Адамның психикалық процестерінің теориялық негіздері
Кіріспе
Барша тіршілік иелері қоршаған дүниемен өмірлік маңызы бар байланыстар
жасап, әрі оны қажетіне орай өзгертіп, өзінше бағыт-бағдар таңдауға
қабілетті, яғни белсенділік көрсете алады. Тіршіліктің жалпылама сипатын
қамтыған адам қоғамдағы белсенділік өз ерекшелігіне орай айрықша көрініске
ие. Бұл белсенділік көрінісі іс-әрекет деп аталады.
Адамда әрқилы іс-әрекет түрлерінің пайда болуы мен дамуы күрделі де
ұзаққа созылған процесс.
Бүкіл өмір барысында бірін-бірі ауыстырып, өзара тығыз байланыста
жүріп отыратын үш іс-әрекет түрлері бар: ойын, оқу және еңбек.
Іс-әрекет құрылымы жөніндегі проблема жантану теориясының дамуы мен
көптеген практиканың міндеттерінің тиімді шешімін табуда үлкен маңызға ие.
Іс-әрекет құрылымы жөніндегі проблема алғашқы теориялық пайымдаулар әрекет
элементтерімен байланыстырылды. Бұл қарапайым элементтер ретінде әрекеттің
ең жай түрлері: алу, қою, көтеру, қабылдау (Ф.Тейлор, Д.Джильберт).
Әрқандай іс-әрекет осы элементтердің бірізді тізбегі.
Инженерлік психологияның дамуымен іс-әрекеті тұрақталған алгоритмдер
сипатындағы құбылыс деп тану кең өріс алады. Осыған орай элементтер
жөніндегі түсінік және олардың әрекет орындау әдістерімен байланысы туралы
көзқарас та басқаша болды. Әлбетте, әрекетті алгоритмдік құрылым сияқты
тану іс-әрекеттің орындалу барысын талдауда өте қажет, ал бірақ осы
әрекеттің психологияны қызықтыратын тарапы, яғни субъективтік мазмұны
мұндай жағдайда назарға ілінбей қалады.
Психологиялық тұрғыдан іс-әрекет өте күрделі, көп өлшемде деңгейлі,
ұдайы даму өзгерістегі құбылыс. Ал осы құбылысты әрқилы ғылыми тұжырым
бойынша іс-әрекет бірізді өзара ауысып отыратын қимылдар жиынтығы делінсе,
екіншісі іс-әрекеттің түрткілік қырына үлкен мән береді, ал үшінші бірі іс-
әрекетті талдап, реттеп беруші механизмдерді талдауға көп назар аударады,
іс-әрекетті онымен қоса жүретін физиологиялық процестермен де байланыстыра
талдау концепциясы да жоқ емес. Әлбетте, аталған ғылыми бағыттардың бәрінің
де өзіндік маңыздылығы орасан, әрбірі өте құнды нәтижеге жеткізіп, бірін-
бірі толықтырып отырады. Бірақ олардың әрқайсысы өз алдына әмбебап сипатқа
ие емес.
Сонымен, іс-әрекет – адамның қоршаған дүниемен өзара ықпалды
байланысының қозғалысты жүйесі. Осы жүйеде психикалық бейне пайда болып,
объекті күйіне енеді, ол іс-әрекеттің саналы қабылданған мақсаты болып
табылады. Белгілі мақсаттың болуынан әрқандай белсенділікті іс-әрекет деп
санауға болады. Ал іс-әрекеттің бүкіл басқа тараптарының бәрі – сеп-түрткі,
іс-әрекетті жоспарлау, ағымдағы ақпаратты өңдеу, шешім қабылдау бірде
сезілсе, көбіне еске алына бермейді. Алынған күнде де толық болмауы, кейде
тіпті де қате болуы әбден мүмкін. Іс-әрекет қай деңгейде танылмасын, саналы
мақсат оның қажетті белгісі. Соның ішінде қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің
мәнін ашу осы зерттеу жұмысының көкейкесті мәселесі болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Жеке тұлғаның психикалық процестері оның іс-
әрекеттерін басқару формалары ретіндегі және тұлғаның шығармашылық, рухани,
физиологиялық мүмкіндіктерін дамыту формалары ретіндегі әсерін қарастыру.
Зерттеу міндеттері:
1. Адамның психикалық процестерінің жалпы сипаттамасы.
2. Психикалық процестерді адам іс-әрекетін реттеуші формасы ретінде
қарастыру.
3. Жеке тұлға іс-әрекеттерінің теориялық негіздерін айқындау, зерттеу
обектісі.
Зерттеу обектісі: Жеке тұлғаның өміріндегі психикалық процестері оның іс-
әрекеттерінде.
Зерттеу әдістері: ғылыми әдебиеттер, баспасөз материалдары, зерттеу
нәтижелері, озат педагогикалық тәжірибелер, мектептің тәжірибе
учаскілеріндегі зерттеулер т.б.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер
тізімінен тұрады.
І Бөлім. Адамның психикалық процестерінің теориялық негіздері.
1.1 Психикалық процестер жайлы түсінік.
Адамның психикалық процестері оның өмірінде маңызды рөл атқарады.
Олар қарапайым және күрделі танымдық психикалық процестер болып екіге
бөлінеді. Қарапайым психикалық процестерге түйсік және қабылдау жатады.
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім
мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп
атайды.
Түйсік арқылы заттардың түсін, иісін, дәмін, қатты- жұмсақтығын, кедір-
бұдырлығын т.б. осы секілді қасиеттері ажыратылады. Сондай-ақ түйсік
денеде болып жататын түрлі өзгерістер жөнінде де, яғни дененің қозғалысы
мен оның кеңістікке орналасуын, жеке бөліктерінің жұмысы жайлы хабарлайды.
Сыртқы дүниені танып білу түйсіктен басталады. Ол білім атаулының алғашқы
көзі. Мәселен жолдасыңның көзін жұмуын өтініп, оның алақанына белгісіз бір
затты тигізсең, сосын одан оның не екенін сұрасаң, ол: Қатты, жылтыр,
мұздай, жұмсақ, жылы, кедір-бұдыр бір нәрсе деп жауап береді. Заттардың
нақты атауы емес, тек түрлі қасиеттерін білдіретін осы сөз тіркестері
түйсік болып табылады.
Түйсіктер- заттар мен нәрселердің тек жеке қасиеттерін ғана мида
бейнелейді. Мәселен, адам секундтың 1100 бөлігінде жалт еткен жарықты
көрдім деп айта алады, бірақ оның қалай деп аталатынын білмейді.
Егер түйсік сырқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттері мен
сапаларының миымызға бейнелеу болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың
мида тұтастай бейнеленуі болып табылады.
Қабылдауда заттармен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, иісі, формасы
т.б. қасиеттері түтас күйінде бейнеленеді. Мысалы, алманы қабылдауды
алайық. Мұнда біздің анализаторымызға оның қызыл түсі, хош иісі, тәтті
дәмі т.б. осындай қасиеттері бір мезгілде әсер етеді де, миымызда тұтас зат
бейнесі пайда болады.
Қабылдау процесінде адамның өткендегі тәжірибесі ерекше маңыз алады.
Сырқы ортадан адамға дамылсыз ақпарат келіп отырады. Кісі бұлардың бәрін
бірдей дұрыс қабылдай алмайды немесе үлгермейді. Егер бала өмір бойы поезді
көрмей өссе, оны бірден жақсы тани алмайды. Адамның сыртқы дүниенің
заттары мен құбылыстарын қабылдауы селқос үңілу емес, белсенді қабылдау.
Белсенді қабылдау ғана дүниені тереңірек тануға мүмкіндік береді.
Түйсік және қабылдау адамдарға да, жан-жануарларға да тән психикалық
процестер. Ал күрделі танымдық психикалық процестер тек адамға ғана тән.
Олар: ес, ойлау, сөйлеу, қиял.
Ес дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында
сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс.
Ес– күрделі психикалық процестердің бірі. Ес есте қалдыру, қайта
жаңғырту, тану, ұмыту секілді процестерден тұрады.
Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз
болады. Біз тікелей біле алмайтын құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана
білеміз. Түйсік,қабылдау пройестерінде сыртқы дүниенің заттаы мен
құбылыстары жайлы қарапайым қортындылар жасалады. Бірақ қарапайым
қортындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың ішкі құрылысын, оның
қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Адамның ой
әрекеті әсіресе түрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте
жақсы көрінеді.
Ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-
қатыныстарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Ойлау қабылдау елестерімен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау
танымның бірінші баспылдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды.
Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ойлау сезімдік
мағлұматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе. Елестерде жалпылағыш
элементтер мол болғанымен, оның таным мүмкіндігі ойлаудан әлдеқайда төмен.
Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кең.
Адам өзінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен
пікірлеседі, ой алмасады. Бұл үшін сол ұлттың, тілдің грамматикалық
ережелеріне сәйкес сөз тіркесін пайдаланады.Адам баласының сана-сезімінің
дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды. Сөйлесудің пайда
болу нәтижесінде адам организмі анатомиялық өзгерістерге түсіп, дыбыс
артикуляциясына қабілеті бар сөйлесу апараты жасалған. Осының арқасында
адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тексеретін, тиісті мән-
мағынасы бар сөздерді айта алатын қабілетке ие болады. Сөйлеу– адам
санасының басты белгісі. Ол бізді жануарлар дүниесінен ерекшелендіріп
тұратын негізгі жан қуаты. Сөйлеу мен сананың пайда болып, біртіндеп
қалыптасуын тек биологиялық жағдайлардан емес,ең басты қоғамдық-әлеуметтік,
таризхи факторлардан іздестіруіміз қажет. Сана мен тіл адамзат қоғамының
тарихи дамуының, олардың іс-әрекетпен айналысуының, еңбек құралдарын жасап,
пайдалана білудің нәтижесі.
Біз бұрын қабылдаған заттар мен құбылыстардың образына сүйене отырып,
еш уақытта көрмген нәрселерді де санамызда бейнелей аламыз. Мәселен өткен
заманда болған уақиғаларды суреттейтін материалды оқып отырғанда, не өзіміз
көрмеген алыстағы елдер туралы әңгіме тыңдағанда, не кітап оқығанда
(мәселен, алыстағы Африка, Австралия, Индия т.б.) бізде түрлі жаңа
елестеулер пайда болады. Бұл қиял процесінің жемісі болып саналады. Жанның
өзінде бұрыннан бар суреттеулерден жаңа суреттеулер жасай алуы қиял деп
аталады (М.Жұмабаев)
Бес жасар Асан үстел үстіне шығып алып, көзін қолымен көлегейлеп,
үңіліп, алысқа қараған болды. Ол өзін дауылды асау теңізде жүрген үлкен
кеменің ысылған капитанымын деп есептейді. Бұл секілді көріністерді Асан
талай рет теледидардан көрген, мамасы да осы жөнінде әңгіме айтқан. Міне,
енді оның өзі көрген-білгендерінің негізінде, өзінше қайтадан өңдеп, бір
елес тудырып тұр.
Жеке адамның әрекеті еңбек іс-әрекетінің қандай да бір көрінісі
ретінде қалыптасқан. Белгілі бір қоғамдық қызметке бағытталған әрекет
жиынтығы еңбектік іс-әрекеттің белгілі бір түрін құрайды. Ал еңбектік іс-
әрекет әрдайым белгілі өнімге арналғандықтан, адам әрекеті де тиісті
нәтижені көздейді. Адам әрекетінің саналы әрі мақсатты болуы – адамның
басқа жануарлар дүниесінен ажырау белгісі. Бірақ мақсат қаншама маңызды
болғанмен, оның бір өзі әрекеттің толық мәнін таныта алмайды. Іс-әрекет
бағдарланған мақсат өзінің біршама қашықтығымен еленеді. Сондықтан оған
жетем дегенше адам бір-біріне байланысты, ізбе-із келетін әлдеше жеке
міндеттерді орындауына тура келеді. Бұл міндеттермен байланысты әрекеттер
операциялар деп аталады. Әрқандай мақсат көздеген іс-әрекет орындалу
барысының әр мезетіне орай іске асып отыратын осы операциялардан құралады.
Адам іс-әрекеті әрқилы және әр деңгейдегі әрекеттердің жәрдемімен жүзеге
келеді. Ал осы жай бір міндетті іске асыруға қажет болған біршама біткен іс-
әрекеттің әрбір элементі әрекет деп аталады. Затқа бағдарланған осы әрекет
қимылдар бірікпесінен жасалады. Олар: алу, орын ауыстыру, босату. Сапалық
жағынан бұл қимылдар әлді-әлсіз, дәл-жаңсақ, жылдам-шабан, епті-епсіз,
бағдарлы-бағдарсыз болуы мүмкін.
Затқа бағдарланған қимылдардан басқа адам іс-әрекетінде денені қалыпты
ұстау, қозғау және тілдесуге қажетті қимылдар да болады. Сонымен, әрқандай
заттық әрекет белгілі қимылдар жүйесімен қамтамасыз етіледі. Ал бұл
қимылдар әрекеттің мақсатына, заттың қасиетіне және әрекет шарттарына
байланысты. Белгілі әрекеттің орындалуында қатысатын қимылдар өздігінен не
бір дене мүшесінің қандай да қозғалысқа келуінен емес, адамның жеке
ниетіне, қозғалысты міндетке орай іріктеуіне, орындалатын қимылға деген
қатынасына қарай іске араламтырылады. Ниет өзгерісі қозғалыс ауқымын да
бұрып жібереді.
Адам қимылының шын мәні мен жетілгендігі сол қимылды қажет еткен
саналы әрекетке тікелей байланысты.
Әрекетті құрайтын қимылдар тобы белгіленген мақсатқа орай басқарылады
және реттеледі. Дәл осы орындалатын әрекеттің нәтижесі қойылған мақсат
тұрғысынан бағаланады, қажет болса оған түзетулер ендіріледі. Адамның
көздеген мақсаты нақты осы мезетте көрінбей, ол ендігі орындалатын
әрекеттің жемісі. Сондықтан, мақсат адам миында іс-әрекеттің болашақтағы
нәтижелік бейнесіне әрекетшең моделі болып із береді. Осы болашақтағы ниет
бейнесі әрекеттің нақты нәтижесімен салыстырылады.
Әрқандай жаңа іске кірісуде адам істің орындалу тәсілдерін
білмегендіктен, мақсатқа бағытталған бүтін әркетті де, оның әрекеттерін де
ойланып, саналы барластырып орындауына тура келеді. Ал бірнеше қайталай
отырып, адам мақсатқа бағышталған әрекетті енді саналы күш-жігерін жұмсамай-
ақ орындау мүмкіншілігіне қол жеткізеді. Саналы әрекеттің орындалу
барысында кейбер қимыл элементтердің сана аймағынан шығып, өздігінен
орындалу әрекеттің автоматтануы деп аталады.
Жаттығу, үйрену нәтижесінде қалыптасатын адамның саналы іс-әрекеті
бірліктерінің автоматты түрде орындалуы – дағды атамасын алған. Әңгіме
әрекет емес, сана қатысынсыз орындалатын қимылдар жөнінде, себебі адамның
қалаған қалыпты іс-әрекеті сана басқаруымен болатыны белгілі. Бір міндетке
байланысты әрекетті екі не одан да көп қайталау барысында адам сол әрекетті
орындау әдістерін қолдану үшін ойланып-талғанбай, бүтін іс-әрекет
элементтерінің бірінен екіншісіне жеңіл ауысып отырады, яғни кейбір әрекет-
қимылдар дағдылық қасиетке айналып, автоматтанған орындалу қалпына түсіп,
енді адам жеке қимылдарын реттеп отыру борышынан арылып, өзінің саналы
әрекетін күрделірек жүктемелерді атқаруға бағыттайды.
Адамның қай әрекеті болмасын үш тараптан тұрады: қимылдық, сезімдік
және саналық, бұлардың әрбір өзіне сәйкес қызмен атқарады, ол қызметтер:
орындау, бақылау және реттеу.
Әрекет құрылымындағы бірліктердің біршама автоматтанып, дағды
қалыптасуынан келесі тәсілдер өзгеріске келеді:
а) әрекет орындалуы – майда қимыл-қозғалыстар біртұтас әрекетке
бірігеді, артық, қажетсіз қозғалыстар жойылып, қимыл жеделдей түседі;
ә) әрекетке сезімдік бақылау – қимылды көзбен бақылау бұлшық еттер
бақылауымен ауысады, әрекет нәтижесін бақылауға қажетті бағыт-бағдар
сараптау қабілеті дамиды;
б) әрекетті санамен реттеп бару – зейіннің әрекет тәсілдерінен сол
әрекеттің орындалу жағдайлары мен нәтижелеріне ауысуы. Осыдан әрекеттегі
кейбір есеп-қисаптық санаға байланысты шешімдер бірлікті әрі ықшам
қабылданады. Келесі қимылға көшуге болған ішкі дайындық алдыңғы әрекеттің
орындалуымен бірге жүргізіліп, жаңа әрекетке өту арнайы жоспарсыз-ақ
орындалады.
Дағды қалыптасуда адамның жеке басының ерекшеліктері үлкен маңызға ие.
Күрделі, бірақ бір тіпті дағдылар бір адамға жеңіл орнығып, екіншісінде
қиындау қалыптасады. Сондықтан да дағды қалыптастыру үшін жаттығулар саналы
іріктеліп, әрекеттің тұтастай орындалуы немесе оның күрделі бөліктері
арнайы қайталау және бекіту әдістерін пайдалануды талап етеді. Ал әр
жағдайдағы нақты әдістер саны мен түрі бекуі тиіс дағды әрекеті мен сол
әрекетті игеруші адамның ерекшеліктеріне байланысты.
Дағды әрекет мазмұнына орай әртүрлі болады:
1) қимыл-әрекеттік дағды (спортсмендер әрекеттерінің бекуі);
2) сезімдік (түр-түс тану, балалардың алғашқы әріп тануы т.б.);
3) интеллектуалды дағдылар (есеп, оқу, жаттау т.б.).
Бұлардан басқа аралық дағдылар да айырылады: сезімдік-қимыл дағдысы (жазу,
сурет салу, сызу); сезімдік-ой дағдысы (математикалық ұғымдармен жұмыс
істеу).
Әрқандай жаңа дағды адамда бұрыннан қалыптасқан дағдылар жүйесінде
пайда болады. Олардың бірі жаңа дағдыға тірек, қолдау көрсетсе, кейбірі
кедергі етеді. Осыдан дағды интерференциясы және көшуі деген ұғымдар
қалыптасқан. Интерференция – бұл дағдылардың өзара кедергілік әсері, яғни
бұрыннан орныққан дағдылар жаңа дағдыға тежеу береді немесе оның тиімділгін
кемітеді. Ал бұрыннан игерілген әрекет дағдыларды енді қалыптасатын қимыл-
әрекеттерге ұнамды ықпал жасап, олардың орнығуын жылдамдатуы көшуі деп
аталады. Дағды көшуі – бұрынғы әрекеттер мен енді орнығатын қимылдар
арасында ортақ ұқсастық болудан. Әрқандай жаңа әрекеттерге игерудеадам
бұрынға тәжірибесіне сүйенеді, сондықтан оның қалыпты ептіліктері жаңа
дағдыларды жеңіл әрі жылдам қабылдауына жәрдем береді. Ал егер жаттығу
қимылдары ұзақ мерзім қайталанып, орындалып отырмаса, дағдылар бірте-бірте
жойыла бастайды. Осыдан қызмет бабы автоматтанған әрекеттерге тәуелді
мамандар (ұшқыштар, гимнастар т.б.) өз кәсіби кейпін тұрақты ұстау үшін
арнайы қимыл-әрекеттерді ұдайы орындап жүруі өте қажетті.
Дағдылардан тыс, іс-әрекеттің қажетті бірлігі – ептілік. Ептілік – бұл
білімдер мен дағдылардың нақты әрекетте көрінуі. Жаңа жағдайлар немесе жаңа
объектермен қатынасқа келе, адам өзінің бұрыннан игерген білімдері мен
дағдыларын іске қосады, яғни осы дағдылардың жаңа жағдайға көшу – көшпеуі
ептілікке байланысты.
Ептіліктер өз мазмұнына орай дағдыларға қарағанда ауқымдырақ, себебі
олар әрекеттің түрлі баламаларын қолдануға мүмкіндік береді. Психологияда
ептіліктің келесі түрлері анықталған: а) танымдық, ә) жалпы еңбектік, б)
құрама-техникалық, в) ұйымдастыру-технологиялық, г) қызметтік бақылау
(Е.А.Милерян).
Қандай да бір әрекетті орындауға байланысты жай ептіліктер кездейсоқ
еліктеуден қалыптасуы мүмкін. Ал іс-әрекет неғұрлым күрделенген сайын
ептіліктердің пайда болуы білімге, объекті мазмұнына, объекті мен субъекті
арасындағы әрекеттік байланыстарды танып, салыстыра алуға тәуелді.
Автоматтасқан әрекеттердің және бір түрі – бұл әдет. Дағды мен әдет
арасындағы негізгі ерекшелік: дағды - әрекеті сана қатысынсыз үйреншікті
қалыптасқан қимылдар арқылы іске қосу, ал әдет – қандай да бір әрекетті
орындауды қажетсіну немесе адамдық қасиетке айналдыру. Мысалға, баланың қол
жуу, сәлемдесу т.б. әрекеттері. Әдет адамды қандай да әрекет түрлерін
тұрақты орындап жүруге бейімдестіреді, олар пайдалы да зиянды болуы мүмкін.
Сондықтан балада алғашқыдан пайдалы әдеттер қалыптасуы үшін белгілі
бағыттан ауытқымай, тұрақты талаптарға негізделген тәрбие жұмыстарын үзбеу
қажет.
1. 2 Оқу және еңбек әрекеттерін ұйымдастырудағы және жеке тұлғаның
қалыптасуындағы психикалық процестердің ролі.

ұзаққа созылған процесс. Бүкіл өмір барысында бірін-бірі ауыстырып, өзара
тығыз байланыста жүріп отыратын үш іс-әрекет түрі бар: ойын, оқу және
еңбек. Олар бір-бірінен іс-әрекеттің ақырғы нәтижесі, ұйымдастыруы және сеп-
түрткілері бойынша ажыратылады. Бала белсенділігі бір ізді, даму
барысындағы тәрбиелік ықпалдарға орай саналы, мақсат бағдарлы іс-әрекетке
айнала бастайды. Өмірінің алғашқы кезінде-ақ ол іс-әрекеттің қарапайым
формаларын қалыптастырады. Солардың ең біріншілерінен – ойын өмірдің тамаша
құбылыстарынан, бір қарағанға пайдасыз, бірақ өте қажетті іс-әрекет. Адам
ойынының мәні – дүниені бейнелей отырып, оған өзгеріс ендіруге ұмтылу.
Адамның осы қабілеті алғашқыда ойында пайда болып, осы ойында қалыптасады,
әрі орнығады. Ойында баланың дүниеге ықпал жасау қажеттігі туындайды
ойынның жалпы маңызды да осы. Ойын еңбекпен байланысты, бірақ одан өзгеше.
Еңбек пен ойынның ортақтығы да, ерекшелігі де ең алдымен оларды жүзеге
келтіретін сеп-түркілер мазмұнында.
Оқу. Тарихи даму барысында еңбек формалары үздіксіз жетілуде және
күрделенуде. Осыдан еңбектік іс-әрекетке қажет білімдер мен дағдыларды
еңбек процесінің өзінде игеру анағұрлым қиындықтарға соқытуда. Сондықтан
адамды алдағы еңбектік іс-әрекеттерге дайындау мақсаты осы іс-әрекеттің
ерекше түрі оқудың өз алдына бөлініп шығуын керек етті. Бұл еңбек түрі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz