Қазіргі кездегі студенттер тұлғасының дамуы
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Психология кафедрасы
Тақырыбы: Қазіргі кездегі студенттер тұлғасының дамуы
Орындаған: Батырбекова Ақнұр.
Тобы: МФИ-111
Түркістан - 2011
Мазмұны
1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ...3
2. Негізгі бөлім. Қазіргі кездегі студенттердің тұлғасының дамуы.
2.1. Тұлғаның толық қалыптасу мәселесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2.1.2. Студенттің тұлғалық даму ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.2. Тұлғаның сана сезімі мен дүниетанымы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.3. Тұлғаның психологиялық мәселесінің талдамасындағы жаңа тенденциялар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 15
2.3.1. Ұлттық тәрбиеде жеке тұлғаның қалыптасуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.3.2. Тұлғаны әлеуметтендіру үрдісі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
Қорытынды

... ... ... ... ... ... ... 23
Пайдаланылған әдебиеттер

..24
Кіріспе
Психология ғылымы тұлғаны қоғамның сыртқы ықпалдарын өз бойынан
өткізіп, белгілі психикалық құрылымға келтіруші ішкі шарттар жиынтығы
ретінде қарастырады. Бұл ішкі жандүниелік жағдай, шарттар өткендегі
әлеуметтік ықпалдар негізінде қалыптасқан нәсілдік – биологиялық қасиеттер
мен әлеуметтік себептерден болған сапалардың ажыралмас бірлігінен құралады.
Тұлға жетіліп барған сайын ішкі шарттар тереңдей түседі, нәтижеде бір
ықпалдың өзі әрқилы адамдарға әртүрлі әсер жасауы мүмкін. Сонымен, тұлға
қоғамдық қатынастар нысаны және өнімі ғана емес, сонымен бірге ол іс-
әрекеттің, қарым-қатынас және ортақтасудың, сана мен өзіндік сананың
белсенді субъекті. Жеке тұлғамен қоғамдық ортаның қарым-қатынасы философия,
психология, педагогика, тарих т.б. қоғамдық ғылымдардың көптен айналысып
жүрген көкейтесті мәселелері. Бұл жөнінде кейінгі жылдары жарық көрген
философиялық, педагогикалық, психологиялық, этикалық, ұлтаралық қарым-
қатынастарға арналған еңбектерден басқа М.Ф.Харламовтың “Педагогика” атты
еңбегі, Н.Козлованың “Тәрбие теориясына кіріспе”, В.А.Сухаевтың “Біз
әртүрлі тілде сөйлейміз”, К.С.Пироговтың “Философияға кіріспе”,
А.М.Қасабеков пен Ж.Алтаевтың “Қазақ философиясының тарихына кіріспе”,
Д.Кішібековтың “Философия”, Г.К.Нұрғалиеваның “Тұлғаның құндылық бағытын
қалыптастырудың методологиясы, практикасы” секілді ондаған монографиялық
аса құнды ғылыми еңбектер жарық көрді.
Тұлғаның дамуы оның мүмкіндіктерінің үздіксіз кеңейіп баруымен,
қажетсіну деңгейлерінің жоғарылай ауысып отыруымен байланысты. Әр адамның
даму деңгейі ол ұстанған қарым-қатынас сипатына тәуелді. Күнделікті
тұрмыстық күйбең, пайдакүнемдіктен аса алмаған адамды төменгі даму
деңгейіндегі тұлға деп білеміз. Ал жоғары деңгей адамның қоғамдық мәнді
құндылықтарынан, оның рухани жігерлі шабытынан көрінеді.
В.А.Петровский былай деп жазды: Бір жағынан, тұлға нақты индивидті
әрекет субьектісі ретінде, оның барлық жеке бас қасиеттерімен, әлеуметтік
рөлдерімен бірге белгілейді. Екінші жағынан, тұлға индивидтің әлеметтік
қасиеттері ретінде, осы адамның басқа адамдармен тура немесе жанама өзара
әрекеттесуі нәтижесінде түзілген бойындағы әлеуметтік маңызы бар
қасиеттердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Тұлғамен қарым-қатынасқа
түсетін адамдар оны еңбек, таным және қарым-қатынас субъектісінде көреді.
С.Л.Рубинштейн бойынша адам ұйымдасуының төрт деңгейі ғылыми зерттеулер
үшін қызығушылық тудырады. Олардың қатарына индивид, іс-әрекет
субъектісі, тұлға, жеке даралық жатқызылған.
2.1. Тұлғаның толық қалыптасу мәселесі
Педагогика мен психология үшін мәнді мәселенің бірі – “жеке тұлға”
түсінігінің өзін айқындап алу. Адамның дамуында бір-біріне байланысты екі
өзек байқалады, оның бірі – биологиялық, екіншісі – әлеуметтік. Шетел
педагогикасы мен психологиясы жеке тұлғаның даму мәселесін үш негізгі
бағытта қарастырады, яғни олар: биологиялық, әлеуметтік және
биосоциологиялық. Осы бағыттар адамның дүниеге келген күнінен бастап оның
дамуы мен қалыптасуында көрініс бере бастайды. Адам туғанда тек биологиялық
тіршілік иесі болып танылады, жеке тұлғалыққа жету әлі ерте. Биологиялық
нышандар мен қасиеттердің дамуы адамның өмір бойы мүшелік пісіп жетілуі
және қалыптасуы үрдісінің сипатын көрсетіп отырады. Адамның биологиялық
кемелдену және өзгеру үрдісі, оның дамуының жастық сатылары мен мінез-
құлығында көрініп, осыдан балалық, жасөспірімділік, ересектік және қариялық
табиғи бітістерін ажыратамыз. Жеке адам қоғам өмірінің өнімі болғанымен,
оның тірі организм екенін ұмытпау керек. Әлеуметтік және биологиялық
қатынастар жеке адамның қалыптасып дамуына әртүрлі әсер етеді. Адамның
табиғи дамуы сан алуан әлеуметтік сапалар мен қасиеттерді қабылдауымен
тығыз байланыста бірге дамып отырады, бұл адамды қоғамдық тіршілік иесі
ретінде сипаттайды. Мысалы, нәрестенің жақын адамдарды танып, күлімсіреуі,
кейін тілге келуі, тік жүру қабілетін игеруі, үйдегі және көпшілік
арасындағы қалыптары, еңбектеуі және т.б. Өсе келе ол білім игереді,
моральдық қалыптар мен ерекшеліктерді орындайды, әртүрлі жұмыс істеу арқылы
ептіліктер мен дағдылары қалыптасады және олардың барлығы да өмір барысында
адамда пайда болып, дамып отырады.
Баланың қабілетін дамытуда оның өзінің белсенділігі маңызды және қажетті
жағдай болып табылады. Бұл белсенділік баланың кез-келген әрекетінде:
ойында, оқуда, еңбекте көрінеді. Әрине бұл жағдай ересектердің бағыт-бағдар
беруі арқылы жүзеге асады. Баланың қабілеті оның өз қолдауы табылған іс-
әрекетінде қалыптасады және дамиды. Бала тек белсенді іс-әрекетте ғана жан-
жақты дамиды да, жеке тұлға ретінде қалыптасудың реті туады.
Тұлға дамуы туралы ізденістегі психологтердің айтуы бойынша әр адамның
дамуы өз қолында, оны сырттан әсер етер күшпен дамытуға болмайды, тек
оңтайлы ықпал жасауға болады. Осы пікірден туған білім беру мақсатының
басқа да тұжырымы бар. Оқушы тұлғасын дамыту, ол оның толық өзіндік
өсуінің, өзіндік қалыптасуының, өзіндік жетілуінің амалы ретінде
қарастырылады. Сондықтан, мектеп мақсаты баланың табиғи күштері мен
мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ол
үшін оқушы тұлғасының дамуын көздейтін білім беру үрдісін ұйымдастырудың
түрлі әдістері мен амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет.
Сонымен, адам баласы тұлға ретінде өмір сүру барысында өзінің қоғамдық
мәнін сипаттайтын көптеген әлеуметтік сапалар мен қасиеттерді
қалыптастырады, әрі дамытады. Міне, осыдан ол ғылымда биоәлеуметтік тұлға,
субъект, яғни тарихи-қоғамдық қызмет пен таным иесі деп танылады. Демек,
“адам” түсінігі осыдан биологиялық және әлеуметтік (қоғамдық), сапа мен
қасиеттердің бірлігін білдіреді. Ал “жеке тұлға” түсінігін алатын болсақ,
ол тек қана әлеуметтік сапа мен қасиеттерді игерген тұлғаны танумен
байланысты. Л.С. Выготскийдің айтуы бойынша: “Жеке тұлғаның негізгі
функциялары қоғамдық тәжірибені шығармашылықпен меңгеру және қоғамдық
қатынас жүйесіне қосылу”. Бұл тұлға қоғамдық тіршілік иесі сипатында
көрініп, тіл игеруі, санасы, әртүрлі әдеттермен ерекшеленеді. Жеке адамдық
қасиетке ие болу, оның табиғи биологиялық болмысына емес, қоғамдық
қасиеттерге тікелей байланысты. Сонымен “жеке тұлға” дегеніміз адамның
қоғамдық сипатын танытып, оның өмір барысында өзіне топтаған әлеуметтік
сапалар мен қасиеттер жиынтығын білдіреді. Жеке адамдық сапалар өмір
барысында қалыптасқандықтан, олар біреулерде айқын көрініп, басқаларда
күңгірттеу болады. Олай болса, жеке адамдық дәреже деңгейін қалай білеміз
және оның өлшемдері қандай деген сұрақтар туындайтыны сөзсіз. С.Л.
Рубинштейн зерттеуі бойынша жеке адам өз қылығы мен іс-әрекетін саналы
басқаруға мүмкіндік беретін психикалық даму деңгейімен сипатталады, яғни өз
әрекетін ойластыра біліп, жауапкершілікті сезіну қабілетінің болуы, өз
бетінше дербес іс-әрекетін жасай білуі – жеке адамның мәнді белгілері.
Белгілі философ-ғалым В.П. Тугаринов жеке адамның сапалық көрсеткіштері
ретінде төмендегілерді атайды:
- саналылық;
- жауапкершілік;
- еркіндік;
- жеке басының қадірі;
- даралық;
- қоғамдық белсенділік пен бекіген саяси-идеялық бағыттылық.
Жеке адамдықтың критерийлерін (өлшемін) белгілеумен В.П. Тугаринов бұл
түсінікті адамның жастық әрі психикалық кемелденуімен байланыстырды.
Егер жеке адам өз сапа және іс-әрекетін қоғамдық прогресс бағытымен
үйлестіре алса, өз бойына игерген сапа мен қасиеттерді неғұрлым айқын
көрсете алса, өз іс-әрекетіне ерекше жасампаздық сипат бере алса, оның
құндылығы арта түседі. Бұл тұрғыдан “адам” және “жеке тұлға” түсініктерінің
сипаттамасы “даралық” түсінігімен толықтырылады.
Даралық бір адамның екіншісіне ұқсамайтын, өзіндік ерекшелігі мен
өзгешелелігін сипаттайды. Даралық әдетте, мінез бен темпераменттің айрықша
бітістері (салмақты, сабырлы, ашушаң), шығармашылық іс-әрекет және
қабілетінің ерекшеліктерінің (ойлап тапқыш, ұқыпты) өзіндік көріністермен
бөлектенеді. Аталғандар сияқты мұғалімнің де даралық белгілері оның терең
білімдарлығында, педагогикалық ой-өрісінде, балаларға жайлылығы мен
еңбектегі шығармашылығында танылуы мүмкін. Даралық түсінігі бір адамды
екіншіден айырып, оған өзіндік қайталанбас сән беретін жалпылық және
жалқылық қасиеттерді білдіреді. Адамның қоғамдық тіршілік иесі сипатының
толықтығы үшін “индивид” түсінігін де білген жөн. Бұл латын сөзі қазақша
“жекелік” дегенді білдіреді. Түсінік ретінде одан адамзат тегінің әрбір
бөлек өкілін, оның сапа-қасиеттеріне қатысынсыз танимыз. Бұл тұрғыдан әрбір
адам “индивид” бола алады. “Жеке тұлға” түсінігінің және онымен байланысты
ғылыми категориялардың мәні осында. Жеке адамдық сапалар адамның өмір
барысында дамиды және қалыптасады. Сондықтан, педагогикадағы “даму” және
“қалыптасу” категорияларының мәнін ашып беру маңызды.
Даму – бұл жеке адам сапалары мен қасиеттеріндегі сандық өзгерістер
жүйесі. И.П. Подласый даму ұғымын былай түсіндіреді: “Даму дегеніміз адам
организміндегі сандық және сапалық өзгерістер”. Адамның туған күннен бастап
дене құрылымы мен әртүрлі мүшелері ұлғаяды. Ол сөйлей бастайды, сөздік қоры
молая түседі, көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және рухани ептіліктер мен
еңбектік дағды және әдеттерді игереді. Бірақ адамның жеке адам болып
дамуындағы басты белгі, ондағы сапалық өзгерістер. Оны мына мысалдардан
түсінуге болады: тілдік қызметтің жіктелуі адамның танымдық қабілетін
арттырады, сезімдік аймағын кеңейтеді. Танымдық қызмет барысында абстракт
ойлау, логикалық ес дамиды, өмірге деген көзқарас пен наным-сенімдер
орнығады. Еліктеушілік мінез-құлық бірте-бірте белсенді – жасампаз,
шығармашылық іске ауысады, өз қылық әрекетін басқара алу мен өзіндік билік
қабілеті көркейеді. Бұл өзгерістердің бәрінен адамның анатомиялық-
физиологиялық кемелденуіндегі, жүйке жүйесі мен психикасының және танымдық
пен шығармашылық іс-әрекетінің жетілуіндегі, дүниетанымдық, имандылық,
қоғамдық-саяси көзқарастары мен нанымдарындағы бір-біріне кіріге
байланысқан сандық және сапалық өзгерістер үрдісін білеміз.
Қалыптасу түсінігіне келетін болсақ, ол жеке адам дамуының нәтижесі
ретінде оның кемелденуі мен тұрақты сапалар мен қасиеттерді иемденуін
білдіреді. Адам жөніндегі басқа ғылымдардағыдай педагогика үшін де ең басты
мәселе – жеке адамның дамуы және сол дамудың көзі мен ықпал күштері.
Идеалистік ағымдар бұл туралы әртүрлі тұжырымдар пайымдауда. Идеализм
өкілдері, қай бағыттағы болмасын, жеке адамның қалыптасуын алдын-ала
болжастырылған бағдарламаға теліп, ол бағдарламадағы сапа мен қасиеттер өз
беттерінше өріс алатынын уағыздайды. Ал тәрбие олардың ойынша, жәрдемші
роль атқарып, сол бағдарламаның іске асуына көмектесуші ғана құрал.
Қазіргі заманғы идеалистік философия, психология мен педагогика әлеуметтік
төңкерістер мен күйзелістерге толы қоғам жеке адамның тозуына себепші,
сондықтан да адам өзінің шын кемеліне жету үшін қоғаммен байланысын үзу
қажеттігін дәріптейді. Бұдан шығатын қорытынды: адамдық мән рухани және
әлеуметтік бостандықты алу үшін күрес емес, өз болмысының шын, ең жоғары
сыр-мағынасын тану (экзистенциализм) немесе тәңірлік кемелге жақындау
(неотомизм).
Идеалистік педагогикада жеке адам дамуы жөніндегі пікір-сайыста бірнеше
теориялық концепциялар бар. Олар: биологизаторлық бағыт: адамның дамуы оның
табиғи (биологиялық) жетілуімен байланысты, соның барысында оның дене
құрылымы мен рухани қасиеттері қалыптасады. Адамдар арасындағы моральдық
қатынастар биологиялық негізде орнығады (Аристотель, Ф. Мюллер, Э. Геккель,
Шешендік Летурно, Ч. Ломброзо). Психоаналитикалық бағыт: жеке адамдық
қалыптасуда қоғам зиянды. Адамның дамуы мен оның мінез-құлқы толығымен
жыныстық инстинктке тәуелді (З.Фрейд). Прагматикалық бағыт: адамның
психикалық дамуы тума инстинктерге байланысты, әрбір адамда тұрақты
нәсілдік қасиеттерді сақтаушы ерекше саналық гендер болады. Сондықтан да
жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың қоғамдағы орнын иеленуі олардың
биологиялық болмысымен анықталуы тиіс, себебі әртүрлі халықтар мен
нәсілдердің бірі табиғатынан дарынды, ал екіншілері – кемірек дамыған (Дж.
Дьюи, Э. Торидайк).
Материалистік бағыттағы философия және оның көрнекті өкілдері жеке адамның
дамуы мен қалыптасуы туралы:
- ежелгі грек философы Эпикур: адамның қоғамдағы иеленген орнының әртүрлі
болуы оның табиғатынан емес, тұрмыстық жағдайы мен таптық тұрғысынан;
- француз философы Гельвеций: адам қоршаған орта, нәсілдік және тәрбиеге
байланысты біртұтас әсерлердің нәтижесінде қалыптасады. Соның ішінде аса
маңыздысы – тәрбие;
- В.Г. Белинский: адам табиғаттан, бірақ оны дамытып, жасайтын қоғамнан;
- Н.Г. Чернышевский: адамдарды бұзықтыққа келтіретін келтіретін табиғат не
олардың нәсілдік кемістігі емес, қолайсыз қоғамдық жағдайлар мен жаман
тәрбие.
Осы күнгі педагогикада жеке адам дамуы жөнінде қалыптасқан ой-пікірлер
төмендегіше:
- Адамның қоғамдық тұлға ретінде қалыптасуына, оның дамуға деген табиғи
қабілеті аса маңызды. Әр адам іс-әрекеттің түріне негіз болар нышанмен
дүниеге келеді, сондықтан да адамның биологиялық және әлеуметтік даму
мүмкіншілігі бір-бірімен тығыз байланыста, бірақ әлеуметтік фактордың рөлі
басымдау.
Жеке адамдық дамудың ықпалды көзі – тәрбие, қоршаған орта, табиғи
нышандармен қатар тұрса, ол адам қалыптасуына жетекші фактор. И.П.
Подласый: “Тәрбие – қоғамға жеткілікті қалыптасып дамыған жеке адамды бере
алатын негізгі күш” – деп баса айтады. Олай болса қоғамға қажет жеке адамды
қалыптастырып, дамыту үшін тәрбие ісін дұрыс, мақсатты, ұйымдастыру керек
деп ойлаймыз. Адам дамуында тәрбиенің ықпалды күш екенін айта отырып, оның
қоршаған орта мен нәсілдік әсерлердің енжар объектісі деп тануға болмайды.
Бұл үрдісте жеке адамның өз белсенділігі мен шығармашыл-жасампаздық іс-
әрекетінің маңыздылығын ескеру қажет. Олай болса қазіргі күні тәрбие ісінде
оқушыға, тәрбиеленушіге өзі дамушы субъект ретінде қарау аса маңызды. Жеке
адам дамуы мен қалыптасуында ықпал жасаушы әсерлер екі топқа бөлінеді: ішкі
және сыртқы. Қоршаған орта және тәрбие – сыртқы әсерлер: табиғи икемділік
пен құмарлықтар. Сыртқы тәрбие орта әсерлерінен пайда болатын сезімдер мен
толғаныстардың жиынтығы – ішкі әсерлерге жатады. Жеке адамның дамуы мен
қалыптасуы осы екі фактордың байланысынан болады. Тәрбие адамның ішкі жан
дүниесіне ұнамды қозғау салып, (өзіне бағдарланған) өзіндік өңдеу
белсенділігін арттыра алса ғана, адам өз дамуындағы қызметін орындай
алғаны.
Балалар қабілеттілігі – тарих азығы. Көптеген іс-әрекеттің нәтижесінде
адамдардың қабілеті қалыптасып, дамиды. Жай ғана психикалық процесстерден
күрделі процесстерге дейін адамның іс-әрекет процессінде дамиды. Өмірлік
практика әртүрлі заттарды қажет еткендіктен – қабылдау қабілеті дамиды;
табиғатқа әсер етуі арқасында, оның өзгеруі нәтижесінде – ойлау қабілеті
дамиды; өткен ұрпақтың тәжірбиесі жетіспегендіктен, жаңа орта жағдайына
байланысты – елестету қабілеті дамиды.
Қазіргі психология мен педагогика адамның қабілетінің тұқым қуалайды деген
теорияны жоққа шығарады.
Сонымен қатар, қазіргі психологтардың кейбіреулері тұқым қуалаушылық
қасиеттердің болуын да айтады. Туа біткен анатомиялық - физиологиялық
ерекшеліктерді қасиеттер деп айтады.
Қасиеттер, дегеніміз, қабілеттің табиғи сілтемелері және олар
қалыптасу мен даму процессіне әсер етеді. Қалыпты жағдайда қасиеттер адам
қабілетінің қалыптасуына әрекет етеді, олардың дамуын жеңілдетеді.
Танымал психолог А.В. Петровский қасиетті дәнмен теңестіреді, сондықтан
оған даму қажет. Мұны Петровский бойынша түсіндірсек, топыраққа тасталған
дәннен масақ өсіп шығу үшін мынандай жағдайлар қажет: ылғалдылық, қалыпты
температура және т.б. Сол сияқты адамның қасиеті бар, соны дамыту үшін
жағдай жасалуы қажет. Өмірде, тамаша қасиеттері бар адамдардың өз
мүмкіндіктерін пайдалана алмай, жетістіктерге жете алмай қалғандардың
мысалы жетерлік.
Әрбір жеке тұлға қасиеттер жиынтығы арқылы әрбір тұлғаның басқа бір
тұлғадан айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі бар
екенін сипаттайды. “Қасиет ұғымы философияда категория ретінде жалпы
ғылымдар аясында түсіндіріледі. Қасиет-зат, қатынас және солар арқылы
анықталатын ұғым. Сапа заттың өзіндік сипатын, біртұтастығын бейнелесе,
қасиет соның бір көрінісі,” -деп анықтама беріледі.
Психология ғылымы қоғамдық ортадағы қасиеттің мән-мағынасын
“индивидке тән психикалық іс-әрекет пен мінез-құлықтың білгілі бір сандық –
сапалық деңгейін қамтамасыз етіп отыратын тұрақты түзіліс,”- деп
түсіндіреді. Яғни қасиет сөзінің мән-мағынасы кең көлемді қамтитын
болғандықтан, тұлғаның даму барысында өзіне тән мінез-құрылымдарымен
сипатталаты анық.
Әдетте, адамның мінезі мен темпераментінің ерекше белгілері
шығармашылық іс-әрекеті мен қабілеттілігінің өзгешелігі арқылы
ерекшеленеді. Адамның тұлғалық қасиеттеріне төмендегіше сипаттама беруге
болады (1-сурет).
Тұлғаның даму құрылымы үш бөліктен тұрады. Біріншіден, тұлғаның ақыл-
ойын дамыту арқылы санасын жетілдіру; екіншіден, мәдениетті және адамзаттық
өркениетті тұлғаның бойына біртіндеп сіңіру; үшіншіден, жеке тұлғаны іс-
әрекетке ендіру арқылы өзін-өзі тәрбиелеуге белсене қатыстыру.
Рухани құндылықтар құрамына тұлғалық (жалпыадамзаттық), қоғамдық
(әлеуметтік мәнді) және мемлекеттік (ұлттық) құндылықтар алынады. Балалар
мен жастардың рухани-адамгершілік жағынан қалыптасуы, өмірге өздігінен даяр
болуы, қоғам мен мемлекеттің дамуын қамтамасыз етеді.
Жеке тұлғаның құндылық бағдарының әлеуметтік-адамгершілік аспектісі мен
ұлттық мәдениеттің жеке тұлға бойында қалыптасу мәселелері прогресшіл халық
ағартушылары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ж.Аймауытов,
Ш.Әлжанов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаевтардың еңбектерінен көрініс тапқан.
Тұлға - әлеуметтік ұғым. Тұлға екі түрлі фактордың әсерінен
қалыптасады: индивидуалды туа біткен қасиеттері мен сипаты; адамға әсер
етуге қабілеті бар әлеуметтік орта.
Мұндай талдау жүргізу үшін К.Платоновтың тұлғаның қызметтік
динамикалық құрылым үлгісін алуға болады. К.Платонов үлгісінде тұлға төрт
түрлі параметрлер негізінде қарастырылады: тұлғаның бағытталуы,
тәжірибесі, психикалық үрдістер ерекшелігі, биопсихикалық қасиеттері. Әр
параметр (Платонов бойынша подструктур) бірнеше бөліктен тұрады. Ол үшін
кестеге назар аударыңыз.
1-кесте
Құрылымдық Құрылымдық Әлеуметтік пенҚалыптасудың Психологиялық
бөлімдері бөлімдердің биологиялықтыңерекше талдаудың
бағыттары қатынасы түрлері қажетті
деңгейлері
Тұлғаның Нанымы, Әлеуметтік рөлТәрбие Әлеуметтік –
бағытталуы дүниетанымы, негізгі, ал психологиялық
идеалы, биологиялық
ынтасы, жоқтың қасы
қызығуы,
мүддесі
Тәжірибе Білімі , Әлеуметтік Оқу Психологиялық-
білігі, қатынас педагогикалық
дағдысы, анағұрлым
машығы басым
Психикалық Есі, еркі, Көп жағдайда Жаттығу Даралық-психол
үрдістердегі сезімі, қабыл әлеуметтігі огиялық
ерекшеліктері дауы, ойлауы, басым
эмоциясы, есте
сақтауы
Биопсихология Темпераменті, Әлеуметтік Жаттығу Психофизио
лық жыныстық, жас,жоқтың қасы логия лық,
қасиеттері фармокология нейропсихо
лық жолмен логия лық
пайда болған
қасиеттері
Қазіргі заман талабына сай келетін тұлғаның бейнесін немесе білім
болмысын сомдап көрейік. Басқаша айтқанда бізге қандай адамдар ауадай
қажет?
Рухани тоғышар, мүсәпір адамға азаматтық қуаты мол рухани бай адамды
қарсы қоюымыз қажет. Оны қайдан аламыз? Әрине, өз арамыздан. Біз оларға
бірнеше сапалық талап қоямыз.
1. Тұлғаның рухани – адамгершілік сапасы. Гуманизм. Оның негізінде басқа
адамға деген ізеттілік, мейірімділік, қадір-қасиетін сыйлау, құрметтеу
жатыр.
2. Тіршіліктің ұдайы өзгеруіне жылдам бейімделу қабілеті. Яғни жаңа, тың
нәрселерге ашық болу. Қазіргі адамға тек біліп қана қою жеткіліксіз.
Ол кез-келген жағдайға дайын болуы керек, яғни өзін-өзі ұйымдастыруға
, өзінің барлық мүмкіндіктерін икемдеуге тиіс.
Қазіргі адам - әмбебап адам. Ол білімді де білікті , өзінен
басқалармен араласып, тілін таба біледі. Оның өне бойында
дүниетанымдық принциптер (философиялық деңгей), адамгершілік мұраттары
мен идеалдары (этикалық - аксиологиялық деңгей), тапқырлығы мен
икемділігі, жол тауып кеткіштігі (психологиялық деңгей) және
тәрбиелілігі (педагогикалық деңгей) мүлгіген.
3. Плюрализм. Басқа адамның көзқарасына , идеалдары мен мұраттарына
төзімділікпен қарау, әлеуметтік жағдайына қарамай, қадір-қасиеті мен
тәуелсіздігін мойындау.
4. Өзін-өзі мақсатқа берілгендікке тәрбиелеу, яғни әруақытта белгілі
мақсатқа ұмтылушылық. Бұл адамнан жинақылықты , тап-тұйнақтай
тазалықты , уақытты үнемдеуді қажет етеді. Әрине, іс-әрекет пен
әртүрлі қимылдарды жоспарлап қою артық болмайды.
5. Интеллект. Білім алу мен оқып үйренудің жоғары бағалануы.
6. Өзіне-өзі сену, әділдікке сену.
7. Болашаққа ұмтылу.
8. Бұлардан басқа қазіргі уақытта өте қажет, бірақ көп адамдарға жетіспей
жатқан аса маңызды қасиет - жауапкершілік.
Жауапкершілік дегеніміз - өзі істеген әрекеті мен қимылдары,
сөйлеген сөзі, өзінің міндеттерін орындаудағы адалдығы мен тәртібі үшін
қоғам алдында , ары алдында жауап беруге моралдық дайындығы. Жауапкершілігі
жоғары адам өзінің парызына да адал.
Парыз мемлекет, қоғам, адамдар және өзінің алдындағы міндеттерін
орындауды түсінуі.
Парыз бен жауапкершілік бір-бірімен тығыз байланысқан. Өйткені парыз
алға қойылған міндеттен туады, яғни міндет адамға парызды жүктейді.
Бауыржан Момышұлы парыз ұғымына мынадай анықтама береді: Парыз
дегеніміз өзінің мағыналық аясына ақыл, сезім, ерік, абырой, ар- ождан
әділдік, шындық, махаббат тағы да басқа мәселелерді қамтып, оларға адамның
қызмет аясындағы қайшы құбылыстарды қарама – қарсы қоятын ең жоғары
интеллектуалдық ұғым.
Ар-ұят адамның барлық іс-әрекетінің негізін реттейді. Осы сезім
адамды шектен шығармай, белгілі бір межеде ұстап отырады, жөнсіз нашар
қылықтардан сақтандырады.

Студент сөзі латын тілінен аударғанда ізденуші, бір іспен
айналысушы, еңбекқор мағынасын білдіреді. Студенттік кезең – жас дамуы
кезеңдерінің ішінде өзіндік орны бар, мазмұны бар, мағынасы бар кезең. Жас
кезеңдерін анықтау теорияларында (Э.Эриксон, Ф.Фельдштейн, Б.Г.Ананьев,
А.В.Дмитриев, И.С.Кон, В.Т.Лисаковский және т.б.) сүйенсек, студенттік шақ
негізінен адамның бозбала шағы жастық кезеңін қамтиды. Ал, бозбалалық шақ
пен жастық кезеңде адам өзі туралы, адамдармен қарым-қатынастағы алатын
орны туралы мәселелерге ерекше мән беретінін ескерсек, студенттің өзіндік
санасының толығып, өзін тәрбиелеу мен дамытуға ден қояр кезеңі де осы уақыт
болары сөзсіз.
Бұл жасқа тән адамгершілік дамуының негізгі сипаты мінез – құлығының
саналы мотивтерінің күшеюімен байланыста болады. Жоғары сыныптарда аса
жеткілікті дами қоймаған мақсаттылық, шешімге келу, табандылық,
дербестілік, бастамашылдық, өзінұстай білу тәрізді сапалар бірқатар беки
түседі. Моральдық мәселелерге қызығу (мақсаттар, өмір салты, міндет,
махаббат, сенім, т.б.) жоғарылай бастайды.
Осы жас кезеңдеріне қатысты зерттеулерстудентті белгілі бір жас
кезеңіне қатысты және тұлға ретінде үш жақты сипаттайды:
1) Психологиялық жағынан тұлғаның психологиялық процестері мен
жағдайларының және қасиеттерінің бірлігін қарастырады. Мұндағы ең
бастысы – тұлғаның психологиялық қасиеттері (бағыттылығы,
темпераменті, мінезі, қабілеті). Тұлғаның бойындағы барлық
психологиялық жағдайлардың пайда болуы , психикалық процестердің
жүруі және психикалық белсенділік дәрежесі осы қасиеттерден бастау
алады. Әрине, студент тұлғасын зерттеуде, осылармен бірге индивид
ретіндегі ерекшеліктерін де ескеру қажет.
2) Әлеуметтік жағы студенттің белгілі бір әлеуметтік топқа, ұлтқа
жататындығына байланысты анықталған қоғамдық қатынастар мен
қасиеттерден көрінеді.
3) Биологиялық жағы жоғары жүйке іс-әрекетінің типін, анализаторлардың
құрылымын, шартсыз рефлекстер мен инстинктерді, дене күшін, дене
құрылымын, бойы мен бет әлпетін, тері мен көздің түсін т.с.с.
биологиялық сапаларды қарастырады. Бұл сапалар туа пайда болатын
нышандар мен тұқым қуалау арқылы берілетіні белгілі, дегенмен, өмір
жағдайлары да оның өзгеруіне әсер етуі мүмкін.
Осы үш жақты зерттеу студенттің сапалары мен мүмкіндіктерін, оның жас
ерекшелігі мен тұлғалық ерекшеліктерін айқындауға көмектеседі. Егер
студентті жас шамасы жағынан қарастырсақ, ол қарапайым, аралас және сөз
арқылы берілетін сигналдарға деген реакциясының латенттік кезеңінің
қысқалығымен, күрделі психомоторлық және басқа да дағдыларының пайда болу
икемдігімен сипатталады.
Студенттік кезең жас кезеңдерінің ішіндегі бозбалалық кезеңге сай
келетіндіктен оперативтік есте сақтауы мен зейіннің ауысу жылдамдығы , сөз-
логикалық есептерді шешу шапшаңдығы жоғары болады. Сөйтіп, студенттік жас
кезеңі ең жоғарғы, биік нәтижелерге жетумен сипатталады. Студенттік жылдар
тұлғалық қалыптасуға ғана емес, тұлғалық дамудың жоғары дәрежелеріне жетуге
мүмкіндік беретін кезең болып саналады.
Студент өзін тәрбиелеу арқылы өзіндік сананың құрамына енетін
нормалар, идеялар мен құндылықтарының мазмұнын толықтырады. Өйткені бұлар
мәні жағынан қоғамдық болып табылатындықтан, тұлғаның жеке құндылықтары мен
идеялары, нормалары дәрежесіне жету арқылы оны қоғамдық сананың бір
бөлшегіне айналдырады. Сөйтіп, тұлға өзінің іс-әрекеті мен қарым –
қатынасына қажетті жеке стилін қалыптастырады. Стиль - индивидтің дене
күші мен психикалық жағынан неғұрлым аз мөлшерде энергия жұмсай отырып,
көздеген мақсаттарына жетуіне көмектесетін іс-қылық тәсілдерінің жүйесі.
Ал, өмірлік стиль деп белгілі бір тұрақтылықпен сипатталатын мінез-құлықтық
жүйені айтады. Тұлғаның өзін басқаруы осындай стиль түрінде қалыптаса
отырып, саналы бақылаудан босайды. Әрине бұл жағдайда ерік күшінің рөлі
мен маңыздылығын атап өтуіміз қажет. Ерік күші тұлғада пайда болатын (іс-
әрекеттің немесе қарым-қатынастың мазмұнына қарай) түрлі түрткілерге
тәуелді болады. Сондықтан да, өзін сақтау және қоғамдық міндетін орындау
сияқты түрткілер арасындағы тартыста тез шешім қабылдау тұлға үшін оңай
бола бермейді. Өзін өзгерту, өзін қайта тәрбиелеу мәселелері де қалыптасқан
әдеттерді күшпен өзгерту қажеттілігіне апарып соқтырады. Тұлға әдеттенген
мінез-құлығы үшін энергияны аз жұмсайтыны анық, бірақ онысы мотивациялық
дәрежесі жағынан төмен болып шығады. Жоғары дәрежелі мотивацияға жету үшін
субъект өзінің бұрынғы өміріне қатысты мінез-құлық әрекеттерін түбірімен
өзгертуге дайын болуы керек. Өміріндегі түрлі кедергілер, өз жетістіктеріне
қанағаттанбаушылық кез-келген саналы адамды өзін өзгертуге , қайта
тәрбиелеуге жетелейді. Мұндай жағдай барлық жас кезеңінде кездессе де,
студент үшін дәл осы мәселеге міндет ретінде бас тартуға болмайтындай
дәрежеде кездеседі. Оның негізгі себептері төмендегідей:
1. Студент жаңа өмірге аяқ басты, сондықтан өзін ересек сезіну,
ересектер өміріне ену, өзін көрсету мен өзгелерді де көре білу
міндеттері пайда болады;
2. Оқу үлгеріміне, қоғамдық белсенділікке, студенттік ұжым ішінде өзіндік
орнын анықтауға байланысты мәселелерді шешу қажеттіліктерін
қанағаттандыру мүмкіндіктерін іздейді;
3. Кәсіби білім ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz