Әлеуметтік зерттеу методологиясы мен әдіс-тәсілдері


Тақырыбы: Әлеуметтік зерттеу методологиясы мен әдіс-тәсілдері.
Ғылым алдын-ала жоспарланған теориялық таным процесі, зерттеу ретінде белігілі бір әдіс-тәсілдерді қолданады-онсыз ғылыми ақиқатқа жету мүмкін емес. Осы жағынан алғанда, ғылым теоиия мен әдістің диалектикалық бірлігі болып табылады. Ғылыми танымның әдіс-тәсілдері жайлы ілім методология деп аталады. Ғылымдар бір-бірінен тек зерттеу пәндері арқылы ғана айырылады, зерттеу әдістері арқылы да айырылады. Ешбір жеке ғылымның немесе ғылымдар тобының ерекше, басқалардан өзгеше, тек өзіне ған тән ғылыми әдісі болмайды, керісінше, олардың бәріне ортақ жалпы методологиялық негізді басшылыққа алады. Осы жөнінен алғанда, барлық жаратылыстану және қоғамтану ғылымдары үшін ортақ екі негізгі таным методологиясы бар. Олар-диалектикалық және метафизикалық методтар. Бұларды әрбір ғылым өз зерттеу пәнінің ерекшеліктеріне ыңғайлап қолданады. Бұлт екі танымдық методтардың мазмұны мен принциптері студенттерге философия курсынан мәлім болуы тиіс. Диалектикалық метод шындық дүние құбьылыстарының сапалық өзгерістерін басшылыққа ала отырып, дүниені терең танып білуге мүмкіндік береді. Сондықтан, біздің пікірімізше, жалпы социологияның танымдық әдіс-тәсілдерін қоғам құбылыстарының ерекшеліктеріне сәйкес диалектикалық-материалистік методологияның негізінде ғана жасауға болады.
Әлеуметтік философия методы мынадай мәселелерді зерттеуі тиіс:
1) қазіргі заманғы социологиялық теориялардың логикалық негізін; оларда адамдар өмір сүріп отырған нақты объективтік жағдайларда қарастыруы керек. Ол сондай-ақ әлеуметтік құбылыстарды жалпы байланыста және дамуда қарастыруы тиіс. Ол қоғамдық құбылыстардың өзгерісі мен дамуының негізі- ішкі қарама-қарсылықтардың күресінің нәтижесі, қоғамдық өмірдің өзгерісі біртіндеп жүретін эволюциялық жолмен секірмелі түоде де болатынын басшылыққа алуы қажет. Диалектикалық-материалистік таным теориясына сәйкес социологияда ғылыми таным, шын мәніне келгенде, біртұтас қоғамды танудан оның бөлшектерін, жеке қоғамдық құбылыстар мен қатынастарды танып білуге, алд бұл соңғыдан қайтадан бүтінге, бүкіл қоғамды тануға көшуі тиіс. Адамзат қоғамын зерттеудің осы диалектикасын басшылыққа ала отырып, социология өз әдіс-тәсілдерін(методын) тағайындайды: фактілерді жинау әдісін, жинақталған мәліметтерді ретке келтіру және ішінара жалпылау әдісін, ғылыми жалпылау (қорытындылау) әдісін т. б. ғылыми зерттеудің түрлі кезеңдерінде қолданылады.
Кез келген нақты социологиялық зерттеу мынадай бес негізгі кезеңдерден тұрады:
1. зерттелетін құбылыстарды анықтап, бастапқы гипотезаларды тұжырымдау;
2. Зерттеу жоспарын жасау;
3. мәліметтер жинау;
4. жиналған мәліметтерді тәртіпке келтіру;
5. ғылыми түсіндірме жасап, оны тексеру;
2. Зерттеу объектісін (зерттелетін құбылысты) анықтау және жоспарын жасау қоғамдық құбылысты ғылыми танып білудің бірінші кезеңі болып табылады, өйткені жинақталған фактілердің объективтілігі мен ақиқаттығы, қорытындының ғылыми дұрыстығы көп жағдайда зерттеу объектісін дұрыс анықтап алуға байланысты болады. Зерттелетін құбылысты анықтағанда оның басқа құбылыстармен қаншалықты байланысты екендігі де анықталады. Бұл жағдайда зерттелетін құбылыс жайлы бұрыннан бар білімдер негізге алынады. Ол білімдер неғұрлым толығырақ болса, соғұрлым зерттелетін құбылыс дұрысырақ анықталады. Зерттелетін құбылысты және оның байланыстарын анықтағаннан кейін зерттеудің нәтижесінде расталуға тиісті бастапқы гипотезаларды(ғылыми жорамалдарды) тұжырымдауға кіріседі. Бұл гипотезаларда зерттелуге тиісті құбылыстардың арасында белгілі бір себеп-салдар байланысы бар деп жорамалдап, олар зерттеу нәтижесінде расталуға тиіс деп топшыланады. Ғылыми зерттеудің міндеті-қоғамдық құбылыстар арасындағы байланыстардың формасы мен беріктігін анықтау. Бұл байланыстар мен қатынастар тәжірибеде іс жүзінде тексеруге болатындай болуы тиіс. Гипотезаның мазмұнын (ұғымын) эмпириктік жолмен де тексеруге болады. Егер оны эмпириктік жолмен тексеру қажет болса, онда оны фактілермен салыстырамыз, ал теориялақ тұрғыдан тексергенде ақиқаттығы бұрын негізделген қағидалардың, теориялардың көмегімен дедукциялық жолмен дәлелденеді. Гипотеза әрдайым ақиқат бола бермейді, бірақ олардың мүмкіндігінше ақиқат болуына талпыну керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz