Жас сәбиді көз тиюден емдеуді - үшкіру, түкіру деп атайды



Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жасы бар, жасамысы бар ата-аналарды көп алаңдататын бір жай - балаға көз тию. Әсіресе, жас ата-аналар балаларының сәби кезінде көз тиіп кетпесін, бәленбайдың көзі бар дейді... деп күндіз-түні алаң күй кешеді. Бауыр еті баласы үшін қа
шанда ана жүрегінің лүпілі бөлек-ақ! Үйге қонақ келсе де, сыртқа қыдырып шықса да құйтақандай құлыншағын сұғанақ көздің, сумақай тілдің бәлесінен аман сақтау үшін естіген, білген амалын жасап әуре-сарсаңға түседі де ж
атады. Маңдайына күйе жағады, өңіріне көзмоншақ қадайды, киіміне жасырып тұмар тағады. т.с.с. Бірақ, бұл заттардың бөпені бәледен қорғайтынына өзі де толық сенбей көңілі қоңылтақсып, өзге біреу сәбиге қаратып әдемі сөздер айтса тіфә, тіфә тілім тасқа деп айтқызып тағы тіксініп, мазасыздана қалады. Қысқасы, бір бітіп беремейтін алаңдау, шошыну, үрей...
Көз тию шынымен бар нәрсе. Тіптен өте қауіпті. Шын көз тиген адам (мал да) бірден жан тапсырады. Ал, сиқырлаған болса ауруы ұзақ уақытқа созылады, бірақ ол да оңалмайды дейді Ислам ғалымдары. Жабыса қалса жан тәсілім қылатын бұл дертке күйеңіз де, моншағыңыз да көмектесе алмайды. Жеті тас, үш маржанымыз да ондай қасиет иесі емес екен. Сонда бұл пәлекеттен қалай сақтануға болады?
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) сүйкімді екі немересі Хасан мен Хусейінді көз тиюден сақтау үшін мына дұғаны әрдайым оқыған екен. У ьизукумә би-кәлимәтил-ләһит-тәммәти мин кулли шәйтанин уа һәмматин, уә мин кулли ьайнин-ләммәһ. Қазақша мағынасы: Сендерді бүкіл шайтаннан, әрі түрлі зиянкестерден және сұқ көзден сақтай гөр деп Алланың кәміл сөздерімен сыйынамын.

Бұл - сәбиді тіл-көзден сақтауға арналған дұға. Той-томалақ, үлкен-кіші қонағасы, сырт адамдар бар жерге сәбиді апарарда дәрет алып, балаңыздың атын айтып, іштей осы дұғаны оқығаныңыз дұрыс. Тіліңіздің икемі келмесе қазақша мағынасын айтуыңызға да болады.
Бұл дұғаның сәбиге қорған болмағының бір шарты бар. Ол - тек қана Алла Тағалаға деген шын ықылас-ниетіңізбен оқу. Егер балаңыздың киіміне (сән үшін болмаса) тіл-көзден осы қорғайды немесе мынау адамның назарын өзіне тартып алады деп әр түрлі әлпеншек-сәлпеншектер қадалған болса, онда жоғарыдағы шарт міндетті түрде бұзылады. Себебі, тіл-көзден көзмоншақ та сақтауы мүмкін, Алла да қорғауы мүмкін деген екі ұшты ой сіздің сеніміңізді екіге жарады. Сол арқылы Аллаға деген ықылас-ниетіңізді екіге-үшке бөлшектеп жібереді. Мұндай жағдайда адам баласы, бір нәрсені тек қана Алладан шын ниетімен сұрай алуы мүмкін болмайтындығы өзінен-өзі түсінікті. Онда әлгі дұғаңыз да кішкентай ботақанға қорған бола алмақ емес. (Кезінде дін Ислам жаулары мұсылмандардың әр дұғасы қабыл болуынан қорқып, осындай адастыру тәсілдерін ойлап тапқан ғой).
Егер жаңағы амалдарды орнымен, дұрыс атқара білсеңіз, жоғарыдағы мың үрей, жүз күмәннің бәрінен айығып, алдамшы, жалған діни соқыр сенімдерден арыласыз. Жоқ нәрседен қорқа бермей жүрегіңізді орнықтырып, табаныңызды нық басып, салихалы, саналы ғұмыр кешіресіз. Иншалла сәбиіңіз де Алланың панасында, тіл-көзден аман болады. Шынында Өзі жаратып, Өзі ризықтандырған пендесіне Субхан Алла Тағаланың Өзінен басқа кім қ
Жер бетіндегі бірқатар ұлттар мен ұлыстарда көз тиюге байланысты наным-сенім, ырым, әдет-ғұрып бар. Соның ішінде қазақ халқы жақсы адамға, сұлу қызға, жүйрік атқа, жас нәрестеге, тіпті, өзінің дәулеті мен атақ-абыройына да көз тиюі мүмкін деп ойлайды. Сол себепті хас тұлпарларды бәйгеге қосарда, жүлде алған соң үстіне жеңіл жабу салып, елге көрсетпей ұстауға тырысады, көрікті бойжеткенін үйінен көп шығара бермейді, жаңа туған нәрестені келген қонақтан, көрші-көлемнен тасалайды, өзінің атақ-даңқын біреу мақтаса, түкір, - деп жатады.
Түкірудің сыры

Жас сәбиді көз тиюден емдеуді - үшкіру, түкіру деп атайды. Көптеген халықтар бірқатар магиялық және діни әдет-ғұрыптарды орындағанында түкі-ру, үшкіруді кеңінен қолданады. Бақсылар ғана емес, ел ішіндегі тәуіптер де ауырған адамды сумен үшкіріп, оған, оның жан-жағына түкіру шарасын жасағаны белгілі. Олар осылай істесе, ауру адамның бойын жайлаған жын-шайтанды қашырып, дертінен аластауға болады деп ойлаған, оған халық та сенген.

Біз кейде көп мақтанып кеткен кісіге үлкендердің: көп мақтанба, көз тиеді. Сол иығыңнан асыра түкір де ағашты тоқылдат деп айтқан сөздерін де естіп қаламыз. Сондай-ақ қариялар, таным-тү-сінігі кең кісілер біреуді мақтағанда ешкімге айтқызбай-ақ: Тфә, тфә! Тіл-аузым тасқа, - деп жатады. Жас келініне, нәрестесіне, тұлпарына сұқтана, қызыға қараған адамға да қазақтар көзің тиеді, түкір, - деп еріксіз түкіртіп алады. Оған ол кісі ренжімейді. Өйткені қазақтар көзі өткір, көз қарасы жаман адамның көзі тиеді, адамның көзінде сиқырлы күш бар деп сенеді. Және де түкіртіп алса, көз тимейді деп өзін-өзі жұбатып, қайғырмайды.
Көз тиюге сенетін халықтар
Зерттеушілердің пайымдауынша, көздің өткір-лігіне, оның тиетініне, яғ- ни құпия күшінің сиқыр-лап тастайтынына ежелгі египеттіктер өте қатты сенген көрінеді. Содан олар түрлі көз бояғыш бояулар мен далаптар ойлап тауып, қолданыпты, оны жағып, жақсылық әкелмейтін көздің нұры көз бен ауыздан өтпесін деп қамданыпты. Христиан дінінің кітаптары - Көне өсиет пен Жаңа өсиетте де өткір көздің қасиеттері туралы жа-зылғандығы Інжілде де айтылады.

Әлемде көздің өткір нұры болатынына, оның адамға тиетініне Еуразия, АҚШ, Канада, Африка, Түркия, Иран, Үндістан елдерінің көп халқы иланады. Көз тиюге сену Монғолияда, Жапонияда, Қытайда сирек кездеседі. Соған қарағанда, көз тиюге байланысты таным, түсінік әрқилы. Оны мына деректерден-ақ айқын аңғаруға болады: эфиоптар ерекше қоғамдық топтағы адамдарға ғана көз тиеді деп ойласа, үндістер адам түгілі, аруаққа, жануарларға да көз тиеді деп есептейді. Гректер шайтанның көзі- нен сақтанса, орыс жерін-де халық ежелден-ақ қыли көздер мен қарашығы тө- мендей орналасқан көз-дерден қауіптенген, жақсы көрмеген. Оңтүстік елдерде көкшіл көзді адамдарды ұнатпаса, Солтүстік елдер- дің халқы қара көзді адам- дардан сақтанады. Ал, ка- релдіктер болса, лопар-ліктерді шайтан санайды, лопарліктер шведтерді солай деп ойлайды.

Көптеген елдердің халқы жаман көздің сәулесі қыз-ғаныштан түседі дейді. Көз тию сырының бір құпиясы осында жатқан тәрізді. Осыған орай атақты қол-басшы Александр Ма- кедонский былай депті: Адам әлемге қарап тұрған кезде, оны құ-марлық жеңеді екен. Тек адамды құмға айналдырар өлім ғана, оның көзіндегі күшті, қызғанышты өлім ғана жоя алмақ.

Зерделеп, пайымдасаң, адамның басқа мүшелерінен гөрі көздері ғана оның ішкі сезімі мен санасынан хабар бере алатын күшке ие. Яғни, көз адам бойындағы магиялық күштің ортаңғы нүктесі. Ал одан жақсы көру мен жек көру, қуану, қорқу, ашулану, құптау, наразы болу, кемсіту, мейірлену тәрізді сезімдер көрініп тұ- рады. Адам көзінен байқал-ған сезімдердің қай-қайсы да екінші адамның өміріне өз ізін қалдырмай кетпейді де.

Көз тиюге қатысты қазақ ырымдары Нәрестені тіл-көзден сақтау Қазақ ырымында нә-рестені тіл-көзден сақтау үшін оның бесігіне, киіміне тұмар ретінде жыланның басын, үкінің талын, тоғыз моншақ күміс тиындарды іліп қояды.

Көз тиді деп секемдену Егерде адам көз тиді деп секем алса, бұрындары сол көзі тиді деп секемденген адамның үйінен бір нәрсені әкеліп түтететін болған. Халықтың ежелгі сенімі бойынша, солай жасаса ғана қас күштердің беті қайтады, баланы тіл-көзден сақтайды.

Көңілге алу Кейде жөн-жосықсыз сөйлей беретін әйелдер немесе сондай мінезді еркектер біреудің толық жас нәрестесін көрсе, балаң балпақтай екен, - деп тамсанып та қалады. Мұндай жағдайда сәбидің ата-анасының бұл сөзді көңіліне алып қалуы мүмкін. Егерде әлгі сөзді нәрестенің ата-анасы көңіліне алып қалса, іле-шала сол адамға түкіртіп алады. Қазақ халқы қашаннан көзінде қалы бар адамның қарағаны тегін жібермейді деп, үйіне осындай белгісі бар қонақ келсе, көрші-көлемі кірсе, одан қатты сақтанады.

Сәби сұлқ түсіп, қатты ауырып қалғанда Жас нәрестесі біреулер келіп, кеткеннен кейін немесе үйінің жанынан әлдекімдер өткен соң көп ұзамай сұлқ түсіп ауырып қалатын болса, көз тиді деп ойлаған. Сосын осының көзі тиді-ау, -деп сол адамды таптырып алып, оған түкіртіп, басқа да сан алуан ұшықтау ырымдарын атқарған. Балаға көп назары аумасын деп Ол үшін нәрестені көз-ден тасалап, оған көбінесе жаман-жәутік, ескі-құсқы киім кигізіп те қойған. Бет- аузына әдейі күйе де жақ-қан. Қазір мұны жасамайды. Оның орнына сәбиге көз моншақ, әртүрлі жыл-тырауық тастарды тағып қояды.

Дініміз көз тию туралы Көз тиюден қорғану Ұлық Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) көз тиюге байланысты былай деген: Егер сендерден кісі ағайынының, не өзінің, не мал-мүлкінің өзіне қатты ұнағанын сезсе, оған берекет тілесін. Өйткені көз тию бар нәрсе.

Көз тигенге дем салу Бисмилаһи рахман рахим!

Нар аллаһу уә сұлтан әл әзим Уәл мунтаһи әл қәдим уа әллуа һә әл кәрим Иттәмәт әл тәмәт уәлдағуәт Әл муста жәбат ән сәһиб уә мин ил айн Әл жин уәлә нас мин назрат Уәл мужтәһа уәл әшрәт ил айн бил айн Фар жиғә әл баср һәл тәри мин фтур Сум әр жиғә әл бәһа кәратайна нихлиф Иләйка әл баср ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәстүрлі емдеу әдістері
Қазақ тіліндегі халықтық медицина терминдеріне этнолингвистикалық сипаттама
Халық емдері
Сіреспе
Қазақ халқының салт-дәстүрлері жайында
Қазақтың ғұрып фольклорын саралау мәселелері
Ертедегі түркілердің діні
Ұлттық ою – өрнектердіқолдануарқылы бесік жасау технологиясы
Киіз үйдің жасау-жиһазы
Туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету
Пәндер