Стильдік қателер


Стильдік қателер
Стилистикалық қате белгілі бір сөйлеу жағдайына сай келмейтін, стилистикалық нормадан ауытқудың салдарынан болатын қатенің түрі. Тілді жұмсауда күнделікті өмірде түрлі нормадан тыс ауытқулар болып жатады. Мысалы, лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық тұлға-бірліктерді өзінің негізгі мағынасына сәйкес өз орнымен қолданбаудан болатын қателіктер т. б. Бұлардың барлығы әдеби тілдің лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық нормаларының сақталмауынан болатын тілдік қатенің түрлері. Стилистикалық қате көп жағдайда тілдік талғамның төмендігінен болады. Тілдік талғам - тілді, сөзді жұмсап үйрену, жаттығу арқылы қалыптасатын қасиет. Стилистикалық қатенің өзге қате түрлерінен басты ерекшелігі де осында - тілдік талғамсыздықтың көрінісі болуында. Сол себептен де стилистикалық қатенің болмаын қадағалайтын стилистикалық норма тілдің қатысымдық сапаларының қатарына жатады. Стилистикалық қателердің алдын алып, олармен үнемі күрес жүргізіп отыру жалпы халықтың сөйлеу мәдениеті мен стилистикалық сауаттылығын көтереді. Халықтың тілді қолдана білу мәдениеті күллі қоғамның рухани сауаттылығының көрінісі әрі өлшемі болып табылады. Тілде неғұрлым жиі ұшырасатын нормадан тыс ауытқулардың алдын алу үшін стлистикалық және стилистикалық емес қате түрлерін ажыратып алу қажет.
Стилистика, оның зерттелу объектісі
Стилистиканың зерттеу нысаны - лексика-фразеология, грамматика және фонетика қарастыратын тілдік тұлға бірліктер. Бірақ тіл білімінің бұл салалары тілдік единицалардың стильдік сапасын қарастырмайды. Сөйлеуде (речь) сөз бен сөйлем құрылысының дұрыс және айқындығының үстіне, дыбыс үйлесімділігі (благозвучие) болуы да шарт. Дыбыс үйлесімділігі, біріншіден, біркелкі дыбыстардың бір жерге жиналуынан сақтандырса, екіншіден, сөйлеудің мәнерлілігін арттырады. Сондықтан дыбыс үйлесімділігі оқуға және тыңдаушының қабылдауына үлкен жеңілдік туғызады. Мысалы дыбыстардың мәтін ішіндегі қайталануы (ассонанс, аллитерация), интонация, екпін, оның түрлері - стилистикалық ресурсқа ие фонетикалық құралдар. Бұл - фонетикалық тәсілдердің практикалық мәні. Лексикология және стилистика. Лексикология сөздердің шығу тегін, сөз құрамын, көп мағынылылық, ауыспалы мағынылылық, синонимдік, омонимдік, антонимдік қатарларда жұмсалуы, көнерген, тарихи сөздердің, жаңа сөздердің әр түрлі мақсаттарда жұмсалуы - бұлардың бәрі лексикалық стилистиканың мүмкіндіктерін көрсетеді. Сонымен бірге ол сөздердің қолданылу заңдылықтарын, сөздер мен сөз тіркестерін экспрессивтік тұрғыдан дұрыс пайдаланылу принциптерін зерттейді. Грамматика және стилистика. Стилистика грамматиканы да өзінің зерттеу нысаны ете алады. Ол грамматикалық құбылыстарға стильдік талдау жасайды. Бірақ грамматикалық талдау мен стильдік талдау тәсілдері бір емес. 1. Морфология сөздердің тұлғалық көрінісін және грамматикалық мағынасын, яғни сөздердің құрылысын, өзгерілуін және құрамын талдап топтастырады. Стилистика ойды мәнерлі (выразительно) жеткізу үшін морфологиялық формаларды (тұлғаларды) қандай жағдайда қалай қолдануға болатындығын қарастырады. Яғни морфологиялық түлғадағы сөздердің, олардың варианттарының (синонимдерінің) ішінен сөйлеу не жазу арқылы жеткізілетін ойдың эмоциональды-экспрессивті реңін білдіре алатындарын сұрыптап қолдану принциптерін зерттейді. 2. Синтаксис сөйлемнің құрылысын, сөздердің тіркесу зандылықтарын қарастырады. Ал ойды білдіретін сөйлемдердің айтылуына, қолдану тәсіліне қарай әр түрлі рендері болады. Ол қосымша мағыналар көбінесе сөздердің орын тәртібі мен сөйлемнің құрылысы арқылы беріледі. Ойды мәнерлі жеткізуде синтаксистік бұл тәсілдердің маңызы зор. Стилистика синтаксистік құралдардың мәнерлілігін, оны дұрыс пайдалану зандылықтарын зерттейді. Ғалымдардың пікірінше, синтаксистік стилистиканың мүмкіндігі мол. Өйткені тілдік қарым- қатынас сөйлем, оның әр түрлі мақсаттық түрлері, үлгілері негізінде жұмсалынатыны белгілі. Сондықтан сөйлемнің құрылымдық түрлері, сөйлем мүшелерінің әр түрлі қолданысы, жай сөйлем, құрмалас сөйлем түрлері - бұлар бай стилистикалық ресурстардың қатарына жатады. Мұны зерттейтін стилистиканың саласы - тіл құралдарының стилистикасы деп аталынады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz