Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің міндеттері жайлы



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Бақылау жұмысы

Тақырыбы:

Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің міндеттері

Орындаған: Шекенова С.
Тексерген: Калмурзина Р.

Орал қаласы, 2012 ж.
Дене тәрбиесі советтік жүйесінің барлық буындарында бір мақсат - өмірге
коммунистік еңбекке, Отан қорғауға даярлау жүзеге асырылады. Мектепке
дейінгі балалық шақ дене тәрбиесінің міндеттерін жалпы мақсаттық бағыттарын
сақтай отырып, жас ерекшеліктерін ескере нақтыланады.
Мектепке дейінгі жасқа дейін дене тәрбиесін сауықтыру, білім беру және
тәрбиелеу міндеттері жүзеге асырылады. Мектепке дейінгілер дене тәрбиесінің
басты міндеті - өмір қорғау және денсаулық нығайту, балалардың организмін
шынықтыру болып табылады.
Жақсы денсаулық барлық органдармен организм жүйелерін нормаға сай
жұмыс істеуімен анықталады. Денсаулық нығайту міндеттері бала организмінің
даму ерекшеліктерімен туа отырып әр жүйе бойынша әлдеқайда нақты түрде
анықталады: дұрыс және уақытылы сүйектенуге, омыртқа иелістерінің
қалыптасуына, табан үзенгілігінің дамуына, байланыс буындық аппарттың
нығаюына көмектесу, дене бөліктрінің дұрыс арақатыста (пропорция дамуына),
сүйектердің өсуімен салмағын реттеуге себепші болу, бұлшық еттердің барлық
топтарын (кеуде, арқа, қарын, аяқ, мойын бұлшық еттеріне айырықша көңіл
бөлу).
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі процесінде білім беру
міндеттерінде шешудіңде маңызы аз емес. Қимыл қозғалыс дағдыларын
қалыптастыру, денені түзу ұстау, дене тәрбиесі туралы білімді игеру.
Нерв жүйесінің икемділігі арқасында балаларда қимыл қозғалыс дағдылары
басқалармен салыстырғанда оңай қалыптасады. Олардың көпшілігін (еңбектену,
жүру, жүгіру, шаңғы тебу, велосипед теуіп ойнау, т.б.) балалар күнделікті
өмірде пайдаланады.
Қимыл-қозғалыс дағдылары қоршаған ортамен байланыс жасауды жеңілдетеді
және оны танып білуге көмектеседі. Мәселен, еңбектенуді үйренген бала оны
қызықтыратын заттарға өзі жақындайды да олармен танысады, шаңғы, велосипед
тебе білетін балалар қардың, желдің қасиеттерін оңай танып біледі. Жүзу
кезінде балалар судың қасиеттерімен танысады.
Дене жаттығуларын дұрыс орындау бұлшық еттердің, буындардың, сүйек
жүйесінің жетілуіне тиімді әсерін тигізеді. Мысалы, қолды артқа сілтей
құлаштап тақтыру әдісін дұрыс үйренген бала құлаш сілтеу мен лақтыруды
кеуде аяқ, қол қозғалысының үлкен амплитудасымен орындайды, бұл бұлшық
еттер, буындар, бунақтардың тиісті топтарының жақсы жетілуіне жағдай
жасайды.
Қалыптасқан қимыл қозғалыс дағдылары баланың, күш үнемдеуіне мүмкіндік
береді. Егер бла жаттығуды оңай, қиналмай орындаса, онда ол жүйке қуатын аз
жұмсайды. Осының арқасында жаттығуды көп рет қайталауға және жүрек қан
тамырлары, тыныс жүйелеріне әлдеқайда тиімді әсер жасауға, сондай-ақ дене
қасиеттерін дамытуға мүмкіндік туады.
Нық қалыптасқан қимыл қозғалыс дағдыларын пайдалану қимыл қозғалыс
және ойын іс әрекетінің күтпеген жерден туатын міндетерін ойластыруға
мүмкіндік береді. Мәселен, жүгірген бетте ұзындықтан дұрыс секіруді
үйренген бала, мысалы, Жар астында қасқыр бар ойынын ойнап жүгенде қалай
секіру керек екендігі жайын ойламай, қасқырдан қалай құтылу жағдайын
ойластырады.
Жеті жасқа дейінгі қалыптасқан қиымл қозғалыс дағдылары мектепте
оларды одан әрі жетілдірудің іргетасын қалайды және алдағы уақытта спортта
жақсы нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді. Көптеген атақты спортшылар
(И.Тер-Ованесян, В.Брумель т.б) дене жаттықтырумен үзбей айналысуды
балалаық шақтан бастаған.
Мектеп жасына дейінгі балаларда негізгі гимнастика жаттығуларын (сапта
тұрып жаттығу, жалпы жетілу жаттығулары, негізгі қозғалыстар – жүру,
жүгіру, теңдік сақтау, өрмелеу) спорт жаттығуларын (шаңғы тебу, коньки,
вилосипед тебу, жүзу) орындауды қалыптастыру қажет. Мұнымен бірге балаларды
спорттық элементтері бар ойындарды ойнай білуге үйрету керек (теннис,
бадминтон, валейбол, баскетбол, хоокей, т.б.). Жас мөлшеріне қарай
бөлінген топтар бойынша қалыптастырылатын қимы-қозғалыс дағдыларының көлемі
балабақшадағы тәрбие программасында берілген.
Балалардың қимыл қозғалыс дағдыларын қалыптастырумен қатар алғашқы
күндерден бастап дене қасиеттерін (ептілік, шапшаңдық, күш, төзімділік,
тепе-теңдік сақтау, т.б.) дамыту қажет. Мұндай қасиеттерді дамытуға
мүмкіндік бар екенін сандық көрсеткіштер дәлелдейді. Мысалы, күштің,
шапшаңдық пен ептіліктің дамуымен бірге секіру биіктігі, ұзындыққа лақтыру
алыстағы артады. Төзімділікті дамыту балаларға дене жаттығуларын шаршамай
жасауға, ұзақ жол жүгіруге мүмкіндік туғызады. Лақтырғанда көздеген жерге
тигізу, секіргенде діттеген жерге дәл түсу, жергенде жүгіргенде бағдыр
сақтау – балалардың көзбен шамалау қабілетінің жақсы екендігін дәлелдейді.
Дене қасиеттерін дамылдатпайынша бала аса қарапайым жаттығудларды да
орындай, қиымл-қозғалысты тілейтін іс-әрекеттің алуан түрлерін жетілдіре
алмас еді.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тұлғаны дұрыс ұстау дағдысына, яғни
бала отырғанда, тік тұрғанда, жүргенде денені дұрыс қалыпта сақтай білуге
тәрбиелеудің маңызы зор. Тұлға дұрыстығының барлық органдар мен организм
жүйелерінің нормаға сай қызмет етуі үшін үлкен мәні бар. Бірақ тұлғаның
дұрыстығы – дер кезінде қалыптастырылуы тиіс дағды.
Бұл жаста жеке және қоғамдық гегиенаның бастапқы дағдыларын бойға
сңіірудің (дене жаттықтырудың алдында қол жуу, мұрын тазалау, дәрет
сындыру, костюмі, аяқ киімді күту, т.б.) үлкен маңызы бар. Балалардың
денсаулығы көбіне осы дағдыларға, әдеттерге байланысты.
Мектеп жасына дейінгі балаларға дене тәрбиесіне байланысты қарапайым
білімді хабарлаудың маңызы зор. Алған білім балаларға неғұрлым саналы түрде
айналысуға және балабақша мен семьяда дене тәрбиесі құралдарын неғұрлым
толық өз бетімен пайдалануға, тұлғаның дұрыстығын, қозғалыс техникасы,
қиымл-қозғалыстық ойындардың ережелері туралы мағлұматты, сондай-ақ жеке
және қоғамдық гегиена туралы қарапайым білімі болуға мүмкіндік береді.
Балалар дене мүшелерінің аттарын, қозғалыс бағыттарын, физкультура
жабдықтарының аттары мен атқаратын қызметтерін, оларлы сақтау мен күту
ережелерін, киімді, аяқ киімді күту ережелерін білулері тиіс. Дене
тәрбиесіне қатысты білімдер балалар өскен сайын кеңейте түседі.
Дене тәрбиесі процесінде кең ауқымды тәрбиелік міндеттерді шешудің
маңызы үлкен. Балаларда күн сайын дене жаттықтырумен айналысуға деген
қажеттілікті әдетті қалыптастыру, балалар мекемелерінде және үйде осы
жаттығулармен өз бетінше айналыса білуді дамыту, неғұрлым қарапайым
жаттығуларды өз құрдастарымен және біршама кіші жастағы баламен бірге
өткізу қажет.
Балаларда спортқа деген сүйспеншілікті, оның нәтижелеріне,
спортшылардың жетістіктеріне деген қызығушылықты тәрбиелеу керрек.
Дене тәрбиесі процесінде адамгершілік, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесін ұйымдастыру әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы мен методикасы
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесіне деген психологиялық дайындығының компоненттерін анықтау
Мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру жолдары
Логикалық ойлау - білімді өңдеудің логикалық тәсілдермен байланысы
Мектепке дейінгі дене әдістемесінің мақсаты мен міндеттері
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі
Бала тәрбиесі - өте күрделі процесс
Дене тәрбиесі теориясының пәні
Пәндер