Биосфера- жер бетінде кездесетін барлық тірі ағзалардың және заттардың жиынтығын ең ірісі


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:
Биосфера- жер бетінде кездесетін барлық тірі ағзалардың және заттардың жиынтығын ең ірісі болып табылады. Биосфера- заттар айналымын үзбей сүйемелдеп тұратын ғаламшардың ең үлкен экожүйесі, яғни тіршіліктің өніп-өсіп, көбеюіне мүмкіндік бар қабат. Оның шикарасы жербетіндегі 20-25 км. Деңгейден ( атмосфераның озон қабатына дейінгі бөлігі кіреді) 11 км. Мұхит тереңдігіне және жер астына 6 км тереңдікке дейін созылады.
Антропогендік фактор - адамның қызметі әрекетінен жаңа түрде туындайтын факторлар. Адамның шаруашылық іс-әрекеті салдарының қоршаған ортаның кейбір жерлерінің өзгерені соншалық. Табиғи құрауыштарының байланысы басқа болып, бұрынғы кешендермен салыстырғанда жаңа кешендер қалыптасады.
Антропогендік факторларға өнеркәсіп индустриясының барлық салалары, көлік, ауыл, орман шаруашылығы, энергетика, атом қаруын сынау, мұнай, газ және тау кен өндірісі салалары т. б. жатады.
Тек өндірістік кәсіпорындарының ғана қоршаған ортаға әсер етіп ластануын мынадай негізгі түрлерге бөлуге болады: шикізат материалдар, құрал-жабдықтар, отын, электр энергиясы, су, қалдықтар, өнімдер, атмосфераға таралатын( газ, бу, ауа тозаңы), энергетикалық шығарындылар, шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, жарық, электромагниттік өріс, лазерлі сәулелер, иондағыш шығарындылар т. б. Биосфераны ластайтын компоненттердің хим құрамы отынэнергетика ресурстарының тқріне, өндірісте кенданылатын шикізатқа оларды өндейтін технологияға байланысты келеді. Антропогендік факторлар әсерінің артуынан күрделі экологиялық проблемалар; парник эфектісі, қышқыл жаңбыр, ормансыздандыру, ядролық қыс, озон қабатының жұқаруы мен тесілуі, шөлейттену т. б. атмосфераға антропогендік жер тікелей немесе жанаша түрде болуы мүмкін. Жаңаша әсер- биосфераның басқа компоненттерінде экологиялық тепе-теңдіктің бұзылу, салдарынан атмосфераның жағдайына ойқаптар, жыртылған егістік жерлер, ұйымдастырылған үлкен су қоймалары, өзгертілген өзен ағыстары, меикоративтік жұмыстар, пайдалы кен қазбаларының ашық әдіспен жаппай алынуы жатады. Жер бетінің қасиеті мен сипатамасының өзгеруі жер атмосфера энергиялық жүйесіндегі алмасу процестеріне, альбедо шамасына, атмосфераға өтетін шығындыққа әсерін тигізеді. Ал, тікелей әсерге мысал ретінде өндірістен шығатын тастанды заттектерді, күлді, металл оксидтері мен тұздарын, күкірттің газды қосылыстары, аммиакты, көмір сутектерін радиоактивті газдарды, шаңдарды, озонды суктекті қосылыстарды және тозаңды келтіруге болады.
Табиғат кешендердің алуан түрлі өзгеріске ұшырауына тек антропогендік ғана емес сонымен қатар табиғи үрдістердің де тигізетін сері жан - жақты қарастырады. Қазіргі өндіріс саласының экономикалық ерекшелігіне сәйкес келетін антропогендік факторларды барлық түрлері дамыған (ауыл шаруашылық, техногендік, өндірістік) сондықтан олардың әсеріне дұрыс талдау жасау тиімді пайдалану, қорғау шараларына ғылыми дұрыс баға берудің маңызы зор.
Табиғат кешендердің дамуына эволюциялық ерекшелігіне антропогендік фактордың тигізетін әсеріне өте ерте кезеңнен бастап көңіл аударған. Соңғы кезеңдерде ҒТР-дің жетістіктеріне байланысты оның әсері табиғи үрдістерден де артық. Сондықтан антропогендік іс - әрекеттер, геожүйелердің табиғи жағдайын анықтауда негізгі фактор болып есептеледі, ландшафттың шығу тегімен болашағын анықтауда тек табиғи факторды атап көрсету жеткіліксіз. Сол себепті аталған жұмысты қарастыру өзектілікті айқындап отыр.
Аталған жұмыстың мақсаты антропогендік факторлардың әсерінен биосфераның нашарлауын, атап айтқанда атмосфера мен топырақтың өзгеруін және оның шешу жолдарын қарастыру болып табылады.
Міндеттері:
- антропогендік фактордың биосфераға әсерін, антропогендік жүктеменің экологияға әсерін қарастыра отырып, табиғаттың өзгеруіне тоқталу;
- адам әрекетінен топырақ жамылғысының нашарлауы және шешу жолдарын қарастыру;
- атмосфераның ластануы мен шешілу жолына талдау жасау.
Зерттеу нысанына антропогендік фактордың биосфераға әсері болып табылады.
Антропогендік фактор - адамның қызметі әрекетінен жаңа түрде туындайтын факторлар. Адамның шаруашылық іс-әрекеті салдарының қоршаған ортаның кейбір жерлерінің өзгерені соншалық. Табиғи құрауыштарының байланысы басқа болып, бұрынғы кешендермен салыстырғанда жаңа кешендер қалыптасады. Антропогендік факторларға өнеркәсіп индустриясының барлық салалары, көлік, ауыл, орман шаруашылығы, энергетика, атом қаруын сынау, мұнай, газ және тау кен өндірісі салалары. т. б. жатады.
Бүгінгі таңда жаһандық проблема болып отырған экологиялық мәселелер табиғаттың даму заңдылығын ескермегендіктен, оның тепе-теңдігінің бұзылуынан пайда болды. Ал оны қалпына келтіру жолындағы жұмыста экология ғылымының міндеті зор. Себебі, ғылыми-техникалық жетістік ғылымның кейбір саласында адам баласына қауіп төндіруде. Адам әрекетінен туындап отырған жаңа “антропогендік ландшафтар”, жер бетінде климаттың жылынуы тіршілік дүниесіне зардабын тигізуде. Бүкіл ғылымдардың жетістігі адамзаттың өсіп, өркендеуіне қызмет жасауы керек. Осыған орай бүкіл жаратылыстану ғылымдары бірігіп, өзін қоршаған ортадағы табиғатты сақтау, оның тепе-теңдігін үйлестіру мәселесін шешуге күш жұмылдыруы қажет. Жаһандық деңгейде табиғат қорларын тиімді пайдалану үшін қоршаған орта жайлы бұрынғы ғасырлар бойы жинақталған зерттеулердің нәтижесін ескере отырып, табиғатты жүйелі түрде тиімді пайдалану, оны қорғаудың мәселелері жолға қойылуы тиіс. ХХ ғасырда табиғатты ысырап етпей игеру ғылымға жаңа бағыт берген, атақты табиғаттанушы, энциклопедист ғалым В. В. Вернадский ноосфера ұғымының негізін салды. Ол литосфераға, гидросфераға, атмосфераға және биосфераға қосымша ноосфера тұжырымдамасын ұсынып, адамның табиғатты сырапсыз пайдалануы негізінде жаһандық деңгейде туындап отырған проблеманы шешуге адамның ақыл-ой жүйесін бағыттайды. Бұл - бүгінгі таңдағы ғылымда, іс-жүзінде, әрбір қоғамда пайдалануға тиісті қағида [1] .
Биосфера - адамдардың денесі сияқты дейді ол, - қоғам мүшелерінің сапалы еңбек етуіне қажеттің бәрін береді. Олар бір жағынан биосфераның арқасында өмір сүрсе, екінші жағынан өздері табиғат құбылыстары мен өзгерістеріне, табиғаттағы заттар айналымына қатынасып отырады. Сондықтан өздерін өлтіргілері келмесе, табиғат процестерін елемеуге, ескермеуге, оларды бұзуға, кейіннен түзеуге болмайтын өзгерістер енгізуге құқықтары жоқ. Сонымен қатар адамдар осы процестерді өздерінің саналы бақылауларына алып, өндірістік, тағы басқа іс-әрекеттер биосфераға тән процестермен үйлестіріп жүргізулері керек. Мұны адамдар өздері өмір сүретін ортаны жақсартуға, өзгертуге құқықсыз деген ұғым тумайды. Тек сол жетілдірудің пайдалы, қолайлы жолын табу қажет. Қолайлы болғанда адамдардың бүгінгі қажеттерін өтеу үшін емес, табиғатта қалыптасқан теңдікке негізделген қолайлылық болуы дұрыс.
Өркениет тағдыры байланысты болатын ХХ ғасырдың дағдарыс проблемалары латынның «глобус» - жер шары атауынан глобальды деген атауға ие болды. Оған мыналар жатады:
1. ҒТП-ның катастрофалық салдарымен байланысты экологиялық дағдарысты жеңу (қоршаған ортаның ластануы, атмосфераның озонды қабатының азаюы, парникті әсер және т. б. ) ;
2. жаппай зақымдау қаруын қолдана отырып, соғысты болдырмау;
3. қайыршылықты, ашаршылықты, сауатсыздықты жеңу, жаңа шикізат көздерін табу, экономиканың әрі қарай дамуын қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық революцияның зиянды салдарын болдырмау.
Жаһандық мәселелердің пайда болуының өз себептері бар. Біріншіден, терең саяси және экономикалық байланыстармен қамтамасыз етілетін қазіргі әлем тұтастығы. Екіншіден, табиғатты бақылаусыз пайдаланатын адамның экономикалық қуаты.
Үшіншіден, глобальды проблемалар себептерінің бірі елдер мен мәдениеттер дамуының біркелкі болмауы.
Қазіргі өркениеттің глобальды проблемаларының болуы мен оларды шешу жолдарын бағалауда екі тәсіл бар: «пессимистер» адамзаттың 30-50 жылда құритындығын айтады. «Оптимистер» адамзат пайда болған бөгеттерді жеңіп шығады деп есептейді. 60-70 жылдары адамзаттың болашағы туралы түсініктердің, білімдердің жиынтығы ретінде футурология (латынның болашақ сөзінен) ғылымы пайда болады. Футурологиялық зерттеулерде 1968 жылы құрылған және әлемнің отыз елінің ғалымдарын біріктірген Рим клубы белгілі болды. Рим клубы - глобальды модельдеу. Рим клубының идеалы - адамзаттың ең жақсы қасиеттерін қайта жаңғырту, адамның табиғатпен үйлесімі, адамзат санасын ояту, оның ғылыми-техникалық прогреске көзсіз сенуінен босату, адамның жаңа құндылықтарын анықтау, оның тұрмысын ізгілендіру.
Антропогендік әсердің бір салдары - топырақ жамылғысынын қарқынды ластануы. Ластанушылар ролін металдар мен олардын қосылыстары, радиоактивті элементтер, ауыл шаруашылығында қолданатын тыңайтқыштар мен улы химикаттар атқаруда.
Топыраққа қауіпті ластаушылардың бірі сынап пен онын қосылыстары жатады. Сынап қоршаған ортаға улы химикаттармен, металдық сынап және оның қосылыстары бар өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен түсуде.
Топырақ үшін қауіпті ластаушылардың тағы бірі - қорғасын. Бір тонна қорғасын балқытқан кезде қалдықтармен бірге қоршаған ортаға 25 кг қорғасын бөлінеді. Жоғарыда айтылғандай, қорғасын қосылыстары бензиннің құрамында да кездеседі Сондықтан автокөліктер қорғасынмен ластаудың көзі болып табылады . Әсіресе қорғасынның мөлшері автокөліктер көп жүретін үлкен көшелер бойындағы топырақ құрамында көп болады.
Қара және түсті металлургия орталықтарының төңірегіндегі топырақтар темірмен, мыспен, мырышпен, марганецпен, никелмен, алюминимен және басқа да металдармен ластанған. Көптеген жерлерде олардың концентрациясы шекті мөлшерден ондаған есе асып түседі.
Радиоактивті элементтер топыраққа атомдық энергияны пайдалануға қатысы бар ғылыми-зерттеу ұйымдары мен АЭС, атомдық жарылыстар немесе өнеркәсіп орындарының сұйық және қатты қалдықтарын кетіру кезінде түсуі мүмкін.
Топырақтың химиялық құрамына - тыңайтқыштар мен зиянкестерге, арам шөптерге, ауруларға қарсы әртүрлі химиялық заттар қолданылатын ауыл шаруашылығы да әсер етеді. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы процесіндегі зат айналымға түсетін заттардың мөлшері өнеркәсіп орындарынан бөлінетін заттардан кем түспейді. Айта кетерлігі, тыңайтқыштар мен улы химикаттарды қолдану жылдан-жылға артып келеді. Ал топырақтың құнарлылығы алынған өнім мен ондағы өсетін өсімдіктердің түрлік құрамына байланысты. Қазіргі кездегі топырақты ластаушыларының негізгі көздері мыналар:
- пестицидтер;
- минералдық тыңайтқыштар;
- өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы қалдықтары;
- атмосфераға өнеркәсіп орындарынан бөлінетін газды-түтінді заттар;
- Мұнай және мұнай өнімдері.
Топыраққа антропогендік әсер ету оның деградацияға ұшырауына (эрозия, ластану, тұздану және батпақтану, шөлейттену) алып келеді. Сондықтан топырақ ластануын болдырмау үшін мынадай шараларды жүргізу керек:
- табиғатты қорғайтын заңдарды бұлжытпай орындау;
- қоршаған ортаның сапасына бақылау жүргізетін мекемелер қызметін дұрыс ұйымдастыру;
- топырақты ластаушы заттардың қасиеттерін, жылжу
- тәртібін, топырақ процестеріне қатысуын зерттеу;
- зиянды заттардың шекті мөлшерлерін нормалау;
- қауіптілігі бойынша пестицидтерді топтастырып, кейбір
- түрлерінің қолданылуын шектеу;
ауыл шаруашылығында зиянкестермен, арам шөптермен күресу үшін химиялық әдістердің орнына биологиялық әдістерді қолдану және т. б өзгеріске ұшырауы ландшафттардың барлық табиғи компоненттеріне, атап айтқанда, жергілікті климатқа, жер беті мен жерасты суларына, топырақ және өсімдік қабатына күшті әсер етеді . Атмосфералық ауаның тазалығын қорғау мәселесінде 2 маңызды аспектіні бөліп көрсетуге болады:
1 гигиеналық- адамдардың денсаулығы үшін ауаның қалыпты құрамын сақтау
- экономикалық - өндірілген шикізат пен оның өндірістік өнімдерін қайта өңдеу және пайдалану процесінде ауаға ұшып жатқан пайдалы компоненттерді жоғалтудың алдын алу.
Атмосфералық ауаның ластануынан пайда болатын қауіп:
Смог
Қышқыл жаңбыры
Парниктік эффект
Озон қабатының бұзылуы
Атмосфераны ластаушы көздер:
- атмосфераға жанартау атқылау, шаңды борандар, жергілікті өрттер нәтижесінде келіп түсетін бөлшектермен табиғи ластану;
- тұрмыстық, өндірістік, транспорттық мақсаттар үшін, соның ішінде автокөлік двигательдеріндегі отынның жану өнімдерімен ластану;
- техногенез процесінің нәтижесінде өндірістік кәсіпорындардың қалдықтарымен ластану;
- техногендік авариялардың және т. б. нәтижесінде атмосфераның радиактивті ластануы.
Ауаның ластануын болдырмау және оның зиянды зардаптарын жою мынадай негізгі бағыттарда жүргізілуі қажет:
зиянды, ластаушы заттарды ауаға шығармау;
ластаушы заттар әсерлерінен қорғану;
ластаушы заттардың зиянды әсерін, зардабын жою;
зиянды әсерлердің алдын алу, оларды болдырмау;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz