Желтоқсан - 1986
Осыдан он жыл бұрын 16-18 желтоқсанда Казакстан астанасында болған қанды
шайқас халқымыздың тарихына тонтоң болған шері мен мұңы бар, катпар-қатпар
сыры бар күндер болып мәңгі хатталды. Алайда осы бір тарихи құбылыс пердесі
әлі толық ашылмай келеді. Оның бірнеше себептері бар. Біріншіден, бейбіт
демонстрацияға, манифестацияға шыққанның мәніндегі реформатор үрпақтың
өклідерңн қанға бектіру процесіне қатысқандар әлі арамызда. Екіншіден, жүйе
алғашқы жылдары желтоқсан қозғалысына байланысты негізгі деректерді құртып
үлгерді. Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының арнаулы комисиясы жүріп
жатқан кезде негізгі құжаттардың бірқатарын Қазақ ССР ішкі істер
министрлігінің өртеп жібергені осының бірден-бір айғағы. Біздің пікірімізді
мына құжаттар да растайды: іс жүзіндегі маңызын жоғалтуы себепті,
жарамдылық мерзімі өтіп кетуіне байланысты "Метель" операциясын өткізу
кезіидегі іс-қимыл жоспары (вх. № 1095.27 бет) өртелу жолымен жойылды. Ішкі
қызмет подполковнигі А.И. Калинин.
"Қазақ ССР ішкі министрі М.Т.Берсенев жолдасқа: үстіміздегі жылдың
(1990ж автор), 4 шілдесіндегі әңгімеден кейін.Сіздің орынбасарыңыз Э.О.
Басаров комиссияны
қызықтыратын мына құжатты жою жөнінде жарлық берді: желтоқсан оқиғаларына
қатысты адамдар туралы, жедел анықтама. Құжаттар 14 шілде ...іс жүзіндегі
маңызын жоғалтқандығы және тарихи әрі ғылыми құны болмау себепті" жойылған
Т.М. Шаханов.
Үшншіден, 1986 желтоқсан проблемасын зерттеуге тарихшылар, қоғамтанушы
ғалымдар әлі араласкан жоқ. Өйткені фактылар жиналып, одан оқиға,
окиғалардан құбылыстардан тарихи зандылык өрбіту үшін уақыттық алшақтық
керек. "Таудың биіктігі алыстан көрінетіндігі" сияқты уоқиға алыстаған
сайын оның айшыктары ашық көрінеді. Әріптестеріміздің көпшілігі Алматы
желтоқсаны туралы қалам тартуға келгенде күмілжіп, тайсақтап кететіні тағы
бар.
Он жыл шынынан желтоқсан қозғалысына тарихи көзқарас қандай болмақ?
Әнгіме міне осы хақында.
I. Желтоқсан - 1986 қалай боғаланды? СОКП-ның. бас хатшысы
М.С.Горбачевтің өкілетті елшісі, басқарушы партияның. Саяси Бюросының
мүшесі М.А.Соломенцев бастаған илеп-билеушілер желтоқсанды "ұлтшыл
элементтер", "тобыр", "бұзақылар", арамтамақтар және қоғамға жат адамдар",
"қайта құруға қарсы күштер", "маскүнем, нашақор, көргенсіз бұзақылар",
"шектен шыққан (махровый) ұлтшылдық деп бағалады. 1986 жылы 18 желтоқсан
күні СОКП-ның Саяси Бюросы өзінің мәжілісінде "Алматыдағы оқиға байланысты
шаралар" туралы қаулы қабылдады. Сөйтіп, қазақ ұлтының жас реформатор
ұрпағының қозғалысын "оқиғаға" сайды. Амал нешік, бүкіл әдебиетте, оның
Казак ССР Жоғарғы Советі Президиумының арнайы Комиссиясіның шешімінде де
Алматыдағы желтоқсан қозғалысы "оқиға" болып саналуына жүйе осылай жол
салды, бағыт берді. Бірақ, СОКП Орталық Комитеті бұл берілген бағаға да
канағаттанбады. 1987 жылы шілде айында қабылданған арнайы қаулысында
желтоқсан қозғалысы "казақтардың орыстарға қарсы щығуы"' деп. барша халыкқа
ұлтшылдық айдарын тақты. Міне ол осылай өзінің әлем алдында қарабет
екендігін танытты.
Желтоқсан қозғалысын әлемдік деңгейге көтеріп, демократиялық
жұртшылықтың ниетін оған бүруда Америкалық Хельсински тобының енбегі
ерекше. БҰЛ топ желтоқсан феноменін Михаил Горбачев билікке келгелі болған
халық наразылығының ек бірінші және айқын көрінісі деп таныды.
Алматы желтоқсанын "толқу" деп бағалап, оқиға деген терминді тырнақшаға
алып жазды. Алайда сол бір тырнақшаға Желтоқсан қозғалысын зерттеушілердің
басым көпшілігі көңіл бөлмеді. Хельсински тобы Алматы құбылысының
"Қазақстан ғана емес, бүкіл Одақ көлеміндегі ірі тарихи "оқиға" екенін
көрсетті. "Бұл жаңа кезең, - ол топтың мойындауынша, - әр жерлерде күшпен
басылған талай толқуларды тудырды".
Желтоқсан құбылысын зерттеуге ат салысып келе жатқан көрнекті журналист
К.Табеев қазақстандык көзсіз батырларды 1825 жылы Сенат алаңына шыққан
көтерілісгілерімен салыстырды. Қазақ декабристері Одақ көлемінде ең бірінші
рет бел байлап, Орталықтың отаршыл саясаты мен озбырлығына қарсы үзілді-
кесілді бой көтерді, екі оқиғаның арасы бір жарым ғасыр өтсе де уақыт пен
құбылыстардың өз ара байланысы барлығына автор баса көңіл беледі. Журналист
Т.Данияров желтоқсан феноменін Одақтың құлауына әкелген 1991 жылғы тамызмен
үндеседи, деп әділ санайды. "Желтоқсан ызғары" атты еңбектің авторы жазушы
Т.Бейіскұлов желтоқсан Қозғалысын "Совет өкіметі түсында бұрын-соңды
кездеспеген құбылыс" деп таныды. Автор газет-журнал беттеріндегі жарық
көрген материалдарды жинақтап, бір ретке салды. Уақыты
сөзімен, айбынды үнімен публицист өзінің ізбасар батыр ұрпағына деген
сүйіспеншілігін танытты. Еңбекті жоғары бағалай отырып, оның айдарына көңіл
бөлгім келеді: Желтоқсан ызғары". Біздіңше, ызғар" ұғымы бұл құбылыстың
сырын аша алмайды. Желтоқсан 1986 - алды дабыл, аты дауыл, үскірік аязға
ұласты, елді түнек басты. Желтоқсан арты 1937-38 жылдар сияқты күрескер
ойшыл кауымды жаппай (тотальный) репрессияға ұшыратты. Желтоқсан - 1986 ісі
бойынша Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумы құрған арнайы комиссия ұзақ
ісәне негізінен жеңісті еңбек еттіі (Төрағасы жазушы М.Шаханов) Комиссия
құбылыстың қалай өрбігенін, тарих алдында жауапты жандардын қылмысын толық
көрсетіп берді. Комиссия отаршыл жүйенің қозғалысты қалай жазалауды
үйымдастыруда асқан "өнерінің" сырын ашты. Қозғалыстың түрі ұлттык
болғанымен оның ұлтшылдыққа ұрынбағандығын, орыс халқына деген
өшпенділіктін болмағанын баса көрсетеді. Ол желтоқсан толқуын Одақ
көлеміндегі жас, әлі буыны бекімеген демократия мен әкімшіл-әміршіл жүйенік
түңшш қақтығысіы- деп түйіндеиді.
Желтоқсан құбылысын Комиссия осылай "толқу",
"қақтығыс" деп бағалады. Сөйтіп ол америкалық Хельсински
тобының пікірін қуаттады. .
Комиссия еңбегін жоғары бағалау абзал. Ол жүйені айыптады, желтоқсан
қозғалысына - көптеген деректерді жинады, жаіппай репрессияға ұшыраған
адамдардың есімдерін қаттады, жарасына рухани емшілік етті.
1990 жылы 24 қыркүйекте Қазақ ССР Жоғарғы Советі
Президиумы "Алматы қаласында 1986 - жылғы желтоқсанның 17-18-інде болған
оқиғаларға байланысты жағдайларға түпкілікті баға беру жөніндегі
Комиссияның тұжырымдары мен ұсыныстары туралы" каулы қабылдады. Қаулыда
жастардың "Алматыда болған бой көрсетуі ұлтшылдык сипат алмағанын және
бастапкы сатысында заңға қайшы сипатта болмағанын атап өтеді .
Демонстранттармен байланыс жасау кезеңі өткізіліп
алғаннан кейін, жағдай шиелінісіп, алаңдағы жастардың бейбіт көңілкүйін
қызбалық пен ұрыншақтық алмастыра бастаған кезде, диалогқа жасалған әрекет
мінбедегі үдеткішке шыкқан республика басшыларын тікелей корғау мен
бұзақылық қылықтарға ұласып кетті. Заңға кайшы ұрандар айтылып, тәртіп
қорғау күштерімен қактығысу басталды, оларға тас лақтырып, машиналар
өртелді және басқа бұзақылыктар жасалды.
Партия органдарыңың нұсқауы бойынша жұмысшы жасақшыларын таяқтармен,
металл шыбықтарымен және кабель кесінділерімен қаруландыру оқиғаларға екі
жактың ұлттық бойынша тайталасу сипатын берді. Мұның өзі сол күндергі
елеулі саяси қателіктердің бірі болған еді" – деп түйіндеді.
Басқаша айтқанда, Комиссия бір жағынан жастардың алаңға шығуын
айыптамаса, екінші жағынан манифестацияның
екінші сатысында "кызбалык", "үрыншактық", "бүзакылық жасады" деп, Жоғарғы
Совет Президиумы билеуші топтың,
"жүенің ісін актауға тырысты. Қанды қырғын ұйымдастыру Жоғарғы Совет
Президиумының түсінігінде осы кана. "саяси
қателіктердің біріне айнадды.
Жоғарғы Совет Президиумы кейбір атышулы қолы қанға малынған, есімі карғыска
шалынған жауапты кызметкерлерді ат-үсті жазалау аркылы елдің хобалжу
көңілін басты. Сонымен 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматы каласында
болған
оқиғаларға байланысты мән-жайларға түпкілікті баға беру жөніндегі
Комиссияның жұмысы аяқталды деп танылсын" -деп, даулы істі жылы күйінде
жапты.
БҰЛ арада Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумы өз каулысында Комиссияның
мына бір түжырымдарына сүйенді: "Демонстранттардың бір бөлігігінің іс-
қимылы занды тәртіп шенберінен жиі шығып отырды. Республика басшыларымен
сөйлесуге әрекеттер жасалған кезде демонстранттар оларға сөздерінің саяси
мәдениеттігінің жоқтығын білдіріп, сабырсыздық, өрескел дөрекілік көрсетті,
тіпті тікелей қорлауға және бұзақылық әрекеттер жасауға дейін барды. Тәртіп
корғау күштеріне бағынбай, оларды қорлады, олармен кақтығысып, төбелесті,
тас лактырып, олардың денесіне жарақат салды. Заңсыз іс-әрекеттерге
жауапсыздықпен, арандатырушылықпен шақырулар, автомашиналарды өртеу,
үйлерді зақымдау оқиғалары кездесті.
Комиссия, оның төрағасы, көрнекті жазушы, коғам қайраткері М.Шаханов
жұмысты киын кезеңде жүргізді, оларға жүйе тарапынан жасалған қысым да аз
болған жоқ. Сондықтан болар, Комиссия өзінің бастаған ісіннен түпкілікті,
баянды түрде қорытынды шығара алмады. Желтоқсан "қақтығысына" біржолата,
"түпкілікті" баға беремін деп өзіне орындай алмайтын миссия артты. Өйткені,
ең сонғы бағаны уақыт, тарих берері хақ. Комиссия негізінен құбылыстың
бетінде жатқан фактлерге ғана көңіл бөлді. Оның әлі талай калтарыс да
жасырын жатқан фактілері қаншама десеңізіші. Ол ол ма, Комиссия өзі
анықтаған фактлердің кейбірін ақырына дейін жеткізіп, бетін ашуға батылдығы
жетпеді. Мысалы, 1989 жылы 16 карашада "Известия" газетінде М.Шаханов
өзінің тілшіге берген сүхбатында ұрыс алаңында 168 адамның өлімі барын,
"Батыс" бейітінде нөмірі де, фамилиясы да жоқ 58 мола барын хабарлады.
Соңғы 58 адам ішкі істер министрлігінің араласуымен жерленген деп
көрсетті'. М.Шаханов ССРО халық депутаты ретінде берілген сүхбатында "ұш
адам алаңдағы, қаладағы қақтығыстарда қаза тапты. Бұған ішкі істер
министрлігі мен Мемлекет қауіпсіздігі комитетінің органдары қатысты деп
ойлауға бізде негіз бар. Желтоқсан оқиғаларынан кейін жыл бойы ішкі істер
органдары фамилиясын, тіпті нөмірлерін көрсетпестен тағы 58 адамды көмді
деген күдігіміз бар" - деп тағы да мәлімдеді. Алайда кейінгі комиссия
корытындыларында бұл деректер келтірілмеді. Шамасы "М.Шаханов өлікті
көтерер болсаң, басқа бір себептермен өзін өлесің" - деп алған аты-жөні
белгісіз хат комиссия төрағасын жалтарып кетуге мәжбүр еткені байкалды.
Сейтіп, тау мен тастан қайтпаған М.Шахановтың да жүрегі шайылғаны
байкалады.
Желтоқсан - 1986 тек Алматы жастарының өнері емес. Ол "Жезқазғанда да,
Қарағандыда да 60 адамнан ұсталып, соққыға жығылды, митингілер мен шерулер
Талдықорғанда да, Ақкалықта, Көкшетауда, Сарыөзекте, Талғарда, Павлодарда,
Шымкентте және басқа да калаларда өтті. Олардын қорытындылары бойынша 21
шеруші сотталды"
Ал Комиссия болса, тек Алматы төнірегінен аспады. Желтоқсанның 17, 18
күні Алматы әуе жайы ғана 80-нен астам әскер тасыған ұшактар кабылдады. Ал
бүкіл республика бойынша жазалау экспедициясы калай жасакталды? - деген ,
сауалға Комиссия жауап іздегені білінбейді. Сонымен бірге республикалық
органдар мен Москва аралығындағы шифровкалар толык қаралмағаны көзге
түседі. Калай болғанда
Комиссия жұмысының "Әттеген-ай" дерік жактарі' бар екені дау тудырмайды.
Біз бұл арада тырнақ астынан кір іздеуден аулакпыз. Сөз жоқ, Комиссия
алдындағы негізгі міндетін жүйе әлі күшінде болғанына қарамай орындады,
ерлік жасады, жүйенің халык аддындағы қылмысын мойындатты, желтоқсан
"толқуының", "қактығысының" тарихи орны бар екендігін айғақтады. Біз бұл
арада тек қана Комиссия сол қиын заманда еркіндік жасай алмағанын, негізгі
түйінді батырып айта алмағандығын, оған шын мәніндегі мүмкіндігі
болмағанын, оның объективті себептерін ғана айтып отырмыз.
Желтоқсан - 1986 журалы Т.Өтегенов пен Т.Зейнәбілов құрастырған айғақ
кітаптардын орны ерекше екендігін атап кету орынды, Олар екі тілде шығарған
сол бір жинақтар қолда бар құжаттарды бір ізге салып, желтоксан
қозғалысының дәйекті хроникасын жасауда ерен еңбек еткені даусыз.
Алматы желтоқсан феноменін зерттеуде Казакстан Республикасынын
Мемлекеттік хатшысы Әбіш Кекілбаевтың "Жарқын бетбұрыстың жойкын беташары"
(1986 жылғы Желтоксан оқиғаларының 10 жылдығына орай)" - деген басылымының
аяқ алысы, шабысы ерен. Мұнда ең бірінші рет желтоксан көтерілісіне
Мемлекеттік дәрежеде Қазақ ССР Жогарғы Советі Президиумының арнайы
Комиссиясының шешімін қайта карауға бағытталған талпынысты көресіз. Автор
макаланың атында көрсетілгендей жойкын құбылыстың кырлары мен сырлары, оның
социалистік жүйе қүлау тарихындағы орнын, тарихи маңызын желтоқсанның
себепсалдарын ашуға ниет еткен. Ең алдымен Әбіш Кекілбаев желтоксан
құбылысының тұңғыш рет статусын аныктауға ізденіс жасағанын айту керек.
Алайда, Әбекең 1986 жылғы желтоксанға анықтауыш ретінде "Желтоқсан толқуы",
"Желтоксан оқиғалары", "Алматы оқиғасы", "Желтоқсан
оқиғасы", "Реформаторлық қозғадыс", сияқты ұғымдары қазкатар пайдаланады
.Сонымен бірге автор желтоқсан 1916 жылғыдай "Орталықтың бір ғана
озбырлығын пайдаланып, күллі үлттық болмысты түгелімен шайқап, жаңа сапалық
өреге" көтергені ушін 1986 жылдың желтоқсан оқиғасын, бәлкім, көтеріліс деп
те пайдалануға болады" - деп қарайды. Автор осы ойды ербітіп былай дейді:
"Әрине, кетерілістің классикалық анықтамасы бойынша жаппай етек алу,
көтерілісшілер жағынан күш қолдану әрекеттеріндегі үйымшылдық және
көтерілісшілер штабының болуы, материалдык, техникалык, әскери даиындық
жасалуы сиякты сипаттар керек. Желтоқсан оқиғасында ондай алғы шарттар
болмағаны белгілі. Стихиялығына және үйымдастырылмағанына қарамастан,
салдары жағынан өзінен
кейінгі бүкіл бір ұлт, бір елдік ауқымдығы әлеуметтік
процестерді алдын ала анықтап бере алды. БҰЛ жағынан ол
көтеріліс деуге әбден лайық. Кең ауқымдағы әлеуметтік
қозғалыстың басталуына мұрындық болатын осындай
көтерілістер де бар. Сөзіміз жалаң болмас үшін, батыс
социологтарының беделді өкілдерінің бірі Э.Гидденстің
айтқанына назар аударайық. Оның анықтауынша, әлеуметтік
қозғалыс дегеніміз - бұл жалпы мүддеге немесе жалпы максатка
Ұжымдық әрекет арқылы кол жеткізуге тырысқан талпыныс.
Оның кейде бұкара желпінісінің әуенімен кетіп, жосықтық
аукымнан ауытқуы да ғажап емес.
... Ал жастардың желтоқсандык бас көтеруіне жалпы мақсат қандай айкын
көрінсе, ұжымдық сипаты, бұқаралық стихияның әуенімен кетіп, шектен шыға
ауажайылушылыктың да орын алғаны да сондай айкын.
Автор Желтоқсан феноменің демократиялық ұлт азаттық
рендегі реформаторлык козғалыстың жарқын прологы - деп таниды. Өз ойын
өрбіте келіп Әбекең мынандай түйін жасайды: "Қазакстандағы желтоқсан
окиғасы Одактас республикалардың Орталык өктемдігіне үнсіз қарсылығына
жария сипат бітірді. "Дауыл алдындағы тыныштыктың" астанкестенін шығарды.
Сырттай карағанда мызғымастай көрінетін коммунистік идеологияның сенімінен
біржола айырылуын тездетіп берді. Осы орайда козғалысты, біріншіден, ішкі
ұлттық маңызы бар оқиға (ұлттык өзін-өзі тану сезімінің оянуы) ретінде,
екіншіден, жалпыодактық денгейдегі (одақтас республикалардың егемендігіне
серпін берген) окиға ретінде, үшіншіден, әлемдік маңызы бар (социалистік
лагердің күйреуінің басталуы) аса салиқалы көп сипатты әлеуметгік сілкініс
- атышулы тарихи феномен ретінде бағаласа да артык емес.
Белгілі құқық қорғаушы Е.Боннэрдің тұжырымын қолдай отырып, автор
желтоксан феноменін социалистік жүйены құлауынын екінші циклы 1986 жылдың
желтоксанында басталып, 1991 жылдың желтоксанында өзі бастау алған қалада
аяқталғанын атап көрсетеді. Сөйтіп, автор қозғалыска халыкаралык сипат
береді.
М.Шаханов өзінің "Известия" газетін де берген
сүхбатында (1989, 16 қараша): "Қолға алған жұмыстың нәтижелі де тыңғылыкты
зерттелуіне жүздеген мамандар, атап айтканда, заң кызметкерлері,
социологтар, дәрігерлер, демографтар, экономистер, саясатшылар,
прокуратура, ішкі істер министрлігі өкілдері, мемлекеттік қауіпсіздігі
комитетінің бұрынғы кызметкерлері, творчестволық интеллигенция мен коғамдык
үйымдар өкілдері, соның ішінде адам правосының Латвия лигасы, Адам құқы
жөніндегі "Невада-Семей" қозғалысы,
Қазакстан экологиясы және Арал, Калқаш проблемалары жөніндегі қоғамдық
комитет, қоғамдық комитеті, "Желтоқсан" т. б да коғамдык комитеттер мен
үйымдар, жекелеген адамдар жанашырлықпен көмек керсетті.
Егемен елдің Президенті демократиялық жолға түскен кауымның басында бола
білді. Ол Алматы 1986 желтоқсан қозғалысына ыстық ықыласын танытты. Елбасы
Н.Ә.Назарбаев өзінің "Ғасырлар тоғысында" атты енбегінде ол туралы былай
сыр шертеді: "1986 жылғы желтоқсан оқиғалары қазақ жастарының сана-
сезімінің каншалықты өскендігін керсетті. Олар 100 жылға жуық уақыт бойы
халықты казармалык тәртіпте ұстап келген тоталитарлық жүйенің алдында
бірінші болып айылдарын жиған жоқ. Жастар бұдан әрі кез-келген ұлтқа тән
ұлттық мақтаныш сезімін қорлаура жол бермейтінін өз халкьның атынан ашық
мәлімдеді.
Желтоқсан көтерілісінің 10 жылдығына арналып, Қазақстан астанасында 1996
жыл қарашаның 8-де өткізілген ғылыми-теориялық конференцияға қатысушыларға
жолдаған құттыктауында Елбасы ұлы дүбірдің прологы болған сол бір бетбұрыс
белестін тарихи маңызын жоғары бағалады. "Жастардың тоталитарлык жүйеге
Қазақстан тарихына алтын әріптермен жазылған қарсы шыруы, - делінген онда,
- біздің халқымыздың ұлттык сана-сезімінің қалыптасуындағы, оның қазіргі
әлемдегі өз рөлі мен орны кайта пайымдауындары, шын мәніндегі тәуелсіздік
пен мемлекеттік егемендікте қол жеткізуіндегі маңызды кезен болды.
Өз халкының заңсыз аяқ асты етілген құқықтарын қалпына келтіруді ашыктан-
ашық талап еткен карсылыққа қатысқандар жазалау мен катан қудалауға
ұшырады. Алайда, осы оқиғаларды
адамдар санасынан өшіру, бостандыққа, демократия мен тен құқықтыққа
ұмтылған қозғалысымызды тоқтату ендігі жерде мүмкін емес еді. Бірнеше
жылдан кейін КОКП Орталык комитетінің қазақ халқына нақақтан ұлтшылдық айып
таққан белгілі қаулысының күші де жойылды.
Авторитарлық мемлекеттінң жария еткен бостандығы мен іс жүзіндегі
бюрократтық практикасының арасындағы айырмашылықты өз басынан кешіріп,
еркіндік пен ұлттык өзін-өзі билеу жолындағы күрес туын көтергендер
ұрпактардың ілтипатына бөленіп, санасында мәңгі сакталады.
Проблеманың тарихнамасы еліміз тәуелсіздік алған кезден' кейін желтоқсан
құбылысын зерделеуде ілгері баскандық байқалады. Сумгаит, Баку, Тбилиси,
Вильнюс құбылыстарының тарихы жабулы түрінде жаткан кезінде Казақ
сахарасындағы бұл бір талпыныс еліміздегі демократиялык бағытта дамуымыздың
айнасы болса ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz