Т. Кунның ғылыми революция концепциясы. XX ғасыр философиясы



Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Т. Кунның ғылыми революция концепциясы.
XX ғасыр философиясы.

Т. Кун (1927-1996) Теріске шығарутуралы Поппер тезисін
өзінің ғылыми қызметтің тарихи- ғылыми көзқарасы деген идеясы арқылы
сынға алады.
Т. Кун Ғылыми революциялар атты кітабында парадигма ұғымын
енгізді, содан бері осы түсінік өте көп қолданылуда. Парадигма дегеніміз
ғылымдар тобы ұғымдарының, заңдарының, әдістерінің тұрақты жүйесі. әдеттегі
қалыпты ғылым өзінің парадигмасын қолданып, әрі қарай даму барысында
лоргикалық қатал тәртіпке бағынады. Бірақ бір кезде осы парадигмаға
сыймайтын фактілер, құбылыстар пайда болып, олар жаңа парадигманы туғызуға
душар етеді. Жаңа парадигма ескісімен қарама-қарсы келіп, қайшылыққа түсіп,
адамда нұрлану жолымен табылады. Сондықтан жаңа парадигманы табу, жалпы
жаңа білімді іздеу, Кунның айтуы бойынша, психологиялық феномен, логиканың
орнына психология келді. Кун ғылым дамуындағы сабақтастықты жоққа шығарды.
Кунның анықтауынша, әлем картинасында оның мынадай маңызды
компоненттерін байқауға болады: парадигма, ғылымның қалыпты дамуы жәнеәне
ғылыми революция. Кунның пікірі бойынша парадигма бұл – тексерілетін ғылыми
гипотеза енгізілген жорамалдардың жалпы жиынтығын белгілеу үшін
қолданылатын ұғым. Ғылымның қалыпты дамуы – бұл шынайылығы күмән
туғызбайтын ұсыныстарды пайдалана отырып, ғалымның проблемалармен жұмыс
істеу кезеңі. Ғылыми революция – бұл ғылыми зерттеулер барысында, оның
кейбір мәселелерін пайымдау нәтижесінде оның жалпы жиынтығын өзгерту
қажеттілігі туындайтын кезең. Бір парадигмадан екінші парадигмаға өту
Кунның сипаттамасы бойынша секірулер арқылы жүзеге асады. Білімнің өсуі
жекелеген бір парадигманың ішінде жүзеге асады және бір парадигмадан
екіншісіне өтуге қатысы болмайды. Кунның айтуынша, әрбір парадигманың өз
ішінде ақиқаттылық пен маңыздылық критерийлері болады, демек екі немесе
бірнеше парадигмаларды саластырғанда олар бір-біріне сәйкес келмейді.
Сонымен қатар пайда болып ғылыми революцияны бағалайтын
және оны ғылыми үдеріс ретінде аяқталған нәтижесі деп анықтайтын ешқандай
да бейтарап позиция жоқ. Мұндай жағдайда ғылыми тұжырымның шынайылығы мен
жалпы маңыздылығы нақты бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылымның тарихы мен философиясының пәні
Ғылым білім ретінде және қоғамның, өркениеттің, мәдениеттің дамуына орай ғылыми білімнің күрделенуі
Философия объектісін, пәнін және қызметтері
КӨНЕ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫ
Философия пәнінен оқу-әдістемелік кешені
ХХ ҒАСЫР ФИЛОСОФИЯСЫ. Жаңа заман философиясы
Маркстік философия туралы
Қазіргі заман мектебінде математикадан білім беру
Ғылыми төңкерістер. Ғылыми рациональдылық
Ғылым философиясы мен тарихы
Пәндер