ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:
ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ
Еркінбек Б. Д.
(М. Қозыбаев атындағы СҚМУ)
Қазақстан Республикасының 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Қазақстан жағдайында орта білім берудің неғұрлым оңтайлы, ыңғайлы және экономикалық жағынан тиімді құрылымы 4+6+2 болып табылады. Бұл құрылым балалар дамуының ғылыми негізделген жас кезеңдеріне (6-10 жас - балалық шақ, 11-16 - жеткіншектік шақ, 17-18 - жасөспірімдік шақ) сәйкес келеді және қазіргі мектептің барлық оң тәжірибелерін бойына жинақтаған. Он екі жылдық орта білім беру үш сатыда іске асырылатын болады. Әрбір сатының білім бағдарламаларын меңгеру сыртқы бақылаумен аяқталатын болады.
І саты - бастауыш білім беру, 1-4-сыныптар. Оқудың ұзақтығы - 4 жыл. Оқу 6 жастан басталады. Бұл жас баланың ақыл-ойының дамуы мен әлеуметтік даярлығы үшін мейлінше қолайлы кезең болып табылады. Білім мазмұны шетел тілі мен информатика негіздерін ерте үйрену арқылы байытылатын болады. Бастауыш мектептің негізгі міндеті- баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту. Осы сатыдағы оқу мен тәрбие оң уәжді қалыптастыруға және оқу қызметін білуге, оқу, жазу, санаудың берік дағдыларын үйренуге, тілдік қарым-қатынастың қарапайым тәжірибесіне, өзін-өзі шығармашылық тұрғыдан таныта білуге, мінез-құлықтың мәдениетіне, жеке гигиенаның және салауатты өмір салтының негіздеріне бағдарланады, сонысымен кейін негізгі мектептің жалпы білім беру бағдарламаларын меңгеруге база жасайды» деп көрсетілген [1] .
Осы тұжырымдаманың «Білім беру мазмұны мен деңгейлері» деп аталатын 4-тараудың 4. 3. 1. -тармағында: Білім беру мазмұнында информатика негіздері мен шет тілін ерте жастан бастап оқыту мен тәрбиелеудің негізгі бағыттары көрсетіліп белгіленген [2] . Сондықтан заман талаптарына сай информатиканы бастауыш мектептерден бастап алғашқы дайындық курсы ретінде ендірудің қажеттілігі бүгінгі күні педагогика саласындағы іргелі тың мәселелелердің бірі болып отыр.
Осы секілді мәселелер бойынша информатиканың бүгінгі қоғамдағы алатын орны туралы көптеген ғылыми-әдістемеліктер тұрғысынан ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Ғылыми зерттеулердің ішінен С. Пейерт, Е. Коган, А. Витухновская мен А. Семенованың және отандық ғалымдарымыздан Е. Бидайбеков пен Ж. Қаратаевтың тұжырымдары мен Қ. Әбдиев, Ж. Сардарова және Г. Абдулкаримованың зерттеу жұмыстары төменгі сыныптарда информатика элементтерін пайдаланудың теориялық негізі бола алады.
Дегенмен, бұл зерттелген жұмыстарда бастауыш мектепте информатика элементтерін оқыту негізінде пәнаралық байланысты жүзеге асыру жөніндегі мәселелер жеткілікті дәрежеде зерттелінген жоқ. Сол себепті, бастауыш мектеп оқушыларына информатиканың алғашқы түсініктері мен ұғымдарын берумен қатар басқа пәндерді оқып үйренуде пәнаралық байланысты жүзеге асыру үшін қажет болатын біліммен, іскерлікпен, дағдымен қаруландыру және жастарды ақпараттық қоғамда қызмет етуге дайындауды осы кезеңнен бастау басты назарда болып отыр.
Мектепте информатиканы оқытудың негізгі мақсаты - оқушылардың ақпаратты алу, өңдеу, тасымалдау, сақтау және қолдану үдерістері жайлы негізі білімін жан-жақты, әрі саналы түрде меңгеруін қамтамасыз ету және соның негізінде оқушыларға қазіргі кездегі әлемнің ғылыми бейнесін қалыптастырудағы ақпараттық үдерістердің, қазіргі ақпараттық қоғам дамуындағы АКТ-ы рөлінің мәнін ашу.
Информатиканы оқыту мақсатына жету үшін ең алдымен келесі міндеттерді шешу қажет:
- оқушыларда информатика саласының негізгі ұғымдары мен білімдерді қалыптастыру;
- информатика саласында біліктіліктер мен құзырлылықтарды қалыптастыру;
- ақпараттық қоғамда өмір сүретін өскелең ұрпақтың адамгершілік және құқықтық негіздерінің қалыптасуын анықтау [3] .
Бұл міндеттерді орындауда оқушыларды оқытуда информатиканы пәнаралық байланыс негізінде жүзеге асырудың маңызы үлкен. Информатиканы оқыту процесінде балалардың білімі мен біліктерін, танымдық қабілеттерін дамыту үшін пәнаралық байланысты жүзеге асыру қажет. Бұл - ғылымның әр түрлі салаларының арасында айқын шекара жоқ екендігі және олардың бір-бірімен тығыз байланыста болатыны туралы түсініктерді, сондай-ақ дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыруға табиғат құбылыстарының біртұтастығын, өзара байланысын көрсетуге мүмкіндік туғызады. Сонда баланың бір сабақта алуан түрлі білімі, әсері, ойы, қиялы, басқа пәндерге келгенде тежеліп қалмай, әрі қарай жалғастырып дами түсуі, яғни бір пәннен басқа пәндерге көшудің үздіксіздігі қамтамасыз етіледі.
Негізінде пәнаралық байланыс жөнінде әр түрлі ғылыми әдебиеттерде 30-дан астам анықтамалар бар. Мысалы, педагогикалық сөздікте: «пәнаралық байланыс оқу бағадарламаларының өзара үйлесімділігі» деп анықталған.
Қазіргі кезде білімнің интеграциялануын қамтамасыз ету, оның ғылыми деңгейін арттыру, тұтастай алғанда оқушылардың танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру міндеті негізгі мәселелердің біріне айналып отыр.
Осы арада мектептің оқу-тәрбие процесін пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастыруы, ғылымдар жүйесінің бір арнаға тоғысу, адамның интеллектуалдық өрісін байытумен бірге, бүкіл адамзаттық құндылықтар көзіңің де бірлігі, жалпы ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі туралы ғылыми көзқарастың қалыпты қалыптасуына мүмкіндік береді.
Мектеп тәжірибесінде пәнаралық байланысты жүзеге асыруда мұғалімдер біршама қиындықтарға кездесіп отырады. Атап айтқанда оқыту процесін тиімді ұйымдастыру, жеке пәндер арасындағы ортақ ұғымдарды мен заңдылықтарды бір-бірімен өзара байланыстыру, оқушылардың танымдық, ізденушілік қабілеттерін, іс-әрекеттерін дамыту, алған білімдерін жинақтау, оны тәжірибеде қолдана білуге үйрету және тағы басқа да мәселелер дидактикалық тұрғыдан шешуді қажет етеді.
Пәнаралық байланыстардың бір пайдалы жағы ол бүкіл оқыту ісін, бір мектептің барлық жұмысын бір жолға салуға, барлық мұғалімдерге бірыңғай талаптар қоюға және әр түрлі пәндерде ортақ мүддені шешуге жұмылдырады.
Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың жолдары мынадай:
- Әрбір жеке пәнді оқытқанда басқа пәндерді оқыту барысында өз ықпалын тигізетіндей болуын көздеу;
- Түрлі пәндерді оқыту барысында - өтілетін материалдарды уақыт жағынан үйлестіріп отыру;
- Окушылардың ғылыми теориялар мен заңдылықтарды меңгеруін, олардың жинақтылығымен, әдістерімен және дағдыларымен сабақтастыра қалыптастыру;
- Жалпы теориялық білім алуды және практикалық іскерліктер мен дағдыларды бірыңғай әдіспен жүзеге асыру;
- Оқушыларға (білім алу, икемділік пен дағдыларды қалыптастыру барысында) бірдей талаптар қоя білу;
- Оқушылардың пәнге деген икемі мен дағдыларын пайдалана білуге дағдыландыру;
- Әр түрлі пәндердің және зерттеу әдістерінің ортақ ерекшеліктерін көрсете білу;
- Әр пән сабақтарында оқылатын құбылыстардың өзара байланысын ашып, дұрыс дидактикалық дүниетаным қалыптастыру.
Бізде бастауыш сынып мұғалімдері басшылыққа алатын және заман талабына сәйкес жазылған информатика курсы бойынша оқу құралдар, оқу-әдістемелік жинақтар, теориялық зерттеулер жазылған кітаптар жоқтың қасы. Сондықтан біз білімді жетілдіре түсудің бағыт-бағдарын психолгия мен педагогика жетістіктерін зерттеп, информатиканың шексіз мүмкіндіктерін пайдалану арқылы сабақ беруді жандандыруда түсуге болады деген тұжырым жасап, жалпы орта мектептерде қалыптасқан әдістемелік жүйені және оған сәйкес оқыту әдістерінің құрылымдарды пайдалана отырып информатиканы бастауыш сыныптарда өткіземіз.
Мұғалім сабақта пәндер арасындағы өзара байланыстылықты дамытуды ойлайды. Өйткені мұндай сабақтар оқушылардың серпілісін тудырып, пәнге деген қызығушылығын арттыра түседі. Мысалы, оқушыларға функцияның аналитикалық көрінісін программаға енгізіп оның графигін экранда көрсе, я болмаса анық интегралды есептеуде программаға интеграл астындағы функцияның төменгі, жоғары шекараларын және анықтықты енгізіп оның нәтижесін компьютер арқылы балаларға көрсетіп өткізсе сабақтың кәдімгі сабақ өткізуге қарағанда тиімділігі байқалады. Мұғалім оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін білумен қатар уақытты да үнемдейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz