7-сынып оқушыларының эстетикалық талғамын өнер құралдары жетілдіру жұмыстарының теориялық негіздері
1-бөлім. 7-сынып оқушыларының эстетикалық талғамын өнер құралдары жетілдіру
жұмыстарының теориялық негіздері.
І.І Оқушылардың эстетикалық көзқарастарын тәрбиелеу – дамыған
әсемдік сана мен талғамды, оны қабылдау және бағалау қабілетін
қалыптастырудың маңызды бағыттала ұйымдастырылған процесі.
Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор роль атқарады.
Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады,
қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләзаттануға мүмкіндік береді. Біз
әр адамның адамгершілікті тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз,
сондықтан әр баланың сезім нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені
сүйенетіндей етіп дамытуымыз керек. Адамның әсемдікті және жексұрындықты,
сәулетшілік және ождамсыздықты, қуаныш пен қайғыны т.б. түсінуіне
байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез-құлқы айқыңдалады. Осыдан келіп
адамның әсемдікке шынайы көзқарасы мен мұраттары болуы керек екендігі
шығады.
Қазіргі кезде эстетикалық көзқарастарды тәрбиелеу — тәрбие барысыныц
зейін салуды, күн санап өсіруді талап ететін мәселесі. Біздің қоғам адамына
тек қана өнердің емес, еңбек, қоғамдық қатынастар, қоршаған орта, тәртіп,
тұрмыс, табиғаттың да өсемдік жақтары ықпал етеді. Эстетикалық көзқарастар
адамның шындыққа қатынасын анықтайды.
1. Адам өмірінде эстетикалық көзқарас әрдайым қуатты рухани күш ретінде
көрінеді. Балаға балғын бөбекгік кезеңнен бастап өсемдікке ұмтылу
тән нерсе. Ол әрдайым бойларыңда әсемдік құндылықтары бар қатар-
құрбыларына, ересектерге еліктейді. Балалардың өз еңбек іс-әрекеті
тиімді және сапалы болуы үшін оның ұйымдастырылуы толысып, тамаша
нәрсені қабылдау деңгейіне жеткені жөн. Балаға сонымен қатар
жасампаздықтың да әсемдігі ашылады.
Еңбек әсемдігін қабылдауды үйретіп, қоғамдық іс-әрекет әсемділігіне
сезімталдығын тәрбиелеп, мұғалім балалардың еңбек белсенділігін кеңейтуге
дем береді. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің экономикалық мәселелерге
әрі тікелей, әрі жанама қатынасы бар. Бұл біздің қоғамдағы қоғамдық өвдіріс
адамдардың өскелең рухани және материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға
бағытталғандығынан туындайды. Өндірілген товарлар сапасының әсемдігі
тұтынылу жағына үлкен әсер етеді. Мұның өзі әр баланың білім алуында
белгілі дәрежеде эстетикалық көзқарас мәдениеті болуын талап етеді.
Өнерде шоғырланған адамдардың шындыққа эстетикалық қарым-қатынасы
қоғамдық идеяларды алға алып баруымыздың құралы, сол арқылы санаға өте
күшті әсер ету жүзеге асады.
Сонымен, оқушылардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу - дамыған әсемдік
сана мен талғамды, оны қабылдау және бағалау қабілетін қалыптастырудың
мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған процесі. Эстетикалық көзқарасты
тәрбиелеу оқушыны жан-жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде ең
алдымен өзіне тән қызмет атқарады. Ол іс-әрекеттің барлық түрлеріндегі
әсемдік нышанын анықтап, оны оқушының әсемдікке көзқарасының дамуы, білім
алуы, қалыптасуы құралына айналдырады.
Кең ой-өрістілік сөйлеу іс-әрекетінің мазмұнынан сөз өнерін, ақыл-ой
еңбегін, шындықтың объективтік жақтарын, көркем сөз сұлулығын бөліп
қарайды. Еңбек іс-әрекетінде еңбек мақсаттары және процесі, оның нәтижесі,
сұлулығы ерекше көрсетіледі. Құқықтық іс-әрекетінде қоғамдық мұраттардағы,
дамудағы оның ынтасы мен тәртібіндегі сұлулыққа баса назар аударылады.
Бейнелеу іс-әрекеті барысында балаларға көзге көрінетін әлем, музыкада адам
жасаған дыбыс үйлесімділігінің сұлулықтары ашылады. Дене тәрбиесі мәдениеті
және гигиена негіздері арқылы бала адам денесінің тән және жан сұлулығын
таниды т.б.
Әсемдікке тәрбиелеудің оқушыны жан-жақты және үйлесімді дамытудың жалпы
жүйесінде жанама қызметі де бар.
Әсемдіктің адам үшін зор тартымды күші бола отырып, сонымен бірге оның іс-
әрекетінің белсенді және тиімді дем берушісі де болады. Оқушы өнегелігінің
әсемдігі, оның жан дүниесінің байлығы, шешендігі оны басқа адамдарға
тартымды етеді. Окушылар алдында ашық көрініс берген еңбек әсемдігі, ол
еңбегі тартымды етеді және еңбек іс-әрекетінің процесін жеңілдетеді. Ерлік
пен шын азаматтық әсемдігі адамдарды қоғамдық тәртіп және құқықтық
әрекеттерін орындауға жетелейді.
Баланың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу әсемдіктің қасиеттері бар әр
түрлі өмір мен қатынастар және әсерлер ықпалымен жүзеге асырылады. Кіші
мектеп жасындағы балалардың эстетикалық көзқарасы үздіксіз дамиды. Оған
себеп болатын нәрсе-оқу, қоғамдық және тұрмыстық еңбектің жаңа жүйеге
түсуі.
Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы — өнер. Ол шындықты
көркем, сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы бере отырып және осылар
арқылы адам сезімі мен санасына әсер етіп, оның көзқарасын қалыптастыруға
жәрдем етеді. Педагогикада эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу тәрбиенің басқа
салаларымен тығыз байланысы қаралады. Балалардың ақыл-ой тәрбиесін,
зерттелген құбылыстар әсемдігін ашпай жүзеге асыру мүмкін емес. Еңбекке
тәрбиелеу - адамдардағы өсемдікті, еңбек мазмұны мен процесін танымай
саналы тәртіп пен мінез-құлықты тәрбиелеу мүмкін емес. Соңдай-ақ әсемдікке
көзқарасты тәрбиелеуді өмірден, белсеңді іс-әрекеттен және мұрат-тарға жету
жолындағы күрестен оқшау қарауға болмайды.
Мектеп оқушыны әсемдікті өмірден, адамдар қылықтарынан, еңбек іс-
әрекетінен, еңбек нәтижесінен көруді және ләззат алуды үйретіп қана
қоймайды, күнделікті өмірде осы әсемдікті жасау ынтасы мен іскерлігін
тәрбиелейді.
Сонымен эстетикалык тәрбие табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі ең
жақсыны қабылдау, одан ләззат алу. Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі
әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді. Өнер шығармаларын тануға,
қастерлеуге баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты
қалыптастырады.
Эстетикалық тәрбиенің өзіне тән міндеттері бар. Олардың бірі -
эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі,
өнердегі әдемілікті сезу және көру адамдарда әр түрлі болады. Біреулер
әдемілікке үңіле қарап, оның сырын білуге тырысады, ал кейбіреулер оған
онша мән бермейді, қалай болса солай қарап, жанынан өте шығады. Әдемілікті
сезу үшін, оған түсіну үшін ең алдымен бейнелеу өнері, музыка және ән
саласынан әрбір адамда білім болуы қажет. Білім адамды әдемілііктің
объекгивтік критерийлерімен қаруландырады. Білімді адам сұлулықты бағалай
біледі, түсінеді. Айналадағы дүниеге сезімталдық, эстетикалық қабылдау
қырағылығы, ықыластылық, қамқорлық баланың эстетикалық дамуының негізі
болады.
Эстетикалық үғымды, байымдауды, баға беруді қалыптастыру — эстетикалық
тәрбиенің тағы да бір міндеті. Әдемілікті сүю, оған түсіну үшін балаға
негізінен көмектесетін білім. Сондықтан бала бейнелеу өнері саласыңдағы
ырғақ, үндестік, музыка мен әндегі дыбыстарды және өнер өдістері туралы
білімді игepy қажет. Осыған байланысты ол эстетикалық терең түсінуге
тырысады, байымдай және бағалай біледі.
Көркемдікке және сұлулыққа баға беру үшін эстетикалық танымның маңызы өте
зор. Эстетикалық таным - бұл өмірдегі, еңбектегі және табиғаттағы сыртқы
әдемілік пен нағыз сұлулықтың арасын ажырата білу, өнер шығармаларына
жоғары талап қою. Мысалы, мұзда конькимен мәнерлеп сырғанақ тебу, яғни
жарысы өткізіледі. Сонда орындаушыларға екі түрлі баға, яғни бірінші баға -
көркемділігін келістіре орындағаны үшін, екінші баға мәнерлеп сырғанаудың
техникасын жоғары дәрежеде игергені үшін қойылады. Әрине, орындаушыларға
әділетті баға қою үшін мамандардың, әсіресе төрешілер алқасының танымы,
білімі жоғары дәрежеде болуы керек.
Эстетикалық танымның дамуына көбінесе өнер үлгілерін қабылдаумен, не
тегінде шығармашылықпен байланысты іс-әрекеті мүмкіндік береді.
Қазіргі жағдайда біздің қоғамдық өміріміздегі қажетті мәселелердің бірі -
баланың эстетикалық белсенділігін тербиелеу. Ол әдемшікті сезіп және оның
зандарын түсініп қана қоймай, осы заңдар бойынша өзін қоршаған айналаға
өзгеріс жасауы қажет. Өмірге енген эстетика (еңбек, табиғат эстетикасы,
адамдар қатынасы және жай-жағдай эстетикасы) адамды сүйсіндіреді. Адам
белсенді түрде өмірдегі әдемілікке, көркемдікке өз үлесін қосып, оны
көріксіздіктен, ұсқынсыздықтан қорғауы қажет.
Балаларды эстетикалық белсенділікке тәрбиелей отырып, оларды өздігінен
ілтипатты оқырман, қайырымды көрермен, сезімтал тындаушы болуға үйрету
керек. Балалар әдебиетті оқуға, кинофильмді, теледидарды, спектакльді
көруге, музыканы тыңдауға өте ынталы болады. Әр түрлі әдеби, музыкалық
шығармалардағы іс-әрекеттің оқиға желісін дұрыс түсіну үшін балаларды көп
ізденуге үйрету, бағыт беру ұстаздардың басты міндеті.
Баланың эстетикалық мәдениеті және белсенділігі тұтас педагогикалық
процесте дамиды. Сондықтан оның барлық еңбегі, демалысы эстетикалық бағытта
тиімді ұйымдастырылса, ол өз өміріне әдемілік элементтерін енгізе алады.
Эстетикалық тәрбиенің маңызды міндеті - өнер және әдебиет салаларында
балалардың қабілетін, ынтасын және бейімділігін дамыту. Осыған орай,
мекгепте оқушылардың ықтимал мүмкіндіктерін және қабілетін барынша ашу
керек.
Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары - әдебиет және өнер. Олар зор
идеялық тәрбиелік роль атқарады. Әдебиет пен өнер адамдары қуанышқа
бөлейді, жігерлендіреді, олардың идеялық жағынан баюына игі әсер етеді.
Өнер және әдебиет адам санасына белгілі көзқарастарды әр түрлі құралдар
арқылы (әдебиетте - проза, поэзия; кескіндеме - жанр, баталия, пейзаж;
мүсінде - бюст, т.б.; музыкада - симфония, оратория, ән енгізіледі).
Белгілі орыс суретшілері П.А.Федотовтың, В.Г.Перовтың, И.Е.Репиннің,
В.В.Верещагиннің, И.И.Шишкиннің, И.Н.Левитанның және қазақ суретшілері
Ә.Қастеевтің, М.Кенбаевтың, Қ.Шаяхметовтың т.б. шығармашылығымен байланысты
бейнелеу өнері адамдардың тәрбиесіне күшті ықпал етеді.
М.Горький, Н.А.Островский, А.А.Фадеев, М.А.Шолохов, М.Әуезов,
Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, т.б. еңбектеріндегі адам баласының бақыты және
бостандығы үшін күрескерлердің бейнелері жастарды ұлы ерлікке рухтандырады.
Сонымен өнер мен әдебиет шындықты игерудің және танудың құралы. Өнер
мен әдебиет адам дамуының және рухани өсуінің басты шарттарьшың бірі болып
табылады.
Әдемілікті сезуде, эстетикалық көзқарастарды қалыптастыруда табиғат зор
роль атқарады. Табиғат адамды қуанышқа бөлейді, сезімін дамытады,
эстетикалық түсінігін байытады. Адам табиғатты бақылаушы ғана емес, ол
тұтынушы, сұлулықты жасаушы шығармашылық қызметкер. Сондықтан өзінің күшін,
қабілетін адамдар бақыты үшін табиғатқа өзгеріс жасауға жұмсауы керек.
Мысалы, қала мен селоны, тұрғын жерлерді көгалдандыру, бақ және гүлдер
өсіру, мәдениет және демалыс орындарын әшекейлеу — бұл зор эстетикалық
қамқорлық.
Мектеп оқушыларының эстетикалық түсініктері, олардың еңбекке әсемдік
тұрғысынан қатынасы, өзіндік белсенді іс-әрекетімен байланысты екенін
көрсетеді. Мәселен өзі шешу мүмкіндігі болғанда ғана оның әрі мінез-
құлықтық, әрі әсемдік көңіл-күйі жай табады, тояттайды.
Жемісті еңбектен қанағаттануы, көңілдің жай табуы, эстетикалық сезімі
бала үшін көп жағдайда бір нәрсе.
Оқушылардың оқу еңбегіне талғампаздық қатынасын дамыту, оны оқудың
қозғаушы күші, дем берушісі ретінде пайдалану үшін балалардың өзіндік
белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру, көркемдік ләззат және құлықтық әсер алуды
қамтамасыз ететін еңбектің нәтижесіне жетуіне көмектесу қажет.
Бақылау және балалармен әңгіме олардың әрқайсысы өте әсем зат жасағысы
келетінін көрсетеді. Бала өзі жасаған затты ең тәуірлердің қатарына жатпаса
да қуанады. Мұндай жағдайда мұғалім оқушылар жұмыстарына көрме ұйымдастырып
олардың нәтижесін бағалауға көмектеседі.
Оқушыларды бірлесе орындалатын қоғамдық пайдалы еңбек әсемдік жағынан
қатты қызықтырады. Оларға бірлесіп, аула тазарту, жер дайындап гүл
отырғызу, металл сынықтары мен қағаз қалдықтарын жинау, кітап жөндеу, сынып
бөлмесін тазарту, безендіру т.б. ұнайды. Оларды жақсы жұмыс үшін мадақтау,
жарыста озып шығып әсер алу да еліктіреді. Осы тұрғы-дан қарағанда еңбек
және эстетикалық тәрбие өзара қабысып бірін-бірі толықтырады.
Көп жағдайда оқушылар тәртібінің дұрыстығына сыртқы, кейде үстірт
белгілер арқылы баға беріледі. Тәртіп шеңберіндегі олардың мұраттары
мұғалімнің, жақын адамдардың тәртібі мен іс-әрекеті, қоғамдық өмір және
өнер ықпалымен қалыптасады.
Бұл тұрғыдан әдебиеттің, олардың оқушылар есінде ұзақ сақталатын
кейіпкерлерінің бейнелері үлкен орын алады.
Оқушылардың эстетикалық санасының және шындыққа қатынасының
ерекшеліктерін білу оқушылар өмірін эстетикалық көзқарас тұрғысында дұрыс
ұйымдастыруға көмектеседі.
І. ІІ. Оқушылардың эстетикалық талғамын өнер құралдары арқылы
жетілдірудің жолдары.
Оқушылардың эстетикалық тәрбиесі оқу және сыныптан тыс тәрбие
процесінде іске асырылады.
Эстетикалық білімнің негізі — оқу пәндері. Бастауыш сынып оқушылары әр
түрлі пәндерді оқудың нәтижесіне табиғаттың, еңбектің сұлулығын және адам
іс-әрекетінің әдемілігін бағалай білуді түсінеді. Олар әдемі жазуға,
мәнерлеп оқуға жәнс айтуға үйренеді. Ал бұл мәдениетті сөйлеуге, көркемдік
танымын қалыптастыруға, қиялын дамытуға игі әсер етеді.
Ана тілі сабақтарыңда оқушылардың тілін дамыта отырып, мұғалім суретке
карап әңгіме құрауды, әсер алған уақиғаларды айтып беруді, қиялында жаңа
белгілерді жасауға үйретеді. Көркемдікті сезінуге талғамы пайда болып,
олардың рухани күші дамиды.
Музыка сабақтары өте әсерлі сезімдерді оятып, музыка мұраттарын
қалыптастырып, бала тәртібіне ықпал етеді. Музыканы тыңдау, ән салу балалар
үшін өнегелік-әсемдік мәні бар, себебі көтеріңкі көңіл, ержүреіктік
сезімдерден ортақ әсер алу оларды рухани өрлеу үстіңде біріктіреді және
топтастырады. Соңдықтан саналы тәртіп пен мінез-құлыктық тәрбиені күшейту
үшін музыка пәні бағдарламасында халық әндерін игеруге үлкен мән берілген.
Музыка пәнінің бағдарламасы ән салу және жазылып алынған музыкалық
шығармаларды тыңдау негізінде оқушылардың есту қабілетін дамытуды көздейді.
Бастауыш мектеп мүғалімі музыка сабағын өзі жүргізетіңдей даярлығы болуы
керек немесе музыка сабақтарына тікелей қатынасып., ол пәнді жүргізушімен
тығыз байланыста отырып, басқа сабақтарда, сыныптан тыс жұмыстарда
музыканың адам өміріндегі алатын орны туралы әңгімелер өткізуі керек.
Бейнелеу өнері сабақтарының да балалардың эстетикалық көзқарасын
тәрбиелеуде ықпалы мол. Кескіндеме, мүсін, сызықтық суреттер, сәулет
өнерлері құралдарымен өмір, табиғат және қоғам әсемдігі өрнектеледі.
Бейнелеу өнері шығармалары әсемдік үшін күреске шақырады, адамдар
мұраттарына, күнделікті өмірдегі тәртібіне үлкен ықпал жасайды.
Бейнелеу әсемдікті түсіну мен нәзік сезіну, алған әсерін бейнелеу өнері
құралдарымен шамасына сай беру, сызықтық сурет салу сауатын меңгеру, жеке
балаларда кескін, мүсін, сызықтық суреттерде әсемдікті жасау қабілеті,
олардың өзіндік іс-әрекеті бейнелеу өнерін тану барысында қалыптаса
бастайды.
Мұғалім басқа сабақтарда өз тапсырмаларын бейнелеу өнері сабағындағы
тапсырмамен үйлестіреді.
Көркем әдебиет және тарих пәндері оқушылардың шығармашылық қабілетін
дамытады. Олар қоғамдық өмірдің адамдар қатынасының, еңбектің эстетикасын
тануға үміттенеді. Әсіресе әдебиет сабақтары оқушыларды әдемілікке баулиды,
таным ынтасының, бейімділігінің, қабілетінің дамуына ықпал жасайды. Кейбір
оқушылар жас кезінен-ақ өлең, әңгіме жазуға талаптанады. Оларды мұндай
қасиеттерінің дамуына мүмкіндік жасау керек. Бұл істе қабырға газеттерінің
қолжазба, әдеби журналдардың, жергілікті және Республикалық жастар
газеттерінің маңызы өте зор.
Табиғаттың ұлылығы, көркемдігі, сыры биология, география, химия, физика
сабақтарыңда ашылады. Оқушылар табиғи құбылыстардың бай эстетикалық сымбаты
жөнінде мәліметтер алады. Биология, география сабақтарында пейзаждық
кескіндеме шығармалары, суреттік шығармалар оқушылардың эстетикалық
дүниетанымын байытады.
Сонымен, мектептегі оқу пәндерінің оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі
ролі орасан зор десек, ол асыра бағалау болмас еді.
Мектепте эстетикалық тәрбие оқушылардың сыныптан тыс тәрбие жұмысының
жүйесінде кеңінен пайдаланылады. Эстетикалық тәрбиенің өмір елегінен өткен
көптеген формалары бар. Шығармашылық үйірмелер - олар әдебиет, музыка,
хореография, бейнелеу өнері т.б.
Балалардың шығармашылық жұмыстарының басты формаларының бірі — көрмелер,
сайыстар. Көрмеде оқушылардың бейнелеу өнері, қабырға газеттері, қолжазба
журналдары көрсетіледі. Сайыста жақсы лирикалық, эстрадалық әндер,
әңгімелер орындалады. Сайыс оқушыларды қуанышқа бөлейді, келешекке үмітін
тұтандырады. Мектепте музыка, кескіндеме және әдебиет кештері өгкізіледі.
Онда оқушылар тыңдаушыларды өз шығармалары және әндерімен таныстырады,
пікір алмасады, ұсыныстар айтылады.
Шығармашылық конференцияларда оқушылардың зерттеу жұмыстары туралы
баяндамалары, рефераттары талқыланады. Олардың жұмыстары жөнінде құнды
пікірлер айтылып, ұсыныстар беріледі.
Мектеп және сынып бойынша алдын-ала жасалған жоспарларға сәйкес
эстетикалық саяхат өткізіледі. Саяхаттың негізгі объектілері көркем
галерея, мұражай, табиғат, театр, кинотеатр, түрлі көрмелер.
Көркемөнерпаздар үйірмесі оқушылардың өнерге әуестігін, қызығушылығын,
талғамын дамытуда үлкен роль атқарады. Көркемөнерпаздар үйірмесі сынып,
сыныпаралық жөне мектеп бойынша ұйымдастырылады. Үйірмеге ән салуға,
билеуге машық, музыка аспаптарында ойнай білетін қабілетті оқушылар
қабылданады.
Эстетикалық тәрбие жұмысына көмектесуде мектеп кітапханасының көп
мүмкіншіліктері бар. Кітапхана бейнелеу өнері, кескіңдеме, музыка және
өнердің басқа түрлеріне байланысты кітаптар көрмесін ұйымдастырады, әдебиет
тізімдерін дайындайды, әңгімелер өткізеді, мұғалімдермен бірігіп, сыныптан
тыс оқуларды, оқырмаңдар конференциясын өткізеді, басшылық жасайды.
Сыныптан тыс эстетикалық жұмыстың барлық түрлері оқушылардың еріктік,
қызығушылық, бейімділік принциптері негізінде іске асырылады.
Мектепте оқушылардың эстетикалык мәдениетін: басқа факторлар әсер етеді.
Мысалы, жарық сынып бөлмесі, әдемі мектеп мебельдері, демалыс бөлмелері,
қолайлы жұмыс орны оқушылардың эстетикалық танымын, белсенділігін көтереді.
Көп түрлі эстетикалық жұмыстарды тиімді ұйымдастыру оқушылардың
эстетикалық дүниетанымының негізгі көзі болады.
Басты мәселе, күнделікті өмірдегі әсемдіктің адам мен табиғаттың
бірлескен әрекетінің күшімен пайда болғанын ұғындыру. Осының негізінде ғана
оқушы өз еңбегінің пайдалы екенін жәнс оның сұлулығын көре білетін, осыдан
өмір сұлулығын жасайтын адам екенін түсінеді. Мұны жүзеге асыруда
көпшілікке хабар тарату құралдарын және баспасөз материалдарын кең
пайдалануға болады.
Қазіргі кездегі эстетикалық тәрбиенің міндеттерін шешу үшін халықтың осы
уақытқа дейінгі тәжірибесін меңгеру қажет.
Мәдени құндылықтарды жасауда әр халықтың өзіндік ерекшелігі бар. Мысалы,
қазақ халқына көшпенділік өмір жағдайында табиғи өзгерістерге байланысты
өте нәзік байқағыштық тән. Кең дала қозғалыс бағытын дұрыс табу,
жайылымдардың күйін анықтау, ауа райының өзгерісін алдын-ала болжау,
өсімдіктердің атын өте дәл тауып қою, т.с.с.
Халық әрдайым әсемдікті іздеді, қолдан жасады және оны өмірде, тұрмыста,
еңбекте бекітуге тырысады. Оны халқымыз үй жиһаздарын жасауынан және оны
әсемдікті сезінудегі тәрбие құралы ретінде пайдалануынан көруге болады.
Халықтық эстетикалық тәрбие жүйесінде лирикалық, үйелмеңдік тұрмыстық,
әдет-ғұрыптық, еңбектік және т.б. әндер мен өлеңдер ерекше орын алады.
Бұлар да эстетикалық тәрбиенің құралдары ретінде қызмет етті. Халқымыздың
әндері жанры және тақырыбы жағынан өте бай. Көптеген әндер би қимылдарымен
байытылды.
Қазақ халқының музыкалық аспаптарының түрлілігі таң қаларлықтай (домбыра,
шертер, асатаяқ, шаң қобыз, ұран, мүйіз сырнай, жетіген, үскірік, қамыс
сырнай, дабыл т.т.). Олар бос уақытта пайдаланылып жас ұрпаққа эстетикалық
тәрбие беру ісіне қызмет етті.
Халқымыздың тұрмысына енген қолданбалы қолөнер бұйымдары, олардың
әшекейленіп жасалуы эстетикалық тәрбиеде өз алдына бір сала. Ағаш, тері,
металл өндеудегі өнері әлемге әйгілі.
Эстетикалық тәрбиеде халық ауыз әдебиетінің маңызы өте зор болды. Оның
мазмұны халқымыздың бүкіл өмір тәжірибесін қамти отырып, жас ұрпақ санасын,
әсемдік сезімін, талғамын, қажеттігін билейді.
Эстетикалық тәрбиенің күрделі мәселелерін айқындауда біз халықтың
жинақтаған педагогикалық білімі мен тәрбие тежірибесіне сүйенуіміз қажет.
Халықтың бай тарихын, мәдени құбылыстарының сан қилы ерекшеліктерін
білмей, бүгінгі тәрбие жүйесін қалыптастыру мүмкіндік емес. Сондықтан
болашақ мамандарды кәсіби даярлауда оқу-тәрбие процесіне тарихи-
педагогикалық және мәдени мұраларды пайдалану барынша қажет болып отыр.
Себебі ол рухани дүниесіне белсенді олардың эстетикалық талғамы мен
адамгершілік, тұлғалық және сапалық қасиеттерінің қалыптасып дамуына игі
әсер етеді. Олай болса, бүгінгі білім жүйесіндегі өнердің басты мақсаты -
адам баласының барлық іс-әрекетіндегі сергек сезімталдықты, әдемілік пен
әсемдікті тәрбиелеу.
Мемлекетіміздің мәдениет мәселелері мен тарихи өткенін жаңғырту және
бағалау проблемасына деген көзқарасына 2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени
мұра" бағдарламасының қабылдануы дәлел бола алады. Бұл бағдарламаның
жасалуы мәдени мұралар сапасында қалыптасқан жағдайға барынша белсенді
түрде әсер етудің қажеттілігімен байланысты болып отыр.
Бұл мәселені зерттеудің қажеттілігі мынадай нақты қарама-қайшылықтардан
туындап отыр. Біріншіден, қоғамның, халықтың мәдени мұрасын қайта
жаңғыртуына деген қажеттіліктің өсуі, өскелең ұрпақтың бойында өз халқының
мәдени және рухани мұрасына деген жағымды қатынасын музыкалық білім, тәрбие
және ағарту ісінде қалыптастыруды өзектеумен байланысты. Екіншіден,
музыкалық білім беру мен тәрбиені дамытудың аймақтық ерекшеліктерін
зерттеумен байланысты педагогика тарихында жинақталған тәжірибенің
жеткілікті зерттелмеуі мен ғылыми қорытындыланбауы арасындағы қарама-
қайшылықтар болып табылады.
Бұл проблеманың көкейкестілігі қазіргі кезеңде музыкалық білім беру мен
тәрбиенің аймақтық ерекшелігін зерттеумен байланысты ғылыми еңбектердің
жоқтығында жатыр. Қазіргі уақытта жастардың өз халқының тарихына, өз
өлкесінің тарихына деген қызығушылығы өсіп отырғандығы байқалады. Еліміздің
аймақтарындағы тарихи-педагогикалық жұмыстар - отандық ғылым мен
интеллегенция өкілдерінің көңілін аударып, қызығушылық туғызып отырғандығын
айтуға болады.
Көптеген жылдар бойы Қазақстанда музыкалық ағарту және білім беру дамыды,
жетілді, белгілі бір жүйеге қалыптасты. Бұл процестің жекелеген қырлары
П.М.Момынов, С.А.Ұзақбаева, Г.М.Аубакирова, Г.К.Ахметова, А.Б.Мұқашева
еңбектерінде зерттелді. Ғалымдар еңбегі Қазақстандағы музыкалық білім
берудің қалыптасуы мен дамуын зерттеуде өздерінің сүбелі үлестерін қосты.
Ұлттық, дәстүрлі мәдениеттің эстетикалық тәрбие мазмұнына қосқан үлесі
отандық педагогиканың ғылымының дамуында мүмкіндік туғызды, Дегенмен, өнер
полифункционалды, ол өнердің әртүрлі саласын ықпалдастырып қана қоймайды,
әрі бүкіл жалпы адамзаттық мәдениетті де қамтиды. Әлеуметтік саланы дамыту
барысында қоғамды ізгілендіру көрінісінің бірі - рухани жағынан бай тұлғаны
тәрбиелеу. Бұл бүгінгі күні білім беру жүйесінің негізгі мақсаты болып
табылады.
Өскелең ұрпақтың рухани мәдениетін қалыптастыру - қоғамның мәдениетін жан-
жақты дамыту жұмысының маңызды бөлігі.
Шындыққа зстетикалық қатынасты қалыптастыру проблемасы терең
зерттеулердін пәні болып қала береді. Ол әртүрлі музыкалық әрекет түрлері
мен айналысу процесінде, музыкамен қарым-қатынас қажеттілігін дамытуда
жүзеге асырылуы мүмкін.
Кең мағынадағы эстетикалық тәрбие міндеттерінің ішінде ең маңыздысы,
қоғамның мәдени және рухани потенциалын көтеруде музыкалық педагогиканың
қосатын үлесіне тәуелді болады. Өйткені ол оқушы жастардың халықтық
музыкалық дәстүрге қызығушылығын қалыптастырады, оны тұлғаның жалпы
мәдениетіне біріктіреді. Қазіргі кезде музыка мектептері мен мәдени-ағарту
мекемелері туралы мәселе қозғалған кезде олардың нақты елді мекенде,
аймақта, мәдени ортаны қалыптастырушы ретіндегі маңызды қызметінің жүзеге
асырылмай отырғандығы жөнінде айту артық емес.
Педагогикалық казкарас тұрғысынан тұлғасын музыкалық білім беру мен
тәрбиелеу арқылы қалыптастыру процесі бұл тұлғаға эстетикалық, этикалық
әсер ету, ол тәрбиеленушіні басқа адамдар қызығушылығына ендіру деген сөз.
Мемлекетімізде тәрбие мақсаты жастарды мәдениетке, оның барлық қабаттарын
игеруге баулу болып табылады. Сондықтан эстетикалық тәрбие маңызды, ал
шындықты тарихи қабылдау одан маныздырақ мәселе. Музыкалық білім беру әр
уақытта да ең танымал және жалпы көпшілік қол жеткізе аларлық құбылыс бола
тұрғанымен ғылымда жеткілікті талданбаған және аз зерттелген. Музыкалық
ағарту жұмыстарының қалыптасу кезеңдерін, әсіресе аймақтық деңгейде зерттеу
осы кемшіліктің орнын толтыруда, халқымыздың тарихи санасын және
эстетикалық мәдениетін дамытуда баға жетпес мәні бар.
Тарихи-педагогикалық зерттеулердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай,
бұрынғы тарихи кезеңдерін (біздің кезеңімізден мүлдем алыс жатқан) және
бүгінгі күні толық көрініс тауып отырған және пісіп-жетпеген педагогикалық
құбылыстар мен жүйелердің негізі болуы мен қалыптасуыпың тамырларын табуға
болады.
Қоғам өмірінің барлық саласын реформалау педагогика ғылымының соңғы
уақытқа дейін зерттелмей келген немесе аз зерттелген бағыттарға көңіл
аударуын қажет етуде.
ІІ. Бөлім. 7- сынып оқушыларының эстетикалық талғамын
жетілдіру, жүзеге асырудың ерекшеліктері
ІІ.І Күнделікті өмірдегі адамның жеке басының эстетикасының,
оқушының эстетикалық талғамын қалыптастырудағы ролі
мен маңызы.
Жеке адамның жалпы мәдениеті үйелменде, ұжымда, жұртшылық арасыңда
байқалады. Сондықтан күнделікті өмірдегі оқушының жеке басының эстетикасына
ерекше көңіл аудару мұғалімдер мен ата-аналар алдындағы кезек күттірмейтін
басты мәселелердің бірі болып саналады.
Оқушышардың жалпы мәдениеті, яғни эстетикалық тәрбиенің маңызды жақтары
ізеттілік, ұқыптылық, жылы шырайлылық, қайырымдылық, тазалықты сақтау т.б.
Жалпы эстетикалық мәдениет - бұл қатынас эстетикасы, киім-кешек эстетикасы,
үй-жағдай эстетикасы, манера (өзін ұстай білу үлгісі), дене қимылы т.б.
А.С.Макаренко еңбектерінде бұл проблемаға зор мән берілген.
Қатынас эстетикасы. Үйелменде ата-аналармен, мектепте оқушылар және
мұғалімдермен, басқа адамдармен қатынас жасау эстетикалық тәрбиенің
іргетасы. Мұндай қатынас балалардың күнделікті өмірінде, іс-әрекетінде
қалыптасады, зстетикалық сезіміне үнемі әсер етеді. А.С.Макаренконың айтуы
бойынша адамдармен жылы шырайлы қарым-қатынас, көршілерге қайырымды,
сенімді дос және өнегелі болу - осының бәрі моральдық эстетиканың басты
салалары.
Осы мақсатта мынадай сабақ өтуге болады:
Такырыбы: Мүғаяім мен оқушы ара-Сындағы одептілік.
Мақсаттары: Оқушылардың педагогикалық мамандық негіздерін игеруде
шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. Танымдық іскерліктерін дамыту.
Мұғалім мен оқушылар арасындағы әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақта колданатын қосымша материалдар, көрнекіліктер: "Әдептілік
қағидалары" Нұрхат Шакузадаұлы; "Педагоггық әдеп және ұстаздық шеберлік" И.
Е. Синица; ақыл-кеңестер жазылған плакат, топтамалар, "1001 мақал, 101
жұмбақ" ойының бағдарламасы.
Сабақта қолданатын әдістер: сөз жүзіндегі, көрнекі, практикалық
шығармашылық, өз бетінше жұмыс, ізденіс жұмыс, ойын, ұжымдық-топтық жұмыс.
Сабақтың формасы: практикалық-әдеп сабағы.
Пәнаралық байланыс: педагогикалық практика, педагогикалық риторика.
Сабақтың ерекшелігі: жоғарғы курс студенттерінің қатысуы.
1. Ұйымдастыру кезеңі: Сабақтың басталуын ұйымдастырып, оқушыларды
сабаққа даярлау, мақсат - міндеттерімен таныстыру.
ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі: "Әдеп" сөзі-қазақ тіліне араб тілінен енген
сөздердің бірі. Әдеп дегеніміз адамдар арасындағы қарым-қатынаста сыпайы
болу, жұмсақ сөйлеу және оқыс қылықтардан аулақ болу. Ал, педагогтық әдеп
мұғалімнің әрбір нақты іс-әрекетінде, яғни оқыту, тәрбиелеу іс-әрекетінде
ең ұтымды әдіс-тәсілдерін қолданып, оқушыларды еліктіріп әкететін кәсіптік
сапасы. Енді осы кәсіптік сапаны ашып көрсету үшін сөз кезегін 4 топқа
береміз, атына заты сай демекші. әр топ өз топтарының аты-на байланысты
мұғалім мен оқушы арасындағы педагогикалық әдептілік қасиетгерін ашады.
Топтармен таныстыру:
"Сымбат" тобы.
"Ақыл-парасат" тобы.
"Мінез-құлық" тобы.
"Өнер" тобы.
Енді сөз осы топтарға беріледі.
ІІІ. Топтық жұмыс жүргізіледі. Әр топтың өздерінің даярлаған
хабарламаларын айтқызып, толықтыру.
. Педагогикалық жұмбақ. Педагогика-
лық жұмбақ бөлімінде оқушыларға жоғарғы курс студенттерінің сабақтарынан
үзінділер көрсетіледі, оларды әр топ өздеріне тиісті бағытта талдайды. (Бұл
мәселені алдын-ала ескеру қажет).
.Педагогикалық есептерді шештіру. (Ситуациялар шештіру). Әр топқа бір
топтамадан беріліп, уақыт беріледі. Одан кейін әр топ өздеріне берілген
педагогикалық жағдаяттарды қалай шешкендерін айтып дәлелдейді.
Педагогтар көзқарасы арқылы жауаптар талданады.
Педагогикалық ситуация
Сіздің алдыңызда педагогикалық ситуациялардың қиын түрлері берілген.
Педагогикалық ситуациялардың әрқайсысының мазмұнымен танысқаннан кейін,
өзіңіздің педагогикалық көзқарасыңыз бойынша қай вариант дұрыс деп
ойлайсыз. Егер берілген варианттардың ешбірі сізді қанағаттандырмаса, онда
өзіңіздің вариантыңызды соңғы екі бос қатарға жа-зыңыз."
1-СИТУАЦИЯ.
Сіз сабақ беруге кірістіңіз, барлық оқушылар тынышталды, кенеттен сыныпта
біреу қатты күлді. Сіз ешнәрсеге түсінбей, күлген окушыға таңдана
қарадыңыз, ал ол сіздің көзіңізге тіке қарап, былай деді: "Сіз сабақты
бастаған кезде, мен сізге қарап әрқашан күлкім келеді" Мұны сіз қалай
қабылдайсыз?
Төменде берілген вариантгардың қайсысын өзіңіздің көзқарасыңыз бойынша
дұрыс жауап деп ойлайсыз, сол жауапты көрсетіңіз.
"Мәс, саған!"
"Неменеге саған күлкілі?"
"Құдай үшін!"
"Сенің есің дұрыс па?"
"Көңілді адамдарды жақсы көремін!"
"Сенің көңіліңді көтергеніме қуаныштымын"
2-СИТУАЦИЯ.
Оқушы сыныпқа кіре берген мұғалімді көріп, оған былай деді: "Сіздің қат-
ты шаршағаныңыз көрініп тұр" Мұны мұғалім қалай қабылдауы керек?
"Менің ойымша, сен жақтан мұндай ескерту жасау дұрыс емес деп ойлаймын"
"Иә, мен өзімді нашар сезініп тұрмын"
"Мен жайлы ойлама, одан да өзіңе қара"
"Менің жұмысым көп, бүгін нашар ұйықтадым"
"Ешнәрсе ойлама, бұл біздің сабағымызға кедергі жасамайды"
"Сен өте ықыластысың, қамқорлығыңа рақмет"
3-СИТУАЦИЯ
Мұғалімнің жасаған ескертуіне оқушы былай дейді: "Бұл оқу пәнін игеруге
көп жұмыс істеуімнің қажеті жоқ, өйткені мені өте қабілетті адам деп
есептейді" Мұғалім қалай жауап беруі қажет?
"Сенің бұл ойға келуің екіталай"
"Осы уақытқа дейін сенің көрген қиындықтарың мен алған білімің бұл ойды
куаландырмайды"
"Көп адамдар өзін жеткілікті қабілеттімін деп санайды, ал шын мәніңде
іске ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz