Жапырақ. Жапырақ - өсімдіктің өсу мүшесі


Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Жапырақ

Жапырақ өсімдіктердің вегативтік органдардың бірі. Жапырақ фотосинтез, газалмасу, су буландыру процесін атқарады.

2. Жапырақ - өсімдіктің өсу мүшесі. Қызметі: 1) ауадан көмірқышқыл газымен су буын сіңіріп, жапырақтың әсерінен органикалық зат түзу (фотосинтез) ; 2) жасушадағы артық суды буландыру; 3) газ алмастыру; 4) органикалық заттарды қорға жинау; 5) көбеюге қатысу. Өркен мен жапырақ бірге дамиды. Алдымен жапырақ тақтасының ұшы, содан соң, негізі, соңында сағағы өседі.

Жапырақтың сыртқы құрылысы. Жапырақ тақтадан (алақыны) және сағақтан тұрады. Жапырақтың кеңейген (жалпақ) бөлімі тақтасы, сабаққа бекінетін жіңішке бөлігі сағағы деп аталады. Сағағы болмайтын жапырақтарды сағақсаз жапырақ дейді. Фотосинтез-, су булану, газ алмасу, органикалық заттарды қорға жинау жапырақ тақтасында жүреді. Сағағы жапырақтың жұлынып түсулен сақтайтын берік тірек қызметін атқарады. Сағақ жапырақ тақтасын жарыққа қарай бағыттап, бұрып қозғалтады. Сабақтан сағақ арқылы қоректік заттар жапырақ тақтасына өтеді.

3. Жапырақ тақтасының пішіні. Өсімдік түріне қарай жапырақ тақтасының пішіндері әр түрлі. Қарағай, шырша және т. б. ине тәрізді; бидай, қарабидай, жүгері, арпа таспа тәрізді. Жөке, гүлшетен пішінді; құсықшөп бүйрек пішінді; шырмауық жебе тәрізді.

4. Жапырақ жүйкесі- жапыраққа беріктілік, серпімділік қасиет беретін талшықтар. Және жапырақ құрамында флоэма және клоэма болады. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің және жапырақ өсімдік түрлеріне қарай әр түрлі болады. Жапырақ қынабынан басталған талшықтар бір-бірімен қатар келліп, жапырақтың ұшына келін жеткендеқосылса қатар жүйкелі жапырақ деп аталады (мыс, астық тұқымдас өсімдік, қияқ) . Доға жүйкелітүріндеекі жаққа тең бөлініп, жапырақтың орта жерінде жақындаған сайын доға сияқтыиіледі де, ұшына жеткендебір-бірімен қайта қосылады.

5. Жанаспалы жасушалар - жарты ай немесе бүйрек пішінді бір- бірімен жанасқан 2 жасуша. Жанасқан жерінде саңылауы бар. Бұл асңылау бірде ашылып бірде жабылады. Саңылау арқылы жапыраққа ауа енеді. Атмосфераға су буы, оттегі және көмірқышқыл газы шығарылады. Жанаспалы жасушада болатын хлорофилл дәнерінде күн сәулесінен қант (органикалық зат) түзіледі. Сол кезде қысым артып күндіз саңылау ашылады. Түнде қант мөлшерінің азаюы қысымды төмендетіп, саңылау жабылады. Егер күндіз күн өте ыстық, желді болса, ылғалды сақтау үшін саңылау жабылып тұрады. Саңылау күндіз күнде де, түнде де жабық болады.

Жапырақтың орттаңғы жұмсақ бөлігіндегі жасушалар пішініне қарай бағаналы және борпылдақ деп 2- гн бөлінеді. Бағаналы жасушалар жарық мол түсетін үстіңгі өңнің астына жанаса жатады. Бағана тәрізді ұзын, бір - біріне тығыз орналасқандықтан осылай аталады. Жасушалары тығыз орналасп ай атасында кеңістіктері болса - борпылдақ жасушалар деп аталады. Жапырақ жүйкелері де осы қабатта. Су мен минераралды заттар жапыраққа жүйке арқылы өтеді.

6. Тікенге айналған жапырақтарда жапырақ жүйкелерінің ұшы тақтасының жиегі тікенектік болады. Мысалы түйетікен, шағыртікен, және т. б. жатады. Жапырақ тақтасы түгелдей тікенге айналғандар: сарыағаш, кактус, кәріқыз, қарлыған. Жапырақ түктері тікенге айналған өсімдік - итмұрын. Тікенекті жапырақтың өсімдік тіршілігіндегі маңызы:малға жем болудан қорғану; суды аз буландыру.

Мұртшаға айналған жапырақтар. Асбұршақ, үрмебұршақ және т. б өсімдіктердегі жапырақтарының оралық жүйесі мен майда жапырақшалары мұртшаға айналған. Мұртшалары әлсіз сабақтарының жарыққа қарай көтеріліп, өсуіне сүйеніш.

Қабыршаққа айналған жапырақтар. Бүршіктердің сыртындағы қабыршақтар, тамырабақтағы қабыршақтардың барлығы түрін өзгерткен жапырақтар. Бүршіктің, пиязшықтың ішкі бөліктерін зақымданудан, улы газдардың зиянды әсерінен қорғайды. Орамға айналған жапырақтар жүгері собығыныңсыртын орап тұрады.

7. Шырынды жапырақтар. Пияз, қырыққабат өсімдіктерінің жапырақтары қоректік заттарды қорға жинайтындықтан қалың, шырынды. Қор заттары өркендердің дамуына жұмсалады. Боз кілем, сарысалма, түбіртектің шырынды жапырақтарында су қоры жиналады. Құрғақшылық болғандашырын қор заттарын пайдаланып тіршілік етеді.

Бунақденелілерді (насекомдарды) аулау құралына айналған жапырақтар. Бунақ денелілермен қоректенетін өсімдіктердің жапырақ тақтасы ұстағыш құралға айналған. Сазда, батпақта, тоқтау суларда, көлдерде азот пен минералды тұздар жетіспейтін жерлерде өседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктер - автотрофты организмдер
Өсімдіктің генеративті мүшелері
Жабық тұқымдылар немесе гүлді өсімдіктерге сипаттама
Ботаника ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Күріш дақыл сорттарына ауыр металлмен тұздың кешенді әсері
ӨСІМДІКТЕРДІ ВЕГЕТАТИВТІ КӨБЕЙТУ
Жаңа технологиямен өсірілген күздік бидайдың морфо – анатомиялық құрылымына экологиялық факторлардың әсері
Транспирация мүшелерінің құрылысы
Өсімдіктер жапырағы
Тамыр: тамырдың бірінші реттік құрылысы. Тамырлықжүйе
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz