
анағұрлым жоғары білікті оюшының басшылығымен азот қышқылын өңдеу
процесін пайдалана отырып, қыздырылған матрица молеттелген сығымдағышта оны
илемдеу арқылы матрицаны қолмен және молет жасау;
тұсқағазды өрнектеу және бір уақытта басып шығаруда қолданылатын
суретті білікте қыздырылған молетпен станокта рельефті тегістеу;
қажет маркадағы болатты таңдау, матрица және молет дайындамаларын
токарлық станокта жасау;
матрицада суретті пуансондармен және гравштихельмен қолмен ою;
матрицаны сулау;
молетті молеттелген сығымда азот қышқылымен өңдей отырып сығымдау және
молетті сулау;
суретті тегістейтін станокта тегістеу, білік пен рельефке мастика
немесе қышқыл төзімді қабат жағу, азот қышқылымен өңдеу, берілген суретті
сығымдау режимін іріктеу;
үлкен раппорттардың жіктерін пуансонмен бітеу, блинтті фигураларды
(конгревті фонда немесе ішкі білікте) бөлу;
білікті немесе сурет рельефін таңбалау және түпкілікті жетілдіру;
пуансондар мен аударғыштар жасау және сулау;
баспалы суреттерді болат білікте өңдеу;
құрғақ гофр торларын және суреттерді тегістеу станогында қайта
сығымдау.
86. Білуге тиіс:
оятын суреттер мен әдістер, молеттелген сығымдағыш пен илемдеу
станогының құрылымы;
біліктерді орнату және тегістеу тәсілдері, білік, матрица және молет,
пуансон және ауыстырғыш жасау үшін қолданылатын болат маркалары, оларды
термоөңдеу технологиясы;
рельефті сығымдау, болат баспа біліктерді тегістеу және өңдеуде
туындайтын ақаулық түрлері, оларды жою тәсілдері.
Параграф 2. Білік оюшы, 5-разряд
87. Жұмыс сипаттамасы:
молеттің жапсарласқан жерін пуансонмен өңдеуді талап ететін терең
қысым суреттерді жасау;
токарлық станокта матрицалардың, молеттің дайындамасын жасау,
тұсқағаздарды өрнектеу және бір уақытта басып шығаруда қолданылатын
суреттеу білігінде станокта рельефті тегістеу;
суретті ою, матрицаны шыңдау, молетті сығымдау және шыңдау, суреттерді
білікте тегістеу;
білік пен рельефке мастика және қышқыл төзімді қабатты жағу, азот
қышқылымен өңдеу, берілген суретті сығымдау режимін таңдау;
білік және сурет рельефін таңбалау және түпкілікті жетілдіру;
пуансондар мен аударғыштарды жасау және шыңдау, баспа суреттерін болат
біліктерде өңдеу;
құрғақ гофр торлары мен суреттерін илемдеу станогында қайта сығымдау.
88. Білуге тиіс:
сурет жасау технологиясы;
ою әдістері, білік жасауда қолданылатын жабдықтың құрылымы;
білік, матрица және молет, пуансон және ауыстырғыш жасау үшін
қолданылатын болат маркалары, оларды термоөңдеу технологиясы;

Көп бояумен өрнектеу және күрделі: шілтерлі, муарлық, көлеңкелі
оюға арналған сурет жасауда 1 разрядқа жоғары тарифтеледі.
17. Дефибрерші
Параграф 1. Дефибрерші, 2-разряд
89. Жұмыс сипаттамасы:
анағұрлым жоғары білікті дефибрершінің басшылығымен өнімділігі
тәулігіне 60-тан 100-ға дейін ағаш массасын өндіру процесін жүргізу;
дефибрердің, массаның температурасын, концентрациясы мен ұнтақтау
жұмысын, дефибрер бұлауынан жоңқаларды уақытында тазалауды қадағалау;
жоңқа сапасын бақылау;
шаржыны ауыстыруға қатысу;
электр энергиясының берілген шығу нормасын сақтау.
90. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс істеу принципі;
оны күту тәсілдері; реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасын басқару
тәсімі;
балансты және ағаш массасының сапасына қойылатын талаптар;
өнімнің сапасын бақылау әдістері.
Параграф 2. Дефибрерші, 3-разряд
91. Жұмыс сипаттамасы:

тәулігіне 100-ден 300 т-ға дейін ағаш массасын өндіру процесін жүргізу;

электр энергиясының берілген шығу нормасын сақтау;
сомалық өнімділігі тәулігіне 60 т-ға дейін дефибрер шығару
технологиялық режимге сәйкес дефибрирлеу процесін жүргізу;
шахталарға дефибрерлердің дұрыс слаынуын, реттейтін және
бақылау-өлшеу аппаратурасының және май жүйесінің жұмысын, белгіленген
дефибрирлеу температурасын, масса концентрациясы мен басқа да жұмыс
көрсеткіштерді қадағалау;
тозған шаржыларды ауыстыру, тастарды кесу;
дефибрерлеу моторларының, сорғы, жоңқа тұтқыш және өзге де
жабдықтардың жұмысын қадағалау;
технологиялық режим талаптарына сәйкес массаның сапасын бақылау;
әрбір дефибрерден ағаш массасының біркелкі алынуын қадағалау және
массаны қағаз фабрикаға айдау.
92. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы;
оны күту тәсілдері;
реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасын басқару тәсімі;
баланстың және ағаш массасының сапасына қойылатын талаптар;
шахталарға жіберу ережесі, өнімнің сапасын бақылау әдістері.
Параграф 3. Дефибрерші, 4-разряд
93. Жұмыс сипаттамасы:

тәулігіне 300 т-дан жоғары ағаш массасын өндіру процесін жүргізу;

сомалық өнімділігі тәулігіне 60 т-дан 100 т-ға дейін дефибрер шығару

шахталарға дефибрерлердің дұрыс салынуын, реттейтін және

94. Білуге тиіс:

дефибрерлердің өнімділігі; тас маркалары, оларды кесу және білікке
отырғызу ережесі, оларды пайдалану шарттары;

шахталарға жіберу ережесі, өнімнің сапасын бақылау әдістері мен ағаш
массасының сапалық көрсеткіштері.
Параграф 4. Дефибрерші, 5-разряд
95. Жұмыс сипаттамасы:

тәулігіне 100 т-дан 300 т-ға дейін ағаш массасын өндіру процесін жүргізу;

шахталарға дефибрерлердің дұрыс салынуын, реттейтін және бақылау-өлшеу
аппаратурасының және май жүйесінің жұмысын, белгіленген дефибрирлеу
температурасын, масса концентрациясы мен басқа да жұмыс көрсеткіштерді

96. Білуге тиіс:

Параграф 5. Дефибрерші, 6-разряд
97. Жұмыс сипаттамасы:

тәулігіне 300 т-дан асатын ағаш массасын өндіру процесін жүргізу;

98. Білуге тиіс:

дефибрерлердің өнімділігі;
тас маркалары, оларды кесу және білікке отырғызу ережесі, оларды
пайдалану шарттары;

99. Орта кәсіптік білім талап етіледі.
18. Целлюлоза диффузоршысы
Параграф 1. Целлюлоза диффузоршысы, 2-разряд
100. Жұмыс сипаттамасы:
анағұрлым жоғары білікті диффузоршының басшылығымен тәулігіне 250 т-ға
дейін өнім беретін шаятын аппаратурада целлюлоза және жартылай целлюлозаны
шаю процесін жүргізу;
массаны шаю құрылғысына салу;
массаны шаю және оны жуып шығару;
қара сілтіні қайнату цехына және сұрыптау бөліміне, таллоль сабынды
өнімдерді өңдеу цехына, ыстық суды шаюға және каустизациялау цехына булауға
айдау;
коммуникациялардың, реттейтін аппаратураның, жабдықтардың жай-күйін
және бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін қадағалау.
101. Білуге тиіс:
қызмет көрсетілетін жабдықтың, реттейтін және бақылау-өлшеу
аппаратурасының қызметі, коммуникациялардың мен сорғыларды блоктау тәсімі;
жабдықтарды іске қосу және тоқтату тәртібі;
шаю технологиясы, су, электр энергиясының шекті шығу нормасы.
Параграф 2. Целлюлоза диффузоршысы, 3-разряд
102. Жұмыс сипаттамасы:
анағұрлым жоғары білікті диффузоршының басшылығымен тәулігіне 250 т-
дан асатын өнім беретін үздіксіз шаятын аппаратурада целлюлоза және
жартылай целлюлозаны шаю процесін жүргізу;
массаны шаю құрылғысына салу;
массаны шаю және оны жуып шығару;
кара сілтіні қайнату цехына және сұрыптау бөліміне, таллоль сабынды

осы бөлімдермен тұрақты байланысты жүзеге асыру;

және бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін қадағалау;
тәулігіне 250 т-ға дейін өнім беретін шаятын аппаратурада целлюлоза
және жартылай целлюлозаны шаю процесін жүргізу;
диффузорларды түсіру, шаю және жуып тазартуды, сілтілердің күштілігін,
судың температурасын және торшалардың тазалығын бақылау;
бұтанақ ұстағыштарға, вакуум сүзгілерге, қысым сүзгілеріне массаның
жіберілуін, масса концентрациясын және сілті тығыздығын саты бойынша көп
сатылы үздіксіз құрылғыларда реттеу;
ыстық судың тазалығын, шайылатын және араластырылатын судың және
сілтінің шығынын, торшалардың тазалығын, целлюлозаны тазалау сапасын
қадағалау;
булау ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz