Көшпелілердің рухани мәдениеті
Көшпелілердің рухани мәдениеті.
Қазақстанның әуелгі ортағасырлардығы көшпелі халқының сондай – ақ
қалалары мен қоныстары тұрғындарының , наным сенімдері мен діні әрқилы
болды. Ежелгі түріктер дінінің негізі Көкке (Тәңір) және Жер -Суға (Йер-
Суб) сыйыну болды.[ ] Құдірет деп есептелген бұл қос күштің негізгісі Көк
болды. Қағандар нақ осы Көктің еркімен билік құрып, олар Көк тектестер
және Көкте туғандар деп аталды. Көк өз биігінен (көк жүзінен) менің әкем
Илтериш-қағанға және менің анам Илбілге-қатынға жөн сілтей отырып, оларды
(халықтан) жоғары қойды. [ ] Түрік қағандары өздерінің жазбала-рында Көкті
өздерін әрқашанда желеп-жебеуге шақырады. Олар Көк, Жер – су жұт жайлаған
жылдары түрік халқын сақтап қалды деп сенген.
Өзінің мәні жөнінен бұдан кейін тұрған әйел тәңірісі Ұмай — от басы мен
бала-шағаны қорғаушы болған. Сонымен бірге, Ұмай түріктер сыйынған
құдіретті үш күштің бірі болған және оларға қашанда қамқоршы болып отырған.
Мұны мәселен, Тоникөктің құрметіне орнатылған ескерткіштен көруге болады,
онда түріктердің сәтті жорықтарының бірін сипаттағанда былай делінген:
Көк, Ұмай (құдай), қасиетті Жер-Су, міне, бізге жеңіс сыйлаған осылар деп
ойлау керек!.
Әуелгі орта ғасырлардағы барлық түркі тілдес тайпалардың наным-сенімінде
қасиетті тауларға (ыдұқ баш) табынушылықтың маңызды мәні болды, бұл сенім
Оңтүстік Сібірде-өткен ғасырдың өзінде сақталып келді. Ертедегі түріктер
қасиетті Отүкен қара күшін (Хантай таулары) ерекше қастерлеген, олардың
рухы қаған тегінің қамқоршысы деп есептелген. Түрік аңыздары бойынша, осы
үңгірде қасқырдан түріктердің бабалары туған. Қаған жылына осы жерде бір
рет құрбан шалып отырған. Түріктердің ұғымы бойынша, жер мен суды, орман
мен тауларды жайлайтын көптеген рухтар бар, оларға анада –санда тасаттық
беріп, кәрін жұмсартып отыру қажет. Сенім боынша дүние салғаннан соң
адамдардың жаны қоныс аударатын жер асты патшалығын өлім тәңірісі мен жер
асты дүниесінің әміршісі Ерікліг басқарды деп санаған. Оның аты Енесей руна
жазуларының бірінде аталады.
Осы сипатталған наным-сенімдер ежелгі түрік тайпаларына, оның ішінде
оғыздарға, қарлұқтарға, кимектерге, кыпшақтарға ортақ болған. Бұған, атап
айтқанда, орта ғасырлардағы араб және парсы шығармаларында кездесетін
түріктердің наным-сенімдерін сипаттайтын қысқа және үздік-создық
сипаттамалар айқын дәлел бола алады. Араб географы әл-Макдиси (X ғ.) Орта
Азиядағы түріктердің діні туралы былай деп жазады: Түріктер бір тәңірі,
яғни ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz