Психология бойынша сабақтарды өткізу әдістемесі



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Психология бойынша сабақтарды өткізу әдістемесі.
1. Еңбек психологиясы Адамның еңбек іс-әрекетінің психологиялық
ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының даму заңдылықтарын, еңбекті ғылыми
негізге сүйене отырып ұйымдастырады.
2. Педагогикалық психология Оқу, тәрбие істерінің оқушы санасына қалайша
әсер ететіндігін зерттейді. Оқу материалының мазмұны мен көлемін анықтау,
балалардың жас мөлшеріне лайықты оқулықтар мен бағдарламалар құрастыру
кейбір оқушылардың екінші жылға қалу, мектептен шығып кету себептері,
тәрбиеленуі қиын балалармен жұмыс істеудің жоспары, жыныс тәрбиесі,
бағдарламалап оқыту (алдын-ала жасалынған үлгіге қарап оқыту әдісін ұтымды
етіп ұйымдастыру), педагогикалық психология зерттейтін ғылыми мәселелердің
бір тобы. Тармақтары: 1. Оқыту; 2. тәрбие; 3. Ұстаз.
3. Медициналық психология Дәрігер мен науқастың арасындағы қатынасты,
олардың мінез-құлқының түрлі құрылыстарын зерттейді. Емдеу мен
психотерапияның психологиялық әдістерін жасаумен айналысады. Ол өз
тарапынан нейропсихология, психофармакология, психотерапия,
психопрофилактика, психогигиена дейтін салаларға бөлінеді.
4. Инженерлік психология Адам мен техниканың қарым-қатынасынан туындайтын
психологиялық мәселелерді зерттейді. Адам-машина жүйесінде әрекетті
тиімді етіп ұйымдастыру, басқару жүйелерінің құрылымын үйлестіру, мұндағы
творчестволық міндеттерді тиімділікпен шешу, информацияны сақтау, өңдеу,
оны жобалау, оперативті модельдер қалыптастыру үлкен орын алады. Негізгі
проблемаларына операторларды кәсіптік тұрғыдан таңдап алу, оларды үйрету
және жаттықтыру, тиісті информациялық модельдер мен басқару орындарын
жобалау, операторлардың хал-күйін анықтау, техникалық эстетика мен
эргономиканың, ЭВМ-нің алгоритмдеріне қойылатын талаптарды тұжырымдау,
түрлі агрегатты басқарудағы адамның дара психологиялық өзгешеліктерін, оның
ерік-сезім сферасын, интеллект деңгейін зерттеу жатады. Мұндағы инженерлік
психологиялық міндеттерді шешу консультациялық және сан салалы тәрбие
жұмысымен айналысатын ұйымдар үшін қолданбалық мәні зор.
5. Жас ерекшелік психологиясы Қалыпты адам психологиясының даму
заңдылықтарын нәрестелік кезеңнен қарттық кезеңге дейінгі психологиялық
ерекшеліктер мен заңдылықтарды зерттейтін психология саласы. Тармақтары: 1.
Балалар; 2. Жеткіншектер; 3. Жастар; 4. Ересектер (акмиология); 5. Қарт
адамдар психологиясы (геранто психология).
6. Арнаулы психология Адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуы. Ми
ауруына ұшыраған психикалық күйзелістері мен осы саладағы себептерді
қарастырады. Тармақтары: 1. Олигофрено психология – ми зақымы ауруымен
туылған адамдардың психологиясының зерттелуі; 2. Сурдо психология – саңырау
немесе керең адамдардың психологиясын зерттейді; 3. Тифло психология –
нашар көретін немесе соқыр адамдардың психологиясын зерттейді.
7. Салыстырмалы психология Салыстырмалы психологияға зоопсихология,
этология дейтін салалар кіреді. Мәселен, балалар психологиясы қоғамдық
жағдай мен биологиялық факторлардың баланың дүниеге келгеннен кейінге дейін
психикалық дамуына тигізетін әсерлерді зерттейді. Салыстырмалы психология
жануарлар психикасымен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастырады.
8. Әлеуметтік психология Тұлғаның әлеуметтік – психологиялық көріністерін,
индивидтің басқа адаммен өзара қарым-қатынасын, адамдардың психологиялық
үйлесімдігін, үлкен топтардағы әлеуметтік психологиялық көріністерді
зерттейді.
9. Әскери психология Адамның соғыс жағдайы кезіндегі мінезі, соғыс
техникасын меңгеру мен басқару әдістерін зерттейді.
Оқыту әдістері:

1. Оқытудың әдістерінің психологиясы.

2. Оқудың психологиялық теориясының негізі-студенттердің белсенді танымдық
іс-әрекеті.

3. Бағдарламалап оқыту (Б.Ф.Скиннер, П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина және
басқалар), мәселелік оқыту, интерактивті (коммуникативті оқыту) әдістері.

4.Әрекеттің бағдарлау негізі міндеттердің заттың, логикалық, психологиялық
түрлері.

5.Проблемалық оқыту әдістері.

6. Студенттің ойлау іс-әрекетінің қалыптасуы.

7.Проблемалық міндет, сұрақ, тапсырма, мәселелік оқыту әдістері.

8.Интерактивті оқыту ұғымы.

9.Интерактивті оқыту әдістері: эвристикалық әңгіме, дискуссия әдіс, миға
шабуыл, дөңгелек үстел әдіс, іскерлік ойын әдісі, талқыланатын
практикалық жұмыстардың конкурсы, тренинг әдіс, әлеуметтік психологиялық
тренинг және басқалар.

Оқыту әдісі танымдылықты –оқыту іс-әрекетіне байланысты, дидактикалық
құбылыстың мәндік өзара байланысы және сөздік байланысы, олардың
қозғалысын, өзгертілуін сапалы және бір жүйедегі таным процесі деп
қарастыруға болады. Бұл оқушылардың білім, білік және дағдыларын
қалыптастырудің әдістемелік жолы мен ғылыми-практикалық тиімділігі болады.
Жеке тұлғаның жеке дара психологиялық қабілеттіліктерінде барлық пәндерді
жоғары сапада игеру күрделі мазмұнды және танымдық оқу іс-әрекетті
формадағы жалпы және арнайы пәндер-ге сүйеніп сапалы игеру жағдайларын
байқау. Оқу танымдық про-цестеріне зейініне, ойлауына, қиялдауына, есіне,
тіліне сонымен қатар оқу мотивінің ерекшелігіне, өзінің эмоционалды
жағдайына, оқушылар арасында және мектептегі әлеуметтік-білім беру процес-
інің мазмұны мен ұйымдастыру формасына көзқарасына байланыс- ты. Оқу
материалдарын сапалы игерту мұғалімнің жеке басы мен оқушымен қарым-
қатынасына, сонымен қатарэрудициясына, кәсіпке қызығушылығына,
педагогикалық тактикасына, оқушылар мен жеке дара қарым-қатынасына, өзін
қоршаған құбылыс және пәннің мазмұнын қоу танымдық іс-әрекетке қызығушылық
пен жас ерекшеліктерінің игеру деңгейіне байланысты. Оқытудың белсенді
әдістеріне мыналар жатады: Баяндау, әңгіме, лекция, дискуссиялық оқыту,
кітаппен жұмыс, демонстрация, иллюстрация, бейне әдіс, жаттығу,
лабораториялық әдіс, практикалық әдіс, танымдық ойындар, программатикалық
оқыту әдісі, білімді беруді бақылау, ситуациялық әдіс. Оқу – оқыту
процесіндегі оқушылардың іс-әрекеті. Оқыту процесінің логикасы оның
құрылымын анықтайды, ал құрылымына оқыту процесінің звенолары-танымдық іс-
әрекетінің кезеңдері кіреді: таным міндеттеріне жете түсіну; жаңа
материалды қабылдау; ұғыну – жаңа оқу материалдарын түсініп жинақтау
процесі; білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту және жетілдіру; білімді,
іскерлікті және дағдыны практикада қолдана білу; оқушылардың жетістіктерін
талдау, білімін, іскерлігін және дағдысын тексеру, бағалау. Оқытудың
түрлері Оқыту жеке адамның білімін, танымдық және шығармашылық қабілетін
дамытудың маңызды құралы. Оқытудың бірнеше түрлері бар: түсіндірмелі-
иллюстративті оқыту, проблемалы (мәселелік) оқыту, бағдарлап оқыту т.б.
Түсіндірмелі-иллюстративті оқытудың мақсаты- мұғалім оқушыларды белгілі
білім жүйесімен қаруландырады, іскерлікке үйретеді. Ол үшін жаңа біліммен
таныстырады, жаңа ұғымдар, теориялар және заңдар туралы түсінік береді.
Оқушылар дайын білімді меңгереді. Жаңа материалды қайталап бекітеді, түрлі
жаттығуларды, тапсырмаларды орындау барысында алған білімін қолданады. Бұл
жерде ешқандай проблемалық ситуация тумайды. Проблемалы оқытудың мақсаты –
мұғалім оқушыларды білім жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қана
қоймайды, олардың танымдық және шығармашылық қабілетін дамытады. Оқушыларға
тақырып бойынша проблемалық сұрақтар қойылады. Оқушылар проблемалық
сұрақтарды шешудің дұрыс варианттарын қарастырады, ойланады, жаңа білімді
игеру туралы қорытынды жасайды, оны практикада қолданады. ЮНЕСКО-ның
ұйымдастыруымен 1962жылы наурыз айында Париж қаласында бағдарламалап оқыту
жайында арнайы конференция өткізілді. Онда ғалымдар өзара пікір алысты.
Міне, осы кезеңнен бастап бұл проблемаға біздің елімізде және шетелдер де
зор мән беріліп келеді. Бағдарламалап оқыту оқушылардың танымдық қабілетін
дамыту-дың, оқу процесін үйлесімді басқарудың негізгі құралдарының бірі.
Бағдарламалап оқытуда жаңа бағдарламаланған оқулықтар, оқыту
құжаттары,үйрету(оқыту) машиналары қолданылады. АҚШ-да бағдарламалап оқыту
машинасыз және машиналы болып екіге бөлінеді: Машинасыз бағдарламалап
оқытудың екі принципі бар: салалық және тармақты бағдарламалау. Б.
Ф.Скиннер ұсынған салалық принцип бойынша оқу материалы бағдарламаланған
оқулықта логикалық бір ізділікпен орналасады. Оқушы материалды оқып
түсінгеннен кейін бір порциядан (бөлшек) екінші порцияға көшеді. Тармақты
принципті оқыту процесінде алғаш рет пайдаланған Н.Краудер. Бұл принцип
салалық принципіне қарағанда оқытудың әлдеқайда көбірек дербестік жағын
қамтамасыз етеді. Тармақты принцип бірнеше дайын тұрған вариантты
жауаптардан дұрыс жауапты таңдап алуға негізденген. Машиналы бағдарламалап
оқыту оқушылардың өз бетімен істейтін жұмысын басқару үшін үйлесімді жағдай
жасайды. Машина оқушыға ғылыми ақпарат береді, бақылау сұрақтарын қояды,
жауабын бағалайды, жаңа тапсырма береді. Демек, машина тікелей және кері
байланыс принципін орындайды. Оқыту әдістері және оның классификациясы
туралы үғым. Әдіс (гректің теіосіск) деген сөзінен алынған, ол зерттеу
немесе таным жолы, табиғат қүбылысын және әлеуметтік өмірдің жағдайын,
қүбылыстарды окып білу жолдарын. методологиялық-теория танымы мен шындықты
бекітуді зерттейтін тәсіл. Оқыту әдісі танымдылықты-оқыту іс-әрекетіне
байланысты, диактикалық қүбылыстың мәндік өзара байланысы және сөздік
байланысы, олардың қозғалысын, өзгертілуін сапалы және бір жүйедегі таным
процесі деп қарастыруға болады. Бүл оқыушылардың білім, білік және
дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік жолы мен ғылыми-практикалық
тиімділігі болады. Оқыту әдістерін классификациялау, оларды белгілі бір
мәтінде бөліп негіздеу, класстарға бөлу, разрядқа бөлу, оқыту мақсатына
байланысты түрлі авторлар мен белгілі бір тәртіпте жүзеге асырылуы,
оқушылардың танымдық іс-әрекетін, оқыту пәндерінің мазмүнын, оқу
процессінің логикасын, сонымен қатар басқа да үқсас жалпы ерекшеліктерін,
түрлі қажетті жақтарының көрсетілуі. И.П. Подласый әдістерді
классификациялауды негіздеуді білім көзінен (практика, көрнектілік, сөз)
қарастырады. Ол мәдени прогресс негізінен кітапты және келесі он жылдықта
бейне таспамен бірлескен жаңаша компютерлік жүйе негізін жаңа апараттық
білім көзі ретінде үсынады. Соның негізінде И.П. Подласый әдісті бес топқа
бөлді: а)практикалық; іс-тәжірибие, жаттығу, оқу- өндірістік еңбек;
б)көрнекілік: иллюстратция, демонстрациялау, оқушылардың бақылауы;
в)сөздік: түсіндіру, анықтау, әңгіме, сүхбат, инструктаж, лекция,
дискуссия, диспут; г)кітаппен жүмыс әдісі: оқу, жаттау, реферировать, жалпы
қарап шығу, цитаттау, мазмүндау жоспар қүру, конспектілеу; д)бейне таспа
әдісі: көру оқыту, "электронды мүғалім" бақылаушы мен жаттығу, бақылау. Ю.
К.Банский оқыту әдісін үлкен үш топқа бөледі: І.топ. Үйымдастыру және оқу-
таным іс-әрекетін іске асыру әдістсрі. Олар: а)окытудың сөздік әдісі:
(әңгіме, оқыту лекциясы, сұхбат); б) оқытудың көрнектілік әдісі:
иллюстрациялау әдісі (плакаттар, карталар, тақтадағы педогоіикалық сурет,
картиналар ғалымдар портреттері т.б.). демонстратциялау әдісі (приборлармен
жұмыс, іс-тәжірибе жасау, техникалық құралдар, препораттар). Оқу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Факультативтік сабақтарды ұйымдастыру
Психологияда белсенді оқыту әдістері
ПСИХОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІ
Кәсіби оқыту
Сабақтың түрлері және ұйымдастыру жолдары
Педагогикалық практиканың жетекшілерінің міндеттері
Факультативті сабақтарды ұйымдастыру әдістемесі
Бастапқы әскери даярлық
Ойын – психологияны кәсіби тұрғыда оқыту құралы
Шаңғы спортының шығу тарихы
Пәндер