Педагог-психологтың ата-аналармен жұмысты тиімді ұйымдастыру бағытындағы іс-әрекеті
№61 жалпы білім беретін орта мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАРДЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
Тақырыбы: Педагог-психологтың ата-аналармен жұмысты тиімді
ұйымдастыру бағытындағы іс-әрекеті
Педагог-психолог: Тусупбаева Н.Т.
2012-2013 оқу жылы
ТАҚЫРЫБЫ:
Педагог-психологтың ата-аналармен жұмысты тиімді ұйымдастыру
бағытындағы іс-әрекеті
1. Семинарға қатысушыларды тіркеу (Тіркеу кезінде қатысушыларға 4 түсті:
қызыл, сары, көк, жасыл бағдарламалар ұсынылады. Олар осы
бағдарламалардың ішінен қалауы бойынша біреуін таңдап алады. Содан
кейін олар сондай түсті шар тұрған үстелге отыруға тиіс. Осылайша
қатысушылар өздігімен 4 топқа бөлініп отырады. Бұлай отырғызу
практикалық бөлімдегі топтық ойындар ойнатуға өте ыңғайлы).
2. Семинардың ашылуы
3. Мектеп өмірі слайд-шоу
4. Мектептің оқу-тәрбие үрдісімен таныстыру
5. Сәлемдесу Жүректен-жүрекке – жалынды сәлем!
Қатысушылар ортаға шеңбер құрып отырады.
Жүргізуші: Құрметті қатысушылар. Әлемде сәлемдесудің көптеген түрі бар
екендігін білесіздер. Сәлемдесу қарапайым бас изеуден бастап, хал-жағдайды
сұрасуға дейін күрделенуі мүмкін. Бүгін мен сіздерді сәлемдесудің мына бір
жаңа түрімен таныстырғым келіп отыр. Олай болса, біздің сәлемдесу шеңберіне
қош келдіңіздер! Қазір әр қайсыларыңыз қолдарыңызды созып, ортада тұрған
ыдыстан кішкентай шырақ шамдарды және ұсынылып тұрған қағаздардың біреуін
таңдап алыңыздар. Қатысушылар ортада тұрған шырақ шамдарды және ұсынылып
тұрғанның ішінен бір-бір қағаздан алады.
Қағаздарыңызды ашыңыздар. Байқасаңыздар, қағаздарда сөздер жазылған.
Ендеше қазір барлығымыз, кезектесе отырып, ортадағы шырақ шамнан от алып,
қағаздағы сөдерді мұқият және нық оқимыз. Қандай интонациямен оқимыз
десеңіздер өз еріктеріңізде.
Қағаздарда жазылатын сөздер үлгісі:
Мен сүйкімді . . . (көп нүктенің орнына өз есіміңізді қосыңыз).
Барлықтарыңызға . . . (көп нүктенің орнына өз мектебіңізді қосыңыз)
мектептен ЖАЛЫНДЫ СӘЛЕМ!!!.
Сәлемдесу рәсімі аяқталғаннан кейін, қатысушылар өз орындарына отырып,
теориялық бөлімді тыңдауға ыңғайланады.
6. Теориялық бөлім: Педагог-психологтың ата – аналармен жұмысты тиімді
ұйымдастыру бағытындағы іс – әрекеті
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп,қалыптасады.
Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген
сүйіспеншіліктен басталады.
Н.Ә.Назарбаев
Отбасы мен неке туралы ерте уақыттан біздің күндерге дейін көптеген
зерттеулер жүргізілген. Антикалық ойшылдардың өзі Платон мен Аристотель
жұбайылық және отбасы туралы өз көзқарастарын қалыптастырған, өз
уақыттарындағы отбасы типтерін сынға алып, оның жаңалану проекттерін
ұсынған болатын.
Ғылым қоғам дамуындағы отбасылық қарым-қатынас сипаты туралы көлемді
және сенімді ақпарат береді. Отбасының өзгеруі промискуитеттан (ретсіз
жыныстық қатынастар), топтық некелесуден, матриархат пен патриархаттан
моногамиға дейін дамыды. Отбасы қоғамның даму сатысымен көтерілуіне қарай,
төменгі формадан жоғарыға қарай өтті.
Қоғам дамуының тарихындағы отбасылық қарым-қатынас өзгерісін зерттеуге
Ана құқығы кітабының (1861) авторы швейцарлық тарихшы И.Я. Баховен, және
шотландық заңгер, Алғашқы неке (1865) зерттеу жұмысының авторы Дж. Ф. Мак-
Леннан зор үлестерін тигізді.
Қоғамның дамуының ерте сатыларында ретсіз жыныстық қатынастар тән
болатын. Рудың пайда болуымен топтық неке дүниеге келді, ол осы
қатынастарды реттеп отырды. Әйелдер мен еркектер тобы қатар тұрып
коммуналдық некеде тұратын - әр бір еркек өзін кез келген әйелдің
күйеуімін деп есептейтін. Біртіндеп әйел ерекше орынға ие болатын топтық
отбасылар қалыптаса бастады. Гетеризм (гинекократия) - әйелдің қоғамдағы
жоғары орынына негізделген қатынастар арқылы – барлық елдер жекеленген неке
мен отбасы бағытына өтті. Балалар ер жеткенше әйелдер тобында болып, кейін
өскеннен кейін бірақ еркектер тобына ауысатын болған. Алдымен эндогамия -
яғни ру арасындағы еркін қатынастар үстем болды, содан кейін әлеуметтік
табу пайда болуының нәтижесінде, экзогамия (гректің екзо - сырт және
гамос - неке) – ішкі рулардың ішінде некенің болмауы және басқа
қауымдастрықтардың мүшелерімен некеге отыру қажеттілігі пайда болды. Табу
инцестін (қанның араласуына тиым) Э.Вестермарк зерттеген болатын. Ол осы
әлеуметтік норманың отбасын күшейтетінің дәлелдеді. Қандастық отбасы пайда
болды: некеленген топтар ұрпақтарға бөлінді, ата-аналар мен балалар
арасындағы жыныстық қатынастар шектетілді.
Кейін пуналуалды отбасы – әйелдерімен бірге ағаларды, немесе
күйеулерімен бірге топталған әпкелерді қамтитын топтық неке қалыптасты.
Мұндай отбасында әпкелермен және ағалармен жыныстық қатынасқа түсуге тиым
салынды. Туыстық шеше жағынан ғана анықталатын, әкелік жақтан белгісіз
болатын. Осындай отбасыларды Л.Морган Солтүстік Американың үндістік
тайпаларынан бақылады.
Кейін полигамды неке қалыптасты: көп рет үйлену, көп рет тұрмысқа шығу.
Жабайылар жаңа туған қыздарды өлтіретін, осыдан тайпаларда ер адамдар көп
болып, әйелдердің бірнеше күйеулері болатын. Бұл жағдайда, әке жақтан
туыстықты анықтай алмағандықтан, ана құқығы қалыптасты (балаға деген құқық
анада ғана болатын).
Көп рет үйлену соғыс кезінде көп еркектердің жоғалуынан туындады. Ер
адамдар аз болды да, олардың бірнеше әйелдері болды.
Отбасындағы жетекші рөл әйелден (матриархат) еркекке ауысты
(патриархат). Негізінде патриархат мұрагерлік құқықпен, яғни күйеулік емес,
әкелік билікпен байланысты болған. Әйелдің тапсырмасы әкенің мұрагерлерін,
яғни балаларды тууға келіп тірелген. Одан некеге адалдық талап етілген,
өйткені аналық әкелікке қарағанда анық.
Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас барлық тарихи кезеңде өзгеріп
отырған. Балаға деген қарым-қатынастың келесідей 6 стилі көрсетіледі.
▪ Инфантицидті – балаларды өлтіру, зорлау (ерте уақыттан біздің
эрамыздың IV ғасырына дейін).
▪ Тастанды – баланы асыраушыға, басқа отбасыларға, монастырларға және
т.б. береді (IV–XVII ғғ.).
▪ Амбивалентті – балалардың отбасының толыққанды мүшесі ретінде
саналмайды, оларға өздігімен әрекет жасауға, жекеленуге тиым
салынады, мысал мен ұқсастыққа қарай сомдайды, қарсылық көрсеткен
жағдайда қатаң жазалайды (XIV–XVII ғғ.).
▪ Жабысып қалған – бала ата-анасына жақын болады, оның әрекеті және
ішкі жан-дүниесі қатаң қадағаланады (XVIII ғ.).
▪ Әлеуметтейтін – ата-ана бар күш-жігері баланы өзіндік өмірге
бейімдеуге, оның мінезін қалыптастыруға жұмсалады; бала олар үшін –
оқыту мен тәрбиелеу обьектісі (XIX – XX ғ. басы).
▪ Көмектесетін – ата-аналар баланың бейіміділігі мен қабілетін ескере
отырып, жеке дамуын қаматамасыз етуге, эмоционалды қарым-қатынас
орнатуға тырысады. (XX ғ. ортасы – қазіргі уақыт).
Бүгін отбасы туралы ұғымды кім немесе не қалыптастарыды?
Бірнеше жыл бұрын психологтар өзінің отбасылық өміріне
қанағаттанатын, некедегі ерлер мен әйелдердің бір тобына сауалнама
жүргізді. Көп сұрақтардың ішінде мынадай сұрақтар болған еді: Егер сіз
бүгін қайтадан отбасы құрсаңыз, өзіңізбен қазір бірге тұратын адамды таңдар
ма едіңіз? Көбісі оң жауап береді деп болжамдалған еді. Зерттеушілердің
таңданысына орай, сұрақ қойылғандардың үштен бір бөлігінен астамы жауап
беруге қиналды, соншасы таңдауының басқаша болатынын айтты.
Басқаша айтқанда, берекелі отбасылардың көбісі үйреніп қалған әдет
бойынша, бастапқы екпінмен өмір сүріп келеді. Жұбайлар бір-біріне нақты
арыз-шағымдарының жоқ болғандығынан, бірге тұра береді. Адамдар бір-бірін
жақсы көрмесе, ажырасу үшін де себеп таба алмайды. Бірақ жүрегінің түбінде
әрқайсысы да өзін бұдан гөрі жақсыға лайықпын деп есептейді, отбасылық
өмірдің идеалға жетпейтіндігін біледі.
Ал өмірдің соңына дейін тату-тәтті өмір сүретін отбасы идеалы шын
мәнінде бар ма?
Отбасылық қарым-қатынастар туралы мындаған белгілі еңбектер мен
мақалалар жарияланды. Осы еңбектердің авторларына сенетін болсақ,
әрқайсымыз бірнеше қарапайым кеңестерді орындай отырып, идеалды отбасын
құра аламыз. Бірақ ұсынылған кеңестерге сене қою өте қиын. Болашақ
миллионерлерге арналған нұсқаулықтарды миллионерлер емес, жолы болмаған
адамдар жазатыны біршамаға мәлім.
Отбасы кеңесшілері де өз кеңестерін осыған сәйкес қиялынан алып
жазады, өйткені олардың өмірлік тәжірибесінің біздің өмірлік тәжірбемізден
еш артықшылығы жоқ. Егер идеалға жету соншалықты оңай болса, неге барлық
адам оған бірден қол жеткізбейді. Адамдар ақыл-кеңес беретін кітаптарды
оқымай ма, жақсы кеңестерді тыңдамай ма?
Бәрі керісінше сияқты – ақыл-кеңес беретін кітаптарды тым көп
оқиды, аса мұқият тыңдайды. Содан кейін идеалға жету оңай екен ғой, бірақ
мен осындай бақытсыз және ебедейсіз болғандығымнан, ештеңеге де қол жеткізе
алмадым деп ойлайды. Шіркін, өмір басқаша болса ғой деп армандайды!
Атақты психолог Карл Юнг өзінің ізбасарларына Теорияны мұқият
оқыңдар. Алайда нақты адммен кездескенде, оның барлығын шетке ысырыңдар,
себебі оған ерекше, өзіндік теориясы ғана қажет деген. Сондықтан әр
отбасын идеалға жеткізетін өзіндік, ешкімге ұқсамайтын бақытқа жеткізетін
нұсқаулығы қажет. Барлығына да, біріне де беріліп жүрген кеңестер маған
көмектесу үшін тым жалпылама болып келеді. Сонымен қатар басқаларға
жарайтын кеңес мен үшін пайдасыз, тіпті зиянды болуы да мүмкін. Себебі
әрқайсымыздың өміріміз теңдессіз болып саналады, ол өзіміздің өмірлік
тәжірибемізден жинақталады. Бұл жағдайда өз-өзіне психолог секілді
брошюралардан оқып алған жалпылама ұсыныстардан гөрі отбасылық дөңгелек
үстелдер өткізу немесе мамандарға барып жеке отбасылық кеңес алу
қажеттілігі біршама артық болады.
Отбасылық өмір туралы өзінің алғашқы көзқарасын әр адам ата-
анасының отбасына қарап отырып, бала жасынан қалыптастырады. Бала бір-бірін
және баласын шын жақсы көретін әкесі және анасы бар отбасында тәрбиеленгені
дұрыс. Бірақ қоршаған ортадағы жағдай тіпті басқаша емес пе? Ата-ана
шынайы үлгі бол алған күннің өзінде, біз өзіндік қиындығы бар, реніші,
жаттанды тұрмысы, материалдық және тұрмыстық мұқтаждықтары және т.б. бар
ата-анамыздың өмірін жасымыздан көріп өсеміз. Сондықтан біз Әкем мен
анамды қаншалықты жақсы көріп, құрметтесем де, менің отбасым бәрібір
әлдеқайда жақсы болады деп ойлаймыз. Ата-анамыздың өмірлік тәжірибесіне
қарап отырып, біз өз отбасымызды құру үшін олардың қандай тәжірибесі қажет,
қандай қажет емес екендігін ерте біле бастаймыз. Яғни бізге қажет емес
нәрсені біз нақты білеміз, ал не қажет еместігін нақты біле алмаймыз.
Дәл осы кезе көмекке романтикалық сюжетке бай кино және түрлі
әдебиеттер, ғылыми және тұрмыстан алынған ұсыныстары бар журналдар мен
кітаптар келеді. Осы фильмдер мен кітаптарда не көрсетілген? Өмірдің
қағидаларына қарсы келетін қызу құштарлық, опасыздық, қызғанушылық сезімі,
бақытсыз сезім . . . Тұрақты, берекелі неке өнер туындысы үшін тым қызықсыз
сюжет болып саналады. Экранда немесе кітап беттерінде жұбайлар туралы сөз
қозғалатын болса, олар сюжет бойынша өмірдің қиындықтарынан өтуі қажет.
Бірге тұрып, бірге жүретін жұбайлардың өмірін көрсету – көпшілікке
көрсетуге келмейтін қызықсыз тақырып. Біз осылай балаларымыздың және басқа
да ерте есейгендердің отбасылық өмір және оның құндылықтары туралы
көзқарасын қалыптастырамыз.
Қай ұлт баласын қалай тәрбиелейді?
Әр елдің балалары бір-біріне ұқсамайды. Оларға берілетін тәрбие әрқилы
болса да, бала атаулыға бірдей нәрселер қажет. Олар: туған отбасы, ұядай
жылы үй, ата-анасының қамқорлығы мен сүйіспеншілігі. Сонымен, әлем
балаларының елдеріне саяхат жасап көрелік.
Швецияның балалары. Швед отбасылары балаға сәби кезінен жеке тұлға
ретінде қарап, еркін тәрбиелеуге тырысады. Қатаң жазалауларға тыйым
салынған, тіпті мұны бұл елде қылмыс, деп есептейді. Сондықтан, әрбір
шведтік бала әке-шешесі өзіне қол жұмсаса, полицияға хабарлауға құқылы.
Мұндай кезде ата-аналарға әкімшілік тарапынан жаза қолданылады.
Жапонияның балалары. Жапонияның көптеген мектептерінде асхана жоқ.
Балалар түскі астарын үйден арнайы ыдысқа салып әкеледі. Ал, мұғалімдер
болса, балалардың үйден әкелген тамақтары денсаулыққа зиян емес пе, соны
мұқият қадағалайды. Сол себепті, жапон аналары арнайы сабақтарға қатысады.
Ол жерде баланың ағзасына қажетті дәрумендер тамақпен сіңу үшін, қандай ас
әзірлеу керек және қалай даярлау керектігін түсіндіріп, үйретеді.
Үндістан балалары. Үндістер балаларын қатаң ұстайды. Оларда ата-ана мен
бала арасындағы достық қарым-қатынасты өте сирек кездестіресіз. Балалар
кішкентай кезінен бастап ата-анасының таңдауына, қалауына мойынсұнып өседі.
Сондықтан, ержеткенде немесе бойжеткенде әке-шешесі кімді қалайды, сол
адаммен бас қосады.
Германияның балалары. Германия мектептерінде міндетті түрде
экскурсиялық сабақтар ұйымдастырылады. Бұл - ежелден қалыптасқан жүйе.
Мысалы, мұғалім бүгін шоколад туралы, оның құрамы жөнінде сабақты
түсіндірсе, онда ертенінде балалар шоколад музейіне немесе фабрикаға саяхат
жасайды. Олар фабрикада өнімнің қалай жасалып жатқанын өз көздерімен көріп,
біледі.
Ауғанстан балалары. Баланың дүниеге келгені, әсіресе ұл баланың өмір
есігін ашқаны ауғандықтар үшін - үлкен қуаныш. Ауқатты тұратын отбасылар
ұлан-асыр той жасайды. Ауылдарда той үстінде ат байлар ұлдың құрметіне
барабан қағылып, аспанға қарумен оқ атылады.
Қытайдың балалары. Дао уағызшыларының бала туралы өсиеті әрбір қытай
бүлдіршініне аңыз болып айтылады. Балаға тәтті жеуді ұсынғанда, ол
барлығын алудан ақылдылықпен бас тартады. Неге деген сұраққа: Мен әлі
кішкентаймын, сондықтан маған аз ғана бөлігі жетеді, деп түсіндіреді.
Баланың осы қылығын барлық қытай перзентіне үлгі етеді, баламыз қанағатшыл,
мейірімді, адамгершілігі жоғары болып өссін, дегені.
Франция балалары. Француздардың ежелгі дәстүрі бойынша бала дүниеге
келмей тұрып, оның тәрбиесімен айналысуды қолға алу керек. Көбінесе, сәби
өмірге келген соң, ол ата – анасымен ауылда болады. Балақай екі-үш жасқа
дейін өзінің ата-бабасы қоныс тепкен ауылда болып, сол жердің суын ішіп,
ауасын жұтып өседі.
Бразилия балалары. Бразилияда баланы ұл немесе қыз бала, деп бөле-
жармай, бірге тәрбиелегенді жөн санайды. Сол себепті, бес жасқа дейін ер
балалар мен қыз балалар бірге асыр салып ойнайды. Ал, бес жастан кейін ғана
олар қыз бала мен қыз баланың, ұл бала мен ұл баланың достасуына мүмкіндік
жасайды.
Румын балалары. Үлкендерге құрмет көрсету керек, ата-ананы жақсы
көріп, сыйлай білу керек, сонымен бірге әрқашан әділ болу керек. Мұндай
өнегелі сөздерді румындықтар балаларына үнемі үйретіп отырады. Ата-әжелері
немерелеріне ата-бабаларының тарихын баяндап, румын халқына тән салт-
дәстүрлердің берік сақталуына, бағалануына және мұның бәрі тәрбие арқылы
іске асуына күшін салады.
Лаос балалары. Лаостықтар балаларын өздері тікелей тәрбиелегеннен гөрі
бауырлары, туыстары, басқа да жақындарының ықпалы арқылы әсер етіп,
өсіргенді дұрыс көреді. Балалары ержетіп үйленер жасқа жеткенде де осы
әдісті қолданады. Яғни, ата-анасы туыстары арқылы сөзін жеткізіп,
балаларына үйленуге рұқсат береді.
АҚШ балалары. Жергілікті педагогика әрбір бала өз бетінше өмір сүріп
үйрене алу керек деген ұстанымды қолданады. Сондықтан, американдық ата-
аналар балаларының қалауына қарсы шыға алмайды. Олар мейрамханаға,
коктейлге, тіпті түнгі клубқа барамын, десе де, ата-аналар ертіп апарады.
Африка балалары (Масай тайпасы). Масайлықтардың өздерінше өмір сүру
кестесі жасалып қойылған. Он бес жасында ұлдар маран атанады. Бұл -
әскери шен. Яғни, ол - осы жасынан тайпаны қорғаушы ержүрек азамат. Отыз
жасында отбасын құрады және бала-шағасын асырау үшін, өз алдына табын-табын
мал бағады. Қырық бес жасында жастарды тәрбиелеумен айналысады, сонымен
бірге тайпа халқы үшін жауапты шешімдер қабылдайды. Ал, алпыс жасында
тайпаның рухани көсемі болады.
ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ
Адамның адамшылдығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы,
жақсы ұстаздан болады.
Абай
Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр
етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін
алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын
мектебі.
Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа
еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға
деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. Ел болам десең,
бесігіңді түзе – деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр
емес пе?
Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір-
бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар.
Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде:
Отбасы – шағын мемлекет,
Мен – президент, сен – премьер, дегені бар. Шынында, отбасы – ол да
бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі,
сыртқы және ішкі саясаты, кіріс-шығыс бюджеті, қастерлеп ұстанатын
рәміздері, т.б. болатыны сияқты, әр отбасы болмыс-тіршілігінің де соған
ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да басшылық пен қосшылықты қажет етеді.
Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының
ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа
тәрбиелеген. Отан отбасынан басталады деген сөздің мәнісі де осында.
Ата-ана өз отбасын нығайта отырып, сонымен бірге оның мүшелерін үй
болуға, өз шаңырағын көтеруге әзірлеуі басты әрі өте жауапты міндет болып
саналады. Жас отаудың түтіні түзу шығып, махаббат пен тату-тәттілік, береке-
бірлік орын тепкен жылы ұяға айналуы, босағасы берік, болашағы нұрлы болуы
көбіне-көп жас жұбайлардың үлкен үйде алған тәрбиесі, көрген өнегесіне
байланысты.
Ұяда не көрсең, ұшқанда, соны ілерсің, Анасына қарап, қызын ал,
- деп, халық бәрін бастан кешіп, сынақтан өткізгендіктен айтқан.
Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін шеше, бұлар – жанұя
мектебінің ұстаздары болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші
басты талап-тілектері – баланың әдепті бала болып өсуі.
Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым: Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе,
көргенсіз болма деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген.
Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген.
Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш,
адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.
Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір-шапағат көзі - әйел. Әйелдің бұл
рөлі отағасының жамағатына, бала-шағаның анаға деген сүйіспеншілігімен,
қамқорлығымен, ана жанын қас-қабағынан, жанарынан танығыштықпен нығая,
биіктей береді. Әрине, әйел де өзінің аналық борышын ұмытпағанда, әсіресе,
ерімен қабағы жарасып, тату – сүйіспеншілікте тұрғанда мәртебесі арта
түспек.
Әйелдің еріне қарым-қатынасы балалардың әкеге көзқарасының сипатын
анықтайтыны берік есте болуға тиіс. Мұның өзі, бір жағынан, үй ішіндегі
әдептің бастау көзі екені анық. Демек, балалар үшін әке беделі аналарының
сөзі, іс-қимылы, қас-қабағы арқылы қалыптасады. Мысалы, ерлі-зайыптылар
балалар көзінше бір-біріне қатты, балағат сөздер айтыспақ түгіл, дауыс
көтеріп, керісуге тиіс емес. Олай еткенде, өз беделдерін жоғалтудың, бала –
шағаның жүрегін шошытып, зәресін ұшырудың үстіне, олардың жанына кейін
өздері үй болғанда, алдарынан шығатын жаман әдеттің ұрығын егеді.
Бұл жағынан аналардың балаларға: әкеңмен ақылдас, әкең
біледі, әкеңнің айтқанын істе т.б. сияқты дәстүрімізде бар сөздерді
айтып отыруы қандай ғанибет! Атақты Абай эпопеясында халқымыздың осыған
орайлас қадірлі дәстүрін танытатын мынадай бір тағылымды эпизод бар.
...Семей қаласында үш жыл оқып, жайлаудағы әке үйіне күн кешкіре жеткен,
13 жасар шәкірт бала – Абай аттан түскен бетте, амандасу үшін, шешеге қарай
жүреді. Сонда ақылды да байсалды ана Ұлжан: Әй балам, анда әкеңдер тұр,
әкеңе барып, сәлем бер! – дейді. Бір сәтке балалық сезім жеңіп, қателік
жіберіп алғанын түсінген жас Абай кілт бұрылып, ортасында әкесі Құнанбай
бар шеткерірек тұрған оқшау топқа қарай адымдай жөнеледі. Ұлы жазушы
Мұхтар Әуезов мұны халықтың жүрекке жылы осындай тамаша дәстүрінен хабардар
ету үшін ғана емес, оның тәрбиелік зор маңызын жоғары бағалағандықтан да
келтіріп отырғаны анық.
Ата-ананың бір-бірінің қадір-қасиетін осылайша ардақтап, беделін
өсіруі, араларында өкпе-наз, кикілжің туа қалғанда, оны балалардан оңашада,
екеуара шешіп отыруы – шынайы инабаттылық, әдептілік.
Сайып келгенде, қоғамда әдеп-инабат өлшемдерінің терең тамырланып,
кең жайылуында отбасының маңызы орасан зор. Әрбір ұяның қос тіреуі – ерлі-
зайыптылар өздеріне қатысты әдеп-адамгершілік талаптарын, құқықтары мен
міндеттерін мүлтіксіз орындаса, бүкіл қоғамда, елде бейбіт те берекелі
тұрмысқа негіз қаланбақ, демек, ұрпақтарына құтты қоныс, жайлы болашақ
қамтамасыз етілмек!
Отбасындағы жайлылық факторы, оның кезеңдері және некедегі дағдарыс
периодтары
Отбасы құратын адамдар, махаббаттағы, баладағы, ортақ қуанышпен
бөлісудегі, түсіністіктегі, қарым-қатынастағы қажеттіліктер комплексін
қанағаттандыруға ұмтылады. Алайда отбасы болу – бұл болашак ерлі-
зайыптылардың тек неке туралы идеалды түсініктерін жүзеге асыру ғана емес.
Бұл екі, кейіннен бірнеше адамның шынайы өмірі, барлық оның қиындықтарымен
және жан-жақтылығымен; ол үздіксіз келіссөздер, келісімшарттарды орнату,
компромисстер және, әрине, барлық отбасында болатын қиындықтардан өту,
қатығыстарды шешу.
Жас ерлі-зайыптылардың қоғамдық жетілуін, некелік және ата-аналық
міндеттерді орындауға дайындығын анықтайды. Неғұрлым тиімді кез болып 20-24
жас есептелінеді. Ерлі зайыптылар арасында неғұрлым кәдімгі жас
айырмашылық 1-4 жас. Теңсіз некелердің тұрақтылығы тек екі жақтың мінезіне,
өзара сезімдеріне ғана байланысты емес, сонымен қатар жастық ерекшеліктерге
дайындықтарынан, айналасындағылардың жағымсыз сөздеріне қарсы тұра білу
қабілеттеріне және т.с.с. көп байланысты.
Осылайша, отбасылық-некелік қарым-қатынас гармониясын жекеленген
параметрлер тұрғысынан бірнше негізгі элементтер анықтайды:
▪ Некелік қарым-қатынастың эмоционалды жағы, бір-біріне бауыр басу
дәрежесі;
▪ Олардың өздері, жұптары және жалпы қоғам туралы ойларының,
елестерінің ұқсастығы;
▪ Әр бір жақтың қалайтын қарым-қатынас моделі, әрекеттік ерекшеліктер;
▪ Жұптардың жыныстық және кеңірек алсақ психофизиологиялық
сәйкестігі;
▪ Жалпы мәдени деңгейі, жұптардың психикалық және әлеуметтік жетілу
деңгейі, ерлі-зайыптылардың құндылық жүйелерінің сәйкестігі.
Некелік қарым-қатынас даму стадиясын талдауда келесілер бөлініп
қарастырылады: жас неке, орта жастағы неке және кемелденген жастағы неке.
Жас неке бес жылдан аз уақытқа созылады. Ерлі – зайыптылар жасы –18
ден 30 жасқа дейін. Бұл периодта олар бір – біріне үйреніседі, жиһаз және
тұрмысқа қажеттіні сатып алады, жиі өз пәтерлері болмайды және олар
екеуінің біреуінің ата-анасының үйінде тұрады. Кейіннен пәтер сатып алады,
олар оны әрлеуді бастайды, өз тұрмыстары пайда болады. Ерлі-зайыптылар сәби
күтеді, сәби дүниеге келгеннен кейін оны бағып-қағуға байланысты міндеттер
пайда болады. Кәсіби жағынан жастар қандай да бір квалификацияны иеленеді,
жайлап қалыптасады, жаңа отбасылық жағдайға үйреніседі. Әйелі бірнеше уақыт
бала күтіміне байланысты демалыста болады. Бірге өмір сүру бірталай
материалдық және моральдық тұрғыдан шығындарды талап етеді, сондықтан
бұл уақытта оларды ата-аналары қолдайды
Орта жастағы неке 6-14 жылға дейін созылуы мүмкін. Бұл периодта
адамдар эконмикалық белсенді, қоғамды анықталған орындары бар және үй,
жиһаз және т.с.с сатып алу қажеттіліктері болмайды. Үйде кішкентай балалар
болмайды, көбісі мектеп жасындағы немесе студент балалар болады, және олар
өзіндікке ұмтылады. Әйелі үй шаруасынан басқа кәсіби әрекетке көп уақытын
бөлуі мүмкін.
Кемелденген жастағы неке 15 жылдан кейін пайда болады және 25 жылға
дейін созылуы мүмкін. Отбасында үлкен балалар, ерлі-зайыптылар өздері
жалғыз қалады немесе бір-бірінің отбасына үйренісіп, немерелерін бағады.
Ересек жастағы некеде еңбек жағы төмендеп, жиі денсаулыққа байланысты
мәселелер туындай бастайды. Неке міндетті түрде тұрақты. Ерлі-зайыптылар
көмекке зәру болады және бір-бірін жоғалтуға қорқады. Олардың арасындағы
қатынас жылдар бойы қалыптасқандай болады, бұл уақытта бір нәрсені өзгерту
қиын. Әдетте олар сыртқы ортамен байланыстың азаюына қатысты қақтығысып
қалуы мүмкін, сонымен қатар олардың арасындағы қақтығыстың бір себебі
жастармен қатынасқа байланысты болады.
Ата-ананың балаға деген қарым-қатынасы: анықтамасы, типтері, психикалық
дамуына әсері
Ата-ана қатынасы түсінігі жалпылама сипатқа ие және ата-ана мен баланың
өзара байланысы мен өзара тәуелділігін нұсқайды. Ата-ана қатынасы бала
туралы субьективті-бағалау, саналы-таңдау түсінігін қамтиды, бұл ата-ана
қабылдауының, баламен сөйлесу мәнерінің, оған әсер ету әдістерінің
ерекшелігін анықтайды. Әдетте, ата-ана қарым-қатынасының құрылымында
эмоционалды, когнетивті және әрекеттік компоненттерді бөліп қарастарды.
Ата-ана позициясы және ата-ана нұсқауы ата-ана қатынасының синонимі
ретінде па даланылады, бірақ ұғыну деңгейімен әрқилы болады. Ата-ана
позициясы жиі саналы қабылданған, көзқараспен, ой-мақсатпен қалыптасқан; ал
нұсқаулық – көпжақты.
Ата-ана позициясының, нұсқаулығының, қатынасының (жиі аналық) әр түрлі
нұсқалары сипатталған.
Симбиоз (тым асыра эмоционалды жақындық), авторитарлық, эмоционалды
қабылдамау (кішкентай жолы балмағыш) (А.Я. Варга, 1987).
Қолдау, рұқсат; бала қажеттіліктеріне бейімделу; балаға деген шынайы
қызығушылықтың болмауы кезінде немқұрайлы қарыз сезімі; ретсіз әрекет
(В.Н. Дружинин, 1996).
Әріптестік, изоляция, бәсекелестік, псевдоәріптестік.
Махаббат, жақсылық, сыйластық беделі. Басу, арақашықтық, педантизм,
резонерстволық, жемқорлық беделі (А.С. Макаренко).
Үлгі - позициялар, отбасылық кеміс, оның ішінде бала мен ата-ана қарым-
қатынасы: жағымпаз бейбітшіл; кінә тағушы; алдын ала ойлайтын
компьютер; есі танып қалған алаңдаушы.
Әрекеттің позитивті моделі – икемді, немесе салмақты, әр түрлі
тәсілдер автоматты түрде емес, кейінгі әрекетін ескере отырып, саналы
орындалады (В. Сатир, 2000).
Балаға әсер ету сипаты мен деңгейі көптеген факторларды анықтайды және
ең алдымен әрекет субьектісі ретінде ата-ананың өз жеке тұлғасын аныұтайды:
▪ Оның жынысы (дәл баланыкіндей немесе қарама-қарсы);
▪ жасы (жас, кәмелетке толмаған ана, қарт ана, кеш босанған ана);
▪ ата-ананың темпераменті және мінез бітісі (белсенді, шыдамсыз,
күйгелек, өктемшіл, мейірімді, немқұрайлы, ұстамды және т.б.);
▪ дінилік;
▪ ұлттық-мәдени тәнділік (европейлік, англиялық, немістік, жапондық,
американдық және тағы басқа тәрбиелеу моделі);
▪ әлеуметтік жағдайы;
▪ кәсіби бейімділігі;
▪ жалпы және педагогикалық мәдениет деңгейі.
Отбасындағы өзара тәуелді қатынасты ескере отырып, оларды балалар
орындайтын рөлдер арқылы сипаттайды. А.С. Спиваковскаяның ойы бойынша,
бала рөлін дисгармониялы, бір-біріне астүртін, стереотипті қарайтын, жылдан-
жылға қатып қалған регидті шындыққа сай келмейтін қатынастарды ұстап тұрған
отбасында анықтау жеңіл. Рөл – бұл отбасындағы балаға қатысты қатынас,
сезімдер, күтулер, әрекеттер, бағалаулар жиынтығы.
Келесі 4 рөл кең таралған: мазақ обьектісі, сүйікті,
достастырушы, беби. Мазақ обьектісі - бұл ерлі-зайыпты ата-аналардың
өзара бір-біріне деген көңіл толмаушылықтарының обьектісі. Сүйікті -
ерлі-зайыптылық қарым-қатынастағы эмоционалды вакуумды толтырады. Оған
деген махаббат пен қамқорлық тым асыра көп. Керісінше ерлі-зайыптылардың
бір-біріне тым жақын болған жағдайында бала мәңгілікке бала болып қалады,
құқықтары өте шектеулі беби. Достастырушы үлкеннің рөлін атқаруға, ерлі-
зайыптылар арасындағы қақтығысты реттеп және шешіп отыруға мәжбүр және ол
осылайша отбасы құрылымында маңызды орынға ие болады.
Келесі рөлдерде бөлініп қарастырылады: бала-масыл, бала-құл, бала-
көңілдес (әдетте жалғыз ана екеуге арналған қатынасқа қадалып қалады,
баланы өз махаббатына қамап қояды); бала қару ретінде жолдасымен күрес
барысында пайдаланады; бала – күйеуінің орынбасары (одан үнемі көңіл,
қамқорлық, үнемі қасында болуды және жеке өмірімен бөлісіп отыруды талап
етеді) (В.Н. Дружинин).
Сонымен қатар ата-ананың балаға деген махаббатын құрайтын қарым-
қатынастың 3 спектірін бөліп көрсетеді: симпатия – антипатия, сыйластық –
немқұрайлық, жақындастық - алыстық (А.С. Спиваковская). Бұл қатынас
аспектілерінің үйлесімі ата-ана махаббатының кейбір типтерін сипаттауға
мүмкіндік береді.
Әсерлі махаббат (симпатия, сыйластық, жақындық). Ата-аналық, отбасылық
тәрбиенің формуласы былайша: Менің баламның бақытты болғанын қалаймын
жәнге оған бақытқа қол жеткізу үшін барлығын жасаймын.
Алшақтатылған махаббат (симпатия, сыйластық, бірақ баламен үлкен
арақашықтық). Қараңдар, менің балам қандай керемет, менің онымен араласуға
уақытымың аз болғаны өкінішті.
Әсерлі аяушылық (симпатия, жақындастық, бірақ сыйластықтың болмауы).
Менің балам барлығы сияқты емес, менің балам соншалықты ақылды және дене-
бітімі дамымаған болса да, бірақ ол менің балам және мен оны жақсы көрем.
Жұмсақ алшақтау типі бойынша махаббат (симпатия, сыйламау, үлкен
тұлғааралық арақашықтық). Менің балам жеткілікті ақылды және дене-бітімі
дамымағаны үшін оны кінәлауға болмайды.
Шектету (антипатия, сыйламау, үлкен тұлғааралық арақашықтық). Бұл бала
менде жағымсыз сезімдерді тудырады және мен онымен араласқым келмейді.
Суқаны сүймеушілік (антипатия, сыйламау, аздаған тұлғааралық
дистанция). Менің баламның осыншама дамымағандығы, қолынан түк
келмейтіндігі, қырсықтығы, қорқақтығы, басқа адамдарға жағымсыз болуы мені
қатты қиналтады.
Аңду (антипатия, сыйламау, жақындық). Менің балам сұмырай және мен оны
дәлелдеймін!.
Бас тарту (антипатия, үлкен тұлғааралық арақашықтық). Мен бұл
сұмыраймен араласқым келмейді.
Оңтайлы ата-аналық позиция үш негізгі талапқа сай келуі керек: бара-
барлық, икемділік және болжамалылық. Ересектің бара-барлық позициясы өз
баласының ерекшелігін шынай нақты бағалауға, көру біліктілігіне, оның
индивидуалдығын түсінуге және сыйлауға негізделеді. Ата-ана өз баласынан
қалайтынына ғана қадалып қалмауы тиіс; оның мүмкіндіктерімен бейімділігін
білу және ескеру – сәтті дамудың маңызды шарты.
Ата-ананың икемді позициясы баланың өсуіне және отбасы өмірінің
жағдайларын өзгеруіне байланысты қарым-қатынас стилінің, әсер ету әдісін,
өзгерте алу мүмкіндігі және соған дайындығы ретінде қарастырылады.
Болжаулық позициясы баланың жақын даму зонасына бағытталғын.
Болжаулық позициясы баланың жуырдағы даму зонасына және ертеңгі
күннің мақсаттарына бағытталуынан көрінеді; бұл баланың даму перспективасын
ескере отырып оған жақындасу жолын өзгертуге бағытталған ересектің озық
ынтасы.
Отбасылық тәрбиелеудің көптеген түрлерін жасайтын негізігі психолого-
педагогикалық түсініктің бірі ата-аналық қарым-қатынас стилі немесе
тәрбиелеу стилі болып табылады. Қоғамдық – психололгиялық түсінік ретінде
стиль серіктестікке қатысты тілдесу әдіс-тәсілдерінің жиынтығын білдіреді.
Тілдесудің жалпы, нақты және өзіндік стилдерін айрады. Стилдің детерминанты
ретінде жеке тұлғаның жалпыланаған, біршама тұрақты түркілік тенденциясына
бағытталған; қарым-қатынас партнеріне қатысты позиция және қарым-қатынас
жағдайының параметрлері. Ата-ана стилі – бұл ата-ананың балаға қатысты
қарым-қатынасы, жалыпыланған, өзіндік, жағдайлық - әдеттен тыс әдістері,
балаға қатысты әрекетінің бейнесі.
Жиі ата-ана қарым-қатынасының анализын психологиялық-педгогикалық
зереттеулерде екі критерий пайдаланады: эмоционалды жақындық деңгейі, ата-
ананың балаға мейірімділігі (махаббаты, қабылдауы, жылулығы және
эмоционалды қабылдамауы, суықтығы) және оның әрекетін бақылау деңгейі
(жоғары – шектеулері көп; төмен – шектеулері минималды тенденцияда).
Ата-ана қарым-қатынасын және соған сәйкес әрекеті нақтырақ сипаттауға
осы факторлардың көрінісі әсер етеді. Тәрбиелеудің келесі 4 типі
қарастырылады (Г. Крайг, 2000).
▪ Авторитетті (жылы қарым-қатынас, бақылаудың жоғары деңгейі).
▪ Авторитарлы (суық қарым-қатынас, бақылаудың жоғары деңгейі)
▪ Либералды (жылы қарым-қатынас, бақылаудың төмен деңгейі)
▪ Индифферентті (суық қарым-қатынас, бақылаудың төмен деңгейі)
Тәрбиелеу стиліне қатысты ата-ана қатынасының бұзылуына және психикалық
дамудың ауытқушылыған байланысты мәселелер өте маңызды; тәрбиелеу үрдісінің
бір қатар параметрлері анықталады(А.И. Захаров, 1982).
1. Балаларға қатысты ата-аналардың эмоционалды қатынастарының
қарқындылығы: гиперқамқорлық, қамқорлық, қабылдау, қабылдамау.
2. Бақылау параметрі: рұқсатты, мүмкін, жағдаяттық, шектеулі.
3. Жүйелілік – жүйесіздік.
4. Қызбалы тұрақтылық – тұрақсыздық.
5. Алаңдаушылық – бейқамдық.
Тәрбиелеу үрдісінің типін анықтауға олардың әрқайсысының ерекшеліктері
көмектеседі (Э. Г. Эйдемиллер, 1996):
▪ Қолдау деңгейі – ата-аналардың тәрбиемен шұғылдану шамасы, ата-
ананың балаға бөлетін күш-жігерін, уақытын бағалау;
▪ Қажеттіліктерді қанағаттандыру толықтығы (материалдық-тұрмыстық және
рухани);
▪ Талап қою деңгейі – бала міндеттерінің саны мен сапасы;
▪ Тыйым салу деңгейі – баланың өзіндік шамасы, әрекет түрін өзіне
таңдауға мүмкіндік беру;
▪ Тәрбиелеу стилінің тұрақтылығы – ауытқушылықтың, тәрбиелеу әдісінің
тез ауысуының айқындығы.
Э.Г. Эйдемиллер жасап шығарған Отбасы қарым-қатынасының анализі (ОҚА)
сауалнамасы арқылы тәрбиелеудің типтері мен себептерін білуге болады.
Үйлесімді емес отбасылық тәрбиенің типтері: мақұлдаушы гиперпротекция,
басым гиперпротекция, жоғары моральдық жауапкершілік, баланың эмоционалды
тұрғыда бетін қайтару, әлімжеттік, гипопротекция.
Шынайы өмірде, - дейді В.С. Мухина, - кез-келген классификацияға
қарағанда күрделірек. Отбасында балаға қатысты қарым-қатынас стилінің
бірнеше түрі көрініс табуы мүмкін: әке, шеше, әже және ата әрқайсысы өз
стилдерін және т.б. қорғап өз ара қақтығысулары мүмкін. Тікелей балаға
қатыста қарым-қатынас стилінен басқа, оның тәрбиесіне отбасындағы
ересектердің өз ара қарым-қатынас стиліде әсер етеді (Мухина В.С.
Возрастная психология. – М., 1997. – С. 259.).
Отбасы коммуникациясының бұзылуы
Көп психотерапевтер қақтығыс себебі ретінде де, қарым-қатынастағы
қиыншылықтар ретінде де отбасы коммуникациясының бұзылуын атап көресетеді.
(Эйдемиллер Э.Г., Юстицкий В.В., 1990; Сатир В., 2000).
Э.Г. Эйдемиллер және В.В. Юстицкий отабасы коммуникациясының кәдімгі
бұзылуларының бірнеше түрін бөледі.
▪ Ауытқыған коммуникациялар ата-ана сөзінің бұрмалануы, бір жақты
коммуникацияға бейімділік (диалогтың орнына монолог), көздік
контактінің болмауы (сөйлеу барысында отбасы мүшелері бір-біріне
қарамайды) сияқты көптеген қатынастың бұзылуларын қамтиды. Сонымен
қатар, қарым-қатынастың үзілуі де тән, яғни сөйлеп тұрған адам
тілдесіп тұрғанын ұмытып кетіп арқасымен қарап, басқа шаруамен
айналыса бастайды.
▪ Қосалқы байланыс - әдеттен тыс коммуникацияның түрлілігі –
коммуникациялық канал бойынша бір уақытта бірін бірі жоққа шығаратын
екі хабарлама жіберіліп және әр қайсысы ақиқат ретінде қабылдануы тиіс
болғанда пайда болады. Әдеттен тыс коммуникацияның қарапайым мысалы
- әңгімелесуші оқып отырған газетадан көз алмай тұрып, оған бірдеме
өте қызықты екенін айтады.
▪ Р. Лэинг жасырын коммуникация түсінігін қарама-қайшы пікірлер және
отбасы ішіндегі конфликтер бар коммуникация әдістерін сипаттау үшін
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz