Айналым қаражаттарын қалыптастыру көздері. (меншікті және несиелік айналым капиталы)



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Өндіріс экономикасы пәні бойынша

5-СОӨЖ
Айналым қаражаттарын қалыптастыру көздері

Орындаған: Нұрат Гүлназ
Тапсырған Абуталипова Жұлдыз
Алматы,2018ж
СОӨЖ мақсаты: Кәсіпорынның айналым қаражатымен қамтамасыз етілуін талдау.
5.1 Айналым қаражаттарын қалыптастыру көздері (меншікті және несиелік айналым капиталы).
5.2 тұрақты (орнықты) пассивтер түсінігі

5.1 Айналым қаржылары үнемі қозғалыста болады. Бір өндірістік кезең аралығында олар үш сатыдан тұратын ауыспалы айналым жасайды. Бірінші сатыда кәсіпорын ақша қаражаттарын еңбек заттарын сатып алу үшін шарттарды төлеуге жұмсайды. Бұл сатыдан айналым қорлары айналыс аясынан өндіріс саласына өтеді.
Екінші сатыда алынған айналым қорлары өндірс процесіне тікелей өтіп, әуелде өндіріс босалқы қорларына және шала фабрикаттарға, содан соң аяқталған өндіріс процесі -- дайын өнімге айналады.
Үшінші сатыда дайын өнім сатылады, нәтижесінде айнылым қорлары өндіріс саласынан айналыс аясына, қайтадан ақшалай нысанына келеді. Бұл қаржылар жаңадан еңбек құралдарын алуға жұмсалып, жаңа ауыспалы айналымға шығады. Бірақ,айналым қорлары бірінші сатыдан екінші сатыға жүйелі түрде өтеді дегенді білдірмейді. Керісінше, олар бір иезгілде айналымның барлық үш сатысында да белгілі орында болады. Бір нәрсенің әрбір мезеті сатып алынады, өндіріледі, сатылады және қайтадан сатып алынады. Нақ осы жағдай өндірістің үздіксіздігін, тоқтаусыздығын және өндірілген өнмдерді сатуды қамтамасыз етеді. Сонымен, бұдан ескеретін жай- әрбір сатыдағы айналым қаражаттарының тұрған уақыты бірдей емес. Ол өнімнің тұтұнушылық, технологиялық және оны өндіру және сату ерекшеліктеріне байланысты.
Ауыспалы айналым қаражаты мына тәсілмен шығады (1):

А-Қ...Ө...Д-А1
(1)

Мұнда:
А-шаруашылық субъектілерін авансылаудағы ақша қаражаттары;
Қ-өндіріс құралы;
Ө-өндіріс;
Д-дайын өнім;
А1- өнімді сатудан түскен және өзіне қосылған пайданың ақша қаражаттары

Әуелі кәсіпорын құрылғанда айналым қаражаттары жарғылық қордың бір бөлігі ретінде қалыптасады. Олар тауарлық өнімдерді өндіруге байланысты өндірстік босалқы қорларды сатып алу үшін жұмсалады. Дайын өнім қоймаға түседі, содан соң тұтынушыларға жібереді. Оның төлеуге дейінгі мезетінде өндіруші айналым қаражат мұқтажынан жоқшылық көреді. Мұқтаждықтың бұл деңгейі салынған қаражаттың көлеміне ғана емес, сонымен бірге алдағы есеп айырудың мөлшеріне де байланысты, ол жыл ішінде түрлі себептермен тұрақсызданады. Сондықтан да кәсіпорын айналым қаражатын қалыптастыруда басқа қиындық көздеріне ұшырайды - орнықты пассивтер, несиегерлік берешек, банк несиесі және басқа да несиегерлер.
Айналым қаражаты ретінде кәсіпорын орнықты пассивтерді пайдаланады. Орнықты пассив деп кәсіпорын айналыста үнемі пайдаланатын, бірақ оның менгішіне жатпайтын пассивтерді айтады.
Орнықты пассивке жататындар:
-- Жалақы жөнінде ең аз ауыспалы берешек және әлеуметтік сақтандыруға, зейнетақы қорына, медицина сақтандыруына, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударым жарнасы;
-- Ақы төлеудің мерзім ішіндегі келіп түспегендегі фактурасы жоқ жеткізушінің және акцептелген есеп айырысу құжаты бойынша жеткізушіге берешегі;
-- Аванс және өнімге ішінара ақы бойынша тапсырыс берушілерге берешегі;
-- Салықтардың бірсыпыра түрлері бойынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын капиталының құрылымы
Кешенді экономикалық талдау негізінде банктің меншікті капиталын басқару тиімділігін жоғарылату бойынша шаралар
«МаңғыстауМұнайГаз» АҚ-ның қаржылық ресурстарынның тұрақтылығын зерттеу
Айналым активтерінің сипаттамасы және оны басқару саясаттары
Меншікті капиталдың маңызы, орындайтын функциялары мен құру тәртібі
Кәсіпорындағы айналым капиталдарының тиімділігін арттыру
Өндірістік айналым қоры
Капиталды өсірудің негізгі әдістері
Кәсіпорын капиталының құрылымы мен құнын бағалау
Компания капиталының құрылымы
Пәндер