Ресурстарды сақтау саясаты


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Өндіріс экономикасы» пәні бойынша
6-СОӨЖ
Ресурстарды сақтау саясаты.
Орындаған: Нұрат Гүлназ
Тапсырған Абуталипова Жұлдыз
Алматы, 2018ж
СОӨЖ мақсаты:
Шикізат, материалдық және отын энергетикалық ресурстардың құрылымын талдау
6. 1 Шикізат, материалдық және отын энергетикалық ресурстардың мәні
6. 2 ресурстарды топтастыру
6. 3 Әдебиеттер тізімі
Экономикалық ресурстар - тауарларды өндіру және қызмет көрсету үшін пайдаланылатын барлық табиғи, адамдар және адамдардың өндіретін ресурстары.
Ресурстар - экономикалық игіліктерді өндіруге пайдаланатын факторлар. Ол материалдық және еңбек ресурстары болып бөлінеді. Материалдық ресурстар - бұл жер немесе шикізат материалдары және капитал. Еңбек ресурстары - еңбек және кәсіпкерлік қызмет.
Жер ұғымына - барлық табиғи ресурстар, егістік жерлер, орман, пайдалы қазба, кен орындары, су ресурстары жатады. Капитал немесе инвестициялық ресурстар ұғымына - тауар өндіру және қызмет көрсету, оларды тұтынушыларға жеткізуге пайдалануға арналған барлық өндірістік құралдар жатады.
Өндіріс процесін, өндіріс құрал-жабдықтарының қорлануын инбистициялау, яғни қаражат жұмсау деп аталады. Еңбек ұғымы - тауар өндіруге және қызмет көрсетудегі адамның дене және ой қабілеттілігін көрсетеді. Барлық экономикалық ресурстар немесе өндіріс факторлары жалпы бір қасиетке ие, олар сирек немесе өлшеулі мөлшерде болады. Бұл қағида бойынша қазіргі деңгейдегі экономикалық дамуда барлық қажеттіліктерді қамтамасыз етуде ресурстардың әлі де болса кем екендігін білдіреді. Егістік жерлердің, пайдалы қазбалардың, өндіріс құралдарының, жұмыс қолдарының белгілі бір шегі болады.
Ресурстардың сирек кездесетін салаларынан өндірістің өнімдерді мардымсыз болып, осыдан қоғам тауарлармен қызмет көрсетудің өлшенген (шегі қойған) барлық мөлшерін ала алмайды. Кез келген кәсіпорынның өндірістік - экономикалық іс-әрекеті өндірістік ресурстарды заттай және ақшалай нысаны түрінде қалыптастырудан басталады.
Ресурстарды сақтау дегеніміз - меншіктіңәр түрлі формальды және шаруашылық тетігінің ықпалымен жүзеге асатын нақты және өткен еңбекті үнемдеу. Оның практикалық мәні еңбек, материалдық және қаржы ресурстарын үнемді жарату, өнімсіз және халық шаруашылығының барлық өрісіндегі шығындарды барынша жою болып табылады. Ресурстарды сақтау болашақ экономиканың дәрежесі мен сипаттамасы ретінде экономика және басқару жүйелерін қайта құруды, олармен табиғи байланысты ұштастыруды қажет ететді. Ресурстарды сақтау экономикалық қатынастар жүйесінің және шаруашылықты жүргізу әдістерінің қамы үшін ғана болмауы керек.
Ресурстарды сақтау саясаты орасан зор потенциалдық мүмкіндіктері бар Қазақстан үшін өте үлкен принциптік маңызы бар. Себебі, республикада ұзақ жылдар бойы халық шаруашылығының өркендеуі экстенсивтік, жоғары шығындылық негізінде болып келеді. Шаруашылықты жүргізудің мұндай әдістері әлдеқашан өзінің сипатын жойып, өндірісті интенсивтендіруге үлкен тосқауыл жасады.
Экономикалық реформа жағдайында ресурстардың сақталу процесі ұдайы өндірісті арттырады. Ұлттық табыстың серпінінде тұтыну мен қорланудың арасындағңы қатынастар өзгеріп қана қоймайды, сонымен бірге өзінің қорлану қорында ресурстарды сақтау есебінен шаруашылық қорланудың сол бөлігі үлкен орын алады. Сондықтан, практикада ресурстарды сақтау қорланудың заңдылықтарын ұдайы өндірісті кеңейтуді қамтамасыз етуге пайдалану қажет болады. Ресурстарды сақтау іс жүзінде тиімді экономикалық дамудың бірден-бір басты кезеңіне айналып отыр. Мысалы, энергия мен шикізаттарды үнемдеу шараларын іске асыруға кеткен шығындар, осындай мөлшердегі шығындарға қарағанда екі есе кем болады. Алайда, өндірісті дамытудағы ресурстарды сақтау жолына өте-мөте баяу жүргізіліп келеді. Ресурстарды сақтаудың экономикалық негізіне қаржы -несие саясаты, бағаның құрылуы және ынталандыру жатады.
Ресурстарды сақтаудың басты бағыттары -өнім бөлігінің материалдық шығындылығын кеміту, ең алдымен үнемді конструкциялық шешімдер және ресурстарды сақтау техникасын және қалдықсыз технологияны кеңінен қолдану; өндірістік процестерге отын-энергетика және т. б. да материалдық ресурстардың шығындарын азайту; шикізаттардың және екінші қайтарымды жылу ресурстарының, тұрмыстық қалдықтарын толық пайдаланып, оларды қайтадан пайдаға асыру, табиғи байлықтарды, бастапқы шикізаттар ресурстарын кешенді түрде өңдеу.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын жұмысын жүргізудің экономикалық тетігін және оның әрбір цехтарда, әрбір еңбек ұжымдарында ресурстарды сақтаудың ынталығының ең тиімділік амалын қолданатын бөлу керек. Ресурстарды сақтау проблемасын шешуде ұдайы өндіріс процестерінің барлық сатыларын, сонымен бірге, ең алдымен шикізаттарды өндіру және шала фабрикаттарды қайта өңдеуді қамту қажет, себебі, бұл саладағы материалдық шығындар әлі де болса өте жоғары болып келеді. Мұнда бірінші орынды қалдықсыз технологияны қолдану негізінде өндірісті ұтымды ұйымдастыру жұмысы алады. Шикізаттардың қай түрі болмасын жарамды өнімдерді өңдеуде пайдалы заттардың алуан түрлерінен тұрады. Сонымен, бұл шикізаттарды өндіру және қайта өңдеу кешені тиімділігінің шешуші факторы болып табылады.
Қазірдің өзінде қалдықсыз технологияны өндіріске енгізуге техникалық мүмкіншіліктер толық жеткілікті: толық немесе толыққа жақын, өндіріс қалдықтарын кәдеге жарату және т. б. Қалдықсыз өндірісте кешендік үнем толық іске асады. Біріншіден, мұнда материалдық ресурстарды ұтымды пайдалануда кейбір аз байланысты шаралардың едәуір толық кәдеге жаратудың түбегейлі әдістерін қамтамасыз ететін ғылыми жүйеге өту. Екіншіден, ол ірі әлеуметтік - экономикалық кешенді проблемаларды шешуге ықпал етеді: республикадағы шикізаттар ресурстарының қамтамасыз етілу деңгейін арттыру, еңбек шартын арттыру, табиғи ортаны қорғау және т. б.
Ресурстар сатылатын және сатып алынатын болғандықтан олардың бағалары да болады. Сұраныс пен ұсыныстың өзара іс-қимылының болашақ нәтижесінде баға ресурстар нарығы ерекшеліктерінің жалпы барлық түрлері, олардың әрбір айрықшаларын қалай болса солай қамтиды.
Ресуртар нарқының ерекшеліктері - ең алдымен олардың шектелуіне қарай өндіріс көлемінің өзінің де және ресурстар ұсынысында да шектелуінің қорытындысы болып табылады. Қоғам өндіруде мүмкіндігі болмаған жағдайда, тауарлар мен қызмет көрсету мөлшері тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыра алмайды. Соған байланысты ресурстар нарығын шоғырландыру қажеттілігі туады.
Экономикалық ресурстардың бағасы әр түрлі басқа рыноктарда ұсыныс пен сұраныстың ықпалымен сәйкестендіріп үйлестіріледі. Ресурстар ұсынысы олардың тікелей баға арасындағы байланысы мен нақтылы бар мөлшерін, ресурстарды иеленушілердің мүдделеріне сәйкес олардың бағаларын жоғары қоюын көрсетеді. Ал рессурстар сұранысы баға мен ұсыныс көлемінің арасындағы қарама -қарсы байланысты көрсетеді: егер де баға көтерілсе, онда кәсіпорын ресурстарды аз сатып алады нмесе оларды арзандай басқалармен алмастырады.
Ресурстарға сұраныстың ерекшелігіне қысқаша тоқталайық:
1. Ол дайын өнімнің сұранысқа деген туындысы (тәуелділігі) болып табылады. Демек, біріншінің өзгеруі ең алдымен екіншісінің өзгеруіне байланысты болады;
2. Ресурстарға сұраныс еңбек өнімділігіне: оның дамуы экономикалық ресурстарға деген сұраныстың серпініне байланысты, яғни орнындағы ресурстар мен қосымша ресурстар бағаларының өзгеруі;
3. Ресурстардың туынды сұранысы көбейеді, егер де өнімге сұраныс көбейтсе, дайын өнімді шығаруда еңбек өнімділігі артса, арасындағы ресурстардың бағасы төмендесе немесе көтерілсе, қосымша ресурстардың бағасы төмендейді. Бұдан туындайтыны, сұраныстың икемділігі мына төмендегі нысандарға байланысты.
- дайын өнімге сұраныстың икемділігі: ол неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ресурстардың икемділігі де жоғары болады;
- ресурстардың алмастырылуы: оларға сұраныстың икемділігі жоғары болса, егер де баға өскен жағдайда оларды басқа ресурстармен алмастыруға артығырақ кәміл технологияны өндіріске енгізуге мүмкіндігі туады;
- жалпы шығындарда ресурстардың үлесі: егер де жалпы шығында ресурстардың үлесі жоғары болса, ал ресурстарға баға өссе, онда бұл оларға деген сұраныстың төмендеуіне әке соғады. Демек, жалпы шығында ресурстардың үлесі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым сұраныс икемділігі де жоғары болады.
Ресурстардың шектелуіне қарамастан, олар адамдардың ықпал жасауының арқасында алмасып отырады. Мысалы, мелиорация жұмыстары жүргізілетін жерге ұсынысты арттыруға болады. Сонымен ресурстар ұсыныс заң сиректілігіне, ресурстардың шектелуіне байланысты.
Ресуртарды сақтау орасан зор потенциалдық мүмкіндіктері бар Қазақстан үшін ғана емес, сонымен бірге ТМД елдері үшін де маңызы бар. Себебі, оларда да ұзақ жылдар бойы халық шаруашылығының өркендеуі экстенсивтік, жоғары шығындылық негізінде болып келді. Шаруашылықты жүргізудің мұндай әдістері әлдеқашан өзінің сипатын жойып, өндірісті интенсивтендіруге үлкен тосқауыл жасады.
Экономикалық реформа жағдайында ресурстардың сақталу процесі ұдайы өндірісті арттырады. Ұлттық табыс динамикасында тұтыну және қорлану арасындағы арақатынастар өзгеріп қана қоймайды, сонымен бірге өзінің қорлану қорларын да ресурстарды сақтау есебінен шаруашылық қорланудың сол бөлігі үлкен орын алады. Сондықтан практикада ресурстарды сақтау қорлану заңдылықтарын ұдайы өндірісті кеңейтуді қамтамасыз етуге пайдалану қажет.
Ресурстарды сақтау іс жүзінде тиімді экономикалық дамудың бірден-бір басты көзіне айналып отыр. Мысалы, энергия мен шикізаттарды үнемдеу шараларын іске асыруға кеткен шығындар, осындай мөлшердегі шығындарға қарағанда 2 есе кем болады. Алайда өндірісті дамытудағы ресурстарды сақтау жолына өту өте-мөте баяу жүргізіліп келеді. Ресурстарды сақтаудың экономикалық негізінде қаржы-несие саясаты, бағаның құрылуы және ынталандыру жатады.
Қаржы-несие саясаты. Қаржы және несие жөніндегі мемлекеттің ресурстарды сақтау жөніндегі саясатты нарықтық экономика негізінде тікелей байланысты және кәсіпорындар мен банкілердің өзара қатынастарының принциптеріне бағынышты болады. Қазіргі кезде бірінші орынға ие екі шаруашылық серіктестіктерінің арасындағы несие қатынастарының қалыптасу. Сондықтан мемлекет тарапынан іске асырылатын ресусртарды сақтау шаралары бірінші кезекте банкі мен қарыз алушының шаруашылық есеп мұқтаждарына бейімделгені жөн.
Қазіргі кезде кәсіп орындардың өзін-өзі қаржыландыруға өтуіне байланысты ресурстарды сақтауды ынталандыру мақсатында экономикалық нормативтер есепке алынады.
Кәсіпорындарға берілген дербестік, мол құқық және сыйлықтар берудегі өз жүйелерін қолдану матералдық ресурстардың нақтылы түрлерін үнемдеуге жұмысшылар мен қызметкерлерді ынталандыру олардың мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді.
Ресурстарды сақтаудың басты бағыттары өнім бөлігінің материалдық сыйымдылығын кеміту, ең алдымен үнемді конструкциялық шешімдер және ресурстарды сақтау техникасын, қалдықсыз технологияны кеңінен қолдану, өндірістік процестерді отын-энергетика және тағы да басқа материалдық ресурстардың шығындарын азайту, шығындардың материалдық және екінші қайтарымды жылу ресурстарының тұрмыстық қалдықтарын толық пайдаланып, оларды пайдаға асыру, табиғи байлықтарды, бастапқы шикізаттар ресурстарын кешенді түрде өңдеу. Бұл жерде жаңа жағдайда шаруашылықты жүргізудің экономикалық тетігін және өндірістің әрбір учаскесінде, әрбір еңбек ұжымдарында ресурстарды сақтаудың ынталығының ең тиімділік амалын қолданатын болу керек.
Материалдық-техникалық базаны сапа жағынан қайта құруды іске асыруда техникаларды қайта жабдықтау, жұмыс істейтін кәсіпорындарды қайта құру және жаңа құрылыстар салу жұмыстарын қолға алған жөн. Сондықтан іс жүзіндегі мүмкіндіктерді пайдалана отырып, болашаққа Республикалық ресурстарды үнемдеу бағдарламасын қабылдау қажет.
Шикі заттың әрбір түрі пайдалы заттардың бір түрін құрап, жарамды өнімдерді өндіру үшін әр түрлі міндеттерді атқарады. Әрине бұл бірдей жағдайдағы шикізатты шығару және өңдеуді кешенді түрде тиімді пайдаланудың шешуші факторы болып табылады. Енді қазір қалдықсыз өндірісті бірте-бірте енгізудің техникалық мүмкіндііктері бар екенін тәжірибе көрсетіп отыр.
Мысалы, ет өндіру өнеркәсібінде шикізаттарды екінші қайтарым пайдаға асыру, кейбір химиялық түсті металлургия кәсіпорындарында т. б. Мұнан былайғы өндіріс күшінің дамуы және ғылыми техникалық жетістіктердің шапшаңдауы, сөз жоқ, өндірісті қалдықсыз формаға өткізуіне толық мүмкіндік береді, еңбек құралдарын, оның ішінде бастапқы шикізаттарды ұтымды пайдалану саласында осы заманғы техникалық саясаттың бірден-бір негізін қалайды.
Әрине, қалдықсыз өндірісті ұйымдастыру жүйесінің мәселесі көп қырлы және өте күрделі қоғамдық өндірістің барлық жағын қамтиды. Олардың іске асуы қиыстыру, мамандандыру, аумақтаық кешендендіруді ұйымдастыру, сонымен қатар өндірісті басқару мәселелерінің жаңа ықпалынсыз шешілуі мүмкін емес. Қалдықсыз өндіріс - бұл технологияның жаңа түрі ғана емес, ол жаңа, осы заманғы жүйе, өндірісті ұйымдастырудың сапалы кезеңі. Қалдықсыз өндірісте жинақты үнемділік толық жүзеге асырылады. Біріншіден, осында материалдық ресурстарды пайдаланудағы рационализациялауға аз байланыстағы жекелеген шаралардан ең радикалды әдістерді пайдаға асыруды қамтамасыз ететін ғылыми жүйеге өту, екіншіден, ол ірі кешенді әлеметтік-экономикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік туғызады.
Республиканы шикізатпен қамтамасыздандыру деңгейін арттыру, еңбек жағдайын, қоршаған табиғи ортаны қорғауды жақсарту т. б. Ресурстарды сақтау процесіндегі синтехдік нәтижесін білдіретін бірден-бір маңызды натуралды-құндық көрсеткіш материалдар сыйымдылығы болып табылады. Өнімнің материалдық сыйымдылы, ы мына формуламен анықталады:
М с = М ж , М с = М ш
Ж ө Ұ т
Мұнда, М с - материалдық сыйымдылық;
М ш - материалдық шығындар;
Ж ө - жалпы өнім;
Ұ т - Ұлттық табыс.
Кәсіпорынның өндірістік ресурстары
Ресурстар сатылатын және сатып алынатын болғандықтан олардың бағалары да болады. Сұраныс пен ұсыныстың өзара іс-қимылының болашақ нәтижесін баға ресурстар нарығы ерекшеліктерінің жалпы барлық түрлері олардың әрбір айырмашылықтарын толық қамтиды. Ал ресурстар сұранысы баға мен ұсыныс көлемінің арасындағы қарама-қарсы байланысты көрсетеді. Егер де баға көтерілсе, онда кәсіпорын ресурстарды аз сатып алады немесе оларды арзандау басқаларымен алмастырады. Ресурстарға сұраныстың ерекшелігін қысқаша тоқталайық :
1. Ол дайын өнімнің сұранысқа деген туындысы болып табылады. Демек біріншінің (өнім) өзгеруі ең алдымен екіншінің (сұраныс) өзгеруіне байланысты.
2. Ресурстарға сұраныс еңбек өнімділігіне тәуелді. Оның дамуы экономикалық ресурстарға деген сұраныстың серпініне байланысты, яғни қолда бар ресурстар мен қосымша ресурстар бағаларының өзгеруі.
Ресурстардың туынды сұранысы көбейеді. Егерде өнімге сұраныс көбейсе, дайын өнімді шығаруда еңбек өнімділігі артса, қолда бар ресурстардың бағасы төмендесе немесе жоғарыласа, қосымша ресурстардың бағасы төмендейді.
Өндіріссіз экономика жоқ және әлемдік экономиканы талдамай тұрып, оның негізі болып саналатын өндіріс туралы түсінік болу керек. Материалдық игіліктерді өндіру - адам мен табиғаттың өзара әрекетін, шаруашылық қызметі процесіндегі адамдар арасындағы өзара әрекетін көрсететін адам өмірі мен қоғамның негізі.
Өндіріс - адамдардың мақсатты шектеусіз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызметі. Бұл адамдарды - материалдық, әлеуметтік, интеллектуал-дық ресурстарды пайдалануға итермелейді. Ресурстардың шектеулілігі адамдар мен қоғамды қанағаттандыру қажеттіліктерін таңдауға итермелейді.
Таңдау экономикалық категория ретінде бұл - өндіру, сату және сатып алу болып саналады. Бұл міндет (таңдау) кез келген қоғамда оның әлеуметтік-саяси құрылысына қарамастан қарастырылуы тиіс.
Нені өндіру керек - яғни қандай байлық, қандай сапада және қанша өндірілуі тиістігі шектеулі ресурстармен байланысты болады.
Қалай өндіру керек - бұл қандай шектеулі ресурстардан және қандай комбинациялардан, билікті қандай технологияның көмегімен өндіру керектігі туралы шешім қабылдайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz